Орта мектепте жаңа оқыту технологиялар көмегімен оқушылардың физика сабағына қызығушылығын арттыру


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРЫН
МАТЕМАТИКА, ФИЗИКА, ТЕХНИКА ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ФАКУЛЬТЕТЫ
Физика кафедрасы
БІТІРУ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: «ОРТА МЕКТЕПТЕ ЖАҢА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАР КӨМЕГІМЕН ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФИЗИКА САБАҒЫНА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ»
МАЗМҰНЫ
бет
КІРІСПЕ . . . 3
1 Педагогикадағы « технология » ұғымы . . . 7
2 Педагогикалық технологиялардың қасиеттері мен кұрылымы . . . 10
3 ЖАҢА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ КЕЙБІР ТҮРЛЕРІ
3. 1 Деңгейлі дифференциалды оқыту . . . 16
3. 2 Физика пәнін деңгейлеп саралап оқыту . . . 18
3. 3 Модульдік оқыту технологиясы . . . 21
3. 4 Физика пәніне компьютерлік технологияны тиімді пайдалану . . . 25
3. 5 Тестік технология . . . 26
4 ЖАҢА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАР КӨМЕГІМЕН ФИЗИКА САБАҒЫНА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ
4. 1 «Электр тогының жұмысы және қуаты» тақырыбына деңгелеп саралап оқыту технологиясын қолдану . . . 32
4. 2 «Тізбек бөлігі үшін Ом заңы » тақырыбына модульдік технологиясын қолдану . . . 35
4. 3 Модульдік оқыту технологиясы бойынша 11- сыныпта «Электр энергиясын өндіру, жеткізу, пайдалану» тақырыбын өткізу . . . 39
4. 4 Эрудиттер сайысы сабағы . . . 42
4. 5 «Электр құбылыстары» тарауын қорытындылау . . . 45
5 Visual Basic бағдарламалау тілінде құрылған тест көмегімен оқушылардың білімдерін тексеру . . . 47
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 48
ӘДЕБИЕТ . . . 50
ҚОСЫМША А . . . 52
ҚОСЫМША Б . . . 53
ҚОСЫМША В . . . 54
ҚОСЫМША Г . . . 55
ҚОСЫМША Д . . . 64
ҚОСЫМША Е . . . 69
ҚОСЫМША Ж . . . 73
ҚОСЫМША З . . . 76
КІРІСПЕ
Соңғы 10 жыл ішінде елімізде қоғамды демократияландыру және ізгілендіру саласында жүргізілген біраз реформалар, экономикалық өзгерістер жалпы орта білім беретін мектептегі оқу процесін оқушының қабілеті мен қызығушылығына сәйкес дербестендіру қажеттігін алға қойып отыр.
Бұл міндеттерді жүзеге асырудың бір жолы - дидактиканың әртүрлі ұтымды әдіс - тәсілдерін пайдалану есебінен мектеп оқушылардың ой -өрісінің даму деңгейін көтерудің, олардың ғылыми танымдық іс - әрекеттерін белсендірудің, оқуға, білім алуға ынталандырудың тиімді әдістемесін жасау болып табылады. Осындай өзекті мәселелер қатарына мектепте физиканы оқыту процесінде түрлі формадағы және мазмұндағы есептерді жүйелі түрде әрі ұдайы орындау арқылы оқушылардың шығармашылығын қалыптастыру мен дамытуды қоюға болады.
Ғылым мен өндірістің дамуына математиканың қажеттілігі, математикалық білім мен біліктіліктің қолданылу аясының кеңейуі еліміздегі әрбір оқушының математикалық білімінің толық болуының мәнін және маңызын күшейте түсті. Бұл еліміздің әрбір азаматына орта білім алуға міндет арта отырып, мұғалім қауымынан ертеңгі күні мемлекет сенім арта алатындай оқушылардың математикалық дайындығының сапасын көтеруді және білімнің қандайда бір деңгейіне кепілдік беруін қамтамасыз етуді талап етеді.
Бүгінгі күні мектептің алдына білім берудің және тәрбиелеудің сапасын жоғарылату, әр пәнді жоғары ғылыми дәрежеде оқыту талаптары қойылған. Осыған байланысты оқылатын материалдар тізбесін және көлемін нақтылау, оқулықтар мен оқу бағдарламаларындағы артық жүктемелерді алу, оқу пәндеріндегі жетекші идея мен негізгі ұғымды нақтылай сипаттауды қамтамасыз ету, әрбір пән үшін іскерлік пен дағдының тиімді көлемін анықтау қажеттігі туып отыр. Бұл мәселелерді шешудің негізгі бір жолы мұғалімдердің теориялық және әдістемелік шеберліктерін жетілдіру екені айқын [10] .
Осы мақсатта, ең алдымен қазіргі жұмыс істеп тұрған мектептер жұмыстарына бірлесе отырып педагогикалық, әдістемелік ғылымдардың соңғы жылдардағы жаңалықтарын енгізуге күш жұмсауы қажет. Ал бұл жұмысты жүзеге асыру мектеп мұғалімі қауымының өз іскерліктерін арттырумен қатар олардың әдістемелік ғылым жетістіктерін меңгеруге бел шеше кірісулеріне тікелей байланысты.
Мектепте осы бағытта жүргізілген жұмыстың тиімділігі мен пайдалылығына қарамастан кез келген жаңалықты оқу процесіне енгізу қиындықсыз болмайды. Демек, бұл қиындықтан шығудың алғашқы қадамы, ол көптеген ғалым педагогтар алдыға тартып отырған орта мектеп үшін қажетті ең төменгі білім деңгейін анықтап, оны қалыптастыру ісін жүзеге асыру және осыған байланысты орта білім стандартының талаптарын мүлтіксіз, тез арада жүзеге асыру қажеттілігі туып отыр.
Кейінгі жылдары мемлекетіміздің білім беру кеңістігінде жалпылама стандарттау процесі жүріп жатқаны белгілі. Бұл өте күрделі жауапкершілігі зор іс.
Білім беру стандартының оқу процесінде іске асырылу міндеттілігі мектепте еңбек етіп жатқан педагогтар жұмысын күрделендіруі шындық, тіпті олардың оқу процесіндегі күнделікті жұмысын күрт қиындатып жіберетіні хақ, өйткені осы стандартқа қол жеткізерлік және мұғалім жұмысының жоғары сапасына кепілдік берерлік тиісті педагогикалық технологияны таңдап білікті түрде оны оқу процесіне енгізу мақсаты туындап отыр. Бізге белгілі көптеген оқыту технологияларының қайсысы жемісті және ұтымды екенін орта мектепте мұғалімдеріне ешкім негіздеп, айқындап бермеді. Оқушы білімінің стандарт талабының деңгейіне жеткізу үшін орта мектептерде дәстүрлі оқыту әдістемесі орнына педагогикалық жаңа іс - әрекеттерді анықтап, оны теориялық және практикалық жағынан ұқыпты түрде дайындап алу қажет.
Дәстүрлі оқыту әдістемесі көбіне - көп оқу процесін ұйымдастыру және оны жүзеге асыру жөніндегі ұсыныстар мен қағидалар жиыны болса, ал педагогикалық технологияны принциптік маңызды екі жағдай ерекшелендіреді:
- Технология көзделген нәтижеге жетудің кепілдігі;
- Технология болашақ оқу процесінің жобасы.
Сонымен, қорыта келгенде педагогикалық технология:
- сатыланған және тәртіптелген іс - әрекет жүйесі. Мұны мүлтіксіз орындау белгілі бір тарау немесе курс көлемінде мемлекеттік білім беру стандарты жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік береді;
- мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және жоспарланған қорытынды нәтижеге жетуге кепілдік берерліктей іс - әрекеттер жиынтығы. Демек, дәстүрлі оқыту әдістемесі орнына педагогикалық технологияның оқу процесіне ендірілуі оқу процесінің тиімділігіне оңды жағдай жасайтындығы сөзсіз.
Педагогикалық технологиядағы басты мәселе, біріншіден, оқушының оқу - танымдық әрекеттерінің құрылымы мен мазмұны. Екіншіден, технологияландырудың түбегейлі проблемасы ретінде мақсат құрудың әдіснамасы алынады, ал мақсат - кез келген технологияның оқу процесін басқаруының негізі болып табылады. Педагогикалық технологияның басты мәні алдыға қойылған мақсатқа толықтай жету, осыдан педагогикалық технологияның тиімділігі шығады.
Білім берудің сапасын арттырудың негізгі бағыттарының тағы бірі - оқыту процесін жан - жақты және жүйелі түрде компьютерлендіру. Оқыту процесін компьютер көмегімен оқытудың нәтижесінде зерттеудегі проблемаларды шешу аса маңызды орын алады. Бұған себеп оқу процесін компьютерлендіру психологиялық - педагогикалық іс - әрекеттердің негізгі бағыттарын жан - жақты қамтуы болып табылады.
Зерттеу нәтижелері көрсетіп отырғанындай, мектеп пәндерін оқыту барысында компьютерді қолдану мұғалім мен оқушының қарым - қатынасы жүйесін, олардың іс - әрекеттерінің мазмұнын, құрылымын өзгерте отырып түрлендіреді және олардың ынталылық сезімінің өсуіне әсер етеді.
Оқу процесін технологияландыру және оқытуда компьютерді қолдану жөніндегі зерттеу жұмыстары тәжірибе арқылы нақтыланып оң пікір алғанына қарамастан оқу процесінде педагогикалық технологияны қолдану, сабақтың тиімділігін арттыру мақсатындағы компьютерлік оқыту іс жүзінде көп кездесе бермейді. Бұның себебі сабақты технологиялық тұрғыдан жобаланудың бастапқыда қиындық келтіруі (тақырыпты оқытуды жоспарлау), технологияны қолдану әдістерінің кейбір сатыларының жеткілікті түрде зерттеліп өнделмегендігі және технология жөніндегі мақалалардың аз мөлшерде жариялануы [17] . Сонымен қоса оқыту барысында ЭЕМ - ді тиімді және компьютердің мүмкіндігін толық пайдалану сабақты жоспарлаудың жаңа технологиясын қажет етеді. Бұндай әдістеменің сабақты әдеттегі дәстүрлі әдістеме негізінде өткізуден ерекшелігі оқушыларды зерделік мүмкіндіктеріне сай деңгейлеп оқытуға жағдай жасайды, сондықтан да бұл әдістемені компьютерлік технология бойынша оқыту әдістемесі деп атауға да болады.
1 Педагогикадағы « технология » ұғымы
«Оқыту технологиясы», «педагогикалык технология» деген терминді еңгізгенде, педагогтар өз алдына мынанадай мақсат қойған: оқушының, мұғалімнің, оқыту мазмұны, формасы мен әдістерінің, құралдар мен көздерінің өзара әрекет завдылыктарын анықтау. Сонымен, окыту технологиясы мәніне карағанда оқыту процессін ұйымдастыру болып келеді. Ол оқу процесстерінің барлық элементтерінің өзара әрекеттестігін және әрекеттердің белгілі жүйесін қамтиды [1] .
Бүгінгі күні педагогикада педагогикалық технология ұғымы нақты еңген. Бірақта оның анықтамасында бірауыздылық жоқ.
Шетел сөздерінің сөздігінде технологияға анықтама былай беріледі, Грек тілінен аударғанда Іесһпе - өнер, шеберлік, іскерлік және Іодіа - объектің өндеуін, дайындауын, жағдайын, қасиеттерін, формаларын өзгерту әдістерінің жыйынтығы.
Түсіндірме сөздігінде бүл ұғым бір істе, шеберлікте қолданатын тәсілдер жыйынтығы ретінде анықтама беріледі.
«Технология» ұғымының әртүрлі варианттарын көрсетейік. «Технология - процессуалды категория; ол объект жағдайының өзгеру әдістерінің жыйыкрығы деп көрсетілуі мүмкін. Технология тиімді жаре экономикалық процесстерді жобалап қолдануға бағытталады» (М. Чошанов) . «Педагогикалық технология - оқытудың психологиялық-педагогикалық тәсілдері мен әдістерінің, тәрбиелік құралдардың жийынтығы. Ол педагогикалық процессті ұйымдастыру-әдістемелік кұралы» (Б. Т. Лихачев) .
«Педагогикалық технология - бұл оқу процессін жүзеге асырудың мазмұндық техникасы» (В. П. Беспалько) .
«Окыту технологиясы - бұл оқыту процессінің белсенді элементтерінің (қатысушыларының) ғылыми дәлелденген әрекет жүйесі» (С. И. Змеев) .
«Педагогикалық технология - бұл оқушылар мен мұгалімдер үшін тиімді жағдайларды міндетті қамтамасыз еткен барлық жағынан ойластырылған оқу процесін жобалау, үйымдастыру жэне өткізуге бағытталған косыла жасаған педагогикалық іс-әрекет моделі»(В. М. Монахов) .
«Педагогикалык технология - бұл білім беру формаларын оптимизациялауды міндет ретінде қоя отырып, техникалық және адам ресурстарын және олардың өзара әрекеттерін ескеріп білімді беру мен қабылдаудың барлык процессін қүру, қолдану және анықтаудың жүйелі әдісі» (ЮНЕСКО) .
Г. К. Селевко педагогикалык технологияны анықтай келе былай жазады: «Біздің түсінігімізше педагогикалық технология барлық авторлардың анықтамаларын өзіне камыта мазмүндық жалпылау болады» [1] .
Ол педагогикалық технологияны үш аспектісімен көрсетеді:
1) гылыми: педагогикалык технология - педагогикалық ғылымның бір бөлігі, ол оқытудың мақсаттарын, мазмұны мен әдістерін зерттеп құрастырады және педагогикалық процесстерді жобалайды;
2) процессуалды-мазмұндау: процесті (алгоритмін) сипаттау, оқытудың жоспарланған қорытындысына жету мақсаттардың, мазмұнның, әдістер мен құралдардың жыйынтығы;
3) процессуалды-әрекетгік - технологиялық (педагогикалық) процесті жүзеге асыру, барлык жекетүлғалық, аспаптык және методологиялык кұралдардың жұмыс істеуі.
Герман Константинович Селевко «педагогикалық технологияның» білім беру практикасында колданатын иерархиялық өзар байланысты үш деңгейін көрсетеді:
1) Жалпыпедагогикалық (жалпыдидактикалық) деңгейі: жалпыпедагогикалык (жалпыдидактикалық, жалпытәрбиелік) технология тап осы регионде, оку орнында окытудың белгілі сатысындағы біртүтас білім беру процессін сипаттайды. Мұнда педагогикалық технология педагогикалық жүйеге жақын: бұған оқытудың мақсаттары, мазмұны, құралдар мен әдістерінің жыйынтығы, процестің объектілері мен субъектілерінің әрекет алгоритмдері енеді.
2) Жекеәдістемелік (пәндік) деңгейі: жекепәндік педагогикалық технология «жеке эдістеме» мэнінде колданылады, яғни бір пән, сынып, мұғалім шегінде оқыту мен тәрбиелеудің белгілі мазмүнын іс жүзіне асыруға бағытталған әдістер мен кұралдардың жыйынтығы (пәнді беру әдістемесі, мұғалімнің, тәрбиешінің, жұмыс әдістемесі) .
3) Локалды (модульдік) деңгейі: локалды технология оқу-тәрбие процесінің бір бөліктерінің, жекедидактикалық және тәрбиелік міндеттерді шешу технологиясы ретінде болады (іс-әрекет түрлерінің, түсініқтерді қалыптастыру, жеке түлғаның бөлек қасиеттерін қалыптастыру технологиясы, сабақ, жаңа білімді меңгеру технологиясы, материалды қайталау және бақылау технологиясы, өздік жұмыс технологиясы және т. с. с) .
Сонымен, педагогикалык технология ұғымын қарастыру барысында педагогикалық технологияны былай анықтауымызға болады - бүл қатысушыларға комфортты жағдай туғыза отырып, нақты қорытындыға жету мақсатымен білім беру процессін жобалау (жоспарлау), үйымдастыру, бағыттау және коррекциялаудағы окушылар мен мұғалімнің косыла жасаған іс-әрекеттерінің процесті жүйесі.
Бұл анықтаманы талдай келе төмендегі ойға келуге болады:
1) мұнда мұғалім мен оқушының қосыла жасаған іс-әрекетіне нұсқаулар беріледі, яғни оқушы оку процесінің субъектісі ретінде болады.
2) Окушының өз іс-әрекетін басқаруының толық циклы көрсетіледі, яғни педагогикалық технология оқушыларды оқуға өздік басқару жасауға үйретуі қажет.
3) Білім беру субъектілерінің іс-әрекеттеріне комфортты жағдай түғызуға ұсыныс жасалады, яғни мүғалім окушының жекетүлғалық потенциалын ашуға, іс жүзіне асыруға және дамытуға жағдайларды тұғызуы керек [2] .
Технологияның төмендегі қасиеттерін атап көрсетуге болады:
- мұғалім мен оқушылардың өзара байланысты іс-әрекеттерінің процессуалды екі жакты сипаты ;
- әдіс, тәсілдердің жиынтығы;
- процесті жобалап ұйымдастыру;
- комфортты жағдайлардың болуы;
- мұғалімнің басқару іс-әрекетінің және оқушының өзін өзі басқаруының өзара ұштасуы.
2 Педагогикалық технологиялардың қасиеттері мен кұрылымы
В. П. Беспалько педагогикалық технологиялардың төмендегідей қасиеттерін ерекше атап көрсетеді [1] :
1) Оқытудың, тәрбиенің мақсаттарын нақтылы педагогикалық бірізділі дидактикалық түрғыдан карастыру.
2) Меңгеруге қажетті информацияны құрастыру, реттеу және нығайту.
3) Оқытудың және бақылаудың дидактикалық, техникалық, оның ішінде, компьютерлік құралдарды комплексті қолдану.
4) Оқыту мен тәрбиенің диагностикалык функцияларын, мүмкін болатындай күшейту.
5) Оқыту сапасының неғұрлым жоғары сатысын кепілдеу.
Зерттеушілер педагогикалық технологияны оқыту әдістерінен айыра білу керек дегенді ұсынады. Олардың айырмашылықтары төмендегідей: педагогикалық технологияны қайталап тираждауға болады және оқу-тәрбие үрдісінің немесе педагогикалык технологияға енгізілген педагогикалық міндеттерді шешудің жогарғы сапасын кепілдеуге болады. Ал, әдістеме қажетті сапаны көбінде кепілдемейді. Сонымен қатар, әдістеме технология сатысьша жеткізілуі мүмкін.
Педагогикалық технология педагогикалық шеберлікпен тығыз байланысты.
Педагогикалық технологияның қүрылымы.
Педагогикалық технологияның анықтамасын талдау барысында, ол максималды түрде окыту үрдісімен, яғни мүғалім мен оқушының іс-әрекетімен оқытудың күрылымы, қүралдары, әдістері мен формаларымен тығыз байланысты. Сондыктан педагогикалық технологияның қүрамына енетін [2] :
1) концептуалды негізі;
2) оқытудың мазмүндық бөлімі:
- окытудың мақсаттары - жалпы және нактылы;
- оку материалының мазмұны;
3) процесуалды бөлігі - технологиялык процесс:
- оқыту үрдісін ұйымдастыру;
- оқушылардың оку іс-әрекетінің әдістері мен формалары;
- мүғалім жұмысының әдістері мен формалары;
- материалды меңгеру үрдісін басқаруға байланысты мүғалімнің іс-әрекеті;
- оқу үрдісінің диагностикасы.
Әр педагогикалык технология белгілі бір методологиялык талаптарға сай болуға тиісті. Оны әдебиетге технологиялық критерийлері (критерии технологичности) деп атайды. Бүл критерийлерге жататындар: 1) Концептуалдық. Әр педагогикалық технология белгілі бір ғылыми концепцияға негізделуі тиіс. Ол өзіне білім беру мақсатына жетудің философиялық, психологиялық, дидактикалық және әлеуметтік педагогикалық дәлелді қамтиды. 2) Жүйелілік. Педагогикалык технологияға жүйенің барлық қасиеттері тән болу керек: процестің логикасы, оның барлык "бөлімдерінің өзара байланысы, біртұтастылығы. 3) Басқарылулығы. Бұл оқыту үрдісінің диагностикалық тұрғыдан мақсатталуының, жоспарланылуының, болжауының және қорытындыларын коррекциялау мақсатымен кезендеп диагностикалауды құралдар мен әдістерді алмартырудың мүмкіншілігін көздейді. 4) Нәтижелілік. Бүгінгі күнгі педагогикалық технологиялар бәсекелес жағдайларда өмір сүреді. Сондықтан қорытындысы мен жұмсаған қаражаттың оптималдысына байланысты нәтижелі болуға тиісті. Оқытудың белгілі стандартына жетуді кепілдік ету керек. 5) Қайта оралуы, яғни педагогикалық технологиялардың басқа бір біртипті білім беру мекемелерінде басқа субъектілердің іс-әрекетінде колдану мүмкіндігін болжайды. Педагогикалық технология мен білім беру мазмүны арасында кандай байланыс бар деген сұрақ туындайды. Осы сұраққа жауап бере отырып, зерттеушілер мынадай ойға келеді: «Бүгінгі күні педагогикада білім беру жүйесінің: окытудың мақсаттары, мазмұны, әдістері, формалары мен құралдары, білім беру жүйесінің мазмұндық және процесуалдық компоненттерінің өзара байланысы туралы пікір калыптасқан» (17) .
Педагогикалық технологиялардың түрлері мен жету үрдісінде олардың компоненттері әртүрлі сатыда консервативті болады: көбінде оқытудың процесуалды аспектілері алмасып отырады, ал мазмүны тек кұрамына, мөлшеріне, логикасына байланысты өзгереді. Сонымен қатар білім беру мазмүны білім беру технологиясының мәнді бөлігі ретінде көбінде оның процесуалды белімін анықтайды. Әйтседе, әдістердің кардиналды өзгеруі өз жағынан максаттар, мазмұн мен формалардың өзгеруіне әкеледі [2] .
Сонымен, білім беру технологиясының процесуалды және мазмұнды бөліктері бір-бірін адекватты көрсетіп, аныктап отырады.
Технология мен білім мазмұнының өзара байланыс компоненті - мектеп оқулығы. Бүл маңызды дидактикалык құрал, ол білім беру мазмұнын, технологияның процесуалды бөлімін анықтауда және олардың бірлігін іс-жүзіне асыруда өте маңызды роль атқарады.
Ақырғы жылдары біздің елімізде көптеген вариативті оқулыктар дүниеге келді.
Әртүрлі педагогикалық технологияларды өзара үштастыра қолдану білім беру сапасын болашақта көтеруге мүмкіншілік туғызады.
Қолданушылар әрбір технологияны әртүрлі қолданулары мүмкін: біреулері инструкция бойынша, екіншілері шығармашылық тұрғыда колданады. Мұндай қолдануда шебердің жеке бас компоненті, белгілі ерекшелігі міндетті түрде болып отырады. Біракта белгілеуші компонент ретінде материалды меңгеру заңдылыктарын, оқушылардың кұрамы мен әрекеттерінің бірізділігін сипаттайтын компонент болады. Әрине, қорытындылары әртүрлі болуы мүмкін, бірақта қолданылған технологияға тән кейбір ортақ мәнге жақын болады. Сонымен, жұмыс технологиясы жеке түлға касиетіне байланысты, бірақта нақтылы байланыс емес жанама байланыста болады.
Бүгінгі күнгі әр педагогикалық технология педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерінің синтезі болып отыр. Сонымен қатар өткен тәжірибенің дәстүрлі элементтері мен қоғамның гуманизациялауы мен демократизациялауының және қоғамдық прогресстің негізінде туындағанның арасындағы байланысы болады.
Педагогикалық технологияның негізгі көздері мен қүрамдас элементтері ретінде төмендегіні айтуға болады [1] :
- әлеуметтік өзгертулер мен жаңа педагогикалык ойлауды;
- ғылымды, яғни педагогикалық, психологиялық, коғамдык ғылымдар;
- алдыңғы қатарлы педагогикалык тәжірибені;
- өткен тәжірибені (отандық және шетелдік) ;
- халықтык педагогиканы (этнопедагогиканы) .
Мектеп әлеуметтік институт ретінде барлық қоғам мен коғамдық сана-сезім жағдайын көрсетеді. Мектеп саясаттан, идеологиядан тыс бола алмайды. Ешбір философияға сүйенбей тұра алмайды. Сондықтан әрбір жалпы педагогикалык білім беру технологиясы белгілі бір философиялық негізге сүйенеді. Философиялык ойлар педагогикалык технологияның методологиялық тұрғыдан қамтуына күрамдас бөлшек ретінде енеді. Мақсат жүйесіне енуге байланысты күрылған технологияларда философиялық негіз ерекше кезге туседі. Мысалы, дін тәрбиесі, гуманистік педагогика т. с. с. Білім беру мазмұнында, оқу пәндерінің мазмүнында философиялық позициялар нақтылы көзге түсіп отырады. Бірақта олардың идеологиялык бағыттарында бірлік жоқ, сондыктан да мектептегі білім берудің мазмұны айналадағы өмір туралы біртүтас бейнені туғызбайды және жалпы философиялык негізі болмайды [1] .
Философиялық негіздерді окытудьң әдістері мен құралдарында көру қиынға түседі. Өйткені колданылып жаткан кез келген әдістер, идеологиясы қарама-қарсы болса да, қолданылуы мүмкін. Сондықтан кез келген технология әрбір философиялық негізге тән бола алады. Мысалы, ойын технологиясы (проблемалык окытуда қолданылуы мүмкін) .
Бүгінгі күні педагогикалык технологияларда альтернативті философиялық негіздер болуы мүмкін. Олар төмендегідей :
1) гуманизм, яғни адамның құндылығын жеке түлға ретінде еркіндікке, бақытқа, қүқысы бар ретінде оның барлык қабілетінің дамып, көзге түсуі ретінде құнды деп қарастыратын көз карастар жүйесі. Бұл жүйе адамның пайдасына байланысты әлеуметтік қүбылыстарды бағалайды. Ал қоғамдағы қажетті қарым-қатынас нормасы ретінде адамгершілік, әділеттілік, теңдік принциптерін санайды. Гуманизм философиясына жақын келетін бағыттар: антропософия; педоцентризм; еркінтәрбиелеу; табиғатқа үйлесімділік; неопозитивизм; позитивті экзистенциализм; барлық дін жүйелері.
2) Теософия бағыты. Дін бағытындағы мектептің мазмұнды фундаменті. Теософиялық-гуманистік парадигма халықтық педагогикада терең тамыр жіберген. Жақсы мен жаман, дұрыс тәртіп туралы пікірлер қалыптастырады.
3) Антропософия. Негізгі максаты - рухани құндылыктарды зерттеу. Өмірдің мақсаты, мәні туралы мәселелерге жауап беру.
4) Педоцентризм. Тәрбие философиясындағы бұл бағыты - баланың қызығуы мен қажеттіліктеріне негіздей отырып, оның дамуына қажетті жағдайлар туғызу.
5) Экзистенциализм. Бүл философиялык концепцияның негізгі тезисі «человек есть то, что он сам из себя делает».
6) Прагматизм. Өз ілімін мынаған негіздейді: жеке тұлғаның интеллектуалды және адамгершілік қасиеттері оның уникалды табиғатында берілген. Олардың іс-жүзіне асуы адамның индивидуалды тәжірибесіне тығыз байланысты.
Прагматикалық тұжырымдаманы жақтайтындар білім беру міндеттерін, жеке тұлғаның моральдік қасиеттерін, принциптерін, құнды бағыттарын қалыптастыруда емес, оның табиғат берген кабілеттерін, қасиеттерін санды жетілдіруде деп санайды. Тәрбиенің прагматикалық концепциясын жақтаушылар адамның өмірінің негізгі мақсаты - жетістікке жету деп қоя отырып, ол жетістіктерді адамның өмірінің индивидуалды шектерімен шектейді. Оларды жоғарғы мақсаттарды қоюдан, қоғамдык идеалға ұмтылыстан босатады.
Гуманистік бағытқа альтернатива ретінде сциентистік-технократиялық концепция дүниеге келеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz