Жұқпалы аурулар



1 ОБА АУРУЫ
2 ОБА — ҚАУІПТІ АУРУ
3 ОБА ІНДЕТІ
4 ОБАҒА ҚАРСЫ КҮРЕС СТАНЦИЯЛАРЫ
5 ЖИТС.ТІҢ(СПИД) ЖҰҒУ КӨЗДЕРІ ЖӘНЕ ЖҰҒУ ЖОЛДАРЫ
6 ИНФЕКЦИЯ КӨЗІ
7 ТЫРЫСҚАҚ. АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ
Оба (лат. pestіs – кенеттен басып кіру) – аса қауіпті зоонозды табиғи ошақты карантиндік жұқпалы ауру. Обаның өкпелік, ішектік, тері-бубондық, септикалық түрлері болады. Себебі Үеrsіnіа реstіs, бактериялық тобына жататын табиғи - ошақты жұқпалы ауру; адамға жанасу, дуа - тамшы және алиментарлық жолмен жұғады, сонымен қатар тасымалдаушылар -бүргелер арқылы жұғады карантиндік инфекцияға жатады.
Табиғатта түрлі кемірушілер арқылы таралады. Адамдарға кемірушілерден, не бүргелерден жұғады. Ауру қоздырғышы таяқша тәрізді бактерияларды 1894 жылы бір-біріне байланыссыз жапон микробиологі
С.Китазато (1853 – 1931) мен француз бактериологы А.Йерсен (1863 – 1943) (адамнан; 1897 жылы егеуқұйрықтан) тапқан. Оба таяқшасы (Yersіnіa pestіs) пішіні жұмыртқа тәрізді, ұсақ, қозғалмайды, талшықтары болмайды, спора түзбейді, анилинді бояғыш заттармен тез боялады. Кемірушілер денесінде 4 – 5 ай, бүргелерде 1 жылға дейін тіршілік етеді. Жұғу жолдарына қарай обаның бірнеше түрі бар. Мысалы, ауалы-тамшылы жолмен жұққанда өкпе обасы; тағам арқылы – ішек обасы; жанасу арқылы (мал сойғанда, терісін сыпырғанда, т.б.) не трансмиссивтік (бүрге шаққанда) жолмен жұққанда тері-бубон обасы, сирек септик. түрлері дамиды. Ауру тез тарайды. Ауру қоздырғышы сау адамға науқас адамнан жұғады. Аурудың жасырын кезеңі бірнеше сағаттан 3 – 6 күнге дейін созылады. Ауру аяқ астынан басталады, науқастың температурасы 39 – 40°С-қа көтеріліп, басы айналады. Организмнің күшті улануынан адам құсып, іші өтеді, есінен танып, үрей, ұйқысыздық пайда болады. Ауру асқынған жағдайда нау-қас өледі. Ал тері-бубон обасында бүрге шаққан жерге жақын орналасқан лимфа безі ісініп, бұршақ дәніндей қызыл түсті бөрткен (іші қанды іріңге толы) пайда болады. Бөрткен жарылып жараға айналады. Аурудан алдын ала сақтандыру үшін ауру шыққан жерлерге эпизоотол. және эпидемиол. тексеру жүргізіледі; сол аймақтағы тұрғындардың денсаулығы үнемі бақылауда болады; ауру ошағы дамыған жерге дератизац., дезинсекц. және дез-инфекц., сан.-ағарту жұмыстары жүргізіледі; шет елге баратын жолаушыларға обаға қарсы вакцина егіліп, ал келушілерге арнайы бақылау жүргізіледі. Емі: науқас адамды арнайы ауруханаға жатқызып, патогенетик. (әр түрлі ерітінділер құю), этио-тропты (антибиотиктердің бірнеше түрін бірден енгізу), гормондық препараттармен емдеу; карантин жариялау. Қазақстанда оба індеті бойынша жүргізілетін шараларды Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығы атқарады.Республиканың 10 қаласында обаға қарсы күресу бекеттері мен олардың 13 ауданы бөлімшелері бар.
1. Вирусология, иммунология, генетика, молекулалық биология. Орысша-қазақша сөздік. –Алматы, Ана тілі, 1993.
2. О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005
3. “Қазақ Энциклопедиясы”, IV-том
4. Шаңырақ :Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы :
5. Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990
6. Патологиялық анотомия терминдерінің, орысша – латынша – қазақша түсініктеме сөздігі.- Ақтөбе.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ОБА АУРУЫ
Оба (лат. pestіs – кенеттен басып кіру) – аса қауіпті зоонозды табиғи
ошақты карантиндік жұқпалы ауру. Обаның өкпелік, ішектік, тері-бубондық,
септикалық түрлері болады. Себебі Үеrsіnіа реstіs, бактериялық тобына
жататын табиғи - ошақты жұқпалы ауру; адамға жанасу, дуа - тамшы және
алиментарлық жолмен жұғады, сонымен қатар тасымалдаушылар -бүргелер арқылы
жұғады карантиндік инфекцияға жатады.
Табиғатта түрлі кемірушілер арқылы таралады. Адамдарға кемірушілерден,
не бүргелерден жұғады. Ауру қоздырғышы таяқша тәрізді бактерияларды 1894
жылы бір-біріне байланыссыз жапон  микробиологі 
С.Китазато (1853 – 1931) мен француз бактериологы А.Йерсен ( 1863 – 1943)
(адамнан; 1897 жылы егеуқұйрықтан) тапқан. Оба таяқшасы (Yersіnіa pestіs)
пішіні жұмыртқа тәрізді, ұсақ, қозғалмайды, талшықтары болмайды, спора
түзбейді, анилинді бояғыш заттармен тез боялады. Кемірушілер денесінде 4 –
5 ай, бүргелерде 1 жылға дейін тіршілік етеді. Жұғу жолдарына қарай обаның
бірнеше түрі бар. Мысалы, ауалы-тамшылы жолмен жұққанда өкпе обасы; тағам
арқылы – ішек обасы; жанасу арқылы (мал сойғанда, терісін сыпырғанда, т.б.)
не трансмиссивтік (бүрге шаққанда) жолмен жұққанда тері-бубон обасы, сирек
септик. түрлері дамиды. Ауру тез тарайды. Ауру қоздырғышы сау адамға науқас
адамнан жұғады. Аурудың жасырын кезеңі бірнеше сағаттан 3 – 6 күнге дейін
созылады. Ауру аяқ астынан басталады, науқастың температурасы 39 – 40°С-қа
көтеріліп, басы айналады. Организмнің күшті улануынан адам құсып, іші
өтеді, есінен танып, үрей, ұйқысыздық пайда болады. Ауру асқынған жағдайда
нау-қас өледі. Ал тері-бубон обасында бүрге шаққан жерге жақын орналасқан
лимфа безі ісініп, бұршақ дәніндей қызыл түсті бөрткен (іші қанды іріңге
толы) пайда болады. Бөрткен жарылып жараға айналады. Аурудан алдын ала
сақтандыру үшін ауру шыққан жерлерге эпизоотол. және эпидемиол. тексеру
жүргізіледі; сол аймақтағы тұрғындардың денсаулығы үнемі бақылауда болады;
ауру ошағы дамыған жерге дератизац., дезинсекц. және дез-инфекц., сан.-
ағарту жұмыстары жүргізіледі; шет елге баратын жолаушыларға обаға қарсы
вакцина егіліп, ал келушілерге арнайы бақылау жүргізіледі. Емі: науқас
адамды арнайы ауруханаға жатқызып, патогенетик. (әр түрлі ерітінділер құю),
этио-тропты (антибиотиктердің бірнеше түрін бірден енгізу), гормондық
препараттармен емдеу; карантин жариялау. Қазақстанда оба індеті бойынша
жүргізілетін шараларды Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми
орталығы атқарады.Республиканың 10 қаласында обаға қарсы күресу бекеттері
мен олардың 13 ауданы бөлімшелері бар.

ОБА — ҚАУІПТІ АУРУ
Оба (чума) — өте қауіпті ауру. Біз тұратын Оңтүстік өңірінің шөл дала
аймақтары оба ауруы бойынша қолайсыз болып саналады. 
Оба кеселі мынадай жағдайларда жұғуы мүмкін:
- оба кеміргіштердің (суырлардың, сарышұнақтардың және т.б.)
терілерін сыпырғанда;
- обамен ауырған аңдардың (қасқырдың, түлкінің, киіктің және т.б.)
терілерін сыпырғанда және етін бөлшектегенде;
- оба жұқтырған бүргелер шаққанда;
- мал мен басқа үй жануарлары (ит, мысық) далада жүріп, ауру тарататын
бүргелерді үйге алып келгенде;
- обамен ауырған жануарларды сойғанда және етін мүшелегенде, тағамға
пайдаланғанда;
- обаның өкпен түрімен ауыратын адаммен қарым-қатынаста болғанда.

ОБАНЫҢ КЛИНИКАЛЫҚ КӨРІНІСТЕРІ:
Обаның жасырын кезеңі 3тәуліктен 6 тәулікке дейін созылады. Ауру
басталғанда дене қызуы 39-40 градусқа, тіпті одан да жоғары көтеріледі. Көп
ұзамай науқастың басы қатты ауырады, айналады, адам қатты әлсірейді, тамыры
жиі соғады, жүрегі тоқтап қалып, соға бастайды. Денеге бөртпелер шығады.
Обаның бубонды түрінде адамның шатындағы, қолтығындағы лимфа түйіндері
жедел қабынып, қатты ауырады. Обаның септикалық түрі аяқ астынан басталады:
дене қызуы 39-40 градусқа дейін көтеріледі, бас қатты ауырып, геморрагиялық
теңбілдер болуы мүмкін.
Аурудың белгілері пайда болғанда тез арада дәрігерді шақырту қажет.

ОБА ІНДЕТІ
Республикалық СЭС мәліметтері бойынша бұрынғы Кеңес Одағындағы оба
жөнінде сәтсіз аумақтың 51%-ға дерлігі Қазақстанның үлесінде,обаның табиғи
ошақтарының ауданы 1млн. шаршы километрден асады. Жыл сайын, алдын алу
мақсатында, обаны жұқтырушылар – бүргелерді жою жұмыстары 600 шаршы
километр аумақта жүргізіледі.
Қазақстанда жыл сайын обаны жұқтыру қаупі жоғары 120 мыңға жуық адам
егіледі, соның ішінде, жұқпалы аурудың табиғи ошақтары аумағында орналасқан
өндіріс кешендері мен мұнай кәсібінің қызметкерлері де бар. СЭС ақпараты
бойынша Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына күн сайын 2 мыңға жуық оба
оқиғасы жөнінде хабар келіп түседі. Азия елдерінің үлесінде ауырудың 60,3%,
Африканың – 24,6%, АҚШ пен Оңтүстік Американың - 15,2%. Азияда обамен
аурудың шарықтау шыңы 1994 ж. байқалды, ол кезде 1228 оқиға тіркелді.1994
ж. Индиядағы эпидемия кезінде обаның 876 оқиғасы тіркелді.
Обаның кеміргіштер ауруы екендігі белгілі. Ауру тышқанды шаққан бүрге
түйені де шақса, онда малға ауру жұқты дей беріңіз. Түйенің иесі ауырып
тұрған жануарды арам өлтіріп алғысы келмей, сояды да, етін сатады. Содан
оба түйені сойған, етті жеген адамдарға жұғады. Обаға қарсы күресетіндердің
жайбарақат күні жоқ. Оба індетінің табиғи ошағы саналатын Балқаш ауданыда
көктем лебімен бірге ін аузынан шығатын құм тыш-қандары көрінісімен
зоотоптың жұмысы басталады. Барлық жердің тышқандары обаны таратпайды. Сол
табиғи ошағы бар жерлерде мекен ететін құм тышқандары ғана. Тышқанның қанын
сорған бүрге, адамды шақса обаны жұқтырады екен. Балқаш ауданында сексеуіл
өседі. Негізінен сол сексеуілдің арасынада жүретін тышқандар обамен
ауырады, содан бір-біріне жұқтырады. Ал адамға негізінен сексеуіл жинайтын,
құмға баратын малшылардың шалдығу қаупі бар. Дәрігерге көрінген науқасқа
диагнозды дұрыс қою үшін мамандарды оқытылады. Соның арқасында дәрігерлер
мен медбикелер обаға шалдыққан адамды бірден біліп, дер кезінде хабарлайды.
Егер уақытында анықталса, оба жазылатын ауру. Сондай-ақ емдеу орындарының
барлығы жазғы-көктемгі маусымға дайындалып, мұқият тексеріледі. Күлжақан
Әмірбекқызының айтуынша, Қазақстанда оба ошақтары: Жамбыл, Қызылорда,
Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Оңтүстік қазақстан облыстарымен Алматы
облысының бұрынғы Күрті, Балқаш және Нарынқол аудадарында орналасқан екен.

ОБАҒА ҚАРСЫ КҮРЕС СТАНЦИЯЛАРЫ
Қызылорда, Шымкент, Маңғыстау, Орал, Атырау және Талдықорған
қалаларында орналсақан. Олардың әр қайсында екі -бес бөлімшелер бар. Олар
бүкіл оба ошақтарын, түгел зерттеп бақылауда ұстап отыр. Оба індетінің бес
түрі бар: тері, ішек қарын, без, өкпе және қан обалары. Тері және без обасы
тышқан, бүрге, кененің қай жерінен шаққанына байлансыты жұғады. Аяқтан
шақса шап бездері іседі, қоладан немесе мойыннан шақса қолтық бездері
ісиді. Өкпе обасы: Тышқан ініндегі шаң тозаңды, сол маңдағы шөптерді,
сексеуілді жинағанда шаңмен дем алап оны жұтқанда жұғады. Немесе без обасы
асқынып өкпеге шабуы мүмкін. Қан обасы: егер бүрге, кене бірден қан
тамырынан шақса, немесе без, өкпе обалары асқынып қанға кетіп қалғанда
болады. Ал қан обасынан науқасты тез арада емдемесе, екі сағаттың ішінде
өліп кетеді.
Оба адамнан адамға көп жолдармен жұғады: өкпе ауруымен ауыратын науқас
түшкіргенде, жөтелгенде, сыртқа мыңдаған оба микробын таратып,
айналасындағы адамдардың бәріне қауіпті. Сол науқас пайдаланған заттарының
бәрі оба ауруының бірден бір көзі болып табылады. Науқасты күтіп қарағанда
немесе обадан өлген адамды жууға қатысқанда оба жұқтырады. Обаның қай түрі
болса да науқастың қызуы өте жоғары болады. Көздері қанталап, бастары
айналып, өте қатты ауырғандықтан, адам мас сияқты теңселіп жүреді. Мал
ішінен обаға шалдығатын түйе дедік қой. Обамен ауыратын түйені тез сойып,
оның етін таратып жіберу ең қауіпті нәрсе. Түйе союға қатысқан адамдар да,
оның етін жегендер де барі обамен аурады. Кез келген аурудан өлген түйеден,
зертханаға тексеретін материал (өкпе, бауыры бездерінен, жүрегінен ) алған
соң, қаңқасын күл қалғанша өртеп жібереді. Түйенің қаңқасында оба микробы
бір жылға дейін сақталады.
Табиғи ошақты түбегейлі жойып жіберу мүмкін емес, далада, құмда, сексеуіл
орманның арасында, қаптап жүрген оба таратушы тышқандарды мүлдем жойып
жүберу ешкімнің қолынан келмейді. Егер елді мекендердің маңынан ауру
тышқандар табылса, сол аймақтағы тышқандарды, бүргелерді жойып,
залалсыздандырып отырады.

ЖИТС-ТІҢ(СПИД) ЖҰҒУ КӨЗДЕРІ ЖӘНЕ ЖҰҒУ ЖОЛДАРЫ
Жүре пайда болған иммундық дефицитiнiң синдромы (ЖИТС,  ағылш.  
AIDS) - аса қатерлі вирустық дерт.
ДДҰ мәліметі бойынша АИВ жұқтырғандардың саны 2000 жылдан кейін 40—50
миллионға жетуі ықтимал. ЖИТС-пен ең көп науқастанушылар 
АҚШ-та, Батыс Еуропа елдерінде (әсіресе Франция, Германия, 
Ұлыбритания,  Италия), Орталық Африкада, Гаитидетіркелген. Вирус ТМД
мемлекеттерінде, Жапония, Шығыс Араб елдерінде кездесе бастады. Әдетте ЖИТС-
пен қала тұрғындары жиірек ауырады. Оған жөнсіз жыныстық қатынас, шектен
тыс сексуальдық еркіндік, жезөкшелік, гомосексуализм т. б. жайлар себеп
болады. Көпшілік жағдайда ЖИТС-тен сексуалъдық белсенділігі басылмаған
жастағы ерлер мен әйелдер зардап шегеді. Бала туу мүмкіндігі бар әйелдердің
арасында ЖИТС тарала бастауына байланысты балалардың да осы ауруға шалдығуы
жиілей түсті. Осыдан 3—4 жыл бұрын АИВ жұқтырғандардың 70—75%-ы еркектер
болса, бүгінде есірткі қолдану-ылардың саны күрт көбейіп, олар көпшілік
жағдайда ортақ шприц инелерін пайдаланатын болғандықтан, 6ұл науқасқа
шалдыққан ерлер мен әйелдердің саны теңесті (50%-дан). Мұндай жағдай
балаларға ЖИТС жұқтыру қаупін күшейтіп отыр. Қазіргі таңда көптеген жұқпалы
аурулар белең алып, халқымыздың денсаулығына зиянын тигізіп келеді.
Мəселен, жас айырмашылығын талғамай, елімізге қауіпті дерт болып жабысқан –
СПИД ауруы.
Қауіпті ЖИТС (жұқтырылған иммун тапшылығының синдромы – СПИД) дерті
қайдан бастау алғанына тоқталсақ, оның жұқтырылған белгісі алғаш рет 1981
жылы АҚШ-та тіркелген. Ал ЖИТС-ке шалдығудың соңғы сатысы ВИЧ инфекциясын
1983 жылы француз ғалымы Л.Монтанье ашты. ВИЧ инфекциясы көп жылдар бойы
адам ағзасында өмір сүріп, оның алғашқы белгілері пайда болғанша басқа
адамдарға жұғуы мүмкін. Бұл аурудың емі әлі табылған жоқ. Алайда ВИЧ
инфекциясы тіркелген жандардың бойындағы ауруды біраз уақытқа созу үшін
дәрі-дәрмектер болғанымен, оның құны қымбат. ЖИТС вирусы сау адамға
мынандай үш негізгі жолдармен жұғады: 1) Жыныстық қатынас арқылы; 2)
Адамның ауруы қаны арқылы (қан құю, ауру адамға пайдаланған шприцтер, т.б.)
3) ЖИТС ауруы жұққан анадан баласына ауысу арқылы. Бүгінгі таңда 16
миллионнан астам адам ғасыр дерті кесірінен көз жұмса, эпидемия белең
алғалы бері 60 миллиондай адам осы вирусты жұқтырған екен. БҰҰ-ның берген
дерегіне сүйенсек, ЖИТС әлемдік аумақта адам өлімінің себепкері ретінде
төртінші орын алды, ал оның жұқпалы дерт екенін ескерсек, ертеңгі күні
бүкіл адамзатқа қауіп болып төнері анық. Егер де 2001 жылға дейін
дүниежүзінде күніне 8500 адам ВИЧ инфекциясын жұқтырған болса, бүгінгі
таңда бұл көрсеткіш 1600 адам деп беріліп жүр. Қазақстанда осы дертке
шалдыққандардың саны 2007 жылы наурызда 7709 адамға жеткен. Бұл — ресми
мәлімет. Ал шын мәнінде, бұдан әлдеқайда көп. Дәрігерлердің жауапсыздығынан
оңтүстік өңірдегі бей-күнә сәбилердің ВИЧ инфекциясын жұқтыруы, санының күн
сайын артуы бәрімізді ойландырады. Ғасыр дертінің жас талғамайтыны, ең
соңында ажал құрсауына алатыны бәрімізге сабақ болса екен. БҰҰ-ның есебі
бойынша 15-24 аралығындағы жастардың 12 миллиондайы жыныстық қарым-қатынас
арқылы ВИЧ инфекциясына шалдыққандар. Егер алдыңғы буын осы жабық тақырып
аясында жастармен әңгіме өрбітсе, қатерлі дерттің алдын алар еді.
Экономикасы дамыған Канада, Франция, Швеция сияқты елдерде осындай
тақырыпта кеңінен ашық айтылғандықтан жасөспірімдер арасындағы жүктілік
және жыныстық қатынастар арқылы берілетін түрлі жұқпалы аурулардың
көрсеткіші азайған. Бірақ бірден-бір осы дертке шалдыққан жастарға көмек
беретін де, арсыздықты тыятын да имандылық екенін ұғынуымыз керек. Өйткені,
ислам дінінде некесі қиылмай жастардың жақындасуына тыйым салынады. Әрбір
ұл-қыздарымыз ислам дінінің осындай тазалығын бойына сіңіріп, адал жолмен
жүрсе, денсаулығымыз жақсы, отбасымыз берік болар еді.
ИНФЕКЦИЯ КӨЗІ
Вирус жұққан адам — вирус тасымалдаушылар, ЖИТС-пен ауырған адамдар
инфекция жұқтыру көзі болып табылады. Ешқандай ауру белгілері
байқалмайтындықтан әсіресе вирус тасымалдаушылар өте қауіпті. Вирус көп
мөлшерде қанда, спермада, қынап кілегейінде, емшек сүтінде болады. Көз
жасында, жұлын сұйығында, сілекейде өте аз мөлшерде болуы мүмкін. Жұғу
жолдары. Медицинада дәлелденуі бойынша, ЖИТС-тің қазіргі кезде негізгі жұғу
жолдары мынадай:
— жыныстық қатынас;
— вирустың бірден қанға түсуі (әртүрлі инъекциялар жасаған кезде т. б.
жағдайларда);
— анасынан нәрестеге жүғу арқылы.
Жыныстық жол негізгі жұғу жолы болып табылады. ЖИТС адамдарға 80%
жағдайында осы жолмен, яғнигетеросексуальдық (еркек-әйел)
және гомосексуальдық (еркек-еркек) жыныстық қатынас кезінде жұғады. Ең
қауіптісі — гомосексуальдық анальдық қатынас, өйткені партнерлердің жыныс
мүшелерінің терісі, шырышты қабатының жарақаттануы жиі болады. АҚШ-та ЖИТС-
пен науқастанғандардың 70%-ына ауру осындай жолмен жұққан. Жұқтыру каупі
активті және пассивті гомосексуалистерде бірдей дәрежеде болады. Қатерлі
топқа жезөкшелер де жатады. Партнерлердің жиі ауысуы да ЖИТС жұқтыру
мүмкіндігін күшейтеді. ЖИТС-пен науқастанушылық бел алған елдерден келген
азаматтармен жыныстық катынаста болу әсіресе қауіпті. Жыныстық инфекциясы
бар немесе бұрын ауырғандармен кездесу, етеккір кезінде жыныстық катынаста
болу, садистік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Госпитализациялау шарттары, инфекциялық стационардың тәртібі
Аса қауіпті ауру қоздырғыштарын
Жұқпалы ауру қоздырғыштар және оның түрлері
Жұқпалы ауруларды даулау шаралары
Трансмисивті инфекция қоздырғыштары
Жұқпалы аурулардың ошағын эпидемиологиялық тексеру әдістемесі
Емдік шаралар
ӘСКЕРИ ЭПИДЕМИОЛОГИЯ
Жұқпалы аурулардың жалпы патологиясы:сипаттамасы, кезеңдері, негізгі белгілері, жіктелуі. Иммунитет. Аллергия. Анафилаксия
Гельминттер, қарапайымдылар тудыратын паразитарлық аурулар
Пәндер