Әли Құрманов



Жоспар:

1.Өмірбаяны, шыққан ортасы.
2.Орындаушылық ерекшеліктері.
3.Әміремен кездесіп ән үйренуі.
Әли 1901ж. Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, 10-ауыл, «Шұбар ши» деген жерде дүниеге келген. Ол жерде осы кезде «Коммунизм жолы» атты колхоз бар. Әкесі Төлеміс (Құрман – үлкен әкесі) 15 - 20 қарасы болып, өзінің күнкөргіштігі болған себепті шаруасын істеп, жәй көптің бірі болып жүре Берген. Аздап домбыра тартқан, бірақ оны кәсіп етіп, соңына түсе қоймаған. Оның домбыра ұстауы, Қазақстанның бұл бір өресінде де домбыра екінің бірінің үйінде болатын да, күйді әннен, жырдан төмен қадірлемейтін. Ал, Әлидің шешесі Аққыз (шын аты Ұмсындық) асқан домбырашы, әнші болған. 1934ж. Алматыда Әлидің үйіне осы жолдардың авторы бір барып отырғанда Аққыз шешеміз, нан илеп отырған қолын қағып-қағып тастады да, қолына домбыраны алып, «Көкілдің» бір түрін тартып бергенде, әлі саусақтары жұқпайтын болатын.
Міне, сол Аққыздың әсерімен Әли бала күнінен домбыраға, әнге, жырға үйір болады. Ол маңайда әйгілі Әкімкерей, Қабақ Пұсырман, Алтынбай Жаппарберлі, Жақайым Жаңаберген жыршылар, Әбдіразақ, Жаңғылыш Төреқан әншілер болады. Осылардың арасында жас Әли де жүріп, ел аралап, өнер қуады. Жасы 17 - 18-ге келгенде Әли арада аты белгілі талапкер, өнерпаз болып аты шығады. Осы кездерде, Әлидің өзінің айтуынша, ол белгілі Тәңірберлі Молдабай әншіні көреді. Молдабайдың өз атымен аталып кеткен әнін шебердің өз аузынан есітеді. Атақты Үсен домбырашы Орынборда базарбасы болып тұғанда Молдабай сол базардың рухани жағын көтеруші, дем беруші, сәні болады.
Әли бұл уақыттарда домбырасын арқалап, әнді, жырды негізгі кәсіп етіп кете қоймайды. 1915 - 1916 жылдарда орыс-қырғыз училищенің екі сыныбын болса да бітірген оқуы бар жас, төңкерістің алдыңғы кездерінде қазақ ауылында кеңестік тәртіпті орнатудың белорта қызметіне араласады. 1919 - 1920ж. Әли сақшы қызметінде болады. Сол бүйірінде үші жер сүйреткен қара қылышы, оң иығында домбырасы, үкімет тәртібін орната жүре, өзінің өнерін елге жая жүреді. Барған жерінде белгілі арнайы орындаушылық жұмыстарын бітіріп болғаннан кейін үстіндегі сақшы формасын шешіп қойып, екі білекті сыбанып, қызыл шайды тартып отырып, айналасында жиналып қалған көпшілікке сол араның ән, күйлерін орындап, жыр жырлап, береді. 1921ж. Әли оқу талабымен Орынборға барады. Онда екі-үш ай жүріп ешбір оқу орнына орналаса алмай еліне қайтып келеді. Бірақ үлкен қаланы көріп, екі-үш айдың ішінде оның өмірімен танысып, болып жатқан жаңалық жағдайларды, әсіресе өнер саласындағы бірінші қадамдарды көзімен көрген Әли, темір жол бойындағы шағын қала Шалқарда театр үйірмесін ашып, сонны өзі басқарады. Әрине, күн көру, үкіметке қызмет істеу талабында бұл кезде аудандық коммуналдық, азықтық басқармада қой жинайтын агент болып істейді. Үйірмеде Әли бас рөлдерді ойнап, «Қызыл сұңқарлар», «Бетім-ау, құдағи ғой!», «Үш қонақ», «Сылаң қыз» пьесаларын қояды. Шалқар халқы әрбір ойын сайын мәдениет үйіне сыймай кетеді.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Әли Құрманов

Жоспар:

1.Өмірбаяны, шыққан ортасы.
2.Орындаушылық ерекшеліктері.
3.Әміремен кездесіп ән үйренуі.

Әли 1901ж. Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, 10-ауыл, Шұбар ши деген
жерде дүниеге келген. Ол жерде осы кезде Коммунизм жолы атты колхоз бар.
Әкесі Төлеміс (Құрман – үлкен әкесі) 15 - 20 қарасы болып, өзінің
күнкөргіштігі болған себепті шаруасын істеп, жәй көптің бірі болып жүре
Берген. Аздап домбыра тартқан, бірақ оны кәсіп етіп, соңына түсе қоймаған.
Оның домбыра ұстауы, Қазақстанның бұл бір өресінде де домбыра екінің
бірінің үйінде болатын да, күйді әннен, жырдан төмен қадірлемейтін. Ал,
Әлидің шешесі Аққыз (шын аты Ұмсындық) асқан домбырашы, әнші болған. 1934ж.
Алматыда Әлидің үйіне осы жолдардың авторы бір барып отырғанда Аққыз
шешеміз, нан илеп отырған қолын қағып-қағып тастады да, қолына домбыраны
алып, Көкілдің бір түрін тартып бергенде, әлі саусақтары жұқпайтын
болатын.
Міне, сол Аққыздың әсерімен Әли бала күнінен домбыраға, әнге, жырға
үйір болады. Ол маңайда әйгілі Әкімкерей, Қабақ Пұсырман, Алтынбай
Жаппарберлі, Жақайым Жаңаберген жыршылар, Әбдіразақ, Жаңғылыш Төреқан
әншілер болады. Осылардың арасында жас Әли де жүріп, ел аралап, өнер қуады.
Жасы 17 - 18-ге келгенде Әли арада аты белгілі талапкер, өнерпаз болып аты
шығады. Осы кездерде, Әлидің өзінің айтуынша, ол белгілі Тәңірберлі
Молдабай әншіні көреді. Молдабайдың өз атымен аталып кеткен әнін шебердің
өз аузынан есітеді. Атақты Үсен домбырашы Орынборда базарбасы болып тұғанда
Молдабай сол базардың рухани жағын көтеруші, дем беруші, сәні болады.
Әли бұл уақыттарда домбырасын арқалап, әнді, жырды негізгі кәсіп
етіп кете қоймайды. 1915 - 1916 жылдарда орыс-қырғыз училищенің екі сыныбын
болса да бітірген оқуы бар жас, төңкерістің алдыңғы кездерінде қазақ
ауылында кеңестік тәртіпті орнатудың белорта қызметіне араласады. 1919 -
1920ж. Әли сақшы қызметінде болады. Сол бүйірінде үші жер сүйреткен қара
қылышы, оң иығында домбырасы, үкімет тәртібін орната жүре, өзінің өнерін
елге жая жүреді. Барған жерінде белгілі арнайы орындаушылық жұмыстарын
бітіріп болғаннан кейін үстіндегі сақшы формасын шешіп қойып, екі білекті
сыбанып, қызыл шайды тартып отырып, айналасында жиналып қалған көпшілікке
сол араның ән, күйлерін орындап, жыр жырлап, береді. 1921ж. Әли оқу
талабымен Орынборға барады. Онда екі-үш ай жүріп ешбір оқу орнына орналаса
алмай еліне қайтып келеді. Бірақ үлкен қаланы көріп, екі-үш айдың ішінде
оның өмірімен танысып, болып жатқан жаңалық жағдайларды, әсіресе өнер
саласындағы бірінші қадамдарды көзімен көрген Әли, темір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көркем тәржімадағы адекваттылық мәселесі
Батыс Қазақстандағы музыкалық мектептің қалыптасуы мен дамуы
Баспасөздегі ақпараттық соғыс
Клиникалық белгілері
Қарақол ауылы бойынша Ұлы Отан соғысына қатысып, оралған тізімі
Тары өсіру технологиясы
18 ғасырдағы ерте буржуазиялық мемлекеттер(еуропа), Британдық Үндістан(18-19 ғғ.)
Шошқа обасы кезіндегі биопрепараттар
Бастауыш сынып оқушыларының ертегілер арқылы қиялын дамыту
Сүт безінің патологиясы
Пәндер