Адам құқығы мен азамат құқығының арасында ерекшеліктер



1 Адам құқығы мен азамат құқығының арасында ерекшеліктер
2 Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтың конституциялық.құқықтық мәртебесі
2.1 Құқықтық мәртебенін түрлері
3 Пайдаланған әдебиет
Адам құқығы Адам және азамат құқығын қарастыру алдында "адам", "жеке адам", "азамат" санаттарының арақатынасын білу маңызды. "Адам" ұғымы табиғи тұрпатта сипатталады, яғни арнайы физиологиялық қасиеттерді бойына сіңірген тіршілік әлемінің өкілі ретінде. "Жеке адам" ұғымы адамды әлеуметтік тұрғыда сипаттайды, яғни қоғамда өзінің рөлі мен орнын және оның алдындағы жауапкершілігін сезінуі (мүмкін болған жағдайлар, егерде адам әр түрлі объективті және субъективті себептерге байланысты жеке адам бойында болатын касиеттерді иемденбесе, мысалы, психикалық аурудың салдарынан сот оны әрекет қабілеттілігі жоқ деп таныса). "Азамат" ұғымы адамды заңды тұрғыда сипаттайды, яғни адамның нақты бір мемлекетпен тұрақты құқықтық байланыстылығын қарастырады. Адам құқығы — адамның муддесін қанағаттандыруга бағытталган, заңмен қоргалатын демократиялық құндылық. Адам құқығына мынадай белгілер тән:
• олар қоғамда өмір жағдайының үнемі өзгеріп отыруына байланысты, адамның табиғи және әлеуметтік мәнділігі негізінде туындайды және дамиды;
• объктивті түрде қалыптасады және мемлекеттің мойындауына тәуелді емес;
• туғанынан беріледі;
• табиғи (су, жер, ауа, т.б. сияқты) қажеттілік болып табылады, ажыратылмас сипатта болады;
• тікелей әрекетті болып табылады;
• ең жоғары әлеуметтік құндылық болып танылады;
• құқықтың кажетті бөлігі ретінде адамның өмір сүруінің нақты бір түрпатын білдіреді;
• жеке адамның өз калауынша әрекет жасауына мүмкіндік жасайтын, сейтіп нақты бір игіліктер алуын қамтамасыз ететін адамдар мен мемлекеттің арасындағы қарым-қатынастарды тұжырымдайтын кағидаттар мен нормаларды білдіреді;
• оларды мойындау, сақтау және корғау — мемлекеттің міндеті.
Адамның өмір сүруі мен лайықты өмір кешу құқығын жүзеге асыру үшін оның дүниеге келуі ғана жеткілікті. Ал басқаша құқықтарын жүзеге асыру үшін адамда азамат, жеке адам қасиеттері болуы шарт. Адамның құқы мен бостандығы табиғи және ажыратылмас болып табылады, туғаннан бастап беріледі жөне жоғары құндылық болып табылады. Мемлекеттің міндеті — адам құқықтарын сақтау, қорғау және мойындау. Мемлекет өзінің азаматтарына жеке адамның қажеттілігіне сәйкес келетін құқық пен бостандықтарды (өмірінің қауіпсіздігі, адамның бостандығы мен ар ожданы, өзінің жеке ерекшелігін сақтау және дамыту) қамтамасыз етуге міндетті.
1. “ Құқықтану: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған окулық /А. Ибраева, Г. Өлібаева, Қ. Айтхожин. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006. ISBN 9965—33-638-5

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

1 Адам құқығы мен азамат құқығының арасында ерекшеліктер

2 Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтың конституциялық-құқықтық мәртебесі

2.1 Құқықтық мәртебенін түрлері

3 Пайдаланған әдебиет

Адам құқығы

Адам құқығы Адам және азамат құқығын қарастыру алдында "адам", "жеке адам", "азамат" санаттарының арақатынасын білу маңызды. "Адам" ұғымы табиғи тұрпатта сипатталады, яғни арнайы физиологиялық қасиеттерді бойына сіңірген тіршілік әлемінің өкілі ретінде. "Жеке адам" ұғымы адамды әлеуметтік тұрғыда сипаттайды, яғни қоғамда өзінің рөлі мен орнын және оның алдындағы жауапкершілігін сезінуі (мүмкін болған жағдайлар, егерде адам әр түрлі объективті және субъективті себептерге байланысты жеке адам бойында болатын касиеттерді иемденбесе, мысалы, психикалық аурудың салдарынан сот оны әрекет қабілеттілігі жоқ деп таныса). "Азамат" ұғымы адамды заңды тұрғыда сипаттайды, яғни адамның нақты бір мемлекетпен тұрақты құқықтық байланыстылығын қарастырады. Адам құқығы — адамның муддесін қанағаттандыруга бағытталган, заңмен қоргалатын демократиялық құндылық. Адам құқығына мынадай белгілер тән:

олар қоғамда өмір жағдайының үнемі өзгеріп отыруына байланысты, адамның табиғи және әлеуметтік мәнділігі негізінде туындайды және дамиды;

объктивті түрде қалыптасады және мемлекеттің мойындауына тәуелді емес;

туғанынан беріледі;

табиғи (су, жер, ауа, т.б. сияқты) қажеттілік болып табылады, ажыратылмас сипатта болады;

тікелей әрекетті болып табылады;

ең жоғары әлеуметтік құндылық болып танылады;

құқықтың кажетті бөлігі ретінде адамның өмір сүруінің нақты бір түрпатын білдіреді;

жеке адамның өз калауынша әрекет жасауына мүмкіндік жасайтын, сейтіп нақты бір игіліктер алуын қамтамасыз ететін адамдар мен мемлекеттің арасындағы қарым-қатынастарды тұжырымдайтын кағидаттар мен нормаларды білдіреді;

оларды мойындау, сақтау және корғау — мемлекеттің міндеті.

Адамның өмір сүруі мен лайықты өмір кешу құқығын жүзеге асыру үшін оның дүниеге келуі ғана жеткілікті. Ал басқаша құқықтарын жүзеге асыру үшін адамда азамат, жеке адам қасиеттері болуы шарт. Адамның құқы мен бостандығы табиғи және ажыратылмас болып табылады, туғаннан бастап беріледі жөне жоғары құндылық болып табылады. Мемлекеттің міндеті — адам құқықтарын сақтау, қорғау және мойындау. Мемлекет өзінің азаматтарына жеке адамның қажеттілігіне сәйкес келетін құқық пен бостандықтарды (өмірінің қауіпсіздігі, адамның бостандығы мен ар ожданы, өзінің жеке ерекшелігін сақтау және дамыту) қамтамасыз етуге міндетті.

Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығының мәнің терен түсіну

1.

Конституциялық құқық мемлекеттегі ең негізгі құқық саласы б.т. Барлық құқық саласы одан бастау алады. Заң ғылымдарында мемлекеттік құқық термині кон. құқық орнына қолданылады. Кон. құқық деп атаған дұрысырақ. Себебі ме.құқық термині келесі себептерге сәйкес тиімсіз, тұрғындардың барлығы құқықты салаға бөлуді біле бермегендіктен, оны барлық ішкі мемлекеттік құқық ретінде түсінеді.

ҚР Конституцияылық құқығы – бұл ҚР конституциялық құрылысын ондағы адам мен азаматтардың құқықтық жағдайын мемлекеттік және жергілікті басқару органдарының мәртебесін белгілейтін конституциялық құқықтың нормаларының жиынтығы. Конституциялық құқық келесі  институттарды қарастырады: азаматтық, конституциялық құрылыс, Президент, Парламент, Үкмет, Сот, Конституциялық Кеңес, жергілікті басқару органдары.

2.

Конституция сөзі латынның  constitutio – бекіту, орнату деген сөзді білдіреді. Алғашқы конституция 1787 АҚШ-та, кейін 1789 жылы Францияда қабылданды. Кәзіргі кезде кез келген мемлекетте өз конституциясы бар.

Қазақстан өз басынан 4 конституцияны өткерді (1937, 1978, 1993, 1995ж.ж.). Конституция – бұл ұлттық құқықтың басқа көздеріне қарағанда қоғам мен мемлекетте ең жоғары заңдық күші бар нормалардың жиынтығы.

Конституция – бұл халықтың жалпы еркін білдіретін, ең жоғарғы заңды күшке ие қоғамның әлеуметтік, экономикалың, қоғамдық, саяси және рухани ізгілік өмірінің маңызды қағидалары мен институттарын бекітетін қоғамның және мемлекеттің негізгі заңы.

Оның белгілері:

1.     ең жоғарғы заңдық күші болады.

2.     ол тұрақты болады.

3.      ерекше заңдық мазмұны.

4.     оның Республиканың бүкіл аумағына тікелей және тура қолданылады.

Конституциялық құқық ғылымында конституцияны әртүрлі негіздер бойынша топтастыруға болады.

1.                                                                                                   Мемлекеттік құрлыс нысанына қарай конституцияны біртұтас және федерациялық.

2.                                                                                                   Мемлекеттің саяси режимінің сипатына қарай демократиялық және демократиялық емес.

3.                                                                                                   Қолданылу ұзақтығына қарай  тұрақты және уақытша конституция.

4.                                                                                                   Нысанына қарай жазбаша және ауызша. Жазбаша (Қ.Р.), ауызша (Ұлыбритания).

5.                                                                                                   Оған өзгерістер мен түзетулер еңгізілу әдістеріне қарай қатаң және олқы деп бөлінеді. Қатаң конституцияны сайлаушылар қауымы тікелей референдумда не арнаулы құрылтай  жиналыстарында қабылдананды. Олқы конституция әдетте Парламенттер қабылдайды, ал оларға өзгерістер мен түзетулерді еңгізу жай заңдарға тәріздес.тәртіппен, яғни көпшілік дауыспен заң шығарушы орган еңгізеді.

6.                                                                                                   Конституциялар федералдық және оның құрамына кіретін субъектілердің конституциясы болып та бөлінеді.

Конституциялық құқықта конституцияның нысаны атты ұғым кездеседі. Конституциялық нысан деп оның объективті өмір сүруінің әр түрлерін айтамыз. Ол 3 элементтен тұрады: а) заңды; б) ішкі нысаны; в) сыртқы нысаны. ҚР Конституциясы заңды күші бойынша жазбаша болып табылады. Конституцияның ішкі нысаны – оның құрлымдық мазмұны, яғни құрлымдық бөлімдерге бөлу. Бұл преамбула, тарау, баптар, баптың бөліктері, бап бөліктерінің тарияғынан тұрады. ҚР Конституциясы преамбуладан, тоғыз тараудан, 98 баптан тұрады. Конституцияның сыртқы нысаны ерекше атаудан, тілден және стилін білдіреді. ҚР ата заңы конституция деп аталады. Ол заңды тілмен жазылған. Оның мәтіндік мазмұны ресми іскерлік стилде жазылған.

 

 

2.

Жалпы алғанда тұлғаның кең құқықтық мәртебесі қоғамның мүшесі ретінде жеке тұлғаның нормативтік актілерінде белгіленген құқықтарының, бостандықтары мен міндеттерінің жиынтығы.

Конституциялық құқықтық мәртебені әртүрлі негіздер бойынша топтастыруға болады:

1)     Субъектісіне байланысты: а) адамның конституциялық мәртебесі. б) ҚР азаматының. в) шетел азаматының. г) азаматтығы жоқ тұлғалардың мәртебесі.

2)     Құқықтар, бостандықтар мен міндеттердің көлеміне байланысты: а) негізгі. б) толық. в) шектеулі мәртебе.

Конституциялық құқықтық мәртебенің мазмұны:

1)     Конституциялық құқықтар, бостандықтар және міндеттер.

2)     Азаматтық..

3)     Конституциялық құқық қаблеттілік.

4)     Конституциялық құқықтар мен бостандықтарын іске асырудың кепілдіктері.

 

1. адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, міндеттерін тікелей түрлері бар.

а) өзіндік құқықтар мен бостандықтар. өмір сүру, жеке бастың бостандығына қол сұғылмаушылық, әркімнің өзін қай ұлтқа жататының өзі анықтауға және оны көрсету – көрсетпеуге, әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы, ешкімнің тұрғын үйге қол сұқпайтындығы, әркімнің еркін жүріп тұруға және тұрғылықты мекенді қолауынша таңдап алуға, жеке тұрғылықты мекенді қалауынша таңдап алуға, жеке өміріне қол сұғылмауына, ақпарат көздерімен танысуға құқығы,

б) саяси құқығы мен бостандығы. Мұның жеке адамға қатысты құқықтар мен бостандықтардан ерекшелігі – саяси құқықтар мен бостандықтар тек қана ҚР азаматына берілген. Олар бірлесу бостандығы, құқығы, тікелей, не өз өкілдері арқылы мемлекет ісін басқаруға қатысу, референдумға қатысу, сайлауға қатысу не сайлану, бейбіт әрі қарусыз жиналуға, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер өткізуге және тосқауылдарға тұру, мемлекеттік қызметке кіруге азаматтардың тең құқықтары.

в) әлеуметтік, экономикалық құқықтар мен бостандықтар. Оларға меншік иесі болу, еркін еңбек ету, қызмет саласы мен кәсіпті еркін таңдап алу, қауіпсіздік пен гигиена талаптарына сай келетін еңбек жағдайына ие болу. Білім алу, тұрғын үйге ие боу, шығар еркіндігіне кепілдік, дем алу, денсаулықты сақтау, денсаулық, ұясына байланысты әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы.

г) мәдени құқықтар мен бостандықтар. Білім алу, шығармашылық еркіндік құқығы.

 

2. Азаматтық бұл – адамның мемлекетпен, оның өзара құқықтары мен міндеттері жиынтығын білдіретін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адам және азамат құқықтары Заңмен қорғалуға тиіс
Азаматтардың азаматтық (жеке) құқықтары мен бостандықтары
Құқықтық мәртебенің негізгі түрлері
Еңбек және еңбек құқығы туралы түсінік
Меншік және меншік құқығы
Азаматтардың меншік құқығы
Қазіргі кезеңдегі еңбек заңнамаларындағы жеке еңбек шартының анықтамасы
Тұрғын үй-жайға меншік құқығы
Адам құқығын қорғау
Некені бұзу мәселелері
Пәндер