Ақпараттық жүйе пәнінен лекция жинағы


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:
№1-лекция
Экономикалық ақпараттық жүйенің жаңа технологиясы
Жоспары:
1. 1. Ақпараттық жүйе және ақпараттық технология ұғымы
1. 2. Қоғамды ақпараттандыру. Ақпараттық төңкеріс. Ақпараттық қоғам және
экономикалық процестер.
1. 3. Ақпараттық құқық. Ақпараттық қылмыс. Ақпараттық мәдениет.
Лекция мєтіні:
Ақпараттық технология және техника
Ақпараттық технология - ЭЕМ-нің көмегімен ақпаратты жинау, енгізу, тасымалдау, сұрыптау, іздеу, реттеу, өзгерту және өңдеу жұмыстарының тізбегі. Ақпараттық технологияның өндірістік технологиядан айырмашылығы оны адамның қатысуынсыз роботтар іске асыратын үздіксіз процеске айналдыруға болмайды. Өйткені ол құжаттың көшірмесін алу, есепке енгізу, есеп шығару секілді жұмыстармен қатар шығармашылық ізденісті балап ететін шешімдер қабылдау, мәселені жүргізу жолын өзгерту, бірнеше мүмкіндіктерді салыстыра отырып, олардың ішінен ең тиімдісін іріктеп алу сияқты таңдау жұмыстарын кеңінен жүргізумен өте тығыз байланысты болады. Сондықтан ақпараттық технология "адамдық факторға" үлкен көңіл бөледі және оның шеберлік деңгейінің өсуіне әсер етеді.
Қазіргі кездегі ақпараттық технология ұғымын мәліметтер өңдеуге байланысты үш түрге жіктеуге болады. Олар: есепке алу, талдау және шешім қабылдау. Осы уақытқа дейін бұл жұмыстар адамның басқаруымен қағазға жазылған құжатты өңдеу түрінде өтетін, ал енді басқару, ұйымдастыру жұмыстарын ЭЕМ көмегімен автоматты түрде атқару жаңа ақпараттық технологияның тууына себепші болды. Бұл жаңа технологияның бұрынғы технологиядан (құжатты машинкада басу, байланысты телефонмен жүргізу, сөзді диктофонға жазу) айырмашылығы - тізбектеле орналасқан ақпараттық техника,
"жылы жүзді" программалық жасақ және дамытылған компьютерлік байланысты кеңінен қолдану. Сонымен жаңа ақпараттық технология төмендегі мынадай мүмкіндіктерді орындауы тиіс:
- әрбір адам мәліметтерді дұрыс орналастыра білуі (программалық емес) керек;
- мәліметті өңдеу барысында оларды өрнектеу, сақтау, іздеу, бейнелеу және өзгерістен қорғаудың бірыңғай үлгісіне келтіріп, жинақталған мәліметтер қоймасын пайдаланатын ақпараттық қолғабыс көрсету;
- кез келген құжатты қағазсыз өңдеу ісін ұйымдастыру, мұнда қағазға құжаттың ең соңғы нұсқасы ғана түсіріледі, ал басқалары электрондық машинаның мәлімет жинақтағыштарында (дискілер) сақталады да экранда көрсетіледі.
- Адам үшін көптеген жеңілдіктері бар есепті шығарудың сұхбаттау режимін (интерактивті режим) жүргізу;
- Бір-бірімен байланысқан ЭЕМ-дерді пайдалана отырып, құжатты ұжымдық түрде даярлау;
- Есепті шығару барысында мәліметтерді бейнелеу тәсілін жылдам өзгерту мүмкіндігі болу.
Ақпараттық техника - ақпаратты өңдеуге керекті техникалық аспаптар жиыны.
Ақпараттық қоғам және экономикалық процестер
Қазірге кезде жеке адамдар, топтар, коллектив және ұйымдар қызметі олардың толықтай дерлік ақпараттануына және бар ақпаратты тиімді пайдалану қабілетіне тәуелді болады. Қандай да бір әрекетті орындау алдында ақпаратты өңдеу, жинау, түсіндіру, талдау өте үлкен жұмыстарды қажет етеді.
Кез келген ортада орынды шешімдер қабылдау үшін арнайы техникалық құралдар қатысуынсыз мүмкін болмайтын өте үлкен көлемді ақпараттарды өңдеу керек болады
Ақпараттар көлемінің өсуі әсіресе, ХХ ғ. ортасында көрініс берді. Өте көлемді ақпараттар ағыны адамдарға оларды толық қабылдауға мүмкіндік бермеді. Күн сайын пайда болып жатқан жаңа ақпараттық ағынмен хабардар болу қиындау болды.
Көлемді ақпараттар ағынының пайда болуына төмендегілер себеп болды:
- тәжірибелі-конструкциялық жұмыстар мен ғылыми-зерттеулер нәтижесі баяндалатын диссертациялар, есептер, құжаттар санының күрт өсуі;
- адамдар қызметінің әртүрлі саласында мерзімді басылымдар санының тұрақты көбеюі;
- коммуникациялық жүйе әрекеті ортасына түспейтін кәдімгі ақпарат таратушы машинада жазылған әртүрлі мәліметтер пайда болуы;
Нәтижесінде келесі көріністермен ақпараттық кризис орнады:
- адамдардың ақпараттарды өңдеу мен қабылдауда және сақталған ақпараттардың қуатты ағыны мен көлемі арасындағы шектеулі мүмкіндіктері қарама-қайшылық тудырды. Мысалы, алғашқыда жалпы білім қоры өте баяу өзгерген, бірақ, ол 1900 ж. бастап 50 жыл сайын арта бастады. 1950 ж. 10 жыл сайын, 1970 ж. 5 жыл сайын, 1990 ж. әрбір жыл сайын білім қоры өзгеріп, артып отырады.
- пайдаланушыға тиімді ақпаратты қабылдауға қиындық туғызатын өте үлкен көлемді ақпараттардың болуы;
- ақпараттардың кең таралуына кедергі келтіретін нақты экономикалық саяси және басқа да әлеуметтік тосқауылдар пайда болды; Мысалы, құпиялылықты сақтау себебі бойынша керекті ақпараттарды әртүрлі мекемелер жұмысшылары жиі қолдана алмайды.
Осындай себептер әдеттен тыс жағдайларға әкелді, яғни әлемде жинақталған алып ақпараттар потенциалын адамдар шектеулі мүмкіндік аясында толық түрде қолдана алмай
қалды. Ақпараттық кризис қоғамды осындай жағдайдан шығу жолын іздеу керек екендігін көсетті. Өндірістік даму этапында тұрған адамдар қоғамының дамуында жаңа эволюциялық процестің бастамасы болып есептелетін түрлі қызмет салаларында ЭЕМ-ді енгізу немесе ақпараттарды тасымалдаушы және өңдеуші соңғы құрылғыларды енгізу ақпараттандыру деп ататалды.
Ақпараттандыру - ақпараттық ресурстарды қолдану мен қалыптастыру негізінде қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың жергілікті өзін басқару органдарының, мемлекеттік үкімет органдарының, азаматтар құқығының іске асуы мен ақпараттық қажеттіліктермен қанағаттандырылуы үшін қолайлы жағдай жасайтын ұйымдастырылған әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық процесс.
Қоғамды ақпараттандыру - өндірістік қоғамның ақпараттық қоғамға өтуін қамтамасыз етті, осындай үрдісте ақпарат экономикада басты орын алды және қоғамда маңызды стратегиялық ресурс болып есептеледі.
Ақпараттандырудың даму тарихы АҚШ-та 60 ж. ортасында, Жапонияда - 70 ж., 70 ж. соңында - Батыс Европада басталды. Соңғы материалдық өндірістер және басқа да қызмет салалары өте көлемді ақпараттарды өңдеуде ақпараттық қызметтерді көбіне көп қажет етеді. Кез келген ақпаратты өңдейтін әмбебап техникалық құрал компьютер болып табылады, ол бүкіл қоғам мен адамдардың ойлау мүмкіндіктерін нығайтушы ролін атқарады, ал компьютерді қолданатын коммуникациялық құрылғылар ақпарат тасымалдау және байланыс үшін қызмет етеді. Компьютердің пайда болуы және дамуы - қоғамды ақпараттандыру процесін құрайтын керекті құбылыс.
Қоғамды ақпараттандыру - заңға сыйымды соңғы әлеуметтік прогрестің бірі. Бұл термин соңғы кең қолданылып жүрген "қоғамды компьютерлендіру" терминін ығыстырады. Бұл түсініктердің сырттай ұқсастығы болғанмен елеулі айырмашылықтары бар.
Қоғамды компьютерлендіру қоғамда ақпараттарды өңдеу мен жинақтауда жедел нәтиже алуды қамтамасыз ететін компьютерлердің техникалық қорларын ендіру және дамытуға көп көңіл бөлінеді.
Қоғамды ақпараттандыруда адам қызметінің барлық саласында сенімді, жеткілікті, дер кезіндегі білімді толық қолдануды қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жиынына көңіл аударылады. Сондықтан қоғамды ақпараттандыру қоғамды компьютерлендіру ұғымына қарағанда, кең көлемді ұғым болып табылады және өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ақпаратты жылдам меңгеруге бағытталған. Ақпараттандыру қорында компьютерлер мен телекоммуникациялық технологияларды енгізу елеулі еңбек өнімділігін арттыру қажеттіліктерін көрсетті. Мысалы, ақпараттық салада АҚШ-та 60% еңбекке қабілетті халық жұмыс істейді, ал ТМД-да 40%.
Қоғамды ақпараттандырудың негізгі мақсаты - барлық қызмет саласын ақпараттық қажеттіліктермен толық қанағаттандыру болып табылады. Осының нәтижесінде қоғам өмірі жақсарып, қоғамдық өндіріс нәтижесі жоғарлайды және қоғамда тұрақты әлеуметтік жағдай жақсарады, ғылым, мәдениет және білім қорлары дами түседі.
Ақпараттық революция. Ақпараттың даму тарихы.
Қоғамның мәдени дамуы тарихында бірқатар ақпараттық революциялар - ақпараттарды өңдеудегі маңызды өзгерістер салдарынан қоғамдық қарым-қатынастар жаңаруы пайда болды.
Осындай өзгерістер нәтижесі адамдар қоғамында жаңа сапалы жетістіктер әкелді. Алғашқы ақпараттық революция жазу мүмкіндігі пайд болуымен байланысты. Ойды жазып қалдыру тек
мәліметпен хабар алмасу ғана емес, адамзаттың ізгі қазналарын ұрпақтан ұрпаққа жеткізу мүмкіндігін берді.
Екінші ақпараттық революция ХVІ ғ. ортасында кітап басып шығару, мәліметті қағазға басып шығару мүмкіндігімен түсіндіріледі.
Үшінші ақпараттық революция ХІХ ғ. соңында телеграфтың, телефонның, радионың шығуы ақпаратты кез келген қашықтыққа жарық сәулесі тарау жылдамдығымен жеткізуге мүмкіндік берді.
Төртінші, ХХ ғ. ортасында шыққан микропроцессорлы технологиялар мен дербес компьютерлер пайда болуымен байланысты. Микропроцессорлар мен интегралдық схемалар компьютерді, компьютерлік жүйелерді, мәлімет алмасу жүйелерін құрайды.
Соңғы ақпараттық революция - жаңа білім жасау технологияларын, техникалық құралдар жасауға байланысты ақпараттық индустрияны ілгері жылжытады.
Ақпараттық индустрияның негізін құраушылар - ақпараттық технологиялардың барлық түрі, әсіресе телекоммуникациялар. Кәзіргі ақпараттық технологиялар компьютерлік техникалар мен байланыс құралдары жетістіктеріне сүйенеді.
Кәдімгі ақпараттық технологиялар деп көбінесе қағаз жүзінде әртүрлі ақпараттарды дайындау, жинау, өңдеу және тасымалдау процестерін айтады.
Жаңа ақпараттық технологиялар деп ЭЕМ-дер мен олардың желілері арқылы - әсіресе дербес компьютерлер көмегі арқылы - ақпаратты дайындау, жинау, тасымалдау және өңдеу технологияларын айтады.
Ақпараттық технологиялар - қоршаған дүниенің обьектілерімен құбылыстары туралы жаңа сапалы ақпарат алу үшін мәлімет алмасу және өңдеу құралдар жиыны мен әдістер жиынын пайдаланатын процесс
Телекоммуникация - компьютерлік желі қорында және соңғы техникалық байланыс құралдарындағы мәліметтердің қашықтан тасымалданды.
Ақпараттық мәдениет
Қоғамды ақпараттандыруға өту кезінде адамды жаңа техникалық құралдарды меңгеру арқылы көлемді ақпараттарды жылдам қабылдап, өңдеуге даярлау керек. Сондықтан жаңа ақпараттық технологиялар көмегі арқылы ақпаратпен жұмыс жасау үшін ақпаратпен қатысудың нақты бір деңгейінде болу керек. Бұл термин ақпараттық мәдениет деп аталады, яғни ақпаратпен жұмыс жасау және оны алуда, өңдеуде, тасымалдауда қолданылатын компьютерлік ақпараттық технологиялар мен соңғы техникалық құралдармен жұмыс жасай білу керек.
Ақпараттық ресурстар
Материалдық өндіріске бағытталған өндірістік қоғамда экономикалық категориялар бойынша қойылған ресурстардың бірнеше түрі белгілі.
- материалдық ресурстар - қоғамдық өнімдер өндірісі процесінде қолдануға арналған еңбек құралдарының жиыны. Мысалы, шикізат, материалдар, отын, энергия т. б.
- табиғи ресурстар - адамды материалдық және рухани қанағаттандыру үшін көпшілік қолданатын табиғи жағдайлар, процестер мен обьектілер
- еңбек ресурстары - қоғамдық қызметтегі жалпы біліммен кәсіби білімі бар адамдар.
- қаржылық ресурстар - мемелекет немесе коммерциялық құрылым қарамағындағы қаражат.
- энергетикалық ресурстар - энергия тасымалдаушылар. Мысалы: көмір, мұнай, гидроэнергия, электроэнергия.
- Ақпараттық ресурстар - жеке құжаттар мен ақпараттық жүйелерде (кітапханалардағы, архивтердегі, фондтар, банк мәліметтері) құжаттар жиыны.
Қоғамдық ақпараттық ресурстар адамдар жинқтаған қорытындылаған, талдаған және құрып дайындалған білім қоры деп қарастырылады. Бұл білім қоры құжаттар, мәліметтер қорлары, алгоритмдер, компьютерлік программалар және де ғылым, әдебиет, өнер шығармашылықтары түрінде жасалады.
Ақпараттық өнімдер мен қызметтер.
Ақпараттық ресурстар - ақпараттық өнімдер жасауға арналған база. Ақпараттық өнім - заттық немесе заттық емес түрде тарату үшін өндірушінің қалыптастырылған мәліметтер жиыны. Ақпараттық өнім кез келген материалдық өнім сияқты арнайы қызмет көмегімен кең таратылады. Соңғы уақытта ақпараттық өнімдер электрондық құжат түрінде, CD-ROM компакт-дискілерде және интернет ақпараттық телекоммуникациялық желілерде кең таратылған.
Ақпараттық қызмет - пайдаланушы қарамағындағы ақпараттық өнімдерді алу және жеткізу, яғни компьютер көмегімен ақпараттық өнімдерді жеткізу деп түсіндіріледі.
Ақпараттық өнімдер мен қызметтер нарығы мен ақпараттық нарық
Ақпараттық өнімдер мен қызметтер нарығы деп - ой еңбегі өнімдерін саудалау ісі негізіндегі экономикалық құқық және ұйымдық қатнастар жүйесі.
Ақпараттық нарық - нақты өнімдер мен қызметтер номеклатурасы және оларды жеткізу шаралары мен механизмі құнымен сипатталады. Мұнда сауда және айрбас тауары ретінде ақпараттық жүйелер, ақпараттық технологиялар, лицензиялар, патенттер, тауарлық белгілер, ноу-хоулар, инженерлік, техникалық қызметтер, әр түрлі ақпараттар мен ақпараттық ресурстар түрлері жатқызылады. Ақпаратты қызмет етуде ақпараттардың негізгі көзі болып мәліметтер қоры жатады.
Мәліметтер қоры дегеніміз - жалпы мәліметтерді басқару мен сақтау, сипаттауға негізделген ұйымдар ережелерінің байланыстырылған мәліметтер жиыны. Оларға ақпараттық қызметтерді қолданушы мен жеткізіп берушілер және олардық арасындағы байланыстар, ақпараттық қызметтерді сату мен сатып алу шарттар мен тәртіптері жатады.
Ақпараттық өнімдер мен қызметтерді жеткізіп берушілерге:
- мәліметтер қоры жасалатын немесе сақталатын орталықтар және ақпараттарды тұрақты жинау мен өңдеу істерін жүргізетін орталықтар,
- әр түрлі мәліметтер қорына ақпаратты таратушы орталықтар,
- телекоммуникациялар мен мәліметті тасымалдау қызметі,
- арнайы қызмет орындары: банктер, биржалар,
- коммерциялық фирмалар,
- ақпараттық брокерлер жатады.
Ақпараттық өнімдер мен қызметтерді пайдаланушы деп керекті ақпараттар, ақпараттық өнімдер, ақпараттық техника және ақпараттық технологиялар құралдарын алу мақсатында ақпараттық жүйеге байланыс жасайтын кез келген қоғамның құқықты мүшесі.
Өндірістік дамушы елдерде ақпараттық қызмет нарығының тұрақты қалыптасуы 50 жылдардың ортасынан басталды. Негізгі ақпараттық қызмет жабдықтаушылары: академиялық, кәсіптік және ғылыми-техникалық ақпараттық қызметтер, мемлекеттік мекемелер, оқу орындары жатады. Ал негізгі пайдаланушылар - ғылым мен техника саласындағы ғалымдар мен мамандар жатады.
Ақпараттық қызмет нарығының құрылымы
Ақпараттық ресурстарды қолдану шарттары мен әдістері және тәсілдерінің жиынтығы қоғамдық ақпараттық потенциалды құрайды. Бұл тек өндірісте ақпараттарды өңдеу мен тасымалдаудағы соңғы әдістері мен тәсілдерінің өндірістік технологиялық комплексі ғана емес, әрі ғылыми зерттеу, оқыту, әкімшілік, коммерциялық және басқа да соңғы ақпараттық технологиялар базасында ақпараттық қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін ұйымдарды айтуға болады.
Ақпараттық нарықтың негізгі компонентері:
- Техникалық және технологиялық бөлімдер. Бұл ақпараттарды
өңдеуге арналған соңғы ақпараттық құрылғылар: қуатты компьютерлер, кең өріс алған компьютерлік желі мен соған сәйкес технологиялар.
- Нормативті-құқұқты бөлім. Бұл ақпараттық нарықта мәдени
қарым-қатыгастарды қамтамасыз ететін заңды құжаттар: заңдар, ережелер, қаулылар.
- Ақпараттық бөлім. Бұл керекті ақпараттарды табуға көмектесетін
анықтамалық құралдар мен құрылымдар.
- Ұйымдық бөлім. Бұл ақпараттық өнімдер мен қызметтерді таратушы мен өндірушінің өзара әрекеттерін мемлекеттік басқару элементтері жатады.
Ақпараттық нарық құрылымы - бірыңғай ақпараттық өнімдер мен қызметтерді ұсынатын адамдар мен ұйымдар тобын біріктіретін секторлар жиыны.
Ақпараттық өнімдер мен қызметтер рыногын 5 секторға бөлеміз:
- Қызметші ақпарат. Келесі бөліктерден тұрады:
- биржалық және қаржылық ақпарат - құнды қығыздарды бағалау, валюиа курсы, тіркелген ставкілер, тауарлар мен капиталдар нарығы, инвестициялар, бағалар. Мұнда жеткізіп берушілер немесе жабдықтаушылар - биржалық және қаржылық ақпараттардың арнайы қызметтері, брокерлік компаниялар, банктер болып табылады.
- статистикалық ақпарат - экономикалық, әлеуметтік және демографиялық салалар бойынша болжау үлгілері мен бағалары.
- коммерциялық ақпарат - компания, фирма, корпорация жұмыстарының бағыты мен олардың өнімдері, бағалары туралы мәліметтер: қаржылық жағдайы, байланыстары, келісімдер, жетекшілік, экономика және бизнес саласындағы жаңалықтар туралы мәліметтер. Мұнда жеткізіп берушілер - арнайы ақпараттық қызмет орындары.
- Мамандарға арналған ақпарат. Келесі бөліктерден тұрады:
- кәсіби ақпарат - юристер, дәрігерлер, фармацевтер, оқытушылар, инженерлер және т. б. арналған арнайы мәліметтер мен ақпараттар
- ғылыми-техникалық ақпарат - адамдар қызметі мен өндіріс саласы бойынша жаратылыстық, техникалық, қоғамдық ғылымдарға арналған анықтамалық, рефераттық, библиографиялық, құжаттық ақпараттар.
- Қолданылатын ақпарат. Келесі бөліктерден тұрады:
- жаңалықтар мен әдебиеттер - жаңалықтар қызметтері мен баспасөз агенттіктері ақпараттары, электрондық журналдары, анықтамалықтар, энциклопедиялар.
- тұтынылатын ақпарат - транспорттар жұмысының кестесі, теміржол және авиабилеттер сақталуы, қонақүй орындары, тауарлар мен қызметтерге тапсырыстар, банктік операциялар және т. б.
- сауықтыру ақпараттары - ойындар, телетекст, видеотекстер,
- Білім беру қызметтері. Білім деңгейінің барлық түрі кіреді, ақпараттық өнім компьютерлік немесе компьютерлік емес түрде көрсетіледі. Оларға: оқулықтар, әдістемелік нұсқаулар, практикумдар, жетілдірілген компьютерлік ойындар, компьютерлік оқытушы және бақылаушы жүйелер және т. б.
- Ақпараттық жүйелер мен құрылғыларды қамтамасыз етушілер. Олар келесі бөліктерден тұрады:
- программалық өнімдер - кәсіби программадан тәжірибесіз пайдаланушы программасына дейінгі программалар комплексін жатқызамыз. Олар: жүйелік, қолданбалы программалар.
- техникалық құрылғылар - компьютерлер, телекоммуникациялық қондырғылар.
Лекция 2
Ақпараттық жүйе және ақпараттық технология ұғымы
Жоспары:
2. 1. Ақпараттық жүйелер мен технологиялардың проблемасы
2. 2. Ақпараттық жүйелердің құрылымы мен классификациясы
Лекция мєтіні:
Экономикалық ақпарат ұғымы.
Информация термині іnformatіo деген латын сөзінен түсіндіру, баяндау, хабарландыру деп аударылады. Философиялық түсінік бойынша информация дегеніміз - нақты әлемді (өмірді, қоршаған ортаны) мәліметтер мен хабарламалардың көмегімен көрсету. Бұл хабарламалар тіл (сөзбен айту), бейнелеу, цифрлық мәліметтер, таблицалар, графиктер және т. б. түрінде болады. Жалпы мағынада информация алмастыру - бұл адамдар арасында мәліметтер алмастыру, тірі және өлі табиғат, адамдар және құрылымдар арасындағы белгілер алмасуы.
Ақпарат дегеніміз - қоршаған орта құбылыстары мен обьектілері туралы және олардың қасиеттері мен құрылымы туралы мәліметтер жиыны.
Мәліметтер деп қандай да бір себептермен қолданылмайтын, тек сақталатын белгілер немесе жазылған бақылаулар деп қарастырылады.
Ақпараттардың негізгі бір түрі - экономикалық ақпарат. Оның ерекшелігі - ұйымдар, адамдар коллективін басқару процесімен байланыс жасайды.
Экономикалық ақпарат - өндірістің қоғамдық процестерін, материалдық игіліктерді үлестіру, айырбастау және тұтыну туралы ақпарат.
Экономикалық ақпарат дегеніміз әлеуметтік-экономикалық процестер мен өндірістік және өндірістік емес ортада қызметкерлер туралы мәліметтер жиыны.
Экономикалық ақпарат еңбек, материалдық және қаржылық ресурстар құрамы туралы және нақты уақыт кезеңіндегі обьекттерді басқару жағдайы туралы мәліметтерді қарастырады.
Экономикалық ақпарат мекеме мен ұйымдар әрекетін табиғи тазалығы, құндылығы және басқада көрсеткіштері арқылы бейнелейді.
Экономикалық ақпарат төмендегі көрсетілгендер бойынша сипатталады:
- үлкен көлемді;
- белгіленген уақыт кезеңіндегі (ай, квартал, жыл) ақпараттың алынуы мен өзгеруі циклінің жиі қайталануы;
- оларды өңдеудегі логикалық операциялардың едәуір үлес салмағы;
Экономикалық ақпараттың бұл қасиеттері - қайта өңделетін ақпараттар көлемі мен құрылымын анықтауда оларды жинау, өңдеу, тасымалдауда есептеу техника құралдары мен компьютерлерді пайдалану экономикалық мақсатқа сәйкес және ғылыми-техникалық қажеттілікпен алдын ала анықталады.
Экономикалық ақпарат классификациясы
Шығыстық ақпарат - фирмадан басқа фирмаға, мекемеге барып тұсетін ақпарат.
Басқару обьектісіне қатысты (фирма немесе оның бөлімшелері, цех, отдел, лаборатория) ақпарат ішкі және сыртқы болып анықталады.
Ішкі ақпарат обьекттің ішінде пайда болады, ал сыртқы ақпарат обьект сыртында болады. Мысалға, салық деңгейінің өзгеруі туралы үкімет нұсқауының мазмұны фирма үшін бір жағынан сыртқы ақпарат, екіншіден - кірістік ақпарат бола алады. Салық инспекциясына мемлекеттік бюджеттен бөлінген соманың мөлшері туралы фирманың мәліметі шығыстық ақпарат, екіншіден салық инспекциясына қатысты сыртқы ақпарат болып табылады.
Тұрақтылығы бойынша
Айнымалы ақпарат фирманың өндірістік-шаруашылық әрекетінің шын мәнісіндегі сандық және сапалық сипатын көрсетеді. Ол мөлшері бойынша немесе тағайындалуына қарай әрбір жағдайда өзгеріп отырады. Мысалы, алмастыру үшін өндірілген өнімдер мөлшері, апта сайынғы шикізатты жеткізуге жұмсалған қаражаттар.
Тұрақты ақпарат - ұзақ мерзімді, жиі қолданылатын және өзгермейтін ақпарат. Тұрақты ақпарат анықтамалық, нормативті, жоспарлы болуы мүмкін:
- тұрақты анықтамалық ақпарат - ұзақ мерзімді тұрақты белгілермен обьекттің тұрқаты қасиеттерімен сипатталады.
- тұрақты нормативті ақпарат - жергілікті, салалық және жалпы мемлекеттік нормативтерден тұрады. Мысалы, кіріс салық мөлшері, өнімнің нақты түрінің сапасындағы стандарттар, еңбекке ақы төлеудің кіші мөлшері, мемлекеттік қызметкерлер еңбек ақысының тарифі.
- тұрақты жоспарлы ақпаратты фирмадағы көп қолданылатын жоспарлы көрсеткіштер құрайды. Мысалы, телевизорлар шығару жоспары, мамандарды дайындау жоспары.
Өңдеу сатысы бойынша
Бастапқы ақпарат - бастапқы сатыда тіркелетін немесе обьект қызметі процесінде тікелей пайда болатын ақпарат.
Қосымша ақпарат - бастапқы ақпараттарды немесе аралық, нәтижелік ақпараттарды өңдеу нәтижесінде пайда болатын ақпарат.
Аралық ақпарат - кезектегі есептеулер үшін бастапқы мәлімет түрінде қолданылатын ақпарат
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz