Ислам өркениеті


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Ислам өркениеті.

1 Ислам әлемдік діндердің бірі

2 Ислам өркениетінде Мұхаммед пайғамбардың алатын орны

3 Құран-Кәрім - мұсылмандардың киелі кітабы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Ислам әлемдік діндердің бірі.

Ислам-бір бағытта дамыған діндердің үшіншісі және соңғысы. Христиан және иудаизм сияқты исламда Таяу Шығыстың аймақта қалыптасты. Б. д. д. VI ғасыр үнді, қытай, грек мәдениетінің сапалық, жүйелік кезеңі болса, шамасы мың жылдан кейін осындай мәдени жаңару араб жеріндеде басталады. Үш діни тармақтың мәдени дәстүрінде ұқсастық, идеялық негізінде сабақтастық білінеді. Ұқсастық жалпы мәдени, теологиялық және діни -пұтқа табынушылық деңгейлерінен сезінеді. Сабақтастық наным- сенім символынан, табыну рәсімімен, мифтерінен, моральдық өсиеттерінен аңғарылды. Ислам кейін пайда болғандықтан, өмірдің, талабы мен сынынан өткен діни - мәдени ағымдардың жиынтығы, өркениеттің ерекше арнасы.

Ислам араб жерінде қалыптасты. Бірақ исламның ықпалы таяу-

шығыс елдеріне ғана емес, иран, түрік, үнді, индонезиялық, Орталық Азия,

Кавказ Поволжье, Балкан, Африканың көптеген халықтарына таралды.

Ислам арабтықтардың жеңісі арқылы да, бейбітшілік жолымен де тамыр жайды. Қалай десекте, ислам, біріншіден сол халықтардың тағдыры мен

тарихына, дәстүрі мен салтына, идеялық бағдары мен рухани құндылығына өшпессіз, әсер қалдырды, екіншіден сол халықтардың исламға дейінгі рәсім-салтын, өзіндік ұлыстық және ұлттық ерекшелігін жойып жіберген жоқ. Исламның құдіреті мен құралы - түрленудің жалпы және ерекше ағымын тоғыстырған, тағдыры бөлек халықтарды ортақ бағытқа іштей, рухани бұрған, жаңа ағымды қолдаушылардың таусылмас қатарын құрған қызметінде.

Ертедегі арабтардың басым көпшілігі семит дәстүрін ұстап, көптеген құдайларға табынып, тәжім етті. Көне вавилон дәуірінен келе жатқан күн мен айға, бабалардың рухы мен табиғат күшіне табынатын рәсім де қалыптасты.

Арабтарға иудаизм және христиан дінінен басқа, ираннан таралған зороастризм де ықпалын тигізді.

Араб тайпалары әр түрлі діннің ықпалында болды. Оның үстіне, көрші мемлекеттердің саяси және сауда -саттық қысымынан, араб тайпаларының арасында жіктелу, жауласу күшейді.

Тарихтың осы тәлкегін жеңілдеткен, саяси қарсыласуға тоқтам салған күш - қуат табылды. Ол діннің мүмкіндігі еді.

VI ғасыр Арабияның оңтүстігінде әр түрлі құдай мен әулиеге табынушылық дәстүріне қарсы ханифтер қозғалысы етек алды. Ханифтер қозғалысын бір құдайға бағыну идеясын уағыздаған пайғамбарлар бастады. Ханифтердің уағыздаған құдайы иудеистердің Яхвесіне, христиандардың үштігіне ұқсамады. Оны- «Аллах» деп атады. Әрбір ханиф өзін құдайдың өкілімін деп жариялап, құдайдың атынан жарлықтарын уағыздады. Бұл қозғалыстың жағымды ықпалы аз болмады, бірақ та бірде- біреуі дегеніне жете алмады.

Үлкен де, ортақ жеңіс Мұхаммед пайғамбардың үлесіне тиді. Мұхаммед пайғамбарлардың ішіндегі белсендісі де, атақтысы да болды.

Мұхаммед пайғамбардың негізгі идеясы: дүниені жаратқан бір ғана құдіретті Алла бар, бәрі де соның еркіне бағынып, ырқында жүру керек. Жалпы, «ислам», «мұсылман» деген сөздер - бас июшілік, құл етушілік мағынасын білдіреді. Аз уақыт аралығында Мұхаммед пайғамбардың Алла үшін, жаңа дін үшін қозғалысы үлкен жеңіске жетеді.

2. Ислам өркениетінде Мұхаммед пайғамбардың алатын орны

Мұхаммед 570 жылы Мекке төңірегіндегі күрейш тайпасында кедейленген отбасында дүниеге келеді. Жасынан жетім қалған ол ағасы Абутәліптің малын, қойын бағады, содан кейін бай жесір әйел Хадишаның сауда - саттық жұмыстарын жүргізеді. Жаңа қызметте әр түрлі ортамен, түрлі елдердің өкілдерімен жүздесуге, сұхбаттасуға мүмкіндік алады. Хадиша өзінен 15-16 жастай үлкен болса да, Мұхаммед оған үйленеді. 20 жылдай бірге өмір сүреді, бірнеше ұлдары мен сүйікті қызы Фатима дүниеге келеді. Хадиша қайтыс болғасын, Мұхаммед бірнеше рет үйленеді. Бірақ Мұхаммедтің Хадишадан басқа әйелдерінен ұрпақ қалмаған. Хадишаға үйленгесін Мұхаммед сауда - саттық жұмысымен айналысуды қойып, біржақты діни ізденіске бас бұрады. Шамасы 610 жылдары Мұхаммед өзін жаңа дінді уағыздаушы пайғамбар деп жариялайды.

Алғаш Мұхаммед жаңа ілім, жаңа дінді жасауды өзінше дара міндет етіп қоймайды. Оны мазалаған негізгі мәселе - тоз - тозы шыққан араб тайпаларының басын қосу еді. Сол үшін христиандар мен еврейлерді өзінің рухани туысқандары деп есептейді, тіпті христиандықтар мен иудаистердің орталығы - Иерусалимге қарай табынады. Бірақ еврейлер Мұхаммедтің теологиялық сауатсыздығын, догматикалық қателіктерін тәлкекке салып, күле бастағасын, намазды Меккеге қарап оқуды ұйғарады.

Мұхаммед өсиетінің басты талаптары:

-бір Аллаға табыну;

-мұсылмандыққа тән бес парызды - Құдайдың бірлігі мен Мұхаммедтің

пайғамбарлық қасиетін мойындау, намаз оқу, ораза тұту, қайыр садақа беру, хажыға бару;

-бес намазды - таң намазын, бесін намазын, екінді намазын, ақшам намазын, жашиық намазын оқу;

- бес борышты - Аллаға, пайғамбарға байланысты борышты, адамның өзіне байланысты борышты, мемлекет пен халыққа қатысты борышты, үй - іші, жақындардың борышын, адамгершілік әлеміне ортақ борышты орындау рәсімін енгізеді.

Мұхаммед осылайша бір рухани ілімнің төңірегінде арадтарды топтастыра бастады, қай жолда күш - қуатты жинақтауға болатынын көрсетті. Бұл қозғалыс арабтардың көңілінен шыққан бастама еді. Бастама қолдау тапты, біртіндеп үлкен жеңіске жеткізді.

Мұхаммед Мекке қаласын исламның орталығы етіп жариялады. Өзі өмірінің соңында Меккеде тұрмай, Мәдинаға қайтіп оралады. Дегенмен 632 жылы Меккеге арнайы қажылық жасап қайтады. Сол жылы дүние салады. Мәдинаға жерленеді.

Бұл кезде халиф тағына деген күрес араб жерінде толастамайды. Сонда да болса, исламның ықпалы кеңейе түседі. Ислам өзіне дейінгі тамыр жайған идеялық түсініктерді іріктеп, мәдени дәстүрге сүйенді.

Дегенмен исламның негізгі идеялары, дәлірек айтқанда Мұхаммедтің діни ілімі Құранда, - мұсылмандардың киелі кітабында жинақталынған. Құранда христиандардың киелі кітабы - Библияның идеялық желісі, арабтардың мәдени жетістігі жөнімен ескерілген.

3. Құран - Кәрім - мұсылмандардың киелі кітабы.

Құран сипаты мен көлемі бірдей емес 114 бөлімнен тұрады. Мұхаммедтің өзі қайтыс болғаннан кейін, мұсылмандар арасында Құранның текстісі туралы пікірталас басталады. Сунниттер Құранның текстісін толық, өзгеріссіз қабылдайды. Хариджиттер оның 12 сүресіне күдік тудырды. Хариджиттердің ұйғарымынша, осы сурада Иосиф туралы

Библиялық аңызға көп және біржақты көңіл бөлінген. Шииттер пікірінше, Құранның соңғы текстісінде пайғамбардың Әлі туралы сөздері

жөнсіз қысқартылған, алып тасталған.

Құранның текстісі нақты, түсінікті тілмен қысқаша жазылған.

Құран стилінің қайрылып, қысқаша жазылуы, кейінгі шейхтер мен халифтер арасында түрлі пікірталастық тудырады. Құранның 220-дан

артық қағидаларына бұрын-соңды түсіндірме беріліп келеді. Мұхаммедтің

өмірі, отбасы және ортасы туралы мәліметте, хадистер ғасырлар бойы

жиналды, оларға ауызша түсіндірме берілді. Осы мәліметтер IХ ғасырда

алты жинақ болып басылады. Жинақтар Құранға қосымша, Сүннәнің, яғни Мұхаммед пайғамбар туралы хадистердің негізін құрады. Оған мұсылмандардың құқықтық және дәстүр нормалары, мінез-құлық ережелері енді.

Құранда жеті қабат аспан мен жерді, жер бетіндегі тірі жәндіктерді, алтыншы күні адамды және перілерді жаратушы -Құдай

делінген. Құранда, адамзаттың ең қуатты қымбат кезі өтіп кетті, деген басқа діндегі ой қайталанады. Фәни -бұл дүниемен, бақи -о дүние туралы,

о дүниедегі рай мен тамұқ туралы идеялар арнайы түсіндіріледі.

Құран бұл дүниені өзгертуге, жаңартуға емес, бар нәрсе мен

тәртіпке көнуге, бағынуға шақырады;

адамды төзімділікпен, адал еңбектенуге үйретеді;

нағыз қанағат пен бақытты о дүниеден күту қажеттігін құлаққа

құяды. Осы тұрғыдан Құранның қағидалары мен сүннәнің құқықтары түсіндіріледі. Түсінік беруде әсті төрт тәсіл қолданылған. Олар - рай, қаламның кейбір сүрелерін адамның өзінше жеке талдауы, түсінуі.

Райдың рөлі шектеулі;

- иджма, әр орта мен заманның беделділерінің келісілген түсінігі

Жиі қолданылатын тәсіл;

- қыяс, аналогиядан, салыстырудан туындайтын тоқтам;

- истихсан, Сүннәдегі хадистердің қайсыбірі заман игілігімен, үлгі-

сімен үйлеспесе, оны өзгерткізетін әдіс.

Мұхаммед пайғамбардың хадистерінде әдептілік мәселеге айрықша мән берілген. Соның кейбіреулеріне тоқталарлық:

37. Мүмкін болғанынша адамдарды қатал жазаламауға тырысыңдар. Бірақ қатал жазаны мүлде қолданбауға да болмайды.

38. Жау жағынан әлдекім өз жанына сауға тілеп келсе, оны өлтіруге болмайды.

103. Ақталуға көп әуестенбе.

148. Адамдар арасындағы талас - тартысты әділ, адал пікір айтып, тура шешкен адам жақсы адам.

163. Тек қайырлы, сауапты істер тапсырылса ғана орындау керек.

174. Екі түрлі адамның: жетім мен жесірдің ақысын жеу харам.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ислам өркениетінің европаға ықпалы
Ислам және өркениет
Діннің социологиялық құрылымы мен қызметтері
Дін рухани мәдениеттің бөлігі ретінде
Мұсылман философиясы
Ислам және ғылым
Орта ғасырлардағы Қытай өркениеті
Ислам философиясы
Қайта өркендеу дәуіріндегі білім
Мәдениет және өркениет туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz