Айрықша қорғауға алынған табиғат объектісі


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:
ЖОСПАР
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Жер қойнауы туралы түсінік
2. Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану жағдайындағы
заңның міндеттері
3. Жер қойнауын пайдалану және жер қойнауын қорғау
4. Жерді пайдалану мен қорғауға қатысты жеке кәсіпкерлік
саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері
5. Табиғи ресурстарды пайдалану мен айналадағы табиғи
ортаны қорғауды мемлекеттік басқарудың түсінігі мен
қызметі
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Жер қойнауы туралы түсінік
Жер қойнауы ұғымы кен байлығы ұғымынан кең. Кен байлығы - жер қойнауының ең маңызды құрамдас бір бөлігі. Бағалы кен байлығы, пайдалы қазбалар мемлекеттің әлеуметтік экономикалық жағдайында өнеркәсіп өндірісін ұлғайтуда көрнекті орын алады. Республиканың кен байлықтарын неғұрлым халқымыздың игілігі үшін толығырақ пайдалану барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының мүдделі ісі. Ол үшін қолда бар мүмкіндіктерді, соның ішінде шет елдік заңды ұйымдар мен жеке тұлғалардың қатысуымен жер қойнауының байлығын пайдалану керек. Бұл салада туындайтын барлық қатынастарды «Жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен реттеледі.
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану жағдайындағы заңның міндеттері:
1. Қазақстан Республикасының мүдделерін және оның табиғи ресурстарын қорғау;
2. Қазақстан Республикасының жер қойнауын тиімді пайдалану және қорғау;
3. Жер қойнауын пайдаланушылар мүдделерін қорғау;
4. Шаруашылық жүргізудің барлық нысандарының бірдей дамуына жағдай жасау;
5. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі қатынастар саласында заңдылықты күшейту мақсатында жүргізуді реттеу болып табылады.
Жер қойнауымен және жер қойнауын пайдаланумен байланысты құқықтық қатынастар мынадай принциптерге негізделеді:
1. жер қойнауын ұтымды, кешенді және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету;
2. жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету;
3. республикалық және аймақтық мүдделердің үйлесуін қамтамасыз ету;
4. минералдық шикізат базасын толықтыруды қамтамасыз ету;
5. жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жариялы түрде жүргізу.
6. жер қойнауын пайдаланудың ақылы болуы;
7. жер қойнауын пайдалану жөнінде операцияларды жүргізуге инвестицияларды тарту үшін қолайлы жағдайлар туғызу.
Жер қойнауы және оның құрамындағы пайдалы қазбалар Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес мемлекет меншігі болып табылады.
Егер контрактіде өзгеше көзделмеген болса, минералды шикізат меншік құқығымен жер қойнауын пайдаланушының меншігіне жатады (Қазақстан Республикасының мемлекеттік кәсіпорнына - шаруашылық жүргізу немесе басқару құқығымен) .
Техногендік минералдық түзілімдер мен техногендік сулар жер қойнауын пайдаланушының меншігі болып табылады.
Мемлекект меншігіндегі техногендік минералды түзілімдерден алынатын пайдалы қазбаларға иелік ету құқығы контрактіде айқындалады.
Минералды шикізат, техногендік минералдық түзілімдер мен техногендік сулар немесе пайдалы қазбалар меншік құқығымен жер қойнауын пайдаланушының иелігінде болса, ол минералды шикізатқа, техногендік минералдіық түзілімдерге, техногендік суларға немесе пайдалы қазбаларға иелік етуге, олар жөнінде Қазақстан Республикасының заңдарында тиым салынбаған кез-келген азаматтық құқықтық мәмлелер жасауға қақылы.
Жер қойнауын пайдалану және жер қойнауын қорғау
Жер қойнауын пайдалану мынадай операцияларды жүргізу үшін беріледі:
1. жер қойнауын Мемлекеттік геологиялық зерделеу;
2. барлау;
3. өндіру;
Жер қойнауын пайдаланушыға жеке меншік немесе уақытша жер пайдалану құқығымен тиесілі жер учаскелеріндегі кең тараған пайдалы қазбаларды өз мұқтажы үшін өндіру жер қойнауын пайдаланудың тұрақты және өтемсіз құқығы бойынша жүзеге асырылады. Жер қойнауын пайдалану операцияларың басқа түрлерінің бәрі уақытша және өтемді жер қойнауын пайдалану негізінде жүзеге асырылады.
Жер қойнауын тұрақты пайдаланушылар олардың жер қойнауын пайдалану құқықтарының мерзімсіз сипаты бар тұлғалар.
Жер қойнауын уақытша пайдаланушылар жер қойнауын пайдалану құқығы белгілі бір мерзіммен шектелген тұлғалар.
Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану мен жер қойнауын қорғау саласындағы талаптар:
1. жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін, соның ішінде өндіруге қатысы жоқ мақсаттарға пайдалану үшін берілетін пайдалы қазбалар, кен орындары жер қойнауы учаскелері қорының ауқымы мен құрылымын нақтылы бағалау үшін жер қойнауын ілгерілей геологиялық зерттеудің толымдылығын қамтамасыз ету;
2. жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізудің барлық сатыларында жер қойнауы ресурстарын ұтымды және кешенді пайдалануды қамтамасыз ету;
3. бай учаскелерді таңдап игеруге жол бермей пайдалы қазбаларды жер қойнауынан бөліп алудың толымдылығын қамтамасыз ету;
4. кен орнын игеру кезінде айырып алынған және жер қойнауында қалдырылатын негізгі және онымен бірге орналасқан пайдалы қазбаларды және қосалқы компоненттерді, соның ішінде минералдық шикізатты, өңдеу өнімдері мен өндіріс қалдықтарын нақты есепке алу;
5. жер қойнауын кен орындарының сапасын төмендететін немесе оларды пайдалануды және игеруді күрделілендіретін су басудан, өрттен және басқа сұрапыл факторлардан қорғау.
6. жер қойнауын пайдалану, әсіресе мұнайды газды және басқа заттар мен материалдарды жер астында сақтау, зиянды заттар мен қалдықтарды көму, қалдық суларды ағызу жөніндегі операцияларды жүргізуде жер қойнауын ластанудан сақтау.
Жерді пайдалану мен қорғауға қатысты жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері
1. Осы жерді пайдалану мен қорғауға қатысты жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі - Критерийлер) Қазақстан Республикасының Жер кодексіне және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Заңына сәйкес жерді пайдалану мен қорғау саласындағы бақылау субъектілерін тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін әзірленді.
2. Осы Критерийлерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) жерді пайдалану мен қорғауға қатысты жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел - жер ресурстарына зиян келтіру, салдарларының ауырлық дәрежесін ескере отырып, жер иелерінің жерге және жер пайдаланушылардың құқығының бұзылуының ықтималдылығы;
2) жерді пайдалану мен қорғауға қатысты жеке кәсіпкерлік саласындағы бақылау субъектілері - жер ресукрстарының пайдалану жағдайына әсер ететін қызметті жүзеге асыратын иелігінде құнды ауыл шаруашылығы алқаптары бар ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер және жер қойнауын пайдаланушылар жеке және заңды тұлғалар.
3. Бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелеріне жатқызу бірінші кезекті және кейінгі бөлу арқылы жүзеге асырылады.
4. Бірінші кезеңде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер құнды ауыл шаруашылығы алқаптарының көлеміне, ал жер қойнауын пайдаланушылар келісім-шарттың мерзіміне қарай үш топқа бөлінеді:
1) жоғары тәуекел тобына:
5 000 гектардан (бұдан әрі - га) астам бағара егістігі, 100 га астам суармалы егістігі бар ауыл шаруашылығы тауар өндірушілер;
жер қойнауын пайдалануға келісім-шарт мерзімі бес жылдан аспайтын жер қойнауын пайдаланушылар жатқызылады;
2) орташа тәуекел тобына:
3 000 га-дан 5 000 га дейін бағара егістігі, 50 га-дан 100 га дейін суармалы егістігі бар ауыл шаруашылығы тауар өндірушілер;
жер қойнауын пайдалануға келісім-шарт мерзімі 5 жылдан 10 жылға дейінгі жер қойнауын пайдаланушылар жатқызылады;
3) төмен тәуекел тобына:
300 га-дан 3 000 га дейін бағара егістігі, 10 га-дан 50 га дейін суармалы егістігі бар ауыл шаруашылығы тауар өндірушілер;
жер қойнауын пайдалануға келісім-шарт мерзімі 10 жылдан астам жер қойнауын пайдаланушылар жатқызылады.
5. Екінші кезеңде жер ресурстарының жағдайына әсер ететін қызметті жүзеге асырушы бақылау субъектілерін тиісті тәуекел тобына жатқызылған субъектілерге мынадай баллдар беріледі:
1) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін:
жерді қорғау бойынша іс-шаралардың болмауы (жердi құнарсыздануын, шөлейттенуін, су және жел эрозиясын, селді, су басуды, батпақтануды, қайталап сортаңдануды, құрғап кетуді, тапталуды және топырақтың бұзылуының басқа да процесстерін болдырмау бойынша агротехникалық іс-шараларды жүргізу) - 20 балл;
жер учаскесіне құқықты белгілейтін және сәйкестендіруші құжаттардың болмауы - 15 балл;
жерлерді бір жылдан астам пайдаланбау - 10 балл;
егістік алқаптарда дәнді-дақылдардың бір түріне ғана басымдылық беру - 10 балл;
егістік және өнім түсімі бойынша статистикалық есептердің болмауы - 5 балл;
жерге орналастыру жобасының болмауы (аумақтарды орналастыру жобасы) - 5 балл;
2) жер қойнауын пайдаланушылар үшін:
бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасының болмауы - 20 балл;
жер учаскесіне құқықты белгілейтін және сәйкестендіруші құжаттардың болмауы - 15 балл;
жерлердің өндірістік мониторингінің болмауы - 10 балл;
жерге орналастыру жобасының болмауы (аумақтарды орналастыру жобасы) - 5 балл;
межелеу белгілерін жою - 5 балл.
6. Кейінгі бөлу қорытындылары бойынша аталған субъектілерге тиісті тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін мынадай тәртіпте баллдардың шекті сомасы белгіленеді:
1) жоспарлы тексерістің жылына бір рет реттілігі бар жоғары тәуекел дәрежесі:
ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жерлерді пайдалану саласында - 25 және одан да жоғары балл;
жер қойнауын пайдалану саласында - 20 және одан да жоғары балл;
2) жоспарлы тексерістің үш жылда бір рет реттілігі бар орташа тәуекел дәрежесі:
ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жерлерді пайдалану саласында - 15 баллдан 25 баллға дейін;
жер қойнауын пайдалану саласында - 10 баллдан 20 баллға дейін;
3) жоспарлы тексерістің бес жылда бір рет реттілігі бар төменгі тәуекел дәрежесі:
ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жерлерді пайдалану саласында - 15 баллға дейін;
жер қойнауын пайдалану саласында - 10 баллға дейін.
7. Бақылау субъектілері бір тәуекел ету дәрежесінің ішінде болған жағдайда таңдау мынадай тәртіпте жүргізіледі:
1) берілген баллдардың ең көп сомасы бойынша;
2) жер учаскесінің көлеміне байланысты;
3) келісім-шарттың ең қысқа мерзімі бойынша (жер қойнауын пайдаланушылар үшін) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz