Оңтүстік Қазақстан облысында ауыз суға арналған жерүсті және жер асты су қорларын тазартуға арналған жоғары тиімділікті жарғақтық мембраналық қондырғылардың өндірісі мен технологиясын ұйымдастыру


Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

УДК 66. 074

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ КӨЗІ БОЛЫП ТАБЫЛАТЫН ЖЕР ҮСТІ ЖӘНЕ ЖЕР АСТЫ СУ ҚОРЛАРЫН ТАЗАРТУҒА АРНАЛҒАН ЖОҒАРЫ ТИІМДІ ЖАРҒАҚТЫҚ ҚОНДЫРҒЫЛАРМЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАР ӨНДІРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ.

ЖИЕНБЕКОВ А. Р.

ҒЫЛЫМИ ЖЕТЕКШІЛЕР: САТАЕВ М. И., д. т. н., доцент, Саипов А. А., аға оқытушы.

М. Ауезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті.

Резюме: Бұл өнертабыстың мақсаты аппараттың құрылысын жеңілдету, мембрананы қалпына келтіру тиімділігін жоғарылату және қызмет мерзімін ұзарту болып табылады.

Қоғамның және мемлекеттің тұрақты даму процесі тікелей адамзаттың негізгі глобальді мәселені шешуімен - тұрудың қауіпсіздігі, халықты экологиялық таза азықтар және сумен қамтамасыз ету, әлеуметтік-экономикалық және қоршаған ортаны сақтауға қатысты мәселені шешуге тиісті баланс құруға байланысты болады.

ХХІ ғасыр толығымен ең бастысы экологиялық қауіпсіз, аз шығындалып, материалды және қалдықтарды қайта өңдеудің экономикалық және технологиялық процестерін ойластыру, және де олардың негізінде қоғамға керекті және пайдалы азықтарды алуға негізделген.

«Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі аралықта халық шаруашылығын дамытудағы негізгі бағыттарында» экологиялық қалдықсыз ресурстарды сақтаушы технологиялық процестерді ендіру мен жетілдіру және де ғылым мен техниканың өзара байланысы есебінен күшейту шикізат пен материалдың қалдықтарының утилизациясы, сондай-ақ міндетті түрде өндірістерге перспективті ғылыми-техникалық зерттеме мен жаңалық ашуды ендіру қарастырылған. Су ресурстары және атмосфераны сақтау ол өте глобальды экологиясының мәселесіне жатып, азсулы және елдің жиілігі бар аймақтарда қиындап түседі. Қазақстанның өндірістік аймақтарының қуаң облыстарында антропогендік ластану әсерінен таза судың қоры азаюдың есебінен негізгі актуальды мәселеге айналды.

Сұйық ортаны бөлуде мембраналы процесті қолдану қазіргі таңда өндірістік технологиялық процестің арсеналында мықты орынға ие, бірақ та әлі де мембраналы ғылым мен технологияға болашақта орын беруі мүмкін. Мембраналы технологияға бәсекелестері жоқ облыстар да бар. Соңғы жылдары мембраналы технологияның мағынасы ол өндіріс пен экологияны біріктіруші технология ретінде белгілі.

Мембраналы аппараттар және технологиялар сұйық қоспаларды молекулярлы және молекулярлы асты деңгейде бір мезгілде бағалы өнімдерді утилизациялау, тазалау, бөлу және шоғырландыру процестерін жүзеге асыруы мүмкін. Реагентсіздігі, фазалық өтулерді шығару және еріткіштерді қолдану, энергияны сақтау, экологиялық тазалық, технологиялық хаттаудың қарапайымдылығы мен төмен температурасы жоғары бәсекелестік және де адамның барлық қызмет салаларында мембраналы процестердің кең қолданысқа ие болғанын көрсетеді.

Қысқа мерзімде Қазақстан Республикасы өндірістің экологиялық мәселесі, сумен қамтамасыз ету, мембраналы технологияның негізінде өндіріс өнімдерін өндіруге, сондай-ақ мембраналы техниканың біртума бәсекелестікке жарамды зерттемелермен әлемдік нарыққа шығуына мүмкіндік туып отыр. Актуальды қолданбалы мәселелерді шешуде жаңа мембраналы технологияның жаңа мүмкіндіктерін іздену, сондай-ақ қоршаған ортаны сақтау процестерінің технологиялық параметрінің оптимизациясы, математикалық үлгілеу, алгоритмдер және оның негізінде бағдарламаға қатысты зерттемеге байланысты толық міндеттің жиынын алға тартып, ол алдын-ала есеп жүргізуге және процесті (немесе олардың комбинациясын) таңдауға, оптимальды параметрдің шығуын тездетуге және жоба алдындағы жұмыс уақытын азайтуға, процестің негізгі сатысындағы оптимальды параметрін таңдауға, сондай-ақ құрылымын өзгертуге бағытталған аппараттың құрылысын жетілдіруге өз септігін тигізеді.

Бұл өнертабыстың мақсаты аппараттың құрылысын жеңілдету, мембрананы қалпына келтіру тиімділігін жоғарылату және қызмет мерзімін ұзарту болып табылады. Бұл мақсатта келесідей шешіледі, яғни тазартылған, толық тазартылмаған және шайынды сұйықтықты шығаратын құбырлы корпусты құрайтын, мембрананы қалпына келтіретін элементті, жылжымайтын сүзгіш мембрана, шайынды сұйықтықты беретін құрылғы құрайтын мембранды аппарат тікбұрышты пішінді құрайды, ал торлы элементтер қосымша орналастырылған дискті айналдырғыш пен қозғалтқыш көмегімен төмен және жоғары жылжу мүмкіндігімен орындалған. Өнертабыстың маңызы сызбалармен түсіндіріледі, 1 сызбада мембраналы аппараттың жалпы көрінісі; 2 - жанынан көрсетілген түрі; 3 - аппарат қақпағының қимасымен аппараттың жоғарыдан көрсетілген түрі көрсетілген.

Мембраналы аппарат тікбұрышты корпус 1 құрайды, оның ішінде тазартылған сұйықтық өтетін дренажды саңылаулармен 3 тікбұрышты тіректен 2 тұратын мембраналы үлгі орналасқан, онда ішкі беттігінде жартылай өткізгішті мембрана 4 орналасқан, үстіңгі жағы жабылған, ал төменгі бөлігінде құбыр 5 орналасқан. Корпус 1 тазартылатын сұйықтықты беруге арналған құбырмен 6 және толық тазарту (ФГО) сүзгішімен 7 жабдықталған. Толық тазартылмаған сұйықтықты шығару корпустың төменгі шетінде орналасқан құбыр 8 арқылы жүзеге асырылады. Мембраналы үлгіде тангенциалды орналасқан кішкене иілімді білік 10 торлы элементтерге 9 жанаспай екі жағынан бекітілген. Корпустың 1 үстіңгі шетінде айналмалы дисктер 11 орналастырылған, олар торлы элементтерге 9 қайтымды түсетін қозғалыс жүргізеді, олар ленталы белдік 14 және электрлі қозғалтқыш 12 көмегімен айналады. Корпустың 1 үстіңгі бөлігінде шайынды сұйықтық беруге арналған құрылғы 13 орналасқан, оған 15 құбыр арқылы сұйықтық түседі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік Қазақстан облысында ауылдық ауыз суды қамтамасыз етуге арналған Омега су тазарту қондырғыларының пилоттық енгізілуі мен нәтижелері
Су қорларын үнемді басқару және су шаруашылығының геоэкологиялық мәселелері: жер асты сулары, инфрақұрылым және тасқындар
Қазақстандағы ауыз су сапасы мен су қорларын қорғау: ластану, зерттеу және басқару шаралары
Сусымалы астық массаларын тазартуға арналған құрылғының ажырату тиімділігін арттыру
Жер асты суларының қалыптасуы мен режимі және олардың адам денсаулығына әсері: жергілікті ауыз су мәселелері мен ұсыныстар
Ауыз су алу, тұщы су қорларын ластамай пайдалану және табиғатқа адамның әсері
Су экологиясы және Қазақстан Республикасындағы ауыз су мәселелері
Өзен кен орнындағы скважиналарға арналған ағымдағы жер асты жөндеудің жобасы
Оңтүстік Қазақстан облысы Жер қатынастары басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Қазақстанның су қорлары және жер асты сулары: Жамбыл облысының жағдайы, кен орындары мен қорғау шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz