Андронов мәдениетінің кезеңдері


Жоспар
1. Андронов мәдениетінің кезеңдері
2. Шаруашылығы
3. Ежелгі кеншілер
4. Үй кәсіптері
5. Адронов мәдениетін зерттеудегі ең күрделі мәселелері
Андронов мәдениеті тас дәуірі палеолит, мезолит және неолит болып үшке бөлінеді. Әуелгі палеолиттің өзі үш дәуірге бөлінеді. Олар олдувай (2, 6 млн. -700 мың жыл бұрын), ашель (700 мың -150-120 мың жыл бұрын) және мустье (150-120 мың -31-30 мың жыл бұрын) дәуірлері. Тас құралдарының мынадай түрлері болды: шапқылар, қырғыштар, үшкір тастар, пышақтар.
Ауыр салмақты, тік бұрышты, ұсақ шақпақ тастар ең ежелгі еңбек құралдарына жатады. Олар Қаратаудан табылды. Бөріқазған мен Тәңірқазған деген жерден табылған құралдар - ашельдік кезеңге жатады. Олар шапқылар, ауыр тас сынықтар, нуклевстар. Төменгі палеолитте адам тасты сындыру үшін басқа тасты пайдаланып, біріне-бірін ұрған. Мұндай техника "малта тас мәдениеті" (өзеннің малта тастарын пайдаланған) деп аталады. Мұны тапқан археолог халел Алпысбаев (Памятники нижнего палеолита Южнего Казахстана А. 1979) . Ашель уақытының ескерткіштері Орталық Қазақстанда Құдайкөл, Жаман айбат, Обалысай тұрақтары, батыс Қазақстанда -Маңғыстауда Шақпақата, Сарытас.
Мустье кезінде тас өңдеудің жаңа техникасы табылды. Ол оңтүстік Қазақстанда Ш. Уәлиханов атындағы тұрақ деп аталынады. Адамдар бизон, жылқы аулаған.
Қазақстанның ежелгі тұрғындары эволюциялық даму жағынан хомо сапиенс (саналы адам) сатысына сай келеді.
Соңғы палеолит -б. з. б. 40-35 мың жылдық аяқталады. Адамдар жер бетінің барлық аймағында өмір сүрді. Ру пайда болды. Ана жағынан (экзогамия-аналық ру) . Дүниетанымы өсті. Өнер шықты, жануарлар суреттерін жартасқа салу пайда болды.
О дүниеге сену болды. Мәдениеті - Шығыс Қазақстанда- Қанай, Свинчатка, Пещера, Шүлбі тұрақтары.
Мезолит - Қазақстанда аз зерттелді
. Тек 80-90 жылдары Батыс және оңтүстік Қазақстанда археологиялық жұмыстар жүргізілді. Мезолит (орта) кезінде садақ пен жебе пайда болды. Тұрақтар өзен-көлдерге жақын болды. Мезолит тұрақтары -Қарағандыда - Әлімбек, Көкшетауда - Виноградовка, Қостанай маңында - Дачная, Маңғыстауда - Қызылсу және т. б.
Жаңа тас ғасыры - неолит - бұл дәуірдің басы шамамен б. з. б. 7 мыңжылдық-2 мың жылдық басы. Тас өңдеудің тегістеу, бұрғылау түрі пайда болды. Басты белгісі - табиғаттың дайын өнімдерін пайдалану орнына, өндіретін шаруашылық, яғни мал шаруашылығы мен егін егу пайда болды. Қыш құмыра, тоқымашылық пайда болды. Қазақстанда 600-ден астам неолиттік, энеолиттік ескерткіш бар. Неолиттік тұрақтар орналасу сипатына қарай бұлақтық, өзендік, көлдік, үңгірлік болып 4-ке бөлінеді. Бұлақтық тұрақ көп тарады. Үй малдары пайда болды. Жылқы. От жағу пайда болды. Ескерткіштері -солтүстік Қазақстанда, Есіл өңірінде - Атбасар мен Торғай үстірті -маханжар неолиттік мәдениет; оңтүстік Қазақстанда - Қараүңгір үңгірінің неолиттік тұрағы. Атырауда Шатпакөл; Құлсары 1-5; Маңғыстауда Бозащы түбегі (Шебір), орталық Маңғыстауда Түйесу (Сенек 1, 4) .
Энеолит - адамдар өміріне мыс құралдар енген дәуір. Ботай мәдениеті (Көкшетау облысы, Ботай бекеті жанындағы қоныстың аты. Б. з. б. 3-2 мыңжылдық. Ботай мәдениетін зерттеген Зайберт В. В. (Энеолит. Урало-Иртышского междуречья, Петропавл, 1993) . Қазір 158 тұрғын үй жұрты табылды, сазбалшық, сүйектен жасалған ыдыстар, әшекейлер табылды. 70. 000 жылқының сүйегі табылды. Маңғыстауда ең елеулі тұрақ Бозащыда, Шебірде табылды. Шақпақ тас, керамика, кішкене метал, біз табылды. Жылжымалы мал шаруашылығы пайда болды.
Қола дәуіріндегі Қазақстан тайпалары. Б. з. д. 2 мыңжылдықтың алғашқы ширегі бітер кезде Волга мен Алтай арасында мал шаруашылығымен айналасқан адамдар қола жасауды меңгерді. Мыс пен қалайының қосындысы қола. Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы Андроново селосынан қола дәуірі ескерткіштері алғаш рет табылды. Оны 1913 ж. Б. В. Грязнов ашты. Ғылымда шартты түрде қола дәуірі ескерткіштерін Андронов ескерткіштері деп атайды. 1927 жылы археолог М. П. Грязнов осындай қорымды Батыс Қазақстаннан да тапты. Андронов ескерткіштері Қазақстан, Орта Азия, Сібірден табылып отыр.
Жалпы, Қазақстанда Андронов мәдениетімен бірге, қима мәдениет ескерткіштері Батыс Қазақстанда табылған. Қима мәдениетінің бас ерекшелігі - қайтыс болған адамдарды қиылған ағаштың арасына салуы. Андронов мәдениетінің ескерткіштері Казақстанда мол кездесетін болғандықтан, осы хронологиялық кезеңді Андронов мәдениеті арқылы қарастырады.
Андронов мәдениеті шартты түрде үш кезеңге бөлінеді
. Ерте қола -б. з. д. 18-16 ғғ, орта қола б. з. д. 15-12 ғғ., кейінгі қола б. з. д. 12-8 ғ. б. Андронов мәдениеті 8-9 ғасырға созылады (б. э. д. 17-9 ғасырлар) .
Орталық Қазақстандағы андронов мәдениеті. Бұл өңірден көптеген мекендер, қорымдар, көне рудниктер, құрбандық орындары, петроглифтер. Орталық Қазақстанның андронов мәдениетіне тән сипаты-оның мазарларының күрделілігі, тас өңдеумен байланысты құрылыс техникасының жетіле түскендігі.
Ертедегі Нұра кезеңі -жерлеу салтында кремация (мәйітті өртев) басым болған. Мәйтті табытқа салып қою рәсімімен де жерлев кездеседі. Керамика ыдыстар жоғары жағы ғана әсемделеді. Қабір ішінде мәйітпен қатар үй жануарларының сүйектері де табылған.
Келесі - Атасу кезеңінде жерді игеру, оның ішінде шөлейт аудандарды да игеру кеңінен жүргізіледі. Тау-кен жұмыстарының көлемі күрт өседі. Мәйіттерді бір жамбасына бүк түсіріп жатқызып жерлев жиірек ұшырасады.
Кейінгі кезеңі - Бегазы-Дәндібай мәдениеті. Оның ерекшелігі - мәйіттерді шалқасынан жатқызып қою. Мысалы: Ақсу-Аюлы -2 қабыры. Жер бетіне тастан қалап қабырғалы тұрғын үйлер салу рәсімі кең жайылады. Сондай-ақ ағаш та қолданылған.
Солтүстік және Батыс Қазақстанда Алексеев қонысы мен Тасты-бұтақ қорымы кеңінен мәлім болды. Топырағы төбешік болып үйілген, дөңгелек және тікбұрышты қоршаулары бар қорымдар көп кездеседі. Челябинск және Қостанай облыстарының шекарасынан Арқайым қонысы ежелгі қалалардың мысалы болады.
Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу. Ескерткіштері - Таңбалы, Қаратау сияқты тастағы суреттер, Таутары қорымы. Сырдарияның төменгі жағынан Арал алқабынан -Тегіскен кесенесі ашылды.
Шаруашылығы.
Андроновшылар қоныстары дала өзендері мен оның жағаларына егін, бау-бақша салып қоныстанған.
Тары ботқасы күйген құмыралар табылды. Қоныстардың бәрінен табылған ортақ олжалар: дәнүккіштер, келсаптар, орақтар мен тас кетпендер.
Мал өсіру маңызды роль атқарды. Негізгі тамағы сүт болды, сүзбе, ірімшік жасаған. Ет өте аз болған, оны мейрамдарда ғана, құдай жолына құрбандық жасағанда ғана пайдаланған. Негізгі мал қой, сиыр, жылқы. Жылқының үш тұқымы болды: биіктігі 128-136 см., басы үлкен, қалың жалды жатаған жылқы. Қазіргі монғол жылқысына ұқсас. Шоқтығы орташа не биік 136-152 см-ге дейін салмағы 350 килоға дейін жететін жылқылар. Асыл тұқымды биіктігі 152-160 см., аяқтары жіңішке, сымбатты, қой мойынды жылқылар. Олар соғыс арбасына жегілетін болған. Андроновшылар мал бағудың қыр-сырын жетік меңгергендер болды. Олар дүние жүзінде алғаш рет малды қолда ұстауды енгізді. Қыста төлді жылы жерде ұстаған, ол үшін үйдің бір жағын қоршап бөліп тастаған. Тұрғын үйлерге жалғаса мал қора салды. Андроновшылар қос өркешті бактриан түйелерін өсірді.
Ерте және орта қола кезеңдерінде, яғни б. з. д. 1 мыңжылдық басында андроновшылар отырықшы болды. Аралас шаруашылықпен айналысқан. Малды үй іргесіне бағу нәтижесінде жайылым тез тозған. Сондықтан жайлаулық тәсілді ойлап табады. Бұл көктем, жаз айларында жастар мен ер адамдар алыс жайылымға малды айдап әкетсе, отбасылары егін өсірумен айналысты.
Ежелгі кеншілер
. Кен өндіру б. з. -дан үш мың жыл бұрын пайда болды. Мысалы, Жезқазған осы кезде-ақ кен өндіріле бастады. Олар кенді тотықтандыру, қайлалау, отпен өндіру әдістерін меңгерді. Сондай-ақ әрбір отбасы өз ыдыс-аяқтарын өздері жасады. Әйелдер саз балшықты әзірлеп, одан ыдыс-аяқ істеп, оларды ошақтағы отқа, кейде таспен қоршалған шұңқырға алаулатып күйдірген. Ыдыстар әртүрлі сызықтармен, геометриялық ою-өрнектермен әсемделген.
Үй кәсіптері.
Андроновшылар үй тіршілігіне қажетті нәрсені өздері жасады. Жіп иіру, тоқу, теріні өңдеу, киімді түрлі-түсті жіппен әдіптев бәрін игерген. Матаға қажетті жіпті мал жүнінен игерген. Тоқыма станогы, ұршық болды. Олар өкшесіз аяқкиім киген, жүннен тоқыған, теріден тіккен құлақшын киген. Әйелдер көбіне ұзын жеңді етегі жер сызған жүн көйлек киіп жүрді. Әшкейлік бұйымдар сырға, салпыншақтар, моншақтар таққан. Ерлері қоладан үшкірлеп жасалған садақтармен қаруланды.
Халық, қоғам, әдет-ғұрып.
Олар үлкен үйде отбасылық қауым болып өмір сүрді. Ағайын-туыстар шаруаны бірге атқарды. Обалар, қабырлар қазу ісінде өзгешеліктер болған. Бұл андронов қоғамының біртекті болмағандығын көрсетеді. Байлар, текті адамдар өлгенде олар ерекше құлпытас орнатылған мазарларға жерленді. Жауынгерлер, патшалар абыздар тәрізді әлеуметтік жік болған.
Адронов мәдениетін зерттеудегі ең күрделі мәселелері
Адронов мәдениетін зерттеудегі ең күрделі мәселелердің бірі хронологиямен, уақыт межесін анықтау ісімен байланысты, зерттеушілердің көпшілігі андронов мәдениетінің өмір сүрген уақытын үш кезеңге бөледі:ерте қола-б. з. дейнгі ХVІІІ-ХVІғ. ғ. орта қола -б. з. дейнгі ХVІ-ХІІ ғғ; кейнгі қола -б. з. дейнгі ХІІ-VІІ ғ. ғ. басы. Бұл кезендер алғашқы зерттелген ескерткіштер атына сәйкес, федоров, алакөл, замараев кезеңдерін көрсетеді деп есептетіледі. Бірақ кейн Федоров ескерткіштері ерте қола уақытына жататына даталанды. Сөйтіп андронов мәдениетінің дамуының сындарлы суреті бұзылды. Мұның үстіне Федоров ескерткітерінің ерте және кейінгі кезеңдерге бөлініп ыдырап кететіні анықталды. Егер бұрын ескерткіштер Орталық Қазақстанмен Оралдан табылса; енді кейінгілері Батыс Сібірден; Қазақстаның оңтүстігі мен оңтүстіік-шығысынан табылды. Орта-Азиядан табылды. Әсілі. Федоров тайпаларының жан-жақты таған кіндігі Қазақстан болса керек; олрды бұл ардан тайдырып жібергендер алакөл тайпалары, Орталық Қазақсанға олар бір белгісіз бір батыс орталықтан келеді.
Қоланың кейнгі кезеңі Орталық Қазақстанда жаңа мәдениет-Беғазы-Дәндібай құрылуымен белгілі. Бұл мәдениетке Тән-бір қасиет ол бірінші жағынан, онда жаңа элементтер: мазарлардан айрықша типі өзінділік ерекшелігі бар жерлеу дөстүрі, қыш ыдыс-аяқтардың жаңа түрлері пайда болды. Мәйттерді бүктеліп жатқызып қоюмен бірге, оларды шалқасынан жатқызып қою да кездеседі. Бұл мәдениетке Ақсу-Аюлы қабыры жатады. Мұндағы ең үлкен обаның биіктігі 2м., Төбешік астында дөңгелектеніп орналасқан үш қатар радиальды тас қоршау бар екен.
Бұл дәуірде жер бетіне жер бетіне тастан қалап қабырғалы тұрғын үйлер салу рәсімі кең жайылды. Тағыбай-бұлақ қонысында алты тікбұрышты жер бетіндегі тұрғын үй бар екен. Үй қабырғалары жерге паралельді түрде көмілген тақта тастар қатарынан тұрғызылған, тақта тастар арасындағы қуыс ұсақ тастар топырақпен қабат-қабат етіліп бітеліп тасталған. Орталық Қазақстанның таулы аймақтарында тұрғын үйлерді салуға ағаш кеңнен пайдаланылған. Жертөлелер қабырғалары ағаш тақталармен көмкеріліп, оның төбесін ағаш бағандардың тұтас бір жүйесі тіреп тұрған.
Мәдениетті дамытуда металл өндіріп балқыту орасан зор рөл атқарған. Орталық Қазақстанның поле металдық ошағы көрші жатқан Алтай, Сібір, Орал өңірі сияқты аймақтар мәдениетін дамытуға да ықпалын тигізген.
Солтүстік және Батыс Қазастанда көптеген андроновтық мәдениет ескеткіштері ашылып, зерттелген, олардың ішінен Алексеев қонысы мен Тасты-бұлақ қорымы кеңінен мәлім болды. Орманды дала зонасындағы топырағы төбешік болып үйілген Дөңгелек және тікбұрышты қоршаулары бар қорымдарды бірден тануға болады. Батыс аудандарда сақина секілді дөңгеленте салынған қоршаулар етек алған. Бұл аудандарда небәрі 80-нен аса қоныс пен 90-ға тарта қорым бар.
Ертедегі қола кезеңіне мәиітті өртеп көму рәсімі жатады. Петропаловск қаласының маңындағы Вишневск қонысында қазба жұмыстарын жүргізген кезде көлемі 126 шаршы метр жер беті тұрғын үй табылды, оның ағаш шатырын ағаш бағандар тіреп тұрған. Сол кездегі алғаш қалалардың алдың алушылар деп атауға келетін қоныстар пайда болады. Солардың бірі Арқайым Челябинск және Қостанай облыстарының шекарасынан орын тепкен.
Орта қола кезңінде үй салу, қоныстандыру ісі өлікті жерлеуді ұйымдастыру жерлеу ғұрпы біраз өзгергенеді. Қоныстарға бұрынғыша бекіністер салынбайды. Тұрғын жайлар-жартылай жертөлелілер тікбұрышты ұзынырақ болып келеді. Оның 140-тан 200шар. м. дейінгі көлемі қоржын сиқтанып екіге бөлінеді, еденінді біреуден сегізге дейін ошағы болады. Мұндай тұрғын жайлар Явленка Тасты-бұлақ қоныстарында болған.
Кейнгі Қола дәуірінде оның бірінші кезеңінде Солтүстік Қазақстанның тайпалары Арал өңірінің Қима мәдениетінің ал Батыс Қазақстан - Еділ бойының Қима мәдениетінің қатты ықпалына түседі. Кейінгі қола дәуірі қоныстарында түрі жағынан тікбұрышты, сопақ, сегіз тәрізді жартылай жертөлелер көбірек кездеседі. Көлемі 300-400шар м, . дейін баратын орасан зор жертөлелер салу етек ала бастайды, Олар қысты күні мал ұстайтын болған. Шаруашылықта мал өсірудің, әсіресе жылқы өсірудің рөлі арта түседі.
Шығыс Қазақстанда Андронов мәдениетінің дамуы да осы тектес жолмен жүреді. Ертіс пен Бұқтырманың Күршімнің көкорай шалғынды алқаптарынан, Алтайдың таулы аудандарынан Тарбағатай мен Сауыр далаларынан қола дәуірінің оңдаған қоныстары мен қорымдары табылды., олардың дамуы мен қалыптасуына жез бен қалайының алтынның аса бай көздері әсер етеді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz