Жұмыс уақыты ұғымы



Мазмұны

І Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
ІІ Негізгі бөлім
2.1.Жұмыс уақыты ұғымы және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 4
2.2.Жұмыс уақытының нормасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
2.3.Жұмыс уақытының режимі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
ІІІ Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 12
ІV Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
Кіріспе
ХІХ ғасырдың басындағы жұмысшылар қозғалысы негізгі талаптардың бірі ретінде жұмыс уақытын қысқартуды талап ету еді. Бірқатар мемлекеттерде жұмысшылар көшелерге шығып, жұмыс уақытының ұзақтығына белгілі бір шек қоюды талап етті. Жұмысшылар қозғалысының нәтижесінде ХІХ ғасырдың ортасында әйелдер мен балалар үшін жұмыс уақытын қысқарту туралы нормалар қалыптасты. Кейінірек бұл ереже ер адамдарға да таралды.
1897 жылы Ресейде жұмыс уақытын 11,5 сағатқа дейін, ал әйелдер мен балалар үшін – 10 сағатқа дейін қысқарту туралы заң қабылданды. Алайда, бұл заңның ешбір тиімділігі болмады, себебі, мұнда мерзімнен тыс жұмыс істеуге тыйым салынбады. 1917 жылы Кеңестік биліктің Декретімен Ресейде алғаш рет ұзақтығы 8 сағаттық жұмыс уақыты енгізілді. Бұл Декреттің күші Қазақстанның аумағына да таралды. Яғни, осы күнді Қазақстанда ұзақтығы 8 сағаттық жұмыс уақытының енгізілген күні деп санаған жөн болар. Қазіргі кезде аталған уақыт жұмыс уақытының ең жоғарғы ұзақтығы болып табылады және ол қызметкерлердің басым көпшілігіне таралады.
Жұмыс уақыты және демалыс уақыты – бұлар еңбек құқығының өзара байланысты түсініктері. Қызметкерлердің еңбек қызметінің ұзақтығы жұмыс уақыты арқылы анықталады. Жұмыс уақыты және оның ұзақтығы жұмысшылар қозғалысы тарихындағы ең негізгі талаптардың бірі болды. Адамзат тарихында еңбек уақыты ұзақ уақыт бойы заң шеңберімен шектелмеді және жұмыс беруші еңбек міндеттерін орындау уақытының ұзақтығын өз қалауынша белгілейтін. Әдетте, бұл кіріптарлық жағдайларда жүзеге асырылды және жұмыс уақытының ұзақтығы барлық шектерден асып, тәулігіне 14-16 сағатқа дейін жетті.
Қазіргі таңда ҚР Конституциясының және 2007 жылы қабылданған ҚР Еңбек кодексі Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 1948 жылғы 10-желтоқсанда бекіткен Адам құқықтары жалпы декларациясының және еңбек саласындағы бірқатар халықаралық-құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келеді.
Курстық жұмыстың мақсаты еңбек құқығымен жұмыс уақытының құқықтық реттелуін еңбек құқығының субьектілері үшін өндірісте қызметті ұйымдастыру маңыздылығы туралы болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қағазов Қ.Р. еңбек құқығы., Алматы 2001.
2. Айымханова Қ.Р. еңбек құқығы., Алматы 2002
3. Кузярина А.С., Берешев С.Х. Трудовое законодательство РК в вопросах и ответах. Алматы: ТОО Баспа, 2000. – 88с.
4. Сериков О.Т. Вопросы единства и дифференциации в правовом регулировании труда // Право и государство, 1999. № 1 (12). – С. 70-73.
5. Абузярова Н.А. Значение нормативной обоснованности правовых актов в трудовом праве // Право и государство, 1998. № 2 (10). – С. 43-45.
6. Димитрова С.А Правовые проблемы труда и занятости населения. - Алматы: Жеты Жаргы, 1997. –176с.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

І
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
ІІ Негізгі бөлім
2.1.Жұмыс уақыты ұғымы және оның
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
2.2.Жұмыс уақытының нормасы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
2.3.Жұмыс уақытының режимі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
ІІІ
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... 12
ІV Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13

Кіріспе
ХІХ ғасырдың басындағы жұмысшылар қозғалысы негізгі талаптардың бірі
ретінде жұмыс уақытын қысқартуды талап ету еді. Бірқатар мемлекеттерде
жұмысшылар көшелерге шығып, жұмыс уақытының ұзақтығына белгілі бір шек
қоюды талап етті. Жұмысшылар қозғалысының нәтижесінде ХІХ ғасырдың
ортасында әйелдер мен балалар үшін жұмыс уақытын қысқарту туралы нормалар
қалыптасты. Кейінірек бұл ереже ер адамдарға да таралды.
1897 жылы Ресейде жұмыс уақытын 11,5 сағатқа дейін, ал әйелдер мен
балалар үшін – 10 сағатқа дейін қысқарту туралы заң қабылданды. Алайда, бұл
заңның ешбір тиімділігі болмады, себебі, мұнда мерзімнен тыс жұмыс істеуге
тыйым салынбады. 1917 жылы Кеңестік биліктің Декретімен Ресейде алғаш рет
ұзақтығы 8 сағаттық жұмыс уақыты енгізілді. Бұл Декреттің күші Қазақстанның
аумағына да таралды. Яғни, осы күнді Қазақстанда ұзақтығы 8 сағаттық жұмыс
уақытының енгізілген күні деп санаған жөн болар. Қазіргі кезде аталған
уақыт жұмыс уақытының ең жоғарғы ұзақтығы болып табылады және ол
қызметкерлердің басым көпшілігіне таралады.
Жұмыс уақыты және демалыс уақыты – бұлар еңбек құқығының өзара
байланысты түсініктері. Қызметкерлердің еңбек қызметінің ұзақтығы жұмыс
уақыты арқылы анықталады. Жұмыс уақыты және оның ұзақтығы жұмысшылар
қозғалысы тарихындағы ең негізгі талаптардың бірі болды. Адамзат тарихында
еңбек уақыты ұзақ уақыт бойы заң шеңберімен шектелмеді және жұмыс беруші
еңбек міндеттерін орындау уақытының ұзақтығын өз қалауынша белгілейтін.
Әдетте, бұл кіріптарлық жағдайларда жүзеге асырылды және жұмыс уақытының
ұзақтығы барлық шектерден асып, тәулігіне 14-16 сағатқа дейін жетті.
Қазіргі таңда ҚР Конституциясының және 2007 жылы қабылданған ҚР Еңбек
кодексі Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 1948 жылғы 10-желтоқсанда
бекіткен Адам құқықтары жалпы декларациясының және еңбек саласындағы
бірқатар халықаралық-құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келеді.
Курстық жұмыстың мақсаты еңбек құқығымен жұмыс уақытының құқықтық
реттелуін еңбек құқығының субьектілері үшін өндірісте қызметті ұйымдастыру
маңыздылығы туралы болып табылады.

2.1.Жұмыс уақыты ұғымы және оның түрлері.
Жұмыс уақыты – бұл қызметкер заңдарға, ұжымдық және жеке еңбек
шарттарына, ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес еңбек міндеттерін орындайтын
уақыт. Жұмыс уақытының құрамына іс жүзінде жұмыс орындалған уақыт та,
сонымен қатар жұмыс орындалмаған, алайда еңбек құқығының нормаларына сәйкес
жұмыс уақытынан алып тастауға болмайтын уақыт та енеді. Мысалы, өндірістің
тоқтап тұруы, төленбелі үзілістер және т.б. Заңнамада көзделген жағдайларда
белгіленген жұмыс уақыты ұзақтығынан тыс жұмыс уақыты да жұмыс уақытына
кіреді. Мұндай жұмыс үшін қызметкерге өтемақы төленуі керек. Демалыс және
тамақтану үшін төленбейтін үзілістер, жалақысы сақталмайтын демалыс уақыты,
сонымен қатар, жұмысқа кешігіп келу, келмей қалу, жұмыстан уақытынан бұрын
кету жұмыс уақытының құрамына енбейді. Еңбек жағдайы ретіндегі жұмыс уақыты
белгілі бір дәрежеде қызметкерлердің өмірінің деңгейіне әсер етеді. Оның
ұзақтығы демалыс үшін пайдаланылатын бос уақыттың көлеміне, тұлғаның
дамуына, адамдардың мәдени және өзге де қажеттіліктерінің
қанағаттандырылуына әсер етеді. Басшылық та, қызметкерлер де жұмыс уақыты
туралы кодекстің нормаларын сақтауға міндетті. Қызметкерлер бүкіл жұмыс
уақытын өнімді еңбек үшін пайдалануға, ал басшылық осы үшін барлық қажетті
жағдайлар жасауға және қызметкерлердің демалуға және еңбекті қорғауға
қатысты құқықтары бұзылмайтындай етіп жұмысты ұйымдастыруға міндетті[1,
12].
Қолданыстағы еңбек кодексінің 76-бабында жұмыс уақытының келесі
түрлерін көзделген:
1. Ұзақтығы қалыпты, ұзақтығы қысқартылған және толық емес жұмыс уақыты
болуы мүмкін.
2. Жұмыс уақытына дайындық-қорытынды жұмыстар (наряд-тапсырма, материалдар,
құралдар алу, техникамен, құжаттамалармен танысу, жұмыс орнын дайындау және
жинау, дайын өнімді тапсыру және басқалар), еңбек технологиясында, еңбекті
ұйымдастыруда, еңбекті нормалау мен қорғау ережелерінде көзделген
үзілістер, қызметкер өзінің уақытына еркін иелік ете алмайтын жұмыс орнында
болу немесе жұмысты күту уақыты, мереке және демалыс күндеріндегі
кезекшіліктер, үйдегі кезекшілік және еңбек шартында, ұжымдық шартта, жұмыс
берушінің актілерінде не Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық
актілерінде айқындалатын басқа да кезеңдер жатады.
Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы – бұл адамның өмір сүруіне және дамуына
зиян тигізбейтін, жыл, апта, күн бойғы еңбек ұзақтығы. Қызметкерлердің
кәсіпорындардағы, мекемелердегі, ұйымдардағы жұмыс уақытының қалыпты
ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауы тиіс (ЕК-77 бап). Аталған ереженің
күші меншік нысанына, экономика саласына, кәсібіне, мамандығына, лауазымына
қарамастан барлық қызметкерлерге таралады. Қазіргі кезде мемлекет жұмыс
уақытының шектелген ұзақтығын ғана бекітеді. Ал жұмыс уақытымен байланысты
өзге мәселелердің барлығын (жұмыс уақытын қысқартуды, ауысу сменаларының
кестесін, жұмыс режимін) ұйымдардың өздері шешеді. Алайда, жұмыс уақытының
ұзақтығын тараптардың келісімі бойынша қысқартуға болады. Еңбек шартында,
ұжымдық шартта жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы үшін төленетіндей
төлемақымен ұзақтығы аз жұмыс уақыты көзделуі мүмкін.
Еңбек кодексінің 78-бабында қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін
жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығын нормалаған төмендегі тармақшалар
қалыптасқан.
1. Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлер үшін жұмыс уақытының
қысқартылған ұзақтығы осы Кодекстің 181-бабына сәйкес белгіленеді.
2. Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және
(немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлер үшін жұмыс уақытының
қысқартылған ұзақтығы осы Кодекстің 202-бабына сәйкес белгіленеді.
3. Бірінші және екінші топтардағы мүгедектер үшін жұмыс уақытының
қысқартылған ұзақтығы осы Кодекстің 224-бабына сәйкес белгіленеді.
4. Еңбек шартында, ұжымдық шартта осы баптың 1 - 3-тармақтарында
көрсетілгеннен кем жұмыс уақытының ұзақтығы көзделуі мүмкін.
5. Қызметкерлерге жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленген
кезде еңбекке ақы төлеу осы Кодекске сәйкес жүргізіледі[2, 18].
Жұмыс уақытының ұзақтығын қысқартудың мақсаты – қызметкерлердің
денсаулығын қорғауға, олардың жұмысқа қабілеттіктерін арттыруға, оның
тұлғасының дамуына, жұмыс уақытынан тыс бос уақытта біліктілікті көтеруге
немесе қосымша кәсіп иеленуге және еңбек өнімділігін арттыруға жағдай
жасау. Кейбір қызметкерлер санатына олардың жасын, жұмысының ауырлығын және
өзге де бірқатар факторларды ескере отырып, тараптардың өзара келісімі
бойынша аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы
белгіленуі мүмкін:
- он алтыдан он сегіз жасқа дейін - аптасына 36 сағаттан аспайтын;
- он төрт жастан он алты жасқа дейінгі қызметкерлер үшін аптасына 24
сағаттан;
- ауыр дене жұмыстарында және еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін
қызметкерлер үшін - аптасына 36 сағаттан аспайтын болып белгіленеді.
 
2.2.Жұмыс уақытының нормасы

ЕК 81-бабымен жұмыс аптасының түрлері төмендегіше белгіленген:
1. Қызметкерлер үшін екі демалыс күні бар бес күндік жұмыс аптасы
белгіленеді. Бес күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың
(ауысымның) ұзақтығы жұмыстың ерекшелігі ескеріле және жұмыс аптасының
белгіленген ұзақтығы сақтала отырып, жұмыс берушінің актісімен айқындалады.
2. Өндіріс сипаты мен жұмыс жағдайлары бойынша бес күндік жұмыс аптасын
енгізу қисынсыз болатын ұйымдарда бір демалыс күні бар алты күндік жұмыс
аптасы белгіленеді.
3. Жұмыс беруші еңбек шартының және (немесе) ұжымдық шарттың талаптарына
сәйкес бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасын белгілейді[3, 20].
 Ал енді жұмыс уақыты ұзақтығының апталық нормасын белгілеу еңбек
кодексінде жұмыс аптасының екі түрінің белгілі болуымен байланысты, олар:
- бес күндік (5 жұмыс күні, 2 демалыс күні)
- алтыкүндік (6 жұмыс күні, 1 демалыс күні).
Көптеген қызметкерлер үшін екі демалыс күні бар бес күндік жұмыс аптасы
белгіленген. Өндірісінің сипаты мен жұмыс жағдайлары бойынша бес күндік
жұмыс аптасын енгізу орынсыз ұйымдарда бір күндік демалысы бар алты күндік
жұмыс аптасы белгіленеді. Көп жағдайда, бұл – білім беру, медициналық,
сауда және өзге де халыққа қызмет көрсететін мекемелер. Жұмыс күні ретінде
заңда белгіленген бір тәулік бойындағы жұмыс уақыты танылады.
Еңбек заңдарында белгіленгендей, алты күндік жұмыс аптасы кезінде
күнделікті жұмыстың ұзақтығы апталық норма 40 сағат болғанда – 7 сағаттан
аспауға, апталық норма 36 сағат болғанда – 6 сағаттан және апталық норма 24
сағат болғанда – 4 сағаттан аспауға тиіс.
Еңбек кодексіне сәйкес мерзімнен тыс жұмыстар ретінде басшылықтың
өкімі бойынша заңдарда немесе жұмыс уақыты ұзақтығының ауысымдық
кестелерінде белгіленгеннен артық жұмыс істету танылады. Мерзімнен тыс
жұмыстар ретінде жұмыс уақытының ұзақтығынан тыс жұмыстар саналады.
Мерзімнен тыс жұмыстарға он сегіз жасқа толмаған қызметкерлер жіберілмейді.
Қызметкердің қарапайым еңбек міндеттерін орындауына немесе жұмыс берушінің
тапсырмасын орындауына қарамастан, жұмыс уақыты заңдарда белгіленген
ұзақтықтан асып кетсе, онда ол мерзімнен тыс жұмыс деп саналады.
Мыналар мерзімнен тыс жұмыстар деп саналмайды:
1) негізгі жұмысынан кейін қосымша қызметін белгіленген жұмыс уақытының
ұзақтығынан тыс орындау;
2) ақысы сақталмайтын еңбек демалысының орнын толтыру мақсатында істелген
жұмыс;
3) жұмыс уақыты нормаланбаған тұлғалардың жұмыс істеуі;
4) жұмыстан сұрану үшін асыра істелген жұмыс.
Еңбек кодексімен қызметкерлердің келісімі болған жағдайда жұмыс
берушінің оларды кез келген мерзімнен тыс жұмыстарға тартуына рұқсат
береді, ал жекелеген жағдайларда басшылық мерзімнен тыс жұмыстарды
қызметкердің келісімінсіз де қолдануы мүмкүн. Бұл жағдайлар ҚР заңдарында
көзделген.
Әрбір қызметкер үшін мерзімнен тыс жұмыстар бір күнтізбелік күн ішінде
екі сағаттан (ауыр дене жұмыстарында және еңбек жағдайлары зиянды және
(немесе) қауіпті жұмыстарда – бір сағаттан) аспауға тиіс. Алайда, заңдарда
бір күнтізбелік жыл ішінде рұқсат етілген мерзімнен тыс жұмыстар саны
анықтамаған. Еңбек жағдайлары өте зиянды және өте қауіпті кезде мерзімнен
тыс жұмыстарға тыйым салынады. Мерзімнен тыс жұмыстар үшін ақы бір жарым
есе мөлшерінен кем төленбейді. Мерзімнен тыс жұмыстар туралы нормалар
бұзылған жағдайда бұған кінәлі тұлғалар белгіленген тәртіп бойынша
тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылады[4, 20].
Кейбір қызметкерлер санаттары үшін (жауапты қызметкерлер, еңбегін
есепке алу мүмкін емес немесе жұмыс уақытын өздерінің еңбек функцияларының
ерекшеліктерін немесе еңбектің сипатын ескере отырып өз қалауымен
пайдаланатын қызметкерлер, мысалы, орманшылар) нормаланбаған жұмыс уақыты
(нормаланбаған жұмыс күні) белгіленеді. Бұл қызметкерлер өндірістік
қажеттік туындаған жағдайда өздері үшін белгіленген жұмыс уақытынан тыс
жұмысқа қосымша ақы төленбестен және бос демалыс күндері берілместен
тартылуы мүмкүн. Соған қарамастан, мұндай қызметкерлер нормаланған –
қалыпты немесе қысқартылған жұмыс уақытынан кем емес уақытта жұмыс істеуі
қажет. Асыра жұмыс істеу мерзімнен тыс жұмыс ретінде саналмайды және ол
үшін қосымша демалыс беріледі.
Осындай еркрекше жұмыс уақытының түрлеріне түнгі уақыттағы
кезекшіліктер кіреді, бұл қызметкердің басшылықтың өкімі бойынша ұйымда
жұмыстан тыс уақытта кейінге қалдырылмайтын мәселелерді (мысалы, мереке,
демалыс күндері, төтенше жағдайлар кезінде) жедел шешу және тәртіп сақтау
үшін жауапты болуы. Кезекшілерге күзетші, вахтер, еден жуушы сияқты
қызметкерлердің міндеттерін жүктеуге болмайды. Жұмыстан тыс уақыттағы
кезекшілікке тек ерекше жағдайларда айына бір реттен жиі емес жол беріледі.
Жұмыс уақытын өлшеу мақсатында жұмыс аптасы, жұмыс күні және жұмыс ауысымы
түсініктері қолданылады. Қазіргі кезде екі демалыс күні бар бес күндік
жұмыс аптасы жұмыс аптасының негізгі түрі болып табылады. Бұл ретте жұмыс
уақытының апталық нормасы (40 сағат, 36 сағат, 24 сағат) бес күнге
бөлінеді, сол себепті, күнделікті жұмыс уақытының ұзақтығы көбейеді. Соған
қарамастан, жұмыс аптасының дәл осы түрі еңбек пен демалысты тиімді
үйлестіруге және қызметкердің толық демалып, содан кейін тиімді жұмыс
істеуіне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстарды алдын ала тергеу сатысы
Еңбек қызметін ұйымдастыру (өндіріс ұйымдастырушылық факторлар, еңбек бөлінісі және кооперация, келісімдер)
Жұмыс уақытының ұғымы және оның түрлері
Қызметкерлердің жұмыс уақыттары
Құжат құрылымы. Деректемелерді рәсімдеу ережесі.
Еңбекті қоғамдық ұйымдастыру ұғымы
Еңбек құқығы. Жұмыс уақыты және демалыс уақыты
Еңбекті өлшеу және нормалау туралы
Жұмыс уақытының нормасы
Еңбек құқығы және құқықтық қатынастар
Пәндер