Қылмыстық жазаның ұғымы


Жоспар
І. КІРІСПЕ
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
- Жазаның ұғымы.
- Жазаның түрлері.
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Жазаның ұғымы.
Қылмыстық жаза мемлекеттік күштеу шараларының бірі болып табылады және ол мемлекеттің қылмыспен қарсы күрес жүргізу құралдарының бірі ретінде қолданылады. Мемлекет қылмысқа қарсы күрес жүргізуде әр түрлі ұйымдастырушылық, тәрбиелік, экономикалық, рухани шаралардың барлық түрін кеңінен қолданады, сөйтіп қылмыстан сақтандыру мәселелеріне ерекше көңіл бөледі.
Біріншіден, қылмыстық шара - мемлекеттік күштеу шарасы ретінде қылмыстық заңмен ғана белгіленеді. Қылмыстық Кодексте жазаның сот үшін міндетті тізбектері мен оны қолданудың тәртібі тұжырымдалған. Сот қылмысқа кінәлі адамға қылмыстық заңда көрсетілген шараның шеңберінде оның шегінен шықпай, жаза тағайындалады. Тек жағдайларда ғана сот көрсетілгеннен гөрі неғұрлым жеңілірек жаза тағайындауға құқылы.
Екіншіден, мемлекеттік күштеу шарасы ретіндегі қылмыстық жазаны мемлекет атынан тек қана сот тағайындайды. Қылмыстық Кодекстің 38-бабында "жаза дегеніміз соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы" делінген. Қылмыстық жазамен салыстырғанда басқа да мемлекеттік күштеу шаралары мемлекеттік органдар мен лауазымды органдар арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, қоғамдық тәртіпті бұзған адамды полиция бастығы әкімшілік жауапқа, салық инспекциясының лауазымды адам салықтан бұлтартпаушыларды заңда көрсетілген тәртіппен жазалайды немесе әкімшілік комиссиясы өзіне берілген құзірет шеңберінде әкімшілік құқық бұзушыларды жауапқа тартады. Осы аталған органдардың немесе лауазымды адамдардың бірде-біреуі қылмыстық жаза қолдануға құылы емес. Қылмыстық жазаны қолдану -тек қана соттың құзіреті.
Үшіншіден, заңда көрсетілге тәртіппен сотталған адамды жазада босату, сондай-ақ тағайындаған қылмыстық жазаны жеңілдету тағы да сот арқылы жүзеге асырылады. Тек қана рақымшылық және кешірім беру актілерімен жазада босату емесе жазаны жеңілдету Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес Парламент немесе Республика Президенті арқылы жүзеге асырылады, ал басқа жағдайларда бұл мәселелерді шешу тек соттық міндеті болып табылады. Бұлда қылмыстық жазаның шараларынан мәнді өзгешелігін көрсетеді.
Төртіншіден, қылмыстық жаза жария түрде ашықтан - ашық тағайындалады. Яғни, қылмыс адамның кінәсін анықтау оған жаза тағайындауды қажет деп табу, қылмыстық жазаның нақты түрі мен көлемін анықтау, жеке немесе заңды тұлғалар арқылы емес мемлекет арқылы жария, ашықтан -ашық түрде белгіленеді. Қылмыстық жаза кінәлі адамға мемлекет атынан белгіленеді, жеке немесе лауазымды адамдар сот тағайындаған жазада ешкімді де босата алмайды, заңды күшіне енген сот үкімі мемлекеттік, жеке кәсіпорын, ұйым, мекеме, лауазымды және жай адамдардың орындауы үшін Республика аумағында міндетті болып табылады. [3]
Бесіншіден, мемлекеттік күштеу шаралары ретінде кылмыстық жаза қылмыстық заңда көрсетілге нақты кылмысты жасаған кінәлі адамға қолданылуы мүмкін. Яғни, бұл жерде жаза адамның кінәлі түрде істеген іс-әрекетінің қылмыстық құқылық зардабы болып табылады. Сондықтан да қылмыстық заңда '"адам өз кінәсі анықталған қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік және пайда болған қоғамдық қауіпті зардаптар үшін ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиісті", -делінген. Сондай-ақ әрбір істелген қылмысқа жаза тағайындау міндетті емес. Мұның мәні мынада: егер тергеу жүргізген немесе істі сотта қараған кезде жағдайдың өзгеруімен байланысты кінәлінің істеген кылмысының қоғамға қауіпті мәні жайылса немесе оның өзі қоғамға енді қауіпті емес деп танылса, қылмыс нышандары бар іс-әрекет жасаған адамды қылмыстық жауаптылықтан босатуға /68-бап/ болады.
Қылмыстық жазаны қолдану кінәліні басқа түрдегі
азаматтық, әкімшілік немесе тәртіптік құқылық жауапкершілікке тартумен де ұштастырылуы мүмкін.Қылмыстық жаза мемлекет атынан қылмысты іс-әрекеттер үшін кінәлінің кінәсін бетіне басу арқылы берілетін теріс құқылық баға болып табылады 2. Бетіне басудың және кінәлаудың дәрежесі қылмыстық ауырлығына, кінәлінің жеке тұлғасына және оның қылмысты іс әрекетті істеудегі мінез құлқына тікелей байланысты болады.
Жаза сотталған адамға белгілі бір зардап келтірумен тікелей байланысты болады. Мысалы, соттың кінәліні бас бостандығынан айыруы немесе белгілі бір кәсіппен шұғылдануға немесе белгілі бір лауазым иесі болуға тиым салуы, мүмкін тәркілеуі мүмкін. Ерекше ауыр кылмыс жасаған жағдайда кінәлігет заңда көрсетілген негізде ерекше жаза өлім жазасын тағайындауы да мүмкін. Сөйтіп, кез келген қылмыстық жаза тағайындағанда сотталған адам материалдық, моральдық, мүліктік зардап шегеді. Өйткені жаза өзінің мәні жөнінен кінәліні жазалау болып табылады. [4]
Қылмыстық жазаның басқа да мемлекеттік күштеу шараларынан ерекшелігі сол, оны қолдану кінәліге барлық уақытта да сотталғандық туралы атақ береді. Сотталғандықтың кінәлі үшін белгілі құқылық зардабы бар, ол сотталғандығы туралы өмірбаянда көрсетілуі керек, сотталғандық кейбір жағдайларда қылмысты ауырлататын мән-жайларға жатады. Немесе сотталғандық атақ кейде қылмысты саралауға, жазаның мөлшерін, сондай-ақ жазаны өтейтін калонияның түрін белгілеу үшін маңызды жаза дегеніміз - сот арқылы мемлекет қылмыстық заңмен белгіленген мемлекеттік шараы қолдану болып табылады. Қылмыстық жазаның әкімшілік құқық бұзушылық үшін қолданылатын жазадан айырмашылығы мынадай:
біріншіден, қылмыстық жаза бұл істелген қылмыстың зардабы, ал әкімшілік шара болса, ол қылмыс болып табылмайтын қоғамға жат теріс әрекеттер үшін ғана тағайындалады.
Екіншіден, қылмыстық жаза сот арқылы мемлекет атынан тағайындалады. Әкімшілік шараларды әкімшілік органдары, лауазым адамдары немесе судья тағайындайды.
Үшіншіден, қылмыстық жазаның әкімшілік жазадан ерекшелігі сол сот үкімі бойынша тағайындаған қылмыстық жаза кінәліге сотталғандық атақ береді, ол әкімшілік жазаға тартылғандар үшін мұндай да құқылық зардап болмайды.
Жазаға тән ерекшелік - міндетті түрде жазалаудың болуы. Жазалау - дегеіміз жазаның мәжбүрлеу, зорлау силаты. Олар күш көрсету, моральдық, материалдық және басқадай ықпал ету арқылы жүзеге асырылады. Мысалы: бас бостандығынан айырғанда, қамауға алғанда сотталған адамның көптеген құқықтарына шек қойылады, ол бостандығынан айырылады, оның отбасымен, дос туыстарымен байланысы үзіледі.
Жазаның түрлері.
Жазалар жүйесінің ұғымы және маңызы. Жазалар жүйесі дегеніміз - ауырлығы ескеріліп белгілі-бір ретпен орналасқан, толық берілген және сот үшін міндетті болып табылатын, қылмыстық заңда бекітілген жазалар түрінің тізімі. Қазақстан Республикасының жаңа қылмыстық кодекстінде жазалар жүйесі 39- баптың 1- бөлігінде орналасқан.
Әділқазылық мәселелерін шешуде жазалар жүйесін белгілеудің методологиялық және практикалық елеулі маңызы бар. Оның методологиялық маңызы сол - әрбір жазаның қолдану жағдайын, дәл шегін және тәртібін көрсетіп, олардың толық тізімін беру арқылы қылмыспен күресте жазалау саясатының бірлігіне, сот қызметінде заңдылық принципін сақтауға қол жеткізе аламыз. Ал оның практикалық маңызы сол- онда жазаның түрлері бір жүйемен /ең жеңілінен бастап ауырына қарай/ берілген, соның нәтижесінде сот заңға сүйене отырып, сот практикасының тәжірбиесін, қоғамдық көзқарасты және ғылыми ұсыныстарды ескеріп, сотталғанға ықпал жасаудың әртүрлі шараларын тиімді де ұтымды пайдалана алады.
Заңмен белгіленген жазалар жүйесінің маңыздылығы сонда - ол арқылы қай жазаның аса қатаң, ал қай жазаның онша қатаң емес екендігін анықтай аламыз. Бұл тек жаза тағайындалғада ғана емес, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның жұмсақтау түріне ауыстырғанда да керек /ҚК-тің 71-бабы/. [5]
Жалпы жаза түрлерінің жүйесі және жазаның әрбір жеке түрі көптеген тәсіл арқылы сотталғанға ықпал жасау мүмкіндігін береді, сол тәсілдер арасынан сот ең орынды шараны таңдап ала алады. Осы жүйеге сәйкес соттар ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған адамдарға қатысты да, онша кауіпті емес қылмыс жасаған адамдарга қатысты да ауырлығы әртүрлі жаза қолдануға құқылы.
Сонымен, жаза түрлерінің біршама көптігі қылмыстың да, оның жасаған қылмыскердің де қоғамға қауіптілігін ескеріп әділ жаза тағайындауға мүмкіндік береді, алдында тұрған мақсатқа жетуге көмектеседі.
Жазаның түрлері мен жүйесі, сонымен қатар, қылмыскерлікпен күресу тәсілдеріне және қылмыстың өзіне деген қоғамда қалыптасқан пікірдің көрінісі. Адамның өмірі, денесі, бостандығы, ар-ожданы жазаның обьектісі, ал өлім, жарақат, күш көрсетіп қинау, қамау, қудалау, мүлкінен айыру, масқаралау - жаза қолданудың салдары болып табылады. Жаза қолданғанда қылмыскер әруақытта мемлекет атынан айыпталады. Қылмыстық жаза қоғамдағы үстем көзқарасқа және оның өмір сүруінің негізгі шарттарына сәйкес келетін көзқарастарға жауап беріп келді, жауап береді де. Заңдарға бұрынғы ескірген жазаларды енгізсек, оны қоғам тарихи анахроним деп санар еді, ол жазалар жүрмес еді. Керісінше, егер заңдарға қоғам саяси да, саа жағынан да әлі дайын емес жазаларды енгізсек, олар да жұмыс істемес еді. Қылмыстық заң мен жаза адамдардың қалыптасқан өміріне, қоғамдық қатынасқа, сол қоғамның идеология мен таптық құрылымына, мемлекет экономикасының ахуалына және осы негізде қалыптасып отырған этикалық және құқықтық көзқарастарға сәйкес келуі тиіс. Егер жаза түрлерінің қоғамның және қоғамдық қатынастардың даму деңгейімен байланысына көз жүгіртсек, мынадай заңдылықты байқауға болады: өндіргіш күштердің даму деңгейі төмен кезде қоғамдық тұрмыс та нашар, мәдениет те төмен деңгейде болды, оған сәйкес идеология болды; жазалаудың аса қатаң түрлері қолданылды - ашықтан ашық үрей тудыру, өлтірудің, жарақаттаудың жетік түрлері болды жазаны қатайтуды қажет етті, аса қатаң жазалау кейінгі федолизмге тән әрекет еді.
1532-жылы қабылданған Карл У-нің қылмыстық жинағы "Каролина" сол кезеңді дәлірек сипаттайтын заң актісі.
Басқа елдердің заңдары да, одан кейінгі кездері де бұл заңнан алыс кеткен жоқ . Ф. Энгельс былай деп жазды: "Ағылшындардың қылмыстық заңының Европадағы ең қатаң заң екендігін білеміз. 1810 жылдың өзінде ол өзінің қатыгездігі жағынан Каролинадан кем түспеді: отқа жағу, доңғалаққа байлап, кескілеп өлтіру, тірі адамның шек-қарнын ақтару, т. б. жазалаудың көп тараған түрі болды"ЗІб]
Қылмыскерлікпен күрестің барлық формалары мен әдістері тек қатаң жазалаумен ғана шектелді. Ондағы басты мақсат - "зиянкес" адамның көзін жою емесе оны адам сияқты өмір сүру қабілетінен айыру. Ол кездің ұраны -үрейлендіру мен қатыгездік. Бірақ, қатаң жаза қолданудың өзі қатыгездікті тудыратынын өмір көрсетті. Нәтижесінде қылмыс азайған жоқ, қайта көбейіп кетті. Сондықтан да алдыңғы қатарлы ойшылдар бір жағынан жазаның сипатын өзгерту керек, екіншіден қылмыстың алдын алуға бағытталған шараларды жүзеге асыру керек дегенді айтты. Қазіргі тарихи кезең жағдайды жаза мен түзетуге болмайтындығын көрсетіп отыр, сондықтан да оқымыстылар бұл тығырықтан шығудың жолын іздестіруде. Осыған байланысты мәжбүрлеу және зорлық принципіне емес, сенімді мәжбүрлеумен ұштастырған принципке негізделген жаза теориясы ерекше маңыз алады. Бұл теория жаза қылмыскерлікпен күрестегі маңызды да және әзірше қажетті құрал болғанмен, ол жалғыз әрі басты құрал емес, тек қосымша ғана деген түсініктен туындайды.
Қоғамның әлеуметтік өміріндегі жазаның орны, бәрінен бұрын адамгершілікпен, адамға деген қамқорлықтан барып анықтамауға тиіс. Мәжбүрлеудің қылмыспен күрес тәсілдерінің бірі екендігін ескере отырып, бірақ ақтық соңында тек мақсатты тәрбие мен сенім арқылы ғана адамға ықпал жасауға болатындығын, солар арқылы ғана адамның сезімі мен ойы, көзқарасын, идеясын, дағдысы мен мінез құлқын өзгертуге болатындығын мойындау керек.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде бұл принциптер ескерілген және жаза түрлерінің тізімі бұрынғы заңмен салыстырғанда едәуір өзгерген. Жазаның кейбір түрлері сақталған, ал кейбіреулерін заң шығарушы алып тастаған. Сонымен қатар, қоғамдық жұмыстар, бостандықты шектеу, тағы басқадай жазаның жаңа түрлерінің жүйеге енгізілуі өте дәлелді. Жазаның кейбір түрлерінің атаулары да, оған сәйкес мазмұны да өзгерген. Әскери және арнайы атақтан айырудың орына- арнайы әскери және құрметті атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградалардан айыру; бас бостандығынан айырмай түзеу жұмыстарына жіберудің орнына- түзеу жұмыстары. Тәртіптік батальонға жіберу түріндегі жаза тәртіптік әскери бөлімде ұстаумен ауыстырылған.
... жалғасыӨлім жазасы жаза түрлерінің тізіміне кіргенмен, ол ерекше сипаттағы жаза деп көрсетілмеген.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 39-бабында қарастырылған қылмыстық жазалар тізімінде мыналар бар: айыппұл салу, белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналасу құқығынан айыру; қоғамдық жұмыстарға тарту; түзеу жұмыстары; әскери қызмет бойынша шектеу; бас бостандығын шектеу; қамау; тәртіптік әскери бөлімде ұстау; бас бостандығынан айыру; өлім жазасы; арнаулы, әскери немесе құрметті атағына, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, биліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру; мүлкін тәркілеу. Тиімділігі өте төмен болғандықтан жаңа Қылмыстық Кодекстен жазаның мынадай түрлері алынып тасталды: қоғам алдында бетіне басу, келтірген нұқсанды жоюды міндеттеу, жер аудару, елден шығарып жіберу, қызметтен босату, еңбекпе тәрбиелеу прафилакториясына жіберу, ата-ана құқынан айыру. Мұның бәрі 1959 жылғы Қылмыстық Кодексте бар болатын.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz