Бастауыш сыныпта инклюзивті білім беруді ұйымдастыру ерекшеліктері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 89 бет
Таңдаулыға:   

ДИПЛОМДЫҚ

ЖҰМЫС

Ф-ОБ-001/033

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Қожабек Жұлдыз

Бастауыш сыныпта инклюзивті білім беруді ұйымдастыру ерекшеліктері

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В010200 - «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі»

мамандығы

Түркістан - 2016

Ф-ОБ-001/033

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

«Қорғауға жіберілді»

«Білім технологиялары»

кафедрасы меңгерушісі

п. ғ. д., доцент Ортаев Б. Т.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Бастауыш сыныпта инклюзивті білім беруді ұйымдастыру ерекшеліктері

5В010200 - «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі»

мамандығы

Орындаған Қожабек Ж.

Ғылыми жетекшісі,

магистр-аға оқытушы Ауезов Б.

Түркістан - 2016

МАЗМҰНЫ

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .
3
:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: АНЫҚТАМАЛАР . . .
3: 4
:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: КІРІСПЕ . . .
3: 6-9
:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .:
3:
: 1
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРЫНДА ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
3:
: 1. 1
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: Инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың мәні мен құрылымы . . .
3: 10-15
: 1. 2
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: Инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері . . .
3: 15-22
: 1. 3
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: Бастауыш сыныптарында инклюзивті білім берудің жағдайы . . .
3: 22-31
:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .:
3:
: 2
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРЫНДА ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
3:
: 2. 1
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: Бастауыш сыныптарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың теориялық моделі . . .
3: 32-44
: 2. 2
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: Бастауыш сыныптарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың педагогикалық шарттары . . .
3: 44-61
: 2. 3
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: Бастауыш сыныптарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері . . .
3: 61-71
:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .:
3:
:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
3: 72-75
:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
3: 76-81
:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: ҚОСЫМШАЛАР . . .
3: 82-87

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

2011-2020 жылға арналған Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламасы // Егемен Қазақстан, 2010, 18 - маусым.

Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы. ҚР заңы. - Астана, 2002.

Права ребенка. Сборник нормативных правовых актов. Алматы. -2008.

2007 жылдың 27 шілдесіндегі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы.

Второй и третий сводный периодический доклад о реализации Республикой Казахстан Конвенции о правах ребенка. - Астана. - 2006.

Закон РК «О социальной защите инвалидов». - Астана. -2005.

АНЫҚТАМАЛАР

Авторитарлық қарым-қатынас - мұғалімнің оқушылар пікірімен санаспай, қызығушылықтарын ескермей шешім қабылдауы, тек өзінің айтқанын орындауға бағытталуы.

Аксиалды қарым-қатынас - ақпаратты бір адамнан екінші бір адамға жеткізу процесі (мұғалім және жеке бір оқушы арасындағы қатынас) .

Аксиология (грек тілінің «ахіа» - құндылық және «logos»-ілім) - құн дылықтардың табиғаты жайлы және дүниедегі құндылықтар жүйесі туралы философиялық ілім.

Антипатия - адамда басқа бір адам туралы теріс көзқарастың қалыптасуы, оны жақтырмауы.

Әлеуметтік фрустрация - адамдардың болашақтың белгісіздігіне алаңдаушылығы, мақсатқа жете алмауындағы торығып күйзелуі, жеке тұлғаның өзін дәрменсіз, ешкімге қажетсіз сезінуі, балалар мен ересектердің әлеуметтік қорғаныссыздығынан абыржуы, уайымға салыну сияқты психологиялық жағдайы.

Вербальды қарым-қатынас - бір адамнан екінші адамға не болмаса бір топ адамдар арасындағы сөз арқылы ақпараттармен алмасу процессі.

Вербальсыз қарым-қатынас - мимика, ым-ишара, пантомима (дене қозғалысы, қол қимылдары) арқылы жасалатын сөзсіз қарым қатынас.

Гуманизм - адам тұлғасын ең жоғарғы құндылық ретінде қабылдауға негізделген көзқарастар жиынтығы; тұлғаның құқығы мен бостандығын қорғауға бағытталған жане тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуын қарастыратын ілім. Гуманизм-адамның өмірлік ұстанымы, ол адамның адами қасиеттерін сақтап қалуға, тек жағымды, жақсы істерге бағыттайды.

Даралылық - адамды басқа адамдардан ерекшеліндіріп тұратын айрықша қасиеттері, ешкімге ұқсамастығы, оның қайталанбастығы.

Демократиалық қарым-қатынас - оқушы білімді іздестіруде қарым-қатынаста тең құқылы субьект ретінде қарастырылады. Оқушылар мен мұғалім ынтымастық қарым-қатынаста болады.

Жеке тұлға - индивидтің әлеуметтік маңызды сапалар жүйесі, оның әлеуметтік құндылықтарды меңгеруі және сол құндылықтарды меңгеруі және сол құндылықтарды іске асыру қабілеттері. Жеке тұлға ретінде адам өзінің санасының даму деңгейімен, өз санасын қоғамдық санамен сәйкестендіруімен сипатталады. Жеке тұлға-қоғамдық мәні бар адам. Кез келген адам өмірге индивид болып келіп, тек саналы қоғамдық және еңбек іс-әрекеттері арқылы ғана жеке тұлғаға айналады.

Инклюзив (лат. includio кірістіремін, қосамын) - адресат сөзінің 1-жақ көпше есімдікке қатыстылығын білдіретін есімдік формасы. Мысалы, сенімен біз, біз сенімен. Инклюзив тілдерде әр түрлі жолмен жасалуы мүмкін.

Инклюзия - бұл тек білім алу ғана емес, сонымен бірге адамды өмір қатарына ергізу құрылғысы деп түсінуіміз керек. Инклюзивті үрдіс мектепке дейінгі және мектептегі ортада басталады, бұл уақытта өсіп дамуында ерекшелігі бар балалар мен қалыпты балалар бірі-бірімен қарым-қатынас жасауға үйреніп, бірге әлеуметтік дағдыларды иемденеді.

Инклюзия - бұл балаларды олардың жыныстық, этникалық және дінге қатыстылықтары, оқудағы жетістіктері, денсаулық жағдайы, даму деңгейі, ата-аналарының әлеуметтік-экономикалық мәртебесі мен басқа да айырмашылықтарына қарамастан жалпы білім беретін үдеріске толық енгізу үдерісі, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.

Инклюзивті оқыту - ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалып білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Инклюзивті оқыту негізінде балалар құқығын кемсітпеу, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге ерекше оқыту қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр.

Инклюзивті оқыту - оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс - әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту - адамдармен қарым - қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.

Инклюзивті оқыту - барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеретін, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы. Инклюзивті оқыту балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады.

Инклюзивті оқыту - мүгедек пен дамуында сәл бұзушылығы мен ауытқулары бар балалардың дені сау балалармен бірге олардың әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы бірлескен оқыту. Инклюзивті оқыту біріктірілген (оқушы дені сау балалар сыныбында/тобында оқиды және дефектолог-мұғалімнің жүйелі көмегін алады), жартылай (жеке балалар күннің бір бөлігін арнайы топтарда, ал екінші қарапайым топтарда өткізеді), уақытша (арнайы топтардағы балалар және қарапайым топтардың оқушылары бірлескен серуендерді, мерекелерді, сайыстарды, жеке істерді өткізу үшін біріктіріледі), толық (дамуда ауытқулары бар 1-2 бала бала бақшаның, сыныптың, мектептің қарапайым топтарына енгізіледі, мамандардың бақылауы бойынша түзету көмегін ата-аналар көрсетеді) болады.

Инклюзивтік білім беру - барлық балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата - аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу - педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, қоршаған ортаның балаларды жас ерекшеліктеріне және білімдік қажеттіліктеріне бейімделулеріне жағдай қалыптастыру, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.

Инклюзивті білім беру - этникалық тегіне, діни сеніміне, экономикалық мәртебесіне және дамуындағы ерекшеліктеріне қарамастан, барлық балалардың білім алуына және әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасау процесі.

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан қоғамының қазіргі даму кезеңінде мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық дамуының құдіретті факторы ретінде білім беру жүйесін модернизациялауға ерекше назар аударылып отыр. Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңарту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақстанда адами капиталдың сапалы өсуі» мәселесі қойылады. Мемлекет басшысы білім берудің қолжетімділігін кеңейту қажеттігін атап өткен, “оқу жастарға тек білім беріп қана қоймай, сонымен бірге оларды әлеуметтік бейімделу үдерісінде пайдалана білуге үйретуі тиіс» деген [1] .

Сондықтан бүгінгі таңда денсауылығы шектеулі балалар да басқа барлық оқушылар сияқты сапалы, әлеуметтік бейімделуге, қоғамда өз орынын табуға толық жағдай жасайтын білім алуға тиісті екендігін ерекше айту қажет. Арнайы білім беру мекемелеріндегі жағдайлар мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғамнан, әллеуметтік ортадан бөлектеніп қалуына әкеліп отыр. Олардың қоғамның басқа бөлігі мен қарым-қатынас жасау мүмкіндіктері өте аз.

Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында инклюзивті оқыту білім жүйесін дамытудың ең бір өзекті бағыттары қатарынан орын алып отыр. Бағдарламада мүмкіндігі шектеулі балалардың санының ұлғайғандығы, 2002 жылы олардың саны 120 мың құраса, 2009 жылы 149 246 мыңды құрағыны, олардың 38% - ы ғана арнайы білім беру бағдарламаларымен қамтылғаны жазылған. Алға қойған мақсаттарға жету үшін міндеттерді орындау қажеттілігі қатарында жалпы білім беретін мектептерде инклюзивті білім беруді жетілдіру көрсетілген. Сондай- ақ барлық өңірлерде ерте жастағы балаларға түзету - педагогикалық қолдау көрсету үшін және инклюзивті білім беру кабинеттері құрылатыны, мектептер үлесі жалпы санына 10 % - дан 70 % -ға дейін артатыны көрсетілген [2] .

Соңғы жылдары мүмкіндігі шектеулі балаларға деген көзқарас өзгеріп, оларды дамытуға ерекше мән беріліп отыр. Жалпы білім беретін мектептерде қалыпты дамыған оқушылармен қатар мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту бүгінгі таңда өзекті мәселеге айналды.

Инклюзия - бұл балалардың жынысына, этникалық және діни құрамына, бұрынғы оқудағы жетістіктеріне, денсаулығының жағдайына, жетілу деңгейіне, ата-аналарының әлеуметтік-экономикалық дәрежесіне және т. б. өзгешеліктеріне қарамастан, жалпы білім беру барысында балаларды интегралды түрде оқыту процесі. Инклюзивті білім беру барлық балалардың түрлі қажеттіліктері үшін тиісті оқу кеңістіктерін құру негізінде сапалы білім алуға қол жеткізуге және бірігіп оқытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті білім беру - бұл бала және оның әртүрлі білім алу барысындағы қажеттіліктерін қамтамасыз етудің шешімі.

Әлемнің дамыған елдерінде мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балалармен қосып оқытуға көп көңіл бөлінеді және бұл салада елеулі тәжірибелер жинақталған. Біздің отандық жалпы білім беретін мектептің іс-тәжірибесі үшін инклюзивті оқыту педагогикалық жаңашылдық деп бағалануы мүмкін. Себебі мәселенің жаңалығы қазақстандық жалпы білім беретін мектептердің іс-тәжірибесінде инклюзивті оқыту жан-жақты зерттеуді талап етеді.

Инклюзивті оқыту мәселелері педагогикалық ойлармен, мектептің дамуы тарихында жаңа мәселе емес. Өз кезінде белгілі педагогтар мен психологтар И. Г. Песталоцци [3], Л. С. Выготский [4] т. б. еңбектері мен педагогикалық іс-тәжірибесінде мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты дамыған балалармен бірге оқытудың білімдік және тәрбиелік рөліне көп мән берілген.

Соңғы он жылдықтарда шетелдік педагогикамен білім тәжірибесінде инклюзивті оқыту мәселелері педагогикалық жұртшылықтың назарынан кең орын алып отыр. ЮНЕСКО инклюзияны оқушылардың сан алуандығына және балалардың жеке басындағы ерекшеліктер проблема емес, керісінше білімін байытуға мүмкіндік ретінде қарауға жағымды әрекет етеді деп санайды. Мүмкінділігі шектеулі тұлғалар қоғамның басқа да мүшелері сияқты білім алуға, өмір сүруге, жергілікті жерде жұмыс жасауға, өз үйінде тұруға, достарын таңдауға және олармен дос болуға, қоғамға сай қажетті адам болуына толық құқығы бар. Сондықтан да оларға мемлекет тарапынан үлкен көмек көрсетілуі қажет.

Ғаламдық педагогика және психологияда инклюзивті оқыту мәселелері көптеген ғалымдар тарапынан зерттелінген. Атап айтқанда, жақын және алыс шетелдік ғалымдар Hinz A. [5], К. Эвербейн [6], У. Хеймлич [7], С. Майлз [8], Эйнссов Митколл [9 ], М. Ж Коутинчо мен A. C. Рипп [10], Н. Форман мен А. Пратен [11], В. П. Гудонис [12] т. б. еңбектерінде инклюзивті оқытудың проблемалары теориялық тұрғыдан қарастырылған.

Соңғы жылдары Ресей ғалымдары С. Г. Шевченко [13], Д. В Лернер [14], Н. Н Малофеев [15], Н. Д. Шматко [16], А. А. Дмитриев [17], Ф. Л. Ратнер мен А. Ю. Юсупова [18], И. Н. Хафизуллина [19], Н. М. Назарованың [20] зерттеу жұмыстарында инклюзивті оқытудың көптеген аспектілері ашылып көрсетілген.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында күрделі әлеуметтік-саяси өзгерістерге тәуелді мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқықтарын қамтамасыз ету, бүкіл әлемдегі беталысқа сәйкес келтіру шаралары басталуда.

Отандық білім беру жүйесіндегі демократиялық реформалар, білім берудің гумандық парадигмаларының басымды орын алуы арқасында жалпы білім беретін мектептерде мүмкіндігі шектелген балаларды инклюзивті оқыту мәселесі өзекті проблемалардың біріне айналды. Мектепте инклюзивті оқытудың заңнамалық -нормативтік негіздерін қалайтын кейбір құжаттар қабылданды.

Қазақстандық ғалымдар Р. А. Сулейменова [21], А. К Жалмухамедова мен [22], А. Т. Баймуратова [23], Г. Д Хакимжанова [24], А. А. Айдарбекова [25], А. М. Рахимжанов [26], С. А. Алейникова мен М. М. Маркович [27], А. А. Байтұрсынованың [28] зерттеу жұмыстарында инклюзивті оқытудың кейбір мәселелері қарастырылған.

Инклюзивті оқыту қазақстандық білім беру жүйесінде соңғы жылдары енгізіле бастаған жаңашыл идея болып табылады. Қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты дамыған құрдастарымен мектепте қосып оқытудың маңыздылығы, қажеттігін және тиімділігін педагогикалық жұртшылық мойындай бастады. Дегенмен, инклюзивті оқыту отандық мектеп тәжірибесі үшін жаңалық болғандықтан оны іске асырумен байланысты көптеген психология-педагогикалық, ұйымдастырушылық проблемалар туындайды. Сол себепті осы саладағы дамыған елдер тәжірибесін зерделеу және одан қазақстандық жалпы білім беру жүйесінде шығармашылықпен пайдаланудың жолдарын анықтау үлкен ғылыми теориялық және практикалық маңызға ие.

Сондықтан, арнайы білімнің өзекті мәселелерінің бірі - арнайы мекемелердің санын көбейту емес, сол мекемелердегі білім беру қызметінің сапасын көтеру, жетілдіру. Бұл деген, әлемдегі білім беру саясатымен ұштасады, яғни, мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру процесіне біріктіруге жол ашады.

Алайда жалпы білім беретін мектептерде инклюзивті оқытудың көптеген проблемалары теориялық тұрғыдан да шешімін таппаған. Сондықтан қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептерде мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті оқытудың қажеттілігі мен оның педагогикалық ерекшеліктерінің айқындалмағандығы, технологиясының жасалмағандығы қарама-қайшылықты туындатады. Бұл қарама - қайшылық “жалпы білім беретін мектептерде инклюзивті оқытудың педагогикалық ерекшеліктері неде?» деген проблеманы тұжырымдауға мүмкіндік жасайды. Сонымен, зерттеу жұмысымыздың көкейкестілігі, ғылыми-практикалық мәнділігі, зерттеу жұмыстың тақырыбын «Бастауыш сыныпта инклюзивті білім беруді ұйымдастыру ерекшеліктері» деп алуға негіз болды.

Зерттеудің мақсаты: Бастауыш сыныпта инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың педагогикалық ерекшеліктерін қарастыру.

Зерттеу нысаны: Бастауыш сыныпта инклюзивті білім беру үдерісі.

Зерттеудің пәні: Бастауыш сыныпта инклюзивті білім беру.

Зерттеудің міндеттері :

1. Бастауыш сыныпта инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың педагогикалық ерекшеліктерін айқындау.

2. Бастауыш сыныпта инклюзивті білім беруді ұйымдастыруды теориялық тұрғыдан негіздеу;

3. Бастауыш сыныпта инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың педагогикалық шарттарын анықтау.

Зерттеудің дерек көздері: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің жалпы білім беретін мектептерде инклюзивті оқыту мәселелері бойынша нормативтік құжаттары, инклюзивті оқыту мәселелері қарастырылған халықаралық құжаттар; инклюзивті оқытудың шетелдік озық тәжірибесі; Отандық бастауыш мектептерде инклюзивті оқытудың инновациялық іс-тәжірибесі; зерттеліп отырған мәселеге байланысты психологтар, педагогтар, дефектологтар, әдіскерлердің еңбектері.

Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесі бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерді теориялық талдау; педагогикалық бақылау; анкеталау; тестілеу; мұғалімдер және оқушылармен әңгімелесу; педагогикалық консилиум; сараптамалық бағалау; құжаттарді зерделеу және талдау; педагогикалық эксперимент; зерттеу нәтижелерін сандық және сапалық талдау.

Зерттеу жұмысының құрылымы: Жұмыс кіріспе, екі бөлімнен, қорытынды, пайдаланылатын әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады.

Кіріспеде зерттеу тақырыбының өзектілігі, зерттеу мақсаты, нысаны мен пәні, міндеттері, зерттеу әдістері, зерттеу көздері баяндалады.

« Бастауыш сыныпта инклюзивті білім беруді ұйымдатырудың теориялық негіздері» атты бірінші бөлімде инклюзивті білім берудің мәні мен құрылымы айқындалып, бастауыш сыныпта инклюзивті білім беру психологиялық-педагогикалық мәселе ретінде қарастырылған. Бастауыш сыныпта инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың қазіргі жағдайына талдау жасалынған. Бастауыш сыныпта инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың теориялық моделі ұсынылып, ғылыми тұрғыдан негізделген.

«Бастауыш сыныпта инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың педагогикалық ерекшеліктері» атты екінші бөлімде - Бастауыш сыныпта инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың теориялық моделі; Бастауыш сыныпта инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың педагогикалық шарттары ашып көрсетілген; Бастауыш сыныпта инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері берілген.

Қорытындыда зерттеудің нәтижелеріне негізделген тұжырымдар мен ұсыныстар берілген.

Қосымшада зерттеу жұмысына қатысты материалдары берілген.

1 БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

  1. Инклюзивті білім берудің мәні мен құрылымы

Мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті оқыту мәселесін зерттеу ең алдымен оның негізгі ұғымдарының түпкі мағынасын ашып беруді қажеттейді. Отандың жалпы білім беру мектептерінің іс-тәжірибесінде инклюзивті оқыту жаңа құбылыс. Сондықтан біздің зерттеуіміз үшін «инклюзивті оқыту» ұғымын нақтылау, оған синоним ретінде пайдаланылатын ұғымдардың мәнін қарастырудың рөлі мен маңызы ерекше. Атап айтқанда халықаралық білімдік тәжірибеде «инклюзивті білім беру» мен қатар «интегративті оқыту», «интеграциялық оқыту» сияқты ұғымдар да кең қолданыс тапқан.

ХҮІІ ғасырда Швецарияның ұлы математигі (1654-1705) Я. Бернули математика ғылымына «интеграл» терминін енгізген. Бұл термин соңғы жүз жылдар ішінде басқа ғылымдарға ене бастайды, атап айтқанда алғаш филоософияға, кейіннен психологияға, соңында педагогикаға енгізілді.

Мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты дамыған балалармен бірге оқыту мәселесін қарастырғанда екі ұғым қарастырылады. Ол «интеграция» және «инклюзия». Осы ұғымдырға толық тоқталайық. Шет елдердің сөздіктеріне назар аударсақ «интеграция» (латын тілінен аударғанда integratio - қалпына келтіру, толықтыру; integer - бүтін) мынадай мағынаны білдіреді:

1. элементтердің қандай да бір бөлшектерін бір бүтінге біріктіру;

2. өзара бейімделу мен бірлесу процессі.

Ал ағылшын тілінен бір түбірлі сөздер қатарында аударылады:

1) integrate -біртұтастықты құру; біріктіру; құрама; толық, бүтін;

2) integration - бір бүтінге біріктіру;

3) integral - біртұтас, толық, бүтін; мәнді;

4) integrality - біртұтастық, толыққандылық;

5) integrant -біртұтастықтың бөлінбейтін бөлшегі.

«Инклюзия» сөзі шет елдердің сөздіктерінде жоқ. Өйткені ол ағылшын тілінің inclusion - қосу, енгізу деген мағынаны береді.

Бір түбірлі сөздік аудармасын көрсетейік:

а) include - өзіңде тұжырымдау, қорытынды жасау, енгізу;

ә) including - енгізе отырып;

б) inclusive -өзіне енгізетін.

Келтірілген сөздің мағынасын ашып түсіну үшін орыс тілінің сөздігіне жүгінсек:

1. қосу - өзінің құрама бөлігінің болуы; қамту;

2. енгізу - құрамға кіргізу, ендіру;

3. тұтас қосылу - қандай да бір әрекетке ену, бірігу.

«Интеграция» орыс тілінде бір бүтінге біріктіру және өзара бірігу мен бірлесу процессі, ал «интегрант» - біртұтастықтың бөлшектенбейтін бір бөлігі болып табылады [29] . Интеграциялық оқыту мен нклюзивтік білім берудің айырмашылықтарының критерилерін отандық зерттеушілеріміз Р. А. Сүлейменова мен А. Т. Баймуратова анықтап көрсетті [30] .

Инклюзивтік білім беру - дамуында ауытқуы бар балалардың дұрыс, сапалы білім алуына жан-жақты жағдай жасап, білім беру ұйымына (балабақшалар және жалпы білім беретін мектептер) қосу жүйесі.

Интеграциялық оқытудың мақсаты - білім беру аясында жұмыс жасайтын әлеуметтік және білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жалпы білім беру мекемелерінде мүмкіндігі шектеулі балалардың денсаулығын сақтау қажеттіліктерін қамтамасыз ету болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс жасауға даярлау процесін талдау
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Білім алушыларды үйде оқытуды ұйымдастырудың ерекшеліктері
Көру қабілеті зақымдалған мектепке дейінгі оқушылар
Оқытудың арнайы немесе балама әдістерін қолдану
Инклюзивті білім беруді регламеттейтін дамытуға бағытталған құқықтық құжат
Инклюзивті білім беру
Білім беруді ұйымдастыру
Инклюзивті білім беру жағдайында педагогтың кәсіби құзыреттілігі туралы түсінік
Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру үдерісіне ендірудің жағдайлары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz