Зейін дегеніміз не?


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Адамның өмірдегі іс-әрекеті, қарым-қатынасы, ынта-ықыласы, мақсат-мүддесі зейіні мен зердесіне тығыз байланысты. Мұны біздің данагөй ата-бабаларымыз бұрыннан біліп, ұл-қызын зейінді де зерделі етіп тәрбиелеуге айрықша көңіл бөлген, зейін мен зердені шыңдауға, адамның есте сақтау қабілетін арттыруға тамаша тәсілдер де ойлап тапқан.

Зейін дегеніміз не?

Адамның психикалық әре-кетінің белгілі бір нәрсеге бағытталып шоғырлануын - зейін дейді. Ол адамның сезіп, таныған, көріп, есті- ген, біліп, байқаған құбылы- старын, заттарын анық та ашық тануы, жан қуат-тарының оларға бет алып, бағытталып, жинақталуы үшін қажет. Егер де адам- ның зейіні болмаса, ағза-ның сыртқы ортамен байла-нысқа түсуі дәрменсіз болып қалады да, ойы мен дене еңбегінің іс-қимылы еш нәтижесіз аяқталады. Адамның таным, түйсік процесінде, білім, ғылымды меңгеруінде зейіннің мән - маңызы өте жоғары.

Зейіннің түрлері

Шәкірттің сабақты түсіне алмауы, есінде дұрыс сақта-мауы, қате жіберуі, адамның үйренген бір кәсібін меңгере алмай орашолақтық жасауы тәрізді іс-қылық, оған жөнді зейін қоймауынан. Осыған орай адам зейіні үшке бөлінеді. Олар:

1. Ырықты зейін. Оның әрекеті саналы түрде белгілі ерік күшін жұмсау арқылы жүзеге асырылады.
2. Ырықсыз зейін. Бұл да адам өмірінде елеулі орынға ие. Оған әртүрлі жағдайлар мен себептер әсер етеді.
3. Үйреншікті зейін. Мұны адамның күнделікті әдетіне айналып кеткен зейін деп те атайды. Оған арнайы күш жұмсау қажет емес.

Адам зейініне мынандай қасиеттер тән: тұрақтылық, бір нысаннан екіншісіне оңай ауысушылық, бөліну, нысандарды қамту көлемі, алаңдамаушылық және т. б.

Зейінділік

Адам қолға алған ісіне көңіл бөліп, оны ыждағатты істеуге әдеттенсе, зейін ол кісінің тұрақты ерекшелігіне айналады да, зейінділікке ұласады. Мұндай адам байқағыш, жан-жағындағы жағдайларды жақсы қабыл-дауға қабілетті болып қалып- тасады. Сөйтіп, ол болып жатқан оқиғаларды басқалардан терең түсініп, оған ерекше толғанатын болады, ықыласы жоқ жұмысқа да зейінін тез жұмылдырып, көндігіп кетеді.

Қарапайым адамдарға қарағанда, жазушылардың, ғалымдардың, өнертапқыш-тардың, ұстаздардың зейін- дері жоғарылығымен ерек- шелінеді. Психолог Ф. Н. Гоно- болиннің жазуынша: «Зейінділік - жан қуаттарына белгілі өң бере отырып, адамды жеке тұлға ретінде сипаттайды. Егер біз біреудің әрнәрсені білуге құмарлығын, тез түсінетінін, тапқырлығын, екінші бір адамның белгілі бір нәрсеге ғана көңіл бөлетінін . . . әуестенетінін көрсек, біз олардың мінез-құлқы мен темперамент ерекшеліктері зейінділік деңгейіне байланысты деген қорытындыға келеміз . . . Зейінділік - адам-ның адамгершілік қасиеті болып табылады. Бұл оның басқа адамдарға ілтипатты қарым-қатынасында, кішіпейілділігінде, өзгелер-ге қамқорлығында, қайыры-мдылығында, яғни әр кісінің өзіндік ерекшеіктерін, мұқта- ждарын, мүдделерін, қажет- терін түсіне білуден көріне- ді. Керісінше, кейде адам-ның басқаларға салқын қарауының, оларға назар салмауының себебі - олардың хал-жағдайын, көңіл күйін байқамауынан, оларға көңіл аудармауынан болады» (Ф. Н. Гоноболин. Психология. Алматы, «Мек-теп», 1976ж. ) .

Зейінді тәрбиелеу

Өмір заңы: адам зейіні жақсы болса, ісі де табысты болады. Зейінділік - жоғары жетістікке жетудің басты шарты. Психолог мамандар жақсы зейінді болуды адамның қай нәрсеге де жан-жақты қызығуынан, тұрақты түрде назар аударуынан қалыптасатындығын айтады. Психолог Б. М. Тепловтың айтуынша, « Ырықсыз зейін іске тікелей қызығудан болады, ал ырықты зейін әрекет нәтижесіне дәнекерлі жанама қызығуға байланысты, ал ештеңеге әуестеніп қызықпайтын адам Хлестаков («Ревизор») зейінінің дәрежесінен аса алмақ емес.

Екінші, зейін дамыту үшін адам әруақытта қан- дай нәрсеге болса да зейін тұрақтата алуға өзін дағдыландыра білу қажет. Зейін өзінің дегеніне көнетін құралың болсын. Адамның иесі зейін емес. Зейіннің иесі адам болу керек.

Зейінді тәрбиелеудің үшін-ші жолы - өзіңді жағымсыз жағдайда да жұмыс істеуге дағдыландыру. Көңілді алаң қылатын бөгде тітіркендіргіштермен күресуге әдеттенудің арқасында адам өзінің зейінін шынықтырып, оны мықты және шыдамды етеді.

Төртінші шарт, ешуақытта зейін салмай жұмыс істеу керек емес. Абайсыз, байқа-усыз істейтін адам алаңғасар болып кетеді.

Ең ақырында, соңғы шарт - адам өз зейінінің өзгешелік-терін, оның мықты және нашар жақтарын мүмкіндігінше жақсы білсін. Зейіннің кемістіктерін толық жою үшін адам өзімен-өзі көп жұмыс істеуі керек. Бірақ, әуелі ол кемістіктерді тауып алмай, бұл жұмысқа кірісуге болмайды» ( Б. М. Теплов, Психология, Алматы, Қазме-моқупедбас, 1953 ж. ) .

Зерде дегеніміз не?

Ойлау қызметінің жоғарғы түрін білдіретін, пайымнан өзгеше философиялық категорияны зерде деп атайды. Ежелгі философияда зерде мен пайым «жанның екі қабілеті» ретінде бөлек қарастырылғаны мәлім. Ол заманда пайым ойлаудың төменгі сатысы ретінде салыстырмалы қатыстылық, осы дүниелік пен шектілікті түйсіндіріп, зерде абсолютті құдірет пен шектілікті танып білуге бағыттайды деп есептелді. Әйгілі философ И. Канттың айтуынша, зерде «бүкіл әлемді, дүниені қалайда толық білемін, оның мәнін ашамын» деп өнбейтін іспен айналысады. Ал оны басқа ғалымдар «Кант зердеден бас тартты, ендігі жерде ол ғылымды мойындамайды, діни сенімге ғана есік ашық деп жариялайды», деп айыптады, осылайша зерде туралы пікір бұрыннан-ақ сан қилы.

Медицина ғылымдарының докторы, профессор Х. Сәт-паеваның түсіндіруінше, «Ми іс-әрекетінің ең тартымды құбылыстарының бірі - оның қабылданған ақпаратты сақтау және еске түсіру, яғни зерделілік қабілеті. Зерде дегеніміз - жүйкенің ақпаратты код түрінде сақтап, нақтылы бір жағдайда оның қасиеттері мен көшірмесін өзгертпестен қайта жаңғыртуы. Зерде есте қалдыру, сақтау және еске түсіру үдерістерінен тұрады».

Зерденің түрлері

Психолог ғалымдар зерденің екі түрі болатынын айтады. Олар:
1. Генотиптік зерде. Ол шартсыз рефлексті, ырық-сыз сезімді және импритингті қалыптастырушы.
2. Фенотиптік зерде. Ол тірі ағзаның жеке дамуы кезінде иемденген мәліметтерін өңдеу мен сақтау механизмін жүзеге асырады.
Зерде ақпаратты сақтау ұзақтығына қарай: қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді. Және де адам зерде-сінің барлық түрі екіге бөлінеді. Олар: 1 Қисынды - мағыналық, 2. Сезімді - бейнелік. Бұлардың біріншісі ұғымдарға, екіншісі елестеуге сүйеніп іс жүргізеді, дейді мамандар. Есте сақтау сипатына қарай фенотиптік зерденің түрлері: бейнелік, эмоциялық, шартты рефлекстік зерде.
1. Бейнелік зерде. Бұл жүйке жүйесінде адамның, жануардың ұнамды немесе зиянды тітіркендіргіштің бейнесін есте сақтауы.
2. Эмоциялық зерде. Бұл ағзаның ерте бастан кешкен эмоциялық (сезініс) күйін, оны тудыратын жағдайларды өз тұрғысынан бағалауы.
3. Шартты рефлексті зерде. Бұл жануарлардың мәлімет сақтауындағы ең негізгі түрі.
Зерде есте қалдыру, сақтау және еске түсіру үдерістерінен тұратындық-тан, біз енді ес туралы жалпы түсінікке, адамдардың есте сақтау қабілетінің, яғни, зеректігінің құдіреттілігіне тоқталсақ.
Ес дегеніміз не?

Ол - күрделі психикалық әрекет. Ес айналамыздағы бізге әсер ететін дүниені, ондағы заттар мен құбылыстарды жүйкемізде сәулелендірудің бір түрі. Қоршаған ортаның әсерімен мида пайда болған бейнелер із-түссіз жоғалып кетпейді, көпке дейін сақталып тұрады. Негізінен, талантты адамдардың бейнелі есі мен эмоциялық есі күшті дамыған болып келеді. Әсіресе, суретшілердің, композитор-лардың бейнелі есі өте жоғары. Ал, эмоциялық ес адамның рухани өсуінің өте қажетті шарты.

Адамның есін жақсы, жаман деп бөлмейді. Өйткені, адамдардың әр нәрсені есте сақтауы әркелкі болады. Адамның есі мынандай сапалық белгілері бойынша сипатталады.

1. Есте қалдырудың тездігі. Біреу бір ақпаратты, материалды есінде сақтау үшін ұзақ еңбектенсе, екінші біреу оны оп-оңай есінде қалдыра алатын қасиетке ие.

2. Есте сақтаудың беріктігі. Біреу бір нәрсені жатқа біліп, ұзақ уақыт ұмытпайды, басқа біреу тез ұмытып кетеді («қысқа ес») .

3. Естің дәлдігі. Бұл ақпаратты, материалды, көріністі сол қалпында, ешқандай қоспасыз есте сақтау. 4. Естің даярлығы. Адамның өз есінің қорынан керегін қажет кезінде тауып ала білуі.

Зерделі жандар

Адам зердесі (бір нәрсені оқып, тоқуы, есінде сақтауы, түсінуі) 20-25 жасқа дейін үнемі жақсарып, 40-45 жасқа дейін бірқалыпты сақталады, сонан соң біртіндеп әлсірей бастайды. Зерде ми қыртысының сезгіштік және ойластыру алаңдары, мидың лимбия жүйесі мен торлы құрылымы арқылы жүзеге асырылады.
Зерделі болудың сырларын адамдар ерте замандардан білген. Тіпті, Эсхил өзінің «Бұғаудағы Прометейінде» былай деп те жырлайды:
Мен не жаздым бұл пендеге:
Санайтұғын сан берсем, Әріптен құрап сөз берсем, Күллі өнер тәңірісі - Зерде берсем, ой берсем.

Адам зердесі - миының қазынасы. Кімде-кім зердесіз болса, ол парасатты жан болып қалыптаса алмайды. Тарихи деректерге арқа сүйесек, асқан дарынды, данышпан адамдардың көбісі нағыз зерделі жандар болған. Алайда өмір жұмбақ сырларға, қарама-қайшылықтарға толы емес пе? Дүниеде асқан зерделі жандардың ішінде адамзатқа мол қазына, асыл құндылықтар қалдыра алмағандары да, зерделілігімен өшпейтіндей жақсы заттар жасап кеткендер де аз емес.

Зейінді, зерделі жандар-дың қолынан келетін ізгі істер, таңғажайып оқиғалар көп. Тарихшылардың айтуынша, Юлий Цезарь мен Александр Македонский 30 мың жауынгерінің атын білген, түсін таныған. Парсы патшасы Кир де сондай қабілетімен даңқы шыққан. Ал, әйгілі Фемистокл грек астанасының 20 мың тұрғынының түсін танып, атын біліпті, Сенека бір-біріне байланысы жоқ, бір рет қана естіген 2000 сөзді қайталап айтып бере алатын болыпты. Дарынды математик Леонард Эйлер есепті есте сақтауда жұрттың бәрін таң қалдырған. Ол жүзге дейінгі сандардың әр қайсының бірден бастап алты дәрежелісін жатқа айтқан, академик А. Ф. Иоффе логарифм кестесін жатқа білген, орыс шахматшысы Алехин ойланбастан тәуекелге салып 30-40 қарсыласпен қатарынан ойңаған, Э. Гаон өз өмірінде оқыған 2500 кітабын түгел жаттап алған, керең болып қалған Бетховен музыка шығарған, орыс суретшісі Николай Ге Петергоф сарайларының бір бөлмесін айнытпай жаттан салған. Бұл жөнінде ол былай депті

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ырықсыз зейін
Зейін рухтық сананың ерекше белсенділік қабілеті
Үйреншікті зейін - зейіннің ерекше түрі
Зейін мен қиялдың негізгі түрлері
Зейін және тұлға
Психикалық таным әрекеттерінің оқу іс-әрекетіндегі функциялары
Зейін және оның қасиеттері
Зейіннің ойын әрекеті барысында дамуы
Инженер еңбегіндегі зейіннің ролі
Зейін туралы жалпы ұғым
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz