Жырын тыңда дулаттың


ЖЫРЫН ТЫҢДА ДУЛАТТЫҢ
Өз кезеңіндегі басқа ақын-жыраулар секілді негізінен дидактикалық, сарында шешендік толау өлеңдерді дүниеге әкелген Дулат сөздерінде қазақтың шешендік өнеріне тән қысқалық, нұсқалық, көркемдік, шыншылдық, турашылдық, алмастай өткірлік, сенімділік т. б. ерекшеліктер мен мақал-мәтелге тән түйіп айту, образдылық, салыстыру, салғастыру, саралау, нақтылық, ой жұмырлығы секілді қасиеттер қатар көрініп жатады. Өзара туыс, өзара тектес осы екі жанрдың Дулат толғауларында да тоғыса көрінуі қоғамдық ой мен халықтық мүддені көздей айтылған көсемдіктің ішкі бауырқанысынан туып, жаңаша мәнге ие болуымен байланысты. Өзіне дейінгі көркем сөйлеу үлгілерінің басын біріктіріп, біртұтас өнерге айналдыру мен абстрактылы сипаттағы ой кеңдігін заман сөзіне ұластыруда ақын әу бастан өзіндік оң-тұжырымдарын тағылымдық, танымдық биікке көтеруді көздейді. Осы мақсат негізінде ой әсерлілігін күшейтетін жаңа сөз, суретті сырлы саз, кейде тіпті түйдек-түйдек жаңа тіркестер қосылып, бір ғана ой төңірегінде бірнеше тармаққа ұласқан, одан әрі шоғырларға, ұла-ғатты шешімдерге, шешендікке жалғасқан жаңа шығармалардың тууына мұрындық болған. Міне, басқа емес, шешендік сөздер мен шешендік толғау өлеңдер ортақ сарындас, нұсқалас болып келуі негізінде қазақ поэзиясына тән үрдісті бір ерекшелік жатыр. Соңғы жылдарда әдебиеттану ғылымында поэтика, эстетика мәселелерінің өз алдына күн тәртібіне қойылуында да мән бар. «Поэтика мен эстетиканы әдебиеттің көркемдік ерекшелігі тұрғысында ғана емес, оның идеялық бағытын айқындау құралы ретінде де тану қажеттігі туып отыр» (Кәрібаева Б. )
Қазақ жыраулары өлең өлкесінде өздеріне дейінгі канондық үлгілік формаларды бұзып, оның көркемдік жағынан ерекше ден қойды. Мысалы, ежелгі дәуір поэзиясы үшін басты нәрсе- даналық ой болса, жыраулар үшін ең басты нәрсе сол ой-пікірді қалай айту керек деген мәселе болды. Бұдан қазақ жырауларының ой-толғауларында терең мазмұнмен көркемдік айшықтарды жымдастыру мақсат етілгіні көрінеді. Сөйтіп, олар ой-пікірді тыңдаушыға жеткізудің ұтымды тәсілдерін табу арқылы өлеңдегі әр сөздің мән-мағынасын сезімдік тұрғыдан әсерлендіре түсті.
«Асылдан шұғыла маздаса, табиғат болмысқа тәшінбіз. Өнерден өмір қоздаса - адам шеберге кәмбілміз. Өнердің де алуан қыры бар. Әлгі айта беретін Тек, Түр, Жанр - сол асылдың қырына келеді де, түбі бәрібір өнер болып, Қасиет, Көрік, Ұлылық болып қала береді», - дейді. Т. Тоқбергенов. Бұл өлең өнердің өзгеше өрнегін тануда тіл кестесі мен маөмұн бірлігін тұтастырып қарауды көрсетеді. Өйткені, «бейнелеп айтуға, сұлу сурет жасауға бейімділік - өлең тіліне ең бір тән қасиет. Алайда, суреттеу баяндаудың көрнекілігі, дәлдігі, нақтылығы, көркем образ жасау мақсатына сәйкес келіп, суреттеп отырған құбылыстың типтік ерекшеліктерін де айқын, анық қамтуға тиіс» (Ахметов З. ) . Дулаттың толғау өлеңдеріндегі поэтикалық шеберлік мәселесін қарастыруда біз оның ішкі, сыртқы түрлерінің, мазмұндық, құрылымдық, жанрлық, сипаттары бірлігін ұстандық.
Дулат толғаулар мазмұнына, жалпы табиғатына, болмысына қарай бірнеше топқа бөлінеді. Соның ішіндеАхмет Байтұрсынұлының
классификациясы бойынша белгіленген сегіз түрі де кездеседі. Олар:
- сап толғау 2. Күліс толғау, 3. Марқайыс толғау, 4. Сезім толғау,
5. Налыс толғау, 6. Сұқтаныс толғау, 7. Намыс толғау, 8. Ойламалдау.
Толғау деген ұғымда сыртқы дүние туралы айтушының мейлінше шамырқана жүрек сөзін айтуы, жан тебіренісі тұтасып жатыр. Дулат толғауларының мазмұнына, мәніне үңіле қараған адам ондағы шалқыған, тасыған ішкі дауыл мен буырқанған сезім тоғысынан туған талай толқынды түйдектерді таныр еді.
Дулат жырау өлеңдерінде, негізінен, сап толғау түрі сирек кездеседі. Өйткені Дулат нені айтса да оны тек баяндап қоймай-ды, өзі сол құбылыстың, әрекеттің ішіне еніп, ыстығына күйіп, суығына тоңып, ащысы мен тұщысын қатар сезіп, сезініп қана тілге тиек етеді. Оның сап толғау (көңілдің таза күйін шығыстық баяндау сипатында толғауы) үлгісіндегі сөз түріне «Жас кезеңі», «Асқар таудың сәні жоқ» өлеңдері жатады. «Жас кезеңі» талай тарлан ақындардың, жасампаз жыраулардың шығармаларына арқау болғаны белгілі. Д. Бабатайұлы адам өмірінің бел-белестерін жас мөлшерімен сәйкестендіріп сипаттайды. Ол әр кезеңге ұзын сонар шолу жасамайды. Өзінің өтқен, тұрған, енді баратын асуларына ақын боп тіл қатады. Мұнда ол абстрактылы ұғымды жанды зат кейпінде алып сырласады. Әр жастың өзіне ғана тәп қайталанбас даралығын екі жолмен түйіндеп отырады:
... жалғасыОн бес деген жас қайда
Жарға ойнаған лақтай?
Қайда кеттің, жиырма жас,
Тастан шыққан бұлақтай?
Жиырма бес бар ма маңайда
Жайқалған жасыл құрақтай?
Отыз, кепітің алыстап,
Толықсыған сынаптай.
Отыз бес, неге келмейсің
Кеп іздетіп жылатпай?
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz