Жоламан Тіленшіұлы халық батыры


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ - Түрік университеті

Факультет :

Кафедра:

Тақырыбы: Жоламан Тіленшіұлы

Қабылдаған:

Орындаған:

Тобы:

Түркістан 2012 ж


Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1. Жоламан Тіленшіұлы

2. 19 ғасырдың бірінші жартысындағы ұлт-азаттық қозғалыстар.

ІІІ. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

І. Кіріспе

Бөкенбай батырдың немересі. Табын руларының ішіндегі Жоламан аулының көлі, ұшар көгі бойы. Електің Жайыққа құяр сағасы. Нарын құмы мен үш өзеннің жайлы сағасы. 1810 жылдан бұл араға орыс отаршылдары қоныстана бастады. Елек пен Орынбор арасына 29 бекеніс орнатылды. Бұл оқиғалар Жоламан батырдың атқа қонып, қалың табынды соңынан ертуіне себеп болды. 1822 жылы Жоламан Орынбордың әскери губернаторы Эссенге «Ата-мекенімді қайтар» деп хат жазады. Эссен жауап орнына қазақтарды құмға қуу үшін есаул Падуровты бас етіп жазалаушы отряд шығарады. Ал Жоламан болса Падуровты қолға түсіріп, Петербургтағы бірінші Александр патшасының өзіне Әбілғазының Әріпғазы сұлтаны мен Сырым батырдың баласы Жүсіпті уәкіл етіп жіберген. Іс ары қарата ушыға түседі. Қорлыққа шыдай алмаған Жоламан атқа қонды. Сан жеңілді, сан рет жеңді. Бірақ көп шығынға ұшыраған емес. 1825 жылы ақ патша қазақ қыздарын қалай да қолға түсіріп, күндікке сату туралы арнайы жарлық шығарды. Бұлардың барлығы Жоламан батырдың үлкен күреске аттануына себепкер болды. Азаттық үшін өзге рулармен бас біріктіріп күресу керектігін түсінген Жоламан өз қатарына Тама, Шекті, Телеу, Табын т. б. руларды тарта білді. Тіпті 1835 жылы өз қатарына зеңбірек құюшы башқұрт жігіттерін шақырды. 1837 жылы, екі мың жасағымен Қараөткел, Атбасар, Ақтау бекіністеріне шабуыл жасап Кенесары қолына қосылды. Кенесары ханмен айрықша дос болған кісі.

ІІ. Негізгі бөлім

1. Жоламан Тіленшіұлы өмірбаяны

Жоламан Тіленшіұлы - қазақ халқының 19 ғасырдың 20 - 30-жылдарындағы Ресей империясының отаршыл саясатына қарсы ұлт-азаттық көтерілісі басшыларының бірі, халық батыры. Кіші жүз құрамындағы Жетіру тайпалары бірлестігінің табын руынан шыққан. 19 ғасырдың 20-жылдарының басында Ресей империясының Орынбор әкімшілігі Елек өзенінің бойындағы табын руының жерлерін тартып алып, бекіністер сала бастайды. Орал, Елек, Бердянка, Құраты өзендерінің бойында 29 бекініс бой көтеріп, ол Жаңа Елек шебі деп аталды. Ресей империясы әкімшілігінің мұндай отарлау саясатына қарсылық білдіріп, Жоламан бастаған бір топ табын руының адамдары 1823 жылы, 3 қыркүйекте Орынбор генерал-губернаторы Эссенге хат жолдайды. Қазақтардың жер мәселесін қарайтын комиссия төрағасы Шерғазы хан олардың бұл талаптарын заңсыз деп танып, наразылық қимылдарына қарсы әскер күші қолданылатынын ескертеді. Мұндай өктем жауап Жоламан батыр бастаған табын руы қазақтарының қарулы көтеріліске шығуына түрткі болды. 1835 жылға қарай олардың қатарына жағалбайлы, жаппас, алшын, арғын, қыпшақ тайпаларының адамдары қосылып, көтерілісшілер саны 3 мыңға жетті. Көтерілісшілерге қарсы Орынбор әкімшілігі арнайы әскери бөлімдер жіберіп, көтерілісті басып тастауға күш салды. 19 ғасырдың 30-жылдарының ортасынан бастап Жоламан батыр Кенесары Қасымұлы жасағымен бірігіп, отаршыл саясатқа қарсы күрес жүргізеді. Кенесары қолы оңтікке қарай бет алғанда Жоламан батыр бастаған көтерілісшілер тобы ыдырай бастайды. 19 ғасырдың 40-жылдарының басында Жоламан батырдың өзі Бұхараға қоныс аударады. Одан кейінгі тағдыры белгісіз.

XIX ғасырдың 20-30-жылдары патша үкіметінің отарлық саясатына қарсы Кіші жүздегі наразылықты Жоламан Тіленшіұлы басқарды. Жер үшін, тартып алынған жайылымдар үшін күрес оның негізгі мазмұнына айналды. Осы жылдары Жаңа Елек әскери шебінің құрылуы барысында 7-10 мың шаршы шақырымға дейінгі жер қазақтардан тартып алынды. Бұл жаңа шекара шебі Орынбор әскери-шекара шебінің бір бөлігі ретінде құрылды. Жаңа Елек шебі 29 форпост, редут, бекіністерден тұрды. Үкімет бұл жерлерге Орал, Орынбор орыс-қазақтарын, шаруаларды көшіріп әкеліп қоныстандырды. 1835 жылы тағы бір жаңа шептің салынуымен 12 мың шаңырақ қыпшақ және жағалбайлы рулары жерсіз қалдырылды.

Табын руының жайылымдары Елек өзені ауданында орналасқан болатын. 1822 жылдан бастап патша үкіметі қазақтарды Елек пен Орал арасындағы шұрайлы жайылымдарға өткізбеді.

Жоламанның әкесі Тіленші кезінде Сырымның жақтасы ретінде көтеріліске белсене қатысқан болатын. Ал Жоламанмен бірге көтеріліске Сырым Датұлының баласы Жүсіп те қатысты. Демек, көтерілістер арасындғы ұрпақтар сабақтастығы сақталды. Жоламан да, Жүсіп те батырлардың, азаттық күрес көсемдерінің ұрпақтары ретінде олар бастаған күресті одан әрі жалғастырып әкетті. Жоламан Тіленшіұлымен бірге табын руының батырлары Дәуіт Асауұлы, Алдаш Байғаниндер болды. Ал 1838 жылдың соңына қарай оған шекті руының батыры Есет Көтібарұлы келіп қосылғандығы мұрағат деректерінен белгілі.

Жоламан батыр тархан атағы бар табын руының басшысы бола жүріп, патша үкіметінің алдында қазақтардың құқын қорғауға кіріседі. Басында Орынбор губернаторы Эссенге 1822-1823 жылдары бірнеше рет хат жазып, әділеттілік орнатуын талап етеді. Қазақтардың өмірлік қажеттілігі - жерін бейбіт түрде қайтарып ала алмайтындығына көзі жеткен соң қарулы күрес жолына түседі. Ол өзінің Ресеймен соғыс жүргізуінің себебін Елек өзені бойындағы шептің салынуынан деп түсіндіреді.

Ор-Троицк бекіністерінен Торғай өзеніне қарай ығысқан қазақ шаруалары жер тапшылығынан мейлінше қиыншылық көрді.

1835 жылға қарай Жоламан батырды қолдаушылар қатары өсіп, оны табын, тама, жағалбайлы, жаппас, алшын, арғын, қыпшақ рулары қолдай бастады. Орта жүзде Кенесары Қасымұлы көтерілісі басталған кезде Жоламан оған көмекке ұмтылды. Сөйтіп, Кіші жүз бен Орта жүз күштерін біріктірушіге айналды. Ол қырға ішкерілеп еніп, Кенесары көтерілісіне қосылуға үндеді.

Ал 1838 жылы Бөкей ордасындағы көтеріліс басшысы Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы Кіші жүзге келген кезде көтеріліс одан әрі өрши түсті.

1838 жылдың ортасына таман шекара шебінен Ор мен Троицкіге дейінгі аралықты көтеріліс оты шарпыды. Көтерілісшілер жаппай Торғай мен Ырғыз аудандарына көше бастады. Ол өз қол астына Ресей өктемдігіне қарсы 3 мыңға жуық сарбаздарды топтастыра алды.

Жоламан батыр жасақтарын жоюға патшалық әкімшілік үш бағытта жасақтар шығарғанымен, батырды қолға түсіре алмады. Орта жүздегі Кенесары көтерілісінің Орынбор өлкесіне ауысуына байланысты жазалаушы күштер кейін қайтуға мәжбүр болды.

2. 19 ғасырдың бірінші жартысындағы ұлт-азаттық қозғалыстар.

Аса қиын сыртқы саяси жағдайлар Әбілқайыр мен Әбілмәмбетке, Абылай ханға Ресейдің қол астына кіруге мәжбүр етті. Солай бола тұрса да, Ресейдің Кіші жүз бен Орта жүзді өзіне қосып алуы күрделі де қайшылықты жүрді. Мысалы, Кіші жүздің ханы Әбілқайырды Орта жүздің белгілі сұлтандарының бірі Барақтың өлтіруі қазақ қоғамындағы дағдарысты аңғартады. Ал Абылай ханның қайтыс болуы Орта жүз бен Ұлы жүз аумағында да саяси дағдарыс туғызып, хандық биліктің әлсіреуіне әкелді. Патша үкіметі бұдан былай қазақ хандарының іс-әрекетіне бақылау жасап, хан тағына қабілетті, беделді үміткерлерді жібермеуге күш салды. Керісінше, Ресей бағытын жақтаушы хандарды тағайындап, қазақ қоғамын жікке бөлуді одан әрі жалғастырды. Сондықтан отаршылдықка қарсы күрестің бастапқы кезеңіндегі көтерілістерге Ресей бағытына қарсы рубасылары, билер, батырлар басшылық етті.

Ресей империясының XIX ғасырдың 20-жылдарындағы реформалары қазақ мемлекеттілігін түпкілікті жоюды көздеді. Бұл өз кезегінде Қазақ жерінің тұтастығын көздеген сұлтандар Саржан және Кенесары Қасымұлы бастаған кең аукымды ұлт-азаттық қозғалыстарды тудырды.

Ал XIX ғасырдың ортасы мен екінші жартысы қазақ жерлерінің Ресейге қосылуының аяқталу кезеңі болып есептеледі. Қазақстанның Ресейге түпкілікті қосылу дәуіріндегі ұлт-азаттық қозғалыстарға К. Қасымұлы, Ж. Нұрмұхамедұлы, Е. Көтібарұлы бастаған көтерілістерді жатқызуға болады. Отаршыл Ресей үкіметінің әр түрлі әкімшілік-саяси шаралары қазақ көшпелі қоғамының дәстүрлі құрылымын бұзды. Мұның өзі оның қоғамдық өмірінде үнемі дағдарыстық құбылыстар туғызып отырды. Бұл фактор өз кезегінде мақсат-мүдделері мен табиғи құқығы аяқ асты болғандардың табанды қарсылығын тудырды. Қоғам дамуындағы тепе-теңдіктің бұзылуы сол қоғамның барлық әлеуметтік элементтерін азаттық күрес аясына тоғыстырды.

XVIII-XIX ғасырлардағы қазақтардың тәуелсіздік үшін күресі орыс отаршылдығы өзімен бірге ала келген қоғамдық өзгерістерге қарсы күрес ретінде көрінді. Ал, шын мәнінде, бұл қазақ халқының ұлт-азаттық күресі, сонымен бірге екі өркениеттің, екі этностық жүйенің арасындағы қақтығыс еді. Ұлт-азаттық қозғалыстардың барысында отаршылдық үкімет жойып жіберген хандық билікті қалпына келтіру әрекеті байқалды. Көтерілісшілер өзінің ұлттық мүддесін қорғайтын мемлекеттілік белгілерін қайта жаңғыртты.

XX ғасырдың 20-30-жылдары мемлекет тарапынан тынымсыз жүргізілген саяси қуғын-сүргін алашшыл ұлт зиялыларының аталған екі буынын да жойды. 20-30-жылдар аралығында күштеп ұжымдастыруға қарсылық ретінде көрінген 372 шаруалар көтерілісі саяси жетекшісіз қалған бұқара халықтың зорлықшыл саяси жүйеге көрсеткен ашық қарсылығы болды.

1837 жылы қараша айында Кенесары Петропавл қаласынан шыққан керуенге еріп келе жатқан Ақтау бекінісіне қарасты орыс-қазақтар тобына тұңғыш рет шабуыл жасады.

Әскери қимылдар 1838 жылдың көктемінде қайта жанданып, көтерілісшілер Ақмола приказын қоршап, өртеп жіберді.

Ақмола приказының аға сұлтаны Қоңырқұлжа Құдаймендіұлы мен бекініс коменданты Карбышев өртенген бекіністен зорға құтылып шығады. 1838 жылдың жазы мен күзінде Орта жүзді шарпыған көтеріліс енді Кіші жүзге ойысты. Осылайша Торғай далаларына келу арқылы, кезінде Исатай Тайманұлы көтерілісіне қатысқандармен, Жоламан Тіленшіұлы батыр бастаған топтармен бас қосу көзделді.

1841 жылы қыркүйекте үш жүздің ықпалды би-сұлтандары Кенесарыны хан етіп сайлады. Осылайша қазақ жерінде мемлекеттілік қайта орнады.

1841 жылдың күзінде көтерілісшілер тобы Ташкентке аттанып, Созақ, Жаңақорған, Жүлек бекіністері алынды.

Кенесары ұйымдастырған мемлекет феодалдық мемлекет болды. Белгілі қазақ руларының, батырларының, сұлтандарының, жақын туыстарының қатысуымен хандық кеңес құрды. Дегенмен Әбілқайыр хан кезіндегі ақсақалдар кеңесінен өзгешелігі: барлық билік тізгіні Кенесарының қолында болды. Белгілі билер сотын жойып, оның орнына хандық сотты енгізді. Арнайы топ қаржы, алым-салық мәселесін, хандық кеңестің шешімдерінің орындалуын қадағалап отырды.

Экономикалық салада жер шаруашылығымен айналысуды қолдады. Кенесары саудадан түсетін салықтың пайдалы екеніне көзі жеткендіктен керуендерді тонаудан гөрі оларға қонақжайлылық танытты.

Кенесары әскерінде қатаң тәртіп орнатылды. Атақты батырлар мен әскери кеңестің мүшелері басқарған жекелеген жасақтар жүздіктерден, мыңдықтардан тұрды. Мұндай басқару жүйесі көшпелі халықтардағы дала соғысына барынша қолайлы еді.

Патша үкіметі 1843 жылға дейін ірі жазалаушы күштер жасақтай қоймады. Алайда көтерілістің аумағы, даму барысы, Солтүстік Кавказдағы тау халықтарының козғалысы патша үкіметін Кенесарыға қарсы тұрақты армия шығаруға итермеледі.

Кенесарыға қарсы шыққан әскери құрамалардың ішінде Ахмет Жантөреұлы, Баймағамбет Айшуақұлы, т. б. сұлтандармен болған 1844 жылғы 20-21 шілдедегі ұрыста Кенесарыға қарсы 44 сұлтан ұрыс даласында мерт болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жоламан Тіленшіұлы азаттық күрес көсемі
Жоламан Тіленшіұлы
XVIII ғ. аяғы мен XIX ғ. басындағы ұлт-азаттық көтеріліс
Батырлар институты және оның дәстүрлі қазақ қоғамындағы орны (Бөкенбай батыр әулетінің негізінде)
19 ғасырдың бірінші жартысындағы ұлт-азаттық қозғалыстар
Қазақ халқының ұлт азаттық жолындағы күресі
Отарлаудың басталып, ата бабаларымыздың көрген азаптары
Жай сөйлемнің түрлері
Қазақ қоғамындағы батырлар институты
ХҮІІІ – ХІХ ғасырлардағы ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАРЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz