Шәді Жәңгірұлының әдеби мұрасы



Кіріспе
1 Діни ағартушылық және Шәді.
2 Шайыр Шәді және оның діни қисса дастандары.
Еліміз еркіндік, тәуелсіздігіміздің туы желбіреген бүгінгі күні- кезінде кезінде Кеңес үкіметінің солақай саясатының себептерімен атаусыз, қалтарыста қалып келген ақындарға, олар қалдырған мол мұраларға мойын бұрғызды. Ең бастысы – төл әдебиетіміздің әлем әдебиетімен байланысы, тамырластығы, ежелгі дәстүр, үлгілі үрдіске мән бере бастадық.
Кейінге дейін догмалық көзқарас, қисық, сыңаржақ түсініктер құрбаны болып, көзден таса, қалтарыста қалып келе жатқан қазақ әдебиетінің мол рухани қазыналарының бірі - «кітаби ақындар» шығармашылығы болатын.
XIX ғасырдың соңы XX ғасырдың басындағы әдебиет ерекше тоқталуды, аса ұқыпты зерттеуді қажет ететін, әр қилы көзқарасты сан алуан бағыттарды топтастырған көп қырлы әдебиет. Қазақ халқы (қоғамы) бұл тұста ауыр әлеуметтік - экономикалық күйзелісті бастан кешкені анық. Бұл жағдай ұлттың көзі ашық, көкірегі ояу оқыған азаматтарының әр түрлі көзқараста өсіп жетілуіне әсерін тигізді.
Қоғамдық ахуалды бағалаудағы түрлі көзқарастың әсерінен, қалыптасқан түрліше дүниетаным ықпалынан әдебиеттегі сан салалы ағымдар келіп шықты.
XIX ғасырдың соңы XX ғасырдың басындағы әдебиет қолданған әдеби тәсіліне, ұстанған бағыт- бағдарына орай танылмай жүр деуге келмейді. Дегенмен Қазан төңкерісіне дейін қаншама кітаптар шығарған біраз қаламгерлердің туындылары өз деңгейінде бағаланбай келді.
Еліміз егемендігін алып, өз ұлтымызды өзіміз тануға толық мүмкіндік болып жатқан кезеңде бұл дәуірдегі ірілі-уақты ақын, жазушылар жаңа көқараспен қаралып, жоғары бағалануы тиіс. Сондай жаңаша бағалап-бағамдауды қажет ететін әдеби ағым өкілдері- кітаби ақындар. Бұлар - алды елуден аса, соңы төрт-бестен дастан жазған ерекше дәстүрлі, діни- ағартушылық бағыттағы ақындар.
Сөзімізді сабақтамас бұрын «Кітаби ақын» деген ұғымға түсінік бере кетсек…
«Кітаби ақын- Шығыс әдебиетінің араб, парсы, түркі тілдес халықтарында бар поэзияның озық ұлгілерін өзінше жырлап, қазақ арасында таратып отырған шығыс тілінде шыққан кітаптар сюжетін қайта өңдеп, қисса-дастандар шығарған өзгешелеу бір топ ақындар осылай аталып жүр.
Кітаби ақындар деген негізінен алғанда шартты термин. XIX ғасырдың аяқ тұсы мен XX ғасыр басында өмір кешкен, белгілі бір бағытты нысана етіп алған, ізденімпаз, білімпаз, қазақ көркем әдебиетіне елеулі үлес қосқан топтың өзіндік соқпағы бар».
1.М.Әуезов . Шығармалар жинағы, 16-том. Алматы, «Жазушы», 1985.
2.Р.Бердібай. Байқалдан Балқанға дейін, Алматы1996.
3.З.Қабдолов. Сөз өнері. Алматы, «Қазақ университеті», 1992.
4.Н.Келімбетов. Көркемдік дәстүр жалғастығы. Астана, 2000.
5.А.Байтұрсынұлы. Ақжол. Алматы, 1991.
6.М.Әуезов. Әдебиет тарихы. Алматы, 1991.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі.
Еліміз еркіндік, тәуелсіздігіміздің туы желбіреген бүгінгі күні-
кезінде кезінде Кеңес үкіметінің солақай саясатының себептерімен атаусыз,
қалтарыста қалып келген ақындарға, олар қалдырған мол мұраларға мойын
бұрғызды. Ең бастысы – төл әдебиетіміздің әлем әдебиетімен байланысы,
тамырластығы, ежелгі дәстүр, үлгілі үрдіске мән бере бастадық.
Кейінге дейін догмалық көзқарас, қисық, сыңаржақ түсініктер құрбаны
болып, көзден таса, қалтарыста қалып келе жатқан қазақ әдебиетінің мол
рухани қазыналарының бірі - кітаби ақындар шығармашылығы болатын.
XIX ғасырдың соңы XX ғасырдың басындағы әдебиет ерекше тоқталуды, аса
ұқыпты зерттеуді қажет ететін, әр қилы көзқарасты сан алуан бағыттарды
топтастырған көп қырлы әдебиет. Қазақ халқы (қоғамы) бұл тұста ауыр
әлеуметтік - экономикалық күйзелісті бастан кешкені анық. Бұл жағдай ұлттың
көзі ашық, көкірегі ояу оқыған азаматтарының әр түрлі көзқараста өсіп
жетілуіне әсерін тигізді.
Қоғамдық ахуалды бағалаудағы түрлі көзқарастың әсерінен,
қалыптасқан түрліше дүниетаным ықпалынан әдебиеттегі сан салалы ағымдар
келіп шықты.
XIX ғасырдың соңы XX ғасырдың басындағы әдебиет қолданған әдеби
тәсіліне, ұстанған бағыт- бағдарына орай танылмай жүр деуге келмейді.
Дегенмен Қазан төңкерісіне дейін қаншама кітаптар шығарған біраз
қаламгерлердің туындылары өз деңгейінде бағаланбай келді.
Еліміз егемендігін алып, өз ұлтымызды өзіміз тануға толық мүмкіндік
болып жатқан кезеңде бұл дәуірдегі ірілі-уақты ақын, жазушылар жаңа
көқараспен қаралып, жоғары бағалануы тиіс. Сондай жаңаша бағалап-бағамдауды
қажет ететін әдеби ағым өкілдері- кітаби ақындар. Бұлар - алды елуден аса,
соңы төрт-бестен дастан жазған ерекше дәстүрлі, діни- ағартушылық бағыттағы
ақындар.
Сөзімізді сабақтамас бұрын Кітаби ақын деген ұғымға түсінік бере
кетсек...
Кітаби ақын- Шығыс әдебиетінің араб, парсы, түркі тілдес
халықтарында бар поэзияның озық ұлгілерін өзінше жырлап, қазақ арасында
таратып отырған шығыс тілінде шыққан кітаптар сюжетін қайта өңдеп, қисса-
дастандар шығарған өзгешелеу бір топ ақындар осылай аталып жүр.
Кітаби ақындар деген негізінен алғанда шартты термин. XIX
ғасырдың аяқ тұсы мен XX ғасыр басында өмір кешкен, белгілі бір бағытты
нысана етіп алған, ізденімпаз, білімпаз, қазақ көркем әдебиетіне елеулі
үлес қосқан топтың өзіндік соқпағы бар.
Қазақтың көзі ашық қиссашы, дастаншылары шын мәнінде сол кітабилық
сатыда қалып қоймай, көркемдік ізденістерімен жоғары сапаға көтеріле білді.
Кітаби ақындар қоғамдағы ауыр саяси-әлеуметтік дағдарыстың себебінен
дүниеге келген. Жаппай орыстандыру, шоқындыру белсенді жүргізіліп, халықтың
ғасырлардан келе жатқан сенімі шайқалып тұрған тұста сол суық ызғарды
замандастарынан күнілгері біліп, оның зардабын жан жүрегімен сезініп,
орысшылдыққа түрікшілдікті, шоқындыруға ислам дінін қарсы қару етіп күреске
шыққан ақындар осы кітаби ақындар(2) (Ө.Күмісбаев)
Бұл ақындарды сол өздері өмір сүрген кезеңнен бөліп қарауға болмайды.
Олар өз дәуіріндегі қоғам қажеттілігінен туған, өз кезегінде міндеттерін
адал орындаған ағартушы ақындар.
Қазақстан Республикасының Президенті Н:Назарбаев өз сөзінде былай
дегенді; ...қазақтар түркі тілді ұлт, бізді Шығыс халықтарымен этникалық
жақындығымыз және мәдениетіміздің, дініміздің ортақтығы байланыстыратындығы
табиғи нәрсе.(Оңт. Қаз-н)
Бұл ақындардың көпшілігі Бұқара Ташкент, Хиуа, Түркістан мектеп-
медреселерінде оқып, шығыс поэзиясының көрнекті ескерткіштерімен
түпнұсқасында танысты. Олар Шығыс поэзиясының көркемдік құралдарын өз
шығармаларында орынды пайдалана білді
Шығыстың классикалық әдебиеті мен қазақтың ауызша, жазбаша әдебиетінің
арасындағы дәнекерші, жалғастырушы қызметті атқарады.
Кітаби ақындарды өз ұлтынан бөліп тастау- белгілі түркітанушы ғалым
В. Радловтың бұларға кітаби деген анықтауышты қосқанынан бастау алатын
сияқты. Кейінгі зерттеушілердің көпшілігі бұл ақындар шығармашылығына
жоғарыдағы Радловтың көзқарасы тұрғысынан келіп, оларды қазақ әдебиетінің
белгілі даму кезеңіндегі ерекше үлгілерінің бірі деп емес, сырттан келген
дүние іспетті қарап келді. Бірте-бірте шығыстан алынған көшірме дүниелер
есебінде әдебиет тарихынан ысырылып тасталынды(.3). Бұған елдегі саяси
ахуал тікелей әсер етті.
Әйтпесе бұл ақындардың қай-қайсысыда білім алуды, халықты оянуға
шақырады. Білім алудың мағынасын тарылтып жіберген кеңес дәуірінде бұл
бағыт білім көзі деп мойындалмады. Алайда бұларда адалдықты, рухани
тазалықты насихаттады. Рухани тазалықтың құралы- жан тазалығы, ислам әдебі
деп түсіндіреді.
Исламның аты аталып, Хақихат жайында сөз қозғаған соң-ақ бұл ақындарды
жарыққа шығармай, шеттетіп, халықтан алыстатуға тырысып бақты. Оларды
идеялық-әдеби көзқарастарына емес, саяси тұрғыдан бағалау басымырақ болды.
Бүгінгі күнге дейін әдебиет тарихынан өзінің нақты бағасын, орнын ала
алмай келе жатқан тұлғалар бар. Олар кезінде кітаби ақындар, діншіл ақындар
деген желеумен әдебиет тарихынан, ел тарихынан ұмыт қалдырылды. Бұл діни-
ағартушылық ағым XIX ғасырдың екінші жартысында өзінің үлкен прогресшіл
ролін танытты. Оның Ақмолла, Мақыш, Нұржан, Әбубәкір, Шәді, Мәшһүр секілді
өкілдері сол кезеңдегі қоғамдық ақыл- ойға ықпал етті-дейді ғалым Уалихан
Қалижанұлы.
Ал, белгілі ғалым Ө.Күмісбаев – Қазақ әдебиетін зерттеу ғылымында
жете зерттеліп, әлі толық, лайықты орындарын ала алмай жүрген кітаби
ақындар біраз бар. Олар: Ақылбек бин Сабал, Шәді Жәңгіров, Мәулекей
Жұмашев, Жүсіпбек Шайхисламов, Ораз Молда,Баймұқамбет Бейсенов,Мағаз
Батырғалиұлы, Қашафуддин бин Шахмардан, Мақыш Қалтаев, Ғали Махмудов,
Нұржан Наушаубаев, Ақмолла, Есенмолла, Әбубәкір, Ахмед Оразаев, Жанұзақ
т.б. аттары көпке мәшһүр емес осы ақындарды бір мақамға салып, ескішіл
бағыттағы ақындар деп сипай өте шығып жүрдік,-дейді.5
Бұлардың ішінен Ақылбек бин Сабал (6), Нұралы Нысанбайұлының
шығармашылығына арналған диссертация қорғалды. Әбубәкір кердері, Ақмолла
шығармашылығы да зерттелді.
Шәді Жәңгірұлының шығармашылығын арнайы зерттеген ғалым Немат
Келімбетов(7).
Он сегіз кітап жазып, оның бірталайын Ташкент, Қазан, Орынбор
баспаларыннан шығарған Шәді ақынның әдеби мол мұрасы әлі де зерттеуді қажет
етеді.
Шәді Жәңгірұлы жазған әдеби жәдігерлер қазақ, өзбек. Қарақалпақ,
түрікмен халықтарына ортақ деп айтсақ арттықтығы жоқ. Өйткені, сол елдердің
ауызша, жазбаша қазыналарын Шәді жете меңгеріп, пайдасына жарата білген,
шайырлармен араласып, ақындық шеберлігін ұштаған адам.(8)
Шәді Жәңгірұлының аты М.Әуезовтің, Б.Кенжебаевтың,
Р.Бердібайдың,Х.Сүйіншіәлиевтің,Н.К елімбетовтың.Ө.Күмісбаевтың,
А.Қыраубаеваның, С.Дәуітовтың еңбектерінде айтылады.

Діни ағартушылық және Шәді.
1-тарау
Әдебиет тарихы бір күнде жасалмайды. Ол рухани сұраныстарымен қатар
дамып, қалыптасып отырды. Сондықтанда белгілі бір кезеңдегі әдебиеттің
өрбу, даму эволюциясын білу үшін оның алдындағы ағымға; болмысқа назар
аудару керек. Күні бүгінге дейін әдебиет тарихынан өзінің нақты бағасын,
орнын ала алмай келе жатқан тұлғалар бар. Олар кезінде кітаби ақындар,
діншіл ақындар деген желеумен әдебиет тарихынан, ел тарихынан ұмыт
қалдырылды.
XX ғасырдың басындағы әдеби-тарихи процестің негізгі бағыты сол
кезеңнің шындығы мен сұранымынан туындады. Бұл шақта отарланған елді
серпілтуге жұмылған ұлттық қоғамдық-саяси қозғалыс пен әдеби-рухани
әлеуетті күштің біртұтасқаны байқалады. XIX ғасырда бодандық пен оның
зардабына бар ынтасымен қарсы тұрған зар заман ақындарының рухани
дербестік пен жеке бастың мұң зарын шендестіре алған сал-серілердің,
Петербордың демократиялық нышандарын қаймана қазаққа сіңірткісі келген
қадау-қадау ағартушылардың уақыт өте кем сапалы өзгерістерге мұрындық
болары сөзсіз еді.
Жаңа ғасырдың табалдырығында тұрған монархтың Ресей Батыс пен Шығысқа
қатар көз тіккен самұрық кейпіне тағы да үмітпен қарады. 1Петрдің пайымды
жолын жалғастыруды ойлады. Әлемдік тайталастарда ұпайын жібермеді. Қырымды
жаулап, байырғы Үрім (Византия) жеріне ұмтылды. Балқан мәселесінде де аз
олжа салмады. Енді Ұлыбританияның алымы мен шалымынан сескеніңкіреп, Шығыс
бағытына арналған жобаларын толықтыра бастады. Бұл орайда Петербор мен
Қазандағы Шығыстану мектептеріне әжептеуір салмақ түсті. Олардағы
ғалымдардың басым бөлігі Ресейдің Азия, Кавказ, Орал-Еділ тұсындағы
халықтар мен олардың ғасырлар бойы сеніп келген ислам діні арасына сына
қағумен , шет ұлттарды орыстандыру һәм христандардың жөн-жоралғысын
әзірлеумен айналысты -дейді ғалым Д.Қамзабекұлы.
Осы ретте академик А:Н:Кононов былай дейді; Ресей империясының
шығыстың шеткері аймағын саяси экономикалық тұрғыдан игеру үшін онда
тұратын ұлттар мен ұлыстарды православ шіркеуіне бет бұрғызу мақсатында
оларды алдын-ала идеологиялық игеру қажет болды. Мұны орындауға арнайы
даярлық курсынан өткен, баратын жерінің тілін, тұрмыс-салтын меңгерген
православ миссионерлері жұмылды. (Кононов История изуч.)
Н:И:Ильминский, Н:П:Остроумов, А:Е:Алекторов сияқты беті ашық
миссионерлерді былай қойғанда , түрік халықтары әдебиетін жинаған В:В:
Радловтың өзі бұл ұлттардың көбін біріктірген ислам дінінен Ресейге қауіп
төнеді деп есептесе керек. Орта Азияда біз халықтық – түріктік күшпен
парсы-араб-мұсылмандық күштің күресін байқаймыз. Өкінішке қарай, соңғысы
қазір жеңіп, халықтың дамуын тоқтатып отыр.Егер еуропалық өркениет түріктік
–халықтық күшке көмек қолын созып,мұсылманшылықтың өрісін тоқтатса,
прогресс болар еді. Қазір шұғыл қимылдамасақ, халықтық рухы мықты сахарада
исламды жеңу қиын емес.,-дейді әйгілі түріктанушы.
Сөз жоқ, бұл жерде ғалым В:В:Радловтың ислам және түрік арақатынасы
мәселесіне белгілі дәрежеде Ресейлік ресми саясат тұрғысынан қарағаны
аңғарылады. Әдебиеті мен мәдениеті жеті –сегіз ғасыр бойы ислам
құндылықтары мен суарылып үлгерген Қазақ елі үшін XIX ғасыр мен XX ғасырдың
басында бір ғана таңдау –ұлттық рухын жойып алмау міндеті тұрды. Бір
жағынан отаршылдық езгі, екінші жағынан Шығыс өркениеті жаңғырығының
көмескіленуі елдің еңсесін басып, дел-сал күйге ұшыратты. Ресми патша
үкіметі ішкі Ресей зәрулігін шеше алмай отырғанда, шеткері аймақтардың
дүниеге ашық көзбен қарауына мүдделі бола қойған жоқ.Сондықтан қазақ
секілді Шығыс ұлтына әліпби үйретіп, жаратылыс құбылыстарын түсінуіне
мұрындық болған ұстаз ағартушы іспетті ислам дінін тұншықтырумен
шұғылданды.
Дәл осы кезеңде әдебиет сахнасынадіни ағартушылық бағыттағы ақындар
келді. Бұл діни- ағартушылық ағым XIX ғасырдың екінші жартысында өзінің
үлкен прогресшіл ролін танытты. Оның Ақмолла, Мақыш, Нұржан, Әбубәкір,
Шәді, Мәшһүр секілді өкілдері сол кезеңдегі қоғамдық ақыл ойға ықпал етті.-
дейді зерттеуші У.Қалижанұлы.
Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы әдебиетте таптық және партиялық
көзқарасты тәрбиелеуге ұмтылған революцияшыл идеологияға ақындар
жараспайтын еді. Міне, осының бәрі сайып келгенде бүтін бір дәуірді қамтып
жатқан әдеби процеске теріс баға берді, оқулықтан алынды, архивке
өткізілді.
Қазақ халқының XX ғасырдың басындағы бірсыпыра оқығандары, мәдени-
ағарту майданына, әдебиет майданына елдің прогресшіл, капиталистік дамудың
әсері мен оянушылық, ағартушылық бағыттың өріс алуына байланысты шықты.
Олар XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің тарихында өз орнын алатын,
үлкен ақын-жазушылар.Олар- Шәді Жәңгіров, Нұржан Наушабаев, Мақыш Қалтаев
адамгершілікті, оянушылықты, ағартушылықты мақсат еткен қайраткерлер. Бұл
ақындар өздерінің шығармаларында феодалдық қараңғылыққа, ескі діни
сенімге, надандыққа қарсы шықты. Олар халықты оятуды, оқуға тартуды мақсат
етті, жаңа-жәдит оқуын жақтады, оны насихаттап, жаңалық үшін күресті.
Өздерінің негізгі көзқарасы-ағартушылық болды. Дұрысында тарихта болған,
заманында өз әлінше қоғамдық прогресшіл қызмет атқарған, әлеуметтік-мәдени,
әдеби мәні бар азды- көпті шығармалар қалдырған ақын-жазушылардың бәрінің
де аттары аталуға, қызметтері мен шығармалары көрсетілмейтін ақын-жазушылар
болмауға тиісті.(21)-291)
XX ғасыр басында негізгі әдеби бағыттар 3-еу.1.Діни-ағартушылық
бағыт.2.Ағартушылық-демократтық бағыт. 3. Азатшыл-демократтық бағыт- деп
көрсетеді зерттеуші Ө.Әбдімәнұлы.
Діни-ағартушылық бағытта әрқилы ақындар, әрқилы еңбек етті. Бұл
ақындарға ортақ бірнеше басты белгілері бар. Бірінші, бұлардың негізінен
діни мектеп-медреселерде білім алған шығыс әдебиетін жетік білген,соның
дәстүрінен нәр алған. Діни тақырыптағы шығармалар мен діни ілімге қанық.
Көбісі ірі медресселерде білім алып, ислами әдебиеттің арнасында
қалыптасқан. Екінші, бұл ақындардың ауыз әдебиеті дәстүрін берік ұстана
білген.Кейбірінің Шәді Жәңгірұлы, Ақылбек Сабалұлы, Жүсіпбек Шайхисламұлы
т.б. біріңғай қиссашылдық нәзирашылдық дәстүрді мақсат тұтты. Үшіншіден,
шығармаларында өсиет-нақыл, дидактиканың мол болуы, жалпы білімділік пен
адамдық негізі - дін сүю арқылы келетініне меңзеу басым.
Қазақ әдебиеттану ғылымында Шығыс тақырыбына барған ақындарды
қиссашыл ақындар немесе кітаби ақындар десе кейде Діни –ағартушылық
бағыттағы ақындар-депте атайды.
Енді осы Кітаби деген атау қайдан келген? Бұлар кімдер, негізгі
ерекшеліктері қандай? Бұл ақындар қазақ әдебиет тарихында зерттеушілер
тарапынан қандай баға алды?
XX ғасыр басындағы өзі тұстас кітаби ақындардан Шәді Жәңгірұлы көп
оқшауланып кетпейді. Солармен дәуірлес, идеялас болғандықтан осы ақындардың
дәстүрлі жолымен жүріп отырады.
Қазақ әдебиеті тарихы әлі жазылмаған, соңғы кездері кітаби ақындар
деген ат алып жүрген ақындар тарих сахнасына шыға бастаған тұста-ақ бұл
ақындарды қазақ әдебиетінен бөлектей, оған сырттан келген қажетсіз дүниедей
қарап, алғаш баға берген белгілі түркітанушы ғалым В.В.Радлов болатын
.(4,11) -дейді ғалым Ж. Камалқызы.
Қазақ әдебиеті шығармаларын қазақтардың өздері екі бөлімге бөледі.
Халық шығармалары (қара сөз) және кітаби өлең. Халық шығармаларын қарапайым
халықтың ауызша таралған өлеңдері мен әңгімелері құрайды, сондықтан да оған
қазақ халқының ислам діні әсері тие қоймаған шығармалары жатады...
Кітаби өлеңдер мұндай атқа ие болу себебі, оны жыршы жатқа айтпайды,
жазылған кітаптан оқиды. Мұндай кітаби өлеңдерді шығарушылар - молдалар,
сауатты қазақтар. Олардың сөз оралымдарында исламның, кітаби тілдің әсер -
табы айқын сезіледі.
Халық шығармалары - халық рухының көрінісі мен жетістігі, сондықтан
да ол өте кең таралған және халық арасында үлкен құрметке ие, ал кітаби
өлең халық арасында там-тұмдап болса да берік ірге тебе бастаған исламның
өкілі - ислам ілімін таратуды мақсат тұтқан және бірте-бірте халық рухын
ығыстырып келе жатқан діннің ұрығы. Шындығында ол баяу әсер ететін у
тәрізді, бірден-бірге күшейіп келеді.(12-616 Радлов))
Сонау 1870 жылы Санкт-Петербургтен шыққан кітапта осындай суық
ызғарлы көзқарас берілген болатын. Кітаби деген анықтауыш ат қоса
беріліп, оларды қазақ әдебиетінен шеттетіп, халыққа зиянын тигізетін
қауіпті шығармалар сияқты пікірді баса көрсеткенде осы ғалым болатын.
В.Радловтың мына пікірі де атымызды нақтылай түседі. Сондай өлеңдердің
үлгісіне мен Хұсайын туралы өлеңді жатқызамын. Мұндай өлеңдердің біреуін
ғана келтіруімен шектелемін, өйткені оларда қызығарлықтай ештеңе жоқ: олар
тарихи кітаптар бойынша шығарылған және көркемдік сипаттан жұрдай. ...
Маған қазақтар арасында исламды орнықтыруға бір жұм-жұманың әсері даланы
кезіп жүрген жүздеген молдадан артық тәрізді.(12-12)
Бұл сөздерден сол кітаби ақындардың қазақ қоғамы үшін қаншалықты
пайдалы еңбек еткенін аңғаруға болады. Кешегі тоталитарлық жүйе мен жаппай
орыстандыру ісі мемлекеттік тұрғыдан бірінші кезекке қойылған тұста,
соларға қарсы шыққан бірден-бір күрескер ұлттық қайраткерлері екендігі
мәлім. Бұл пікірді айтуға енді ғана мүміндік туып отыр. Ал осы кезеңге
дейін Радловтың өз пікірі басшылыққа алынып келді.
Міне, осы көзқарас бір ғасырдан астам үстемдік етіп, кітаби ақындар
шығармашылығына нәрсіз, қажетсіз дүние немесе халыққа зиянды насихат
жүргізетін қауіпті шығармалар есебінде қаралып, оларды қазақ әдебиеті
тарихына қосудан бас тартылып отырды.
...XX ғасыр бізге тағы бір қызық көрініс ала келді,-деп жазады ф.ғ.д.
академик Тұрсынбек Кәкішев – Батыс пен Шығыс мәдениеттері қазақ даласында
бетпе-бет кездесіп, әсер ықпал үшін жеті жүз жылдардан былай қарай қанат
жайып қатты қырқысты. Оған патша Өкіметінің ресми саясаты себеп болды.
Діни таным –білік тұрғысынан Шоқан айтқандай, қазақтарда фанатизм болған
емес, кейбір рәсімдері шаманизммен шырмалып жатты. Міне, осындай күйдегі
халыққа патша өкіметі Конечной целью образования всех и народов, живущих в
пределах нашего Отечества, бесспорно должна быть обрусение их и слияние с
русским народом(Сборник распоряжений Министерства народного просвешения за
1870 год) деген саясатты қолданды. Соның нақты бір көрінісі Н.Ильминский
басқарған миссионерлік қоғамның іс-әрекеті. ...XIX ғсырдың аяқ тұсында
Тәурат (Библия) пен Інжілдің (Евангелия) отызға тарта аңыз-әңгімелері
қазақ тілінде жеке-жеке кітап болып шығып, қазақ даласында шоқындыратын
орталықтар құрылды.
Міне, осындай процесс күшейе түскенде; мұсылмандық қозғалыс қазақ
даласында жанданды. Мешіт ашып, медресе салдыру ісі өрістеді. Жазба
насихатта күшейді. Пайғамбардың өмірін, Құранның аят-хадистерін аңыздарын ,
Шәкір-Шәкірат, Хасен Хусайын, Қадиша қыз, Хазірет Әлі жорықтарын, төрт
шадияр, отыз үш мың сахабаны жырлаған кітаптар қаптап кетті. Халықты өзіне
қарату жайындағы діни талас-тартыстардың барысында Батыс пен Шығыстың
классикалық әдебиет үлгілері қосарлана жетіп, қазақ әдебиетінде кітаби
ақындардың дәстүрін қалыптастыра бастады. (Кәкішев Т. Нәубет.)
Қазақ ғалымдары тарапынан кітаби ақындарға әр кезеңге әр түрлі сілтемелер,
бағалы пікірлер беріліп отырды.
А.Байтұрсынов бұлар өмір сүрген кезеңді діндар дәуір әдебиеті деп
атайды. Діндар дәуір әдебиетімізге араб, парсы әдебиетінен үлгі алып,
соларға еліктегеннен пайда болған. Ділмар дәуір орыс әдебиетінен өнеге
көріп үлгі алып соған еліктеуден пайда болып отыр.Бастапқы жазба
әдебиетінің бас мақсаты-дінді жою,дінді күшейту.(13-435) болды деген
сөздері қазақ әдебиеті тарихында жазба әдебиеттің көш басшылары кітаби
ақындар дегенге саяды.
Бұл пікірді М.Әуезовте құптайды.1836-1870 жылдар арасында Ораз
молда, Мұса молда, Майлықожа, Мәделі, Шәді төре, Жүсіпбек қожа, Мақыш
Қалтаев, Қашафуддин, Әріп және басқа ақындар болған.XX ғасыр басында
олардан қалған мұра 120 поэма еді,(14-471)-деп үлкен бір шоғырдың
барлығына, олар туғызған мол дүниеге жөн сілтейді.
Кітаби ақындар шығармашылығы несімен ерекшеленеді деген сұрақ әдебиет
зерттеуші ғалымдарымызды көзден тыс қалдырмаған. Сонау коммунистік
партияның қылышынан қаны тамып тұрған уақыттың өзінде де қазақ әдебиеті
тарихындағы ерекше шоғырлар туғызған әдебиетті ойға алып, өз еңбектерінде
қайта айналып соғып отырған ғалымдарымызды мақтан тұтамыз. Кітаби ақындар
туралы қазақ әдебиетінің тарихында былай делінген:Кітаби ақындар деп
аталып жүргендер-мұсылманша оқып, хат танып, шығармаларын кітаби тілмен
жазып, діни араб, парсы сөздерін орынсыз қолданған, сол сияқты татар
тілінің элементтерін сөзге көп кіргізген ақындар.(15-537).
Бұл ақындардың еңбегінің сөзсіз құндылығы олар қазақ әдебиетінің
үлгілерімен толықтыру ісіне себебін тигізді. Алайда сұрыптап ала алмайды.
Себебі өздері дінге сенді, діни қағидаларды уағыздауды міндет етті(15-
537).
Көріп отырғанымыздай, бұл ақындар шығармашылығына баға бергенде,
кемшілігі деген тұсында, шын мәнінде сол ақындардың негізгі мақсатын,
шығармашылығының мәнін ашып көсетіп отыр. Бұл ақындар XIX ғасырдың соңы XX
ғасырдың басындағы соқтықпалы, соқпасыз заманның өкілдері де, оған
берілген баға коммунистік партияның цензурасының сүзіліп шығып отыр. Десек
те, кітаби ақындар шығармашылығына көптің назарын аудартқан құнды-құнды
пікірлерді сол кездің өзінде-ақ батыл айтқан ғалымдарымыздың есімдерін
мақтанышпен айтамыз.
Ғалым Уалихан Қалижанұлы былай деп жазады; Өз халқының саяси ой-
жүйесіне ірі әсер еткен діни ағартушы ақын-жыраулардың мұрасынигеруге,
танып-білуге кеңестік идеология машинасы жол бермеді. Әдеби мұралар
жөнінде елеулі кемшіліктер жңберілді делінген осындай қаулы-қарарлардың
құрбандары болған ғалым ағаларымыз абақтыға қамалды, атылды, ұзақ мерзімге
жазаланды.Сөйтіп, саясат салқыны діни ағартушылық ағымның өкілдерінің
мұрасын зерттеп, игеру жұмыстарына мүлдем кері әсерін тигізді. Ыбырай
Алтынсарин, Абай Құнанбаев сынды ірі ағартушы ақындарымыздың мұрасын
зерттеуде де олардың діни көзқарастарын сылып тастап, орыстың озық ойлы
ағартушы –демократтардың ықпалында болды деп сипаттау басым болды. Расында,
ол өздерінің алдындағы діни-ағартушылық ағымның өкілдерінен биік тұрды.
Бірақ олардың діни көзқарастары туралы айтпауға болмайды. Өйткені, шыққан
мектебі – діни ағартушылық ағым.(У. Қалижан Діни ағарт.)
Қазақ әдебиеті тарихының XIX ғасыр мен XX ғасыр басындағы фольклор
тарауында Н.С.Смирнованың кітаби ақындар туралы пікірлері беріледі.
Белгілі ғалым Р.Бердібай кітаби ақындар туралы өз пікірін білдіреді.
...тамаша нақыл насихаттың шыншыл әлеуметтік шақырулардың, адам
мінезін түзеу ниетімен туған ғажап ғазалдардың дәмді дастандардың авторы -
кемеңгер ақын Майлы, кезінде ондаған кітап шығарған, көп өнерпаз қауымға
ақылшы аға болған шайыр Шәді, реалистік жазба, мәдениеті биік жырларымен
күллі қазақ көлеміне танылған Молда Мұса, шығыс шығармаларын өлкесіне
таратқан Ораз молда, дүлдүл өлеңмен алдына жан салмаған Базар жырау,
кезінде Жамбылдың пір тұтқан ақындарының бірі- Құлыншақ, дастан дегеніңізді
десте- дестесімен таратқан Нұралы, Фердаусидің өшпес дастанын қысқа
мерзімде қазақшаға түсірген Тұрмағамбет, тартымды термелердің жүйрігі
Шораяқтың Омары, артына ақындық дәстүр, ұмытылмас үлгі қалдырған сыр
бойының қос Жүсібі, әрі батыр, әрі ақын Мәделі, өмірде де, өнерде де сері
Ақберді, қазақ даласын қиссамен қамтамассыз еткен Жүсіпбек тұлғалары
тізіледі(16-128) дегенінде бұл ақындар шығармашылығын терең білгендігін
ғана емес, соларға деген ыстық ықыласында аңғарасың.
Ғалым Б.Әзібаева кітаби ақындардың шығармаларын фольклордың бір түрі
деп қарастырады.
Шығыс сюжеттеріне құрылған дастандар қазақ халық ауыз әдебиетінің
бай саласына айналып,өзіндік мәдени, эстетикалық, тәрбиелік ролін толығынан
атқарды. Осы бағытта, әсіресе, Жүсіпбек Шайхисламов, Шәді Жәңгіров,
Майлықожа Сұлтанқожаұлы, Нұралы Нысанбайұлы, Нұржан Наушабаев, Тұрмағамбет
Ізтілеуов, Ақылбек бин Сабал, Мәулекей Юмачиков, Ақыт Қарымсақов, А.
Оразбаев тағы басқалары жемісті еңбек етті.(17-8)
Кейбір жекелеген кітаби ақындар шығармашылығын зерттеген ғалымдарымыз
да бар. Шәді Жәңгірұлы шығармашылығын сөз еткен Н. Келімбетов, Ақылбек
Сабалұлының әдеби мұрасын зерттеген Ж.Камалқызы, Қаратау шайырлары -
Майлықожа, Мәделіқожа, Мұсабек Байзақұлы, Құлыншақ шығармашылықтарының
халыққа танылуына күш салған ғалым Ә. Оспанұлы еңбектері бұған дәлел. Н.
Нысанбайұлы, Әбубәкір Кердері, Ақмолла шығармашылықтары туралы
диссертациялар да қорғалды. Бұл ғалымдардың да кітаби ақындар туралы бағалы
пікірлер-қорытындылары бар. “Олар кітаби ақындық дәрежеде қалып қоймай,
қазақ әдебиетіне біршама назар аударатын жаңалықтар әкелді”,-дейді ғалым
М.Келімбетов. Кітаби ақындық дәрежеде қалып қоймай деген сөзі арқылы
кітаби ақын деген ұғымның тек жаттанды сөзді айтушы деген ойды
білдіретіндігіне назар аудартып, бұл ақындар нағыз өнер иелері деген
қорытынды жасайды. Қиссашыл ақындарды тек қана ауыз әдебиетін жинаушы деп
қарамай, шығыс сюжеттерінің қазақша варианттарын жасаған жазба ақындар деп
қараған жөн бе деп ойлаймыз -дейді белгілі ғалым А. Қыраубаева.
Кітаби ақындар шығармашылықтарының ерекшеліктеріне кеңірек тоқталып, сол
асылдардың әдеби мұрасын жоғары бағалаған ғалым Б.Кенжебаев. Қазақ әдебиеті
тарихында “Кітаби ақындар” деп танылып кеткен ақындарды ғалым: шығармалары
табиғатына орай ағартушы, ақын-жазушылар бұрын ескішіл, феодалшыл, діншіл,
кітаби ақындар деп бағаланып, аталып келді. Бұл мүлде әбес. Әлгі айтқан,
бұлар өз кезінде өздерінің алдындағыларға, өз замандастарына қарағанда
озық, ілгерішіл, жаңашыл болды. Жаңаны (жаңа идеяны) ағартушылық идеясын
жақтад,-дейді ғалым бұл ақындар жөнінде. Оларға таңылып жүрген атау кітаби
деген сөздің дұрыс еместігін былай түсіндіреді:-“Кітаби” деген атау ертеде
христиан діндарлары арасында діни кітап- “інжіл” ережелерін бұлжытпай
орындауды жақтаған, уағыздаған адамдар жөнінде қолданылған. Оны біздің XX
ғасыр басындағы ақындарымыз жөнінде қолдану мүлде орынсыз. Кітаби ақын
жазушы деген атау біздің ғалымдарымыз бұл топқа жатқызып жүрген ақын-
жазушылардың идеялық көзқарастарын, не көркем әдебиеттік бағыт- әдісін
аңғартпайды, кәсібін кітап бастырып шығарумен айналысқанын ғана
аңғартады.(19-27)
Ғалым “кітаби ақын” деген бұл ақындардың төл әдебиеттен бөлектеп
келе жатқан атау екенін терең бағамдап, бұл топтағы ақындарды “ағартушы
ақын жазушылар” деп атауды ұсынады. Бұл ақындардың рухани мықты, діни
мектеп медреселерде білім алғанын, дүниетанымы ислами тұрғыдан болатынын
айта келіп, былай дейді: “Алды топ ақын –жазушылар адамгершілікті,
оянушылықты, ағартушылықты ұран етті, феодальдық тәртіпке, діни
қараңғылыққа, надандыққа, ескі оқуға-Хадимге қарсы шықты. Аты оқуды,
халықты әйтеуір оқытуды, оятуды арман етті. Жаңа оқуды-жәдітті жақтады, ел
арасына жайды, замандарындағы жаңаны жақтады, солар үшін күресті, еңбек
етті. Нағыз мағынасындагуманист, ағартушы болды.” (19-27). Міне кітаби
ақындарға берілген солғын баға әдебиетіміздің шын жанашыры, білгірі ғалым
Б. Кенжебаевтан осындай толыққанды бағасын алды.Бұл ақындардың ұстанған
идеясы-ағартушылық, сүйенген ілімі- ислам. Сондықтан халықты қараңғылықтан
оянуға, өздері тұнығынан мейірлене сусындаған ілімді халыққа жаю, ұрпақты
адалдыққа, имандылыққа, еңбекке, білімге, мейірімділікке шақырады. “Кітаби
ақындар” шығармашылығын оқыған адамдар шындығында бұл ақындардың насихаты
осы айтылған тақырыптар төңірегінде өрбитініне көз жеткізеді
Бұл топтағы ақындар өздері нәр алған шығыстың озық үлгілі әдебиетінен
үйрене отырып, олардың бірсыпырасын қазақ тіліне аударды. Шығыс сюжетіндегі
тақырыптарға негіздеп өздеріде шығармалар жазды. Сөйтіп нәзирашылдық
дәстүрді дамытты. Шығыстың классикалық әдебиетінің қазақ сахарасына кеңінен
таралуына игілікті еңбек еткен. Бұл бағыттағы ақындардың бір тобына тән
ерекшелік қиссашылдық, кітаби сюжеттерге електеушілдік, сол дәстүрді
дамытуды көздеді. Жалпы алғанда діни ағартушы ақындар қазақ поэзиясының
көркемдік деңгейін көтерді, XX ғасыр басындағы поэзияның жанрлық тұрғыдан
баюына елеулі үлес қосты.
Қазақ әдебиетіндегі шығыстық қисса дастандар туралы көп еңбек еткен ғалым
А.Қыраубаева да бағалы ой айтады: Бодандық ұлттық оянушылығының бір
көрінісі ретінде XIII-XIV ғасырлардағы нәзира дәстүрі қайтадан жедел дами
бастады. Нәзиралық әдеби тәсіл мен машықтың негізгі жанры – қисса-дастандар
болып жалғасты. Ұлттық оянушылықтың жан-жақты дамуының бір басында Абай
бастаған, ұлттық сананы жаңаша дамытудың бағыты тұрса, екінші жағында
қазақи салт-сана мен имандылықтан айрылып қалмаудың жолын ескілікті
дәстүрлерден іздеген ақындар тобы жинақталды. Олар қазақтың ежелгі жазба
әдеби үрдісін жақсы білетін, мифтік сюжеттер мен Құран хикаяларын, Қисса
Жүсіп пен Қисса-ул әнбияны оқып көрген, Мың бір түн, Тотынама,
Шаһнама оқиғаларын жаттап өскен ақындар еді. Үлгі алған оқыған мектебі
дәстүрлі классикалық түрік, араб, парс әдебиеті болған.
Кітаби ақындардың пайда болуы туралы ғалымның бұл сөздері бодандыққа
қарсы шыққан ұлттық оянушылықтың көрінісі деген құнды пікір.
Белгілі сыншы ғалым М.Қаратаев кітаби ақындар туралы былай дейді:
“Кітаби ақындар деп аталатын, шығыс поэзиясының мектебіне оқыған бір топ
шайырлардың ұстазы, атақты поэмаларымен өзбек, түркімен, қарақалпақ
елдерінің сүйікті ақынына айналған ақын Шәді Жәңгіров,”( 20-274).
Бұдан қазақ әдебиетінде кітаби ақындық мектеп қалыптасқанын және солардың
ішінде Шәді Жәңгірұлының шоқтығы биік, салмағы зор тұлға болғанын көруге
болады.
Шәді Жәңгірұлы шығыстың озық үлгілі әдебиетінің нәзирагөйлік дәстүрін
берік ұстанған, қазақ поэзиясындағы белгілі тақырыптармен сюжеттерді өзінше
жырлап идеясы мен мазмұны тұрғысынан мүлдем жаңа, төл туынды жасаған ақын.
Шәдінің әкесі Жәңгір - атақты Абылай ханның шөбересі, Кенесары ханның
жорықтарына қатысқан. 1847 ж. Хан Кене дүниеден өткенде, оның кіші әйелі
Мәуті ханымды әмеңгерлік жолмен Жәңгір алған. Осы Мәуті ханымнан болашақ
шайыр туады.
Шәді Жәңгірұлы 1855 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданында
қарапайым шаруаның отбасында дүниеге келген. Он жасына жетер-жетпесте ауыл
молдасынан діни сауат ашады. Имандылық жолға түскен Шәді ақын әуелі Шаян
мешітінде оқып, кейін Шымкенттегі Абдолла Шәріп деген ғұламадан дәріс
алады. Онда ол араб, парсы тілдерін толық меңгеріп, шығыс мұсылман
шайырларының атақты шығармаларымен жете танысады. Ғылым деген түпсіз терең
теңіздің тамшысын ішкен болашақ шайыр ілімін одан әрі жетілдіру мақсатымен,
сол кездегі барша мұсылман баласына белгілі Бұқарадағы “Мир-араб”
медресесінде оқиды. Онда Ислам құндылықтарымен жақыннан танысып, болашақ
шығармаларына арқау болатын діни қағидаларды жақсы меңгереді. Өмірінің
соңында Молла деген айып тағылып, қуғында ұшыраған Шәді 1933 жылдың 12
қыркүйегінде дүниеден өтеді.
Шәді- көп жазған ақын. Әрі оның жазған шығармаларының басым бөлігі
өзінің көзі тірісінде Орынбор, Қазан, Ташкент қалаларында жарық көріп
отырған. Шәді дүниесін көп зерттеген Немат Келімбетов: Оның жүз мың
жолдай өлең-жыр жазып, соның жетпіс бес мыңдай жолының ақынның көзі
тірісінде түрлі қалаларда басылып шықты,” -дейді.(23-86)
Ақынның баспа көрген бір қатар кітаптарымен әлі жарыққа шықпаған
шығармалары Қазақстан Республикасы академиясының орталық ғылыми кітапханасы
мен М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының қолжазбалар қорында
сақтаулы. Сонда қолжазбалардың бірінде Шәді төре Жәңгірұлының баспадан
шыққан кітаптары мен баспаға берілген қолжазбаларының тізімі берілген.
Баспадан шыққан еңбектерінің қатарында “Назым Сияр Шәриф,” “Назым Чаһар
дәруіш,” Шайхы Барсиса,” “Беташар,” “Қамарзаман,” “Атымтай,” сияқты жалпы
саны он үш кітаптың аты көрсетілсе, “Хәзірет Ескендір,” “Тарихи Абылайхан,”
“Ибраһим Халиулли,” “Мұса Перғауын хикаясы,” “Әһуал қиямет” тәрізді тоғыз
шығарманың баспаға берілгені айтылады. (24)
Ал, Немат Келімбетов ақынның баспа көрген еңбектері жайында –“Шәді
Жәңгіров үлкенді-кішілі он сегіз дастан-поэма қисса хикаят, бір сыпыра өлең-
жыр жазып, бастырған,”-деген дәйекті келтіреді.(18)
Сөз өнері мен қолөнер зергерлігін қатар алып жүріп даңқы шыққан Шәді ақын
шығармаларының тигізген игі ықпалын оның еңбектерінен көруге болады.
Көзінің тірісінде жетпіс бес табақтай еңбегі баспа жүзін көрген Шәді шын
шабытқа дамыл бермеген қалам иесі. “Кітаби ақындардың ішінде шығыс сюжетін
қуалап қана қоймай, орыс халқының тарихын терең бойлаңқырап зерттейген Шәді
екен.” (30-66)
Шәдінің шығыс әдебиетіне ықылас бөліп, бұрылатын тұсы Ташкент, Бұқара
медреселерінде оқып жүрген кезі екен. Өлең өнерімен бала кезінен бастап
айналыса бастаған ол бертін келе, төселе түседі. “Шәді Бұқарада болған
кезінде Шығыс үлгілі әдебиетінің көрнекті өкілдерінің шығармаларын көп
құмартып оқыған сияқты. Ол араб, парсы, шағатай тілдерінде жазылған әдеби
шығармаларымен еркін танысып, солардан көп үлгі-өнеге алған”. (Келімбетов.
1974.10б). Шәді Орта Азияның біраз қалаларын аралап шарлайды. Қарақалпақ,
түрікмен, тәжік жырау, шайырларымен араласып олардан ойлы тағылым алады Ел
арасында жүргенде бай, болыстардың әділетсіздігін көріп, мінеп-шенейді.
Кедейлік тауқыметін өзі ерте тартады, халықты алдап күн көріп жүрген діншіл
молдаларды сынайды. Оңтүстік өңірінің ақын жыраулары Молда Мұса, Мәделі,
Будабай, Құлыншақ,Тұрмағанбет талантын сыйлап, ілтипат көрсетеді (.30;66).
(Ө.Күмісбаев.) Фирдауси, Физулиге, Ахмад Донши, Фурқат т.б. сынды парсы
поэзиясының мектебінен өткен Шәді өз шығармашылығында жалаң еліктеуден,
қайталаудан қашып, өзіндік соқпақ сала білді. “Шәді ақындық шеберлігін үш
арнадан: туған халқының ауызша жырынан, орыс әдебиетінен, Шығыс поэзиясынан
алып, жақсы тоғыстырған секілді,”- дейді шығыстану Ө. Күмісбаев.
Тақырыбының тереңдігі, идеясының айқындығы соны аңғартса керек. Ақын араб,
парсы, орыс, түркі сөздерін өлең, дастандарында орынды пайдаланады, өлең
формаларын құбылтып ойнатады, нәзирашылдық аясында ғана қалып қоймай поэзия
әлемінде өзінше соқпақ салған ақын.
Түркі тілдес халықтар әдебиетінің әдеби байланыстарын зерттеп жүрген
өзбек зерттеушілердің мына бір сөзін келтіре кетсек артық болмас”.
“...Казахские поэты не только с любовью воспели поэзию Фирдауси, Низами,
Навои, Хафиза, но и нередко творчески использвали сюжеты и образы их
произведений. Например, Шади Жангиров (1895-1931), хорошо знавший и высоко
ценивщий персидско-таджикскую литературу, создал “Балладу о сороке визирей”
(1911),”Рассказы о Хатимтае” (1914), цикл рассказов о Халифе Гарун ар-
Рашиде “Назими Шариф” (1917), “Искандер Зулькарнайн” разрабатывая сюжеты
лирики Алишера Навои, Низами и Фирдоуси но национальной почве. В этих
произведениях Шади Жангирова отображена жизнь казахского народа, его мечты,
надежды, поиски счастья”. (31-74)
Өзбек зертеушісі Шәдінің туған жылын, кейбір шығармаларының жазылған
уақытын дәл айтпағанымен, оның негізгі пікірлерімен қосылуға болады.

Шәді Жәңгірұлының аты М.Әуезовтың еңбектерінде де кездеседі: Тек
қана ескі кітаби сюжеттерді жырлаған, шығыстың классикалық әдебиетпен
байланысты кітаби ақындар бар. Олар Ораз Молла, Майлықожа, Мәделі, Ақылбек
Сабал, Мәулекей, Шәді төре, Мақыш Қалтаев, Кашафуддин, Әріп т.б. Олардың
шығармаларының көпшілігі XIX ғ. мен XX ғасырдың басында басылып шыққан,
жалпы саны жүзден асады( 9;341).
С. Мұқановта да Шәді Жәңгірұлы туралы мағлұмат беріледі.Қазақ
әдебиетінің тарихында:...Шығыс әдебиетінің нұсқаларын әңгіме-өлең, поэма-
дастан етіп жазған, ел арасында айтылып жүргендерін өзінше өңдеп, жинап
бастырған Шәді Жәңгіров, Ақылбек бин Сабал, Мәулекей, Жүсіпбек Шайхисламов
сияхты бірнеше ақынды атауға болады.-делінген. (10 ;150). Өз ортасында
Шәді төре атымен белгілі болған ақынның әкесінің аты бірде Жәңгір болып
берілсе, кейде Жаһангир болып кездеседі. Оған себеп, оның Орынбордан шықан
кітаптарында Шәді Жәңгірұлы деп аты-жөні аталса, Қазан, Ташкент
қалаларында баспа көрген кітаптарында тіл ерекшелігіне байланысты Шәді
Жаһангирұлы болып көрсетілген.
Өткен ғасырдың жетпісінші жылдарында Шәді Жәңгірұлының
шығармашылығына жеке тоқталып, арнайы зерттеп Шәді ақын атты еңбегін
жазған профессор ғалым Немат Келімбетов. Ғалым Шәді ақынның өмір тарихына
және оның әлеуметтік көзқарасына көңіл бөлген. Шәді есімі әдебиет сүйер
қауымға таңсық есім емес. Оның өмірі мен шығармашылығын зерттеген бірнеше
ғалымдар бар. Атап айтар болсақ, Ә.Қоңыратбаев, Б. Кенжебаев, Р. Бердібай,
Н. Келімбетов, Ө. Күмісбаев, У. Қалижанұлы сияқты ғалымдар ақын
шығармашылығын өз деңгейінде зерттей білді.
Шәді ақынның күнделік өмірінің қымбатты кезеңдерімен қатар оның
шығармашылық жолында, даму, қалыптасу, процестері арқылы көрсете білген.
Бұл еңбекте ғалым Н. Келімбетов, Шәдінің атақты бес дастанын: Назым чәһар
дәруіш(Төрт дәруіш), Хикаят Уәрәқа-Күлше, Қисса Бәрсиса, Россия
патшалығындағы Романов нәсілінен хұқмыранлық қылған патшалардың тарихтары
һәм ақтабан шұбырыншылық заманынан бері қарай қазақ халқының ахуалы,
дастандарын терең, жан-жақты талдаған. Сондай-ақ, ғалым Н. Келімбетов ақын
Шәдінің өз қолжазбасы күйінде сақталған Тарих-нама дастанын да жақсы
талдаған. Шәді шығармаларын, оның ақындық өнері мен тілін зерттей келе,
ғалым шайырдың ақындық диапазонын молырақ тануға, оның шығармалық
лабараториясына (зертханасына) кіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар,
ақынның шығармалық жолындағы эволюцияны едәуір аңғартады. Төрт дәруіш,
Орқа-Күлше әңгімелері бүкіл шығыс халқына мәлім, түрік тілдес халықтарға
да көптен, белгілі көне хикаялар.Бұл тақырапта талай ақындардың дастандары
да шыққан. Н.Келімбетов осы жағынан бірнеше фактілер келтіреді де, белгілі
желі, сюжеттерді пайдалана отырып, өз дастанын жазған Шәдінің еңбегіне
талдау жасайды. Біз Шәді ақынның тек араб, парсы, шағатай әдебиетінің
ықпалында болып, назира дәстүрін меңгерген ақын ретінде танып едік. Ал
Шәдінің орыс халқының ерлік тарихын жырлап, Қазақстанның Ресейге қосылуын
зор шабытпен әңгімелейтін поэма жазғанын екінің бірі біле бермесе керек-
дейді ғалым Н.Келімбетов. Бұл тың жаңалық сонау Дмитрий Пожарский, Кузьма
Мининдерден бастап, Иван Сусанинды жырлап, Петрдің жеңістерін баяндап, өз
ойын көрікті де, күшті ету үшін Пушкиннің Мыс салт аттысы мен Полтава
поэмаларынан қазақшалап, ұзақ-ұзақ үзінділер пайдалану қазақ әдебиеті үшін
үлкен жаңалық. Шәді ақынның 1910 жылы жазған Ресей туралы поэмасы 1912 жылы
Орынборда кітап болып басылып шықты.
Н.Келімбетов- Шәдінің теңеу сөз образдарын классиктерден қалай
қабылдағанын, оған өз тарапынан не қосқанын да түсіндіреді. Шәдінің Қазан,
Орынбор баспасынан шыққан кітаптарында араб, парсы сөздері аз кездеседі, ал
Ташкентте шыққан кітаптарында көп кездеседі. Тілші- ғалым Балақаев өзінің
бір еңбегінде осындай жайттар туралы айта келіп: Әріден келе жатқан, бір
кезде қазақтардың да ата- бабаларына ортақ болған... Ортаазиялық әдеби
тілдің (түркі немесе шағатай тілінің) ізі сарқыншағы немесе ықпалы деп
тануымыз керек , -дейді. Немат Келімбетов сөз жоқ, Шәді Жәңгірұлының
шығармашылығын зерттеп, барынша құнды, бізге тың жаңалықтар ашқан зерттеуші
ғалым.Өзінің жазған шығармаларының көлемі жағынан бірнеше ақынды орап
алатын Шәді төренің еңбектері әлі толық зерттеп болған жоқ. Әсіресе, оның
діни шығармалары белгілі бір себептерге байланысты бір жақты ғана
қарастырылып, ақын сусындаған діни арналар ескерілмей келді.Тіпті, оны өзі
жырлаған діни шығармаларға қарсы бағыттап, барынша діннен алшақ ұстауға
тырысып келгені тағы бар .Десекте, оның шығармаларының басым бөлігі діни
дастандардан тұрады. Назым Хайбар, Ахуал хиямат, Қисса-Барсиса,
Мұсаның Тәуратты алғаны, Қисса Бәлғам-Бағұр, Қарунның жер жұтқан
оқиғасы т.б.сол сияқты шығармаларының қазақтың ислам әдебиетіндегі алар
орны ерекше.
Шәді медреседе оқыған ислами пәндерінің негізінде дастандар жазып
отырса керек. Мысалы, медреселерде оқылатын Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың
өміріне (Сиярун-наби) Назым Сияр Шәрифдастанын жазса, ислами фәлсафаға
Ахуал қиямат дастанын, шариғат іліміне Фикһ қайдан шығармасын,
пайғамбарлар өмір тарихына(Қиссасуыл әнбия) Назым Ибраһим Халиолла,
Хазірет Мұса мен Перғауын, Дәуіт уақытындағы рәйіс сияқты дастандарын
дүниеге әкелген. Осындай діни дастандар жайында М.Әуезов ...Діни
өлеңдердің, қиссалардың, көбінің сарыны шеттік болудан басқа мазмұндары да
түгелімен мұсылман ғылымынан келген көшпелі, қыдырма әңгімелер. Сондықтан
оларды тексеріп, ұғынып түсіну үшін, жалғыз ғана қазақ
топырағындағыкөлеңкесіне қарап тон пішу керек емес, әрқайсысын тудырған
жағдай мен себепті әуелгі шыққан ұясынан бастап ұғыну керек.(25-10)
Шәді-Ислам тарихын жетік білген ақын. Әрі оның діни дастандары Алланың
қасиетті кітабы Құранмен, Мұхаммед (с.ғ.с.) хадистерінің желісіне құрылған.
Ақынның қаламынын туған Хайбар дастаны соның айғағы.
Шығыс мұсылман әдебиетіне біржола ден қойған ақынның шығармаларында
жомарттық пен сақилықтың іздері де көрініс тауып отырады. Осы жолда ол
Харун ар-Рашид пен Атымтай жайлы дастандарын жазған. Атымтай-діни
хикаяларда пайғамбар заманынан бірнеше жыл бұрын өмір сүрген Тай
тайпасының Жомарт адамы деп беріледі.
Ислам әлемінде Хадис ілімінің Әмірі атанған Исмағил Бұқаридің
Сақиқул Буқари еңбегінде Ади ибн Хатим деген сақаба көптеген хадистер
руаят еткен. Осы Ади жомарт Атымтайдың баласы етіп көрсетіледі. (26;127)
(ж. Т.). Тіпті Атымтайдың қызы Софана мұсылмандардың қолына түскенде, оның
әкесінің атын естіген пайғамбар Әкесі жомарт адамнан жамандық шығуы мүмкін
емес деп босатып қоя бергені жайында аңыздар бар.
Шәді жомарттықтың нышаны ретінде Атымтай дастанын жазса, оған
кереғар мәнде сараңдарды мұқату мақсатымен Камалхан деген патшаның
уақытында болған оқиға деген шығармасын жазған. Мұнда басты кейіпкер етіп
Бақылсары деген Сараңды оларды Бақыл - араб тілінде сараң деген мағына
береді. Бұл да қазақтың Шық бермес Шығайбайы сияқты біреуге бір нәрсе
берсе, бірнеше күн міндетсініп жүретін сараң болады. Қызының бір диуанаға
бір үзім нан бергені үшін, садақа берген қолын алып, адам аяғы жетпейтін
айдалаға апарып тастайды. Серуендеп жүрген патша бір қолы жоқ қызды
баласына әкеп қосады. Оң қолының жоқтығына нала болған қыз Аллаға мінәжат
еткенде Жаратушының рахымы түсіп, қолы орнына қайта келеді.
Шәді осы дастан арқылы пақырмен мұқтажға көмектескеннің сауабы Алладан
қайтатынын айтады.
.Шәді ақын адам баласын барша жамандыққа жетелейтін әзәзіл Ібіліс деп
біледі. Әрі қарапайым адамға қарағанда дініне берік діндар адамға
Ібілістің жақын жүретінін айтады. Пайғамбардың Ібіліске сауатсыз мың адамды
азғырғаннан, бір иманды ғалымды азғырған артық деген өсиетін басты назарға
ұстайды. Шайыр осы тұрғыда Барсиса деген дастанын жазған. Шығармада
Барсиса атты діндардың аяғын шалыс басып, шайтанның арбауына қалай түскені
баяндалады. Бұл хикаяның негізі Шайтанның айла- шарғысын көрсететін Ибн
Жузидің Талбису Иблис деген еңбектен алған болуы мүмкін.(28) (ж.т.)
Ақын Исламның негізгі іргетасы- Ақида жайлы да қалам тербеген. Оған
дәлел ретінде Ақуал қиямат деген дастаны. Ақида іліміне қанық ақын әуелі
Алланның субути және зати сипаттарына ерекше тоқталған. Осы дастаннан оның
құран тәпсірінде жетік меңгергенін көруге болады. Құранның ішіндегі
Алланың жалғыздығын сипаттайтын Ықылас сүресінің мағынасын да ашады.
Шәді төренің жазған шығармаларынан оның діни кітаптарды көп оқығанын
көреміз. Оның дастандарында пайғамбар хадистеріне негізделген жыр жолдар да
аз емес. Ол Исламның Алланың ақ жолына шақыратынын біліп, діни дастандары
арқылы Хақ дін – Исламды насихаттайды.
Шәді шығыс әдебиетінде әділдіктің үлгісі ретінде суреттелетін
Ескендір Зұлқарнайын туралы да дастан жазған. Ә.Қоңыратбаев : Шәдінің ең
алғаш жазған хикаяттарының қатарына Ескендір Зұлқарнайын мен Хикаят
Әмір Хамзаны жатқызады (.22;214). Жастайыннан шығыс әдебиетін жетік
меңгерген Шәдінің парсы классиктері жарыса жырлаған Ескендірге соқпай
кетуі мүмкінсіз еді. Бұл тақырып Фердоуси, Низами, Әмір Хосрау Дехлеви,
Жәми, Науаилардың шығармаларында орын алған. Олар тарихтағы шынайы
Ескендірдің бетін бүркемелеп, оны пайғамбар дәрежесіне дейін көтерген. Ал,
қазақ топырағында Тұрмағамбет Ізтілеуов, Абай, Ыбырай, Мағжандар да
Ескендір жайлы шығарма жазып, оны дәріптемей, қайта оған сын көзбен
қараған.
Алайда, Шәдінің Ескендірді қай тұрғыдан суреттегені бізге белгісіз.
Оның бұл шығармасы қолға түсе қойған жоқ. Осы орайда ғалым Немат
Келімбетов, Шәді Жәңгіров көп жазған, кітаптары көп басылған ақын. Оның
кітаптарын түгел жинадық деп айта алмаймыз. Ақын сөзінің Назым Чәһар
дәруіш және Хикая Харун ар-Рашид деген кітаптарының соңында енді
баспадан беріледі деген Ескендір Зұлқарнайын, Ахмад Жәми, Әмір Хамза-
Сақипқыран деген сияқты бірқатар дастандары да аталған. Бұл шығармалар
бізге әлі белгісіз -деуі біздің ойымызды нақтылай түседі.
Орқа-Күлше, Назым Чәһар дәруіш сияқты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шәді Жәңгірұлы
Шәді Жәңгірұлының ғұмырнамасы
А.ЯСАУИ, Ж.БАЛАСАҒҰН, А.ЖҮЙНЕКИ және РАБҒУЗИ ҚИССАЛАРЫНЫҢ КІТАБИ АҚЫНДАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА ЫҚПАЛЫ
Ш. Жәңгірұлының өмірі мен шығармашылығы
Ж.Баласағұн. "Құдатғу біліг" шығармасына тақырыптық-идеялық, мазмұндық талдау. Насреддин Рабгузи "Рабғузи қиссалары", Х.Дулати "Тарих и Рашиди", Ш.Жәңгірұлы нәзира дәстүрі
Ш. Жәңгіровтың өмірі мен шығармашылығы (ғылыми мақала). Ғ. Қараштың ізденіс жылдары жайлы
Ж. Баласағұн Құдағу біліг шығармасына тақырыптық-идеялық, мазмұндық талдау. Насреддин Рабгузи Рабғузи қиссалары, Х. Дулати Тарих и Рашиди, Ш. Жәңгірұлы нәзира дәстүрі
XX ғасыр басындағы тарихи қоғамдық өзгерістердың қазақ әдебиетінің дамуына әсері
Ш.Жәңгіровтың өмірі мен шығармашылығы (ғылыми мақала)
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ДІНТАНЫМДЫҚ ЛЕКСИКАНЫ ЗЕРТТЕУДІҢ МӘДЕНИЕТТАНЫМДЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Пәндер