Көмекші мектеп – арнайы білім беру ұйымы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

1. Көмекші мектеп - арнайы білім беру ұйымының бір бағыты

2. Ақыл-ойы кем оқушыларының сөздік қорын дамыту

3. Ақыл-ойы кем оқушыны түзетудегі ойынның маңызы

4. Ақыл-ойы кем балалардың қоғамдағы орны

Пайдаланылған әдебиеттер

Көмекші мектеп - арнайы білім беру ұйымының бір бағыты

Қоғамдағы экологиялық, әлеуметтік, экономикалық және т. б. жағдайлар адамның жан-жақты дамуына ықпал етуде. Бұл ең алдымен дүние есігін жаңа ашқан балалар үшін аса қолайсыз болып отыр. Жан-жағымызға көз жіберсек, дене және психикалық дамуында әртүрлі бұзылулары бар балалар саны өте көп екенін байқауға болады. Бірақ олардың қоғамның бір мүшесі екенін ескеру аса маңызды. Мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытып тәрбиелеудің заңдылықтарын, қағидаларын, әдістерін, оқытуды ұйымдастырудың формаларын дефектология ғылымы қарастырады. Дефектология мамандығы аса үлкен жауапкершілігі бар мамандық. Осы тұрғыда дефектолог маманының негізгі міндеті мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік бейімдеу болып табылады. Яғни дефектолог- бұл осы категориядағы балаларды оқыту, тәрбиелеу және кемістіктерін түзетумен айналысатын, ең негізгісі әлеуметтік ортаға қосуды қарастыратын арнайы маман болып табылады.

Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметтік бағдарлау, бейімдеу, кәсіптік және еңбектік реабилитациялау-қоғам алдында тұрған күрделі міндет болып табылады. Бала бойындағы қандай да бір кемістік оның толық дамыуына кедергі келтіреді. Мүмкіндігі шектеулі адамдарды бағдарлау, бейімдеу және қайта қалпына келтіру психологиялық көмек, қолдау және арнайы оқытуға байланысты. Бейімдеу міндеттерінің ішіндегі аса күрделі үрдіс әлеуметтік бағдарлау болып табылады. Бұл міндеттер арнайы ұйымдастырылған мекемелерде жүзеге асырылады.

«Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6- бабының 4- ші тармағын іске асыру мақсатында, арнайы білім алуды қажет ететін адамдар үшін мынадай арнайы түзету ұйымдары белгіленеді:
1) мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеу түзету ұйымдары ( орынын толтыру) ;

2) түзету білім беру ұйымдары;

3) кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта білім берудің түзету ұйымдары;
4) арнайы білім беру ұйымдары;

5) жетім және ата- аналарының қамқорлығынсыз қалған кемтар балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдары.

Арнайы білім беру мекемелерінің ішіндегі көмекші мектептің негізгі құрамын ақыл-ойы кем балалар құрайды. Ақыл ойы кемістігін халықаралық ғылыми тілде олигофрения деп атайды. Олигофрения грек тілінен аударғанда ақылы таяз деген ұғымды білдіреді. Бұл терминді ғылымға немістің психиаторы Э. Крепелин енгізген. Ақыл - ойы кем балалар өз дамуы бойынша нормадан ауытқыған балалардың көп бөлігін құрайды. Олар баланың жарты популяциясын, шамамен 2, 5 % құрайды.

Олигофрения - психикалық жеткіліксіздіктің ерекше формасы. Бас миының перинатальді және ерте постнатальді (2-3 жаста) зақымдану салдарынан таным процестерінің тұрақты төмендеуі.

Олигофренияның белгілері:

1. Тұрақтылық;
2. Қалыпқа келмеу;

3. Кемістіктің органикалық сипаты;

4. Прогредиентті емес.

Ақыл-ойы кем балалар- (әсіресе бас ми қабы) органикалық зақым алуының нәтижесінде психикалық, әсiресе жоғарғы танымдық үрдiстерiнiң (белсендi қабылау, ауызша-қисынды ойлау, сөйлеу, еске сақтау) бұзылуына шалдыққан балалар. Ақылы кем балаларда мынандай белгiлер байқалады:
танымдық қызметiнiң (бiрiншi кезекте абстрактiлi ойлаудың талдап қорыту және назарын аудару үрдiстерiнiң) алғашқы кемiстiгi және жүйке үрдiстерi серпiнiнің бұзылуы (психиканың енжарлығы), сондай-ақ екiншiлік кемістіктер - сөйлеу қабiлетiнiң, ерiк-жiгер аясының толық дамымауы, дене дамуы мен мiнез-құлқындағы ауытқулар. Осы категориядағы балаларды оқыту және тәрбиелеуді арнайы педагогиканың бір саласы олигофренопедагогика жүзеге асырады. Интеллектісі төмен балаларға көмектің келесі түрлерін бөлуге болады:

•Медико-клиникалық бағыт - ақыл-ой кемдіктің этиологиясын зерттеуге негізделген. Интеллектінің бұзылуына әкелетін анатомо-физиологиялық және генетикалық себептерге назар аударылады;

•Психологиялық бағыт - интеллектуалды дамуы бұзылған балалардың психикалық әрекетіне, олардың эмоционалды сферасының жағдайына назар аударады;

•Педагогикалық бағыт - осы категориядағы балаларды түзету, оқыту, тәрбиелеудің педагогикалық әдістерін, қағидаларын және формаларын қарастырумен айналысады;

•Психометрикалық бағыт - интелектуалды ерекшеліктердің даму деңгейін сандық бағалау әдісімен негізделеді.

Түзету әрекеттерінің негізгі бағыттары:

1. Қоршаған ортаның (әлеуметтік, табиғи) көмегімен балаға түзетушілік ықпал көрсету.

2. Оқу үрдісінің ұйымдасуы және түзетушілік бағытталуы.

3. Мәдени және сауықтыру іс-шараларын іріктеу.

4. Отбасы тәрбиесінің психогигиенасы.

Бұл бағыттар келесі түрде ұсынылуы мүмкін:

• сенсомоторлы даму жетістіктерін жетілдіру;

•психикалық әрекеттік жеке жақтарын түзету;

•ойлауды дамыту;

• эмоционалды-тұлғалық сфера дамуындағы бұзылуларды түзету;

•тілін дамыту және сөйлеу тілі техникасын меңгеру;

•қоршаған әлем туралы елестетулерін кеңейту;

•жеке білімдегі проблемаларды түзету.

Қазіргі уақытта Республикада мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды ерте жастан медициналық білім беру және әлеуметтік қолдау жүйесін қамтамасыз ететін инфрақұрылым құру, басқару және қаржыландыру, кадрмен және материалды-техникалық қамтамасыз ету керек.

Психолого медициналық-педагогикалық кеңес беру (ПМПК) мүмкіндігі шектеулі баланы тексеріп және оның ерекше білім алу қажеттіліктерін анықтап, соған сәйкес білім беру мекемесіне оқытуға ұсыныс жасап, қорытынды шығарады. Ата-аналар ПМПК-ның қорытындысымен білім беру мекемесін таңдауға құқылы. Облысымыздағы арнайы көмекші мектеп интернатында ПМПК-ның ұсынысымен келген екі жүздей оқушы білім алып тәрбиеленуде. Оларды арнайы білім беруде және өмірге бейімдеуде мектеп интернаттың педагог-тәрбиешілері арнайы бағыттар бойынша оқу-тәрбие жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді.
Ақыл-ойы кем балаларды әлеуметтік ортаға қосу, яғни тұрмыстық бағдарлау және әлеуметтік бейімдеу көмекші мектептегі жүйелі жұмыстың қорытындысы болып табылады. Сондықтан осы балалармен жүргізілетін жұмыстар жан-жақты және толық жүргізілуі тиіс.

Ақыл-ойы кем оқушыларының сөздік қорын дамыту

Тіл - әр ұлт өмірінің тарихы мен мәдениетін, әдеп-ғұрпын, салт-дәстүрін, тұрмыс-тіршілігін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші құрал.

Көне түркі халқының ғұлама ғалымы Жүсіп Баласағұни «Ақылдың көркі тіл, тілдің көркі сөз» дегендей, тіл арқылы жеке адамның тәжірибесі, санасы үздіксіз дамып отырғанын айқындаған.

Қазіргі таңдағы арнайы педагогиканың басты мәселесінің бірі - арнайы мектептегі оқушылардың сөздік қорларын, тіл байлығын молайту және дамыту. Әсіресе бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын молайтудан бастаған жөн. соның ішінде қарастыратынымыз зияты бұзылған балалардың сөздік қорының дамуы.

Зияты бұзылған балалардың қалыпты дамыған балаларға қарағанда сөздік қорлары екі есе баяу дамиды. Сондықтан да, осы балалардың арнайы мүмкіндіктерін ескере отырып, коррекциялық - оқыту жұмыстың ұйымдастырылуы ескеріледі.

Көмекші мектеп оқушыларының сөйлеу тілінің ерекшеліктерін, оның ішінде сөз қорының құрамын, дамыту жолдарын көптеген зиялы ғалымдар зерттеген. Мәселен: Г. М. Дульнев, А. К. Аксенова, Г. В. Петрова, Н. В. Тарасенко, М. Г. Феофанов, М. С. Соловьева, Қ. Қ. Өмірбекова, Қ. Ж. Бектаева.

Н. В. Тарасенконың пікірінше, зерттеуінде көмекші мектеп оқушыларының өз тілдерінде сын есімдік сөздерді өте сирек пайдаланады. Бұл оқушының сөздік қорының аздығын білдіреді.

Жалпы тіл кемістігін түзету кезеңіндегі логопедиялық жұмыстар мына бағытта жүреді:

1. Қоршаған ортаны қабылдауы, түсінігін дамыту.

2. дыбыстық еліктеушілігін жетілдіру.

3. Кеңістікті бағдарлауын, сенсорлық түйсігін жетілдіру.

4. Дыбыс бұзылыстарын түзету.

5. Фонематикалық қабылдауын жетілдіру.

6. Сөздік қорын анықтау және молайту.

7. Психикалық процестерін дамыту.

8. Эмоциялық көңіл-күйін тұрақтандыру.

Балалардың сөздік қорын дамытуда ойын-жаттығулардың орны ерекше. Қандай бала болмасын ойынмен өсіп, жетіледі. Ойын үстінде бала ешнәрсеге тәуелсіз. Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз - барлық дамудың баспалдағы.

Ақыл-ойы кем оқушыны түзетудегі ойынның маңызы

Ойын - балаға қарым-қатынас жасаудың әдіс-тәілдерін және аттармен іс-әрекет жасауды үйрететін, баланы тәрбиелеу мақсатында қолданылатын балалар әрекетінің бір түрі. Ойын арқылы бала тұлға ретінде дамиды, психикасы қалыптасады. Жас баланың өміріне ойын өте керек екендігі әркімге де мәлім. Оқып жүргенде бала ойнап жүрсе, оның жігері, күші молайып, құлқы түзеліп, білігі артады. Ойын адамның денесін ширатады, зейінін ашады, басқалармен бірге сыйласып, жұмыс істеуге дағдыландырады.

Ойын өрнекті- әлеумет тәрбиесінің мектебі. Ойынды түрлендіріп, бәсекеге кіргізіп, талқыға салса, көпшілікке де қызықты келеді.
Ойында бала алғашқы ұжымдық ойлау тәжірбиесін меңгереді. Баланы ойын ойнауға үйрету керек. Оған ұсынылатын ойынға үлкендер қаншалықты күш салса, баланың ары қарай дамуы соншалықты қарқынды болмақ. Алайда ойнау іскерлігі автоматты түрде күнделікті өмірді игеру жолы арқылы туатындығы белгілі. Егерде тәрбиеші тәжірибе игерудің сипатын ескермесе, ойын ойнауға үйретудің әдістемелік тәсілдері өз мақсатына жете алмайды.
Ойында тәрбиелеудің жан-жақты мақсаттары тек әр жастық кезеңде ойын әрекетінің психологиялық негіздерін қалыптастыру жағдайында жүзеге асырылмақ. Ойынды әрі қарай дөңгелетіп алып кету баланың психикасымен, ой -өрісіне байланысты. Ойынның бала тұлғасының басқада жақтарын дамытудың іргетасы екені бәрімізге мәлім. Ойын барысында қабылдау, ойлау есте сақтау, сөйлеу қабілеттері қалыптасады. Баланың ойлау қабілетінің даму деңгейі оның іс-әрекетінің сипатын, оны жүзеге асырудың интеллектуалдық деңгейін анықтап береді.

Тәрбиеші баланың кез келген іс-әрекеті белгілі бір міндетті шешуге бағытталғанын есінен шығармауы тиіс. Ойын барысында балаға берілетін мақсат, оқу үрдісіндегі міндеттер ерекшеленіп тұруы қажет. Ойын мақсатының мазмұны баланың өмірімен, оның айналасындағылармен, оның білімімен тәжірибесіне сай болуы міндетті.

Ойын шынайы эмоцияға толы болу үшін, педагог оны басқарып отыруы тиіс, дәлірек айтсақ, баланы біртіндеп шартты ойын жоспарына итермелей отырып, баланың тактикалық тәжірибесін мақсатты түрде одан ары байыта түсуге ықпал жасау керек. Баланың шығаршашылық қабілеті ойнау барысында анық көрінеді.

Жақсы ойын және әрекет жасау тәсілері ақыл - ойы төмен, эмоциялық сферасы бұзылған және қолайсыз отбасында тәрбиеленуі балалардың дамуына өз ықпалын тигізбей қоймайды.

Ойын баланың жақын арадағы аймағын құрып, мектепке дейінгі жаста жетекші іс-әрекеті болып табылады. Ол біріншіден, ұжым арасында жұмыс жасауы қалыптастуымен, шығармашылық қабілетін көрсетумен, өз мінез-құлқын басқарумен байланысты болса, екінші жағынан ойын балалардың өмірлік тәжірибесін кеңейте түспек. Ойын барысында баланың дамуы біріншіден оның мазмұнының әр бағытта өрбитіндігінен жүзеге асырылады.
Ойынның дене тәрбиесіне ( қозғалмалы), эстетикалық ( музыкалық), ақыл-ой
(дидактикалық және сюжетті) тәрбиесіне арналған түрлері көп. Оның көпшілігі баланың адамгершілік тәрбиесін (сюжеті-рөлдік, ойын-драматизация, қозғалмалы және әуендік) дәріптеуге қолайлы. Сюжетті және танымдық, әуендік ойындар әр баланың жалпы психикалық дамуы үшін үлкен маңызы бар өзінің дамытушы функциясымен бағалы.
Ақыл-ойы кем кіші сынып оқушысы ойынды өз бетінше дөңгелетіп алып кете алмайды. Оның себебі : ми қабатының интегративті іс-әрекетінің дамымаушылығы, үлкендермен эмоцияллық-іскерлік қарым-қатынасының жоқтығы. Арнайы мектепке келген ақыл-ойы кем кіші сынып оқушысы мүлдем ойнай алмайды. Ақыл-ойы кем бала ойнауға арнайы үйретілмесе, ол ойынның бірізділігін және жетекші әрекет екенін түсінбейді, ойын баланың психикалық дамуына әсе ете алмайды. Бұндай түрдегі ойын ақыл-ойы кем баланың дамуындағы кемістіктерін түзету және толықтырудың тәсілі бола алмайды.

Соңында айтылатын ой, оқытушы-дефектологтың және тәрбиешінің алдында ақыл-ойы кем баланы ойын әлеміне біртіндеп енгізу, оған әртүрлі ойын тәсілдерін үйрету, өз құрдастарымен қарым-қатыныс жасаудың түрлі тәсілін қолдануға үйрету мақсаты тұрады. Ақыл-ойы кем баланың ойынға деген құлшынысы ояну үшін, ойын алдын-ала дайындалып және баламен бірге ойналуы керек.

Ақыл-ойы кем балалардың қоғамдағы орны

Ғалымдар Джон Дьюи(1964) және Элиот Эйснер (1976) рефлективті ойлаудың білім құндылығын және мұғалімдер сыншылдығының маңыздылығын зерттеді. Тәрбие тағлымын және концептуалды дамуды, сонымен қатар оқушының ойы мен білімінің өсуін бағалау үшін мүмкіндігі шектеулі балалармен мұғалімдер әрқашан да оқушы болуы керек, демек ұдайы оқуы керек. Тәрбиені ойын түрінде беруі керек. Білім қорын құру-кәсіби сезімді қалыптастырудың іргетасы болып табылады.

Өзара әрекет мүмкіндігі шектеулі балалармен және күнделікті әңгімеде пікір таластарда, мысалы : Мұғалім бірге жұмыс істеп жатқанда, кішігірім оқушылар тобын аралап жүргенде немесе маңызды сұрақтар қойғанда, әр түрлі жағдайларды әңгімелеп бергенде формальді емес формада жүреді.
Ортақ тәсілдермен мұғалімдер оқушыларға қамқорлық жасайды, өз ұсыныстарын және білім қорын сынау сұрақтарымен қарастырады, бұл сұрақтар оқушылардан терең жауаптарды талап етеді .

Мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік саладағы тәрбие тағылымындағы құпия осындай.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі
Психологиялық - педагогикалық қолдап отыру
Тұжырымдаманың бағыттары
Оқушылар ұжымы және оның қалыптасу кезеңдері
Жас кезеңдері және жас топтары мынадай
Терең зиятының бұзылуы
Зият ауытқуларының түрлері
Оқушылар ұйымы арқылы ұлттық тәрбие берудің жаңа моделі
Балаларды мектепке сауат ашуға даярлау
Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды медициналық оңалту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz