Банк балансының баптарына кешенді талдау жасау


СӨЖ 1
Банк балансының баптарына кешенді талдау жасау
Банктердің баланстық есеп берулері негізінде оның қаржы жағдайына баға беру керек. Ол үшін ең алдымен банк бухгалтерлік балансы мен кірістері мен шығыстары туралы есеп беру мәліметтерініңкешенді талдау жүргізіледі. Кешенді талдау жасау вертикалды және горизонтальды тәсілдермен жүргізіледі. Вертикальды талдауда негізгі көңіл банк пассивінің немесе міндеттемелерінің жалпы көлеміндегі әрбір баптың жалпы соммадағы үлес салмағына бөлінеді. Мысалы, банктің пассивтерінің жалпы сомасында талап етуге дейінгі депозиттердің пайыздағы үлесі қандай және т. с. с
Мұндай талдау счеттар арасында пропорцияны анықтауға, олардың өзгерісіндегі тенденцияны анықтауға және бұл өзгерістердің банктің жалпы пайдасына қалай және қандай әсер тигізетіндігін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл талдауды келесідегідей кестеге келтіруге болады.
Үлгі 1. Пассивтерді талдау
Бұл талдаудың мақсаты - зерттеудің көптеген объектілерін банктің табыстылығына басым әсер ететін негізгілеріне қосу және оларды әрі қарай терең қарастыруға дайындау.
Горизонталды талдау әдісінде баланстың пассивінің әрбір бабындағы өзгерістер қарастырылады. Ол үшін іс жүзіндегі мәліметтер өткен жылға, жоспарлы немесе болжамдағы мәліметтермен салыстырылады. Мәндерінің ауытқулары пайызбен көрсетіледі.
Горизонталды талдауда негізінен басым ауытқу байқалған счеттарға акцент жасалады. Дәл осы баптар өзгерістің себептерін анықтау мақсатында терең талдауға ұсынылады. Әрі қарай бұл баптар бойынша олардың банк табыстылығына әсерін анықтау іске асырылады.
Үлгі 2. Баланстық шоттар бойынша талдау
СӨЖ 2
Коммерциялық банктің сырттан алынған ресурстарының пайдалану тиімділігін анықтау
Коммерциялық банктің ресурстарының негізгі қайнар көзін, яғни сырттан алынған депозиттерді тиімді пайдалануын талдау мақсатында келесідегідей көрсеткіштер қолдануға болады.
Т САҚ = сырттан алынған ресурстар / несие салымдарының суммасы
Бұл көрсеткіш сырттан алынған капиталдың несиелік салымдардың бір теңгесіне келетін көлемін анықтауға мүмкіндік береді. Егер оның мәні 75%-ға тең болса, онда ресурстардың тиімдділігінің төмен екендігін білдіреді. Бұл көрсеткіштің мәні 100 пайыздан көп болуы мүмкін. Мұндай жағдайда банктің депозиттік портфелінің құрылу қарқыны несиелік портфельдің құрылу қарқынынан озады. Бұл факт сырттан алынған ресурстарды тек несиелік операцияларға ғана емес, басқа да активті опреацияларын жүргізуге қолданатынын көрсетеді. Басқаша айтқанда ресурстарды несие беру көлемінен көбірек жұмылдырады.
Банктің міндеттемелерінің жалпы суммасын талдауда жұмылдырылған және қарыз қаражаттың жалпы валюта балансындағы үлесі де маңызды орынға ие. Ол келесі формула бойынша анықталады.
Д банк міндет = (міндеттемелердің жиыны / баланс валютасы) х 100 %
Банктің міндеттемелерінің пайдалану тиімділігі келесі формуламен анықталады:
Т мінд. = Міндеттемелер / несие салымдары
Бұл қатынас несие салымдарының бір теңгесіне міндеттемелердің қанша бөлігі келетіндігін көрсетеді. Бұл көрсеткіштің мәні 1-ден асып кетсе, онда банк өз міндеттемелерін тиімсіз пайдаланады. Өйткені банк несиелік саясатты жеткілікті деңгейде белсенді жүргізбейді.
Жоғарыда аталған көрсеткіштерден бөлек тағы келесідегідей қатынас маңызды роль атқарады.
К = банк міндеттемелері / тәуекелді активтер сомасы
СӨЖ 3
Банк активтерінің өтімділігін анықтау
Активтердің сапасын анықтауда негізгі ақпарат көзі болып банктің балансы табылады. Банк балансы 2 бөлімнен тұрады: актив, яғни банктің қаражат орналастыруы және пассив банктің қаражат жұмылдыруы, оған банктің өз меншігіндегі және сырттан алынған капиталы жатады.
Активтердің сапасын талдауда олардың өтімділік деңгейіне көп көңіл бөлінеді. Банкте сақталатын активтердің өтімділігі неғұрлым жоғары болса, онымен байланысты тәуекел де аз болады, бірақ сонымен бірге осы активтерден алынатын кірістер де азаяды.
Өтімділікті (ликвидность) бірнеше коэфициенттермен анықтаймыз. Өтімділік дегеніміз - банк активтерінің тез арада ақшаға айналу қабілеттілігі.
Ликвидтіліктің бірінші коэфициенті L 1 бірінші кезектегі резервтердің деңгейін бағалауға арналған, басқаша айтқанда тез арадағы депозиттер жталап етуге дейінгі депозиттер түріндегі сырттан алынған ресурстардың жоғары ликвидті қаражатпен қамтамасыз етілуі.
ақша қаражаты
L 1 =
Банктерден алынған қарыз қаражаттар + Клиентердің счеттары
Бұл көрсеткіштің минималды мәні 0, 12 немесе 12 %
максималды мәні 0, 20 немесе 20 %
Өтіміділік деңгейін анықтау тек бұл көрсеткішпен шектелмейді. Келесі өтімділіктің екінші коэффициенті L 2 - бұл екінші кезектегі резервтердің деңгейін бағалауға арналған.
Ақша қаражаты + басқа банктердегі корр. счетарындағы қаржылары
L 2 =
Банктерден алынған қарыз қаражаттар + Клиентердің счеттары
Бұл көрсеткіштің минималды мәні 0, 03 немесе 3 %
максималды мәні 0, 10 немесе 10 %
Банктер үшін мерзімді депозиттер (мерзімі анықталған), талап етуге дейінгі депозиттер мен банкаралық зайымдар түрлеріндегі сырттан алынған қаражаттың 3, 10 %-і жоғары ликвидті қаражатпен (ақша қаражаты) және банктің меншігіндегі тез арада ақшаға айналатын қаражатпен қамтамасыз етілуі қажет.
L 3 - бұл банк активтерінің ақшаға айналу мүмкіндігін бағалайды.
Ақша қаражаты + басқа банктердегі корр. счетарындағы
қаржылары
L 3 =
активтердің барлығы яғни суммасы
Бұл көрсеткіштің минималды мәні 0, 8 немесе 8 %
максималды мәні 0, 15 немесе 15 %
Келесі көрсеткіш L 4 - банктің барлық міндеттемелерін бір мезгілде өтімділігі жоғары активтер есебінен қанша жаба алуын (өтей алуын) бағалауға арналған. Банкке жұмылдырылған барлық қаражаттың тәуекелді операцияға жұмсаған бөлігі 85 %-тен аспауы керек. Сырттан алынған қаражаттың кем дегенде 15 %-і жоғары өтімді активтермен жабылуы керек. Бұл көрсеткіштің формуласы:
ақша қаражаты + басқа банктердегі корр. счетарындағы қаржылары
L 4 =
міндеттемелердің барлығы (суммасы)
Бұл көрсеткіштің минималды мәні 0, 15 немесе 15 %
максималды мәні 0, 20 немесе 20 %
Жоғары ликвидтілікке жету үшін банктің активті және пассивті саясатының тепе-теңдігін көрсететін L 5 коэффициентін есептейік.
Ағымдағы активтер
L 5 =
Ағымдағы пассивтер
Бұл жерде идеалды мән болып 1 немесе 100 %.
Ағымдағы активтерге: ақша қаражаттары, қор счеттары, несиелер суммасы, бағалы қағаздар жатады.
Ағымдағы пассивтерге: талап етуге дейінгі депозиттер, мерзімді депозиттер, банкаралық несиелер, корреспонденттік және есеп айырысу шотындағы қаражаттар, құнды қағаздар, бюджет қаражаттары, күрделі салымдарды қаржыландыруға арналған қаражаттар жатады.
СӨЖ 4
Коммерциялық банктердің қаржы нәтижелерін талдау ерекшеліктері
Оның негізгі бөлімдерінің үйлесімділігі, коммерциялық банктің табыстылығын талдау методикасы - мазмұнымен байланыстыру банк табыстылығы деңгейін анықтаудағы барлық келтірілген факторлар.
Табыс пен шығынның құрылымын талдау өндірістік шығындар немесе өндірістік шығындар немесеалынған табыстардың жалпы көлеміндегі лайықты топтардың үлесін анықтаудан бастау қажет. Негізінде, операциондық табыстардың үлес салмағы 100%-ке жақындау қажет, ал өсу қарқыны алдыңғы кезеңмен салыстырғанда бірқалыпты болуы қажет. Банктің жалпы көлем арасында операциялық шығындарының өсуі екі жағдайда куәландырады: нарық конъюктурасының жағымсыз жағдайын, банктің басқару қызметінің төмендеуін немесе банктің несие ресурстарын қамтуын. Шығындар көлемін талдауда ерекше назар банк қызметін құрылымдық қамтамасыз етумен байланысты, әсіресе шаруашылық-әкімшілік және шығындарды, банк жұмысындағы тәуекелділіктің өсуімен байланысты шығындарды талдауға бөлінеді. Экономикалық дағдарыс және инфляция жағдайында әкімшілік-басқару шығындарының, еңбек жалақының, жеткіліксіз пайда өсімі кезінде тез өсу жүреді. Экономикалық дағдарыс жағдайында, банкроттыққа ұшырағанда банктер белгілі-бір қаражатты шығын және күмәнді операцияларды жабу үшін резервтер құруға бағыттау қажет.
Банк қызметінің нәтижелерін талдау кіріс пен шығысты талдаудан басталады және пайданы зерттеумен аяқталады. Мұндай талдаудың негізі ақпараттық базасы болып «кіріс және шығыс туралы есеп беруі» табылады. Банктің жиынтық кірісі келесі түрде анықталады:
Банктердің активтерін кіріс деңгейі бойынша келесідендей топтастыруға болады. Банкке кіріс әкелетін активтер: бері мен несиелер, бағалы қағаздар, факторинг бойынша қарыз, шаруашылық қызметіне қатысу үшін аударылған қаражат. Кіріс әкелетін активтер динамикасын талдауда осы активтердің жалпы активтер жиынындағы үлесі маңызды көрсеткіштердің бірі болып табылады.
Ендігі кезекте банктің табыстылық деңгейін бағалауға арналған жұмыс істейтін активтеріне талдау мысал келтірейік.
ауытқу,
мың тг
Мұнда банктің жұмыс істейтін активтерінің үлесі жеткілікті мөлшерде екендігін көріп отырмыз. Яғни банктің тәуекелді, дегенмен кіріс әкелетін активтері қойылатын талаптарға сай. Ұлттық Банкінің мөлшерлемелері бойынша банктің ресурстарының 10-15% жоғары ликвидті активтерге салынуы міндетті. Қазақстан Халық Банкінің кіріс әкелмейтін активтері, яғни өтімділігі жоғары активтерінің, негізгі құралдарының келуі банк кірісін көтереді.
Таза опера
циондық
табыс = пайыздық таза табыс + пайыздық емес таза табыс
Сыйақы алуға байланысты таза табыстың операциондық табыстағы үлесі де маңызды көрсеткіш болып есептеледі.
Сыйақы алумен байланысты
таза табыс үлесі = Пайыздық таза табыс /операциондық табыс*100
Несие операциялық табыстылығын талдаудағы маңызды рольді несие салымдарының 1 теңгесіне келетін %-к таза кірістердің суммасын мінездейтін көрсеткіш алады.
банктің берген қарызы бойынша таза %-к кіріс
d=
берілген несие суммасы
Бұл көрсеткіштің мәні жалпы берілген несиелердің әрбір теңгесіне шамамен 6 тиыннан келетінін білдіреді. Яғни әр 1 теңге 6 тиын көлемінде кіріс әкелген.
Коммерциялық банк шығысын талдауда ең алдымен топтастыру жасаймыз.
Проценттік маржа - кіріс проценті және коммерциялық банк шығындары алынған және төленген проценттер арасындағы айырма. Ол банк пайдасының негізгі көзі болып табылады. Маржа өлшемі абсалюттік мөлшермен және финанстық коэффициеттер ретімен сипатталады.
Маржаның абсалюттік мөлшері жалпы проценттік кіріс мөлшері және банк арасындағы айырма ретінде есептеуі мүмкін.
Проценттік маржаның абсалюттік мөлшерінің динамикалы бірнеше факторлар мен анықталады.
- Кредиттік салымдардың көмегімен және басқа процентік кіріс әкелетін операциялар.
- Банктің активті операциялары бойынша процентік ставка.
- Банктің пассивті операциялары бойынша проценттік ставка.
- Активті және пассивті операциялар бойынша проценттік ставкалар арасындағы айырмалар (с п р әд)
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz