Инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың құқықтық негіздері мен инвестициялық преференциялар


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Инвестицияларды мемлекеттік қолдау шаралары туралы

Республикада қолайлы инвестициялық ахуал жасау жэне инвестицияларды тарту саясатын жалғастыру үшін, мемлекет қазыргі заманғы технологияларды қолдана отырып, жаңа өндірістер құруға, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту мен жаңартуға инвестицияларды жүзеге асыратын инвесторларды ынталандыру шараларын қолдануда.

Инвестицияларды мемлекеттік қолдау шараларына 2003 жылғы 8 қаңтарда қабылданған «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес берілетін инвестициялық преференциялар жатады.

Осы заң инвестицияларды ынталандырудың қүқықтық және экономикалық негіздерін айқындайды, Қазақстан Республикасында инвестицияларды жүзеге асырған кезде инвесторлардың құқықтарын қорғауға кепілдік береді, инвестицияларды мемлекеттік қолдау шараларын, инвесторлар қатысатын дауларды шешу тәртібін айқындайды.

Заңға сәйкес Комитет пен қызметтің басым түрлерінде инвестициялық жобаны жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңды түлғалары (бүдан әрі -Инвестор) арасында келісім-шарт жасасу арқылы мынадай инвестициялық преференциялар беріліді:

1) Кеден баждарын салудан босату;

2) мемлекетгік затгай грантгар беру.

Қызметтің басым түрлерінің тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 мамырдағы № 436 қаулысымен бекітілген және ол ауыл шаруашылығы, өңдеуші өнеркәсіп, транспорт және логистика, байланыс, электрмен қамтамасыз ету, газ және суды тарату, азаматтық құрылыс, білім беру, туризм, жылжымайтын мүлікпен операциялар (жалға беретін тұрғын үй) сияқты салалардағы 270 астам қызмет түрлерінен тұрады.

Қызмет түрінің дұрыс жіктемесін алу үшін Инвестор тиісті қорытынды алу мақсатында Қазақстан Республикасы Сатистика агенттігіне жүгінуі қажет.

Кеден баждарын салудан босату инвестициялық жобаны іске асыру үшін әкелінетін жабдықтар мен олардың жиынтықтаушы бүйымдарының импорты кезінде келісім-шарттың қолданыс мерзіміне, бірақ келісім-шарт тіркелген кезден бастап 5 жылдан аспайтын мерзімге ұсынылады.

Бұл ретте Кеден Одағы Комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешіміне сәйкес кеден одағына мүше-мемлекеттің заңнамасына сәйкес осы кеден одағына мүше-мемлекеттің қызметтің басым түрлеріне (экономиканың саласына) сәйкес келетін, инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде тек кеден одағына мүше-мемлекеттің аумағында қолдану үшін әкелінген технологиялық жабдық, онын жинақтауыштары мен қосалқы бөлшектері, шикізат және материалдар кедендік әкелу бажынан босатылады.

Аталған жеңілдІк шикізат және/немесе материалдарға қатысты, егер осындай шикізат және/немесе материалдар кеден одағына мүше-мемлекеттердің аумағында өндірілмейтін болса немесе, егер кеден одағына мүше-мемлекетгердің аумағында өндірілетін шикізат және/немесе материалдар іске асырылатын инвестициялык жобаның техникалық мінездемесіне сәйкес келмесе ғана беріледі.

Осыған орай Заңды аталған шешімге сәйкес келтіру мақсатында қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде тиісті заң жобасы әзірленді.

Мемлекеттік заттай гранттарды Заңда белгіленген тәртіппен уәкілетті орган (Комитет) мемлекеттік мүлікті және (немесе) жер ресурстарын баскару саласындағы тиісті мемлекеттік органдармен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдармен келісім бойынша инвестициялық міндеттемелер келісім-шартқа сәйкес орындалған жағдайда, кейіннен меншікке не жер пайдалануға өтеусіз бере отырып, уақытша өтеусіз пайдалануға не уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығымен береді.

Мемлекеттік заттай гранттар ретінде: жер учаскелері, ғимараттар, қүрылыстар, машиналар мен жабдықтар, есептеу техникасы, өлшейтін және реттейтін аспаптар мен құрылғылар, көлік құралдары (жеңіл автокөлікті қоспағанда), өндірістік және шаруашылық саймандар берілуі мүмкін.

Мемлекеттік заттай грантгың ең жоғарғы мөлшері Инвестордың тіркелген активтеріне салынатын инвестициялар көлемінің отыз процентінен аспайды.

Егер сұрау салынған мемлекеттік заттай гранттың бағаланған құны аталған ең жоғарғы мөлшерден асып түссе, Инвестордың сұрау салынған мүлікті оның бағаланған құны мен мемлекеттік заттай гранттың ең жоғарғы мөлшері арасындағы айырманы төлеп алуға құқығы бар.

Инвестициялық преференцияларды беру мәселесін қарау үшін Инвестор Комитетке белгіленген нысанда Инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінімді Заңның 19-бабында көрсетілген инвестордың қаржылық, техникалық және үйымдастырушылық мүмкіндіктерінің болуын растайтын құжаттармен қоса, атап айтқанда:

1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нотариаттық куәландырылған көшірмесі;

2) заңды тұлға жарғысының нотариаттық куәландырылған көшірмесі;

3) инвестициялық жобаның уәкілетті орган белгілейтін талаптарға сәйкес жасалған бизнес-жоспары;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның аймақтық инвестициялық-инновациялық әлеуеті және инвестициялық қызметті мемлекеттік қолдаудың құқықтық негіздері
Қазақстан Республикасының үдемелі индустрияландыру саясаты аясындағы инвестициялық қызметті мемлекеттік қолдаудың құқықтық негіздері
Қазақстандағы мемлекеттік инвестициялық басқару және шетелдік инвестицияларды тарту
Инвестициялық құқық: пәні, қағидалары мен жүйесі және Қазақстандағы тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау
Қазақстан Республикасындағы инвестицияларды мемлекеттік реттеу және банктердің инвестициялық операциялары
Қазақстанда кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың құқықтық және қаржылық механизмдері
Мемлекеттің инвестициялық қызметі: инвестицияларды бағалау, қаржыландыру және құрылыс кешенін мемлекеттік реттеу мәселелері
Қазақстандағы инвестициялық саясаттың құқықтық негіздері мен даму бағыттары
Қазақстанның инвестициялық саясаты мен шетелдік инвестицияларды дамыту жолдары
Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау: мемлекеттік қолдаудың құқықтық тетіктері мен шетелдік тәжірибенің салыстырмалы талдауы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz