Шығыс діндерінің шығуы


Кіріспе
Дін - адам пайымының бүкіл әлем мен болмысқа, қоршаған дүниеге, табиғатқа, өөзі өмір сүретін ортаға және өзінің ақыл-ойы мен сана-сезімінен тысқары тылсым дүниеге қатынасы; адамзат танымының дүние мен жаратылысқа деген көзқарасты айқындайтын мифология, философия және ғылымнан ерекше өзіндік бір тұрпаты; адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени институт, ерекше қоғамдық сана және әлеуметтік құбылыс. Діннің басты белгісі - адамның ақыл-ойы, сезім мүшелері қабылдай алмайтын болмыс түріне сену және оны мойындау. Ислам философиясының түсіндіруінше, дін дегеніміз - әлемді байланыстыратын күш Алланың барлығына сенім. Бүкіл әлемді және адамды жаратушы ие - Жалғыз Алла адам баласының жүрегін өзіне ұштастыра жаратады, яғни Жаратушының барына сеніп, оның ажырамас бөлшек екенін адам өз жүрегі арқылы сезетін болады. Діннің басты мақсаты - адамның рухани жетілуі және оның Жаратушы Құдаймен байланысын орнату болса, ислам тұжырымдамасы бойынша, рухани жетілу сатысының бірінші деңгейінде тұрған адамның алғашқы махаббаты, таза құлшылығы, қорқынышы Аллаға арналады. Сөйтіп, шынайы діндар болып, жас кезінен Алланың ғана бұйрығын орындаушы болып өседі. Барлық тіршілік құбылыстары Алла Тағаланың қолында екеніне және күнәлі істері үшін оның қарғысына ұшырайтынына мұсылман кәміл сенеді.
Діннің шығуы қазіргі ғылымның зерттеулері бойынша 40 - 50 мың жыл бұрынғы палеолит (тас дәуірі), яғни алғашқы қауымдық қоғамның салыстырмалы түрде жоғары деңгейдегі даму кезеңіне жатқызылып отыр. Аталмыш кезеңнің мәдениет ескерткіштері жан-жануарлар культі мен аңшылықта қолданылған сиқыршылық белгілерін сақтаған. Сондай- ақ, діни наным-сенімдердің болғандығын сол ежелгі дәуірлердегі өлген адамды еңбек құралдары және әшекей бұйымдармен бірге жерлеу дәстүрінің белгілері де дәлелдейді.
Шығыс діндері
Діннің шығуы адам ақыл-ойында теориялық ойлау және ойдың шынайы өмірден ажырау мүмкіндігінің пайда болуы деңгейімен де байланысты. Адамзат тарихында өн бойында дін адам сенімінің сипатына және халықты қамтуына байланысты сан түрлі күйде болады. Бірінші жағдайда қатысты оның тотемизм, анимизм, натуризм, шаманизм, фетишизм, политезм (көптәңірлі), онотеизм (біртәңірлі), деизм (әлемді жаратқан соң, оның одан әрі дамуына араласпайтын, белгілі бір тұлға кейпіндегі емес әлдебір бастапқы себепті мойындайтын ілім), т. б. түрлері пайда болды. Құдайды тұлғалық Бастау ретінде мойындау барлық діндерге тән емес. Ол қазіргі діндерден, мәселен, ислам, христиан, иуда діндеріне тән, ал будда, даосизм діндеріне тән емес. Халықты қамтуы жөнінен діннің тайпалық - халықтық және ұлтаралық немесе әлемдік түрлері белгілі. Әлемдік діндердің әрқайсысы түрлі ағымдар мен конфессияларға бөлінеді. Мысалы, ислам дінінің сүнниттік, шииттік ағымдары, христиан дінінің католиктік, православие және протестанттық конфессиялары, т. б. Діннің екі сипаты бар. Төменгісі - сыртқы, ғибадат ету, ал жоғарғысы - имандылық. Имандылық барлық дерлік діндерге ортақ, діннің ішкі мәнін білдіреді, сондай-ақ, ғибадатты да қамтиды, адамның сыртқы және ішкі болмысын тәрбиелейді. Діннің имандылық сипатын қабылдайтындар бүкіл болмыстың себебінің, заңдылықтарының бар екенін толық түсініп, оларды танып-біліп, бойына сі
ңіріп және бұлжытпай орындауға ұмтылады. Барлық діндердің ұқсастығы және негізгі мақсаты - бір Жаратушыға деген сүйіспеншілікке жету және оның мейірімі мен кешіріміне ие болу, рухани тазарып, жетілу. Олардың ішкі мәнінде ғана емес, салт - рәсімдерінде де көптеген ұқсастықтар бар. Дүние жүзі халқының дені, негізінен, әлемдік үш дінді ислам, христиандық, будда ұстанады. Осы әлемдік діндердің бірі ислам дініне тоқталып өтсек.
Ислам діні - бүкіл әлемге ортақ құндылық. Ол бір ұлтқа немесе тек мұсылмандарға ғана жіберілген дін емес. Сондықтан, Құран Кәрімде қаратпа сөздер «ей, арабтар» немесе «ей, бәдәуилер» деп айтылмайды, «ей, адам ұрпақтары», «ей, адамзат баласы» және «ей, мүминдер» деп жалпыға ортақ атаулар ретінде қолданылады. Бұл-қасиетті кітаптың бүкіл адамзатқа, тіпті, бүкіл жаратылысқа жолдауы екенін көрсетсе керек. Сондай-ақ, Құранда Алла Тағаланың соңғы елшісі Мұхаммед Мұстафаны (с. ғ. у. ) бүкіл әлемдерге рахмет - мейірім пайғамбары ретінде жіберілгені айтылады.
Ал «діннің» терминологиялық мағынасын, Аллаһ Тағала тарапынан жіберілген адамзаттың өмір сүруін ретке келтіретін, адамның аса күрделі жан-дүниесіне рухани тірек болатын заңдылықттарды, ақыретте Аллаһтың разылығына кенелумен уәде етілген мәңгілік жәннәттағы қуаныш пен бақытқа жетелейтін жолдарды көрсетеді деп түсіндіруге болады. Сондай-ақ, «дін» ұғымы - адамзатқа пайғамбарлар арқылы жеткен Жаратушыға деген құлшылықтың заңдылықтары мен тәртіптері т. б.
Дін бүкіл әлемнің жаратушысы тек Аллаһ Тағала тарапынан ғана жіберіледі. Дін адамға Аллаһ Тағаланың таңғажайып даналыққа құрылған жаратылысының алдындағы мақсат-міндеттерін айқындап береді. Дін адамға екі дүниенің бақытына апаратын тура жолды көрсетеді. Адамның бүтін іс әрекетін қайырымдылыққа, ізгілікке бағыттайды. Дін пайғамбарлар арқылы адамдарға жеткізілген Аллаһтың бұйрықтары мен тыйымдарынан тұратындықтан тек уахиге ғана сүйенеді.
Діннің ең басты ерекшелігі осы уахи арқылы келуінде. Дүниеге келген адамның бойында дінге, рухани тазалыққа, тылсым күшке сену сезімі болады. Бойдағы бұл сезім адамды ерте ме, кеш пе әйтеуір бір тылсым күшке сенуге жетелейді. Тарихи деректерге көз жүгіртсек дінсіз (яки, имансыз) адам болғанымен, дінсіз қоғам болмаған. Себебі, адам баласы сенімге мұқтаж. Аллаһ адамзатқа жаратылысқа дейін рухтар әлемінде Өзінің Жаратушы Ие екендігін үйретіп, бізден Өзін Жаратушы Иеміз деп танитындығымыз турасында уәдемізді алды. Атам қазақтың «әлмисақтан мұсылманбыз» деуінің төркіні де осында жатыр. Бұл жайында аятта былай дейді: «Сол уақытта Раббың адам балаларының белдерінен нәсілдерін алды да өздеріне куә етіп; Мен сендердің Раббыларың емеспін бе? - дегенде олар: «Әрине куәміз», деген. Қиямет күні: Бұдан хабарымыз жоқ демеңдер» (7. Ағраф-172) .
Хазіреті Пайғамбарымыз да бір хадисінде адамның ислам дінімен дүниеге келетіндігін айтып өтеді: «Әрбір сәби (жаратылысында) мұсылман болып дүниеге келеді. Бірақ ол баланың әке-шешесі оны өз діндеріне кіргізеді. Яһуди болса яһуди, христиан болса христиан, мәжуси болса мәжуси етеді» (Бухари, Жәнайз 80; Муслим, Қадар 22; Тирмизи, Қадар, 5) . Хазіреті Пайғамбарымыз осы хадисімен адамдағы діни сезімнің туа біткеннен болатындығын білдіреді.
Буддизм ұлттық діні
Түркі дәуірінде қазақ жеріне буддизм діні де енген. Бұмын қағанның ұлы Мақан қаған будда дінін қабылдап, буддалық насихат кітаптарды түркі тіліне аудартқаны белгілі. Бұл жұмыс Таспар қаған кезінде де жалғасқан. Түркі кағандарын буддизмнің: "Адам өлтірме, өтірік айтпа, ұрлық жасама, қызулы ішімдік ішпе" деген уағыздары қызықтырған болса керек. Будда храмдары (ғибадатханасы) Жетісу жерінде Акбешім, Краснореченск ортағасырлық қалаларында, Сайрамда (Испиджаб) табылды.
Буддизмді б. з. д. VI ғасырда Үндістанда Будда деген адам құрды және ол әлемдік сипатқа ие болды. Бұл дін Үндістанда пайда болғанына қарамастан, оның жолын ұстанушылар әлемнің әр түкпіріне тарап кеткен. Қазіргі таңда ол үлкен діндердің алғашқы бестігіне кіреді. Дінді тұтынушыларының саны - 300-400 млн. шамасында. Басым көпшілігі Үндістан, Қытай, Манчжурия, Монғолия, Цейлон, Тайланд, Бирма, Камбоджа, Лаос, Бенгал, Вьетнам, Бутан, Бирмания, Сингапур, Малайзия, Тибет, Корея, Жапония сияқты Оңтүстік Азия елдерінде және Қиыр Шығыста шоғырланған. Кейбір Батыс елдерінде ерекше жаңа буддистік ағым болып табылатын зен буддизмі өз жақтастарын тауып, қатарын толықтыруда.
Буддизм атауы батыс елдерінде Будда негізін салған дін ретінде қолданылады. Буддистік Азия елдерінде бұл дін Будда жүйесі және діні мағынасындағы «Будда-Сасана» атымен белгілі. Буддизмнің өз қасиетті кітабы, доктринасы, бұйрық-тыйымдары және өз қауымдары бар. Дегенмен оның дін, ағым, жол немесе философиялық ағым болған-болмағандығы айқын емес.
Буддизм Азия мен Алдыңғы Азияға тарап жатқанда І ғасырда Батыс Түркістанда кейін Шығыс Түркістанда түркілер осы дінмен танысты. Бірақ ішінде қасиетті қайыршылық, молдас құрып отырып ойға шому (медитация) секілді ерекшеліктері бар дін оларға тартымды болмаған. Ет жеуге, құрбан шалуға, атқа мініп сауыт-сайман киюге үйреншікті, табиғатпен етене араласып кеткен түркілер, ет жемейтін, көбінесе өсімдікпен қоректенетін буддизмге үйрене алмады. Олардың уақыт өте келе Исламды бар болмысымен қабылдауына осы мәселелер және «жиһад түсінігі» мен қоса буддизмде кездеспейтін, бірақ әрі ежелгі түркілерде әрі Исламда тамыры терең жалғыз тәңір сенімі рөл ойнаған болатын.
Буддизм Хз. Мұхаммед (с. а. у. ) -ның кезеңіндегі үлкен діндердің бірі болатын. Алайда Құранда немесе хадис кітаптарында бұл жайында оған қатысты мәлімет жоқ. Сонымен қатар бұрынғы және жаңа деректерде Құранда Тин сүресінің 1 - аятында баяндалған інжір Будданың астында аянға қол жеткізгендігі айтылған жабайы ағашты меңзегендігі алға тартылады. Будданың туылған жері Капилавасту қаласының Зул Кифл (Кифтік адам, яғни араб тілінде «п» әріпі болмағандықтан капилалық) атындағы пайғамбардың аталуына себеп болғандығы білдіріледі (213) . Зул Кифл жайында Құран, хадис және басқа Ислам деректерінде көп мәлімет жоқ. Тек қана Құранда екі рет сөз қозғалады (214) .
Буддист деректері бойынша Буддадан алдын 24 Будда келген. Ол жиырма бесіншісі. Одан кейін Меттея (Майтрея) келеді. Будда Тусита пейішінде болып, уақыты келгенде дүниеге келгені сияқты Меттея да осылай жасайды. Буддист деректері бойынша Будданың дүниеге келуінен алдыңғы, балалық және жастық шағы, сарайдан кетуі, сопылық өмірі, апта астында көлеңкелеген Інжір ағашы (Бо, Бодхи ағашы) және одан кейінгілерімен қатысты өте көп мифологиялық аңыздар орын алған. Будда Інжір ағашының астында хабардар болғанға дейін «Бодхисатва» (Будда өкілі) болып есептеледі. Оның алғашқы шәкірттері; бірге сопылық өмірге кіріп, оның сопылық өмірді тастауымен одан бөлініп кеткендер және қол жеткізген ақиқатын алғаш уағыздаған осылайша Сангхаға қабылдаған бес сопы және Інжір ағашының астында оған тағам әкеліп оның ілімін қабыл еткен екі саудагер. Одан кейін бірінші болып сол жердің иелері, саудагерлер және көптеген адамдар мен араларында брахмандар да Буддист болды.
Бұлардан кейбіреулері Сангхаға жазушы ретінде қабыл етілді. Будда монахтарға ілімін уағыздау міндетін жүктеді. Олар бұл міндетті жан-жақта жүріп адамдарға өздерін ұстай білуі, қарапайым да жұпыны өмір, сыпайылық үйрету арқылы орындаулары керек еді. Бұл монахтардың арасында алғашқы бес сопыдан Ассажидің көмегімен ақиқатты үйренген және Будда тарапынан Сангхаға қабылданған Сарипутта мен Моггалана да бар болатын (Бұлар Буддадан алдын өмірден өтті) . Тағы да айта кететін жайт Будда өлгенде ол да қатысуы үшін денесінің отқа жағылуы кейінге қалдырылған және алғашқы консильге төрағалық жасаған, Үлкен Касяпамен бір консильде Виная мәтінін оқыған Упали сангханың алғашқы әрі маңызды мүшелерінен. Бірақ Будданың сүйікті шәкірті жиені Ананда еді (Яхуди дінінде Хз. Харунның Хз. Мұсаға, Христиандықта Жоханның Хз. Исаға, Исламда Хз. Алидың Хз. Мұхаммед (с. а. у. ) -ға деген жағдайы сияқты) . Ананда тірі кезінде Буддаға үлкен қызметтер көрсеткен, оны екінші жиені Девадаттаның улаймын дегенде құтқарған, бұдан басқа әйелдердің Сангхаға қабылдануы мәселесінде ұстазын иландырған.
Буддизмнің Үндістаннан басқа жерлерде таралуы
Махаяна Қытайда Чен-иен, Жапонияда Шингори деген атпен белгілі болды. Ол қазіргі таңға дейін келген бейнеде 9-11 ғасырлардың арасында Тибетте болатын. Ол уақытта буддизм миссионер монахтардың көмегімен Декен және Хинд түбегінің батысына тарап жатты. Шығыста Ашока кезеңінде Цейлонға барған болатын. Оның Бенгал шығанағынан қарсы бетке Бурмаға, Тайландқа кіруі б. э. алғашқы ғасырларында Махаяна бейнесімен енді. Кейін Цейлоннан келген Тхеравада Буддизмі осы жерлерге билігін жүргізді. тхеравада буддизмі хинаянаның 18 тармағынан қазіргі таңға дейін жеткен жалғыз ежелгі түрі. Цейлон мен Тайландтан тхеравада буддизмі, Камбоджа мен Лаосқа тарап жатқанда махаяна буддизмінің де Қытайдан Ветнамға кіруі XІІІ-XІV ғасырларда болды. Бұл мемлекеттерде және басқаларында буддизм тарихы, жағрафиялық, ұлттық және жергілікті шарттарға сай өзгергендігі сияқты екі маңызды буддист бағыттағылар сол жердегілермен араласып кеткендігін көреміз. Үндістанда буддизмнің тантрик немесе важраяна түрі хинду бхакти және тантрик культтеріне орнын қалдырды, монастырлар жойылды, ендігі солтүстік шығыстағы аз ғана топтан басқа, ХІІІ ғасырдан бері кездеспейді. Сонымен қатар Цейлонның 60 пайызы, Бурма, Тайланд, Лаос және Камбоджаның 90 пайызы әлі Буддизмді ұстанады. Цейлоннан пали тіліне негізделген буддизмге қатысты мәліметтер ХІХ ғасырда Еуропа мен Америкаға жетті. Осылайша бірінші болып Англия, Германия және Америка Құрама Штаттарында Будданың өмірі мен доктринасына қызығушылық арта түсті. Бұл мемлекеттерде қазіргі таңда шығыстан келген монахтар да өмір сүреді. Батыста монах емес буддистер артуда. Бұлардан сангхаға қабылданғандар да бар. Қазіргі таңда Үндістанда зиялылардың арасында индуизмге қанағаттанбай ежелгі мәдениетке қайтқандар болғаны сияқты, каста жүйесінен тыс адамдар арасында буддизмге кірген бөлек топ та бар.
Қытай Буддизмі
Қытай, тибет және жапон буддизмінің әрбірінің өзіне тән ерекшеліктері және үнді буддизмінен өзгеше жақтары да бар. Мұнымен қатар арасында ең анық ортақ махаянист болу. І ғасырдан бастап орталығы Азия Жібек Жолы бойында Қытайға дейін барған буддизм, Хан ақсүйектерінен кейін (шамамен 220) бытыраңқы топтарға тән болып қалды. Сонымен қатар оның ІІ ғасырдың орта шамасында сарай айналасындағыларға ықпал еткендігі де тіркелген. Бұл мәселеде буддистердің алғашқы жәрдемшілері даоист ғұламалар болды. Буддист пікірлеріне аударма жасау үшін даоист тіркестер қолданылды. Осылайша екі дін арасындағы ұқсастықтар пайда болды. Хан ақсүйектерінің құлауы нәтижесінде солтүстік Қытайды басып алған қытай болмаған халықтарға 300 жылдық билігінің кезеңінде махаянашы монахтар саяси, әскери істерде кеңесші болды. Олар сиқырда да жоғары атаққа ие болды. Буддист уағызшылар, солардың ішінде ерекше атап айтар болсақ Фө Ту-тенг (ө-349) Солтүстік Қытайдың басым бөлігін өз сенімдеріне кіргізді.
Сол уақытта атақты аударма мектебі Кумараживаның (344-413) басшылығымен астана Ханганда жұмыс жүргізіп жатқан. Осылайша Қытай ғұламалары тура жолға салынатын. Фа Хсиен атты атақты қытайлық саяхатшы 399 жылы Үндістанға барып, сол жердегі зиярат орындарын көру үшін Ханганнан жолға шықты. Алты жылдық сапардан кейін алты жылын Үндістанды аралауға, түрлі мектептердің қасиетті кітаптарын жинап оны көшіруге жұмсады. 414 жылы қайтып келе жатқанда буддист қасиетті кітаптарын аудара бастады және айрықша атақты саяхаттағы естеліктерін жаза бастады. ІV ғасырда ауқатты бай адамдар Сангханы қорғауына алып аударма жұмыстарының шығындарын қамтамасыз етіп, монастырьлар мен ғибадатханалар салдырды. Буддизмның бес моральдық принциптерін ұстанды.
Оңтүстік Қытайда екі бағыт дамыды. Зейінді қадағалауды құмартқандарды тоқтатуға негізделген хинаянист дхяана мектебі соңғы ақиқат мәселелерімен айналысатын, махаяна сутраларына негізделген сангха мен зиялылардың арасындағы байланысты қамтамасыз ететін пранжа мектебі болды. Бұл кезеңде Тао Ан (312-385), Хуи Юуан (344-416) және Тао Шенг (360-434) сияқты жетілген тұлғалардың ықпалымен үлкен монастырьлар салынды, виная қағидалары аударылды және махаянаның бас қатыратын пікірлері тарады. Мұндай үлкен қытайлық ұстаздардың еңбектерінен Суи және Танг ақсүйектерінен басқа махаянист бағыттары ішінде дамыған пікірлерді үйреніп жатырмыз. Конфуцист және даоист классиктермен махаянист еңбектердегі пікір және иландырулар бірлескеннен соң ортаға бөлек бір қытайлық буддизм дәстүрі пайда болды. Міне бұл дәстүр ішінде Пиен Тай, Таза өлке (Жәннат), Хуа Иен және Чан мектептері дамыды.
Бұлардан Тиен Тай, Танг ақсүйектері кезеңінде, Чих Кай (538-597) жағынан оңтүстік шығыс Қытайдағы Тиен Тай тауындағы атақты монастырьда ортаға салды. Чих, үнділік Нажаргунаға сүйенетін. Ол тұтастық пікіріне мән берді. Тұтас және бөлектері бірдей еді. Барлық әлем және барлық Буддалар, бір құм қиыршығында бар болатын. Сөзсіз Ақыл, әлемді оның кемелдігі ішінде қамтитын. Негізінде екеуі бір еді. Бірақ қызметте бөлек болатын. Бұл бағытта діннің практикалық келбеті зейінді бір жерге жинақтау және әрбір нәрсенің шынайы бейнесін ұғыну жолымен рухани қырағылық пен даналыққа байланыстырылған. Мектеп тек қана Қытайда емес, ІV ғасырда буддизмге есігін аздап ашқан Кореяның оңтүстігінде де кең тараған, ІХ ғасырдың алғашқы жартысында Жапонияға «Тендай» атымен енген.
Бурма буддизмі
Бурма буддизмі оңтүстік шығыс Азияда басқа жерлерде болғаны сияқты монастырь өміріне кіргендер мен кірмегендер болып екі бағыт болып бөлінді. Бұл екі бағыт бір-бірінсіз болмайтындай байланыста еді. Бурмада тхеравададан бөлек аз мөлшерде жекеленген махаяна монастырьлары бар. Махаянаның ұстанушылары солтүстіктегі таулы өлке және шығыс Бурма Шан өңірінде өмір сүріп жатқан жергілікті Гурка және Рангундағы Қытай қоғамынан.
Буддизм Бурмаға ІІІ ғасырларда кірді. Бурмада бұрын сарвастивада және махаяна, санскритшеге негізделген буддизм бар болатын. Одан кейін пали буддизмі орнықты. VІІ ғасырдан бастап тхеравада және де сарвастивада ұстанушылары Бурмада болғандығы Қытай саяхатшыларының жазбаларынан белгілі. Махаяна буддизмінің Бурмада VІІІ-ІХ ғасырларда болғандығын көре аламыз. Айрықша Промадағы мұндай буддизм, ол жерге солтүстік шығыс Үндістандағы Бенгалдан келген. Көп уақыт өтпей бұл буддизм Үндістандағы дамуымен ілесе отырып тантрик құрылымға жетті. Жоғары Бурмада ХІ ғасырда тантрик буддизмнің бұрмаланған түрі бар болатын. Мондар, оңтүстік шығыс Бурмада орналасқанда ендігі Бурма патшалығына орталық өзен айналасында өмір сүріп жатқандарға қазіргі таңға дейін жалғасатын тхеравада буддизмін әкелді.
Цейлон Буддизмі
Цейлон буддизмі ежелгі буддизмнің маңызды орталығы. V ғасырда пали тілінде жазылған шежіре бойынша Будда Цейлонға үш рет келген. Бір келгенінде ол Суманаката төбесіне шыққан және сол жерде аяғының ізі қалған. Бұл жер қазіргі кезде «Адам шыңы» деп аталады. Бұл риуаяттың тарихи дәйегі болмаса да бұл жер қазіргі таңда маңызды зиярат орындарының бірі болып саналады.
Цейлонда халық бұл аралдың Будданың сенімінің қорғаушысы екендігіне сенеді. Ашока дәуірінде Цейлон патшасы буддизмді қабыл етіп, астанасы Анурадхапурада бір «вихара» (монастырь) салдырды. Бұл вихараның алғашқы тұрғындары Ашоканың ұлы Махиндамен бірге сол жерге келген сангха мүшесі монахтар (бхикку) . Цейлонда көптеген ғасырлардан бері келе жатқан ағымның алғашқы сүйіншілеушілері осылар. Үндістаннан V ғасырда келіп, Махавихара жамағатының бір мүшесі Будхагхоса, трипитака жайлы жазылған Синхалесе түсіндірмелерін пали тілінде жаңадан қолға алған. Айрықша буддист сенімінің кең ауқымдағы қорытындысын жазды.
Тайланд буддизмі
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz