Жергілікті фармация



1 Дәрі.дәрмек нарығы
2 Шетелдік шикізаттарды сатып алу
Дәрі-дәрмектің бағасын өсірмей, оны мемлекеттік реттеу бұл жағдайда халықты әлеуметтік қолдау үшін амалсыз жасалған шара болып көрінуі мүмкін. ҚР мен РФ дәрілік құралдардың бағасының өсуіне ымырасыз күрес жариялады, «тыңдағысы келмейтін» дәріханашылардың қиын сәтте аурулар мен зейнеткерлердің есебінен байығысы келгендеріне қатаң санция жасалатынын бірнеше рет ескертті.

Дәрі-дәрмек нарығында, сондай-ақ азық-түлік пен ЖЖМ-ға күнделікті мониторинг өткізіп тұру туралы Премьер-министр Кәрім Мәсімов үстіміздегі жылдың ақпан айында-ақ, өкім берген болатын. «Күнделікті тәртіппен маған жағдайдың барысы туралы баяндаңыздар - бірінші кезекте қажетті өнімдердің бағасы тұру керек, бұған министрлер мен облыс әкімдері бақылау жасауы тиіс», деп үкімет басшысы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттікке тапсырма берді.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өз кезегінде дәрі-дәрмектің бағасының негізсіз өсуіне жол бермейтіндігіне уәде етеді, бірақ биыл импорттың фармацевтика препараттарына, оның ішінде өмірлік аса маңыздылығы бар дәрілерге, қалай дегенмен де 12 % өсетіндігін мойындап отыр. ҚР Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевтің айтуынша, дәрілердің басым көпшілігі (іс жүзінде 90%) шеттен әкелінеді. Оның елу пайызын мемлекет сатып алса, қалғаны жекеменшіктің үлесінде. 2009 жылы осы мақсатқа мемлекет қазынасынан 65 миллиард теңге бөлінді. Министрлік басшысы әкімдерді «кейінге қалдырмастан тауар жеткізіп берушілермен, дәріханалармен және дистрибьютерлермен, әсіресе, халықтың әлеуметтік қорғалмаған бөлігіне арналған препараттар үшін тиісті меморандум бекітуге шақырды.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Жергілікті фармация:

Дәрі-дәрмектің бағасын өсірмей, оны мемлекеттік реттеу бұл жағдайда халықты
әлеуметтік қолдау үшін амалсыз жасалған шара болып көрінуі мүмкін. ҚР мен
РФ дәрілік құралдардың бағасының өсуіне ымырасыз күрес жариялады,
тыңдағысы келмейтін дәріханашылардың қиын сәтте аурулар мен
зейнеткерлердің есебінен байығысы келгендеріне қатаң санция жасалатынын
бірнеше рет ескертті.

Дәрі-дәрмек нарығында, сондай-ақ азық-түлік пен ЖЖМ-ға күнделікті
мониторинг өткізіп тұру туралы Премьер-министр Кәрім Мәсімов үстіміздегі
жылдың ақпан айында-ақ, өкім берген болатын. Күнделікті тәртіппен маған
жағдайдың барысы туралы баяндаңыздар - бірінші кезекте қажетті өнімдердің
бағасы тұру керек, бұған министрлер мен облыс әкімдері бақылау жасауы
тиіс, деп үкімет басшысы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті
қорғау жөніндегі агенттікке тапсырма берді.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өз кезегінде дәрі-дәрмектің бағасының
негізсіз өсуіне жол бермейтіндігіне уәде етеді, бірақ биыл импорттың
фармацевтика препараттарына, оның ішінде өмірлік аса маңыздылығы бар
дәрілерге, қалай дегенмен де 12 % өсетіндігін мойындап отыр. ҚР Денсаулық
сақтау министрі Жақсылық Досқалиевтің айтуынша, дәрілердің басым көпшілігі
(іс жүзінде 90%) шеттен әкелінеді. Оның елу пайызын мемлекет сатып алса,
қалғаны жекеменшіктің үлесінде. 2009 жылы осы мақсатқа мемлекет қазынасынан
65 миллиард теңге бөлінді. Министрлік басшысы әкімдерді кейінге
қалдырмастан тауар жеткізіп берушілермен, дәріханалармен және
дистрибьютерлермен, әсіресе, халықтың әлеуметтік қорғалмаған бөлігіне
арналған препараттар үшін тиісті меморандум бекітуге шақырды.

Ведомство басшысы дәрілерді мемлекеттік мекемелер үшін сатып алу бірыңғай
дистрибьютор арқылы сатып алудың тиімді екенін айтады. Қазір үкіметтің
қаулысы шықты, ұйымдастыру шараларын біз бір-бір жарым ай ішінде аяқтап
бірыңғай дистрибьютор арқылы сатып алуды бастауымыз керек, - деп мәлімдеді
министр. Бұған қоса Денсаулық сақтау министрлігі амбулаториялық аурулар
үшін препараттарды дәріханалардан емес, тікелей емханалар арқылы таратпақ.
Бұл шара дәрілердің бағасын 15% арзандатуға мүмкіндік береді.

Министрліктегі арнайы шұғыл мәжілісте дәрілердің бағасы туралы мәселе
қаралды, оған өнім жеткізіп берушілер мен өндірушілер қатысты. Отандық
өндірушілер бағаны көтермейді, ол бюджетте көрсетілген деңгейде қалады
деген шешім қабылданды. Тараптар Дәрі- дәрмекпен үздіксіз қамтамасыз ету
және дәрілер мен медтехниканың бағасын өсірмеу туралы меморандумды
бекітті. Денсаулық сақтау министрлігі бағасы өзгертілмейтін отандық жүз
түрлі дәрмектің тізімін жасады. Олар: аспирин, тетрациклин, диклофенак,
хлорид натрия, вата, тағы басқалар.

Импортқа байланысты дистрибьютор препараттың бағасына әсер ететін
шығындарды азайтуға өзіне міндеттеме алды. Дегенмен, баға сәл- пәл өсетіні
анық. Министр бағаны негізсіз өсірген дәріханалардың лицензиялары қайтарып
алынатынын қатаң ескертті. Алыпсатарлықпен пайда тапқысы келетін
бизнесмендерге ең қатал шаралар қолданылады. Қажет болса тіпті
дәріханалардың жартысын жауып тастаймыз. Қажет болса, мемлекеттік
ауруханалар ашамыз,- деді министр. Бұл препараттар (қымбаттап отырғандары)
Қазақстанға девальвацияға дейін әкелінген.

Айта кетелік, қазақстандықтардың үлесін ресейлік әріптестер жалғастырды: РФ
Президенті губернаторларға импорттық дәрілердің негізсіз қымбаттау
себептерін анықтауды тапсырды. Аймақтардағы барлық мәселелермен біздің
аймақтық басшыларымыз айналысатынын ескере отырып, мен оларға сондағы
қандайда болсын аралық делдалдардың ұяты болуы керек екенін ескертемін.
Губернаторлардың міндеті - импорттық және отандық препараттарға қосылатын
бағалар шамадан аспауын қадағалау. Егер олар тыңдағысы келмесе, олармен
құқық қорғау органдары айналысады. Мен бұған уәде беремін, деп нығарлап
айтты РФ Президенті.

2008 жылы республикада дәрі-дәрмек нарығының көлемі 1,3 млрд. долларды
құрады, бұл туралы өткен жылдың соңында Сорос-Қазақстан қорының
Бюджеттік айқындық және есеп берушілік бағдарламасының менеджері Жәнібек
Хасан хабарлады. 2006 жылғы дерек бойынша дәрі-дәрмек нарығының көлемі
$550 млн, 2007 жылы $1 миллиардтан астам, ал, 2008 жылы шамамен 20 - 30%
өсті. Демек, азаматтарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету айналымында $1,3
млрд. бар. Оның $600 миллионы республикалық бюджеттен жұмсалып, ауруларға
тегін беріледі, - деп хабарлады сарапшы.

Қазақстандық нарықтың аяқ алысы басқа елдердегідей бағытта, сарапшылардың
бағасы бойынша, республикада саудадағы қымбат дәрілердің үлесі артып
келеді. Баға өскенімен, ол ассортиментке пәлендей әсер ете қоймайды,
сөйтіп, қымбат дәрілер тез тарап кетпесе де сөрелерден жоғалып кетпейді, -
деп түсіндіреді Фармэксперттің маркетингтік зеттеулер жөніндегі директоры
Давид Мелик-Гусейнов. Мәселеле мынада: дәріхана жүйелерінің өзіне арзан
цитрамон және аспириндермен сауда жасағаннан гөрі шетелдік қымбат,
тиімділігі жоғары дәрілер сату әлдеқайда пайдалы.

Сарапшылардың айтуынша, қымбат медпрепараттар сегменттерінің едәуір артуы
соңғы кезде тек қымбат дәрілер жазып беруге әуес дәрігерлердің
менталитетінің өзгеруімен де байланысты осындай келеңсіз тенденциялар
қалыптасып отыр. Бұған қоса дәрігерлердің импорттық дженериктерді (батыстық
брендтердің арзандау эквиваленті) қолдану жөніндегі бұрыннан келе жатқан
дауларын да ұмытуға болмайды. Көптеген дәрігерлер өз пациенттеріне күмәнді,
арзан дәрілерді жазып бергісі келмейді. Сөз GMP- өндірісі талаптарына сай
емес өндірілген арзан дәрілер туралы болып отыр.

Мұндай дәрілердің тиімсіздігі мен кері әсерлері болуынан және науқастың
ауруханада ұзақ емделуінен түпнұсқа препараттардан құны жалпы есепте асып
түседі. Менің кейбір таныс әріптестерімнің айтуынша, организмнің брендтік
препараттармен бірдей әсер алу үшін дженериктің дозасын екі есе арттыру
керек екен. Ал егер көшірменің екі дозасының бағасын алсақ, онда ол
түпнұсқаның бір дозасының бағасынан асып түседі екен. Қосақталған бос
қуыстар дейтіндер болады, ештемені емдемейді, бірақ организмге зиянды,
кері әсерлері рұқсат етілетін нормадан 10-12 есе жоғары болуы мүмкін, -
дейді көпжылдық еңбек өтілі бар Сайран атты стоматолог-дәрігер. Алайда
көптеген дәріханаларда дәл осындай арзанырақ алғысы келетіндерге осындай
препараттарды ұсынады. Бұл жағдайда сараң екі есе төлейдінің кері келеді.

Әлі күнге дейін ТМД ның түрлі елдерінде дженерик деген түсінік түрлі
саққа жүгіртіледі, сондықтан әкелінген препарат сапасы зертханада зерттеуі
(биоэквиваленттігіне тест) міндетті түрде жүргізілуі тиіс. Қайта тексеруді
препаратты тіркеу кезінде жасаған дұрыс. Импорттаушы және экспорттаушы
мемлекеттердің бақылаушы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Денсаулық сақтау (фармация) саласын стратегиялық басқару
Фармацевтикалық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі туралы
Формациялық терминдердің латын тілінде дәріптелуі
ПЕТРДІҢ РЕФОРМАЛАРЫ КЕЗІНДЕГІ РЕСЕЙДЕГІ ФАРМАЦИЯ
Дәрі-дәрмек дайындайтын мекеме
ХІХ ғ. бірінші жартысында Ресей фармациясының дамуы. ХІХ-ХХ ғ. Қазақстандағы дәріханалық істің дамуы. Дәріхананы басқару мен жабдықтау туралы
Фармацевтикалық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі жайлы ақпарат
Отандық фармацевтік салалардың бәсекеге қабілеттілігі
Қара зере майы негізінде косметологиялық спрей алу
Бесінші жолы, отандық фармацевтикалық заттардың өзіндік құнын төмендету арқылы оның нарықтағы өнімділігін арттыру
Пәндер