Еңбекті қорғау саласының мақсаты, міндеті және қағидалары



Кіріспе

1. Еңбекті қорғаудың түсінігі
2. Еңбекті қорғау саласының мақсаты, міндеті және қағидалары.
3. Еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары.

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Еңбекті қорғау дегеніміз — тиісті заң және басқа да нормативтік актілердің негізінде еңбек процесінде адамның қауіпсіздігін, денсаулығы мен жұмыс қабілетін сақтауды қамтамасыз ететін, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастыру, техникалық-гигиеналық және емдеу — алдын алу шаралары.
Еңбек заңдары еңбекті қорғаудағы ұлттық саясат пен мемлекеттік басқару қағидаттарын белгілей отырып, жұмыс берушілер қызметкерлердің негізгі құқықтарының бірі — қауіпсіздік пен гигиена талаптарына сай келетін еңбек жағдайларын жасауын талап етеді.
Еңбекті қорғау саласындағы ұлттық саясат кәсіподақтар мен жұмыс берушілер қатысқан барлық деңгейдегі мемлекеттік өкімет пен басқару органдары іс-қимылының бірлігін көздейді. Бұл жүргізілетін саясат мына қағидаттарға негізделеді:
— қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының кәсіпорынның өндірістік қызметінің нәтижелеріне қатысты артықшылығына;
— меншік иесінің немесе ол уәкілдік берген өкілдің (жұмыс берушінің) толық жауаптылығына;
— еңбекті қорғау міндеттерін бұл мәселелер жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар негізінде кешенді шешуге және еңбекті қорғау саласындағы қызметті экономикалық және әлеуметтік саясаттын басқа бағыттарымен үйлестіруге;
— барлық кәсіпорындарға меншік пен шаруашылықты жүргізу түрлеріне қарамастан еңбекті қорғау саласында бірыңғай талап орнатуға;
— кәсіпорындарда еңбек қорғау талаптары мен қауіпсіздік техникасының барлық жерде орындалуы үшін мемлекеттік кадағалау мен бақылауды жүзеге асыруға;
— еңбекті қорғау жөніндегі ғылымның, техниканың жетістіктері мен ұлттық және шетелдік озық тәжірибені кеңінен пайдалануға.
1. Ахметов А. Еңбек құқығы: оқулық / А. Ахметов, Г. Ахметов.- Алматы: Заң әдебиеті, 2005.- 406 б. Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету - өзекті мәселе// Заман-Қазақстан. – 2006. – 28 сәуір.

2.Қазақстан Республикасының Конституциясы Конституция Республики
Казахстан.- Алматы: Жеті жарғы, 2005.- 180 б.
3. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы N 251 Кодексі

Жоспар

Кіріспе

1. Еңбекті қорғаудың түсінігі
2. Еңбекті қорғау саласының мақсаты, міндеті және қағидалары.
3. Еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары.

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Еңбекті қорғау дегеніміз — тиісті заң және басқа да нормативтік
актілердің негізінде еңбек процесінде адамның қауіпсіздігін, денсаулығы мен
жұмыс қабілетін сақтауды қамтамасыз ететін, әлеуметтік-экономикалық,
ұйымдастыру, техникалық-гигиеналық және емдеу — алдын алу шаралары.
Еңбек заңдары еңбекті қорғаудағы ұлттық саясат пен мемлекеттік басқару
қағидаттарын белгілей отырып, жұмыс берушілер қызметкерлердің негізгі
құқықтарының бірі — қауіпсіздік пен гигиена талаптарына сай келетін еңбек
жағдайларын жасауын талап етеді.
Еңбекті қорғау саласындағы ұлттық саясат кәсіподақтар мен жұмыс
берушілер қатысқан барлық деңгейдегі мемлекеттік өкімет пен басқару
органдары іс-қимылының бірлігін көздейді. Бұл жүргізілетін саясат мына
қағидаттарға негізделеді:
— қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының кәсіпорынның өндірістік
қызметінің нәтижелеріне қатысты артықшылығына;
— меншік иесінің немесе ол уәкілдік берген өкілдің (жұмыс берушінің)
толық жауаптылығына;
— еңбекті қорғау міндеттерін бұл мәселелер жөніндегі мемлекеттік
бағдарламалар негізінде кешенді шешуге және еңбекті қорғау саласындағы
қызметті экономикалық және әлеуметтік саясаттын басқа бағыттарымен
үйлестіруге;
— барлық кәсіпорындарға меншік пен шаруашылықты жүргізу түрлеріне
қарамастан еңбекті қорғау саласында бірыңғай талап орнатуға;
— кәсіпорындарда еңбек қорғау талаптары мен қауіпсіздік техникасының
барлық жерде орындалуы үшін мемлекеттік кадағалау мен бақылауды жүзеге
асыруға;
— еңбекті қорғау жөніндегі ғылымның, техниканың жетістіктері мен
ұлттық және шетелдік озық тәжірибені кеңінен пайдалануға.

1. Еңбекті қорғаудың түсінігі

Қазақстан Республикасының Конституциясында адамдардың еңбегі мен денсаулығы
мемлекетпен қорғалатыны, әрбір азаматтың қауіпсіздік және тазалық
талаптарына сай еңбек ету құқығы жарияланған. Мемлекет бұл талаптарды, ең
алдымен, еңбекті қорғау және оларды орындауға қадағалау жүргізу туралы
нормалар жүйесі арқылы орындайды. Еңбекті қорғау пәні – бұл
қызметкерлердің еңбек процесі барысында еңбекпен қорғалуын, яғни олардың
өмірі мен денсаулығының қорғалуын қамтамасыз ететін, өндірістегі қауіпті
жағдайларды, кәсіптік зияндарды болдырмау және оқыс жағдайлардың алдын-алу
шараларын жасайтын, оқытатын, зерттейтін пән. Яғни, Еңбек құқығының бір
институты болып табылады.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы Қазақстан
Республикасының Еңбек кодексінің 5-бөлімі, 33-тарауының 306-бабында қысқаша
тоқталған. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы 2004 жылғы 28
ақпандағы №528-II-ші Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 16-тармағында
еңбектi қорғауға былай анықтама берілген, еңбектi қорғау - құқықтық,
әлеуметтiк-экономикалық, ұйымдық-техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдеу-
алдын алу, оңалту және өзге де іс-шаралары мен құралдарын қамтитын, еңбек
қызметi процесiнде қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн
қамтамасыз ететiн жүйе болып табылады. Қысқаша айтқанда, еңбекті қорғау
дегеніміз - бұл қызметкердің еңбек қызметі барысында оның өмірі мен
денсаулығын қорғауға бағытталған шаралар жүйесі.

2. Еңбек қорғау мақсаты мен міндеттері
Меншік түріне қарамастан шаруашылық қызметі мен кәсіпорындардың барлық
түрінде еңбек ететін қызметкерлердің енбегін қорғау, өндірістегі жазатайым
жағдайлар мен денсаулыққа зақым келтірудің алдын алу, қауіпті және зиянды
өндірістік факторларды барынша кеміту мақсатында жүргізілетін ұлттық
саясаттың негізгі принциптерін Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 22
қаңтарда қабылданған Еңбекті қорғау туралы Заңы жүзеге асырады. Сондай-ақ
бұл заң Конституцияның 29-бабында белгіленген Қазақстан Республикасы
азаматтарының денсаулығын сақтау құқығын жүзеге асыруды да қамтамасыз етуді
көздейді.
Еңбекті қорғау дегеніміз — тиісті заң және басқа да нормативтік
актілердің негізінде еңбек процесінде адамның қауіпсіздігін, денсаулығы мен
жұмыс қабілетін сақтауды қамтамасыз ететін, әлеуметтік-экономикалық,
ұйымдастыру, техникалық-гигиеналык және емдеу — алдын алу шаралары.
Еңбек заңдары еңбекті қорғаудағы ұлттық саясат пен мемлекеттік басқару
қағидаттарын белгілей отырып, жұмыс берушілер қызметкерлердің негізгі
құқықтарының бірі -қауіпсіздік пен гигиена талаптарына сай келетін еңбек
жағдайларын жасауын талап етеді.
Еңбекті қорғау саласындағы ұлттық саясат кәсіподақтар мен жұмыс
берушілер қатысқан барлық деңгейдегі мемлекеттік өкімет пен басқару
органдары іс-кимылының бірлігін көздейді. Бұл жүргізілетін саясат мына
қағидаттарға негізделеді:
* кызметкерлердің өмірі мен денсаулығының кәсіпорынның өндірістік
қызметінің нәтижелсріне қатысты артықшылығына;
* меншік иесінің немесе ол уәкілдік берген өкілдің (жұмыс берушінің) толық
жауаптылығына;
* еңбекті қорғау міндеттерін бұл мәселелер жөніндегі мемлекеттік
бағдарламалар негізінде кешенді шешуге және еңбекті қорғау саласындагы
қызметті экономикалық және әлеуметтік саясаттың басқа бағыттарымен
үйлестіруге;
* барлық кәсіпорындарға меншік пен шаруашылықты жүргізу түрлеріне
қарамастан еңбекті қорғау саласында бірыңғай талап орнатуға;
* кәсіпорындарда еңбек қорғау талаптары мен қауіпсіздік
техникасының барлық жерде орындалуы үшін мемлекеттік
қадағалау мен бақылауды жүзеге асыруға;
* еңбекті қорғау жөніндегі ғылымның, техниканың жетістіктері мен ұлттық
және шетелдік озық тәжірибені кеңінен пайдалануға;
* қауіпсіз техника, технология мен жұмыс істеушілерді қорғау құралдарын,
еңбекті қорғау жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын әзірлеу мен енгізуді
ынталандыруға;
* мемлекеттің еңбекті қорғауды қаржыландыруға қатысуына;
* кәсіпорындардың еңбектің салауатты және қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз
етуге, ал кызметкерлердің — еңбекті — еңбекті қорғау проблемаларын шешуде
халықаралык ынтымақтастыққа (Еңбекті қорғау туралы Заңнын 4-бабы).
Кәсіпорындармен, мекемелермен, кооперативтермен фермерлік
шаруашылықтармен және меншігі мен шаруашылық жүргізуі әртүрлі тұрпаттағы
ұйымдармен, оның ішінде жекелеген жалдаушылар мен еңбек қатынасында тұратын
барлық қызметкерлер, кооператив мүшелері, өндірістік практикадан және
өндірістік окудан өтуші жоғары оқу орындарынын студенттері мен арнаулы орта
оқу орындарының және жалпы білім беретін мектептердің оқушылары, әскери
қызмет атқаруға қатысы жоқ жұмысқа тартылған әскери кызметшілер; үкімнің
орындалуын бақылайтын органдар белгілейтін кәсіпорындарындағы жұмыс кезінде
сот үкімімен жаза өтеп жатқан адамдар, сондай-ақ қоғам мен мемлекет мүддесі
үшін халықаралық шарттар немесе келісімдер негізінде шетелде жұмыс
атқарғанда оларда еңбекті қорғау жөнінде белгіленген халықаралық
нормалардан кем емес талаптар көзделеді.
Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан кәсіпорындарда жұмыс істейтін
шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың еңбекті қорғауға республика
азаматтарымен бірдей құқығы бар.
Қазақстан Республикасының кәсіпорындарында жұмыс істейтін шетел
азаматтары мен шетелде жұмыс істейтін республика азаматтарының еңбекті
қорғау саласындағы қатынастарын реттеудің ерекшеліктері мүдделі тараптардың
келісімімен белгіленеді.
Еңбекті қорғауды мемлекеттік басқару республикада ұлттық саясаттың
қағидаттарын жүзеге асыруы, осы салада зандар және басқа да нормативтік
актілер әзірлеу, сондай-ак, өндіріс құрал-жабдықтарына, еңбек технологиясы
мен оны ұйымдастыруга, еңбекті қорғау жөніндегі заңдар мен басқа да
нормативтік актілердің сақталуына мемлекеттік қадағалауды ұйымдастыру мен
жүзеге асыруға қойылатын талаптарды іске асыру болып табылады. Еңбек
зандарында еңбекті қорғауды мемлекеттік басқарудың негізгі қызметтері
айкындалған:
еңбекті қорғау жөніндегі салааралық нормативтік актілерді, стандарттарды,
ережелерді, нормалар мен заң актілерінің жобаларын әзірлеу және бекіту;
еңбек жағдайы және оны қорғау саласында мемлекеттік мақсатты бағдарламалар
әзірлеу;
еңбек жағдайын жақсарту және еңбекті қорғау құралдарын өндіру жөніндегі
қызметті экономикалық ынталандыру жүйесін жасау;
еңбекті қорғау проблемалары жөнінде ғылыми зерттеулер жүргізу, осы мақсатта
тиісті ғылыми ұйымдар құру;
өндірістегі жазатайым жағдай мен кәсіби ауруларды есепке алудың бірыңғай
тәртібін белгілеу, еңбеқ жағдайы мен оны қорғау жөнінде есеп берудің
келісілген бірыңғай жүйесін жасау мен енгізу, басқарудың автоматтандырылған
жүйесі негізінде еңбек жағдайының және оны қорғаудың жайы туралы ақпарат
базасын жасау;
- республикада еңбекті қорғаудың жайы, авариялардың, өндірістік
жарақаттар мен кәсіби аурулардың себептері туралы жыл сайын ақпарат
дайындау және халықты хабардар ету; республикада еңбек қорғаудың
нәсихатталуын ұйымдастыру;
* өндірістік жарақат пен кәсіби ауруларды бодырмау мәселелері жөніндегі
кызметті үйлестіру, келісілген шаралар өткізу;
* еңбекті қорғау құрал-жабдыктарын жасап, шығаруды, кәсіпорындардын бұл
істегі экономикалық мүдделілігін туғызу;
* республикалык бюджеітен енбекті қорғауға арналған қаржы бөлуді жүзеге
асыру.
Казақстан Республикасының Үкіметі және басқа мемлекеттік басқару
органдары енбекті қорғау саласындағы ұлттық саясатты қалыптастырады және
онын іске асырылуын қамтамасыз етеді, еңбекті қорғау мен е4бек жағдайын
жақсартудың мемлекеттік бағдарламасын бекітеді, министрліктер мен
мемлекеттік басқарудын басқа да орталық органдарынын салауатты және
қауіпсіз еңбек жағдайын жасау жөніндегі қызметтерін белгілейді, еңбекті
қорғау шығындарын қаржыландыру тәртібін айқындайды. Арнайы өкілетті орган
болып Казақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігі табылады.
Әр кәсіпорында олардың ұйымдық-құқықтық нысаны мен меншік түріне
қарамастан еңбекті қорғау жөніндегі қызметтер құрылады. Еңбекті қорғау
жөніндегі кызметтер өз жұмысын тиісті органдармен келісім бойынша еңбекті
қорғаудың мемлекеттік органы бекіткен үлгі ережеге сәйкес жүргізеді.
Еңбекті қорғау қызметі өзінің мәртебесі жанынан негізгі өндірістік
қызметтермен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбекті қорғауғаудың түсінігі және пәннің мазмұны.Еңбекті қорғау саласының міндеті және қағидалары
Еңбек қорғау туралы
Еңбек қорғаудың түсінігі. Дәріс
Еңбек қауіпсіздігі мен қорғаудың түсінігі
Еңбек қорғаудың түсінігі
Еңбек және еңбекті қорғау ұғымы
Еңбекті қорғаудың түсінігі
Еңбекті қорғаудың негіздері мен еңбек қорғауды ұйымдастыру
Еңбек құқығы
Еңбекті қорғау пәнінен лекция тезистері
Пәндер