Әлеуметтану түсінігі оның ғылыми маңызы


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

І. Кіріспе

Әлеуметтану туралы түсінік оның ғылыми маңызы.

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1. Әлеуметтанудың заңдары

2. 2. Әлеуметтану ғылымының негізгі категориялары мен ұғымдары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

«Әлеуметтану» ұғымы латын тілінің “Societas” қоғам және гректің lоgоs - ілім, ұғым деген сөзінен шығады. Социология, яғни әлеуметтану қоғамның пайда болуының, ондағы әлеуметтік байланыс, қатынастардың, алуан түрлі әлеуметтік адам бірліктерінің, ұйым, мекемелердің, инсти-туттардың, құбылыстардың, процестердің дамуының жалпы заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

Объект дегеніміз - бізді қоршап тұрған объективтік нақтылы өмір, ол қоғам, адамдар, оның алуан түрлі бірліктері (отбасы, топ, тап, әлеуметтік мекемелер, институттар, мемлекет, т. б. ), тіпті адамның өзі, оның барлық іс-әрекеті, қызметі, санасы, тәртібі, т. б. Бұлар зерттелетін объекті болғаннан кейін субъектіден тәуелсіз, тыс өмір сүреді. Оларды адам өзінің теориялық немесе практикалық мәселелерін шешу арқылы алға қойған мақсатына жету үшін пайдаланады. Әлеуметтану пәнінің қалыптасуы объктінің қасиеті мен зерттеушінің алдына қойған мәселелерінің мақсаты мен сипатына, оның ғылыми білімінің деңгейіне және өз дүние-танымынанда қолданатын құрал-тәсілдеріне байланысты. Зерттеу пәні уақытта зерттеу объектісін қажет етеді, оған кірмейді, онымен тең емес, өйткені бір ғана әлеуметтік объект өмірдің алуан түрлі мәселелерін шешу үшін зерттелуі мүмкін. Әлеуметтік бірлестіктер қоғамды қайта құру, өзгерту субъектісі болып саналады және бұл - әлеуметтік субъектінің өзін-өзі ұйымдастыруының тұрақты түрі. Әлеуметтік бірлестіктің түрлеріне: отбасы, адамдардың әлеуметтік-таптық, топтық, әлеуметтік-демографиялық, ұлттық, территориялық, мемлекеттік және бүкіл адамзаттық қоғам бірліктері, қозға-лыстары, т. б. жатады.

2. 1. Әлеуметтанудың заңдары

Әлеуметтік қатынастарды зерттеу негізіне байланысқа түскен объективті қалыптасқан әлеуметтік байланыстар мен фактілер құрылымын зерттеу жатады. Қоғамда шексіз көп әртүрлі әлеуметтік жүйелер бар. Осындай байланыстардың елеулі бөлігі уақытша және кезекті сипатқа ие болады. Әлеуметтанудың ғылым ретінде ерекшелігінің мәні, әлеуметтік қатынастар және байланыстар әлеуметтік заңдар мен зандылықтар деңгейінде зерттеледі.

Әлеуметтік заң - бұл әлеуметтік заңдар мен құбылыстардың, ең алдымен, адамдардың әлеуметтік әрекетінің байланысы немесе олардың өзіндік әлеуметтік әрекеттерінің жалпы және қажетті байланыстарын айқындауы.

Әлеуметтік заңдар тек үлкен адам бұқарасы қамтылған жағдайда ғана айқындалады және статистикалық сипатқа ие болады

"Әлеуметтік құрылым" . Бұл өндірістегі қоғамдық еңбектің бөлінуінің реттеген жүйесі және осыған сәйкес меншікке, билікке, басқаруға, қоғамдағы адамдардың құқық және міңдеттеріне қатынастарының жүйесі.

"Қоғамдық сана". Бұл қоғамның рухани құрылымының жиынтығы. Қоғамдық сана әруақытта тікелей немесе күрделі болып, қоғамдық сипатта болады. Яғни, ол жалпы қоғамға тән қасиет. "Әлеуметтік топ " - адамдардың ортақ мүдде-талаптарына, құндылық-бағалықтары мен сана-ережелеріне қарай бірлесуі; " әлеуметтік жіктеу " - бұл қоғамның құрылымы, оның жікке бөлінуі, әлеуметтік теңсіздік;

" түлға " - бұл адамның әлеуметтік сапасы, оның мәні.

Әлеуметтану тұлғаны талдап, зерттегенде әр түрлі ұғымдарды қолданады. Әлеуметтік құндылық. Бұлар қоғамдық қатынастарды, мұң-мұқтажды, талап-тілектерді анықтайтын тұлғалық құнды нұсқаулар. Бұлар адамдардың тәртібінің іштей реттелуі, басқарылуы арқылы белгіленеді.

" Әлеуметтік нормалар " (ережелер) қоғамда қалыптасып, реттеліп отыратын ережелердің жиынтығы. Тұлғалық ынта, көңіл, назар, ықылас, қалау, тілек, т. б. - бұлар адамдардың әлеуметтік белсенділіктерінің қозғаушы күштері (стимулдері) ; "әлеуметтік рөл", яғни атқарылатын қызмет; "әлеуметтік статус" - адамның қоғамдағы орны мен жағдайы, т. б.

Әлеуметтануда әлеуметтік құбылыстар мен процестердің бес негізгі заңы тұжырымдалған:

1. Әлеуметтік құбылыстардың қатар өмір сүру заңы. Мысалы, егер "А" құбылысы болса, ол әруақытта "Б" құбылысын қажет етеді.

2. Әлеуметтік құбылыстардың даму тенденцияларын (яғни, бағыттарын) анықтайтын заң. Мысалы, өндіргіш күштердің өзгеруі өндірістік қатынастардың өзгеруін талап етеді.

3. Әлеуметтік құбылыстардың арасындағы алуан түрлі байланыстарды, қатынастарды анықтау заңы. Бұл заң іс-қимыл, атқаратын қызмет деп те аталады. Ол әлеуметтік объектінің әрбір элементінің, бөлігінің арасындағы байланысын, қатынасын бейнелейді.

4. Әлеуметтік құбылыстардың арасындағы себепті байланыстарды бейнелейтін заң. Мысалы, әлеуметтік бірліктің негізгі, қажетті шарты - ол қоғамдық және жеке мүддені сәйкестендіру, үйлестіру болып саналады.

5. Әлеуметтік құбылыстардың арасындағы байланыстардың болу мүмкіндігін білдіретін ықтималдық заңы. Әлеуметтанудың құрылымына оның таным, білім деңгейлеріне анықтама беру үшін алдымен "құрұлым", "деңгей" деген ұғымдарға анықтама берген жөн. Құрылым дегеніміз - біртұтас әлеуметтік құбылыстар мен процестердің элементтері мен бөліктерінің іштей өзара орналасуын айтамыз. Қандай да бір ғылым болмасын, оның белгілі бір құрылымы болады. Бұл құрылым сол ғылымның қоғамда алдына қойған міндеті мен атқаратын қызметіне байланысты анықталады. Әлеуметтану ғылымы да осындай. Оның құрылымы екі үлкен жағдаймен түсіндіріледі: Біріншіден, әлеуметтану әлеуметтік өмірді бейнелеу, түсіндіру, ұғындыру білімдерін қалыптастырып, әлеуметтік зерттеу теориясын, әдістемесін, әдісін, талдау тәсілін жасап, қоғамның даму мәселелерін шешеді. Әлеуметтік өмір туралы әр түрлі деңгейде теориялық қорытындылар жасалады. Екіншіден, әлеуметтану қоғамдық және әлеуметтік құбылыстар мен үдерістерді өзгөрту, қайта құру үшін оларға жоспарлы, әрі тиімді жолдар, құралдар арқылы ықпал етіп әлеуметтік мәселелерді талдап зерттейді. Бұл әлеуметтанудың қолданбалы саласын құрайды. Теориялық білім жан-жақты, әмбебапты, ал, эмпирикалық - ақиқатты, шындықты, белгілеуші білім. Теориялық білім эмпирикалық білімнің негізіне сүйенеді, ал, эмпирикалық ғылым теориялық білімнен біршама басым болғанымен, ғылымның жоғары даму деңгейін көрсете алмайды. Ғылымның дамуы әруақытта теориялық білім деңгейінің эмпирикалық білім деңгейінен басым болуын қажет етеді.

2. 2. Әлеуметтану ғылымының негізгі категориялары мен ұғымдары

Категориялар жүйесі - бұл ғылыми зерттеудің зерделенетін эмпирикалық объектілерді сипаттау және түсіндіру үшін пайдаланатын маңызды құралы. Категориялар аппарат пен әлеуметтік жүйелерді талдау принциптері едәуір дәрежеде ғылым зерделенетін объектінің ішіне кіре ала ма, жоқ па, оларды талап етілгендей деңгейде толық көрсете ала ма, жоқ па, соны анықтайды.

Әлеуметтану категорияларының қатарында жалпы ғылыми, жалпы ұлттық және арнайы категориялар бар. Жалпы ғылыми категориялар (құрылым, функциялар, процесс, механизм, әлемент, байланыс, орнықтылық, құбылмалылық, заңдылықтар, даму және т. с. с. ) жалпы әдістеме тілінен алынған. Басқа гуманитарлық ғылымдарда пайдаланылатын жалпы әлеуметтік категорияларды әлеуметтану осылардан алған. Ол мысалы, философияның (қоғамдық сана, қоғамдық қатынастар, қоғам), әлеуметтік психологияның (ұжым, тұлға, мінез-құлық, уәждеу, сәйкестендіру, бейімделу, конформизм, өзара әрекет) және бірқатар басқа да ғылымдардың категорияларын пайдаланады. Әлеуметтанудың ерекшелік категориялары - оның ішінде пайда болған және қоғамды зерделеудің тек өзіне тән көзқарастары мен тәсілдерін көрсететін категориялары.

Әлеуметтанудың категорияларды мазмұны жағынан былай бөлінеді [1] :

  • жалпыға ортақ категориялар (ғалам, ноосфера, қоғам, әлем), бұларды әлеуметтік ғылымдардың бірде-бірі, соның ішінде әлеуметтануда айналып өте алмайды. Бұл санаттар әлеуметтік болмысты дүниетуралы әмбебап және іргелі түсініктер деңгейінде ұғынудапайдаланылады.
  • сапа категориялары(өркениет, формация, мәдениет, тұрақтыдаму), олар дүниені игерудің дәрежесі мен деңгейін, олардың қызметатқаруының және қоғамдық, топтық және жеке өмірді оңтайлыұйымдастырудың тиімділігін көрсетеді. Оларды пайдаланбай "өткен өмір мен осы өмір" шеңберінде салыстыру, қандай да бір әлеуметтіктоптардың, институттардың, ұйымдардың оңтайлылығының дәрежесін және қалай сипаттайтынын түсіну мүмкін емес;

- объективтік категориялары (әлеуметтік қатынастар, әлеуметтік
даму, әлеуметтік процестер, әлеуметтік құбылыстар мен институттар),
бұлар адам өмір сүретін және тіршілік ететін тарихи кезеңнің маңызы
мен мазмұнын нақтылайды. Оларда бүкіл әлемге тән, бірақ нақты
тарихи бет-бейнесіндегі негізгі өзгешеліктер мен ерекшеліктер
көрініс табады. Бұл санаттардың көмегімен қоғамдық өмірдің қандай
да бір нысандарының ықпал етуі, саяси билік нысандары,
қоныстанудың тарихи қалыптасқан түрлері және т. б. сияқты
процестерді сипаттауға, талдауға болады;

  • субъективтік категориялары(сана, жеке тұлға, таптар, страттар), бұлар қоғам өміріндегі белсенді, шығармашылық, мүдделібастамақы сипаттайды. Олар өздерінің мәселе қоюында жеделшешуді талап ететін ең жалпы бағдарларды қамтиды, өйткені еңжалпы түрде пайдалану тек қана бағдарлық нәтиже береді;
  • өзгеріс категориялары(басқару, реттеу, әлеуметтендіру, жаңарту, қақтығыс), бұлар түрлендірулердің механизмін, бағыттылығын, жүзеге асыру тәсілдері мен әдістерін сипаттайды. Бұл категорияларқоршаған әлемді құлпыртуға жасампаздықпен ат салысуды көрсетеді, ол болжам, көрегендік, бағдарлама жасау, әлеуметтік эксперимент, әлеуметтік ұйымдастырулар сияқты әмбебап әдістерді қолданудакөрініс табады.

Бұл категориялардың әлеуметтану үшін маңызы орасан зор. Біріншіден, олар әлеуметтану білімінің ерекшеліктеріне орай ортада болып жататын әмбебап процестер мен өзгерістерді әлеуметтану тұрғысынан тұжырымдалған түрде баяндауға мүмкіндік береді. Екіншіден, бұл категориялар әр алуан ақпарат ағындары үшін біріктіруші рол атқарады, оны орталықтандырады, оларды әлеуметтік өмірдің негізгі, принципті мәселелері төңірегінде біріктіреді. Үшіншіден, категорялар коммуникациялар рөлін атқарады, онсыз бірлескен және шығармашылық, ғылыми білімнің одан әрі дамуы мүмкін емес. Төртіншіден, бұл категориялар әлеуметтануды біртұтас өріс құра отырып, басқа әлеуметтік ғылымдармен жақындастырады, онсыз әлеуметтік ойдың дамуындағы эволюция мен прогресті елестету мүмкін емес.

Сөйтіп, әлеуметтану категориялары - қоғамдық өмір, әлеуметтік шынайылық туралы негізгі тусініктерді ұғыну мен жалпыландыру деңгейін сипаттайтын барынша әмбебап, іргелі ұғымдар, олардың априорлық маңызы бар және тәжірибелік білімді жүйелеуге және ұйымдастыруға көмектеседі.

Әрбір категория сонымен бірге ұғым да болып табылады, бірақ ұғым байланыстың жалпылама, әмбебап, іргелі нысандары, пікірдегі субъект пен объект арасындағы байланыс түрлері болып табылатын категориялардан туатындығына байланысты әрбір ұғым категория бола алмайды.

Ұғым - дүниені әлемнің оңтайлы, қисынды сатыларында бейнелеудің негізгі нысандарының бірі. Ұғым объектілерді жалпы және ерекшелік белгілерін көрсете отырып, кейбір пәндік саладан бөліп алып саралайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтану зерттеулерінің бағдарламасы
Тұлға әлеуметтенуі түсінігі
Әлеуметтану (Оқу-әдістемелік құрал)
Әлеуметтік ой дамуының негізгі тарихи кезеңі
Теориялық әлеуметтану түсінігі
«Әлеуметтану» пәні бойынша дәріс сабақтарының контактілік мәліметтері контактілік дәріс сабақтары
Әлеуметтанулық зертеудің бағдарламасын құру
Әлеуметтану
«Әлеуметтану» дәрістер
Әлеуметтанудың тарихи қалыптасу кезеңдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz