Ұлттық саяси жүйесі


1 . Ұлттық саяси элита қалыптастыру.
2. Ұлттық экономикалық буржуазия қалыптастыру.
3. Ұлтты жетілдіру.
Бүгінгі қазақ қоғамына ұлттық құндылықтар (саяси, рухани, материалдық) әлемдік додаға түскен кезеңде жеке мүддесін ұлттың мүддесіне толық бағындыра алған, отаншыл, халықтың тарихы мен мәдениетіне жетік әрі оны құрметтейтін, азаматтық және ұлттық намысы биік, саяси білім-танымы планетарлық деңгейдегі элита ауадай қажет. Тек қана осындай элита халықты жиырма бірінші жүзжылдықтың өткелдерінен жігерін жасытпай алып шыға алады. Қазақстанда, республика Президентінің тарапынан сол элитаны қалыптастыру жолында табанды күрес жүргізіліп келді, ол әлі жалғасуда. Жалпы бұл төзімділікті, парасаттылық пен байсалдылықты қажет ететін, ТМД елдерінің бәрі басынан кешіріп жатқан ұзақ та күрделі процесс.
Ресейдің ұлттық идея іздеген, зиялылары да әңгімені осыдан, билік элитасынан бастауда. Олардың саяси жетекшілеріне беріп отырған бағасы қатқыл. Бірнеше ғылымдардың докторы, қоғам қайраткері И. Панарин “Технология информационной войны” деген еңбегінде былай дейді: “Ресейдің қазіргі саяси элитасы өзінің мән-мазмұны жағынан романов-кеңес кезіндегі деңгейде. Ол уақыттан ұтылған элита. Кейінгі жүз жылда өзгерген емес”.
Басқа орыс білімділерінің пікірі де оңып тұрған жоқ. Жинақтап айтсақ, бүгінгі Ресей элитасы жалғыз қасиетімен көзге түсуде, ол - пайдакүнемдік. Ақпарат тасқыны ғасырындағы ақыл мен білім бәсекелестігіне төтеп бере алмай, шаң қауып қалған.
Көрші ел зиялылары осылай қажып келіп, “жеңімпаздардың саяси элитасын” армандайды. “Ұлттық рухтағы шығармашылық элитаны” көксейді. “Державалық ауқымда сілкіне алатын жойқын элитаны” аңсайды.
Біздер де осылай құлшына алар едік. Асылында Еуразияның кіндігіндегі әлемдік державалар көз қадаған, кен байлығы алыптар мен алпауыттардың жерік асына айналған, жер көлемі бас айналдырған, халқының құрамы ала-құла Қазақстанға ерекше элита, Назарбаев сынды тұлғалардан сомдалған айбынды элита ғана жарасады. Нақ осындай элита ұлттық идеяның ұлы мұратының бірі - ұлттық экономикалық буржуазияны қалыптастыра алады.
Біз ұлттық экономикалық буржуазия деп қазақтың жер байлығына ие болып, оны тиімді игере алатын, осы заманғы жоғары технологиялы өндіріс ошақтарын құруға қабілетті, әлемдік бәсекеге төзімді өнім беруге бейім, патриоттық сезімі күшті, табысының белгілі бір бөлігін ұлттың рухани өркендеуіне бақай есепсіз ықыласпен жұмсайтын, саяси билікке ашқарақ емес буржуазияны айтамыз.
Ол үш деңгейде болуы мүмкін: аймақтық, республикалық және континенттік. Аймақтық буржуазия - орын тепкен өңірінің экономикасын өрге бастырады. Республикалық-жалпы ел экономикасының жүрек соғысын реттейді. Континенттік - Қазақстанның халықаралық экономикалық беделін арттырады.
Әлемдік тәжірибеге қарасақ, дүниежүзілік ықпалға ие болған әлді мемлекеттер қазіргі державалық күш-қуаты үшін ең әуелі осындай ұлттық экономикалық буржуазиясына қарыздар. Қазіргі таңда жаһан мойындаған, жылдық кірісі 16019 миллиард долларға жетіп, барынша дамыған жеті мемлекеттің жылдық жалпы табысынан асып кеткен 500 ірі концерн бар болса, олардың бәрі дерлік атақты сегіздікке тиесілі. Солардың ішіндегі ең бай жүз концерннің 55-і АҚШ-та, 17-сі Англияда, 7-еуі Германияда, 6-ауы Францияда, бесеуі Жапонияда. Осындай алпауыттардан Швейцария мен Италия да құралақан емес.
Қазақ халқына әзірге мұндай элита қиял ғана. Біздің осы күнгі байлар, бизнесмен деп жергендеріміз “атақты жекешелендіру” кезінде жіліктің майлы басын ұстап қалғандар, елдегі тауар тапшылығының есебінен қалталы атанған саудагерлер мен билік элитасының қорғап-қоштауындағы іскерлер. Бұлардың ешқайсысы да стратегиялық өндірістер мен шикізат қорына ие емес. Ие болуға білім-қабілеттері де, қаржы мүмкіндігі де жетімсіз. Олардың өздері ұлттық тарихи парызын зерделеп бола алмаған. Мұрты майланғандары - төрге, ұрты майланғандары - өрге таласып арамтер.
Осыдан тағы бір өзекті мәселе туындайды. Егер елдің стратегиялық экономикалық тұтқаларын ұстаған шетелдер компанияларының үлес салмағы 15 пайыздан асып түссе, бұл ойландыруға тиіс. Себебі оның соңы экономикалық дербестіктің босаңсуына әкеліп соқтырады. Бұл - әлемдік сараптаудың дәйегі.
Ұлттық идея осындай тағдырлы, мемлекеттік стратегиялық және жалпы халықтық мұраттармен ұлттық бола алады, ұлтқа тікелей қызмет етеді, басты мақсаты ретінде сол ұлтты нақты тарихи кезеңнің саяси-экономикалық, рухани талаптарына сай жетілдіру міндетін таңдайды.
Ұлтты жетілдіру дегеніміз - оның бойындағы тарихи дәстүрлі игі қасиеттерді адамзаттық деңгейде байытып, қазақ адамын әлем адамы дәрежесіне көтеру.
Дәл осы мақсатты өз заманында Ататүріктің ұлттық идеяға негіз етіп алғаны белгілі. Оның ғасырында түрік жұрты дамудың еуропалық қарқыны туралы ойлаудан да сескенетін. Соған қарап, ұлтты жетілдіру көштен кейін қалғандардың ғана сыбағасы деп қабылдауға болмайды. Жетілу - жүзден озған жүйріктің де, мыңнан озған тұлпардың да еншісі.
Әйгілі саясаткер, Нобель сыйлығының лауреаты Г. Киссинджер “Дипломатия” атты еңбегінде Америка халқына қажет екі мұратты атап көрсетеді. Олар - өзін құрметтеу және қайта бейімделу.
Нақ осы қос қасиетке келгенде американдықтардың алдына жан салмайтыны белгілі. АҚШ-тың әлемдік державаға айналуына экономикадағы буржуазия қаншалықты үлес қосса, халықтың өрлігі мен өзін өзі көкке көтеруі, ұлттық намыс пен жігер, заманға бейімділік соншалықты ықпал еткені анық. Алайда Киссинджер оған қанағаттанып отырған жоқ. Державалық мәртебе жетілген үстіне жетілуді талап етеді.
Енді осы мемлекеттер таныған қайраткердің әлгі екі тұжырымын өз ұлтымызға лайықтап көрейік. Қазақ елі заман заңғарынан дәмеленуі үшін өзін өзі ардақтауды үйренуі керек. Халықтың ұлы серпіліс, Лев Гумилевше айтқанда, пассионарлық содан қайнарланады. Өзін құрметтеуге дағдыланған ел тарихы мен мәдениетін, атадан балаға мұра болып келе жатқан ұлттық идеалдарын дәріптеуді дәстүр етеді. Ұлттық негізде жетілу нақ осы жерден басталады. Өйткені, сен тек ұлт адамы, төл халқыңның рухани құндылықтарымен нәрленген адам ретінде ғана толыса аласың. Басқаша көктеу жоқ, бар болған күнде ол тамырсыз, қансыз есею, дүние-әлемге ұлт перзенті бітімінде көз салу бақытынан айырылып, ұлттық мақтаныш сезімі мен намыстың рахатынан жұрдай болған механикалық ержету.
Ұлттың өзін өзі ардақтау қасиеті рух құдіретін асқақтата отырып, жаңа толқынды сондай бақытсыздықтан қорғайды. Халықтың жер мен заманның мәңгілік иесі бола алатындығына деген қайсар сенімі де содан нәрленеді. Сол сенім сауырға қамшы бастырады, әлемдік аламанға ақыл-ойдан ат қостырады, ғасыр бойы суырылып шыққандарға қарап “ондай болмақ қайда” демейді, айшылықты алты аттауға жігерленеді. Өзін өзі ардақтау осылайша ұлттық сілкініс қуатын оятады. Ал ұлттық сілкініс, барға-мәзір, жоққа-қанағат психологиясынан арылу, заман биігінен табылуды намыс мұраты ету - ұлттық идеяның күретамыры.
Ұлттық идея, оның ішінде ұлттық жетілу мұратына үн қосқан қайраткерлердің бірі - Ресей президенті В. Путин. Ол 1999 жылы халыққа арнауында (“Россия на рубеже тысячелетий”) орыс ұлысы патриотизм мен державалық құлшыныс арқылы шыңдала алатынын атап айтты. Мұндағы патриотизмнің қыр-сыры әмбеге аян, ал державалық, Путинше таратқанда, ұлттық мүддеде Невский мен Суворовша, Пушкин мен Есенинше, Матросов пен Гагаринше тұлғалану. Осыны өз кеңістігімізге көшірсек, қазақ ұлтының тұлғалануы. Осыны өз кеңістігімізге көшірсек, қазақ ұлтының жетілуі - ұлттық мұраттардың жолында Бөгенбай мен Қабанбайша қайраттанып, Абай мен Ахметше толғанып, Шәмші мен Нұрғисаша тебіренуі.
Қазақстан бұл жолда құрқол емес, тарих, ұлттық сабақтастық т. б. жылдардың мемлекеттік деңгейде өтуі, кейін қабылданған “Мәдени мұра” бағдарламасы елімізде ұлттық идеяның іргесі қаланғанын аңғартады. Мақсат - осы қозғалысты уақыт өткен сайын мазмұндандыра, елдік идеалдармен байыта беру.
Бірде көрнекті жазушы, қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаев әңгіме үстінде қазақта кәсіп жоқ екенін сөз етті. Мал бағуды ата кәсіп десек, ол күнкөрістің көзі ғана. Егіншілікке толық сіңіп кете қоймағанымыз да белгілі. Тіпті осы екеуін терең меңгердік деп өзімізді өзіміз көтергіміз келсе де алысқа шаба алмаймыз. Олардан алынатын өнімді тұтынуға дайын, өтімді азық түріне айналдыру біз игермеген сала. Голландиялық сыр, үнді шайы секілді әлемді аралап кеткен тағамымыз жоқ. Ал техника туралы айту артық, осы заманғы көлік түгілі, өтек шығару ойда жоқ.
Сонда не істейміз, осылай жүре береміз бе?
Әлемге көз салсаң, бізден басқаның бәрінің ұлттық ерекшелік пен мақтанышқа айналған кәсібі бар. Жапондар мен кәрістер электрониканың құлағында ойнайды. Қытай ұқсатып тауар шығару (иммитация товаров) арқылы Еуропа мен Азияның рыногын жаулап алды. Кезінде Жапония да осы жолмен экономикасын түзеген. Орыстар соғыс техникасында алдына жан салмайды. Неміс ұлты жеңіл көлігімен әйгілі. Үнділер компьютердің, финдер қалта телефонының технологиясын игеру арқылы ғаламға танылды. Швейцариялықтар қол сағатымен бағзыдан белгілі. Ал қазақта ұлттың атын осылай шығаратын, бүгін де, ертең де тамағын тоқ, көйлегін көк ететін кәсіп жоқ. Бұл бізді ойландырып отыр ма, әлде “таңғы тамақ Тәңірден” дейтін мінезімізге салып, жер байлығына сеніп жайбарақат жүрміз бе? Тегінде толғанатын, толғанып қана қоймай, қолға алатын жай. Қазақ әлемдік рынокқа сай осы заманғы бұйым шығаратын елге, технологияның ұлтына айналуы керек. Ұлттық идеологияның бір буыны сірә осы болса лайық.
Ойсыз қоғам болмайтыны секілді, идеясыз ұлт болмайды. Ғұмырлық идеалсыз халық - жел қуған қаңбақ. Әлемдік тәжірибеге барлау жасасақ, сол идеялар мен идеалдарды туғызған және туғызатын қажеттіктердің әркелкі екенін көреміз. Ол қажеттіктер нақтылы ұлттың ғаламдағы тарихи орынына, әл-қуаты мен дәстүрлі мінез-бітіміне, географиялық жағдайы мен халық санына, басқа да ерекшеліктеріне қарай анықталады. Қытай нәсілін “Аспан асты елі” дегізген құдірет не екенін білеміз. АҚШ-ты әлемді реттеуші держава түрінде империялық дәмемен желіктіргісі келетін саяси топтардың тамыры неден нәрленетіндігі де анық, ол - ғасырлар бойға алыс-жақынды аузына қаратқан үстемдік.
Мұның бәрін жіпке тізіп отырғанымыз, ұлттық идея жайлы ой қорытқанда, айналадағы елдердің ау-жайын назарда ұстау керек болады. Қазіргі таңда әлемде ақпарат соғысы жүріп жатқаны көзіқарақты елге аян. Бұл соғыстың астарында геосаяси мүдде және игеруге таңдалып алынған мемлекет мәдени интервенция жасау пиғылы бар. Оған АҚШ пен Қытай тарапынан ашылған ақпарат майданының стратегиялық мақсаттары дәлел бола алады.
Теориялық үрейлендіру, экономикалық ақпарат агрессиясы, мәдениет ақпарат агрессиясы, бейбіт үрейлендіру, психологиялық қысым - міне, Қытай стратегиясының мәні. Мұның ішінде бейбіт үрейлендіру - негізгі тәсіл психология - басты нысана деп аталған.
АҚШ тактикасы да осыған ұқсас, көп баптың ішінен ұлттың ерік-жігеріне қарсы операция және ұлттық мәдениеттер деңгейіндегі операция деген бөлімдерін даралап көрсетейік.
Сонымен державалар тарапынан сезімің мен рухыңа майдан ашылып, ұлттық қаныңды сұйылтуға қам жасалып жатыр. Сен бұған дайынсың ба? Ішіңе еніп алған компаниялар, қаржы берген елінің идеологиясын шым-шымдап санаңа сіңіретін үкіметтік емес ұйымдар, күні-түні эфирлерді босатпайтын ығы-жығы әндер мен экрандарды жаулап алған атыс-шабыстар, кімге не үшін өшігетінін өзі білмейтін, әйтеуір ызалы, түрі-ұлттың, мазмұны космополиттік ағайындар арқылы кеулеп кеткен мылтықсыз шайқасқа төтеп бере аласың ба?
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz