Қазақстандағы балалар құқығы


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:
Түйін
ҚР кәмелетке жасы толмағандар арасындағы қылмыс және оның алдын алу жолдары. Бұл диплом жұмысында кәмелеттік жасқа толмағандар қылмысы мен қоса, оларға тағайындалатын жазалар оны болдырмаудың негіздері қарастырылған.
Аннотация
Преступление среди несоершеннолетных и пути их профилактики в РК. В дипломной работе рассмотрены преступления несовершеннолетних, назночаемый за них дисциплинарные наказании и основы их профилактики.
Белгілеулер мен қысқартулар
Осы дипломдық жұмыста келесі қысқартулар қолданылды:
1. ҚК - Қылмыстық кодекс
2. ҚР- Қазақстан Республикасы
3. БҰҰ- Біріккен ұлттар ұйымы
4. КСРО- Кеңестік Социолистік Республикалар Одағы
5. БАҚ - Бұқаралық ақпарат құралдары
6. ТМД - Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы
7. ЮНИСЕФ - Балаларға халықаралық төтенше көмек көрсету фонды
Анықтамалар
Осы дипломдық жұмыста Қазақстан Республикасы білім беру жүесі. Жоғары оқу орындарында диплом жұмыстарын (жобаны) орындау ережесі.
Негізгі ережелер. ҚР МЖМБС 5. 04. 020-2008-ға сәйкес келесі анықтамалар мен терминдерқолданылады.
1. Ювенал әділет жүйесі дегеніміз - оның басты міндеті белгілі бір ведомствоның жауапкершілік шекараларын тізбелеу немесе, нақты баланың құқықтары мен заңды мүдделерін нақты өміршең жағдайда қорғау болып табылады.
2. Қылмыстылықтың алдын алу бұл - тек қана теріс мән-жайларды кетіру, зиянсыздандыру ғана емес, сонымен қатар қоғамның әлеуметтік өмірінің өң үрдістерін ынталандыру.
3. Қылмыстылық - белгілі уақыт кезеңі ішінде нақты аумақта жасалған, сандық және сапалық көрсеткіштермен сипатталатын қылмыстар жататын әлеуметтік-құқықтық құбылыс.
4. Тіркелген қылмыстың саны бұл - ашылған және ресми түрде есепке алынған, қылмыстық заңнамамен көзделген қоғамға қауіпті іс-әрекеттің саны.
5. Конвенция - балалар құқықтарын қорғау.
Нормативтік сілтемелер
Осы дипломдық жұмыста келесі нормативтік құжаттарға сілтемелер жасалды :
1. «Қазақстан Республикасындағы балалардың құқығы туралы» заң қабылданды. 2002ж
2. «Неке және отбасы туралы» 1998ж
3. «Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және бала қадағалаусыздығы мен панасыздығын ескерту туралы» заңдар. 2003ж
4. Кәмелетке толмағандар құқық бұзушылықтары мен қадағалаусыздығының алдын алу аясында құқықтық қатынастарды реттейтін заңға тәуелді нормативтік актілер; 2003ж
5. «Мемлекеттік органдар және бала құқықтарын қорғау» 44-бабы уәкілетті мемлекеттік орган. 2008ж
6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің адамды сатуға қарсы күрес, қылмысты болдырмау және оның алдын алу жөніндегі 2004-2005 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы»
7. «Қазақстан Республикасының адамдарды сатуға қарсы әрекет жасау мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы жіберілді.
8. Қазақстан Республикасының Президенті “Қазақстан -2030” халыққа жолдауы 1997ж
9. Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексі 2003ж
10. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 2007ж
11. «Кәмелетке толмағандар істері бойынша мамандандырылған ауданаралық соттар мәселелері туралы Қазақстан Республикасының бірқатар заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы 2006ж
12. «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 1999ж
Мазмұны
Нормативтік сілтемелер
Анықтамалар
Белгілеулер мен қысқартулар
Аннотация
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3-7
1 Қазақстандағы балалар құқығының қамтамасыз етілуі
1. 1 Қазақстан Республикасындағы балалар құқығы . . . 8-12
1. 2 Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары халықаралық құқық қорғау стандарттарының аясында . . . 13-19
2 Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы
2. 1 Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығының түсінігі, жаза түрлері . . . 20-28
2. 2 Қазақстандағы ювеналды әділет жүйесі . . . 29-34
3 Кәмелетке толмағандар қылмыстылығының себептері және олардың алдын алудың тиімді жолдары
3. 1 Жасөспірімдердің қылмыс жасауының себептері және отбасының ықпалы . . . 35-42
3. 2 Кәмелетке толмағандар қылмысының алдын алдын алудың тимді жолдары . . . 42-48
Қорытынды . . . 48-53
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 54-55
Қосымшалар . . . 56-
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының әрекет етіп отырған Қылмыстық кодексі бойынша қоғамға қауіп төндіретін әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілікке қылмыс жасағанға дейін жасы он алтыға толған тұлға тартылады. Сонымен бірге кәмелетке толмаған жасөспірім қылмыстың қоғамдық қаупін түсінетін кезде, қылмыстық жауапкершілікке он төрт жастан тартылады. Осындай қылмыстардың тізімі ҚК 15 бабында анықталған.
Қылмыстылық әрекетке тарту, кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауға ұмтылысын туғызған немесе оны қылмыстылық әрекетке іс жүзінде тарту әрекеттерінен көрінеді. Қылмыстылыққа тарту қылмыс жасауға арандату жолымен де, сондай-ақ кәмелетке толмаған өз тілегінен тыс қылмыстылық әрекетке тартылып, оның білместігі мен сенгіштігін пайдалану жолымен де жүзеге асырылуы мүмкін.
Кәмелетке толмағандарды қылмыстылық әрекетке тарту, кәмелетке толмағанды психикалық немесе күш қолдану арқылы ықпал ету жолымен (өтініш ету, уәделесу, ұсыныс жасау, алдау, қорқыту, қауіптендіру, күш көрсету т. с. с. есірткі қолдану) қылмыс жасауға итермелеген әрекет нақты жасалған сәтте, қарастырылатын қылмыстың құрамы жоқ болған кезде аяқталды деп саналады.
Барлық жағдайларда да заң кәмелетке толмағандарды қоғамға қарсы және адамгершілікке жат кәсіпке тартуда үлкендердің белсенді ықпалы болғанын қарастырады.
Арамтамақтық тіршілік ету үшін кәмелетке толмағандарды пайдалану, қайыр сұраумен айналысқанда жас балаларды, жас нәрестелерді де пайдалану түрінде көрінеді. Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығы ғалымдар мен тәжірибелік қызметкерлердің көңілін бірнеше себептерге байланысты алады. Ең бастысы- жас уақытында қылмыс жасап отырған тұлғалар, кейіннен, әдетте, түзеуге келмейді және ересек, рецидивті қылмыстылықтың негізгі резервін құрады.
Кез келген қоғамның ерекше қамқорлығы пәні ретінде өсіп келе жатқан ұрпақтың денсаулығын қорғау және нығайту, олардың ортасында пайда болатын маскүнемдік, есірткіқұмарлық, жезөкшелік сияқты теріс әлеуметтік құбылыстармен күресу болып табылады. ҚР Конституциясының 27 бабына сәйкес мемлекетпен танылатын және қорғалатын маңызды құндылықтардың бірі болып табылып, балалық шақ мемлекет қорғауында болып табылады. Алайда соңғы жылдарда объективтік түрде келесіні мойындай қажет: Кәмелетке толмағандарды адамгершіліктік, құқықтық және физикалық тәрбиелеу жеткілікті көңіл бөлінбейді, оған кейде аса қатігездікпен олардың тарапынан жасалатын қылмыстық әрекеттердің санының өсуі куә болады.
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі, кәмелетке толмағандар қылмыстылығымен күресу көптеген ғалымдардың, зерттеушілердің зерттеу пәні болып табылады. Бұл жұмыста М. Нарикбаев, К. Бегалиев, Е. Қайыржанов, Д. Чукмаитов, В. Кудрявцев, В. Эминов, В. Щепельков сияқты белді ғалымдардың еңбектері қолданылды.
Бұл жұмыста кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылық жағдайлары, ерекшеліктері қарастырылып, олардың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасауға талпыныс болғандықтан, кәмелетке толмағандар қылмыстылығымен күресудің тиімді шараларын іздеу, анықтау мақсатында оның тарихи аспектісіне көңіл бөлінді, сонымен қатар шет елдік тәжірибеге көп көңіл бөлінді.
Тақырыптың өзектілігі: Кәмелетке толмағандарды қылмыстық немесе өзге де қоғамға қарсы әрекетке тартудың субъективтік жағын зерттегенде қылмысқа тартушының қылмысқа тартылушының кәмелетке толмағаны туралы білетіндігін не білмейтіндігі дерегін анықтау қажет. Бұл жай ғана сәт емес, қылмысты дұрыс жіктеудің міндетті шарты. Егерде қандай да бір тұлғаны қоғамға қарсы әрекеттің қарастырып отырған түрінің біріне тартқанда, «үлкен адам қылмысқа тартылушының кәмелетке толмағанын білмесе аталған қылмыстың құрамы жоқ болып саналады».
Зерттеу мақсаттары мен міндеттері. Жұмыстың мақсаты ретінде кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының алдын алу жолында жаза тағайындау кезінде маңызды болып табылатын мәселелерді саралап, тиімді іс-шаралар кешенін өңдеу. Аталған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:
- кәмелетке толмағандардың қылмыстылығының криминологиялық сипаттамасын беру;
- кәмелетке толмағандарға жаза қолданудың тарихи аспектісін зерттеу;
- кәмелетке толмағандарға қолданылатын жаза түрлерін саралау;
- жаза тағайындау кезінде ескерілетін мән-жайларды зерттеу;
- қылмыстылықтың алдын алу шараларын өңдеу.
Зерттеу объектісі мен пәні. Зерттеу объектісі ретінде кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауына және оларға жаза тағайындауға байланысты туындайтын құқықтық қатынастар кешені. Зерттеу пәні ретінде кәмелетке толмағандарға жаза қолдану ережелерін реттейтін қылмыстық-құқықтық заңнама.
Зерттеу әдістері. Зерттеу барысында салыстырмалы- құқықтық, логикалық, материалистік, салыстырмалы, тарихи- құқықтық зерттеу әдістері қолданылды.
Жұмыстың құрылымы. Жұмыстың құрылымы дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты мен міндеттеріне сәйкес келеді. Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен және оны құрайтын жеті бөлімшеден, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жұмыстың ғылыми негіздемесі: Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауапкершілікке тартудың өзіндік тарихи ерекшелігі мен даму кезеңдері бар. Мәселен, қазақтың дәстүрлі қылмыстық құқығы бойынша жас қылмыскерлер 15 жасқа толғанша сотқа тартылмаған.
Қылмыстылық әрекетке тарту, кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауға ұмтылысын туғызған немесе оны қылмыстылық әрекетке іс жүзінде тарту әрекеттерінен көрінеді. Қылмыстылыққа тарту қылмыс жасауға арандату жолымен де, сондай-ақ кәмелетке толмаған өз тілегінен тыс қылмыстылық әрекетке тартылып, оның білместігі мен сенгіштігін пайдалану жолымен де жүзеге асырылуы мүмкін.
Қылмыстылық әрекетке тарту әрқилы болуы мүмкін: кәмелетке толмағандар арасында әңгімелер, «қылмыскерлік әндер» арқылы «қылмыстық романтикаға» қызығушылығын тудыру, кештер ұйымдастыру, қорқыту, сатып алу, алдау, орындалуы қылмыстылық әрекетке жататын әртүрлі тапсырмалар беру т. с. с.
Халықаралық - құқықтық нормаларда баланың денесі мен ақыл-ойының толық жетілмегендігіне байланысты арнайы қорғау мен қамқорлыққа, соның ішінде құқықтық қорғауға мұқтаж болғандықтан, адам құқықтарының жалпыға бірдей мәлімдемесінде балалар ерекше қамқорлық пен қорғау объектісі деп танылумен бірге, соған қарамастан мемлекеттер міндеттемелерді ескерместен балалардың дамып - жетілуіне көмектеспей, бәз-баяғыша кедейшілікте, білім ала алмай, отбасындағы қамқорлықпен тәрбиенің жетіспеушілігінен қорлық көріп келеді. Балалар сауданың, ұрлық пен пайда табудың түрлі нысанына ұшырап жатыр өйткені, қарулы қақтығыс пен шоу-бизнес жүйесінің иіріміне де тартылып келеді [1] .
Қылмыстылық дегеніміз - бұл белгілі уақыт кезеңі ішінде нақты аумақта жасалған, сандық және сапалық көрсеткіштермен сипатталатын қылмыстар жататын әлеуметтік-құқықтық құбылысы.
Тіркелген қылмыстың саны-ашылған және ресми түрде есепке алынған, қылмыстық заңнамамен көзделген қоғамға қауіпті іс-әрекеттің саны кейінгі 20 жыл ішінде кедейшілікте өмір сүретін адамдар саны 1, 2 млрд - тан асып кеткен, басқаша айтқанда әлемдегі әрбір бесінші адам кедейшілікте өмір сүреді, оның 600 млн-ын балалар санын құрады.
Дүние жүзінің түкпір - түкпірінде, оның ішінде ТМД аумағында да қарулы қақтығыстар кезінде шамамен 31 млн адам қасірет шегеді, ал олар, негізінен, балалар мен әйелдер. Олар баспана мен тамақ іздеп босқындарға айналуда және зорлықпен басқа жерлерге көшуде сондықтан, қарулы қақтығыстар салдарынан 2 млн - нан астам бала қайтыс болған. 6 млн-нан астамы ауру және мүгедек болып қалды. Ондаған мың бала жаяу әскерге қарсы миналардың құрбанына айналып отыр.
БҰҰ-ның Бас ассамблеясы 1989 жылғы 20 қарашада Бала құқықтары туралы Конвенцияны қабылдады, бала құқықтары туралы Конвенцияа бүгінгі таңда 191 мемлекет қосылған, оның ішінде Қазақстан Республикасы да бар. Конвенция декларативтік акті болып есептелмейді. Бұл әлемдік қауымдастыққа кіретін мемлекеттер жасаған көп жақтылы заңды міндетті құжат. Осы Конвенцияны бекіткен мемлекеттер өз елінің аумағында оның нормаларын сақтауға міндетті. Өздеріне жүктелген міндеттемелерді сақтамау әлемдік қауымдастық алдындағы жауапкершілікке алып келеді.
Конвенция болашаққа бағытталған, өйткені онда әлем халқының жартысына жуығын құрайтын бүгінгі балаларға әділ де ізгілікті әлеуметтік тәртіпті орнату ісі жүктепледі деп танылған жәгне оның әлемнің барлық аймағындағы барлық халықтар үшін маңызы зор. Конвенцияның негізгі мақсаты бала мүделерін барынша қорғау болып отыр және ол Конвенцфияны бекіткен мемлекеттерді балалардың өз елдеріундегі әлеуметтік - саяси өмірге белсенді және шығармашылық қатысуларына жағдай жасауға үндейді.
Бала құқықтары туралы Конвенцияға сәйкес, 18 жасқа толмаған адам - бала деп танылады. Құқыққа ие болу қабілеті адамның дүниеге келген сәтінен бастап пайда болды [3] .
Конвенция өмір сүру мен толыққанды даму құқығын қорғайды, онда балалардың денсаулығын сақтау саласындағы ең жетілген қызметтерді пайдалану, өзінің көзқарасын білдіру және ақпарат алу құқығын растайтын ережелер бар. Балалар дүниге келгеннен кейін дереу тіркелуге, есімі мен азаматтық алуға құқылы, демалуға және мәдени өмірге араласуға, нәпсіқұмарлық пайдалану мен нәпсіқұмарлық азғырудың барлық нысандарын қорғануға құқылы.
Бала құқықтары туралы конвенцияның 3 бабы оның қағидасы болып табылады, оған сәйкес мемлекеттік, жеке мекемелердің, соттың, әкімшілік және заң шығару органдарының кәмелетке толмағандарға қатысты қабылдайтын барлық іс-қимылдарында олардың мүдделерін қорғауға бірінші кезекте көңіл бөлінуге тиіс.
Конвенцияның негізінде 2002 жылы Қазақстанда «Қазақстан Республикасындағы балалардың құқығы туралы» заң қабылдап, осы аталған заң Қазақстан Республикасы Конситутциясымен кепіл берілген балалардың негізгі құқықтары мен мүдделерін жүзеге асырумен байланысты пайда болатын қатынастарды реттейді. Ол қатынастар төмендегідей қағидаларға сүйенеді: балаларды қоғамда толыққанды өмір сүруге дайындау; олардың бойындағы қоғамдық және шығармашылық белсенділікті дамыту; жоғары саналы, патриоттық және азаматтық қасиеттерді дамыту; әлемдік өркениеттің жалпыадамзаттық құндылығына негізделген ұлттың сана - сезімін қалыптастыру [4] .
Білім алу құқығы бойынша конвенцияда, сондай - ақ балалардың қарастырылған және қатысушы мемлекеттерден ақысыз және міндетті базалық білімді қамтамасыз ету талап етілген, себебі, білім баланың қабілетін толық көлемде дамытуға және ата-аналарын, төл мәдениеті мен адам құқықтарын құрметтеуге, тәрбиелеуге бағытталуы тиіс.
Халықаралық - құқықтық нормаларда баланың денесі мен ақыл - ойының толық жетілмегендігіне байланысты арнайы қорғау мен қамқорлыққа, соның ішінде құқықтық қорғауға мұқтаж деп жарияланған. Адам құқықтарының жалпыға бірдей Мәлімдемесінде балалар ерекше қамқорлық пен қорғау объектісі деп танылған.
Соған қарамастан мемлекеттер міндеттемелерді ескерместен балалардың дамып - жетілуіне көмектеспей, бәз - баяғыша кедейшілікте, білім ала алмай, отбасындағы қамқорлықпен тәрбиенің жетіспеушілігінен қорлық көріп келеді. Балалар сауданың, ұрлық пен пайда табудың түрлі нысанына ұшырап жатыр. Олар қарулы қақтығыс пен шоу-бизнес жүйесінің иіріміне де тартылып келеді.
ЮНИСЕФ - БҰҰ-ның Балалар қорының талдамалық деректері бойынша қауіп - қатерге қаншама ұл - қыздардың ұшырап, олардың сатылып жатқандағы, заңсыз алып - жүру, қарыздарын өтеу үшін құлдыққа берілетіндігі, ауыр еңбекке немесе қарулы қақтығыстарға, жезөкшелікке немесе есірткі таратуға тартылатындығын дөп басып есебін айту мүмкін емес екен.
Әлемдегі балалар жағдайының қасіретін көз алдыға елестету үшін бірқатар сандық көрсеткіштерді айтып өтсек те жеткілікті. Халықаралық еңбек ұйымының мәліметтеріне қарай, даму жолдарындағы елдерде 5 пен 14 жас аралығында шамамен 250 млн бала жұмыс істейді екен. Оның 5 пен 11 жас аралығындағы 5-тен 60 млн-ға жуығы өмірге қауіпті жұмыстарда істейтіндігіне назар аудару керек.
Кейінгі 20 жыл ішінде кедейшілікте өмір сүретін адамдар саны 1, 2 млрд - тан асып кеткен, басқаша айтқанда әлемдегі әрбір бесінші адам кедейшілікте өмір сүреді, оның 600 млн-ын балалар құрайды.
Әлемнің түкпір - түкпірінде, оның ішінде ТМД аумағында да қарулы қақтығыстар кезінде шамамен 31 млн адам қасірет шегеді, ал олар, негізінен, балалар мен әйелдер. Олар баспан мен тамақ іздеп босқындарға айналуда және зорлықпен басқа жерлерге көшуде. Қарулы қақтығыстар салдарынан 2 млн - нан астам бала қайтыс болған. 6 млн-нан астамы ауру және мүгедек болып қалды. Ондаған мың бала жаяу әскерге қарсы миналардың құрбанына айналды.
БҰҰ - ның Бас ассамблеясы 1989 жылғы 20 қарашада Бала құқықтары туралы Конвенцияны қабылдады. Бала құқықтары туралы Конвенцияда бүгінгі таңда 191 мемлекет қосылған, оның ішінде Қазақстан Республикасы да бар. Конвенция декларативтік акті болып есептелмейді. Бұл әлемдік қауымдастыққа кіретін мемлекеттер жасаған көп жақтылы заңды міндетті құжат. Осы Конвенцияны бекіткен мемлекеттер өз елінің аумағында оның нормаларын сақтауға міндетті. Өздеріне жүктелген міндеттемелерді сақтамау әлемдікс қауымдастық алдындағы жауапкершілікке алып келеді.
Конвенция болашаққа бағытталған, өйткені онда әлем халқының жартысына жуығын құрайтын бүгінгі балаларға әділ де ізгілікті әлеуметтік тәртіпті орнату ісі жүктепледі деп танылған жәгне оның әлемнің барлық аймағындағы барлық халықтар үшін маңызы зор. Конвенцияның негізгі мақсаты бала мүддеплерін барынша қорғау болып отыр және ол Конвенцияны бекіткен мемлекеттерді балалардың өз елдеріундегі әлеуметтік - саяси өмірге белсенді және шығармашылық қатысуларына жағдай жасауға үндейді.
Бала құқықтары туралы Конвенцияға сәйкес, 18 жасқа толмаған адам - бала деп танылады, өйткені құқыққа ие болу қабілеті адамның дүниеге келген сәтінен бастап пайда болды Конвенция өмір сүру мен толыққанды даму құқығын қорғайды, онда балалардың денсаулығын сақтау саласындағы ең жетілген қызметтерді пайдалану, өзінің көзқарасын білдіру және ақпарат алу құқығын растайтын ережелер бар. Балалар дүниге келгеннен кейін дереу тіркелуге, есімі мен азаматтық алуға құқылы, демалуға және мәдени өмірге араласуға, нәпсіқұмарлық пайдалану мен нәпсіқұмарлық азғырудың барлық нысандарын қорғануға құқылы.
1 Қазақстандағы балалар құқығының қамтамасыз етілуі
1. 1 Қазақстан Республикасындағы балалар құқығы
Кез келген мемлекетте қандай да бір қоғамда балалар ерекше қамқорлықта болады және оларды мемелекет қорғау қажет. Қолымызда барымыздың ең қымбаттысы балалар, сондықтанда олардың өмірі қаншалықты , мемлекет олар үшін қандай жағдайда жасағаны үшін сәйкес еліміздің келешегі айқындалады. Осыған байланысты балаларды қорғау олардың негізгі құқықтарын қорғау кез келген мемлекеттің басты көкейтесті мәселесі болу қажет, яғни бала және отбасы құқықтары конституциялық деңгейде бекітілген. Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-бабына сәйкес неке мен отбасы, ата-анамен әке және бала мемлекет қорғауында болады [5] .
2007 жылдың 23 тамызында кәмелетке толмағандардың істері бойынша мамандандырылған ауданаралық сотар құру туралы Қазақстан Республикасының Президентінің жарлыққа қол қойылғаны белгілі қазіргі кезде мұндай соттар Астана мен Алматы қалаларында жұмыс істейді. 2008 жылы 5 шілдесінде Қазақстан Республикасының кәмелетке толмағандар істері бойынша мамандандырылған ауданаралық соттар мәселесі туралы Қазақстан Республикасының «Кәмелетке толмағандар істері бойынша мамандандырылған ауданаралық соттар мәселелері туралы Қазақстан Республикасының бірқатар заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы қабылданды.
Жастар - инновациялық күш болғандықтан бүгінгі жастардың қасиеттерінің өлшемдері ол ертеңгі еліміздің экономикалық, рухани, әлеуметтік тағы да сол сияқты дамуының басты кепілі немесе негізгі факторы болып есептелінеді. Олардың деморгрфиялық мінездемесі, әлеуметтену деңгейі, білімділік деңгейі, кәсіби дайындығы, саяси және азаматтық білімділігі әсер етуші фактор. Осыған байланысты жастар мәселесін тиянақты түрде дұрыс шешу болашақтағы қоғамның потенциялын дұрыс жолға қою болып табылады. Сондықтан болар, ювенология «жастар туралы ғылымды» (juventilis - жастық, iogos-білім) күнделікті үрдіске енгізу бүгінгі күннің тостырмас талабы болып тұр [6] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz