Азаматтық құқықтан артық заң жоқ



1 Азаматтық құқықтан артық заң жоқ
2 Әлемдік тәжірибеде медиация
Нарықтық экономикаға көшкен қоғам заңсыз бір қадам да алға баса алмайды. Соған қарамастан, қазақстандық жоғары оқу орындары медиация туралы жаңа заңды оқыту үшін 45 сағат өтіп, азаматтық-процессуальды заңды оқытуды қысқартып, оған 30 сағат беріп отыр.
Соңғы кездері «елімізде заңгерлер мен экономистер қаптап кетті» деген пікір жиі айтылуда. Солайы солай шығар, әйтсе де сол қаптаған заңгерлердің білім мен білік сапасы қандай, олар бүгінгі заман талабына сай, ел тұрғындарының заңдық құқықтарын қорғай алып жүр ме деген сауалдардың басы ашық қалып тұр. Жоғары оқу орындары болашақ заңгерлерді даярлауда тек штамптап шығара беретін өндіріс орнына айналып кеткен секілді.
Мұндай ойға заңгерлер даярлайтын оқу орындарында орын алып отырған қазіргі ахуал еріксіз жетелеуде. Егер қазіргі жұмыс таппай қаптап жүрген жас заңгерлердің қатарын тағы да заңнан хабары жоқ дүмбілез мамандармен толықтыратын болсақ, қоғам не болады? Мәселе заң факультеттерінің оқу бағдарламаларынан оқытудың ең негізгі бағдарламалары қысқартылып, жас мамандардың болашақта еңбек қаруына айналатын құқықтық заңдар туралы алатын білімінің аясы тарыла түсуінде болып тұр.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Азаматтық құқықтан артық заң жоқ
Нарықтық экономикаға көшкен қоғам заңсыз бір қадам да алға баса
алмайды. Соған қарамастан, қазақстандық жоғары оқу орындары медиация туралы
жаңа заңды оқыту үшін 45 сағат өтіп, азаматтық-процессуальды заңды оқытуды
қысқартып, оған 30 сағат беріп отыр.
Соңғы кездері елімізде заңгерлер мен экономистер қаптап кетті деген
пікір жиі айтылуда. Солайы солай шығар, әйтсе де сол қаптаған заңгерлердің
білім мен білік сапасы қандай, олар бүгінгі заман талабына сай, ел
тұрғындарының заңдық құқықтарын қорғай алып жүр ме деген сауалдардың басы
ашық қалып тұр. Жоғары оқу орындары болашақ заңгерлерді даярлауда тек
штамптап шығара беретін өндіріс орнына айналып кеткен секілді.
Мұндай ойға заңгерлер даярлайтын оқу орындарында орын алып отырған
қазіргі ахуал еріксіз жетелеуде. Егер қазіргі жұмыс таппай қаптап жүрген
жас заңгерлердің қатарын тағы да заңнан хабары жоқ дүмбілез мамандармен
толықтыратын болсақ, қоғам не болады? Мәселе заң факультеттерінің оқу
бағдарламаларынан оқытудың ең негізгі бағдарламалары қысқартылып, жас
мамандардың болашақта еңбек қаруына айналатын құқықтық заңдар туралы алатын
білімінің аясы тарыла түсуінде болып тұр. Азаматтық құқық туралы пән
сабағының сағаттары қысқартылып, оның орны медиация бағдарламасымен
толықтырылуда. Бұл шешім ЖОО оқытушылары мен ғалымдар арасында түсінбестік
тудырып отыр.
Әлемдік тәжірибеде медиацияның ірі бизнестен бастап, жанұялық дау-
жанжалдардыа, мүлік бөлісуде кеңінен қолданылады. Халықаралық санаққа
жүгінетін болсақ, медиация арқылы бүкіл келіспеушіліктердің 30-40 пайызын
шешуге болады екен. Медиацияның тағы бір негізгі артықшылығы іс жүргізудегі
құпиялықтың сақталуы болып тұр. Яғни тараптардың не айтқаны құпия күйінде
қалады. Сонымен қатар құпиялы болып табылатын медиатормен жазылған
ақпараттар, іс жүргізу рәсімінің құжаттары мен материалдары жойылады.
Іргеміздегі Ресейде медиаторлар саны 100 миллион долларға жететін
келіспеушіліктерді шешіп, дауласқан ірі компанияларды бітістірген сәттері
көп болған. Қазіргі таңда медиация арқылы келіспеушіліктердің 40 пайызын оң
бағытта шешуге болатынын медиаторлар іс-әрекеттерімен дәлелдеп отыр. АҚШ-та
соттардың қарамағында медиация арқылы келіспеушіліктерді қарастыруға
арналған орталықтар мен кеңестері құрылған, ал медиаторлар ретінде
экономиканың, құқықтың және де өндірістің әртүрлі салаларында құзырлы әрі
беделді адамдары таңдалған.
КлассТime газетінің редакциясына астаналық университеттердің бірінің
заң факультетінің оқытушысы телефон шалып, осы мәселе жайында өз пікірін
білдірді:
Аталған мәселенің ерекше алаңдаушылық туғызып отырғанын осыдан-ақ
түсінуге болар. Өйткені редакцияға телефон шалып, аты-жөнін көрсетуді
қаламаған (ертеңіне түртпектеуге ұшырамас үшін) педагогтің көптеген
әріптестері, сонымен қатар практикалық жұмыстан тысқары оқытушылықпен де
айналысатын заңгерлер еліміздің көптеген жоғары оқу орындарында құқықтың
негізін қалайтын азаматтық және қылмыстық құқық салаларын оқытуға бөлінген
сағаттар көлемін қысқарту ағымы жүріп жатқаны жайында дабыл қаға бастады.
Бүгінде заң факультеттерінде бағдарламаға сәйкес, азаматтық құқық
пәнінің сабақтарын қысқарту арқылы медиация бойынша сағаттарды ұлғайтып
жатыр. Мен 14 жылдық еңбек ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстың құрамы. Қылмыстық жаза
Құқықтық нигилизм туралы
Заң алдындағы жауаптылық және оның қағидалары
Айыппұл әкімшілік жаза ретінде
Әкімшілік жазаларды қолдану
Отбасы құқығы туралы
Азаматтық құқықтың түсінігі мен пәні
Азаматтардың азаматтық құқық субъектілігі
Әкімшілік құқық бұзушылық және әкімшілік жауапкершілік
Отбасы құқығының мақсаты мен қағидасы
Пәндер