Арнайы мамандандырылған техникалық қызмет көрсету станцияларын жобалау


Пән: Транспорт
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 113 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Реферат . . .

Кіріспе . . .

1 Техникалық экономикалық негіздеу . . .

1. 1 Жалпы бөлім . . .

1. 2 Автомобильдердің техникалық жағдайы . . .

1. 3 Автомольдерді маркалары бойынша бөлу . . .

1. 4 Жол-көлік апаттарының техникалық себептері . . .

2 ТҚС техникалық есептеу . . .

3 Өндірісті басқару және ұйымдастыру . . .

4 Құрылыс талаптары . . .

4. 1 Бас жоспарға қойылатын құрылыс талаптары . . .

4. 2 ТҚС өндірістік гимаратына қойылатын

құрылыс талаптары . . .

4. 3 Техникалық жөндеу алаңына қойылатын құрылыс талаптары . . .

5 ТЖ алаңының техникалық жобасы . . .

5. 1 ТЖ алаңын тағайындау . . .

5. 2 Техникалық жөндеудің технологиялық процесін ұйымдастыру . . .

5. 3 ТЖ алаңын техникалық есептеу . . .

5. 3. 1 Жұмыстың жылдық көлемін есептеу . . .

5. 3. 2 ТЖ орындарының санын есептеу . . .

5. 3. 3. ТҚ пен ТЖ алаңындағы жұмысшылар санын есептеу . . .

5. 4 ТЖ алаңына арналған жабдықтарды таңдау . . .

5. 5 Жұмыстарды орындау кезіндегі

қауіпсіздік талаптары . . .

5. 6 Технологиялық карта . . .

6 Конструкторлық бөлім . . .

6. 1 Жалпы бөлім . . .

6. 3 Жобаланып отырған құрылыстарды техникалық негіздеу . . .

6. 4 Көтергіш қабілеттілігі мен беріктігін есептеу . . .

6. 4. 2 Электр қозғалтқыш қуаты мен шкив өлшемін таңдау . . .

6. 4. 3 Күштік ебелекті берілісті есептеу

ебелектің тозуға төзімділігін есептеу . . .

6. 5 Көтергішті пайдалану ережесі . . .

6. 6 Көтергіштің ТЖ мен ТҚ жүйесі . . .

7 Жобаның экологиялығы мен қауіпсіздігі . . .

7. 1 Техника, өрт қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау . . .

7. 2 Қауіпсіздік ережелерін ескере отырып тж алаңын қиыстыру . . .

7. 3 ТЖ мен ТҚ учаскесін табиғи және жасанды

түрде жарықтандыруды есептеу . . .

7. 3. 1 Табиғи жарықтандыруды есептеу . . .

7. 3. 2 Жасанды жарықты сараптау және есептеу . . .

7. 4 ТЖ учаскесіндегі жергілікті және жалпы

ауыстырмалы сору қондырғыларын есептеу . . .

7. 4. 1 ТҚС үшін желдету жүйесін таңдау . . .

7. 4. 2 Жалпы ауыстырмалы қосылу-сору желдеткішін есептеу . . .

7. 5 ТЖ алаңындағы өр қауіпсіздігі шараларын жетілдіру . . .

7. 6 ТҚС орналасқан аймақты санитарлық тазалау және жинау . . .

7. 7 ТҚС алдындағы алаңдағы көміртек тотығы

концентрациясын есептеу . . .

8 Жобаның экономикалық тиімділігі . . .

8. 1 Толық шығынды есептеу . . .

8. 1. 1 Станцияға кететін толық шығын . . .

8. 1. 2. Көтергішті жасауға кететін толық шығындар . . .

8. 2 Ағымдық шығындарды есептеу . . .

8. 2. 1 Жұмысшылардың еңбек ақы қорын жоспарлау . . .

8. 2. 2 Электр энергиясына кететін шығынды есептеу . . .

8. 2. 4 Жабдықтарды ТЖ мен ТҚ көрсетуге кететін шығынды есептеу

8. 2. 5 Материалдарға кететін шығын . . .

8. 2. 6 Ағымдық шығындар . . .

8. 3 Кірісті анықтау . . .

8. 4 Экономикалық тиімділікті есептеу . . .

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . .

КІРІСПЕ

Автомобиль көлігі сандық және сапалық жағынан қарқынды түрде дамып келеді. Қазіргі уақытта әлемдік автомобиль паркінің жылдық өсімі 10-12 млн. данаға, ал оның саны - 400 млн данаға тең. Әр бес автомобильдің төртеуі жеңіл көлік және оның үлесіне, жолаушыларды тасымалдайтын көліктің 60 % астамы тиесілі.

Бірақ та автомобильдендіру үрдісі, автомобиль паркін тек кеңейтумен ғана шектелмейді. Автокөліктерді қарқынды дамыту, ғылыми ізденіс пен мағыналы материалдық шығынды қажет ететін мәселелерді туындатады. Олардың негізгілері: көшелердегі өткізу қабілеттілігінің жоғарылауы, жол құрылысы мен көріктендіру, тұрақтар мен гараждарды ұйымдастыру, жол қозғалысы қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету, автомобильдерге техникалық қызмет көрсету станциялар, қоймалар, жанар май құятын станциялар мен басқа кәсіпорындар құрылысы.

Жеке азаматтарға тиесілі автомобиль паркінінің қарқынды дамуы, автомобиль құрылысының күрделігі, өздеріне тиесілі автомобильдерге қажетті техникалық қызметті білікті түрде көрсете алмайтын адамдар санының өсуі, жолдардағы қозғалыс идентификациясы мен басқа да факторлар жаңа автотехникалық қызмет өнеркәсібі саласын құруға жағдай жасады.

ТҚ жетілдіру мен жеңіл автомобильдерді жөндеудің маңызды бағыттары: алдыңғы қатарлы технологиялық үрдістерді қолдану, өндірісітік қызметтерді басқару мен ұйымдастыру деңгейін жоғарылату, негізгі өндірістік қаржыларды тиімді пайдалануды көтеру, технологиялық және құрылыс жағынан алғанда неғұрлым жетілдірілген жаңа жобаларды қолдану және қолданыстағы автомобильдерге техникалық қызмет көрсету станцияларын қайта құру және оны сатылы түрде дамыту, қызметтер сапасы кепілділігін арттыру мен оларды қамтамасыз ететін шараларды материалдық және моральдық жағынан қолдау. Сондай-ақ автокөлік құралдарын техникалық пайдаланудың акуальды міндеттерінің бірі болып, ТҚС өндірістік қызметтерін басқару, еңбек шарттарын жақсарту, еңбекке кететін шығындар мен негізгі өндірістік қаржыларды пайдалану тиімділігін арттыру болып табылады.

Техниикалық қызметтер көлемі мен сипаты, және әсіресе ағымдық жөндеу жұмыстары жыл мезгілдері, жол және ауа райы жағдайына, автомобильдің шыққан жылы мен құрылысына байланысты өзгеріп отырады. Бұл өзгеріп отыратын жұмыстардың дер кезінде сапалы орындалуы үшін, өндірісті нақты және тиімді ұйымдастыру қажет. Сондай-ақ қазіргі уақытта ТҚ пен ТЖ кететін шығындардың көп бөлігін екбек ақы мен қосымша бөлшектер құрайды.

Бұл шығындарды азайтуға тиімді шараларды ұйымдастыру арқылы белсенді түрде әсер етуге болады. Автомобильдерге ТҚ пен ТЖ жұмыстарын сапалы қазіргі заман талаптарына сай ұйымдастыру арқылы ағымдық жөндеу жұмыстары жүйелігін жоғарылатуға және осы арқылы қосымша бөлшектерге кететін шыныдарды азайтуға болады.

1 ТЕХНИКАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕУ

1. 1 Жалпы бөлім

Дипломдық жоба тақырыбы кездейсоқ таңдалған жоқ. Семей қаласындағы жеңіл автомобильдер саны жыл сайын көптеп өсіп келеді. Бұл автомобильдердің басым көпшілігі жеке адамдар үлесіне тиеді. 1 суретте Семей қаласы мен облыстағы автомобиль паркінің сипаттамасы көрсетілген. Семей қаласындағы жеңіл автомобильдер үлесі 75, 6% құрайды.

Облыстағы автомобильдер паркі

28%

78%

Семей қаласындағы автомобильдер паркі

11, 78%

75, 60% 12, 60%

75, 60% - Семей қаласындағы жеңіл автомобильдер;

12, 60%-Семей қаласындағы жүк автомобильдері;

11, 78% - Семей қаласындағы басқа көлік құралдары

1 сурет - Облыстағы автомобильдердің жалпы санына қатысты

Семей қаласындағы автомобильдердің сандық сипатамасы

Автомобильдерді жөнделген қалыпта сақтау үшін ТЖ мен ТҚ жүйелі түрде жүргізу керек. Қазіргі уақытта автомобильдерге теқникалық қызмет пен жөндеу көбіне сәйкес біліктілігі, дағдысы мен тәжірибесі жоқ автомобиль иелерінің өздері жүргізеді. Яғни мұндай жөндеу жұмыстары спонтанды түрде өтеді де, сапасы да күмән келтіреді.

«Өз қол күші» нәтижелері - автомобильдерді ақауларымен, агрегаттар мен механизмдердің техникалық жағдайын реттеу параметрлері көп ауытқыған жағдайда пайдалану деген сөз.

Көптеген автомобильдерде жанар майлар шығыны мен қосымша бөлшектер шығыны көп байқалады және ақаулар нәтижесінде жол-көлік апаттар үлесі де жоғары деңгейде.

Техникалық ақаулары бар автомобильдерді пайдалануда:

- тиімсіз және пайдалану кезіндегі қирауы мен пайдалану материалдарының шығыны көп;

- қоршаған ортаны ластайды;

- қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жүйелермен байланысты ақаулар өте қауіпті.

Мұндай қанағаттанғысыз факторларға автомобиль иелерінің автомобильдерді техникалық пайдалану талаптарын сақтамау жатады.

Іс жүзінде автокөлік кәсіпорындарында автомобильдерге ТЖ мен ТҚ арнайы мамандар жүргізетіндіктен, жұмыстар сапасы мен автомобиль паркінің дайындығы жоғары деңгейде, яғни жөндеу жұмыстары, жанар жағар май мен оған кететін шығындар және қосымша бөлшектер мөлшері азаяды. Бұл жеке меншіктегі көліктерге де қатысты.

Мемлекеттік сектор қаруаындағы жылжымалы автомобиль құрамын техникалық жағынан жоғары деңгейде ұстау нақты тәртіппен бақыланатын жүйе мен жөндеулер арқылы жұргізіледі.

Жеке меншіктегі автокөліктер үшін бұл мәселе көп қиындықтар туғызады. Бұл көліктер барлық көліктердің жалпы санының ауқымды бөлігін қамтиды.

Бұл төмендегі мәселелерден туындайды:

- бұл автомобильдерді пайдаланудың өзіндік ерекшеліктерінен;

- маусымға байланысты- парктің басым көпшілігі тек сәуір- қазан аралында қолданылады;

- жылдық жүрілген қашықтықтың аз мөлшерінен - орташа есеппен 12 мың километр;

қарқынды жүктеме эпизодтылығынан - демалыс күндері, жазғы демалыс уақыты;

- көптеген жағдайлардағы жөндеу жұмыстарының сәйкес кепілдемесіз жасалатындығынан;

- әр түрлі маркалы жылжымалы құрамға байланысты.

Сондықтан жиі қолданыста болатын автомобильдерді жөндеу мен қызмет көрсету үші қала аумағында арнайы жабдықталған ТҚС ұйымдастыру қажеттілігі шығады.

1. 2 Автомобильдердің техникалық жағдайы

Автомобильдердің техникалық жағдайын автомобиль, агрегат, жөндеу материалдары жарамдылығы сияқты көптеген сипататамаларын көрсетуге болады.

Автомобиль пайдаланған жағдайда техникалық жағадайы өзгереді.

Мысалы габариттік өлшемі, жүк көтергіштігі мен сыйымдылығы сияқты автомобиль сипаттамалары пайдалану аралығы кезінде өзнеріссіз қалады. Бірақ та автомобиль сапасын анықтайтын (тиімділігі, қауіпсіздігі, динамикалылығы, өнімділігі мен ыңғайлылығы - 1 кесте) көрстекіштері автомобильді пайдалану аралығында өзгереді, яғни автомобильдің техникалық жағдайы нашарлайды.

Автомобильдердің техникалық жағдайын жоғары деңгейде ұстау міндетті түрде үшін пайдалану кезіндегі өнімділігін арттыру, жанар-жағар май шығынын азайту, экологиялық талаптарды көтеру, автомобиль құрылымын, ТҚ пен ТЖ жетілдіру қажет.

1 Кесте - Автомобильдің негізгі сапа көрсеткіштерінің өзгерісі

Пайдалану аралығы,

жыл

Жылдық өнімділігі, %
Жөнделген жағдайда ұстау қиындығы, %
Пайдалану аралығы,жыл: 0…1
Жылдық өнімділігі, %: 100(шартты)
Пайдалану аралығы,жыл: 1…4
Жылдық өнімділігі, %: 80…85
Жөнделген жағдайда ұстау қиындығы, %: 150. . 160
Пайдалану аралығы,жыл: 4…8
Жылдық өнімділігі, %: 60…65
Жөнделген жағдайда ұстау қиындығы, %: 190…205
Пайдалану аралығы,жыл: 8…12
Жылдық өнімділігі, %: 50…55
Жөнделген жағдайда ұстау қиындығы, %: 260…290

Сонымен қатар жеңіл автомобильдер паркінің пайдаланылған жыл мөлшерінің сипатамалары да қызығушылық тудырады. Сондай-ақ 2 суреттерде жеңіл автомобильдер паркінің шыққан жылдары бойынша бөлінген гистограмма келтірілген. Бұл мәліметтер Семей қаласындағы ШҚО ІІБ ЖАБ базасынан алынған.

Суретке қарайтын болсақ автомобильдердің 47% жыл мөлшері 10 жыл, ал 18% 20 жылдан жоғары.

Мұндай көрсеткіштерге қарасық автомобильдерге техникалық қызмет пен жөндеу, өндірістік базаны жетілдіру қажеттілігінің жоғары екенін көреміз.

2 Сурет - жеңіл автомобильдер паркінің шыққан жылдары бойынша

бөлінген гистограммасы

1. 3 Автомольдерді маркалары бойынша бөлу

ВАЗ маркалы автомобильдер өндірістен шыққан уақыттан бері Семей қаласы тұрғындары арасында үлкен сұранысқа ие болды. Бұл оның Шығыс Қазақстан обылысы мен Семей қаласы аумағында көптеп тарауына әсер етті. Бұл автомобильдердің ГАЗ, Москвич автомобильдеріне қарағанда өзінің бағасы, пайдалануға кететін шығыны, ыңғайлылығы жағынан тиімді айырмашылығы бар. Сонымен қатар қазіргі уақытта Семей қаласында «Бипек-Авто» атты қуатты кәсіпорын жұмыс жасайды. Бұл кәсіпорын облыс пен қала азаматтарына «SKODA» маркалы автомобильдерді таратады.

Қазақстан Республикасына шет ел өндірісінің автомобильдерін енгізуге байланысты ГАЗ және ВАЗ маркалы автомобильдер үлесі төмендеп кетті. Шет елдік автомобильдер үлесі 45%, ГАЗ маркалы автомобильдер үлесі - 20%, ВАЗ маркалы автомобильдер - 25% құрайды, қалған бөлігіне басқа автомобильдердің 10% жатады.

1. 4 Жол-көлік апаттарының техникалық себептері

Семей қаласындағы автомобильдер паркінің өсімі 10% шамасында. Автомобильдер паркінің өсуіне байланысты, жолдардағы апаттар көрсеткіштері де нашарлайды және қоршаған ортаны ластау қарқынды жүреді. Техникалық жағдайы нашар автомобильдерді пайдалану ақыр соңында жол-көлік апаттарына әкеліп соқтырады.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша жол-көлік апаттарының орташа саны 947 құрайды, соның ішінде 10% - н облыстық МАИ мәліметтері бойынша техникалық жағдайы төмен автомобильдер құрайды. 3 - суреттегі диаграммадан көрініп тұрғандай көптеген жол - көлік апаттары тежегіш жүйесі ақауларынан болады, екінші орында - жарықтандыру мен дабыл жүйесі, үшінші орында- 4 сурете көрсетілгендей әр түрлі құрылымды доңғалақ, аспа ақаулары тудырады.

Автомобильдердің техникалық жағдайының төмен болуы себептеріне жатады:

- автомобильдер, тіркемелер мен жартылай тіркемелерге көрсетілетін техникалық қызметтің төмен деңгейлігі, сондай-ақ техникалық қызмет көлемінің толық орындалмауы;

- жеке адамдар автомобильдері техникалық жағдайын бақылау жүйелілігінің жоқтығы. Автокөлік кәсіпорындарында жылжымалы бақылау-өлшеу құралдарының жоқтығы және қолданылмауы;

- автомобиль құрылысындағы кемшіліктер, қозғалыс қауіпсіздігіне әсер ететін агрегаттар мен түйіндерге арналған қосымша бөлшектердің жетіспеушілігі мен сапасының төмендігі;

ЖКА статистикалық сараптамасының себептері бойынша

- белгіленбеген жерлерден өту;
- кезекті сақтамау;
- белгіленбеген жерлерден өту;: - қарсы қозғалыс жолағына шығу;
- кезекті сақтамау;: - орағыту ережелерін сақтамау;
- белгіленбеген жерлерден өту;: -жалдамдықты шамадан тыс арттыру;
- кезекті сақтамау;: - мас күйінде басқару;
- белгіленбеген жерлерден өту;: - техникалық ақауларға байланысты;
- кезекті сақтамау;: - басқа да сабептер;
- белгіленбеген жерлерден өту;: - жүргінші мас болуы;
- кезекті сақтамау;:

- ТҚ байланысты қапылыстан

шығу.

3 Сурет - ЖКА статистикалық сараптамасы

Техникалық ақаулар сараптамасы

19%- доңғалақ пен аспа ақаулары;

11% - басқа да ақаулар;

23% - тежегіш жүйесінің ақаулары;

47% - жарықтандыру мен дабыл жүйесі ақаулары.

4 Сурет - Техникалық ақаулар сараптамасы

Қозғалыс қауіпсіздігін автомобиль жүйесі, агрегаттар мен түйіндерді сенімді түрде пайдалану арқылы қамтамасыз етуге болады:

  • тежегіш;
  • сыртқы жарық беру аспаптары;
  • құрылымның аспасы мен басқа да эелементері;
  • рульдік басқару.

Автомобиль жүйесі, агрегаттар мен түйіндерді сенімді түрде пайдалануды қаматамасыз ету барлық автокөлік құралдарының техникалық жағдайын жақсартпайынша іске асыру мүмкін емес. Оған ТҚС ТҚЕ жетілдіру арқылы, неғұрлым рационалды техникалық үрдістер мен еңбекті ұйымдастырудың ғылыми эелементтерін енгізу, жүйелі, нақты бақылауды күшейту арқылы қол жеткізуге болады. Диагностика мен ТҚ жүйелілігін сақтау қажеттілігіне сай жарнаманың да маңызы бар. Осының арқасында агрегаттар мен бүтіндей автомобильдердің жарамдылық мерзімін ұзартуға қол жеткіземіз, яғни техникалық жөндеу мен қызметке кететін шығындарды ақтап шығады.

2 ТҚС ТЕХНИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕУ

Өндірістік кәсіпорындағы ТҚС ерекшеліктері осы сияқты кәсіпорындардағы бекітілген негізгі көрстекіштерінің нақты шарттарын ашады.

Өнеркәсіптік кәпіорындарадағы сиқты ТҚС - да бекітіліген негізгі екі көрсеткіш бар: өндіріс қуаты мен станция ауқымы.

Өнеркәсіптік кәсіпорынның өндіріс қуаты белгілі бір мерзім аралығындағы бағалық және табиғи сипаттағы өндіріс өнімінің санымен анықталады. Жалпы алғанда ТҚС үшін мұндай көрстекішке жыл бойындағы кешенді түрде қызмет көрсетілетін автомобильдер саны жатады.

Кәсіпорын ауқымы жұмысшылар саны және өндірісі қорымен анықталады. Кей жағдайларда өндіріс қорының шамасы және де ТҚС ауқымы қызмет көрсетуге, жөндеуді тосуға және автомобильдерді сақтауға арналаған орын саны мен автомоильдер орыны арқылы анықталады.

2. 1 ТҚС ұйымдастыру кезіндегі есептеулер

Бастапқы мәліметтер.

ТҚС технологиялық есептеулерді жүргізуге арналған бастапқы мәліметтер:

  • жыл бойына қызмет көрсетілетін автомобильдер саны - 2000 дана;
  • қызмет көрсетілетін автомобильдердің орта есеппен алағандағы жылдық жүрілген жолы - 15000 км;
  • ТҚС кіру саны, жыл бойында - 4рет;
  • қызмет көрсету станциясының жұмыс тәртібі - D р. г. - 357 күн;
  • ауысым саны - 1 (12 сағат) .

ТҚС қуатын негіздеуді төмендегі формула арқылы есептейміз:

(1)

N сто - жыл бойындағы автомобильдер саны;

П - бір жұмыс орынының өткізу қабілеттілігі (244авт/жылына) .

(2)

ТҚС жұмыс тәртібі:

Станцияның жұмыс тәртібі D р. г. = 357 күн;

Ауысым саны - 1.

ТҚС жұмысының жылдық көлемін есептеу.

Қала ішіндегі ТҚС жұмысының жылдық көлемін төмендегі формула арқылы есептейміз:

, адам - сағ (3)

мұндағы - автомобильдің орта есепепен алғандағы жылдық жүрген жолы, км. ;

t- ТҚ және ТЖ салыстырмалы еңбек көлемі, адам*сағ. /1000 км.

Жыл көлеміндегігі жинау-тазалау жұмыстары көлемін есептеу.

Жыл көлеміндегігі жинау-тазалау жұмыстары көлемін төмендегі формула арқылы есептейміз:

(4)

мұндағы tум - ЖТЖ сыйымдылығы (қолмен жуғанда tум = 0, 5 ад. -сағ. ) ;

ά - кіру саны 4 - ке тең.

Өз-өзіне қызмет көрсетудің жылдық көлемі.

Өз-өзіне қызмет көрсетудің жылдық көлемін мына формула арқылы есептейміз:

(5)

ТҚ пен ТЖ жұмыстарын жыл көлеміне бөлу.

ТҚ пен ТЖ бойынша жүргізілетін жұмыстарды жыл көлеміне бөлу 2 кесте түрінде келтірілген. (ОНТП-АТП-СТО-80 бойынша) .

2 Кесте ТҚ пен ТЖ жұмыстарын жыл көлеміне бөлінуі

Жұмыс түрі
Жұмыс көлемінің бөлінуі
Жүргізілетін орынына байланысты жұмыс көлемінің бөлінуі
Жұмыс орындарында
Учаскелерде
%
ад. -сағ
%
ад. -сағ
%
ад. -сағ
Жұмыс түрі: Диагностикалық
Жұмыс көлемінің бөлінуі: 5
Жүргізілетін орынына байланысты жұмыс көлемінің бөлінуі: 6150
100
6150
Жұмыс түрі: Толық көлемде
Жұмыс көлемінің бөлінуі: 25
Жүргізілетін орынына байланысты жұмыс көлемінің бөлінуі: 30750
100
30750
Жұмыс түрі: Майлау
Жұмыс көлемінің бөлінуі: 5
Жүргізілетін орынына байланысты жұмыс көлемінің бөлінуі: 6150
100
6150
Жұмыс түрі: Алдыңғы доңғалақты орнату бойынша реттеу
Жұмыс көлемінің бөлінуі: 7
Жүргізілетін орынына байланысты жұмыс көлемінің бөлінуі: 8610
100
8610
Жұмыс түрі: Тежегіш бойынша реттеу
Жұмыс көлемінің бөлінуі: 5
Жүргізілетін орынына байланысты жұмыс көлемінің бөлінуі: 6150
100
6150
Жұмыс түрі: Қоректендіргіш жүйесін жөндеу
Жұмыс көлемінің бөлінуі: 6
Жүргізілетін орынына байланысты жұмыс көлемінің бөлінуі: 7380
75
5535
25
1845

2 Кестенің жалғасы

Доңғалақтың сыртқы резеңкесін монтаждау
5
6150
30
1845
70
4305
Доңғалақтың сыртқы резеңкесін монтаждау: Агрегаттар мен түйіндерді техникалық жөндеу
5: 20
6150: 24600
30: 45
1845: 11070
70: 55
4305: 13530
Доңғалақтың сыртқы резеңкесін монтаждау: Шанақ
5: 10
6150: 12300
30: 75
1845: 9225
70: 25
4305: 3075
Доңғалақтың сыртқы резеңкесін монтаждау: Сырлау
5: 10
6150: 12300
30: 100
1845: 12300
70:
4305:
Доңғалақтың сыртқы резеңкесін монтаждау: Жапсыру мен арматуралық
5: 2
6150: 2460
30: 50
1845: 1230
70: 50
4305: 1230
Доңғалақтың сыртқы резеңкесін монтаждау: БАРЛЫҒЫ
5: 100
6150: 123000
30:
1845: 99015
70:
4305: 23985

Өндіріс жұмысшыларының санын еспетеу.

Өндіріс жұмысшыларына автомобилдерге тікелей техникалық қызмет көрсететін және ағымдық жұмыстар жүргізетін аймақ пен учаске жұмысшылары жатады. Олар технологиялық жағынан қажетті жұмысшылар саны мен штаттағы жұмысшылар саны арқылы айырылады.

Технологиялық қажетті жұмысшылар саны ағындық жұмыстарды, ал штаттағы жұмысшылар - бағдарлама бойынша өндірістік жылдық жұмыстарды атқарады (ТҚ пен ТЖ бойынша жұмыс көлемі) .

Өндіріс жұмысшыларының саны төмендегі формула бойынша есептеу:

(6)

мұндағы - ТҚ, ТЖ аймағы немесе учаскесі бойынша жылдық жұмыс көлемі, адам-сағ;

-2070 сағ. - жұмыс орынының жылдық уақыт қоры.

(7)

мұндағы Фр- штаттағы жұмысшының жылдық уақыт қоры.

ТҚ пен ТЖ слесарьлары, агрегат пен түйіндерді жөндейтін слесарьлар, мотористер, электриктер, доңғалақ монтаждаушылар, слеарь-жонғыштар, қаңылтыршы, жабдықтарды жөндейтін слесарьлар, арматурашы - Фш = 1840 сағ; сырлаушылар Фш = 1610 сағ

Рт және Рш санын есептеу 3 кестеде келтірілген.

3 Кесте - Жұмысшылар санын есептеу

Арнайы орындардағы жұмысшылар

Жұмыс түрі
Жұмыстың жылдық көлемі, адам-сағ.
Қажетті жұмысшы саны, адам
Қабылданған саны, адам
Штаттағы жұмысшының жылдық уақыт қоры, адам-сағ.
Штаттағы жұмысшы саны
Есептелген
Қабылданған
Жұмыс түрі: Диагностикалық
Жұмыстың жылдық көлемі, адам-сағ.: 6150
Қажетті жұмысшы саны, адам: 2, 9
Қабылданған саны, адам: 3
Штаттағы жұмысшының жылдық уақыт қоры, адам-сағ.: 1840
Штаттағы жұмысшы саны: 3, 3
7999, 23
Жұмыс түрі: Толық көлемді ТҚ
Жұмыстың жылдық көлемі, адам-сағ.: 30750
Қажетті жұмысшы саны, адам: 14, 8
Қабылданған саны, адам: 15
Штаттағы жұмысшының жылдық уақыт қоры, адам-сағ.: 1840
Штаттағы жұмысшы саны: 16, 7
17
Жұмыс түрі: Майлау
Жұмыстың жылдық көлемі, адам-сағ.: 6150
Қажетті жұмысшы саны, адам: 2, 9
Қабылданған саны, адам: 3
Штаттағы жұмысшының жылдық уақыт қоры, адам-сағ.: 1840
Штаттағы жұмысшы саны: 3, 3
3
Жұмыс түрі: Алдыңғы доңалақтарды орнатудағы реттеу
Жұмыстың жылдық көлемі, адам-сағ.: 8610
Қажетті жұмысшы саны, адам: 4, 1
Қабылданған саны, адам: 4
Штаттағы жұмысшының жылдық уақыт қоры, адам-сағ.: 1840
Штаттағы жұмысшы саны: 4, 6
5
Жұмыс түрі: Тежегіштерді реттеу
Жұмыстың жылдық көлемі, адам-сағ.: 6150
Қажетті жұмысшы саны, адам: 2, 9
Қабылданған саны, адам: 3
Штаттағы жұмысшының жылдық уақыт қоры, адам-сағ.: 1840
Штаттағы жұмысшы саны: 3, 3
3
Жұмыс түрі: Қоректендіргіш жүйесіндегі жұмыс
Жұмыстың жылдық көлемі, адам-сағ.: 5535
Қажетті жұмысшы саны, адам: 2, 6
Қабылданған саны, адам: 3
Штаттағы жұмысшының жылдық уақыт қоры, адам-сағ.: 1820
Штаттағы жұмысшы саны: 3
3
Жұмыс түрі: Шиномонтажные
Жұмыстың жылдық көлемі, адам-сағ.: 1845
Қажетті жұмысшы саны, адам: 0, 8
Қабылданған саны, адам: 1
Штаттағы жұмысшының жылдық уақыт қоры, адам-сағ.: 1840
Штаттағы жұмысшы саны: 1
1
Жұмыс түрі: Агрегаттар мен түйіндерді ТЖ
Жұмыстың жылдық көлемі, адам-сағ.: 11070
Қажетті жұмысшы саны, адам: 5, 3
Қабылданған саны, адам: 5
Штаттағы жұмысшының жылдық уақыт қоры, адам-сағ.: 1840
Штаттағы жұмысшы саны: 6
6
Жұмыс түрі: Шанақ
Жұмыстың жылдық көлемі, адам-сағ.: 9225
Қажетті жұмысшы саны, адам: 4, 4
Қабылданған саны, адам: 4
Штаттағы жұмысшының жылдық уақыт қоры, адам-сағ.: 1840
Штаттағы жұмысшы саны: 5
5

3 Кестенің жалғасы

Сырлау
12300
5, 9
6
1610
7, 6
8
Сырлау: Жапсыру мен арматуралық
12300: 1230
5, 9: 0, 5
6: 1
1610: 1840
7, 6: 0, 6
8: 1

4 Кесте - Жұмысшылар санын есептеу

Учаскелердегі жұмысшылар

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ГИДРОЭЛЕКТРОСТАНЦИЯЛАРЫНДА ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫН ТИІМДІ ӨНДІРУ
Ғимараттар мен құрылыстар техникасы
Пневматикалық көлік
Алматы қаласын және Алматы облысын экономикалық ұстанымдаудың 2015 жылға дейінгі ұзақ мерзімді тұжырымдамасы
Автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету
Aқмoлa oблысы Eрeймeнтaу aудaны Қaрaтaл ЖШС жыртылғaн жeрiн рeттeстiру жәнe кaдaстрлық құнын aнықтaу жoбaсы
Автокөліктік кәсіпорындарда жолаушыларды тасуды есепке алу бағдарламалық кешенін құру және деректер құрылымына қолданушылық және бағдарламалық интерфейсін ұсыну
Автомобиль жолын жайластыру
Қазақстан Республикасында электр тоғын өндіру өнеркәсіптерінің даму проблемалары
Жалпыға қызмет көрсетуге арналған жанармай құятын орын
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz