Ерік, темперамент, мінез және қабілеттің түсініктері



1 Ерік, темперамент, мінез және қабілеттің түсініктері
2 Психологияның табиғи . ғылыми негіздерін қалаушы 3 Темперамент туралы ілім
Ерік — адамның өз мінез-кұлкын саналы түрде меңгере алу қабілеті. Адамды әр алуан әрекеттер мен іске бағыттайтын нәрсе,— мақсат қою, соған талпыну. Мұны психологияда ниет (мотив, себеп) деп атайды.
Адамның мақсаты, қалауы, әр түрлі істерді орындауға ұмтылуы, жалпы алғанда, ниеттерінің, жиынтығы психологияда адам ниетінің өрісі делінеді. Басқаша айтқанда, бұл — адамнын бағдарлы әрекеті. Сонымен, адам ниетінің өрісіне оның саналы әрекеті, еріксіз істері, айқындалған істері, мақсаты, әлі жете анықталмаған істері де жатады. Ниеттерді орындауда тіршілік үшін маңызды да, мәні аз да істер кездесіп отырады. Ниет өрісі өзгергіш, әрі қозғалғыш, сондай-ақ сыртқы жағдайлардық өзгеріп отыруына орай айнымалы болып келеді. Алға қойған мақсатқа сәйкес ниеттің мазмұны да айқындала түседі. Осы тұрғыдан алғанда, адам ниетінің мәні жекеменшікті не менмендікті, өрісі тар тоғышарлықты не өрісі кең қоғамдық сипатты білдіреді. Адам ниетінің өрісі белгілі мақсатқа бағытталып, оның азаматтық қасиеті мен іскерлігін, адамгершілік сапаларынын өзгеруі мен тұр-сипатын білдіреді.
Әрбір жеке адамнық ерікті іс-әрекеттерінін өзіндік синаты бар. Бұл сипат қоғамдық манызды жұмыстарды орындау үшін мәні аз іс-әрекеттерді соған бағынды-рып, өзінін. жеке мақсатынан бас тартып отырады. Ерік — адамнын қарқынды іс-әрекетін білдіретін процесс. Сөйтіп, адамнын мінез-кұлкы .мен әрқилы істерді орын-дауға үмтылуы маңызы зор, мақсатты істерді орындау-ға бағытталады. Адам еркінін, көрінісі оныд саналы түр-дегі іс-әрекетінен байқалады. Қиын-қыстау жағдайлар-дан жол тауып шығува жетелейді, соны жұзеге асыруға қажетті құрал табады [6, 175 б].
1. Жарықбаев Қ. Жантану негіздері. Алматы -2002.-250 бет
2. Зимняя И.А. Педагогикалық психология. Оқулық.Алматы-2005.- 359 бет
3. Намазбаева Ж.И. Психология, оқулық Алматы-2005.- 430 бет
4. Алдамұратов А. Жалпы психология,Алматы,1996. – 300 бет
5. Тәжібаев Т. Жалпы психология. Алматы 1993. – 300 бет
6. Илина Т. А. Педагогика:- Алматы, 1977.- 488 бет.
7. Ж..Б. Қоянбаев, Р. М. Қоянбаев. Педагогика. – Алматы, 2002. - 369 бет.
8. Педагогикалық психология. -Алматы, 1995. -350 бет.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Ерік, темперамент, мінез және қабілеттің түсініктері
Ерік — адамның өз мінез-кұлкын саналы түрде меңгере алу қабілеті. Адамды әр
алуан әрекеттер мен іске бағыттайтын нәрсе,— мақсат қою, соған талпыну.
Мұны психологияда ниет (мотив, себеп) деп атайды.
Адамның мақсаты, қалауы, әр түрлі істерді орындауға ұмтылуы, жалпы алғанда,
ниеттерінің, жиынтығы психологияда адам ниетінің өрісі делінеді. Басқаша
айтқанда, бұл — адамнын бағдарлы әрекеті. Сонымен, адам ниетінің өрісіне
оның саналы әрекеті, еріксіз істері, айқындалған істері, мақсаты, әлі жете
анықталмаған істері де жатады. Ниеттерді орындауда тіршілік үшін маңызды
да, мәні аз да істер кездесіп отырады. Ниет өрісі өзгергіш, әрі қозғалғыш,
сондай-ақ сыртқы жағдайлардық өзгеріп отыруына орай айнымалы болып келеді.
Алға қойған мақсатқа сәйкес ниеттің мазмұны да айқындала түседі. Осы
тұрғыдан алғанда, адам ниетінің мәні жекеменшікті не менмендікті, өрісі тар
тоғышарлықты не өрісі кең қоғамдық сипатты білдіреді. Адам ниетінің өрісі
белгілі мақсатқа бағытталып, оның азаматтық қасиеті мен іскерлігін,
адамгершілік сапаларынын өзгеруі мен тұр-сипатын білдіреді.
Әрбір жеке адамнық ерікті іс-әрекеттерінін өзіндік синаты бар. Бұл сипат
қоғамдық манызды жұмыстарды орындау үшін мәні аз іс-әрекеттерді соған
бағынды-рып, өзінін. жеке мақсатынан бас тартып отырады. Ерік — адамнын
қарқынды іс-әрекетін білдіретін процесс. Сөйтіп, адамнын мінез-кұлкы .мен
әрқилы істерді орын-дауға үмтылуы маңызы зор, мақсатты істерді орындау-ға
бағытталады. Адам еркінін, көрінісі оныд саналы түр-дегі іс-әрекетінен
байқалады. Қиын-қыстау жағдайлар-дан жол тауып шығува жетелейді, соны
жұзеге асыруға қажетті құрал табады [6, 175 б].
Тарихта болған белгілі адамдардыд өмір жолына на-зар аударсақ, олардың алға
қойған мақсаттарын орын-дау үшін орасан зор күш жүмсап, рухтанып, қиыншы-
лықты ерікті істерімен жеқіп шыққанын көреміз. Бұған мысал ретінде
Шығыстын, кос жүлдызы атанған Әлия мен Мәншүктің Ұлы Отан соғысындағы
ерлігін айтуға болады, Ел басына күн туған шақта туған жерге деген
сүйіспеншілік осынау нәп-нәзік қазақ қыздарынын. бо-йына күш-жігер, рух
берді. Олар ерлік пен батылдықтың"өшпес үлгісін көрсетіп, Отан үшін жанын
пнда ет-ті. Бұл да — адам еркінің бір көрінісі.
Еріксіз әрекеттердің физиологиялық негізі болып табылатын шартсыз
байланыстар тізбегі — инстинкт әрекеті ырықсыз орындалады. Психологияның
табиғи - ғылыми негіздерін қалаған И. М. Сеченев пен И. П. Павловтың ілімі
ерікті әрекеттердің негізі — мұндағы материалдық процестер, сыртқы әсер мен
мидың уақытша байланыстары, шартты рефлекстер деп түсіндіреді. Сеченев
ерікті әрекеттердің физиологиялық механизмін зерттей отырып, адамның
ассоциациялық рефлекстердің жиі қайталану жолымен өзінің қимылдарын жіктеп
ажыратуға бейімделетіндігін және сол рефлекстер арқылы қимылдарын
тоқтататын қабілеттерді игеретіндігін дәлелдейді. Ал Павлов ерікті
әрекеттердің механизмін жоғары жүйке қызметінің барлық заңдарына бағынатын,
шартты ассоциациялық процесс деп анықтайды.
Психология тарихында бихевиоризм деп аталатын шетелдік механистік бағыт
әрекеттін, саналы сипатын теріске шырарып, адам әрекетін механикалық
тұрғыдан шешті. Сөйтіп оны жануарлар өмірімен салыстырды. Бұл ғылыми
тұрғыдан қателесу еді. Бихевиоризм теориясы бойынша оку әрекеті жаттығу
тәжірибесі саналы әрекет емес, көп пысықтап, жаттығу нәтижесінде туатын
механикалық процесс деп саналды. Механистік психология еріктің материалдық
дүниемен байланысын да жоққа шығарды.
Белгілі бір адамға тән және өмір әсерлеріне жауап реакциялардың динамикасы,
тонусы мен бірқалыптылығында көрініс беретін мінез-құлықтың табиғи
ерекшеліктерін - темперамент деп ұғынуымыз керек.
Мінез-құлық тек әлеуметтік жағдайларда ғана емес жеке адамның табиғи
құрылымына да тәуелді. Адамның биологиялық жағын көрсететін қасиеттің бірі
болып табылатын темперамент жас балалардың ойыны үстінде, түрлі қарым-
қатынас жағдайында анығырақ және ертерек байқалады [6, 177 б].
Темперамент тұлғаның барлық психикалық көріністеріне реңк беріп отырады, ол
эмоция мен ойлауға, еріктік қимыл-қозғалысқа, сөздің сарыны мен ырғағына
әсер етеді. Бірақ темпераментке жеке адамның моральдық тәрбиесі, әлеуметтік
бағдары, әуестенуі, қызығуы тәуелді еместігін естен шығармаған абзал.
Темперамент туралы ілім ерте замандарда пайда болған. Гиппократ, кейіннен
Гален сияқты дәрігерлер адамдардың мінез-құлықтарының дара көріністерін
бақылау арқылы солардың өз ерекшеліктерін сипаттап жазуды, түсіндіруді
ойластырады. Темперамент туралы ілімнің негізін салған ежелгі грек дәрігері
Гиппократ болды. Гиппократтың пікірінше, адамның тәнінде төрт түрлі
сұйықтық болады: қан, шырын, сары және қара өт, олар дұрыс араласса -
адамның дені сау, дұрыс араласпаса - сырқат болады. Ағзадағы сұйықтардың
біреуінің басым болуы адамның темпераментін анықтайды. Сұйықтардың аттарына
орайлас қойылган темперамент атаулары күні бүгінге дейін сақталып келеді.
Мәселен, холериктік темперамент – choie (өт)-, сангвинигтік темперамент
-sanguis (қан), флегмативтік темперамент - рһlegma (шырын), меланхоликтік
темперамент - melanos (қара өт) деген сөздерден алынған. Гиппократ
темпераменттер белгілі мөлшерде адамның тұрмысына, ауа райы жағдайларына
тәуелді болады деп санады. Мәселен, отырып жұмыс істейтіндердің денесінде
флегма жинақталса, үнемі қимыл қозғалыстағыларда - өт көбейеді, темперамент
те осыған сәйкес анықталады. Гиппократ типтерді дұрыс сипаттағанымен,
оларды ғылыми тұрғыдан түсіндіре алмады.
Кейіннен темперамент жайлы осындай гуморальдық теориялардан басқа химиялық,
физикалық, анатомиялық, неврологиялық және таза психологиялық теориялар да
ұсынылды. Бірақ бұлардың бірде-біреуі де темпераменттің табиғатын толық
және дұрыс түсіндірмеді.
Жоғары жүйке қызметінің негізгі қасиеттерін ашқан И.П.Павловтың ғылыми
еңбегі ерекше. Ол темпераменттің осы қасиеттерінің туа үйлесуіне орай
сипатталатындығын көрсетті. Павлов өзінен бұрынғылардан өзгеше жолмен, атап
айтқанда, дененің сыртқы құрылымын зерттеген неміс психиатры Кречмерден,
қан сауыттарының құрылымын зерттегендерден (П.Ф.Лесграфт) басқаша ағзаларды
біртұтас нәрсе деп қарап, ондағы ми қызметіне ерекше назар аударды.
И.П.Павлов темперамент пен жүйке қызметінің типтерін бір-біріне балама
кұбылыс деп түсінді. Кейінгі зерттеулер жүйке қызметінің типтері
темперамент типтерімен ылғи сәйкес келіп отырмайтындығын көрсетті.
Шындығында да, темпераментке тек жүйке жүйесінің қасиеттері ғана емес,
сондай-ақ жеке адамның соматикалық (дене) құрылымдары да әсер ететіндігі
белгілі. Жүйке қызметінің типін темпераменттің нышаны ретінде ұғынган
дұрыс. Мәселен бір зерттеуде, біркелкі ортада, жүйке жүйесінің әлсіз типіне
жататын жануарлар мінез-құлқының енжар-қорғаныстық түрі, ал күшті, жүйке
үрдістері тең емес организмдерде прогрессивті мінез-құлық байқалған [7, 223
б].
Сөйтіп темперамент - адамның жүйке қызметінің қасиеттерінен көрінетін,
мінез-құлқының импульсивті-динамикалық көрінісінің жалпылама сипаттамасы
болып табылады.
Мінез- бұл адамның әлеуметтік мінез-құлқының ерекшелегі. Ол әлеуметтік
топтағы жеке адамның өмір қалпын бейнелейді және жүктелген іске, адамдарға
қарым-қатысынан көрініп отырады. Күнбе-күнгі тіршілікте адам, әдетте,
менмен не көпшіл, қайырымды не сараң, биязы не дөрекі, батыл не солқылдақ,
табанды, ержүрек не байбалаңшыл болып сипатталады. Бұл сөздер арқылы
адамның бір нәрсеге (моральдық қасиеттер), не мінез-құлық амалына (жеке
адамның ерік сапалары) қатысы аталады. Олай болса, мінез негізінде жеке
адамның моральдық-еріктік қасиеттері жатады.
Жеке адамға не адамдар тобына тән өзіндік қарым-қатынастар, мінез-құлық пен
қимыл қозғалыстардың тәсілдері - кісінің танымы мен іс-әрекетінде, тәрбие
мен өзін-өзі тәрбиелеу үрдісінде қалыптасады.
Іс-әрекеттің әр түрлі болуына және одан алатын әсерге мінездің толысуы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұлғаның когнитивті теориясы
Психология ғылымының жалпы мәселелері
Балалардың психологиялық дамуының жеке дара ерекшеліктері
Мотивацияның психологиялық теорияларына шолу
Адамның даралық психологиялық сипаттары туралы
Жеткіншектердің жеке бас қасиеттері
Темперамент және қабілет туралы түсініктер
Дифференциалды психология
Тұлға және даралық
Психикалық құбылыстардың топтастырылуы
Пәндер