Басқарудағы жүйелік тәсілдер негізі



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I. Басқару процесінің ұғымы ... ... ... 4
1.1.Басқару процесінің негізгі сипаттамалары ... .8
1.2.Басқару процесінің типтері ... ... ... .13
II. Билік жүргізу әдістері ... ... ... ... ... ..15
2.1.Жеке билік негізі ... ... ... ...17
2.2.Ұжымдық билік негізі ... ... ... 19
III. Басқару процесіндегі қолданылатын әдістер ... ... 20
3.1.Басқарудағы экономикалық әдістер ... ... ... ... .22
3.2.Ұйымдық.әкімшілік әдістер ... ... ... ... ... ... ... ..24
3.3 Әлеуметтік.психологиялық әдістер ... ... ... ... ...25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Пайдаланылған әдебиетер ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
Біз басқару жүйелік тәсілдерінің негіздерінің ұғымдарына тоқталып өттік. Оның негізгі сипаттамаларын қарастырдық.Басқару процесінің типтерінде шолып өттік. Басқару процестерінің ұғымдарына анықтама беріп, оларды талқыладық. Билік жүргізу әдістерін де қарастырдық. Жеке және ұжымдық билік жүргізу әдістерін пайдаландық.Билік жүргізу әдістерін қолданыла отырып , олардың екі түрін пайдаландық. Билік негізі биліктің пайда болуы, ал билік көзі осы билік негізін іске асыру түрлері болып табылады.Басқару жүйесіндегі қолданылатын әдістерге тоқталып өттік.
Басқарудың принциптерінің дамуы басқарудың қызметтерін сипаттау жалпы ұйымның басқарылуына жүйелі түрде қатынасты бөліп жасау.Басқарудың әдіс – тәсілдерінің жұмыскерлердің арасындағы қарым-қатынасқа пайдаланынып олардың қағаттануын жоғарғы дәрежеге жеткізу және еңбек өнімділігін арттыру мақсатында барлық жұмыскерлердің потенциалына қарай барлығын пайдалануы үшін ұйымды соған сәйкес құру қажет. Басқарудың экономикалық әдістерінің негізгі мақсаты кәсіпорынның ұжымның және тұлғалардың белсенділік көрсетуге ұмтылатындай экономикалық жағдайларды қамтамасыз ету.
Басқару процестерін басқарудың көптеген жүйелері мен салаларында жүзеге асырады. Кәсіпорындар мен мекемелерде, кәсіпорындарды тасымалдау орындарында, т. б. Яғни, адамдар еңбек ететін қажетның барлығында белгілі бір мақсатқа жету үшін басқару қызметі бірінші кезектегі міндет болып саналады.
1. Ахметов К.А. т.б. «Менеджмент негіздері» . Ақтөбе-Орал.2005.
2. Рахметов Б.А. «Персоналды басқару». Алматы.2005.
3. Каренов Р.С. «Менеджмент негіздері» .Қарағанды. 1999.
4. Бердалиев К.Б. «Қазақстан экономикасын басқару негіздері» . Алматы. 2001.
5. Бердалиев К.Б. «Басқару негіздері» . Алматы. 2005.

Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
I. Басқару процесінің ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... . 4
1.1.Басқару процесінің негізгі сипаттамалары-------------- 8
1.2.Басқару процесінің типтері---------------------------- ----13
II. Билік жүргізу әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.1.Жеке билік негізі----------------------------- -----------------17
2.2.Ұжымдық билік негізі----------------------------- ------------19
III. Басқару процесіндегі қолданылатын әдістер ... ... ... 20
3.1.Басқарудағы экономикалық әдістер------------------------22
3.2.Ұйымдық-әкімшілік әдістер---------------------------- ------24
3.3 Әлеуметтік-психологиялық әдістер-------------------------25
Қорытынды-------------------------- --------------------------------- 27
Пайдаланылған әдебиетер-------------------------- ---------------29

Кіріспе

Біз басқару жүйелік тәсілдерінің негіздерінің ұғымдарына тоқталып өттік. Оның негізгі сипаттамаларын қарастырдық.Басқару процесінің типтерінде шолып өттік. Басқару процестерінің ұғымдарына анықтама беріп, оларды талқыладық. Билік жүргізу әдістерін де қарастырдық. Жеке және ұжымдық билік жүргізу әдістерін пайдаландық.Билік жүргізу әдістерін қолданыла отырып , олардың екі түрін пайдаландық. Билік негізі биліктің пайда болуы, ал билік көзі осы билік негізін іске асыру түрлері болып табылады.Басқару жүйесіндегі қолданылатын әдістерге тоқталып өттік.
Басқарудың принциптерінің дамуы басқарудың қызметтерін сипаттау жалпы ұйымның басқарылуына жүйелі түрде қатынасты бөліп жасау.Басқарудың әдіс –тәсілдерінің жұмыскерлердің арасындағы қарым-қатынасқа пайдаланынып олардың қағаттануын жоғарғы дәрежеге жеткізу және еңбек өнімділігін арттыру мақсатында барлық жұмыскерлердің потенциалына қарай барлығын пайдалануы үшін ұйымды соған сәйкес құру қажет. Басқарудың экономикалық әдістерінің негізгі мақсаты кәсіпорынның ұжымның және тұлғалардың белсенділік көрсетуге ұмтылатындай экономикалық жағдайларды қамтамасыз ету.
Басқару процестерін басқарудың көптеген жүйелері мен салаларында жүзеге асырады. Кәсіпорындар мен мекемелерде, кәсіпорындарды тасымалдау орындарында, т. б. Яғни, адамдар еңбек ететін қажетның барлығында белгілі бір мақсатқа жету үшін басқару қызметі бірінші кезектегі міндет болып саналады.
Әрбір басқару қызметі процесс болып саналады, өйткені, бұлар гөріі өзара байланысты әрекеттер сериясынан тұрады. Басқару қызметі барлық қызметің жалпы жиынтығы. Басқару қызметіне ғылымның көптеген салаларында ғалымдар зор көңіл бөлді. Кезінде А. Файоль былайша тұжырымдаған болатын: Басқару дегеніміз болжалдау және жоспарлау. ұйымдастыру, жарлық беру, үйлестіру және бақылау.
І Басқару процесінің ұғымы

Басқару —адамдардың кәсіптік қызметі. Бұл қызметтің мән-мазмұнын айқындау үшін оның анықтамасын берейік. Басқару —бұл ұжымдағы адамдарға және жекелеген адамдарға, олардың бірлескен (еңбек) жұмыс процесінде мақсатты жүйелі ықпал ету.
Осы анықтамадан бірқатар қорытынды жасауға болады. Басқару ең аддымен, ықпал ету, демек мұнын өзі сол әрекетке билік ету қажеттігін көрсетеді.
Мақсаттылық анықтамасы басқару міндетін —қажетның алдына қойған мақсатына жетуін қамтамасыз етуді көздейді. Оның үстіне мақсат қою да басқару міндеті.
Жүйелік анықтамасы дүрін-дүркін емес жүйелі, үздіксіз жүзеге асыру қажеттілігін көрсетеді.
Әрекеттің осындай міндетті бірізділігін басқару процесі деп атайды. Әр түрлі деңгейде басқару процестерінің күрделілігіне және алуан түрлілігіне қарамастан, Д. Н. Бобрышев осы категорияға —басқару процесіне біршама жалпылама анықтама береді. Басқару процесі —бұл шешімді шығаруды, қабылдауды қабылданған шешімінің орындалуы жөніңдегі жұмыс барысын үйлестіруді, кабылданған шешімнің орындалу барысын бақылауды бірізділіклен жүзеге асыру (I схема). Бұл анықтама басқару әрекетінің мазмұнын да ашады.
Басқару түрлеріне алалғандардан басқа төрт қосымша фактор әсер етеді, енді солрға толығырақ тоқталайық:
Басшаның қызметі оның қарамағындағылардың бір күндік еңбегінің нәтижесімен бағаланбайды. Оның еңбегінің нәтижесі белгілі бір уақыт аралығында қызметкерлердің жетістігіне байланысты бағаланады.
Өзіндік басқару типін қалыптастырғанда мына факторларды есте ұстаған жөн: ол тұрақты және жеткілікті дәрежеде икемді болу керек. Егер басшының мінезі көңіл –күйіне қарай үнемі өзгеріп отырса , оның қарамағындағылармен түсінісуі қиын болады.Жақсы басқарушы өзіне ыңғайлы басқару типін ғана қолданануға тырысады.
Қызметкерлерді қабылданған шешімдердің саны емес өз мүдделеріне әсері қызықтырады. Жақсы басшы олардың мүдделеріне тікелей қатысты шешімдерді дайындау кезінде қызметкерлерді тартуға тырысады.
Басқару типін таңдаған да оның бағдарын есепке алу керек. Егер басшының басты мақсаты қызметкерлер мүддесін қанағаттандыру болса, олардың қажеттілігін ұйым қажеттіліктерімен қатар орындауға тырысады.Қызметкерлер мүддесін қорғау дегеніміз –қойылған міндеттерді қарапайым әдістермен шешу .Өз қарамағындағыларын жағдайын ойлаған басшы көп жағдайда үлкен жетістіктерге жетеді.

Басқару процестерін басқарудың көптеген жүйелері мен салаларында жүзеге асырады. Кәсіпорындар мен мекемелерде, кәсіпорындарды тасымалдау орындарында, т. б. Яғни, адамдар еңбек ететін қажетның барлығында белгілі бір мақсатқа жету үшін басқару қызметі бірінші кезектегі міндет болып саналады. Басқару процесі мемлекеттік деңгейде де, шаруашылық ұйымында да бірдей жүргізіледі. Стратегиялық және жедел проблемаларды шешкен кезде ол бір мақсатты көздейді, әрине мұндай жағдайда көбінесе Стратегиялык басқару, жедел Басқарусекілді терминдерді пайдаланады. Бірақ мұнда басқару мазмұны өзгермейді.
Басқару циклді процесс ретінде қарастырылады, ол Басқару кызметі деп аталатын басқару жұмысының нақты түрінен тұрады. Басқару қызметі - Басқару жұмысының нақты түрі, оны жүзеге асыру үшін арнайы амалдар мен әдістер, сондай-ақ тиісті ұйымдық жұмыстар қолданылады.
Әрбір басқару қызметі процесс болып саналады, өйткені, бұлар гөрі өзара байланысты әрекеттер сериясынан тұрады. Басқару қызметі барлық қызметің жалпы жиынтығы. Басқару қызметіне ғылымның көптеген салаларында ғалымдар зор көңіл бөлді. Кезінде А. Файоль былайша тұжырымдаған болатын: Басқару дегеніміз болжалдау және жоспарлау. ұйымдастыру, жарлық беру, үйлестіру және бақылау. Бұл қызмет басқарудың теориялық категориясы ретінде неолиттерде кеңінен пайдаланылады , бірақ біржақты емес.
Функция – көп мәнді термин. Философияда бұл екі объектінің (топтық) қарым-қатынасы, онда біреуінің өзгеруі екіншісінің өзгеруіне түрткі болады, социологияда - белгілі бір әлеуметтік институт немесе жеке әлеуметтік процесс жоғары деңгейдегі коғамдык жүйенің қажетін орындайды.
Функция - бұл сонымен қоса әрекет, міндет жұмыс. Бұл мағынада функция ұғымы басқару қызметінің категориясьін анықтаған кезде басқару теориясында, сондай-ақ олардың ұйымдастыру жүйесіндегі басқа қызметтерінде - өндірістік, әлеуметтік т.б. өзгешелігін көрсету үшін пайдаланылады.
Басқару қызметінің өзіндік өзгешелігі, ерекше мазмұны болады, әрі дербес жүзеге асырылуы мүмкін. Оларды кез-келген басқару саласындағы адамдар қызметіне теңдестіруте болады. Шындығында, кез келген салада басқару үшін шешімді әзірлеу және қабылдау, оның орындалуын ұйымдастыру, оның орындалу барысын үйлестіру, орындалу нәтижесін бақылау және де осы деректердің негізінде келесі шешімді шығару және қабылдау қажет.
Басқарудың барлык қызметі бір-біріне тығыз байланысты, сонымен қоса, олар бір-бірімен сіңісіп кетеді. Жоғарыда атап көрсетілгендей, басқару қызметіне деген көзқарас және олардың жіктелуі алуан түрлі. Менеджмент негіздері кітабының авторлары ( М. X. Мескон, М, Альбет, Ф. Хедоури) басқару қызметінің елеулі түрлерін шағын категорияларға бөледі. Мұның өзін қазіргі барлық ұйымдарға қолдануға болады . Авторлардың пікірінше, басқару процесі олардың өзара байланысты қызметтерінен: жоспарлаудан, ұйымдастырудан, мотивация және бақылаудан тұрады

1-схема. Басқару процесінің мазмұны
2.Шешімнің орындалуын ұйымдастыр,қажетті жағдай жаса , міндетті түсіндір.

3. Жұмыс ббарысын үйлес-ттір ,пайда болған к келіспеушілікті
жөнде

1.Шешімді шығар жә-не орында-кім, не іс-теу керектігін айқын-да

Ақпарат.

4. Бақылау-қабылданған шешімге сәйкес, мұқиат есептеуді негізге алып , жұмыс барысының орындалуын өлше.

2-схема. Басқару функциясы (қызметі)

Жоспарлау. Ұйымдастыру.Мотивация. Бақылау.

1.1.Басқару процесінің негізгі сипаттамалары

Алдыңғы тараудан бізге басқару процесінің төрт қызметі белгілі: жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация және бақылау. Олар коммуникация және шешім қабылдау процестерімен байланысып біріккен. Олардың негізгі мазмұнын қарастыралык.
Жоспарлау барлық басқару қызметінің ішіндегі ең елеулісі болып саналады.
Жоспарлау кәсіпорын мен бөлімшенің мақсатын тандап алудан түрады, сондай-ақ осы мақсатқа жету амалдарын қарастырады. Жоспарлау қызметі мынадай үш сұраққа жауап береді:
1. Біз қазір қандай жағдайда тұрмыз? Басшылар ұйымның қаржы, маркетинг, өндіріс, ғылыми зерттеу және іздестіру, еңбек ресурстары секілді маңызды салалардың күшті және әлсіз жақтарын бағалай білуі тиіс. Мұның барлығы ұйымның қандай мүмкіндіктері барын анықтау мақсатында жүзеге асырылады.
Біз қайда бет алуымыз керек? Бәсеке, клиенттер, заңдар, саяси
факторлар, экономикалык жағдайлар, технология, жабдықтау,
әлеуметтік және мәдени өзгерістер секілді сыртқы ұйымдардың
мүмкіндіктері мен кауіп-қатерін сезіне отырып, басшы
ұйымдастырудың мақсаты қандай болу керектігін және осы мақсатқа
жетуде ұйымга не бөгет жасайтындығын анықтайды.
Біз мұны қалай істеуіміз керек?
Басшылар жалпылама және нақты жағдайда ұйым мақсатын орындау тиіс.
Ұйымдағы жоспарлау екі себептің әсерінен туындайтын жеке бір жолғы құбылыс емес. Біріншіден, кейбір ұйымдар мақсатқа жеткеннен кейін өмір сүруін тоқтатады, өйткені олар бастапқы сол көпдеген мақсаты үшін құрылады. Алайда, көпшілік ұйымдар өмір сүруіді мүмкіндігінше ұзарта түседі. Сондықтан олар алғашқы мақсатын толық орындаған жағдайда өз мақсаттарын жаңадан айқындайды немесе өзгертеді.
Екінші себеп, мүнда жоспарлау ұздіксіз жүзеге асырылуы тиіс —бүл болашақтағы тұракты белгісіздік. Қоршаған ортадағы өзгерістің немесе тұжырымдаудағы қателіктін әсерінен, жоспарды жасаған кезде оқиға басшы ойлағандай болмауы мүмкін. Сондықтан жоспардың ақикаттығына көз жеткізу үшін оны келісе отырып қайтадан қарап, пысықтап шығады.
Ұйымдастыру. Ұйымдастыру —демек нендей бір құрылым құру. Ұйым өзінің жоспарын орындау, сол арқылы мақсатына жету үшін копструкциялауға қажетті көптеген элементтер болады.
Ұйымда жұмысты адамдар істейтін болғандықтан ұйымдастырудын маңызды жағдайларының бірі —ұйым ішіндегі толып жаткан мінтедеттерді, соның ішінде басқару жұмысын кімдердің орындау керектігін анықтап алу. Басшы адамды нақты жұмыстарға бөледі, жекелеген адамдарға тапсырмалар мен биліктер немесе ұйым ресурстарын пайдалану правосы беріледі. Мұның өзі олардың өз міндеттерін тиянақтап орындауына деген жауапкершілік жүктейді..
Мотивация. Егер кімде кім ұйымдағы нақты жұмысын орындамаса, онда тіптен ойдағыдай жасалған жоспардың және ұйымның неғұрлым жетілдірілген кұрылымның ешқандай мәні болмайды. Сондықтанда мотивацияның міндеті сол, ұйым мүшелері өздеріне бекітілген міндеттерді жоспарға сәйкес орындау.
Басшылар әрқашанда өз жұмыскерлерінің тапсырылған істі орындауын талап етеді, көп жағдайда орындатады. Көне уақыттарда бұл үшін дүре мен жазаны, кейбіреулеріне —награданы қолданды. XVIII ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың соңына дейін қалыптаскан сенім бойынша, егер адамдардың еңбекақы табуға мүмкіндігі болса, онда олар жан аямай жұмыс істейді. Сондықтан да мотивация —ақшалай тиісті ақы төлеу арқылы жұмыс істеу деген ұғым береді. Ғылыми басқару мектебі де мотивацияны осы тұрғыдан негіздейді.
Мінез-құлық ғылымы саласындағы зерттеулер таза экономикалык ықпалдың жеткіліксіз екендігін дәлелдеді. Басшылар мотивацияны, яғни іштей талаптанудың іске асуы үшін үнемі өзгеріп тұратын күрделі жиынтық қажеттіліктің нәтижесі деп түсінеді. Өз жұмыскерлерінің тиімді жүмыс істеуі үшін басшы бұларға ненің қажет екендігін анықтауы, әрі осы қажеттілігін жақсы жұмыс арқылы қанағаттандыруы тиіс.
Бақылау. Күтпеген жағдайға байланысты өзінің бастапқы, басшы белгілеген бағытын өзгертуі мүмкін. Сондықтан да басшынын міндеті, ұйымға елеулі зияны келмей тұрғанда алғашқы белгіленген жоспардың өзгеру себебін тауып анықтау болуы тиіс.
Басқарудың бастапқы пункті - басқаруды қалыптастыру және мақсатты таңдау болып саналады. Мақсаткерлік —басқару жүйесінің басты қасиетінің бірі. Басқару мақсаты —басқару жүйесі тапсырмасының еңбек әрекеті нәтижесінде орындалуы, оған қол жеткізу үшін басқару объектісінің жұмыс істеуі.
Басқару шешімдерін ойластыруда қолда бар ресурстар мен қоғамдық қажеттілікке негізделген мақсат ерекше маңызды рөл атқарады. Мақсатты айқын тұжырымдаудың психологиялык мәні де бар, өйткені мұның өзі ұжымның өз ісіне сенімділігін арттырады, өз жетістіктерін салыстыруға мүмкіндік береді, әрі кейбір мақсаттың орындалуынан қанағат алады. Мақсат неғұрлым биік, мәртебелі болса, эмоция да соғұрлым әсерлі, мұның өзі түптеп келгенде мақсатка тезірек жетуге ықпал етеді. Жануарлар организміндегі барлық рефлекстерді қарастыра келіп И. П. Павлов былай деп жазады: мақсат рефлексінің маңызы ерекше зор, өйткені ол әрқайсымыздағы өмірлік энергияның негізгі нышаны.
Ұйымда әр түрлі мақсат болуы мүмкін, бұның әсіресе әр түрлі ұйымдарға қатысы бар. Мәселен, кәсіпорынның басты міндеті —белгілі бір мөлшерде тауар шығару немесе қызмет көрсету. Басты мақсат, оның орындалуын қамтамасыз ететін бірнеше мақсатқа бөлінеді. Бүлар: өндірісті дамыту және тиімділігін арттыру, оны жан-жақты интенсивтендіру, ғылыми-техникалық прогресті желелдету, еңбек өнімділігін арттыру, ресурсты үнемдеу, табысты көбейту, ұжымның әлеуметтік дамуы, әлеуметтік саланың казіргі материалдық базасын қалыптастыру, жоғары еңбек өнімділігі үшін қолайлы мүмкіндіктер жасау, әлеуметтік әділеттілік, адамдарды, қоршаған ортаны корғау жөне жақсарту. Кәсіпорынды басқару, міне осындай басты мақсатқа жетуге бағытталуы тиіс.
Мақсатты графикалық схема (мақсат бәйтерегі) түрінде де бейнелеуге болады, мүнда басты мақсат бағана, ал оған жету мүмкіндіктері (мақсат тармақтары) бұтақша түрінде көрсетіледі. Мақсат пен амал ұйымдары өзара байланысты, бұлар қойылған мақсатка жетудің құралы бола отырып, өздері де жүйенің төменгі денгейіндегі мақсатқа айналады. Мәселен, бірінші деңгейдегі мақсат тармақ мақсат ретінде, ал оған жетудің мүмкіндігі —екінші деңгейдегі мақсат тармағы ретінде қарастырылуы мүмкін. Мақсат бәйтерегі әдістемесін пайдалана отырып, мақсатқа жетуге байланысты шараларды жүйелі жүзеге асырудың бірегей схемасын жасауға болады. Мұндайда басты мақсат (нөлдік деңгей) —бұл нсгізгі бағана, бірінші денгей —бағана тармактары, осы тармақшадан тарайтын екінші бұтақшалар және ең төменгі деңгейі —бәйтеректің жапырактары немесе жемістері. Деңгей саны алуан түрлі болуы мүмкін. Принцип —қажетті минимум меншектелуге тырысу.
Мақсат бірнеше сипаттамаға ие болады. Біріншіден мақсат нақтылы және өлшемді болуы тиіс. Өз мақсатын нақты өлшемдерде нышандарда белгілей отырып, басшы келесі шешімге нақты база жасайды және жұмыс барысын бағалайды.
Тиімді мақсаттың екінші сипаттамасы болжалдаудың нақты горизонты болып саналады, бұл нәтиже қашан болатындығын айқындайды. Мақсат ұзақ немесе қысқа уакыт аралықтарында белгіленеді. Ұзақ мерзімдік мақсаттың шамамен бес жылдай, ал технологиясы озық фирмаларда —кейде одан да көп жоспарлау горизонты болады. Қысқа мерзімдік мақсат көпшілік жағдайда ұйым жоспарының біреуі ғана қарастырады. Оны бір жылда аяқтау көзделген. Орташа мерзімдік мақсатттық жоспарлау горизонты бір жылдан бес жылға дейін.
Ұйымның тиімділігін арттыру үшін мақсат айқын болуы тиіс. Не ресурстардың жеткіліксіздігінен, не сыртқы факторлардан баянсыз мақсатқа ұшыратуы мүмкін. Қол жетпеген мақсат жұмыскерлердің ынта-ықыласын кемітеді.
Ұйымдағы толып жатқан мақсаттар тиімді болуы үшін біріне бірі ықпал етуі —бір мақсатқа жетуге қажетті әрекет пен шешім, басқа мақсаттың жетістігіне бөгет жасамауы тиіс.

1.2.Басқару процесінің типтері

Кәсіпорын қызметі мақсатының бағыт-бағдарын білу міндетті түрде қажет болып саналады. Сонымен қоса осы бағыт-бағдардын сипаты алуан түрлі болуы мүмкін, осыған байланысты басқару процесі үш типте өтуі мүмкін.
Бірінші тип —мақсатты баскару. Барлық өндірістік және басқадай басқару міндеттерді барлық деңгейде шешкен кезде мақсатты басқару шешуші рөл атқарады. Басқарудың мақсаттылығы —кәсіпорынның жалпы мақсаттық, дербес бөлімшелерін ұйымдастыру үшін жіктеу. Бұл принципті пайдаланған кезде бөлімшелердің және ондағы жүмыскерлердің мақсаты айқыңдалады, әрбір басқарулы қызметкер өзіне қойылған талап туралы нақтылы түсінік алады, дербес шешім қабылдау мүмкіндігі үлғаяды және жүмыста табысқа жетуді ынталандырады. Мақсатты басқару аса ірі бір жолғы шараларды мәселен кәсіпорынды қайтадан конструкциялау және кайтадан жарақтандыру, жаңа өнімді шығаруға көшу, жалгерлікті немесе кооперацияны енгізу т.б. шараларды орындау үшін қолданылады.
Баскару процесінің өтуінің екінші типі —бағдарламалық басқару. Мұнда нақты тапсырманы мұқият ойластыру, бөлімшелердің жүйелі әрекетін және бұл әрекеттердің бір бірімен байланысын анықтау көзделеді. Осындай тапсырма жиынтығы басқару бағдарламасы болып саналады. Басқару процесінің мұндай типі әдетте өндірістің күрделі міндеттерін шешкенде қолданылады.
Кәдімгі жоспардан бағдарламаның өзгешелігі —тапсырманы орындауды басқаруды кідіртпестен қолға алуға, осал тұстарын анықтауға, ресурстарды қайта бөлуге мүмкіндік береді. Бағдарламалық басқару күрделі кұрылыста, көп бөлшекті бұйымдар шығаруда, жоспардан тыс және жедел жүмыстарда қолданылады.
Басқару процесінің үшінші типі —жағдайға қарай басқару. Бұл мақсатты айкындалған әрі сирек өзгеретін, тұрақтанған, толық меңгерілген өндірісте қолданылады. Мұндағы басты міндет —туындаған қолайсыз жағдайдан, өндіріс процесіндегі іркілістен шьіғудың ең колайлы жолдарын іздестіру. Ол үшін пайда болған ауытқуларды тез, әрі аз шығынмен жоюға мүмкіндік беретіндей шешім қабылданады.
Атап көрсететін жәйт, практикада басқарудың жоғарыда аталған типтері сол қалпында қолданыла бермейді. Басқару деңгейі алуан түрлі болып келетін кез келген кәсіпорында түрлі өндірістік міндеттерді шешкен кезде басқарудың үш типі дербес қолданылуы да, әр түрлі үйлесімде колданылуы да мүмкін.
Мұндай үйлесімділікке, соңғы жылдары кең етек алған бардарламалық, мақсатты басқару —мақсатты жиынтық бағдарламаны жасау және жүзеге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жобалаудың теориялық негіздері
Әлеуметтік басқару жайында
Басқарудың ғылыми мектебі
Менеджмент пәні
Сапаны басқару әдістері
Жалпы теорияның пәні және әдісі
Экономика мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік кешеннің жинағы
Мектепті педагогикалық басқарудың құрылымы
Басқару жүйесінің тұжырымдамалары
Кәсіпорынның инновациялық қызметі
Пәндер