Адам психикасы. Ойлау


4 - лекция
Адам психикасы. Ойлау.
1. Адам психикасы, ойлау мен болмыстың арақатысы.
2. Ойлау және оның түрлері.
3. Бейнелеу және жаратымпаздық.
1. Ойлаудың табиғаты шын, бар нәрсенің бейнесін жасау болып табылады. Бүкіл болмыста, әлемде, табиғатта ойлау барлық уақытта болған, бола беруі де айқын. Осыған сәйкес филология ғылымының басты мәселесінің бірі - адам мәселесі, оның табиғаты, оның болмыстағы орны.
Ойлауда әрине, бейнелеу, бейне жасау оның табиғатына тікелей қатысты. Ол сөз жоқ, бар нәрсе. Күнделікті көріп жүрген нәрсені білу мен оның табиғатын тану аспан немесе жердей екі түрлі нәрсе. Сол сияқты адамның ойын да сол ойдан тыс басқа нәрсенің көрінісі дейді.
Бір заттағы, құбылыстағы екінші заттың табиғатының белгісі тек адам үшін ғана бейне. Себебі тек ол ғана бір заттан екінші заттың дәрежеде екінші заттың көрсеткіші.
Бейнелеудің табиғаты мен адамның дүниеге қатынасынан, оның қызметінің рефлексиялық функциясымен салыстырғанда айқын көрінеді. Хайуанаттардың тіршілігі ортаға бейімделу екендігі белгілі. Яғни, өз ортасымен қатынаста олардың тек тәні өзгеруі мүмкін, бірақ сыртқы ортаны өзіне бейімдеу, соған сай өзгертуге бағынышталғандық оларда жоқ.
Адамдарда болатын рефлексия: сыртқы дүниені игеріп, өз мұқтаждығына сай өзгертіп, сол арқылы өзінде өзгерту. Заттану процесінде адамдар өз мұқтаждығына сай затты өзгерту үшін, сол заттың өзіндік қасиеттерін, адамға тәуелсіз өзіндік мазмұнын игере отырып өзгертеді. Яғни, заттың өзгерген формасы оның өзіне тән қасиеттерінің белгілі адамдық мазмұны көрсетіп, адамдық функцияны атқаруға бейімділігі. Еңбекте қолданатын құралдар мен саймандар болсын, салынған үйлер, жазылған кітаптар, музыка т. т. бәрі де адамның өзіне өзгелік форма беру. Өз тәнінен тыс өзгеше дүние жасау мұнымен бітпейді. Олар қоғамдық қатынастар, қоғамдық формалар т. т.
Қоғамдық өмірде адам жасаған дүниеде реалдық нәрсе адамның өзі. Идеалдық субъектінің болуының негізгі қасиеті. Идеалдық реалды құбылыстың өкілдік формасы. Адамның жасаған бұйымдарының бәрі де оның жеке болмысынан тыс дүниедегі белгілері, көрсеткіштері, өкілдері.
Сыртта күн райының қандай екенін білу үшін, үйден шығып, тікелей бет, қол терісімен, бүкіл денемен салқын немесе жылы екендігін түйсіне аламыз. Бүл айналадағы шындықты түйсікпен қабылдау арқылы тікелей танудың жолы. Бірақ, ауа райының жағдайын үйден шықпай-ақ шешуге болады. Терезенің сыртынан ілінген термометрді қарап-ақ даладағы ауа-райын білуге болады. Білудің мұндай жолын, жанама түрде тану деп атайды, өйткені мұнда білім тікелей (тура) алынбайды, жанама түрде, бірқатар құбылыстарды байқап салыстырумен және бұл құбылыстар арасындағы байланысты түсіну арқылы жинақталады. Білім алудың екінші жолы өте күрделі, ол түйсіктер мен қабылдаулар, заттар мен құбылыстар туралы нақты мәліметтерге адам мүмкіндігі жетпеген күнде іске қосылады. Ол - ойлау Фактілер мен құбылыстарды жанама түрде дерексіздендіру, қорыту және олардың арасындағы байланыстарды белгілеп, қатынастарды анықтау арқылы қол жететін таным процесі ойлау деп аталады. Ойлау сөзбен тығыз байланысты. Ойлаудың арқасында біз фактілер мен құбылыстарды біліп қана қоймаймыз, сонымен қатар олардың болу себептерін де түсінеміз. Ойлау бізге болашақ оқиғаны күн ілгері топшылауға мүмкіндік береді. Егер таным процесі түйсіктер мен қабылдау деңгейінде тоқтайтын болса, адам өзіне керекті мәліметтерді өте аз жинаған болар еді, адам жер үстінде өзіне дейін не болғанын біле алмаған болар еді, өйткені ол өткен уақиғаларды нақты қабылдаған жоқ, жердің күннен қашықтағын тікелей өлшеу мүмкін емес. Ой адамдарды білім құдіретімен қаруландырды, оларға табиғат күштерін өздеріне бағындыруға мүмкіндік береді. Алайда, ойлау процестері адамдардың түйсік пен қабылдаулар арқылы алған мәліметтеріне сүйенеді, еске негізделеді. Ойлаудың физиологиялық негізі -үлкен ми сыңарлары қыртысында құралатын уақтылы жүйке байланыстары (шартты рефлекстер) . Бұл шартты рефлекстер екінші сигналдардың (сөз бен ойлаудың) әсерінен туады, екінші сигналдар реалдық шындықты бейнелейді, бірақ бірінші сигнал системасы (түйсіктер, қабылдаулар) негізінде пайда болады. Ойлау процесінде сигнал системасының екеуі де бірімен-бірі тығыз байланысты.
Екінші сигнал системасы қоршаған дүниеден шексіз хабардар болуға мүмкіндік береді. Сөздер адам үшін белгілі реалдық маңызға ие, егер адам олар арқылы қандай да бір нақты заттармен және құбылыстармен арақатынас жасамаса, онда мұндай сөздер шындықтың сигналдары болудан қалады. Ойлау тек екі сигнал жүйесінің бірлікті де қатысуымен ғана бір қалыпты жүреді, бірақ жетекші роль екінші сигнал жүйесінде, өйткені сөз мазмұн жағынан өте ауқымды да, дерексіздену және қорыту процестерімен байланысты. Ойлау, жоғарыда айтылғандай, біздің ой әрекетіміздің құралы -сөзбен тығыз байланысты. Адам ойланған кезде, ол өзінің ойын іштей сөзбен өрнектейді. Кейде ол іштей айтылған кең өрісті сөйлем формасында жасалады, бірақ көбінде ой қысқартылған, түйінделген сөздер түрінде қалыптастырылады, содан біз бұл іштей айтуды әрқашан байқай бермейміз. Адамның ой әрекеті әлеуметтік сипатқа ие. Өзінің тарихи дамуы мен еңбек құралдарын жасау процесінде және оларды қолдану барысында адамдар біріне-бірі өз ойларын айтып, пікір алысудың керектігін сезді, міне осылай қарым-қатынас жасаудан келіп ойлау және сөйлеу қабілеті туды. Екінші сигнал жүйесінің дамуы, яғни ойлау адамның әлеуметтік өмір жағдайында ғана қалыптасады. Ойлау жемісінің сабақтастығы, оны кейінгі ұрпаққа білдіріп отыру сөз арқасында ғана мүмкін. Бұл тәжірибе әулеттен-әулетке беріліп отырмаса (әсіресе жазба еңбек түрінде) адам материалды және рухани байлық жасай алмаған болар еді. Ойлау қорытындысының ауызша және жазбаша сөзбен баян етілуі оқушыға бұрын қол жеткен білімді дайын күйінде берумен бірге шәкіртті өз бетімен ой әрекетін жасауға ұмтылдырады, яғни оқу процесінің субъекттері арасындаға идеалды арақатынас түзіледі. Ой әрекетіне орай адамдар ойлаудың түрлі әдістерін, яғни операцияларын қолданады: Анализ және синтез. Қандайда бір затты зерттеген кезде (әсіресе ол зат күрделі болса) көбіне оны біз бөліктерге жіктейміз, сонан кейін олардың әрқайсысын жеке қарастырамыз. Осыдан бұл бөліктердің атқаратын қызметтері сипатталады. Бүтінді (затты немесе құбылысты) бөлшекке бөлудің мұндай әдісін анализ деп атайды. Затты немесе құбылысты ой сарабымен де бөлшектеуге болады. Ал ой еңбегі процесінде адамның кері ой операциясын жасауына, яғни заттың жеке бөліктерін немесе элементерін қосып біріктіруіне де тура келеді. Жеке элементерді немесе бөлектерді бір бүтін етіп біріктіру әдісін синтез деп атайды. Адамның ойы әрекеті аналитикалық-синтетикалық әрекеттер бірлігінен құралады. Ойда анализ және синтез жасау заттармен тәжірибе жүзінде істес болу нәтижесінде туады, аталған әдістер диалектикалық байланыста қарапайым ой операцияларында да, шығармашылыққа байланысты өте күрделі ой жұмыстарында қолданылады. Салыстыру - Заттардың жеке сапаларын ойға жіктеу (анализ) сондай-ақ жеке элементтерді тұтас бүтінге біріктіру (синтез) заттарды және құбылыстарды бірімен бірін салыстыруға мүмкіндік береді. Салыстыру - бұл заттар мен олардың жеке элементтерінің сапалары арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты белгілеу. Ойлау процесінде салыстырудың маңызы зор. Салыстыру - барлық ұғынудың, ойлаудың негізі, дүниедегінің бәрін біз тек салыстыру арқылы ғана қабылдаймыз, танимыз. Абстракция және нақтылау. Ойлау процесінде көбіне заттардың белгілер тобына немесе сол заттарға тұтастай көңіл аудармай, олардың қандай да болса бір белгісін немесе қасиетін бөліп алып қарауға тура келеді. Заттардың бірқатар қасиеттерін ойша дерексіздендіріп, қандай да болса бір бізге керек қасиетін бөліп алып қарауды абстракциялау деп атаймыз. Ал егер біз белгілі бір затты көздеп немесе ол заттың нақты белгісін атап көрсетсек, мұнда санамызда нақтылау деп аталатын процесс жүреді. Қорыту. Адамда ұғым қорыту, яғни ортақ қасиеттері бар заттарды, құбылыстарды ойша біріктіру нәтижесінде жасалады. Заттар мен құбылыстар мәнді белгісі бойынша біріктірілсе, қорыту дұрыс болады. Бір нәрсе туралы ойлағанда біз әрқашан да ұғымға сүйенеміз. Ұғым - дегеніміз - зат немесе құбылыстың жалпы, сондай-ақ, мәнді қасиеттерін бейнелейтін ой.
Ұғым заттың бейнесі - елестен ерекше. Мысалы, өзіміз тұратын үй жөніндегі түсінігімізде біз нақ сол үйді барлық ерекшеліктерімен (жаңа, қызыл кірпіштен, бес қабат) ойға келтіремін. Ал: «Үй-адамның баспанасы» деп ойлайтын болсақ, біз белгілі бір үйді айтпай, кез келген үй, баспана жөнінде қорытылған ұғымды пайдаланамыз. Сондықтан ұғым елестен гөрі кеңірек келеді. Көрнекі бейнеде көз алдымызға елестете алмайтындарымызды ұғым жәрдемімен өрнектейміз (жан, капитал, хандық) .
Мысалы, біз мың бұрышы бар геометриялық фигураны ойша көре алмаймыз, бірақ, «мың бұрыш» деген ұғым бар, біз практикада мұндай фигураның болуы мүмкін екендігін білеміз.
Ұғымды сөзбен жеткізуге болады. Бірақ, ұғым мен сөз екеуі теңдес емес:
1) бір ұғымның өзін түрліше сөздермен айтуға болады («самолет»,
«аэроплан»)
2) бір сөздің өзі кейде әр түрлі ұғымдарды білдіреді: «Ат» - есім, «Ат» -
жануар.
3) бір ұғымның өзі әр тілде «әрқандай» сөздермен беріледі (орысша-хлеб,
қазақша-нан) .
Заттар және құбылыстар туралы, олардың арасындағы байланыстар мен қатынастар туралы ойды біз пікір формасында білеміз, мысалы: «далада жаңбыр жауып тұр»: «оқушы есепті шешкен жоқ». Осыдан, пікір дегеніміз ойлау формасы, мұнда бір нәрсе не мақұлданады, не теріске шығарылады. Пікірде, көбінесе, ұғымның мазмұны ашылады: «Психология-адамның психикалық, өміріның заңдылықтары туралы ғылым». «Психология» ұғымының мазмұны осы пікірден көрінеді. Бір немесе бірнеше пікір негізінде нақты бір қорытынды жасалады. Мысалы, біз екі пікір айтсақ: «Құс-жануар», «Жануарлар оттегісіз жасамайды». Бірінші және екінші пікірлерге сүйене отырып, біз үшінші пікір айтамыз: Демек, - «Құстар оттегісіз жасамайды». Бір немесе бірнеше пікірден жаңа пікір шығаратын ойлау формасы - ой қортындылары деп аталады. Ой қорытындыларының мысылы ретінде геометриялық теорема дәлелдерін алуға болады. Ой қорытындылары индуктивтік және дедуктивтік болып келеді. Индуктивтік ой қорытындылары жеке фактілердің негізінде қорытынды жасау, жалпы пікір айту. Дедуктивтік ой қорытындылары дегеніміз - жалпы ережеден жеке қорытынды жасау.
Қорытынды пікірге келудің екі түрі де - индуктивтік те дедуктивтік те -адамның айналадағы дүние туралы білімін кеңейтуге көмектеседі. Ой қорытындыларының объектив пікірлерге негізделетін ойлау процесі логикалық ойлау деп, ал дұрыс ойлаудың формалары мен заңдары туралы ғылым логика деп аталады. Логикалық ойлаудың ерекшелігі қорытындылардың қисындылығанда, олардың шындыққа сай дәлелдерінде. Логикалық ойлауға түскен құбылыс көз жетерліктей етіп нақты түсіндіріледі, себептері мен салдарлары қатесіз анықталады. Ұғымдар арасындағы байланыстар мен қатынастар логикалық ойлау жолымен ашылады. Бұл байланыстар мен қатынастардың дұрыстығын теріске шығаруға болмайтыны пікірлерде (теорема, аксиома) көрсетіледі. Бірақ қаншалықты маңызды болғанымен бар нәрсенің бейнесін құрау ойлаудың, идеалықтың бірден-бірі қасиеті де емес әрі ең негізгісі де емес. Бейнелеудің адам болмысындағы шешуші функциясы жаратымпаздық. Өмірде бұрын қалыптасқан жасалынған жағдайларды заттарды бейнелеу әрине үлкен қызмет атқарады. Дәлірек айтсақ ондай бейнелеу бар бірақ ол соңынан болатын екінші қатардағы қызмет. Адам ойлауының негізгі мақсаты әрі қызметі ол - өмірде бұрын болмаған жаңа нәрсені идеалдық, бейнелік түрде жасау. Бірақ мұны түсіндірмес бұрын біз ойлаудың өзі қандай қызмет екендігіне тоқталайық. Біздің идеалдық деген категориямызға ойлау да жатады. Ойлау оның тіпті негізгі, шын мәніндегі өз формасы. Осыған дейінгі айтылған идеалдықтың бейнелеу екендігі өмірдегі бар нәрсенің бейнесі деген мағынада болды. Ал идеалдықтың шын өз формасы - ойлау бар нәрсені ғана бейнелемейді. Оның негізгі қызметі - ол адамдың өмірде жоқ, әлі тумаған, өмірге келмеген нәрселерді бейнелеу. Ойлау адамдардың рухани қызметі. Рухани қызметінің тудырған нәрселері екінің бірінде әлі болмыста жоқ. Ол іске аспаған, бірақ адамдарға қажетті, іске асуға лайықты, кейде тіпті олардың аңсайтын армандары болып тұрады. Адам ойлауының негізгі мақсаты әрі қызметі ол - өмірде бұрын болмаған жаңа нәрсені идеалдық, бейнелік түрде жасау. Бірақ мұны түсіндірмес бұрын біз ойлаудың өзі қандай қызмет екендігіне тоқталайық.
Біздің идеалдық деген категориямызға ойлау да жатады. Ойлау оның тіпті негізгі, шын мәніндегі өз формасы. Осыған дейінгі айтылған идеалдықтың бейнелеу екендігі өмірдегі бар нәрсенің бейнесі деген мағынада болды. Ал идеалдықтың шын өз формасы - ойлау - бар нәрсені ғана бейнелемейді. Оның негізгі қызметі - әлі адамдық өмірде жоқ, әлі тумаған, өмірге келмеген нәрселерді бейнелеу. Ойлау адамдардың рухани қызметі. Рухани қызметінің тудырған нәрселері екінің бірінде әлі болмыста жоқ, әлі іске аспаған, бірақ адамдарға қажетті, іске асуға лайықты, кейде тіпті олардың аңсайтын армандары болып тұрады. Оларды өмірде жоқ дейтініміз тек болмыстық формада жоқ деген мағынада. Әйтпесе рухани өмірімізде бар, бар болғанда, тіпті күнделікті тіршілігімізді үнемі сәулелендіріп, үнемі өзіне тартып отыратын күштер. Болмыстың тікелей формасында болмаса да, олардың шын мәніндегі барлығы, біздің іс-әрекеттеріміздің үнемі жетекшісі екендіктерінде дау жоқ. Оны әркім өз өмірінен біледі.
Жоқ нәрсені қалай бейнелеуге болады деген сұрақ тууы мүмкін. Тіпті ол еш ақылға симастық қағида болып көрінер де. Бірақ адамдық ойлаудың айрықша табиғаты да осында. Оның қиялы өмірінде бұрын болмаған, бірақ болуы мүмкін нәрселерді құрастырып, өңдеп, түзеп жатады. Әркім даму деңгейіне қарай өзінің өзгеше рухани әлемін жасайды. Олардың сыртқы қимыл, іс, әрекеттерінде оның көпшілігі көрінбеуі де мүмкін. Ол әр адамның өзгелерден оқшауланатын, қорғай алатын өзіндік дербес кеңістігі, мөлтек территориясы.
Адамдар болмысында пайда болатын көп жаңа құбылыстар ең алдымен оның ойлау дүниесінде туады. Ол бірақ міндетті түрде саналы формада емес, бейсаналық дәрежеде болуы мүмкін. Адамдардың әлеуметтік өмірінде, соның тарихында өндірген, іске асқан нәрселерінің бәрі дерлік бұрын табиғатта болмайтын, кездеспейтін құбылыстар. Ең қарапайым құралдардың өзін мысал ретінде талдап қарасақ та соны көреміз. Кремний тасынан өткірлеп қашалған балтаның басын ағаш сапқа мықтап шандыған түрін алсақ, ол да бір кезде жаңа бір әлуетті қару болып өмірге кіргені мәлім. Бұрыннан құралған бүтін тәжірибені, қатынастарды, өзінің мұқтаждықтары мен мақсаттарын барлығын қосқанда да, олардан тікелей балтаның бейнесі тумайды. Олар тек алғышарттар ғана. Адам өз ойында, әрине, солардың бәріне сүйенеді. Яғни біздің айтпағымыз: бұл жерде балтаның бейнесі тікелей бар нәрсенің ойдағы суреті емес. Бар нәрсе - кесу, шабу функциясы және заттардың сол кездегі адамдарға таныс қасиеттері. Тікелей тәжірибеден туындайтын болып көрініп тұрса да, мұндағы талас туғыза алмайтын нәрсе, пайда болған балта адам қиялында туған өз бейнесінің іске асқан болмысы, керісінше емес. Сол сияқты әрбір жана құбылыс әуелі қиялда туады. Осыны біз ойлаудың жаратымпаздық қасиеті дейміз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz