Еңбекке баулу пән сабақтарын пәнаралық байланыс негізінде оқыту


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:   

Еңбекке баулу пән сабақтарын пәнаралық байланыс негізінде оқыту

МАЗМҰНЫ

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
3
:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР: АНЫҚТАМАЛАР
3: 4
:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР: КІРІСПЕ . . .
3: 5
:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР:
3:
: 1
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР: БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ЕҢБЕККЕБАУЛУ ПӘНІ САБАҚТАРЫН ПӘНАРАЛЫҚБАЙЛАНЫС НЕГІЗІНДЕ ОҚЫТУЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСНАМАЛЫҚНЕГІЗДЕРІ
3:
: 1. 1
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР: Пәнаралықбайланыс негізінде оқыту проблемасының психологиялық-педагогикалықтұрғыдан негізделуі
3: 9
: 1. 2
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР: Бастауыш мектепте пәнаралықбайланыс негізінде оқытуды жүзеге асырудың
3: 25
: 2
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР: БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕЕҢБЕККЕ БАУЛУ ПӘНІН ПӘНАРАЛЫҚБАЙЛАНЫС НЕГІЗІНДЕ ОҚЫТУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢӘДІСТЕМЕСІ
3:
: 2. 1
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР: Еңбекке баулупәнінін пәнаралық негізінде оқытудаозат мұғалімдердің іс тәжірибесінталдау
3: 35
: 2. 2
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР: Еңбекке баулу пәнін пәнаралықбайланыс негізінде оқытудыңәдіс-тәсілдері
3: 49
:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
3: 62
:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР: ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
3: 64
:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР: ҚОСЫМШАЛАР . . .
3: 66

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

2011-2020 жылға арналған Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламасы // Егемен Қазақстан, 2010, 18 - маусым.

2007 жылдың 27 шілдесіндегі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы.

Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Солтүстік Қазақстан газеті, 2004. - 29 қазан

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. -Астана, 2006.

ҚР-да білім беру дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту

тұжырымдамасы // Егемен Қазақстан. 26. 12. 2003. -№ 332. -333 б.

АНЫҚТАМАЛАР

Еңбекке баулу - мұғалімнің оқушыларға техникалық, технологиялық білім мен білік беретін, оқу менеңбек үрдісін ұйымдастыратын, балаларды перспективалық технологиямен таныстырып, олардың перспективалық көзқарасын қалыптастыратын оқу үлгісі.

Белсенділік дегеніміз - оқушылардың танымдық және шығармашылық әрекетін дамыту. Егер оқушылар алғашқы сабақтан бастап-ақ мұғалімнің сабағына белсенді қатынасса, онда оқытушының білімге деген құштарлығы, ынта-ықыласы, төзімділігі, іскерлігі, ізденімпаздығы, дүниетанымдық көзқарасы арта түсетіні анық.

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейтестілігі:

Қазақстан мектептері өз жылнамасында қайта құру, жаңарту тәрізді сан алуан кезеңдерді басынан өткізді. Ұзақ уақыт бойы басқаша болған педагогтармен мектеп тәрбиешілері және жоғарғы оқу орындары үшін жұмыс күрделі болды. Еңбекке баулу пәні сабақтарында ескі жүйе жұмыс істемей бүгінгі білім берумен тәрбие жұмысы жаңа бағдарлануды талап етті [1] .

Қазақстан Республикасының 2015жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы білім жүйесіне үлкен жаңалық және салмақтық жауапкершілік әкелді. Бұның өзі білім беру заңына, бағдарламаларға, жаңа буын оқулықтарына әлі де терең үңіліп, өзгертулерді енгізуді талап етеді. Білім берудің жаңа сапасына қол жеткізуге бүкіл халық ат салысуда. 1 - наурыз 2006 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына жасаған жолдауында: «Бүгінгі білім беруді дамыту, кадрлардың біліктілігін арттыру, Қазақстан халқының мәдениетін өркендету және экономикалық, қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сайкелетін білім беру жүйесі қажет» деп көрсетті [2] .

Білім беру реформасы Қазақстанның - бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі екенін анықтады. Қазіргі мұғалім қоғамдағы болып жатқан тез өзгеріп тұратын әлеуметтік - экономикалық, педагогикалық ғылыми өзгерістерге тез төселгіш, жаңаша ойлау жүйесін меңгерген, жеке шығармашылық кәсіби түрде оқушылармен тез ортақ тіл таба алатын педагогикалық үрдісте жүйелі бағыттармен жұмыс істей алатын болуы керектігіне зер салып ойлау мен бойлауды қажетсінеді [2] . Міне осы турғыдан алып карағанда коғамға жан - жақты білімді, жоғарғы мәдениетті және әрбір тапсырылған жұмысты шығармашылықпен істей білетін жеке адам қажет. Ондай адамдарды әрқашанда орта және жоғарғы оқу орындары дайындайтындығында дау жоқ. Және әрқашан дайындайды да.

Адам баласының жарқын болашағы толығымен жас урпақты тәрбиелеу ісіне тәуелді. Мектептегі тәрбиениң басты міндеттері - алған теориялық білімді еңбекпен, өмірмен байланыстыра жүргізу, экономикалық, экологиялық біліммен қаруландыру, кәсіптік бағдар берүге тәрбиелеу.

Олай болса, әрбір адамзат тәрбиеге тікелей қатысы бар адамдар және ұйымдар мен мекемелер тәрбиениң мәніне, міндеттері мен мақсаттарын жете түсінулері қажет. Сол сияқты әрбір адамның дүние көзқарастарын қалыптастыру - негізгі шарттардың бірі болып саналады.

Сонымен еліміздің болашағына сай адам - ол теориялық біліммен толық қаруланған, оны шығармашылықпен іс жүзіне асыра алатын белсенді қоғам қайраткері, жаңа қоғамдық өмір үшін күресүге қабілеті мол, жоғары мәдениетті, білімді, өз ісіне асқан шебер адам.

Тұлғаны барлық жағынан дамытып тәрбиелеу, жас ұрпақты қоғам құрылысына белсене қатысуға әзірлеү міндеттері мектеп арқылы жүзеге асырылатын іс. Мектеп қабырғасында білім және тәрбие алу барысында жас түлектердің ақылы мен ойы дамиды, адамгершілік қасиеттері қалыптасады, ой еңбегіне төселеді, рухани өмір байлығын меңгереді, эстетикалық талғамы, сезімі артады.

Адам баласының даму сатысында ақыл - ой тәрбиесі әр заманда жастарға білім берүдің негізгі құралы болып келеді. Сол сияқты тек ақылды адамдар ғана терең білімдерді меңгереді және оны дұрыс түсінді. Білімнің мәнін «Ақылдан қымбат байлық жоқ», «Ақылды сатып ала алмайсың», «Ақыл тозбас киім», «Білім сарқылмас булақ» деген халықтың даналық сөздерінен - ақ байқауға болады. Осы сияқты алған білімдерін өмір заңдылықтарымен терең байланыстырғанда ғана адам баласы өз дегеніне қолы жетіп дегенін істей алады. Адам тұлғасының жан-жақты дамуында еңбектің рөлі әрі жауапкершілікті әрі зор болып есептеледі [3] .

Адамның жан-жақты және үйлесімді дамуында еңбек шешүші факторлардың бірі. Ал халық педагогикасында еңбекті бүкіл тәрбиені соғып турған күре тамыры деп қарастырады. Адам баласы еңбексіз дамымайды, оның есесіне кері кетеді, тіпті азып тозады.

Еңбек арқылы адамның денесі, көзқарасы, эстетиаклық және ақыл-ой деңгейі дамып жетіледі, еңбектің мәні және құндылығы артады.

Халық еңбекті асыл мурат деңгейінде қарады. Адам өзінің жан және пән сұлылығын тек еңбекте ғана көрсете алатындығына назар аударды. Сондықтан да баланы еңбекке тәрбиелеү үйелменнін қасиетті борышы.

Жас ұрпақты халқымыз жалпы еңбек сүйгіштікке тәрбиелей отырып, «он саусағынан өнері тамған» нақты кәсіп иесі болуын көздеді. Және бұл жерде еңбек дағдыларын меңгерүде зор жігерліктің қажет екенін жақсы түсінді. Сондықтан еңбек сапасы негізгі көрсеткіш ретінде алынды.

Осы тұрғыдан оқу-ағарту ісінің барысында нені қалдыру нені қайта қарап өзгерту керектігі туындап отыр. Олай болса осы айтылғандардың аясында кезегін күтіп тұрған және бұрыннан мүлде еленбей келген, ендігі жерде ел болуымызға мейлінше қажеттілігі айқын бір нәрсе мектепте жүргізілетін еңбекке баулу сабағы.

Бұл сабақтың жас ұрпаққа берері мол. Ұлттық мәдениетімізбен өнерімізді көркейтуге өмірдегі сұлулық пен көркемдікті тануға мамандықты таңдап алуға, заттардың ерекшелігімен қасиетін түсініп үйретуде, жалпы алғанда еңбекке баулу пәнінің маңызы зор. Еңбекке баулу пәні баланың туындысынан табиғатында бар таланты болса, оның көзін ашып жетілдіруге көмектеседі. Баланың өсіп - өнуінде, оның жеке тұлға болып қалыптасуында осындай үлкен мәні бар еңбекке баулу пәніне бүгінге дейін зер салып көңіл аударылуы жеткіліксіз. Еңбекке баулу сабағында бала қоршаған ортаны қабылдап, өздігінен әр заттың қасиетіне және ерекшелігіне көңіл қою үшін зерттеу жұмысына тақырып етуіміздің бірінші себебі осы.

Мектеп өмірінде басталған мұғалім ретіндегі жұмысымда сабақтың нәтижелі болуы, еңбекке баулуда дұрыс жолын пәнаралық байланыс арқылы меңгерту баланың көркемдікті қабылдауына байланысты екендігіне әбден көз жеткендік екінші себеп болды. Еңбекке баулу пәнін оқытуда көзделетін мақсат оқушыларды еңбекке ынталы етіп тәрбиелеу, қарапайым тұрмыстық және өндірістік заттарға биік талғам тұрғысына қарау табиғат пен адам өміріндегі сұлулықты қорғай білуге баулу. Осы тұрғыдан пәнаралық байланысты оқытудың тиімділігін зерттеген авторларда баршылық. Еңбекке баулу пәні арқылы оқушылардың жеке басын дамыту мәселесін ұлы ойшылдар Сократ, Әл-Фараби, Абай, Аристотель сияқты философтарымыз зерттеген. Уақыт өткен сайын жас жеткіншектерді оқытып тәрбиелеуде психолог педагогтардың да еңбектері айрықша болды. Я. А. Коменский, А. С. Макаренко, М. Жұмабаев, Л. Н. Толстой, Ы. Алтынсарин. Қазіргі кезде пәнаралық байланыс проблемасын зерттеу мен қатар көптеген ғалымдар орасын зор көңіл бөлуде. Мысалы, В. В. Давыдов, И. Д. Зверев, Р. Г. Лемберг, В. Н. Максимова, В. Н. Малахов т. б. болды. Республикамызда соңғы жылдарда жарық көрген мемлекеттік құжаттарда «Білім туралы» заңдарда (1999ж. ) Мемлекеттік білім бағдарламасында (2000ж. ) болашақ қоғам мүшесі келешекте оның белсенді қайраткері болатын жастармен, оларды білім алып дамытумен айналысатын мамандарды білімді де парасатты, шеберде іскер етіп даярлауға көңіл бөлу керектігі атап айтылған [20, 2-б] .

Ғасырлар өткен сайын өмір талаптарына сай ұрпақ оқытып тәрбиелеу туралы ойлар өз жалғасын тауып, психолог - педагогтардың еңбектерінде орын алып отырған. Я. А. Коменский, К. Д. Ушинский, Л. Н. Толстой, Ы. Алтынсарин, А. Г. Ананев, А. Н:Леонтьев, Л. В. Занков, В. А. Крутецкий, А. Н. Лук, Т. С. Сабыров, Р. М. Қоянбаев т. б. ғалымдар еңбектерінде бастауыш сынп оқушыларының еңбекке баулу пәні арқылы пәнаралық байланысқа қызығушылықтарын қалыптастырудың теориялық негіздерін анықтаған. Бүгінгі білім беру саласына түбегейлі енгізіліп, жұмыстар жүргізілуде десек те қазіргі заман талабына сай, бастауыш мектептің оқыту процесінде пәнаралық байланысты жүзеге асырудың педагогикалық негіздерін қалыптастыруды жетілдіріп қана қоймай оны түрлендіре дамыту келелі мәселе ретінде қаралып көңіл бөлуді керек етеді. Білім берудің мазмұнын жетілдіру мәселесі осы тұрғыдан әлі де болса толық шешлімеген, енді ғана ғалым педагогтардың еңбектері, қазақ авторларының қазақ мектебіне арналған оқулық бағдарламаларының жарық көріп отырғанын айтуға болады. Осы көкейтестілікке сәйкес диплом жұмысымның тақырыбын «Еңбекке баулу пән сабақтарын пәнаралық байланыс негізінде оқыту» - деп алдым.

Диплом жұмысы Қазақстан Республикасы Үкіметімен Білім және Ғылым министрлігінің оқушылар білімі мен тәрбиесі сапасын көтеруге, олардың еліміздің өткендегі тарихына, мәдени мұрасына, әдет-ғұрпына, салт-дастүріне танымдық қызығушылығын қалыптастыруға байланысты, еңбекке баулу пәні арқылы пәнаралық байланыстың міндеттерін жүзеге асыруды көздейді.

Зерттеудің пәні:

Бастауыш мектепте еңбекке баулу пәні арқылы пәнаралықбайланысты жүзеге асырудың педагогикалық негіздері.

Зерттеудің нысаны: Бастауыш сыныпты оқыту үдерісі.

Диплом жұмысының мақсаты: Бастауыш мектепте «Еңбекке баулу» пәнін оқыту барысында пәнаралық байланысты жүзеге асыру жолдарын жетілдіріп, нәтижелерін анықтау.

Мақсаттан туындайтын міндеттер:

1. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық ізденімпаздығын қалыптастыру жағдайлары мен деңгейлері.

2. Еңбекке баулу пәні сабағында оқушыларға пәнаралық байланыстың жұмысын жетілдіру жолдары.

3. Еңбек пәнін оқыту барысында пәнаралықбайланыс негізінде оытудың нәтижесі.

Зерттеудің әдістері:

Зерттеу проблемасы бойынша ғылымиәдебиеттерге, оқулыққа, бағдарламаға, әдістемелік құралға теориялық талдау жасау. Мұғалімдердің озық тәжірибелерін оқып үйрену, оқупроцесінде пәнаралық байланыстың нәтижелерін бақылау.

Димлом жұмысының құрылымы: диплом жұмысы к іріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ЕҢБЕККЕ БАУЛУ ПӘН САБАҚТАРЫН ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС НЕГІЗІНДЕ ОҚЫТУ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Пәнаралық байланыс негізінде оқыту проблемасының психологиялық-педагогикалық тұрғыдан негізделуі

Қазіргі кезде пәнаралық байланыс проблемасын педагогикалық, психологиялық жағынан зерттеумен қатар, философиялық тұрғыданда көптеген ғалымдар зор көңіл бөлуде. Философиялық деңгейде қарастырған В. В. Давыдов, И. Д. Зверев, Р. Г. Лемберг, В. Н. Максимова, В. Н. Малахов, т. б. болды. Мектеп оқушылары жекеленген пәндерден алынған білімдерін тұтас біріктіріп қабылдай алмайды. Оның негізгі себебі, олар бір-бірімен байланыста, сабақтастықта қарастырылмайды. Осының нәтижесіндеоқушыларда тұтаскөзқаратың туындауына қиындық туғызады. Сондықтанда оқушы санасына дұрыс көзқарас қалыптастыру үшін мектептегі оқу пәндері арасындағы пәнаралық байланысты анықтап, дұрыс пайдалана білу қажеттігі туады [2] .

Пәнаралық байланысты жан-жақты педагогикалық-психологиялық, әдістемелік жағынан зерттеуге бұрынғыдан да зор маңыз беріліп отыр. Бұл мәселені көптеген ғалымдар: М. А. Данилов, В. В. Давыдов, И. Д. Зверев, Р. Г. Лемберг, В. Н. Максимова, В. Н. Малахов, С. А. Рубинштейн, Д. Б. Эльконин, Д. Локк, И. Г. Песталоций, Ж. Руссо, Я. А. Коменский т. б. шұғылданып келді. Олар пәнаралық мәнін, құрылымын әдіснамалық деңгейде қалыптастырған.

Мектеп оқушылары жекеленген пәндерден алынған білімдерін тұтас біріктіріп қабылдай алмайды. Оның негізгі себебі, олар бір-бірімен байланыста, сабақтастықта қарастырылмайды. Осының нәтижесінде оқушыларда тұтас көзқаратың туындауына қиындық туғызады. Сондықтанда оқушы санасына дұрыс көзқарас қалыптастыру үшін мектептегі оқу пәндері арасындағы пәнаралық байланысты анықтап, дұрыс пайдалана білу қажеттігі туады.

Қазіргі кезде мектептегі қайта құру білім берудің мазмұнын жетілдіруді, ғылыми пәндердің өзара байланыста жүргізілуін талап етеді. Мектеп оқушылары жекеленген пәндерден алған білімдерін тұтас біріктіріп қабылдай алмайды. Оның негізгі себебі олар бір-бірімен байланысты сабақтастықта қарастырылмайды. Осының нәтижесінде оқушыларда тұтас көзқарастың туындауына қиындық туғызады. Сондықтан да оқушы санасында дұрыс көзқарас қалыптастыру үшін мектептегі оқу пәндері арасындағы пәнарлық байланысты анықтап, дұрыс пайдалана білу қажеттігі туады [4] .

Еңбекке баулу - мұғалімнің оқушыларға техникалық, технологиялық білім мен білік беретін, оқу мен еңбек үрдісін ұйымдастыратын, балаларды перспективалық технологиямен таныстырып, олардың перспективалық көзқарасын қалыптастыратын оқу үлгісі. Технологиялық еңбек сабақтарын жоспарлау оқу үрдісін ұйымдастырудағы нақтылықты, бағдарламада қойылған мақсаттарды жүзеге асыруға, шеберханаларды ұтымды пайдалануға, сапсы жоғары өнім дайындауды қамтамасыз етеді. Оқушылар сабақта еңбекке қатысты нақты білім мен білікті игереді. Игеру ісі мұғалім тарапынан техникалық - технологиялық мағлұмат беру белгілі бір техникалаық операциялардың орындалу әдістерін көрсету кезінде жүзеге асады. Мұғалім сабаққа дайындық барысында оның мақсатын, мазмұнын, құрылымын жоспарлайды, оқытудың әдістері мен түрлерін қарастырады. Осының бәрін қамтитын сабақ жоспары мынадай элементтерден тұрады:

Сабақтың тақырыбы (оқушыларға берілетін техникалық-технологиялық білім мен біліктіліктің көлемін қамтиды)

  • Сабақтың мақсаты (білім, тәрбие мен даму аспектілерін қамтитын міндеттердің кешенімен таныстырады) ;
  • Материалдық-техникалық базасы (жабдықтар, саймандар, материалдар, көрнекі құралдар, технологиялық карталар) ;
  • Сабақтың құрылымы мен мазмұны оның мақсатына сәйкес белгіленеді, әрбір элементті орындауға жұмсалатын уақытты шамамен анықтауға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы ғылымына еңбегі сіңген қайраткер, профессор Р. Г. Лемберг пәнаралық байланыстың әдіснамалық және педагогикалық негізіне арналған баяндама жасады. Сонымен бірге осы пәнаралық байланыс мәселесімен шұғылданып жүрген педагогика кафедрасының ғалымы А. А. Бейсенбаева "Мектептің оқу-тәрбие үдерісі жұмысында пәнаралық байланысты жүзеге асыру тәжірибесі туралы" көлемді баяндамасында пәнаралық байланыстың дидактикалық ерекшелігіне тоқтады.

Қазіргі кезде шығармашылық еңбекке, еңбек тәрбиесіне ерекше көңіл бөлуде. Шығармашылық ойлау қабілеті кез келген адамда бар. Бұл әсіресе жас өспірімдерге тән қасиет. Психолог мамандар адамның бойындағы шығармашылық ойлау қабілетін бала кезінен қалыптастыру керек деп есептейді. Технология пәні оқушыларңа кең көлемде білім бере отырып, олардың қабілеттерін жетілдіре түсуге, белгілі бір кәсіпке бейімделуіне көмектеседі. Қазір көптеген мектептерде ірілі - ұсақты темір, ағаш өңдейтін станоктар бар. Оқушыларға тек оларды тиімді пайдалануды үйрету кекрек. Оқушылар орындайтын еңбек екіге бөлінеді: бірінші, еңбек сұраныс бойынша жасалып, еңбекақы төленеді; екінші, өзіне қызмет көрсету, мектеп қажеттіліктері, т. б. (өзі үйрену үшін, еңбекақы төленбейді) .

Еңбекті оқушылардың білімдеріне және технология мен техника негіздеріне сүйене отырып ұйымдастырады. Сол үшін мұғалім оқушылардың физикадан, математикадан, сызудан, суреттен алған білімдерін пайдаланатынын ескереді.

Еңбекті ұйымдастырудағы мұғалімнің міндеттері:

  • еңбек обьектілерін таңдау;
  • материалдық-техникалық базаны нығайту:
  • санитарлық нормалар мен қауіпсіздік техникасын сақтау:
  • ұйымдастырудың тиімді түрлері мен әдістерін анықтау;
  • нәтижелерді бақылау, есепке алу:
  • оқушылардың өзін-өзі басқару топтарын құру;
  • көрмелер ұйымдастыру.

Осы орайда мектептің оқу-тәрбие үдерісінің пәнаралық байланыс негізінде ұйымдастырылуы, ғылымдар жүйесінің бір арнаға тоғысуы, адамның интеллектуалдық өрісін байытумен бірге, бүкіл адамзаттық құндылықтар көзінің де бірлігін, жалпы ақиқат дүниенің біртұтас жүйе екендігі туралы ғылыми көзқарастың қалыптасуына мүмкіндік береді.

Оқыту мен тәрбиелеудегі пәнаралық байланыс мәселесін және білім берудегі интеграцияны әртүрлі негізде жасауға Н. В. Малахов, И. А. Лошкарева, И. Д. Зверев, В. Н. Максимова, Т. Г. Рамзаева, Н. Н. Светловская, М. Р. Львов, Н. Я. Велинкин, т. б. зор үлес қосты. Бұл педагог-ғалымдардың еңбектерінде пәнаралық байланыс мәселесі жан-жақты қарастырылды [4] .

Қазақстандық педагогикада жалпы білім беретін мектептегі оқу-тәрбие үрдісіндегі интеграция мәселесінің педагогикалық негізін Б. Т. Нәбиева, А. Р. Бектениярова, А. Ерімбетова, Р. К. Аббасова, А. А. Әбдиева т. б. сипаттаса, жаңа үлгідегі мектептердің ғылым мен тәжірибе интеграциясының педагогикалык негізін Г. К. Мендіғалиева, аспиранттардың оқу жөне зерттеушілік қызметі интеграциясы мәселесін Т. Н. Бақайбекова, бастауыш білім мазмұнын интеграциялау мәселесін К. Жүнісова, Ә. Мұханбетжанова және т. б. қарастырған. Олардың ғылыми еңбектерінің аса құнды екендігі мәлім [9, 10] .

Ал, мектеп тәжірибесінде пәнаралық байланысты жүзеге асыруда мұғалімдер біршама қиындықтарға ксздесіп отырғаны белгілі. Атап айтқанда, оқыту үдерісін тиімді ұйымдастыру, жеке пәндер арасындағы ортақ ұғымдарды, зандылықтарды бір-бірімен өзара байланыстылықта қарастыру, оқушылардың танымдық, ізденушілік қабілеттерін, іс-әрекеттерін дамыту, алған білімдерін жинақтау, тәжірибеде қолдана білуге үйрету тағы басқа мәселелер дидактикалық тұрғыдан шешуді қажет етеді.

Технология сабағында оқушыларды еңбекке баулу, олардың жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып жүргізіледі. Оқу материалының мазмұны қазіргі заман талабына сай ғылыми - техникалық жетістіктердің даму деңгейіне жақындатылған болуы тиіс. Оқу материалы оқушыға түсінікті болуы тиіс. Ол үшін әртүрлі әдістемелік құралдарды жиі қолдану кекрек. Оқушылардың жүктемесін олардың жас ерекшеліктерін ескере отырып берген дұрыс әрі ол қарапайым болғаны дұрыс. Еркін тақырыптағы сарамандық жұмысты орындау кезінде оқушыларды қабілеттеріне байланысты үш топқа бөлуге болады.

Бірінші топқа, өз қабілеттері мен мүмкіндіктерін жақсы білетін, жаңа тапсырмаларды орындауға қызығушылықпен кірісетінжәне алғашқы қиындықтардың өзінде-ақ ешбір қысылмастан мұғалімнен көмек сұрайтын оқушылар жатады. Бұл топқа сурет салуға жалпы өнерге бейімді бар оқушылар жатады.

Екінші топқа, өз қабілеттері мен мүмкіндіктерін сенімсіз бағалайтын оқушылар жатады. Аздаған қиындықтардың өзінде-ақ олар көмек сұраудан қысылады және не істерін білместен жұмыстарын тоқтатады. Мұндай оқушыларға көбірек көңіл бөліп, оларға өз күштеріне деген сенімділік ояту керек. Олардың еңбегін бағалау кезінде тіпті ең шағын жетістіктерін атап өтіп, жұмысқа деген құлшынысын ояту керек. Оларға ауық-ауық көмекке келіп, олардың жұмыстарының сәтті орындалып келе жатқандығын айтып, көңілдерін көтеріп отыру керек.

Үшінші топқа, өз мүмкіндіктерін бағалай алмайтын оқушылар жатады. Олар өз мүмкіндіктерін асыра бағалайды. Олар кез келген жұмысқа белсенді және сеніммен кіріседі.

Алайда алғашқы қиындықтардың өзінде бұл қиындықтардан қалай өтуге болатыны туралы ойламастан тоқтайды. Мұғалімнен көмек сұрамастан, өздеріне басқа жұмыс беруін өтінеді. Егер мұғалім басқа жұмыс бермесе, жұмыс істеуін тоқтатады. Бұл жағдай жұмыс істеп жатқан басқа оқушыға кесірін тигізуі мүмкін. Сондықтан мұғалім оларға өздері сұраған жұмысты беріп алғашқа қиындықтар кездескенде мұғалімді шақырулары тиіс екндігін түсіндіреді. Оқушы жұмысқа толық кірісіп кеткенше оның қасында болып, оған көмектесу қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектепте еңбекке баулуды оқыту практикумы
Еңбекке баулу пәнін оқыту барысындағы пәнаралық байланысты жүзеге асыру
«Көркем еңбек» пәнін 2- сыныпта оқыту барысында пәнаралық байланысты жүзеге асырудың тиімді жолдарын теориялық тұрғыдан айқындау
ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА КІРІКТІРУ ӘДІСТЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ
Еңбек пәнін оқыту әдістемесі (оқу-әдістемелік құрал)
Жалпы техикалық және арнайы пәндерді оқыту әдістемесі пәніне кіріспе
Автомобильді пайдалану және техникалық қызмет көрсетуді оқытудың тиімді әдістері мен формалары
Бастауыш мектепте оқыту барысында пәнаралық байланысты жаңа технологиялар арқылы ұйымдастыру
Бастауыш сынып оқыту үдерісінде оқушыларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеудің педагогикалық негізі
Өңделетін материалдардың қасиеттерімен таныстыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz