ХХ ғасырдың соңында әлемдік экономиканың негізгі бағыты


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   

ХХ ғасырдың соңында әлемдік экономиканың негізгі бағыты оның ғаламдық сипат алуында және бұл шешуі фактор халықаралық экономикалық байланыстардың жаңа кезеңі болып табылады.

Сонымен, әлемдік экономика - экономикадағы жалпы зандылықтармен бірге, нақтылы болып жатқан құбылымтарды да зерттейді. Бұл ғылым дүниежүзілік шаруашылықтың даму ерекшілігін (ұлттық экономиканы, аймақтық экономикалық кеңістікті) қарастырады.

Дүниежүзілік шаруашылықтың пайда болуы ұзаққа cозылатын процесс. Ал өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының дамуы транспорттық және экономикалық байланыстардың қалыптасуының толық нәтижесі. Дүниежүзілік шаруашылық жүйесі болса, дүниежүзілік сауда -экономикалық, қаржылық және ғылыми -техникалық байланыстарды біртұтас мақсатқа біріктіреді.

Ұлттық экономиканың дүниежүзілік шаруашылықпен қосылуының өзіндік ерекшеліктері бар. Кез келген мемлекеттің (мейлі, ол үлкен немесе кіші болсын) сыртқы экономикалық байланыс жүйесіндегі ең сезімтал тұсы-оның , яғни халықаралық байланыстар жүйесінде атқарып отырған қызметінде. Бұдан қоғамның ішкі жағдайы, оның әлеуметтік -экономикалық және саяси бағыты, мәдени байлығы жан-жақты көрінеді.

Қазіргі кезде кез келген мемлекеттің сыртқы зкономикалық байланысы, оның көлемі, құрылымы, ол байланыстардың бейнесі барлығы - ұлттық шаруашылықтың дүниежүзілік байланыстағы деңгейін көрсетеді. Дүниежүзілік шаруашылықтың әр жүйесінде мемлекет арасында күрделі байланыстар және құрама -қайшылықтар болып тұрады.

Дегенмен, өндірістің классыкалық капиталистік әдісі өзінің даму заңдылықтарында ұлттық шекарадан шығып халықаралық деңгейге жетті. Еңбекі бөлудің интернационалдық жүйесі машина индустриясының пайда болуына байланысты болды. ХІХ ғасырдың 50-60 жылдарында дүниежүзілік нарық тез дамып, әлемдік өндірістің дамуының жеделдеуіне ықпал етті. 1917 жылдарда дүниежүзілік шаруашылық екі жүйе ауқымында дамыды. Бұл, бір жағынан, өндірістік әдістің жеке немесе аралас түрі болса, екінші жағынан, мемлекеттік меншік жағдайында олардың өзара байланыс жасауы еді.

Әрине, дүниедүзілік шаруашылықтың бұл екі түрі күрделі байланыста дамыды. Дүниежүзілік социалитік жүйенің ыдырауына байланысты геосаяси кеңістікте үлкен өзгерістер болды. Солтүстік пен Оңтүстіктің бұрыңғы байланысы қайта жаңғырды. Ол байланыстардың қандай болуын болашақ көрс етеді. Белгілі бір нәрсе, шаруашылықтың дұрыс деңгейде дамуының екі бастамасы бар: біріншіден, мемлекетаралық экономикалық байланыстардың объективті қажеттілігі; екіншіден, даму барысында екі жақтың да өзара қызығушылығы. Бұндай бастапқы элементтерсіз халықаралық қарым-қатынас пен ынтымақтастықтың болуы мүмкін емес. Бұларға : баға заңы, ұсыныс пен сұраныстың түйісу заңы, уақытты үнемдеу және соған байланысты еңбекті бөлудің тереңдеу заңыдары жатады.

Бұл заңдар ұлттық шаруашылықты дүниежүзілік шаруашылыққа, ХЭБ -ге кіруге итермелейді. Шаруашылық өмірді интернаиализациялау мәселесі бірнеше рет көтерілді. Оның негізгі күші технологиялық революция еді. Әрине, интернаиализациялау барысында елдер арасындағы байланыстар жылжымайды, әрі күрделене түседі. Сыртқы сауда, тауар айырбастау, басқа да жаңа экономикалық байланыс түрлерімен толықтырылады. Бұлар автоматты түрде өздегеннен іске аспайды, сондайөақ саяси іс-қимылмен кедергілерді жоймаса, бірте-бірте ұлттық шаруашылықта хаос туындайды.

Әрине, әр ұлттық шаруашылық өзіне табыс әкелетін айырбас түріне ұмтылуы керек. Бұндай байланыстарды ұйымдастыруда мемлекет өзіне табыс түсетін жағын ойластырады. Ал бұл тек дайын өнім айырбастауға ғана жүзеге асуы мүмкін. Сондықтан өндіріске ең алдымен білікті маманның, ғалымның, инженердің күрделі еңбегін қажет етеді. Тек сонда ғана әр ұлттық экономиканың экономиканың халықаралық экономикалық байланыстар жүйесінде деген тең құқықтығы сақталады.

Экономикалық байланыстардың даму қарқынының күшеюі:экономикалық саяси, мәдени, әскери, экономикалық т. б. барлық сферада халықаралық байланыстың негізін терендете түседі. Бірақ бұл формула түгел емес:бұл байланыстардың сапа жағынан болуы қажет. Мысалы, егер бір жағы шикізат және энергия, екінші жағы дайын өнім айырбастаса, бұл жеғдайда екі ел тепе -тендікте дами алмайды. себебі өзара тең түсетін базасы жоқ. Осындай қарама-қайшылық бірте-бірте экономикалық, содан соң саяси түсінбеушілікке әкеледі. Сонымен, сыртқы экономикалық байланыс «екі функциялық» бірлестікте көрінеді. Бұл, бір жағынан, жалпы саяси, глобалды, ал екінші жағынан, ұлттық, халықшаруашылылығы аспектіде көрінеді.

ТМД елдердің әлемдік нарықа шығуы, сондай-ақ шетелдік крпорациялардың жаңадан қалыптасып келе жатқан ұлттық нарыққа кіруі көптеген пробремаларды тудырды. Олар шаруашылықта бұрын-сонды кездеспеген қиындықтар еді. Егемендікке қолы жеткен Қазақстан Республикасы да осындай қиындықтарға тап болды. Қорыта келгенде мұның барлығы ТМД елдерінде нарық жағдайында теориялық жіне тәжірибелік біліммен қаруланған халықаралық деңгейдегі мамандардың жетіспеуінен деуге болады.

Әлемдік шаруашылық және оның бір бөлігі болып саналатын ХЭК -тың дамуы 80-жылдармен салыстырғанда, 90-жылдары жаңа жағдайда дами бастады. Біріншіден, әлемнің біртутастығы айқындала бастады. Қазіргі әлемдік шаруашылық, бір жағынан, әлемнің бір бөлігі болып саналатындықтан, бүкіл әлемнің біртутас зандылықтары мен қағидаларына бағынады. Сондықтан экономикалық тұрғыдан толық шеттеу мүмкін емес.

Оңтүстік Корея Біріккен демократиялық партиясы:

- Ендігі уақыт - Азия дәуірі билік құратын кезең. Біздің ойымызша, алдағы ғасырда Азия жетекші рөл ойнайды. Азияның осы ұмтылысын жүзеге асыруға жәрдем беретін жолды таба аламыз деп ойлаймын. Бұл жер шарының осы бөлігінде өмір сүріп жатқан халықтың тұрмысын гүлдендіру мақсатынан туындайды. Астана жиыны осы мақсатты одан әрі тереңдету, ұлғайту жөнінде ой тастады. Азияны жаңарту секілді маңызды тақырыпты қолдап, қатысушылар технология, білім беру, ғылым секілді салаларды өркендетуге әкелетін нақты идеялар ұсынуда. Аталған аймақтағы халықтың тіршілігін шынымен жақсартуға септігі тиетін бастамалар жерде қалмайды. Әлемдік дағдарыстан шығу жолдары, қоғамның экономикалық және саяси өміріне қатысуды қамтамасыз ететін және оны жақсартатын жолдарды табу, жастарды қоғам тіршілігіне және оны дамытуға араластыру туралы тақырып жиынның басты өзегіне айналды. «Азияны жаңарту» декларациясында шара барысында талқыланған барлық өзекті жайттар қамтылады.

Ресейде үстіміздегі жыл «Жастар жылы» болып белгіленді. Бүкіл әлемде ғылымды да, технология жетістіктерін жасайтын да - жас-тар. Жастар туғызған идеяларға, олардың бастамаларын қолдауға баса мән беріледі. Сол себепті біздегі қазіргі аса өзекті міндет - жастардың ғылыми-техникалық шығармашылығын арттыру, олардың идеясын өрістету үшін жағдай жасау, ең бастысы, сол жасампаз ойлардың жүзеге асуына ерік беру. Біз жоғары оқу орындарында кішігірім инновациялық кәсіпорындар құруға мүмкіндік беретін заң қабылдадық. Жастарды тек бизнес тәжірибесіне ғана емес, саясат ісіне, қоғам жұмысына тартатын уақыт келді. Осыдан бірнеше күн бұрын ғана Ресей Федерациясының Мемлекеттік Думасы аса маңызды заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады. Ол бойынша барлық азаматтарға муниципалды билік пен муниципалды білім берудің өкілдікті органдарына сайлану үшін бірыңғай жас тағайындалды. Енді 18 жасқа толған Ресей Федерациясының азаматы муниципалды органдарға сайлана алады. 18, 19, 20, 21… жастағы азаматқа бірыңғай жас құқығы берілді. Ал сыртқы саясат мәселесіне келсек, Ресей де азиялық елдер партияларымен ынтымақтасуға бейілді. Мемлекеттер атынан келіп, конференция құрамына біріккен саяси күштердің бүгінгі Бас Ассамблеядан күтетін басты үміті - Азия кеңістігіндегі елдердің дамуына және оларда өмір сүріп жатқан халықтың әл-ауқатының жақсаруына алып келетін шешімдердің қабылдануы.

Жаңа ғасырдың және жаңа кезеңнің бас-талуымен халықаралық аренада әлемдік және стратегиялық әсері бар бірқатар маңызды оқиғалар орын алды. Ол өз кезегінде халықаралық саяси және экономикалық архитектураға зор ықпал етті. Тұтастай алғанда, қазіргі әлемнің беталысына қарағанда, бейбітшілік пен даму дәуірдің басты тақырыбы болып қалады. Бейбітшілік сақтауға, дамуға, ынтымақтастыққа деген құлшыныс ғасырдың бұлжымас қағидасы болып қалыптасты. Дамушы елдердің бәрі халықаралық істерге теңқұқылы қатысуды өткір талап етуде. Халықаралық аренада халықаралық қарым-қатынастардың демократиялық реңк алуын нықтап қолға ала бастады. Әлемдегі ең бір өмір сүруге қабілетті, ең бір келешегі зор аймақ ретінде Азия өзінің қуатты даму тенденциясын тұрақты түрде сақтауда. Сонымен қатар, онда қордаланған қайшылықтар мен проблемалар да аз емес. Азияның әр мемлекетінде біріне-бірі ұқсамайтын түйінді мәселелер орын алғанмен, бұлардың барлығы да мемлекетінің егемендігін қорғау және аймақтағы тұрақтылыққа үн қосу тәрізді ортақ мақсатты көздеуде. Бұрыннан қалыптасқан және жаңадан пайда болудағы қауіп-қатерлерге қарсы күресуге және мемлекеттің дамуына үлес қосу, өркендеу мен гүлденуге жол ашатын ынтымақтастықты тереңдетуге ұмтылады.

1 қазанда қытай халқы Қытай Халық Республикасының құрылғанына 60 жыл толғанын атап өтеді. Басқа елдер жүздеген жылдар бойы өтетін жолдан жаңарған Қытай осы қысқа мерзім ішінде өтті. Уақыт ағымына ілесе отырып, біз социалистік жаңғыру құрылысында үздіксіз жаңалықтар аштық, сөйтіп, қытай өзіндік ерекшелігі араласқан социализм жолын таптық. Жаңа Қытайдың 60 жылдық ғұмырында біздің түсінгеніміз, бейбіт өмірсіз қытай прогресі жүзеге аспас еді, ал Қытайсыз әлемде тұрақтылық мен гүлдену болмас еді. Жаңа халықаралық жағдайда Қытай алдағы уақытта да өзінің тәуелсіз бейбіт сыртқы саясатын жүргізе береді. Азия кеңістігінің мүшесі ретінде Қытай «көршілес елдермен тату және серіктес болу» сынды сыртқы ұстанымын берік түрде жалғастыратын болады. Азия елдерімен тату көршілігін және іскерлік ынтымақтастығын нығайта отырып, Қытай аймақтың дамуына өзін дамыту есебімен үлес қосуды көздейді. Бұл - қытай үкіметі мен халқының стратегиялық таңдауы.

Әлемде мемлекетті басқарудың оңтайлы үлгілерін іздестіру үрдісі жүруде. Бұл - Азия құрлығындағы елдерге де тән құбылыс. Олар аймақтық және халықаралық саясатта өз жолын іздестіруде. Азия Тынық мұхит экономикалық қоғамдастығы, Ислам Конференциясы ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары кеңесі, АСЕАН сынды мәртебелі құрылымдар осының айғағы. Қазір көптеген сарапшылар «XI ғасыр Азияның өрлеу ғасыры болады» деген берік болжам айтуда. Әлемдегі көптеген дамыған, оның ішінде Азия құрлығындағы елдер тәжірибесі бір партияға басымдық берілген көппартиялы жүйенің өзін-өзі ақтайтынын көрсетті. Бұл түбегейлі саяси және экономикалық реформалар кезеңінде басқарудың тиімді үлгісі болатынын дәлелдеді. Біздегі басқарушы партия халықтың қажеттілігіне уақтылы мойын бұра отырып, қаржы дағдарысы жағдайындағы әлеуметтік-экономикалық проблемалардың шешілуіне белсенді түрде араласуда.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында-ақ, Президент Нұрсұлтан Назарбаев сыртқы саясаттағы ұстанымды былай деп атап көрсетті: «Құрлықтың ортасында орналасқан мемлекет Еуропа мен Азияның арасындағы көпірге айналуы тиіс». Бүгінгі әлемнің көпполярлығы және жаһандық үрдіс жағдайында еуразиялық құрлықтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету формуласын бірлесе іздеу аса өзекті. Ал қауіпсіздік мәселесі таза еуропалық немесе азиаттық болуы мүмкін емес.

Қазақстан аймақтық экономикалық ынтымақтастықтың нығаюына ынталы. Біздің еліміздің әлемдік азық-түлік, энергетикалық және коммуникациялық нарықтағы жауапкершілігі зор серіктес ретіндегі рөлі артуда. Бірнеше миллиардтық «Ұлы Жібек жолын» жаңғырту жобасы басталды. Батыс Еуропа мен батыс Қытайдың арасын 8 мың шақырымға жалғаған қуатты көлік коммуникациясы Қазақстан арқылы жүретін күн алыс емес.

Бүгінгі таңда Азия мемлекеттері инновация, ядролық энергетика, ғарышты игеру, көлік және коммуникация салаларында жетекші позицияны ұстана отырып, әлемдік нарықтағы белсенді және сенімді ойыншыға айналды. Азия құрлығы XI ғасырдың шынайы әлемдік қаржы орталығына айналуда. Сонымен қатар Азия құрлығы әлемдік қауымдастықты басқа да себептермен алаңдатуда. Азияда жекелеген мемлекеттер арасындағы алауыздықтар бұрыннан бар. Ядролық қаруды таратпау режимі де көп шиеленісті жағдайларға арқау болуда. Лаңкестік әрекет трансұлттық аядан шығып, өз қатарын адам баласы мұқтаж игіліктен мақұрым қалған, кедейшіліктен көз ашпаған халық есебінен толтырып жатыр. Босқындар, сепаратистік пиғылдардың өршуі, трансұлттық наркоэкономиканың бел алуы, адам саудасы, кедей елдер мен бай мемлекеттер арасындағы елеулі алшақтық секілді проблемалар гуманитарлық апаттың ауқымын кеңейтуде. БҰҰ мәліметіне қарағанда, 2008 жылы дүниежүзінде қарулануға 1 трлн. доллар, ал даму мақсатына тек 80 млрд. доллар бөлінген. Н. Назарбаев өзінің «Бесінші жол» атты мақаласында әлемдік қауымдастықтың назарын қазіргі жаһандық дағдарыстың кездейсоқ еместігіне, керісінше, әлемдік қаржы жүйесінде орын алған ішкі кемістіктің сыртқы салдары екендігіне аударып, оны түбегейлі өзгертуді ұсынды. Автор жаңа ұлттық эмитент құратын құрлық ретінде Азияны бекерден-бекер нұсқамайды. Бұл проблемаға Нобель сыйлығының иегері Джозеф Стиглиц те назар аударып, Азия елдерін жаңа бүкіләлемдік резервтік жүйе құруға шақырғаны белгілі. Назарбаев тіпті жақында болатын саммитте азиаттық ұлттық электрондық есептік бірлікті әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құруды ұсынып отыр. Гүлдену мен даму, қарусыздану мен қауіпсіздік, Бас Ассамблеяда айтылған негізгі ұйғарымдар - осы. Қазақстанның бас қаласында қабылданған «Азияны жаңарту» деп аталған Астана декларациясының түпкі мәні де бұл мәмілені қуаттайды.

«ҚАЗАҚСТАН - 2030» СТРАТЕГИЯСЫ

ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНДЕ

Ішкі және сыртқы саясатымыздың аса маңызды 30 бағыты

Осыдан он жыл бұрын - 1997 жылы Қазақстан халқына алғашқы Жолдауда еліміздің 2030 жылға дейінгі Дамуының стратегиясы - қоғамымыздың келешектегі келбеті мен мемлекетіміздің мақсат-мұраты баян етілді. Біз бұл ретте қандай қоғам орнатқымыз келетінін, дамуымыздың самғау сызығы қандай болуы керектігін анық білуге, айқын түсінуге тиіс екенімізді ұғындық. Басым мақсатымызды дұрыс айқындап, стратегиямызды таңдап, тиісінше ерік-жігер, төзімділік пен мақсаткерлік таныта білсек, алдымызда тұрған кез келген кедергілерді ойдағыдай еңсеретінімізге біз кәміл сендік. Біз қателескен жоқпыз.

Біз бүгін толық жауапкершілікпен былай деп мәлімдеуімізге болады: Қазақстан өтпелі кезеңнен ойдағыдай өтті, әрі өз дамуының сапалық жаңа кезеңіне нық сеніммен қадам басты.

Күн тәртібіне еліміз дамуының ой қисыны, сонымен қатар кең ауқымды сипаттағы терең мағынасы бар барынша байыпты түбегейлі қоғамдық міндеттер қойылып отыр. Осы заманғы қыр көрсетулер мен қатерлер әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси қатынастардың бүкіл жүйесін неғұрлым серпінді жаңартуды табанды түрде қажетсінеді, мұның өзі Қазақстанның Кеңес Одағы тарағаннан кейінгі кеңістіктегі әрі Орталық Азиядағы көш бастаушы тұғырын сақтап, әлемнің бәсекеге барынша қабілетті және серпінді дамып келе жатқан мемлекетінің біріне айналуына мүмкіндік береді.

Қазақстанды жан-жақты жаңартудың Жаңа кезеңіндегі басты басымдықтары ретінде мен ішкі және сыртқы саясатымыздың аса маңызды 30 бағытын айқындап отырмын.

І. Қолымызда бар мүмкіндіктерді айқындау және пайдалану, сондай-ақ жаңа бәсекелестік артықшылықтар қалыптастыру арқылы Қазақстанды жаһандық экономикаға ойдағыдай кіріктіруге бағытталған мемлекеттік саясат

Бірінші бағыт - Экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің орнықты сипатын қамтамасыз етуге бағытталған толымды стратегия әзірлеу және оны іске асыру

Әлемдік шаруашылықтың жаһандық жүйесі - өзінің ережелері бойынша жұмыс істейтін қалыптасқан әрі орнықты тетік. Біз де осы ережелерге сай жұмыс істеуіміз керек. Әлемдік рынокта бізді күтіп тұрған ешкім жоқ, бірақ біз онда қажеттігімізді танытып, іргемізді бекітіп алуымыз қажет. Ол үшін бізге мыналар қажет:

Біріншіден, Қазақстан экономикасының сыртқы рыноктарға шығатын негізгі салаларына олардың экспорттық табыстылығының деңгейі мен соны айқындайтын факторлар тұрғысынан жүйелі талдау, мониторинг және бағалау жүргізу. Мұның өзі, ең алдымен, жоғары өнімділік, жұмсалатын шығындардың төмендігі, басқа елдердің қолы жетпейтін ресурстар мен материалдардың болуы, біліктілігі жоғары білікті жұмыс күші, дербес технологиялар және т. т. Әзірге мұндай жұмыс толық көлемінде орындалмай отыр.

Екіншіден, басқа елдердің бәсекелес өндірістері мен салаларына, сондай-ақ нақ сол халықаралық рыноктарға қатысатын трансұлттық корпорацияларға салыстырмалы талдау жүргізу; қазақстандық экспорттаушылар мен экономика секторларының кейіндеп қалуына әкеліп соғатын немесе, керісінше, оларға салыстырмалы артықшылықтар жасайтын факторларға баға беру.

Үшіншіден, нақты экспорттық салалардың оң және теріс тұстарына баға беру және қолдағы артықшылықтарды қай жерде қолдану, ал керек жерінде орын алған проблемаларды жоюдың бағыттарын айқындау.

Бұл ретте біздің келешегі зор өндірістерді, соның ішінде ішкі рынокты дамыту жөнінде жасалған іс-қимылдың тиімділігіне баға беріп, олардың экспорттық әлеуетін арттыру мүмкіндігін қарастыруымыз қажет.

Төртіншіден, осындай жүйелі талдаудың негізінде біз өнеркәсіптің құрылымын өзгертуге қабілетті әрі едәуір қосымша құнға ие еселемелі тиімділігі, экспорттық және ресурстар үнемдеуші әлеуеті бар серпінді ауқымды зор жобалар әзірлеуіміз қажет.

Бесіншіден, Қазақстан бизнесінің сыртқы рыноктарға шығуы үшін нысаналы жүйелі қолдауды ұйымдастырудың маңызы зор.

Үкіметке экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен экспорттық мүмкіндіктерін сапалы жаңа деңгейге жеткізудің тұтастай Стратегиясын әзірлеп, іске асыруды тапсырамын.

Осы негізде тиісті Іс-қимыл бағдарламасын, оның аралық нәтижелеріне баға беру және оны толығымен іске асыру жүйесін әзірлеген жөн. Онда Кәсіпкерлердің “Атамекен” ұлттық одағымен бірлесе әзірленген ірі, орта және шағын бизнеске арналған ұсынымдар, заңнамаға қажетті өзгерістер енгізу және нақты салаларға мемлекеттік жәрдем жасаудың пәрменді шаралары туралы ақпарат қамтылуы тиіс. Осы нәтижелерге сүйене отырып, біз экономикамызды кемелділікпен қайта құрылымдаудың осы заманғы тұғырларын әзірлей аламыз.

Бәсекеге қабілеттілік және экспорт жөніндегі ұлттық кеңес бұл істің үйлестіруші әрі жұмыс органы болуға тиіс, оны құруды мен Үкіметке тапсырамын.

Екінші бағыт - Әлемдік шаруашылық жүйесінде қазақстандық “тауашаларды” іздестіру, оларды қолға қарату және жасақтау

Біріншіден, біз қазірдің өзінде жетістіктеріміз бен табыстарымызды пайдалана алатын бағыттарды кеңейте беруге тиіспіз. Бұл ретте басты назарды Ресейдің, Қытайдың, Орталық Азияның, Каспий мен Қара теңіз өңірлерінің рыноктарына аударған жөн.

Екіншіден, әлбетте, бір қарағанда, тартымдылығы аз немесе дәстүрлі деуге де келмейтін экспорттық “тауашаларды” да назардан тыс қалдырмай, жаңаларын да іздестіре беру қажет. Бұл жұмысқа өзара тиімділік жағдайында өзіміздің сыртқы әріптестерімізді де тартуға болады.

Үшіншіден, Қазақстанда халықаралық бәсекеге қабілеттілік деңгейіне жете алатын, жаңа экспорттық “тауашаларды” игеруге жәрдемдесетін жаңа, соның ішінде жоғары технологиялық жаңа өндірістерді дамыту.

Мәселен, өткен жылы Солтүстік Қазақстанда біздің ТМД-дағы көршілерімізде баламасы жоқ биоэтанол өндіретін бірегей кәсіпорын ашқанымыз өздеріңізге мәлім.

Биылғы жылы Атырау облысында алғаш рет шоғыр¬ланған негізінде мұнай-химия кешенінің құрылысы қолға алынады, ол бізге алдағы уақытта әлемдік деңгейдегі мұнай-химия кешенін дамытуға мүмкіндік бермек. Ал Атырау мұнай өңдеу зауыты қазірдің өзінде еуропалық стандарттарға сай келетін бензин мен дизель отынын шығара алады.

Төртіншіден, біз шекаралас аудандарда жаңа өнеркәсіп өндірістерін құру мен дамыту мүмкіндіктеріне талдау жасауымыз керек, өзімізге көршілес мемлекеттер онда бүгінгі таңда-ақ сауда-өнеркәсіп, қаржы мен қызмет көрсету құрылымдарын жасақтап үлгерді. Мұндай серпінді жобалар, айталық, Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдері экономикасының өркендеуіне байланысты болуы мүмкін. Қытаймен шекарада қазақстандық шикізатты өңдеп, осы өніммен, сондай-ақ энергия көздерімен, отынмен және басқаларымен Қытайдың алым алынбайтын сауда аймақтарын қамсыздандыра алатын кәсіпорындар құру тиімді болмақ. Содан кейінгі уақытта біз онда “Қорғас” халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығының мүмкіндіктерін іске қосу және “Қорғас - Шығыс қақпасы” сауда-экономикалық аймағын құру арқылы тасымалдау, тауарлар бөлу, материалдық-техникалық қамсыздандыру жөнінде түрлі қызметтер көрсету саласын дамыта алар едік.

Үкімет және бірінші кезекте, Индустрия және сауда министрлігі, сондай-ақ мемлекеттік холдингтер біздің экономикамызға қатысушыларға жауапты ұсынымдар жасау арқылы экспорттық “тауашаларды” қазақстандық тауарлармен және қызметтер арқылы игеріп, кеңейту бағдарламасын әзірлеп, іске қосуға міндетті.

Үшінші бағыт - Іргелі және “серпінді” жобаларға қатысу

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының экономикасының дамыту стратегиясы
Қазақстан Республикасының ұлттық білім беру жүйесі: ерекшеліктері, жетілдіру бағыттары
Экономикалық теория қалыптасу кезендері
Халықаралық экономикалық қатынастар туралы
Корей саясатының ерекшеліктері
Әлеуметтік саясат ұғымы
ХІХ ғ. Европа мәдениеті
Әлеуметтік шаруашылық нарығын құру қадамдары
Экономика пәнінен дәрістер
«Кейнсиандық бағыт және оның эволюциясы»
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz