Дүниені ғылым жолымен тану
1 Дүниетаным, дүниеге көзқарас
2 Қоршаған дүниені білу танымға байланысты
3 Дүниені ғылым жолымен тану
4 Адамзаттың даму эволюциясына байланысты дүниетану деңгейі
5 Дүниетанымның психологиялық негізі

Дүниетаным, дүниеге көзқарас дегеніміз — айнала қоршаған орта, бүкіл әлем, тұтас дүние туралы, ондағы адамның орны, тіршіліктін мәні, мағынасы туралы көзқарастың, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы". Дүниетанымның көзі — білім. Білім неғұрлым тереңдеген сайын дүниетаным да қалыптасып, тұрақтанады. Мектеп қабырғасында алған білімнің шындығы мен ғылымилығы практика жүзінде қолдану барысында айқындала түспек. Осы арқылы адам, заттар, құбылыстар арасыңдағы қарым-қатынас пайда болады. "Адамзаттың, қоғамның пайда болып қалыптасуы қоршаған табиғи ортаның қажетті алғы шарттардың, жағдайлардың болуына байланысты...", "...адамның өмір тіршілігінің, қызмет әрекетінің негізі табиғат заттары мен табиғи процестер" — дейді, философтар Д.Кішібеков пен Ү.Сыдықов. Табиғатты танып, білу, игеру барысында адам қоршаған ортаға ауқымды, қуатты ықпал ете алатын күш екенін және осы қарым-қатынас барысында дүниетанымы қалыптасатынын А.Г.Спиркин, В.С.Степин, Д.П.Горский, Л.П.Шептулин, А.Ф.Файзуллаев еңбектері де әр саладан дәлелдейді. Адам тіршілігінің көзі — табиғат. Осы табиғат заттары туралы оқып, оны танып білу арқылы адам сол табигатпен қатынасқа түседі, оның заттарын пайдаланып, екінші бір қолдан жасалған заттар шығарады. "Екінші затты жасау үшін ол ақылын, білімін жұмсайды, сонын нәтижесінде "екінші табиғат" заттары пайда болады. Бұл "екінші табиғат" дүниелері қоғамның дамуына тікелей әсер етеді. Табиғат заттары туралы ғана емес, оның құбылыстары жайында ұққандарын да ой елегінен еткізіп, табиғаттың даму заңдылықтарын ашатын да — адам. Мұндай жетістіктерге ол қоршаған ортаға бақылау жүргізу, ой қорыту, ғылыми-зерттеулер жүргізу нәтижесіңде жетеді.
Дүниетаным, дүниеге көзқарас дегеніміз — айнала қоршаған орта, бүкіл әлем,
тұтас дүние туралы, ондағы адамның орны, тіршіліктін мәні, мағынасы туралы
көзқарастың, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы". Дүниетанымның
көзі — білім. Білім неғұрлым тереңдеген сайын дүниетаным да қалыптасып,
тұрақтанады. Мектеп қабырғасында алған білімнің шындығы мен ғылымилығы
практика жүзінде қолдану барысында айқындала түспек. Осы арқылы адам,
заттар, құбылыстар арасыңдағы қарым-қатынас пайда болады. "Адамзаттың,
қоғамның пайда болып қалыптасуы қоршаған табиғи ортаның қажетті алғы
шарттардың, жағдайлардың болуына байланысты...", "...адамның өмір
тіршілігінің, қызмет әрекетінің негізі табиғат заттары мен табиғи
процестер" — дейді, философтар Д.Кішібеков пен Ү.Сыдықов. Табиғатты танып,
білу, игеру барысында адам қоршаған ортаға ауқымды, қуатты ықпал ете алатын
күш екенін және осы қарым-қатынас барысында дүниетанымы қалыптасатынын
А.Г.Спиркин, В.С.Степин, Д.П.Горский, Л.П.Шептулин, А.Ф.Файзуллаев
еңбектері де әр саладан дәлелдейді. Адам тіршілігінің көзі — табиғат. Осы
табиғат заттары туралы оқып, оны танып білу арқылы адам сол табигатпен
қатынасқа түседі, оның заттарын пайдаланып, екінші бір қолдан жасалған
заттар шығарады. "Екінші затты жасау үшін ол ақылын, білімін жұмсайды,
сонын нәтижесінде "екінші табиғат" заттары пайда болады. Бұл "екінші
табиғат" дүниелері қоғамның дамуына тікелей әсер етеді. Табиғат заттары
туралы ғана емес, оның құбылыстары жайында ұққандарын да ой елегінен
еткізіп, табиғаттың даму заңдылықтарын ашатын да — адам. Мұндай
жетістіктерге ол қоршаған ортаға бақылау жүргізу, ой қорыту, ғылыми-
зерттеулер жүргізу нәтижесіңде жетеді.
Табиғат заттарын оқып білу арқылы адам табиғат байлығын керегіне
пайдаланады. Сонымен қатар бүкіл білімін, дағдысын, шеберлігін жұмсап, оны
өндіру үшін еңбек етеді. Осының нәтижесінде жасалған заттарды әлеуметтік
өмірде қолданып, қажетіне жаратады.
Ғылым мен техника дамыған сайын әлеуметтік өмір деңгейі де өзгереді.
Осының бәрі табиғат байлығын игерудегі адам миы мен күшінің жұмысы. Адам
табиғат, қоғам — біртұтас дүние. Тұтас дүниені өз мәнінде бір-бірімен
байланысты қабылдау таным үрдісі арқылы жүзеге асады.
Дүниетану ұғымы диалектикалық дамудың қарама-қарсылығы мен
біртұтастығына сүйенбей өте алмайды. Дүние — ол тек бізді қоршаған табиғат
қана емес, ол — адам, адам мен адамның қарым-қатысы, ол.— табиғат, табиғат
заттары мен құбылыстары, ол — қоғам. Әр қоғамның өркендеуіне адамның ойы
мен білімі қандай керек, болса, табиғат пен оның байлығы да сондай керек.
Осының өзі дүниенің бір-бірімен байланысты дамитын, оны бір-бірінен бөліп
қарауға болмайтын орта екенін көрсетеді.
Дүниетану — "дүние" және "тану" деп аталатын екі бөліктен тұрады.
Алдымен нені танып-білу керектігін анықтауымыз керек. Оқушыларға танытқалы
отырғанымыз — дүние. Сол дүниені танып-білу әдістері мен оларды қаруландыру
жолын іздестіріп, тиімділерін іс жүзнде қолдануға ұсынбақпыз. Дүние —
қоршаған орта, табиғат, бүкіл әлем, олай болса бұған енбейтін, оның
құрамына кірмейтін бірде бір зат не құбылыс жоқ. Адам дүниені өмір бойы
танып, білумен, оның таусылмас ерекшеліктерін бақылап, байқаумен
айналысатыны анық. Бірақ оның сырын түгел біліп шегіне шыға меңгеру мүмкін
емес. Дүниені өз дәрежесінде танып-білу әр адамның меңгерген білім деңгейі
мен оның мазмұнына байланысты жүзеге асады.
Адамның әрбір даму кезеңіне байланысты дүниені тану шеңбері мен оның
мәнін ұғыну дәрежесі терендей түседі. Әр кезеннің психологиялық
ерекшелігіне байланысты дүние тану мүмкіндігі де өзгереді. Дүниені өз
мәнінде тану үшін адамның санасы, ой-пікірі, білім деңгейі дамуы керек.
Керісінше дүниені танып-білуге байланысты білім колемі мен ұғым деңгейі,
сана-сезімі кеңейе түседі, адамның көзқарасы қалыптасады. Сөйтіп,
диалектикалық дамудың қарама-қарсылығы мен біртұтастығы жүзеге асады.
"Материалды дүниеге айналадағы қоршаған заттардың бәрі, яғни адамның
санасынан, ой-жүйесінен тысқары, әрі одан тәуелсіз, объективті түрде өмір
сүретіннің бәрі жатады".
Қоршаған дүниені білу танымға байланысты. Таным — адам санасын
дамытуды" негізі және ол арқылы адам өзін қоршаған ортаны игеруге де
үйренеді.
"Таным" — философиялық ұғым, "...айналадағы материалдық шындықты" адам
санасында бейнеленуі". Қоршаған дүние объективті түрде өмір сүретін
болғандықтан, оның заттары мен құбылыстары санада бейнеленеді. Көру,
сезіну, түйсіну арқылы сезім мүшелерімізге материалдық заттар әсер етеді
де, біз оларды қабылдаймыз. Қабылданған дүниені танып білеміз. Сезім арқылы
таныған дүниені ғылыми біліммен байланыстырғанда ғана білім қалыптасады.
Қабыддау барысында сыртқы сезім мен ішкі сезімдер біріге отырып, танымды
нақтылай түседі. Сезінуді ойлау процесі құптау арқылы танымның логикалық
формасы дамиды.
Адам баласы таным арқылы білмеуден білуге кешіп отырады. Ол затты
құбылысты танығаннан кейін, енді таныс еместерін білуге ұмтылады, ізденеді.
Сөйтіп, әлде де толық емес білім, толығырақ, дәлірек білімге қарай дамиды.
Тану үшін адам дүниеге белсенді әсер етеді, оған ықпал жасап, өзгертеді,
екінші зат өндіреді, соның нәтижесінде өзі де өзгереді.
Таным арқылы заттар мен құбылыстардың басты белгілері, ұқсастықтары мен
айырмашылықтары жайындағы бейнелі қабылдау нәтижесінде ұғым туады.
"Таным... практикалық қызмет барысында іске асады".
Осылайша таным нақты дүниеге, қоршаған ортада бар заттарға негізделсе,
оны өз мәнінде танып-білу үшін ғылым керек. Дүниетанымды қалыптастыру үшін
биологиялық, химиялық, тілдік және басқа ғылым салаларынан, өз ұлтымыздың
мәдениеті, әдебиеті, қазіргі таңда рухани өмірде жеткен жетістіктерін бір-
бірімен байланыстыра отырып білім беруді қамтамасыз ету керек.
Дамыған қоғам мен биологиялық ғылымның, техникалық ара қатысынан айқын
тартылған шекараны табу қиын.
Академик В.В.Струминский философия ғылымы мен биологиялық ғылымның
бірін-бірі толықтырып, біріне-бірі сүйене отырып, дүниетаным шекарасын
күшейте түсетінін айта келіп, "Искать границу раздела — это значит
воздвигнуть стену между естественными и общественными науками" дейді.
Қазіргі таңда адамның дүниені тани білу ауқымын тіпті күшейте, кеңейте
түсу талабы туып отыр. Бүкіл әлемді, галактиканы, жұлдыздардың пайда болуы
мен дамуын зерттеп отырған астрофизика ғылымы болса, маман емес адамдардың
өзі онда болып жатқан жаңалықты біліп, түсінуге тырысады.
Дүниетану ұғымына диалектикалық тұрғыдан қарайтын болсақ, казіргі
таңдағы ғылым мен техниканың дамуын, ірі ашылыстарды ғана есепке алып
қоймай, өндіріс күштерінін, ондағы адам мен қоғамаралық қатынасты да
қадағалай білген жөн.
Жаңа заманда ғылым қоғамның үлкен өндіріс күшіне айналуына байланысты
өндіріс күшін өндірістік қатынастан бөліп қарауға болмайды. Керісінше,
қадағалау арқылы ғылыми-техникалық революцияның қоғамға тигізер пайдасымен
қатар, табиғи ортаға, адам тіршілігіне келтіретін қиындығын түсіну қажет.
Ғылым мен техниканың дамуына байланысты адам баласы табиғи дүниемен
қарама-қайшылыққа түсіп отыр. Себебі дамыған техниканың әсерінен айнала
қоршаған орта ластанып, табиғи объектілердің, заттардың түрлері азайып,
адам денсаулығы мен өміріне қауіп төнуде. Түрлі машиналардан, зауыттар мен
өндіріс орындарынан шыққан улы газдар көбейіп, тіршілікке қауіп туғызуда.
"Адамзат өмір сүретін табиғат аясы да азып-тозып барады, ендігі жас
ұрпақтың қандай табиғат жағдайында өмір сүретіні күрделі мәселеге
айналуда".
Қазіргі кезде орын алып отырған экологиялық апаттар еліміздің түкпір-
түкпіріне зиянын тигізуде. Бір ғана Арал теңізінің апаты бүкіл жер жүзіне
зиян келтіретіндігі белгілі болып отыр.
Есепсіз кесілген ағаш, есепсіз пайдаланған судың қоршаған ортаға
тигізіп отырған зияны ұшан-теңіз. Ағаштың азаюынан топырақтың құрғап кетуі,
судың тартылуынан аса бағалы халық байлығы — балықтың азаюы — осының бәрі
де бізді қоршаған дүниеге адам баласының өз қолымен жасап отырған зияны.
Пайдалы қазбалар өндірген шахталар орны толмайтын үңгір апандарға айналды.
Ол жерлердеі тіршілік ететін қаншама тірі табиғат енді келмеске кетті.
Топырақтың табиғи қалпындағы құрамы органикалық затқа соншама бай, оны
санап болмайды. Егер оны микроскоп арқылы қарасақ, 1 шаршы метр жерде
мыңдаған бактериялар, миллиондаған балдырлар, мыңдаған бунақденелілер
тіршілік ететінін білеміз. Ал, сол өте құнды да бай тіршілік ортасы —
топырақты жырту оның құрылымының бұзылып, құрамындағы тіршіліктердің
жоғалуына әкеліп соғады. Тірі табиғаттың топырақ құрудағы пайдасы жайында
оқып, білген адамға бұл айтылған зиянды түсіну қиын емес. Осындай есепсіз,
жауапсыз ысыраптан дүниені сақтау үшін әр адамның дүниетану сауаттылығы
болуға тиіс. Дүниеге енжарлық, сауатсыз қарау, жауапсыз іс-әрекет жасау
әдейі зиян келтірумен бірдей.
Ғылымның дамуы қоршаған табиғи ортаны зерттеп қана қоймай, оның кейбір
ерекшеліктерін техниканың өркендеуіне пайдалануға мүмкіндік береді. Осының
нәтижесінде аралық ғылымдар пайда бодды. Мәселен, бионика ғылымы
биологияны, техниканы, физиканы байланыстырады. Жаңа ғылым — ғаламдық
биология дамыды. Табиғат байлығын, адам еңбегін үнемді пайдалану
экологиялық білімі жоғары, дүниетану деңгейі дамыған, мәдениетті қауымның
өсуін қажет етіп отыр.
Биологиялық ғылымдардың зерттеу нәтижесі бүкіл шаруашылық түрлеріне
енуде. Күннен күнге, осіп дамып келе жатқан халық саны, азайып бара жатқан
табиғи ресурстар адам, табиғат, қоғам арасындағы байланыстың мәнісіне
түсініп, сауатты қатынас жасауды керек етеді. Адам, табиғат және қоғамның
бір-бірімен байланысынсыз бір де бір ғылым дамуы мүмкін емес. Сондықтан да
орта білм беру саласына биологиялық білімнің бастамасы болып саналатын
дүниетанымдық мазмұн енуін және оны оқытуды бастауыш сыныптан қолға алу
қарастырылып отыр.
Көптеген ғылым салаларында дүниетанымдық көзқарас философиялық тұрғыдан
қарастырылады. Қазақ халқының қоғам, адам, табиғат туралы философиялық
ойлары ертеден-ақ адамгершілік, ізгілікті көксеу, имандылықты дәріптеу,
зорлық-зомбылыққа қарсы күресу, мемлекет пен адам тағдырының мәнін түсіну
тұрғысында қалыптаса бастаған. Мәселен, ақындар, жыраулар, хандар мен
батырлар, билер — осылардың бәрі де әділдік, адамгершілік, табиғат байлығын
меңгеру сияқты тіршілік қамына тікелей байланысты мәселелер тұрғысында ой
қозғады.
Халық арасынан шыққан ақындар табиғат пен әлеуметтік ортаның байланысы
туралы біршама шығармашылық үлгі көрсетті. Философия ғылымы біртіндеп дами
отырып, заттар мен құбылыстардың мәнін, олардың байланысын, қоғам, адам,
табиғат арасындағы ішкі — сыртқы тұтастықтары жайында тиімді ойлауға, сол
арқылы дүниені танып-білудегі қайшылыктарды шешуге тырысады. Әр қоғамда да
білім мен сананын байланысы айқын байқалады. Адам санасы меңгерген
біліміне, өмір тәжірибесіне, алдыңғы қатарлы даналық пікірлер жиынтығына
байланысты дамиды.
Алдынғы қатарлы ойшылдар да өздерінің көрген-білгендерін терең біліммен
байланыстыра отырып, ауқымды ой жүйесін құрады. Осыдан халықтық философия
және ғылыми көзқарастар туады. Қоғамдық сананың өсуімен байланысты адамның
ойлау дәрежесінің шеңбері де ұлғаяды. Сөйтіп "...қоршап тұрған дүниені,
қоғамды, және адамның өзін дұрыс бейнелеу белесіне жету" көзделеді.
Адамзаттың даму эволюциясына байланысты дүниетану деңгейі де өзгеріп,
күрделене түсті. Неғұрлым табиғи ортаға икемделіп, оның сырын аша бастаған
сайын адамның оны меңгеру мақсаты да, соған орай атқаратын қызметінің түрі
де өзгерді. Енді адам табиғатқа табынушы, оның дүлей күшінен қоркатын
қалыпта қалмай, оны бағындырушы, керегіне карай өзгертуші дәрежесіне жетті.
Сейтіп табиғатты меңгеру денгейінің өсуімен байланысты адам санасы мен
білімі де өсе түсті.
Қоршаған ортадан алған ұғымдарына байланысты сөз қоры молайып, заттар
мен құбылыстардың қасиетін бейнелейтін ой тұжырымдау деңгейіне көтерілді.
"...ұғымдар байлығы адамды әлемнің тылсым сырын танып-біліп, табиғат
күштерін игеруге жақындата түседі". Бірақ ертеректе әр зат пен құбылыстың
бүкіл қасиетін ашып, оның сырын, бір-бірімен байланысын білетіндей дәрежеге
көтерілу мүмкіндігі болмады. Ондай тұрғыда түсіну үшін дамыған ғылым керек
еді. Заттар мен құбылыстардың химиялық, физикалық, биологиялық қасиеттерін
жай байқау арқылы анықтау, олардың байланысын дәлелдеу, ара қатынасын ашу
ғылыми ұғымсыз қиындыққа соқты.
Білім салаларының қай-қайсысы да адамның дүниетанымын қалыптастыруға
үлесін қосады. Сондықтан да ертеден бастап ғылымның дамуына орай
дүниетанымдық деңгей де бірнеше кезеңнен өтті. Оның ең алғашқы кезеңі —
халық ауыз әдебиетінің басты түрлері — ертегілер, аңыздар, айтыстар,
батырлар жырлары негізінде қалыптасқан дүниетанымдық деңгей.
Бұл кезендегі дүниетанымдық деңгей адамдардың өз тәжірибесінен,
күнделікті омірден, олардың арасындағы қарым-қатынастан туындаған
дүниетанымдықпен сабақтаса байып отырды. Аңыз, ертегілерде қоршаған дүние
ішінде адамды жоғары ұстап, оның өзіне тән қасиеттердің (батырлық,
тапқырлық, күштілік, ақылдылық, сұлулық, ізгілік, адамгершілік және т.б.)
сол кездегі қоғаммен тығыз байланыста көрсетеді.
Қай кезде де адам өзі өмір сүретін ортада қызмет етіп, яғни, іс-әрекет
жасап, өз қажеттілігін өтеп, алдына мүдде, мақсат қойып, сол арқылы
көксеген мұратына ұмтылады. Бұл — адамның тарихи дамуын көрсететін жағдай.
Көксеген мұратына жету үшін білім, ақыл-ой, шеберлік, ұстамдылық пен
шыдамдылықтың қажетгілігі аңыз, ертегілерде атап айтылған.
Сонымен қатар, жоғарыда айтылған кезендерде табиғат күшіне табынушылық,
дінге сенушілік басым болды да, адамның дүниетанымы да осы ой пікірлерге
лайықты тұрғыдан көрінді. Табиғат, қоғам, адам, төрт түлік мал, тәрбие,
түрлі қолөнері жайындағы түсініктер біртіндеп дамып. бүкіл халықтық ой-
санаға айналды.
Адамның танымы білмеуден білуге, қарапайымнан күрделіге қарай нақтылы
шындықты түсіну кезеңіне көшті. Бұл тұста сұлулық, әдемілік, достық туралы
дүниетаным етек алды. Адамгершілік, батырлық, байлық сияқты философиялық
категориялар орныға бастады. Күнделікті өмір тіршілігіне негізделген
дүниені тану — сезіну мен түйсінуге сүйеніп қоршаған орта заттарын көру,
ауызша айту, эмоциялық бейнелі қабылдау тұрғысында жүзеге асты. Қазақтың
ауыз әдебиетіндегі ойшылдар (Асан қайғы, Бұхар жырау, Шал ақын, Шортанбай,
Ақтамберді, Шалкиіз, Дулат, Майлықожа, Ақан сері, Махамбет, Шернияз,
Сүйінбай және т.б.) өздерінің дүниетанымдық көзқарастарында материалдық,
рухани байлықтарды, ақыл-парасатты, адамгершілік, қоғамдық байлықты игеру
мақсаттарын паш етті. Бұл дүниетанымның ақыл-ой мен парасатгылық деңгейіне
көтерілген шегі болатын. Олардың көксегені теңдік, бостандық, жерді сақтау,
табиғи ортаны құндау, адамдар арасындағы қарым-қатынас, үлкенді сыйлау және
т.б. өмір тіршілігіне тікелей қатысы бар мәселелерді дәріптеу болды.
Мұндай дүниені көркемдеп жеткізу, Абай тілімен айтқанда, "Жан азығы"
еді. "...Табиғаттың бойындағы әсемдікті, күш-қуатты адамның қажетіне
сәйкестендіріп, қол я тіл арқылы көріктендіріп жіберу ол жанға, яғни көңіл
күйіне, сезімге қатты әсер етеді".
Адамзаттың әлеуметтік тұрмысы материалдық және рухани болып каралады.
Көшпелі казақ елінің рухани жан азығы әдебиет (өлең, ән, жыр, музыка,
айтыс, ертегі және т.б.) арқылы қалыптасатынын айтсақ, "...алғашқы адамдар
қоршаған дүниенің сырын білмегендіктен олардың бәрінен қорқатын болды.
Мысалы, табиғаттың сұрапыл, мылқау күштерінің бәрі – найзағай жарқылдап,
күн күркіреу, жер сілкіну, су тасу т.б. адамдарды үнемі үрейлендіріп
отыратын қаһарлы күштер қатарында саналады". "Ендеше алғашқы адамдардың
дүниетанымы айналаны қоршаған табиғат құбылыстарын түсіндіру талаптары да
осыған ұқсас". Осылайша адам дүниетанымының бастапқы көрінісін ашып жазған
жазушы С.Мұқанов "Еңбек етудің аркасында алғашқы адамдардың сана-сезімі
оянып, табиғатқа саналы түрде әсері ете бастаған кезде, айналаны қоршаған
алуан түрлі құбылыстарға назар аударып, оларды өздерінше түсіндіре
бастаған", — деп ой түйеді.
Мұнан әрі адам санасы, тілі, ұғымы дамып, табиғатты меңгеру жолындағы
оздігінен атқаратын әрекеттер етек алып, күнделікті көргендерін тек
қабылдап қана қоймай, заттар мен күбылыстардың байланыстарын іздестіруге,
олардың себеп-салдарын білуге талпынды. Сананың, ой-өрістің дамуына
байланысты дүниетаным да жаңа белеске көтерілді. Осы тұста білімі бар,
парасатты ойшылдарымыз да көріне бастады.
Адам мен қоғам арасындағы байланысты, қарым-қатынасты диалектикалық
тұрғыдан қарау кезеңі басталды. Абай, Шәкәрім, С.Торайғыров және т.б.
ойшылдар туындыларында бұл пікірлер белең беріп отырады. "Абай адам мен
қоғам мұратын еңбекпен, біліммен, ақыл-ой санамен, принципшілдік және
қарапайымдылықпен, халықтың бірлігі мен өркениетке жету жолындағы
мақсаткерлігімен тікелей байланыстыра қарастырады", — дейді М.С.Орынбеков.
Бұл пікірдің түпкі тірегі — дүниетанымдық деңгейдің кетерілу сатысын
көрсетуінде. Көргенді, сезінгенді логикалық ойға салып талдау арқылы сол
затқа, құбылысқа адам қатысы деңгейінің айкыңдала түсуінде.
Қоғам мен техниканың дамуы жаңа ойшылдардың шығып, олардың
дүниетанымдық көзқарасының өзгеруіне әсерін тигізді. Бұл кезеңдегі
дүниетанымдыққа теориялық тұрғыдан да, практикалық жағынан да қарауға
болады.
Теориялық тұрғыдан алғанда философиялық және психологиялық қағидаларға
сүйенеміз. Философтар дүниетанымды адамның дүниеге көзқарасымен тікелей
байланысты дәлелдейді. Көзқарас адамның айналадан, қоршаған дүниеден
қабылдаған әр түрлі құбылыстары мен заттары туралы ұғымының жиынтығы ғана
емес, ол — түрлі нақты фактілер арқылы жинақталған, қорытылған, ғылым
негіздерімен байытылған білімдерден тұратын сана. Қалыптасқан көзқарас
бойынша адам өзінің қоғамдағы, тарихтағы орынын түсініп, тіршіліктің мәніне
жетіп, іс жүзінде де, саяси, мәдени өмірде де орынын айқындайды.
Адам көзқарасы ғылымға, қоршаған ортаға, алған білімді меңгеру және
ұғыну деңгейіне қарай өзгеріп, соған қарай қалыптасады, қалыптасқан
көзкарасқа байланысты дүниетаным да өзгереді. Адамның дүниетанымы,
біріншіден, қоғамның тарихи дамуына байланысты өзгерсе, екіншіден, сол
қоғамдағы халықтын сана-сезімінің өсуі, більмді меңгеру мүмкіндігіне қарай
өзгеріп отырады. Дүниетанудың ең өркендеу шыңы — ғылыми таным.
Дүниені ғылым жолымен тану үшін нақты объектілерді бақылау,
эксперимент, анализ жасау, абстрактілі ойлау — бәрі қатысуға тиіс. "...Адам
сезім органдарының көмегімен заттың сыртқы қасиеттері мен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz