Ғылыми техникалық даму



Кіріспе
1. Ғылыми техникалық прогресс
2.Ғылыми.техникалық прогрестің даму бағыттары мен ерекшеліктері
3. Экологиялық дағдарыс
4. Семей ядролық полигонның алғашқы жүргізілуі
Пайдаланған әдебиеттер
Ғылыми-техникалық саясат - ғылым мен техниканың жиынтық дамуын қамтамасыз ету, халық шаруашылығындағы iрi жаңалықтарды меңгеру және оларды тез әрi кең көлемде тарату, әлеуметтiк-экономикалық даму үдетуiндегi ҒТП үлесiнiң жоғарылауының мақсаты шаралар жүйесi. Ғылыми-техникалық саясат – бұл технологиялық процестер өндiрiстi ұйымдастыру формалары мен оны басқару, еңбек құралдарын жетiлдiру, қоғам мен табиғаттың даму заңдылықтарын терең бiлiп даму процесi.
Ғылыми техникалық саяаттың негiзгi қағидалары.
Республиканың ғылыми техникалық саясаттың аса маңызды қағидалары:
-ғылыми және ғылыми-техникалық дамудың басым бағыттарын ұлттық мүддеге, елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының қажеттiлiктерiне сәйкес ынталандыру және мемлекеттiк қолдау;
-ресурстарды басым ғылыми бағыттарға шоғырландыру;
-ғылым мен техника жөнiндегi мемлекеттiк тапсырмаларды конкурстық негiзде қалыптастыру және орналастыру;
-ғылыми-техникалық саясатты қалыптастыру мен iске асыру кезiнде ғылым мен ғылыми техникалығ қызмет саласындағы мемлекеттiк органдардың ғылыми жұртшылықпен өзара iс қимылын демократияландыру және қамтамасыз ету, ғылыми, ғылыми-техникалық шығармашылықтың еркiндiгiн қамтамасыз ету және ғылыми қызметкерлердiң еңбек жағдайын жақсарту;
-ғылымды, өндiрiс пен бiлiмдi ықпалдастыру болуға тиiс.
1. Орысша-қазакша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Е. Арын, 2006.
2. Қаржы-экономика сөздігі. - Алматы: "Зияткер" ЖШС, 2007.
3. Қазақстан тарихы: Аса маңызды кезеңдері мен ғылыми мәселелері.
М.Қойгелдиев, Ө.Төлеубаев, Ж.Қасымбаев, т.б. — Алматы: 2007.
4. Қазақстанның қазіргі заман тарихы: Б. Ғ. Аяған. Алматы: Атамұра, 2009.

Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
1. Ғылыми  техникалық прогресс
2.Ғылыми-техникалық прогрестің даму бағыттары мен ерекшеліктері
3. Экологиялық дағдарыс
4. Семей ядролық полигонның алғашқы жүргізілуі
Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Ғылыми-техникалық саясат - ғылым мен техниканың жиынтық дамуын
қамтамасыз ету, халық шаруашылығындағы iрi жаңалықтарды меңгеру және оларды
тез әрi кең көлемде тарату, әлеуметтiк-экономикалық даму үдетуiндегi ҒТП
үлесiнiң жоғарылауының мақсаты шаралар жүйесi. Ғылыми-техникалық саясат –
бұл технологиялық процестер өндiрiстi ұйымдастыру формалары мен оны
басқару, еңбек құралдарын жетiлдiру, қоғам мен табиғаттың даму
заңдылықтарын терең бiлiп даму процесi.
Ғылыми техникалық саяаттың негiзгi қағидалары.
Республиканың ғылыми техникалық саясаттың аса маңызды қағидалары:
-ғылыми және ғылыми-техникалық дамудың басым бағыттарын ұлттық мүддеге,
елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының қажеттiлiктерiне сәйкес ынталандыру
және мемлекеттiк қолдау;
-ресурстарды басым ғылыми бағыттарға шоғырландыру;
-ғылым мен техника жөнiндегi мемлекеттiк тапсырмаларды конкурстық
негiзде қалыптастыру және орналастыру;
-ғылыми-техникалық саясатты қалыптастыру мен iске асыру кезiнде ғылым
мен ғылыми техникалығ қызмет саласындағы мемлекеттiк органдардың ғылыми
жұртшылықпен өзара iс қимылын демократияландыру және қамтамасыз ету,
ғылыми, ғылыми-техникалық шығармашылықтың еркiндiгiн қамтамасыз ету және
ғылыми қызметкерлердiң еңбек жағдайын жақсарту;
-ғылымды, өндiрiс пен бiлiмдi ықпалдастыру болуға тиiс.

Ғылыми  техникалық прогресс
Ғылыми-техникалық прогресс - ғылым мен техниканың бірегей, бір-бірімен
сабақтаса, біртіндеп   дамуы. Ол 16 — 18 ғасырдағы   мануфактуралық
өндірістен, ғылыми теориялық және технологиялық қызметтер өзара жақындасып,
тоғыса түскен кезден бастау алады. Бұған дейін материалдық өндіріс,
негізінен, империялық тәжірибені, кәсіби кұпияны қорландырып, машық
тәсілдерді жинақтау есебінен баяу дамып келді. Сонымен бірге табиғат туралы
ғылыми теориялық таным аясында да ілгерілеу ниеті байқалды, бірақ ол
теологиялық-схоластикалық қасаңдықта қамалып,    өндірістік амал-шараларға 
ұдайы әрі тікелей ықпал ете   алмады. 16 ғасырда адамзат баласының сауда-
саттықты    өрістетіп, теңіз жолын меңгеруі, ірі мануфактураларға    ие
болуы бірнеше келелі міндеттерді теориялық және тәжірибелік тұрғыдан шешу,
қажеттігін алға тартты. Нақ осы кезде ғылым қайта өрлеу дәуірі идеяларының
әсерімен схоластикалық дәстүрлерден қол үзіп, практикаға жүгіне бастады.
Шығыс жұртының компасты, оқ дәріні ойлап табуы жөне кітап шығару тәсілін
меңгеруі ғыл. жөне тех. кызметтердің берік одағын құруға жетелеген ұлы
жаңалықтар болды. Жалпы, бұл — Р. т. п-тің бірінші кезеңі саналады. Кейінгі
кезендерде ұлғая түскен мануфактуралық өндіріс мұқтажы үшін су диірменін
пайдалану әрекеті кейбір мех. процестерді теориялық тұрғыдан зерттеуге
жетеледі. 
Тісті дөңгелектер қозғалысының теориясы, науа теориясы, су қысымы
туралы, қарсыласу мен үйкелу туралы ілімдер пайда болды. Яғни,
мануфактуралық кезең ірі өнеркәсіптің бастапқы ғыл. және тех. нышандарын
дамытып, Г.Галилей, И.Ньютон, Э.Торричелли, кейін Ц.Бернулли, Э.Ма-риотт,
Ж.Л. Д'Аламбер, Р.А. Реомюр, П.Эйлер, т.б. ғалымдар тарихка "өндіріс
қызметшілері" деген атпен енді. 18 ғ-дың соңында машина өндірісінің пайда
болуына математиктердің, механиктердің, физиктердің, өнертапкыштар мен
шеберлердің үлкен бір тобының ғыл.-тех. жасампаз іс-әрекеттері негіз
қалаған еді. Дж. Уаттың бумен жүретін машинасы конструкторлық тех.
ізденістің ғана емес, "ғылымның жемісі" саналды. Ал машиналы өндіріс өз
кезеңінде ғылымды технол. түрғыдан қолда-ну үшін тың, шын мәнінде шектеусіз
мүмкіндіктерді ашты. Осының өзі Ғ.-т. п-тің жаңа, екінші кезеңіне айналып,
ғылым мен техника бір-бірін аса қаркынды дамуға ынталандырып отырғандығымен
ерекшеленді. Ғыл.-зерт. қызметінің теориялық шешімдерді тех. нұсқаға
жеткізуге құзырлы арнаулы салалар: қолданбалы зерттеулер, тәжірибелік-
конструкторлық жасалымдар, өндірістік жетілдірулер үрдісі қалыптасты. Ғыл.-
тех. іс-әрекет адам еңбегінің ең ауқымды, ажырамас бөлігіне айналды. Ғ.-т.
п-тің үшінші кезеңі қазіргі заманғы ғылыми-тех-никалык революция
жетістіктерімен байланысты. Оның ыкпалымен техниканы дамытуға арналған ғыл.
пәндердің аясы кеңи түсуде. Тех. мін-деттерді шешу ісіне тек электроншы
инженерлер мен компьютерші мамандар ғана емес, сондай-ақ, биологтар,
физиологтар, психологтар, лингвистер, логиктер де белсене қатысады. Ғылым
техниканы үздіксіз революция-ландырушы күшке айналды. Ал техника болса,
ғьлымның алдына тың талап, тосын міндет қою, әрі оны күрделі,
эксперименталды жабдықтармен жарақтандыру арқылы алға тартып келеді. Осы
заманғы Ғ.-т. п-тің ерекше қыры — тек өнеркәсіпті ғана емес, сондай-ақ
қоғами тұрмыс-тіршіліктің, т.б. көптеген салаларын: а. ш., көлік катынасын,
байланыс аясын, медицина мен білім беру ісін, қызмет көрсету түрлерін
қамтитындығы. Ғ.-т. п. әлеум. прогресстің негізі болып табылады.

Ғылыми-техникалық прогрестің даму бағыттары мен ерекшеліктері

Адамзат баласы өз басынан әр түлі қоғамдық өндіріс әдістерін
өткізгені тарихтан белгілі. Олардың даму дәрежесін сиппайтын ортақ
көрсеткіш бар. Ол-еңбек құралдары. Экономикалық дәуірдің айырмашылығы не
нәрсе өндірілетіндігінде емес, оны қалай және қандай еңбек құралдарымен
өндірілетіндігінде. Шындығында еңбек құралы қоғамның өсу дәрижесін
анықтайды. Ұзақ мерзімді қамтыған қоғам дамуының тарихы, еңбек құралдарының
даму тарихы десе де болады.Қазіргі ғылыми-техникалық прогресс сонау ерте
заманнан басталған еңбек құралдары дамуының түпкі нәтижесі және шарықтау
шегі.
Бір кезде ең қарапайым құралдарына негізделгең қоғамдық құрылыс
үстіміздегі ғасырдың екінші жартысында технологиялық өндіріс ретінде ең
жоғары дәрежесіне жетті. Осы технологиялық өндіріс әдісі дегеніміз не?
Қоғамдық өндірісті дамытуға тек қана еңбек құралының болуы жеткіліксіз.Оған
қоса қажетті материалдар,тиісті технологиялар,қуаттар ақпараттар және
өндірісті ұйымдастыру керек. Осылардың жиынтық мазмұны технологиялық
өндіріс әдісі деп аталады. Демек; те хнологиялық өндіріс әдісі дегеніміз
қоғамдық өндірісті дамытуға қажетті еңбек құралы,материалдар,технологиялар,
қуаттар, ақпараттар және өндірісті ұйымдастырудың жиынтығы. Бұл
арифметикалық сандық қосынды емес,сапалық категориялар. Технологиялық
өндіріс әдісінің даму сатылары бар. Ол қоғам дамуының тарихымен ұласып
жатады. Сондықтан жекелеген қоғамдық экономикалық формациялардың даму
тарихы технологиялық өндіріс әдісі бірден пайда болған жоқ;әлі тарихи ұзақ
мерзімді қамтитын күрднлі процесс.
Алғашқы қауым тұсында адамдар ең қарапайым еңбек құралдарын
пайдалады.Сондықтан олар табиғатқа бағынышты еді.Бертін келе от жағу пайда
полды.Осы бір қарапайым құбылыс адам қоғамының дамуындағы тұңғыш
революциялық қадам еді. Ол металлургия өндірісінің өмірлік өзегіне
айналды.Тас,қола,темір ғасырлары атағына ие болған әр түрлі технологиялық
өндіріс әдістері өмірге келді.Осы технологиялық әдістердің бәрі де бір ғана
энергетикалық күшке негізделіп дамыды.
Құл иеленуші, әсіресе феодалдық қоғамда технологиялық өндіріс
әдістері елеулі табыстарға жетті.Олардың қозғаушы күштері сол кездегі
мақсаттарға байланысты маериалдық өндірісті дамыту қажеттігі.Жаңа
технология,техника пайда болды да өндірісті және еңбекті ұйымдастыруға
өзгерістер енгізілді. Мұның бәрі туып келе жатқан жаңа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғылыми техникалық прогрестің тиімділігі
Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық саясаты
Ғылыми техникалық прогрестің ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық стратегиясын жүзеге асыру мәселелері
Қазақстан Республикасындағы шағын инновациялық бизнестің даму барысына жан-жақтылы талдау жасай отырып, қазіргі кезеңдегі шағын инновациялық кәсіпкерліктің дамуында кездесетін проблемаларды саралау және соның негізінде шағын инновациялық бизнесті дамытудың жаңа бағыттарын ұсыну
Инновация процесін басқару жүйесінің ерекшелігі
Мемлекеттің даму институттары
Қазақстан Республикасының инновациялық дамуының бағыттары мен мәселелері
Индустриялық–инновациялық даму туралы ақпарат
Ғылыми техникалық прогресстің дамуы
Пәндер