Жастар және темекі


Жастар және темекі
Біздің елімізде темекі тартатындардың саны тұрғындардың үштен бір бөлігін құрайды. Темекі тартатындардың тең жартысының түбіне сол темекі жетсе, өмір сүру ұзақтығы орта есеппен 20-25 жылға қысқара түседі. Әрбір темекі тартатын адам жүрек талмасынан немесе өкпенің қатерлі ісігінің құрбаны болады. Қатерлі ісікпен ауыратындардың отыз пайызы темекі тартатындар құраса, өкпенің қатерлі ісігінен көз жұмғандар осы зиянды әдеттен өз уақытында арылған жағдайда өз сырқатынан құтылып кеткен болар еді.
Қазіргі уақытта біздің қаламыздағы темекі тарту қоғамға және мемлекетімізге ауқымды түрде әлеуметтік зиянды әсерін тигізіп отыру себебі сәйкес заңдар толық мөлшерде орындалып отырған жоқ, арнайы қалалық органдардың темекіге қарсы жүйелі жұмыстарды үйлестіру бағытындағы жүргізіп отырған жұмыстары өз деңгейінде атқарылып жатқан жоқ. Алматы қаласында 350 мыңнан астам тұрғындар темекі тартатындығы белгілі, солардың тең жартысы темекі тартқанды қойғысы келеді, бірақ қалай тастап кімге баратынын білмейді.
Жеткіншектер мен балалардың темекі тартуы ересектердің темекі тартуынан қарағанда сипатты жағынан ерекшелене түседі. Олар әлі темекі тартуға үйрене қойған жоқ, тек қана тартып көріп, бірте-бірте үйрене бастайды. Балалардың темекі тартатын себебі оны қызық көру, ересектерге еліктеу, өзін-өзі жетілдіре түсуі, темекі компанияларының әсері, жарнамалардың ықпалы. Балалар мен жеткіншектердің темекі тартуы -ең алдымен ерігу, темекімен ойнау сияқты кең таралған ермектер болып келеді.
“ Жастар және темекі” атты терең де жан-жақты жүргізілген зерттеулерге сәйкес 13-15 жастағы Алматы мектептері оқушыларының 14, 8 % пайызы күн сайын темекі тартады, десек те олардың үштен екі бөлігі темекіні тастағысы келеді. Олардың 70 пайызының әкесі, ал 40 пайызының шешесі темекі тартады. Балалардың барлық ауруларынынң ішінде өкпе-бронхы аурулары бірінші орында (46%) тұр. Бір адам темекі тартатын үйде 68, 4% көлемінде балалар жиі ауырады, ал екі адам темекі тартатын үйде 83, 8% балалар саны науқастанады.
Балалар мен жеткіншектерді темекі тартуды алдын алуға жұмылдыру және тұрғындар денсаулығын темекі түтінінен қорғау барысында 2002 жылдың 10 шілдесінде Қазақстан Республикасының “Темекі тартудың алдын алу туралы” Заң қабылданды. Бұл қабылданған Заңның негізігі міндеті тұрғындарды темекі түтінінен қорғау, темекі сатып алатын адамдарға жас мөлшерін енгізу, кәмелетке толмағандар арасында темекі тартуға тыйым салу, темекі өнімдерінің жарнамасын шектеу болып табылады.
Жеткіншекті құқықтық базаның жасалғандығына қарамастан, тұрғындардың көп бөлігі, әсіресе, балалар мен жасөспірімдер, өнімді жастағы келіншектер темекі түтінінің зиянды әсері және өз денсаулығын сақтаудың мүмкіншіліктері туралы жеткілікті түрде ақпаратқа ие бола алмай жүр.
Сондықтан да “Алматы- темекі түтінен азат қала” атты мақсатты бағдарламаның өмірге келіуі Алматы қаласындағы таза ауа принциптері мен басымдылықтары саясатының негізгі мақсатын көздейтін қажеттілік болғандықтан, азаматтардың таза ауа мен демалуға деген құқығын іске асырушы мемлекеттік, шаруашылық, қоғамдық субъектілер, ұжымдар, мекемелер, одақтар, қорлар, алқалар мен мегополюс басқармаларының күшін жұмылдырушы болып табылады.
Алматы қаласы маслихатының ІІІ шақырылым мәжілісінде депутаттар бастамасы бойынша 2005-2007 жылдарға арналған “ Алматы- темекі түтінінен азат қала” атты қалалық мақсатты бағдарламасы қаладағы темекі тартуды азайтып, темекі тарту салдарынан болатын әлеуметтік-экономикалық және медициналық шығындардың төмендеуін қамтамасыз етеді.
Бағдарламаның міндеттері болып табылады:
1. Тұрғындардың таңдаулы топтарының арасында темекі тарту деңгейін төмендету ( балалар, жеткіншектер, жастар, әйелдер)
2. Алматы қаласы тұрғындары арасында ҚР “темекі тартудың алдын алу мен шектеуі туралы” Заңы мен темекі тартудың зияны туралы ақпарат алу мүмкіндігін арттыру.
3. Тұрғындардың түрлі топтарының арасында темекі тартудың алдын алуы бойынша жүргізілетін мамандарды үйрету.
4. Алматы қаласының тұрғындарын өз денсаулықтарын темекі түтінінен қорғау жұмысына жұмылдыру.
5. Алматы қаласының саяси және әлеуметтік имиджін жақсарту.
6. Бағдарламалардың тиімділігін бақылау және бағалау, темекіге қарсы алдын алу бағдарламаларының өткізуін ғылыми түрде негіздеу.
Бағдарламаны іске асырудан күтілген нәтижелер:
Бағдарлама субъектілері арасында темекі тарту деңгейін 5- 7 % төмендету.
Темекі тартуға байланысты Алматы қаласы тұрғындары арасында құқықты және медициналық ақпараттандыруды арттыру.
Темекі тартуды тастағысы келетіндер мен темекі тастағандардың санын арту.
ҚР заңдарын толық орындаған кәсіпорындар, ұжымдар мен мекемелердің санын көбейту.
“Темекі тартудан еркін аймақ” атты өзбетімен жарияланған қоғамдық орындардың санын арттыру.
Темекі бақылау саласында қызмет ететін бастамашыл топтардың санын арттыру.
Бағдарлама орындаушылық-атқарушылық шаралар мен темекі тартуды азайтуға бағытталған келесі басымдықтардың нақты шаралар кешенін іске асыруды көздейді:
Темекі тартудың түрлі салалары бойынша ақпаратпен қамтамасыз ету жүйесін жасау.
Темекі тартудың алдын алу бойынша мамандарды оқыту жүйесін жасау.
Темекіні бақылау қызметіне тұрғындардың түрлі салаларына тарту жүйесін жасау.
Темекі тастағысы келетіндерге медициналық көмек көрсету жүйесін қалыптастыру.
“ Алматы - темекі түтінінен азат қала” бағдарламасы шеңберінде өткізілетін шаралардың және темекісіз таза ауа саясатын қамтамасыз ететін, темекі түтіні әсерінен болған денсаулық күйін бағалайтын нормативті-құқықтық актілерді іске асыруды бағалау.
Тұрғындарды темекі тартудан алдын алу мен шектеуі туралы ақпараттандыру деңгейін артыру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында “ Алматы темекі түтінінен азат қала” бағдарламасының орындалуы мен іске асырылуы жайында өскелең ұрпақтарға бағытталған кең көлемді акциялар, байқаулар, спартакиадалар өткізіледі.
Темекі тартудың алдын алуы бойынша мамандарды оқыту жүйесін құру мақсатында қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы базасында жүйелі түрде денсаулықты нығайту орталықтарының жетекшілеріне арналған темекі тартудың алдын алумен, сонымен қатар, дүниежүзілік денсаулық қорғау ұйымдары қолдауымен халықаралық кеңесшілер үшін семинар-тренингтер өткізілген болатын. ҰСӨҚҚО мамандары қолдауымен педагогтарға, мектеп психологтарына, әлеуметтік және медициналық қызметкерлерге, мектеп пен ЖОО лидерлері мен волонтерлеріне медициналық емес мекемелердегі темекіге қарсы орталық қызметкерлеріне арналған инновациялық бағдарламаларды, айлық семинарлар циклдарын пайдалану арқылы темекі тартудың алдын алу бойынша тренинг модульдері жасалынды (300- дей мектеп мамандары оқудан өтті)
Темекі тартудан бас тартуды қалайтындарға көмек көрсету жүйесін қалыптастыру мақсатында
Қалалық наркологиялық орталықтың медициналық әлеуметтік реттеуі базасында темекі тартудан бас тартуды қалайтындарға психологиялық және медициналық көмек көрсетуге арналған тәуліктік кеңес телефоны орнатылған және жұмыс істейді. Телефон арқылы ”қызу” байланысқа хабарласқандар ҚНМӘР орталығы мамандарынан никотинге тәуелділіктен бас тарту әдістері бойынша тиянақты кеңестер алады. Қаңтар айының басына бейін (2006 жылдың шілде айынан бастап) осы телефонға 2000 нан астам қоңырау соғылды.
32 қалалық емдеу- алдын алу мекемелерінің (ЕАМ) Денсаулықты нығайту Орталықтарында (ДНО) темекіге қарсы орталықтар ашылып, олар мынадай мақсаттарды көздейді:
алдын-алу, диагностикалық, емдеу-сауықтыру шараларымен күшейту;
темекі тартудың алдын алуға бағытталған жалпы білім беретін мекемелердегі санитарлық-ағарту және денсаулықты нығайту мен сақтау жұмыстары;
тұрғындар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған насихаттау жұмыстарында бұқаралық ақпарат құралдарын кеңінен пайдалану;
ұлттық денсаулық сақтауға дейімделу үшін алыс және жақын шетелдердің оңды тәжірибелерін пайдалану мақсатында халықаралық ұйымдармен бірлесіп тығыз еңбектену;
темекі тартудың алдын алу бойынша озық технологияларды жасау мен енгізу.
Темекіге қарсы орталықтардың негізгі міндеттері болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz