Басты сот талқылаулары


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі

Қазақ Гуманитарлық Заң Университеті

ӘОЖ 343. 139 (574) Қолжазба құқығында

АБИШЕВА РАУШАН СҰЛТАНБЕКҚЫЗЫ

Басты сот талқылауы

«6N0301 - Құқықтану» мамандығы бойынша магистрлік диссертациясының

АВТОРЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы

Астана, 2011

Диссертация Қазақ Гуманитарлық Заң Университетінің қылмыстық іс жүргізу құқығы және криминалистика кафедрасында орындалды

Ғылыми жетекшісі Заң ғылымдарының докторы,

доцент Сейтенов Қ. Қ.

Ресми оппонентті Заң ғылымдарының кандидаты

Енсебаева А. Р.

Диссертация 2011 жылы «22» маусым сағат минут АҚ Қазақ Гуманитарлық Заң Университетіндегі заң ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады. Мекен-жайы: 01, Астана қаласы, Қорғалжын тас жолы, 8.

Магистрлік диссертациямен АҚ «Қазақ Гуманитарлық Заң Университетінің» кітапханасында танысуға болады.

Автореферат 2011 жылы «» таратылды.

Диссертациялық кеңестің

ғалым хатшысы Беркімбаева С. Ш.

Кіріспе

Диссертациялық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Кеңестік уақытта сот билігі әкімшілік-басқарушылық жүйенің бірден бір репрессивті құралы болды. Адам мен азаматтың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыруға бағытталған сот төрелігінің рөлін әлсіретудің нәтижесінде қылмыстық іс жүргізудің көптеген ережелері мен нормалары тиімді қызмет ете алмады. Бұл өз кезегінде сот билігі беделінің төмендеуіне, құқықтық нигилизмге әкеліп соқты. Сондықтан, Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 қаңтарында өз тәуелсіздігін жариялаған күннен бастап тоталитарлық мәнісімен белгілі болған кеңестік құқықтан бас тартты.

Соның нәтижесінде, елімізде адам құқықтары мен бостандықтарын оның заңды мүдделерін ең жоғарғы құндылық ретінде танылды, сондай-ақ құқықтық мемлекетті құру мақсатында танылған демократизм принципін басшылыққа алып, демократиялық даму жолын жүзеге асыру үшін сот жүйесін түбегейлі реформалауды мақсат етті. Сот жүйесінде және қоғам өмірінің барлық саласында көптеген өзгерістер болды, ол өз кезегінде барлық құқық қатынастарында жеке тұлғаның жағдайын жоғарылатуға әкеліп соқты.

1997 жылы 13 желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексі сот билігін нығайтып қоймай, сонымен бірге құқықтық мемлекеттің қағидаларына сай келетін нормаларды бекітіп, адам мен азаматтардың заң және сот алдындағы теңділігіне қол жеткізуге мүмкіндік берді. Ал, қылмыстық істер бойынша азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауда басты сот талқылауы басты орын алады.

Диссертациялық жұмыстың өзектілігі.

Басты сот талқылауын тағайындау сатысы - заңды әрі негізді үкімді шығару үшін және іс бойынша алдын ала тергеу толық әрі жан-жақты және объективті жүргізілгендігін анықтау үшін, сондай-ақ істі сот отырысында қарау барысында кез-келген тұлғаға қатысты жеткілікті мәліметтердің жиналғандығын бекіту үшін маңызы өте зор.

Осы сатыдағы судьяның барлық қызметі қылшмыстық іс бойынша келіп түскен материалдармен танысуға және мәні бойынша қарау үшін оны тағайындау туралы шешімді қабылдауға бағытталған. Осы кезден бастап судьяда осы және өзге де сенімдер мен қорытындылар қалыптаса бастайды. Осының қандай теріс салдарға әкеліп соғатындығы туралы айтудың еш қажеті жоқ. Алайда, қылмыстық іспен бөлшектеп оқып-таныспайынша, сапалы басты сот талқылауын өткізу мүмкін емес.

Алайда, сот тәжірибесімен танысу көрсетіп отырғандай, басты сот талқылауын тағайындау барысындағы судьяның қызметі тек қылмыстық іс жүргізу заңнамасының талаптарын судьямен сақтамауы нәтижесіндегі кемшіліктермен ғана емес, сондай-ақ ары қарайғы жетілуін талап ететін жаңа Қылмыстық іс жүргізу кодексін жетілдіруге де байланысты болады. Бұл нақты ғылыми зерттеулердің жүргізілуін талап ететіндігі күмәнсіз.

Диссертациялық жұмыстың пәні болып басты сот талқылауына байланысты туындалатын қылмыстық іс жүргізу қызметтерінің құқықтық қатынастары табылады. Диссертациялық жұмыстың пәнін анықтау кезінде басты сот талқылауын тағайындау туралы мәселені шешу және соттың отырысына дайындық іс-әрекеттерінің, басты сот талқылауын тағайындау сатысының түсінігі мен маңызының, сотқа келіп түскен қылмыстық іс бойынша анықталуға жататын мәселелерінің, басты сот талқылауын тағайындау және оның түрлерінің, басты сот талқылауын тағайындаудан кейінгі судьяның іс-әрекеттерінің, басты сот талкылауының жалпы шарттарының мән-жайлары зерттелінеді.

Диссертациялық жұмыстың мақсаты қылмыстық іс жүргізудегі басты сот талқылауының түсінігі мен маңызын және оған қатысты барлық маңызды ережелерді анықтау мен зерттеу және сонымен бірге, басты сот талқылауын реттейтін нормаларды жетілдіру.

Диссертациялық жұмыстың міндеттері ол басты сот талқылауының мәні мен маңызын анықтап көрсету; басты сот талқылауы жөнінде заң әдебиеттерінде орын алған көзқарастарға талдау жасау; басты сот талқылауына қатысты ережелерді теориялық және тәжірибелік тұрғыдан зерттеу; басты сот талқылауын жүргізу кезінде туындалатын қайшылықтарды анықтау және оған баға беру; басты сот талқылауының нормаларын жетілдіру туралы ұсыныстарды әзірлеу; басты сот талқылауының қылмыстық іс жүргізудің басқада сатыларымен байланысы мен өзара іс-қимыл жасау тәртіптерін зерттеу.

Диссертациялық жұмыс тақырыбының зерттеу деңгейі. Диссертациялық жұмыстың тақырыбы бойынша кеңестік уақыттан бастап зерттелгенімен, сот органдарының қызметтері тек соңғы толық әрі жан-жақты зерттеліне бастады. Атап айтсақ, Н. А. Абдиканов., Б. Я. Арсеньев., Ю. В. Астафьев., Л. Ш. Берсугурова., А. Д. Бойков., И. Е. Быховский., Р. С. Белкин., Ю. М. Грошевой., К. Ф. Гуценко., Н. Григорьева., В. Я. Дорохов., П. М. Давыдов., А. А. Давлетов., Н. В. Жогин., Г. И. Загорский., Ф. Н. Фаткуллин., З. Ф. Коврига., Н. А. Ережепов., К. Ж Капсалямов., Ю. Д. Лившиц., В. З. Лукашевич., С. Г. Мирецкий ., Н. С. Нарикбаев ., А. С. Нұралиева., Р. М. Оганесян ., С. Д. Оспанов., П. Ф. Пашкевич., И. Д. Перлов., И. И. Рогов., Г. М. Резник., Т. К. Рябинина., В. М. Савицкий., А. В. Соловьев., М. С. Строгович., Г. Ж . Сулейменова., Б. Х. Толеубекова., К. Халиков., П. С. Элькинд., Р. Х. Якупов. және тағы басқалар.

Зерттеудің методологиялық және теориялық негіздері. Танымның қазіргі әдістері, оның ішінде жалпы және жалпы ғылыми да (диалектикалық, жүйелік-құрылымдық, институционалдық өлшеу, құрылымдық-функцио
налдық, социологиялық және т. б. ), арнайы да (тарихи-заңдық, формальды-заңдық) әдістер зерттеудің методологиялық негізін құрады.

Диссертант жүйелік тәсілдің, сондай-ақ талдау мен синтездің, индукция мен дедукция, статистикалық және салыстырмалы құқықтық әдістердің мүмкіндігіне сүйенді. Диссертациялық зерттеудің эмпириялық негізін құраған материалдарды зерделеу үшін автор талдау, сұрау және сараптық баға беру түріндегі нақты-социологиялық әдістерді пайдаланды.

Зерттеудің эмпириялық базасын:

  • Астана қаласының Сарыарқа және Алматы аудандарының аудандық соттары 2007-2010 жылдары қараған 30 қылмыстық істің материалдары;
  • ІІМ-нің ТҚД мен Бас прокуратураның ҚСжАЕ Комитетінің Қазақстан Республикасындағы тергеу практикасының жайы туралы статмәліметтері (1997-2010 жылдарғы) құрады.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы қорғауға шығарылатын мынадай негізгі тұжырымдардан нақты көрініс тапқан:

1. Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген сатылардың бірі - қылмыстық істі мәні бойынша қарайтын - басты сот талқылауы сатыдағы соттың орны, түсініктемелері, мәні, мақсаты және міндеті анықталады.

2. Басты сот талқылауы қызметінің мазмұны және мерзімі, басты сот отырысына қатысатын тұлғалардың құқықтары заңда жалпы көрсетілген. Сот тәжірибесінде бұл құқықтардың іске асырылуында кейбір ерекшеліктер кездеседі. Заң, нормативтік қаулы және сот тәжірибесі салыстыру арқылы сипатталып, тараптардың конституциялық құқықтарын кеңейту жолдары қарастырылады.

3. Басты сот талқылауы сатыдағы соттың өкілеттіктері заңда (39-тарауда) бекітілген. Олар: сараптама тағайындау, сотталушының, жәбірленушінің және іске қатысушы басқа да адамдарға байланысты құжаттарды талап етіп алуға, сот хаттамасының кемшіліктеріне байланысты куәлардан (жәбірленушілерден) жауап алу өкілеттіктер. Республика сот тәжірибесінде бұл өкілеттіктер бұрын қолдануда болған кодекстерде көзделмеген болатын. Әдеби теорияда осы өкілеттіктер туралы әртүрлі пікірлер айтылған. Сол пікірлердің және көрсетілген өкілеттіктердің сот тәжірибесінде іске асырылу мәселелері тараптардың құқықтарын қамтамасыз ететін мән-жайларымен салыстырылып, өкілеттіктердің іске асырылу жолдары көзделеді. Басты сот талқылауы кезінде сараптама жүргізу арқылы, құжаттарды зерттеуге байланысты түбегейлі шешім қабылдауға өкілеттігін беру мәселесі.

4. Басты сот талқылауындағы соттың өкілеттігі және сот ісін жүргізудегі тараптардың бәсекелестігі мен тең құқықтылығының принциптерімен негізделеді. ҚР ҚІЖК-сі бұл принциптерді ұстана отырып, басты сот талқылауы сатыдағы соттың «мәні бойынша қарау» тәртіпті қолдануын бекіткен. Заң бұл тәртіптің қолдануын заңсыз үкімнің қабылдануына алып келген сотталушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуымен ғана байланыстырады. Сот тәжірибесіне сүйене отырып, бұл заң талабының ұлғайтуын көздейтін ұсыныстар енгізіледі.

5. ҚР ҚІЖК-сі бұрынғы қылмыстық сот ісін жүргізудегі теориялық қағидадан айырықша бірінші сатыдағы сотқа - басты сот талқылауы жалпы шарттары туралы талаптарды қатаң сақтауды міндеттейді. Бұл міндеттілкті қолдануы тағылған айыптау шегімен немесе соттың басты талқылауы кезінде мемлекеттік немесе жеке айыптаушы қолданған айыптау шегімен байланыстырылған. Біздің пайымдауымызша, талдап отырған құқылық басты сот талқылауында қолдаған айыптаумен шектелуі қажет және заң дұрыс қолданылмаған жағдайда ғана іске асырылуы тиіс. Бірінші сатыдағы соттың үкімде белгілеген істің мән-жайын ауырлататын мән-жайға өзгертуге құқылығы жоқ.

6. Бірінші сатылы сотқа кең көлемінде шешім қабылдау өкілеттігі берілген. Шешімдердің түрлері, олар қамтитын мән-жайлар және сот тәжірибесінде оларды қолдану мәселелері сипатталады.

Диссертациялық жұмыс құрылысы жағынан кіріспеден, 2 бөлімнен, 11 параграфтан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

«Басты сот талқылауын тағайындау туралы мәселені шешу және соттың отырысына дайындық іс-әрекеттерді жүргізудің өзекті мәселелері» деп аталатын I бөлім басты сот талқылауын тағайындау сатысының түсінігі мен маңызын, сотқа келіп түскен қылмыстық іс бойынша анықталуға жататын мән-жайларын, басты сот талқылауын тағайындау кезінде туындалатын мәселелерін, басты сот талқылауын тағайындаудан кейінгі судьяның іс-әрекеттерінің ерекшеліктерін ғылыми тұрғыдан толық әрі терең талдайтын төрт тараушадан тұрады.

«Басты сот талқылауын тағайындау сатысының түсінігі мен маңызы» атаумен берілген 1. 1 тараушасында басты сот талқылауын тағайындау сатысының түсінігі мен маңызының ерекшеліктерін қарастырып, оның негізділігін дәлелдейтін ғылыми пікірлерді жан-жақты салыстырып талдайды.

Қылмыстық іс жүргізудің кез келген сатысы аталған сатыдағы міндеттерді орындау үшін заңда бекітілген процессуалдық мерзімдермен сипатталады. Осы белгілердің жиынтығы қылмыстық іс жүргізудің кез келген сатысына заңдылық, мақсатқа сай келу секілді қасиеттерді береді.

Басты сот талқылауын тағайындауды қылмыстық іс жүргізудің дербес сатысы ретінде қарастырылып, оның мынадай ерекшеліктері талданады: 1) басты сот талқылауын тағайындау сатысын жоққа шығару мүмкін емес. Себебі, барлық қылмыстық істер сол саты арқылы өтеді; 2) басты сот талқылауын тағайындау сатысында басты сот талқылауын тағайындау мүмкіндігін анықтауға байланысты сұрақтар шешіледі. Осы мүмкіндіктерді анықтау үшін сотқа келіп түскен істер бойынша судья сот өндірісінің осы кезеңінде іс жүргізу заңында белгіленген сұрақтардың шеңберін анықтауы тиіс.

Басты сот талқылауын тағайындау сатысында судья сотқа келіп түскен іске қатысты сұрақтарды анықтағаннан кейін ҚР ҚІЖК-нің 300 бабына сәйкес, ҚР-сы ҚІЖК-нің 299 бабының 2 тармағында көрсетілген шешімдердің бірін қабылдауы тиіс. Аталған шешімдердің бірін судья қаулы нысанында шығарады.

Сондықтан, басты сот талқылауын тағайындау сатысында оның өзіне тән барлық белгілері бар деген қорытынды жасауға болады. Сол себепті де басты сот талқылауын тағайындау сатысын қылмыстық іс жүргізудің дербес сатысы ретінде мойындамауға ешқандай негіздер жоқ. Ол басты сот талқылауы сатысы мен айыпталушыны сотқа беру сатысы арасындағы «уақытаралық» орынға ие болады. Бұл сатыны «басты сот талқылауын тағайындау» деп атау толығымен аталған қылмыстық іс жүргізу сатысының орындайтын міндеттері мен функцияларына сай келеді [2, 74] .

Осы мағынадан шығатын болсақ, басты сот талқылауын тағайындау сатысы бір жағынан, қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыратын органдардың соттық бақылау функциясын және сотқа дейінгі өндіріс материалдарына қатысты заңның талаптарын орындаса, екінші жағынан - басты сот талқылауына қатысты дайындық функциясын жүзеге асыратындығын көреміз.

Басты сот талқылауын тағайындау сатысында судья сотқа дейінгі өндірістегі қателіктер мен кемшіліктерді анықтай отырып, алдын ала тыңдауды тағайындау туралы сұрақты шешпестен бұрын, дәлелдемелердің «шынайлылығын» бекіту мақсатында қылмыстық іс материалдарын «тазартады». Сонымен қатар, прокурорлық-тергеу органдарының жұмысының сапасын арттыруға жәрдемдеседі.

Басты сот талқылауын тағайындау сатысының маңызы - осы сатыда істің өндірісі түпкілікті түрде басты сот талқылауының шегімен анықталатындығынан көрінеді. Басты сот талқылауы тек айыпталушыға қатысты және сот берілген айыптаудың шегінде ғана жүргізіледі.

Қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауын тағайындау - судья жеке-дара немесе қылмыстық іс материалдарын тексеру нәтижесінде айыпталушының кінәлілігі туралы сұрақты шешпестен бұрын, алдын ала тыңдауды жүргізу арқылы оны мәні бойынша шешу үшін істі басты сот талқылауына берудің мүмкіндігі туралы мәселені шешуге байланысты жеткілікті фактілік және заңды негіздердің бар немесе жоқ екендігін бекітетін қылмыстық іс жүргізудің сатысы. Осы негіздерді бекіту үшін судья басты сот талқылауын тағайындаудағы және істі сот отырысында қарау үшін қажетті дайындық әрекеттерін жүргізетіндігі дәйектеледі.

1. 2 тараушасында «Сотқа келіп түскен қылмыстық іс бойынша анықталуға жататын мәселелер» басты сот талқылауын тағайындау сатысында сотқа келіп түскен қылмыстық іс бойынша судья қылмыстық іс жүргізу теориясы мен сот тәжірибесіне сәйкестендіріліп, екі негізгі сұрақтардың тобын шешуі тиіс екіндігі анықталады.

Бірінші топқа сотпен жеке-дара немесе сотқа дейінгі өндірістің материалдарымен танысудың көмегімен алдын ала тыңдауды өткізу арқылы шешілетін сұрақтардың шеңбері жатады. Оның ішінде фактілік немесе заңды негіздердің болуы немесе болмауы, процеске қатысушылардың құқықтарын қамтамасыз етуге байланысты заңның талаптарын сақтау, істі сотта қарауға кедергі келтіретін өзге де негіздердің болмауы туралы сұрақтар қарастырылады. Бұл сұрақтар заңда көрсетілген кезектілігімен кез келген сотталушыға қатысты анықталуы тиіс [4, 148] .

Сол себеппен, басты сот талқылауын тағайындау мүмкіндігі туралы судья қорытынды жасағаннан кейін, істі сот отырысында қарауға әзірлеумен байланысты сұрақтардың екінші тобын шешуге кіріседі.

Аталған сұрақтар тобының мазмұны келесідей қалыптастырылды: 1) істі басты сот талқылауында қарауға байланысты негіздердің бар екендігін бекітуге байланысты сот отырысын тағайындау барысында шешілетін сұрақтар; 2) істің аталған соттың қарауына жататындығы; 3) іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуға не уақытша тоқтатуға әкеп соқтыратын жағдайдың болу-болмауын анықтау; 4) анықтау және алдын ала тергеу жүргізу кезінде сот мәжілісін тағайындауға кедергі келтіретін қылмыстық іс жүргізу заңын бұзуға жол берілген-берілмегендігін анықтау; 5) айыптау қорытындысы мен айыптау хаттамасының көшірмесін айыпталушыға ұсынылған-ұсынылмағанын; 6) айыпталушыға таңдап алынған бұлтарпау шарасының өзгертуге немесе тоқтатуға жататын-жатпайтындығын; 6) қылмыспен келтірілген залалды өтеуді және мүмкін ықтимал тәркілеуді қамтамасыз ету шаралары қабылданған-қабылданбағанын; 7) арыздар мен өтініштердің қанағаттандыруға жататын-жатпайтынын анықтау.

Сонымен қатар, басты сот талқылауын тағайындаудың мүмкіндігін анықтағаннан кейін, судья сот отырысында істі қарауды ұйымдастырумен байланысты жүргізілетін дайындық әрекеттерінің қызметтері жан-жақты талданады, атап айтқанда: 1) сотталушымен таңдалынып алынған тұлғаны қорғаушы ретінде жіберу және соңғы қорғаушыны тағайындау; 2) басты сот талқылауына шақырылатын тұлғалардың тізімі; 3) заң оның ісін сырттай қарауға жол беретін жағдайда істі айыпталушының қатысуынсыз тыңдау туралы шешімді; 4) басты сот талқылауының орны мен уақыты туралы; 5) ҚР-сы ҚІЖК-де көзделген жағдай бойынша жабық сот отырысында істі қарау мәселесін шешу туралы; 6) сот ісін жүргізудің тілі туралы шешу; 7) запастағы судья мәселесін шешу.

Диссертацияның 1. 3 тараушасы « Басты сот талқылауын тағайындау кезінде туындалатын мәселелер» деп аталып, мұнда басты сот талқылауын тағайындау туралы шешімді қабылдауға байланысты барлық сұрақтарды судья жеке өзі шешу кезінде туындалатын мәселелер зерттелінеді. ҚР ҚІЖК-нің 300 бабына сәйкес, судья өз алдына қойылған сұрақтарды жеке өзі шешіп, 299-баптың 2-ші бөлігінде көрсетілген шешімдердің бірін қабылдауы тиіс.

Басты сот талқылауын тағайындаудың жеке түрде қарау тәртібін енгізу толығымен ақталады, себебі бұл тәртіп алқалы түрде қарауға қарағанда күрделі еместігімен ерекшеленетіндігі көрсетіледі. Сондай-ақ, судья аталған сатыдағы міндеттерін орындау барысында адал әрі мол жауапкершілікпен қарауға талпынады.

Тараушада ҚР-сы ҚІЖК-нің 301-бабына сәйкес, істі алдын ала тыңдауды судья соттың жабық отырысында жеке дара өткізу тәртіптері толық қарастырылады. Сот отырысына сотталушының оның қорғаушысы мен мемлекеттік айыптаушының қатысуы міндеттілігі анықталынады. Алдын ала тыңдау сотталушы бұл жөнінде өтініш білдірген кезде оның қатысуынсыз жүргізіледі және оның қорғаушысы міндетті түрде қатысуы тиіс.

Біздің пікірімізше, алдын ала тыңдауға қатысатын тұлғалар шеңберін қылмыстық іс жүргізу заңнамасында анықтауымыз тиіс. Оның шеңберіне мемлекеттік айыптаушы, сотталушы мен оның қорғаушысын енгізуіміз қажет.

Қылмыстық іс жүргізу заңнамасы берілген айыптаудың маңызын сот қай уақытта түсіндіруі қажет екендігін қарастырмаған. Сонымен қатар, қалған жағдайларда айыптаудың мәнін мемлекеттік айыптаушының түсіндіретіндігін атап көрсетпеген. Бұл жерде алдын ала тыңдауды ашу кезінде сотталушының айыбы түсіндірілмейтін секілді. Судья тек одан айыптау түсінікті ме соны ғана сұрайды. Егер түсініксіз болған жағдайда ғана қойылған айыптың мәні түсіндіріледі. Біздің ойымызша, мұндай өкілеттілік сот өндірісінің объективтілігін қалыптастыруға мүмкіндік бермейді. Сондықтан айыптың мәнін судья емес, прокурор түсіндіруі керек.

Басты сот талқылауын тағайындаудың процессуалдық тәртібін қарастыра отырып, келесідей ұсыныстар енгізгіміз келеді: 1) ҚР-сы ҚІЖК-де алдын ала тыңдауды сотталушы өзінің қатысуынсыз жүргізуге өтініш берген кезде ол «судьяның қарап шешуі бойынша және дәлелді себептер болған жағдайда ғана қанағаттандырылуы тиіс» деген ереже бекіту керек; 2) Алдын ала тыңдауға қатысатын тұлғалардың шеңберін анықтау; (мемлекеттік айыптаушы, сотталушы оның қорғаушысы) ; 3) Алдын ала тыңдауда сотталушыға айыптаудың мәнін прокурор баяндауы тиіс; 4) ҚІЖК-нің 403 бабының басты сот талқылауы сатысындағы нормаларға тарату керек.

Бірінші Бөлімнің төртінші тараушасы « Басты сот талқылауын тағайындаудан кейінгі судьяның іс-әрекеттерінің ерекшеліктері» деп аталып, онда қылмыстық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асырудың тиімділігін арттыру үшін сот отырысына істі әзірлеуді нақты ұйымдастыру маңызды орынға ие екендігі және істі шешу үшін қажетті әрі жеткілікті мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті зерттеуді қамтамасыз ету қажеттілігі зерделенеді. Басты сот талқылауы тағайындалғаннан кейін судья тараптарға істің сотқа дейінгі іс жүргізу сатысында өздері таныстырылмаған барлық материалдарымен танысу және олардан қажетті мәліметтерді жазып алу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.

Біздің ойымызша, аталған мән-жайлар келесідей жағдайларда туындауы мүмкін: 1) егер, процеске қатысушы қандай да бір себептерге байланысты қылмыстық істің барлық материалдарымен таныспай, тек оның бір бөлігімен танысқан жағдайда; 2) басты сот талқылауы тағайындалғаннан кейін процеске қатысушылар бұрын сотқа дейінгі өндіріске қатыспастан, өндіріске кіріскен жағдайда (мысалы, басты сот талқылауына қатысуға жіберілген сотталушының қорғаушысы қайта таңдалынып алынса немесе тағайындалса) ; 3) егер, сотқа дейінгі өндірісте процеске қатысушылар қылмыстық істің барлық материалдарымен таныс бола отырып, бірақ сотқа дейінгі өндірісте қылмыстық іс материалдарымен қайта (екінші рет) танысқысы келсе.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бағалаудың ақпараттық базасы
Азаматтық құқықтың қағидаттары мен бастаулары
Азаматтық құқық субъектілерінің азаматтық құқықпен өзара байланысы
Қазақстан Республикасының конституциясы. Қазақстан тәуелсіз демократиялық мемлекет
Зерттеу жұмысының объектісі
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ПӘНІ, ЖҮЙЕСІ
Құқықтық норманың жалпы түсінігі
БАҚ материалдарын, ресми статистиканы қолдана отырып, Қазақстандағы қамау орындарынан босатылған адамдармен жұмыс жағдайын зерттеу
Жеке тұлға түсінігі
Қазақстанның қазіргі заман тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz