Электронды оқулықты пайдалану



Мазмұны

КІРІСПЕ 3

1 ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚТЫ ПАЙДАЛАНУ 4
1.1 Электронды оқулық құрудың жолдары 7
1.2 Электрондық оқулықтың құрылымдық ұйымдастырылуы 12
1.3 Электронды оқулық мазмұнының толықтылығына қойылатын талаптар 15
1.4 Тестке қойылатын талаптар 17
1.5 Электронды оқулықты көрнекілеуге қойылатын талаптар. 19
1.6 Электронды оқулықты әзірлеушіге қойылатын талаптар 20
1.7 Электрондық оқулықтың материалдық . техникалық базаға қойылатын талаптар 22
1.9 Электрондық оқулықпен жұмыс істеу тәртіптері 28
1.10 Front Page бағдарламасы 30

2 DELPHI ОРТАСЫНДА БАҒДАРЛАМАЛАУ ПӘНІ БОИЫНША ЖАСАЛҒАН ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУ ҚҰРАЛЫНА ИНТЕРАКТИВЬІЛІК ЕНГІЗУ 32
2.1 Электрондық оқулықтың құрылымы 32
2.2 Delhpi ортасында бағдарламалау пәні бойынша құрылған 33
электронды оқу құралының мазмұны 33

қорытынды 40

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 41
КІРІСПЕ
Қоғамды ақпараттандыру ғылыми техникалық прогресс жетістіктерінің күнделікті тұрмысқа ауқымды енуінің нәтижесі, яғни адам өміріне іс - әрекеттің интеллектуальды түрлерінің жан – жақты әсер етуі мен ролінің жоғарлауына байланысты обьективті процесс. Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында электрондық оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.
Курстық жұмыстың мақсаты:
1. Электрондық оқулық туралы негізгі түсініктерді қалыптастыру.
2. Электрондық оқулықты құру технологиясы туралы түсініктерді және Delhpi ортасында бағдарламалау пәні бойынша құрылған электрондық оқулық құралына интерактивтілік кіргізу.
Курстық жұмыстың өзектілігі:
Білім берудің кез келген саласында «Электрондық оқулықтарды» пайдалану оқушылардың және студенттердің танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Курстық жұмысының құрылымы:
Кіріспе, теориялық және практикалық бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде курс жұмысының мақсаты, өзектілігі және құрылымы берілген. Теориялық бөлімде Электрондық оқулықты пайдалану және оған қойылатын талаптар туралы жалпы түсінік қарастырылған. Сонымен қатар Delphi ортасында бағдарламалау пәні бойынша құрылған электрондық оқулық құралының мазмұны көрсетілген.
Практикалық бөлімінде Delhpi ортасында бағдарламалау пәні бойынша жасалған электрондық оқулық құралына интерактивтілік кіргізу.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 М. Қ. Байжұманов /Информатка / М.Қ.Байжұманов, Л,Қ.Жапсарбаева -Астана :2004, 45-55 бет
2 Р. І. Қадырбаев, Л. Ә. Сүлейменова/ Microsoft FrontPage Р. І. Қадырбаев, Л. Ә. Сүлейменова:/Әдістемелік құрал. Шымкент 2002.
3 Л. Омечьченко, А. Федоров/Самоучитель Microsoft FrontPage 2000 / Р.І.Қадырбаев, Л.Ә.Сүлейменова “ Питер” Санкт-Петербруг,2000.
4 Стауфер Т. Создание Web - страниц / Т. Стауфер-Самоучитель - СПБ.: Питер, 2003.–448с.
5 Шапошников И. Web-сайт своими руками / И. Шапошников. - БХВ.: Санкт-Петербург, 2000. - 340 с.
6 Г.Ә Жапарова Информатика негіздері/ Жапарова Г. Ә.- Алматы: Алматы экономика 2006ж
7 К.М Беркінбаев «Информатика негіздері» Алматы заң әдебиет 2006ж
8 «Информатика негіздері» ғылыми әдістемелік журнал №4, 2007ж
9 «Информатика негіздері» ғылыми әдістемелік журнал №1, 2005ж
10 «Информатика негіздері» ғылыми әдістемелік журнал №3, 2006ж

Мазмұны

КІРІСПЕ 3
1 ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚТЫ ПАЙДАЛАНУ 4
1.1 Электронды оқулық құрудың жолдары 7
1.2 Электрондық оқулықтың құрылымдық ұйымдастырылуы 12
1.3 Электронды оқулық мазмұнының толықтылығына қойылатын талаптар 15
1.4 Тестке қойылатын талаптар 17
1.5 Электронды оқулықты көрнекілеуге қойылатын талаптар. 19
1.6 Электронды оқулықты әзірлеушіге қойылатын талаптар 20
1.7 Электрондық оқулықтың материалдық – техникалық базаға қойылатын
талаптар 22
1.9 Электрондық оқулықпен жұмыс істеу тәртіптері 28
1.10 Front Page бағдарламасы 30
2 DELPHI ОРТАСЫНДА БАҒДАРЛАМАЛАУ ПӘНІ БОИЫНША ЖАСАЛҒАН
ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУ ҚҰРАЛЫНА ИНТЕРАКТИВЬІЛІК ЕНГІЗУ 32
2.1 Электрондық оқулықтың құрылымы 32
2.2 Delhpi ортасында бағдарламалау пәні бойынша құрылған 33
электронды оқу құралының мазмұны 33
қорытынды 40
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 41

КІРІСПЕ

Қоғамды ақпараттандыру ғылыми техникалық прогресс жетістіктерінің
күнделікті тұрмысқа ауқымды енуінің нәтижесі, яғни адам өміріне іс -
әрекеттің интеллектуальды түрлерінің жан – жақты әсер етуі мен ролінің
жоғарлауына байланысты обьективті процесс. Осы уақытқа дейінгі білім беру
саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі
заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру
қоғамында электрондық оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.
Курстық жұмыстың мақсаты:
1. Электрондық оқулық туралы негізгі түсініктерді қалыптастыру.
2. Электрондық оқулықты құру технологиясы туралы түсініктерді және Delhpi
ортасында бағдарламалау пәні бойынша құрылған электрондық оқулық
құралына интерактивтілік кіргізу.
Курстық жұмыстың өзектілігі:
Білім берудің кез келген саласында Электрондық оқулықтарды
пайдалану оқушылардың және студенттердің танымдық белсенділігін арттырып
қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек
етуіне жағдай жасайды.
Курстық жұмысының құрылымы:
Кіріспе, теориялық және практикалық бөлімнен, қорытындыдан және
қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде курс жұмысының мақсаты,
өзектілігі және құрылымы берілген. Теориялық бөлімде Электрондық оқулықты
пайдалану және оған қойылатын талаптар туралы жалпы түсінік қарастырылған.
Сонымен қатар Delphi ортасында бағдарламалау пәні бойынша құрылған
электрондық оқулық құралының мазмұны көрсетілген.
Практикалық бөлімінде Delhpi ортасында бағдарламалау пәні бойынша
жасалған электрондық оқулық құралына интерактивтілік кіргізу.

1 ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚТЫ ПАЙДАЛАНУ

Жаңа ақпараттық технологияларды оқыту үрдісінде қолдану бағыттарының
бірі оқытуды жеңілдететін электрондық кітаптар мен әдістемелердің жасалуы.
Оқыту үрдісінде электрондық оқулықты пайдаланудағы мақсат пәннің оқу
материалын түсіндірудің дидактикалық мүмкіндіктерін жетілдіру болып
табылады. Оқытудың компьютерлік технологиясын оқу үрдісіне кеңінен енуі
оқушылардың өзіндік және шығармашылық белсенділігіен дамыта отырып,
электрондық оқу көқмегімен олардың өзіндік жұмыс түрлерін орындауға
баулиды. Қазіргі шығарып жатқан электронды оқулықтар дәстүрлі оқулықтардың
үлгісі емес, ол кәсіптік оқытудың автоматтандырылған үрдісі болып табылады.
Электронды оқулық шығарған өнімнің технологиялық тізбегін анимация арқылы
бейнелі түрде қабылдауға мүмкіндік береді. Электронды оқулық мазмұны
оқушының интеллектілік қабілетін дамытуға бағытталу қажет және оның мына
қасиеттерді қанағаттандыру жеткілікті: жинақтылық, жүйелілік, көркемділік,
жылдамдылық. Электронды оқулықтарда материалдар логикалық байланыста
модульдермен берілген әрбір модуль мазмұнына және анықтамалық аппаратына
сәйкес құрастырылған. Элекронды оқулықтар жаңа ақпараттық технологиялардың
барлық жетістіктерін пайдалану мүмкіндігімен ерекшеленеді, яғни, мәтіндік
материалға гиперсілтемелер жасауға, мультимедиалық және басқарылатын
анимацияларды пайдалануға дыбысты қосарлап қамтуға, оқушылардың білім
деңгейіне бақылау жасауға жағдай бар. Электронды оқулықтың басты мақсаты
оқушылардың білім сапасын артыру, мұғалімдерге ғылыми-әдістемелік көмек
көрсету. Электрондық оқулық барысында біз дәстүрлі сабақтың ауқымын
кеңейтіп, ақпараттың ортаны едәуір жоғарлатып, білім беру үрдісін көру
арқылы қабылдауын қамтамасыз етеміз, яғни, бұл басты ерекшелігі және
тиімділігі оқушы мен мұғалім арасындағы байлансы көзбен көру арқылы
жүргізіледі. Қазіргі кезде көптеген оқу орындарында компьютер
мүмкіндіктерін толық пайдалануға арналған электронды оқулық жасауда және
республика көлемінде бұл оқулықтарға конкурс жарияланады. Электронды
оқулықтың басты ерекшелігі жаңа компьютерлік технологиялардың барлық
жетістіктерін пайдалану, мультимедиалық және басқарылатын анимацияларды
пайдалану, дарынды балалармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеу мүмкіндігі
болып табылады. Электронды оқулық оқу пәнінің негізгі ғылыми мазмұнын
қамтитын компьютерлік технологияға негізделген оқыту, бақұылау, модельдеу,
тестілеу т.б. бағдарламалардың жиынтығы. Электронды оқулық жай оқулықтарға
қарағанда өте тиімді қосымша мүмкіндіктер береді. Атап айтқанда:
- кері байланысты ақпараты іздеу мүмкіндіктері біраз уақыт алатын болса,
электронды оқулық қажетті материалды тез табуға мүмкіндік береді;
- жай оқулықтағы ақпаратты іздеу мүмкіндіктері біраз уақыт алатын болса,
электронды оқулық қажетті материалды тез табуға мүмкіндік береді.
- гипермәтінді түсіндірулерге өту барысында уақытты үнемдеуге көмектеседі.
Электронды оқулықтың ерекшеліктері:
1) оқытуды дараландырады;
2) программалық өнімді қамтиды;
3) тың оқу материалын қамтиды;
4) оқытудың тиімділігін арттырады;
5) оқу әрекетінің өнімділігін артырады,
6) білім алушының оқуға деген қызығушылығын және ынтасын артрады;
7) материалдың ресурстарға кететін шығындарды азайтады;
8) электронды оқулықпен жұмыс істеу сұқбаттық түрде жүргізіледі.
Электрондық оқулық баспасына қойылатын талаптар:
- титулдық бет;
- мазмұны;
- негізгі бөлімі;
- көмекші құжат және утилиттер.
Титулдық бетте – электронды оқулық құралы туралы мәліметтер
беріледі. Электронды оқулықта мәліметке қойылатын талаптар нақты стандарт
бөліміне сай келеді. Негізгі бөлімде электронды оқулық құралының мақсаты
мен тапсырмасы қамтылған оқу материалының барлық көлемін қамту керек. Соған
байланысты қорытынды бақылау тапсырмасы жүргізілу керек. Мұндағы оқу
материалына ғылыми терминологияны қолдану қажерт және ол түсінікті нақты
толық болып, қарама-қайщылық болуы тиіс.
Утилиттер пайдаланушының тіркеуді қамтамасыз етіп, мазмұнын қарау
үшін қажет. Сонымен қатар ағымды, өтпелі, қорытынды тестілеудің өтуін
қадағалайды. Көмекшіде электронды оқулық құралын жұмысын басқару туралы
ақпарат болуы тиіс. Электронды оқулық жарыққа шығарған кезден бастап
қатынас ұйымдастырады. Электронды оқулық мазмұны төмендегідей негізгі
бөлімдерден тұрады:
- теориялық материалдар және оны сабақ өткізу әдістемелерімен
байланыстыру;
- жаттығулар немесе есептер;
- бақылауға араналған немесе тест алуға негізделген материалдар;
- жеке өз бетінше және топпен жаттығуға арналған сабақтарды өткізу
әдістемелері.
Электронды оқулық әрбір адамға дербестік тұрғыдан қатынас жасауға
мүмкіндік беріп, олардың өз бетімен білім алуын қамтасыз етеді және белгілі
бір бөлім бойынша білімді тексеруге мүмкіндік береді. Электронды
оқулықтарды оқыту үрдісінде қолдану сапалы білім берудің қазіргі таңда
өзекті мәселесі екенін ерекше атауға болады. Оқыту үрдісінде компьютерді
қолдануі мақсат емес тек оқыту құралы және бұрынғы оқыту формалары мен
әдістерін толықтырады. Оқыту барысында бағдарламаның жабдықтарын тиімдісін,
пайдалысын көрсете отырып, мамандарды дайындау сапасын арттырады.

1.1 Электронды оқулық құрудың жолдары

Дәстүрлі оқулық баспа негізінде 400 жылдық тарихы бар білім беру
үрдісінде өзгеріссіз кітап. Ал электрондық оқулық құрудың алғашқы қадамдары
персоналды компьютер шыққаннан бастап-ақ жүргізіле бастады. Бірінші
дидактикалық тапсырмаларды жасады. Мысалы, 20 ғасырдың 90 жылдарында мектеп
бағдарламасында педагогикалық бағдарламалар өңделді. Модельдік
экспериментті, тестілеуді, интерактивті шешім қабылдау т.б. фунуциялары
шыңдалды. Ары қарайғы аппараттық және бағдарламалық мүмкіндіктері баспа
негізіндегі аналогтік оқулық құру болып табылады. Қазіргі кездегі
аппараттық және программалық қамсыздандыру өте үлкен деңгейге жетті.
Электрондық оқулық құрудың соңғы жабдықтары: мультимедиа, аудио файл,
гипермәтін, интерактивтілік.
Мультимедиалық технология ол компьютердің ақпараттық және
бағдармалық кешені. Ол ақпараттарды біріктіреді. Әр түрлі формадағы (мәтін,
сызба, дыбыс, видео, анимация) интерактивті режимде жұмыс істеуге рұқсат
береді. Қарапайым оқулықта ақпарат тек бір мәтінмен сызбада көрсетіледі. Ал
электрондық оқулықта мультимедиа технологиясын пайдалануға болады:
1) электрондық оқулық мәтінінің ашық болуымен, ерекшеленген сызған қаріп
түсін, өлшемін әр түрлі альфавит қорымен, математикалық формулаларды
арнайы символдармен, пиктограммаларды пайдалана отырып жасауға болады.
2) Графикалық суреттерді құру өте оңайға түседі (суреттер,
фотосуреттер, кесте, кез келген түрлі графика, гистограмма).
3) Ақпарат анықталған блогынан бағытталғанда дыбыстық фон немесе дыбыс
сигналын пайдалануға болады (суретке, басқару нүктесіне). Автономды
немесе интерактивті режимде дыбыстық бейнелерді динамикалық үрдісте
беруге болады.
4) Видео бейнелерді көп рет пайдалануға болады. Соның ішінде
видеоматериалдарды білім берудегі дайын магниттік тасушыларда немесе
фотопленкада болса.
5) Мультимедиалық технология анимацияларды, суреттерді тірілтуге
мәтіндерді т.б. оқу объектісін пайдалануға мүмкіндік береді.
WEB-те көріністермен қатар аудиофайлдар мен бейнеклиптер де маңызды
роль атқарады. Кез-келген WEB-торап барлық ақпаратты беретін барлық төрт
құралын да бір парақта біріктіре алады.
WEB-құралдарымен ұсынылған мультимедиялық мүмкіншіліктерді
киностудияларда да үнемі қолданады. Экранда фильмге аннотацияны оқып,
жарнаманың плакатын көріп, сонымен қатар актердің кино түсіру барысындағы
әңгімесін естіп және тіпті фильмнің үзінділерін қарауға болады.
Аудиоклиптер немесе дыбыстық файлдар Web-параққа тағы бір өлшем енгізеді.
Ол адамдарға ұсынылған ақпаратты тек көріп қана қоймай, сондай-ақ оны
естуге мүмкіндік береді. Музыка Web-парақ үшін тамаша толықтауыш болып
табылады, себебі дыбысталған парақты қарау қызықтырақ.
Аудиоклипті Web-параққа енгізу кескінге қарағандағы айырмашалағы –
ол дайын файл жүктегенде, яғни ойнатылуында: көріністер мен мәтін бір
мезетте жүктелсе, ал аудиоклип олардан бөлек жүктеліп, парақты қарастырып
жатқанда ойнатыла береді.
Бұл бөлімде аудио файлдардың әр түрлі форматы туралы және Web-параққа
енгізуге болатындай аудиоклиптерді қайдан табуға болатындығы жайлы
жазылады.
WAV кеңейткіші ең бірінші Windows – да шығарылатын аудиофайлдар үшін
пайдаланылады. Алайда WAV файлдары әртүрлі платформадағы компьютерлерде
тыңдауға әрекет жасағанда, проблемалар туындауы мүмкін. Егер біздің WEB-
торабымызға қатынаушылар WINDOWS-та жұмыс істейтін болса, WAV файлдар
идеалды болып табылады. Бүгінде WAV – файлдары барлық жерде қолданылады.
Мультимедиялық жиынтығына кез-келген адам өзіндік аудиофайлдарын
жоғарыдағыдай оңай-ақ жазуға болады. Алдымен дауысты цифрлейтін арзан
микрофон (Microsoft Sound System Kit -дыбыс жазатын бағдарламалық
жабдықтауы және микрофонын ) сатып алу керек. Аса күрделі клиптерді жазу
үшін стереожүйемізді стандартты кабель көмегімен дыбыстық картамен
тікелей қосу қажет.
Клипті таңдау - WEB-параққа дауыс беру үрдісіндегі ең қиын кезеңі.
Бұл бөлімде аудиофайлдарды WEB-параққа орналастырудың бірнеше
тәсілдерімен танысамыз.
Аудиоклиптерді енгізу бұл нағыз мультимедиялық үй парағын жасаудағы
тек бір ғана қадамы. Келесі қадам – бейнеклиптерді енгізу. Бейнеклиптер –
бұл қозғалатын суреттер мен дыбыстарды фильм түрінде үлестіру. Бұл клиптер
әр түрлі болады. Ол нағыз фильмдердің үзіндісінен бастап, атақты бір
адаммен сұхбатқа дейін. Алайда мүмкін болатын көріністер мен дыбыстардың
әртүрлілігі осымен шектелмейді. Аудиоклиптер сияқты, оларды да
гипермәтіндік сілтемелер арқылы немесе тікелей параққа енгізу болады.
Өкінішке орай, бейнеклиптерді қолдануды күрделендіретін бірқатар
кемшіліктері болады. Ең үлкен мәселе ол файл мөлшері. Бейнеклиптер алып
өлшемдерге ие. Әдетте 1-2 Мбайт. Әрбір бейнеклип тізбектеліп және бір-
бірінен кейін жылдам орындалып отыратын жүздеген көріністерден тұрады.
Мысалы, 1 минутқа дейін созылатын бейнеклип 1000 әр түрлі көріністерден
тұруы мүмкін 2-мегабайттық файлды максималды файл максималды жылдамдықпен
жүктеу 10-20 минут уақыт алады.
Ал WWW-миллиондаған қолданушылары WWW 14,4, тіпті одан да аз
жылдамдыққа ие модем пайдаланады. Бұл қолданушылар осындай үлкен файлдың
жүктеуін күтетіні белгілі. Алайда кейде бейнеклиптер жұмсаған уақытпен
күшке тұрады.
Компьютерде бейнеклиптерді көру үшін сәйкес аппараттық және
бағдарламалық жабдықтау қажет. Бұл Windows-та жұмыс істейтін компьютерлер
үшін экрандағы қозғалатын фильмдерді қарау үшін қажетті оперативті жады
көлемі болу керектігін білдіреді. Сонымен қатар, бізге арнаулы бағдарлама
қажет.
Гипермәтін қарапайым мәтіннен айырмашылғы гипермәтін көптеген
гиперсілтемелер арқылы байланысқан мәтіннің бөлек-бөлек бөліктері.
Төмендегі сызбада мәтін мен гипермәтін құрылымы көрсетілген.
Б1
торап 2
торап 3

Торап 4
Торап 5

Әрбір түйінде бір немесе бірнеше сілтемелер болуы мүмкін (кілттік сөз,
алмасу нүктесі ерекшеленген графикалық элементтер түрінде) олардың
көмегімен келесі түріне өтуге болады. Гипер мәтіннің ашық құрылымы келесі
мінездемелерге ие бөліктерінің ақпаратты әртүрлі өлшемде бөліктер
арасындағы гиперсілтемелер пайдалануға бір бөліктен екіншіге өтуге рұқсат
береді. Жүйелік принцип сілтеме құрылымы ретінде жүреді. Гипермәтіннің
барлық элементтерін пайдаланушыларға бір мезетте шығуға көмектеседі.
Пайдаланушы қатарыннан динамикалық бақылау гипермәтінде қайда беру
керектігін шешеді.
Гипермәтін – қосымша элементтерді басқару мақсатында ішіне арнаулы
код, яғни екпінді (anchor) орналасқан мәтін. Ол мәтін ішіне сурет, дыбыс
енгізу, мәтінді пішімдеу (форматтау) ісін орындайтын немесе осы құжаттың
басқа бөлігіне сілтемесі бар алғашқы нүкте ретінде қарастырылатын
белгіленген сөз. Сөзді ерекшелеп белгілеу дегеніміз – келесі көрсетілетін
құжат бөлігі қалай бейнеленетінін анықтайтын айырықша кодты осы сөз ішіне
енгізу.
Гипермәтінді бейнелеу үшін броузер (browsers) деп аталатын арнайы
көрсету бағдарламалары қолданылады. Гипермәтін экранда белгіленген
қарапайым сөз ретінде тұрады, егер курсорды сол сөзге жеткізіп, тышқанды
шертсек (ENTER пернесін бассақ), онда сонымен байланысты (ол сілтеп тұрған)
басқа құжатты оқимыз. Ол құжаттар мәліметтер ішіндегі басқа парақтарда
немесе Web жүйесіндегі басқа тораптарда орналасып, бейнежазба, сурет,
жазылған дыбыс күйінде болуы мүмкін.
HTML тэгтері құжаттың жолдарын туралау, экран фоны мен мәтін
әріптерінің түсін басқаруға мүмкіндік беретінін білеміз. Тэгтердің
көмегімен мәтін ішіне әртүрлі суреттер енгізіп, олардың айналасына мәтін
жазу, сондай-ақ парақтарды безендіруге болады. Сол себепті осы әрекеттерді
орындай отырып, мазмұнды, әрі тартымды Web-құжаттарды құруға мүмкіндік бар.
Web – құжаттарды кәдімгі газет-журналдар сияқты оқитын болғандықтан,
Web – жарияланымдар деп те атайды.
HTML тэгтерінің ішінде гипермәтіндік сілтемелер де құруға арналған
арнайы тобы бар. Гипермәтіндік сілтеме дегеніміз басқа Web – парақтардың
желілік адресімен байланысқан мәтіннің немесе суреттік бейненің
ерекшеленген бөлігі. (Әдетте гипермәтіндік сілтемелер астын сызу немесе
басқа түспен ерекшеленеді).
Интерактивтіліктің үш түрі бар:
1). Реактивті интерактивтілікте оқушылар бағдарламада берілген
тапсырмаларда ғана жауап береді. Оқушы еркін өзін қызықтырған тақырыпты аша
алады бірақ мазмұнын өзгерте алмайды.мұндай тапсырма оқып жатқан материал
бойынша демокстрация немесе бірінші таныстық болуы мүмкін.
2). Нақты интерактивтілік бағдарламаларды оқушылар басқарады. Олар
белгіленген тапсырманы бағдарлама тәжірибесімен орындай ма,әлде өз
беттерімен орындай ма,өздері шешеді. Берілген тапсырмалар типі
гипермәтіндік белгі немесе электрондық анықтама құрылымын
таңдайды.(Энцеклапедия берілгендер базасы). Сызықтық емес оқыту моделі
пайдалануға өз бетімен оқуға мүмкіндік береді. Әр түрлі білім
стратегиясымен қарулануға мүмкіндігі зор. Сызықтық емес оқу моделі
қашықтықтан оқытуда тиімді.
3). Өзара интерактивтілік – оқушылар мен бағдарлама бір-бірімен оңай
байланысады. Ол үлкен диапозонда бола тұра ақпарат мазмұнына әсер етуге
мүмкіндік береді:
- тышқан тетігімен экрандағы объектілерді басқару;
- гиперсілтемелерді пайдаланып иеархиялық новигация жасау;
- анықтамалық, диалогтық функция;
- өте әсерлі, егер ақпаратты таныстыруға икемді болса;
- кері байланыс бағдарлама реакциясы пайдаланушының қимылына баға мен сапа
беру , бұл реакция экранға шығады.
Электрондық сабақ- көлемі аз немесе практикалық пайдалану маңызына орай
одан да кіші құрамды бөліктерге бөлуге келмейтін белгілі бір шағын
тақырыпты оқытуға арналған қысқа компьютерлік бағдарлама.

1.2 Электрондық оқулықтың құрылымдық ұйымдастырылуы

Электрондық оқулықтың дамуындағы келесі баспалар оның мазмұнының
дискретті фрагментерден динамикалық қалыптасуы. Оқулық фрагменттерін оқулық
тармақтарының иерархиясына сәйкес бөліп қарастыруға болады. Бірінші кезеңде
бұл пайдаланушыға бірегей сұраныс жасау арқылы кез келген деңгейдегі оны
қызықтырған тармақтағы мәтінді алуға мүмкіндік береді. Электрондық оқулықты
жетілдіру жолындағы тағы бір қадам материалды қарапайымдандыру немесе нақты
бір тақырыпты оқытуға бағытталған модификацияларын жасауды айтуға болады.
Бұл міндет модификацияға алдын – ала беріліп қойған фрагменттерін енгізу
арқылы жүзеге асырылады. Ал ендігі ең маңызды қадам материалдардың баяндалу
тәртібін ескеретін оқулық фрагменттері арасында ақпараттық байланыс
құрылымын жасап, енгізу болып табылады. Әрине, бұларды ашып көрсету
әзірлеушіден айтарлықтай уақыт шығынын талап еткенімен электрондық
оқулықтың сапасы бұл жағдайларда бір деңгей жоғары тұрады. Бірден алынған
құрылымын курсты әзірлеушіге материалдың баяндалу тәртібін бақылауға
көмектеседі. Екіншіден оқулық тармақтары арасындағы ақпараттық байланыс
құрылымын пайдалану арқасында пайдаланушының қажеттіліктеріне сай
модификацияны автоматты қалыптастыруға мүмкіндік туады.
Қазіргі кезде оқулықтарға келесі талаптар қойылады:
1. Таңдап алынған курс бойынша ақпарат жақсы құрылымданған және
курстың жаңа ұғымдар саны шектеулі аяқталған фрагмент түрінде болу керек;
2. Әр фрагмант ақпаратты тек мәтін түрінде емес, сондай – ақ, аудио
және видео түрінде ұсыну керек;
3. Мәтіндік ақпарат тірі дәрістің кейбір бөлігін қайталау мүмкін;
4. Күрделі модельдер мен құрылғылар бейнеленген иллюстрацияларда
лездік түсіндірме болу керек. Ол иллюстрацияның жеке элемменттері бойынша
(карта, жоспарлар, сызба-нұсқалар, бұйымды құрау сызулары, обьектіні
басқару пульттері және т.б.). Курсорды қозғағанда синхронды түрде пайда
болып немесе жоғалып отыруы тиіс.
5. Мәтіндік бөлім бөлімі қажетті ақпаратты іздестіруге кететін
уақытты азайтуға мүмкіндік беретін көптеген түйіспелі сілтемелер және
қуатты іздестіру орталығымен қатар жүру керек;
6. Кәдімгі баяндау кезінде түсіну қиын тармақтар видео ақпарат
немесе анимациямен көмкерілуі қажет. Мұндай жағдайда дәстүрлі оқулықпен
салыстырғанда пайдаланушының уақыт шығыны 5-10 есе азаяды;
7. Көп жағдайда негізгі, тіпті, оқулықтың мазмұнды бөлігі болып
табылытын аудио ақпараттың болуы міндетті.
Оқулықтың теориялық бөлігі үшін жоғарыда айтылғанды былай түсінуге
болады:
- барлық материал блоктарға, яғни тараулар мен тармақтарға
жіктеледі;
- тармақтардың жалпы менюі басты бетпен шақырылуы мүмкін;
- әр нақты тармаққа тек сол меню арқылы ғана кіруге болады;
- тармақтарда өз кезегінде ондағы тақырыптарға жолдайтын өз менюі
болуы керек;
- жекелеген нақты тақырыбы бар бетті тек тармақ менюінен ғана
шақыруға болады;
- беттер арасында қозғалу тек оларды біріктіріп тармақ ішінде ғана
жүзеге асады;
- оқулықтың әр түрлі беттері арасында түйіспелі навигация тек
әдістемелік мақсатқа сәйкес ғана жүргізілуі тиіс (мысалы, анықтама алу
үшін, немесе түсіндіріліп отырған материалға қосымша түсінік анықтама беру
үшін).
Оқу материалын меңгеру процестерінде оқушылырдың ағымдағы, мысалы,
терминология өлшемі бірліктер жөнінен анықтамалық ақпаратты шұғыл алатындай
мүмкіндігі болатындығы абзал. Ол үшін белгілі жүйесі бар жекеленген беттер
жасап қажетті белгіге оқулықтың кез келген бетінен гиперсілтеме арқылы
ауысуды қамтамасыз ету керек. Алғашқы орынға қайтып келу бұл жағдайда
браузерді басқару панеліндегі кері кнопкасы арқылы жүзеге асады.
Оқушылардың тармақтарын жасау оларды құрылымның ауыстыру және өзгерту үшін
арнайы бағдарламаның қамтамасыздандыру әзірленген.
Электрондық оқулықтың негізгі функциялары мен мүмкіндіктері:
- оқыту процесінің оптимизиясы мен модернизациясы;
- оқу материалын өз бетінше оқу мүмкіндігі;
- білім беру процесінің көп деңгейлігін вариациялығын, икемділігін,
тұлғалық бағдарын қамтамасыз ету;
- оқушының әлеуметтік және кәсіби белсенділігі, матевация деңгейін
көтеру;
- дүниетанымын кеңейту;
- танымдық және кәсіби әректтердің модельдерін қалыптастыру;
- оқулықты қашықтан оқыту және өздік жұмыс құралы ретінде қолдану.

1.3 Электронды оқулық мазмұнының толықтылығына қойылатын талаптар

1) Адаптивтілігі. Электронды оқулық тағайындалуының бағдарламалық құралдары
қарым-қатынас жасау мәнерін, оқушының білім деңгейін және жұмыс істеу
қабілетін ескерген жөн. Сонымен қатар оқушының білім деңгейінің
жоғарлауына байланысты оқылатын мәселе қиындығының дәрежесінде көтеру
керек.
2) Өзектілігі. Электронды оқулық тағайындалуының бағдарламалық құралдары
таңдап алынған пән бойынша жетімді формада ең соңғы ақпараттапрдың бар
болуын қамтамасыз етуі.
3) Императивтілігі. Электронды оқулық тағайындалуының бағдарламалық
құралдары білім берудің индуктивті және дедуктивті әдістерін іске асыру
алгоритмінен және оқушыдан әр түрлі іс-әрекетті (жазу, сызу, және т.с.с)
талап етектін сұрақ жауаптардан құрылуы қажет.
4) Қолданулығы. Электронды оқулық тағайындалуының бағдарламалық құралдары
аудиторияның қажеттіліктерін және бар компьютерлер мүмкіндігін
максимальды ескеру қажет.
5) Әдістемелігі. Электронды оқулық тағайындалуының бағдарламалық
құралдарында оқытудың тиімді әдістері болу қажет. Олар оқушының
меңгергерілген оқу материалын қысқа есте сақтауда ұзақ мерзімге есте
сақтауға жібері үшін жасалатын іс-әрекеттері.
6) Көпдеңгейлігі. Электронды оқулық тағайындалуының бағдарламалық
құралдарында көмек сыбыр сөздер және әдістемелік нұсқау деңгейлері
өзгеріп отыру қаждет. Оқытудың бастапқы кезеңдерінде оның деңгейі
жоғары, ал оқушының оқу материалын меңгерунің сәтті болуына байланысты
бұл деңгей төмендетілуі керек.
7) Мотивация берушілігі.Электронды оқулық тағайындалуының бағдарламалық
құралдары оқуышының визуальды қызықтыратын ойындармен зертелінетін
тапысрмалармен мәселелі есептермен жұмыс істеу әрекетін және бақылау
жұмыстарын қадағалау іс-әркеттерін қолдау қажет.
8) Көркемділігі.Электронды оқулық тағайындалуның бдағдарламалық
құралдарында оқу материалды есте сақтауға, қорытындылауға мүмкіндік
беретін тиімді иллюстрациялар (суреттер, сызбалар, сызулар және басқа да
визуальды объектілер) болуы керек.
9) Материалды ұсынудың ғылымилығы. Электронды оқулық тағайындалуның
бағдарламалық құралдарында, оқу материалын ұсынуды ғылыми терминология
(терминдердің анықтамалары) қолдану қажет.
10) Қайталанбайтындығы. Электронды оқулық тағайындалуның бағдарламалық
құралдарында білім берудің алдыңғы деңгейіндегі өткен білімдер болмауы
қажет.
11) Бітпейтіндігі. Электронды оқулық тағайындалуның бағдарламалық
құралдарында оқушының көңілін аулайтын оқу мақсатқа жету үшін жол
беретін, оқу материалы.
12) Сұқрақтардың дұрыс құрылуы. Электронды оқулық тағайындалуының
бағдарламалық құралдарында сұорақтар дұрыстығын таңдау үшін емес ең
алдымен оқушының өз бетімен шешім қабылдау қабілеттілігін жетілдіру үшін
қажет.
13) Біртектілігі. Электронды оқулық тағайындауының бағдарламалық құралдары
оқу материалының біртектес бөлімін басқалардың білім деңгейінің
төмендігі үшін ерекшелеу керектігі.
14) Оперативтілігі. Электронды оқулық тағайындалуының бағдарламалық
құралдары оқушылардың берген жауаптарының арасында қателіктер болуы
мүмкіндігі және оны болдырмау үшін қажетті алдын-ала айтылатын сөздер.
15) Модульдігі.Электронды оқулық тағайындауының бағдарламалық құралдарында
материдар модульдерге немесе блоктарға бөліну қажет.
16) Түсініктілігі.Электронды оқулық тағайындалуының құралдарында оқу
материалын ұсынуда тілдің лексикалық және синтаксистік жетімділігінің
болуы.
17) Тізбектілігі. Электронды оқулық тағайындалуының бағдарламалық
құралдарында бір модуль ішіндегі жаңа оқу материалы алдыңғы оқу
материалымен логикалық байланыс болу керек.
18) Қолданбалылығы. Электронды оқулық тағайындауының бағдарламалық
құралодары оқушыға негізгі түсініктемелерді ұсынғаннан кейін оны
практикада қолданулылығын қаматассыз ету керек.
19) Сұрақтардың мазмұндылығы. Электронды оқулық тағайындауының
бағдарламалық құралдарында ақпараттың мазмұнын түсінбейінше жауап
қайтарылатын сұрақтар болмау керек.
20) Тест жауаптарының өтілген материалға сәйкес жасалынуы. Электронды
оқулық тағайындалуының бағдарламалық құралдарындағы барлық жауаптар
(дұрыс және қателері) ұсынылған оқу материалына сәйкес жасалынуы қажет.
21) Толықтылығы. Электронда оқулық тағайындалуының
бағдарламалық құралдарында ұсынылағн тақырып немесе пән бойынша оқушыда
жалпы көрініс болатындығына қамтамассыз ету қажет.
22) Нақтылылығы. Электронда оқулық тағайындалуының
бағдарламалық құралдарында жаңа ұғымдардың маңыздылығын түсіндірудің
нақтылығы.
23) Тиімділігі. Электронды оқулық тағайындалуының
бағдарламалық құралдары бойынша білім беру процесі және әдістемелік
мақсаттарға жетуі.

1.4 Тестке қойылатын талаптар

Тест өзін-өзі тексеру сұрақтары және сұрақтар өте жақсы
ойластырылған және логикалық ойлануды қажет ететіндей жасалынуы қажет. Тест
төмендегдей формалардың біріндей және олардың комбинациясы түрінде
құрастырылуы тиіс.
- жабық ұсынылған жиыннан оқушы бір не бірнеше дұрыс жауапты
таңдайды;
- ашық, оқушы белгілі бір сандық немесе мәтіндік өрнек түрінде жауапты
енгізеді және өздігінше жауапты ойластырады;
- сәйкестікке негізделген анықтауға негізделген. Тізімдегі элементтер
жиынынан оқушы дұрыс жауапты көрсетеді.
Тестік тапсырмаларға қойылатын талаптарға сай тестер білім, білік,
дағдының шынай объективті бағасын алуға оқытудың жекеше қарқынын анықтауға
сондай-ақ білікті маманды дайындаудағы проблемаларды анықтауға мүмкіндік
береді. Әрбір электронды оқулықтағы тестік тапсырмалар төмендегідей
талаптарға сәйкес жасалуы тиіс:
1. өзін-өзі тексеру жүйесіндегі ең маңызды талап тестілік тапсырмалардың
өте көп болуымен сипаталады. Бұл сұрақтардың жиынтығы өзінің мазмұны мен
бүкіл кітап материалын қамтамасыз ету керек. Сонымен қатар бұл сұрақтар
емтиханды тестілеу кезінде де қолданылуы да мүмкін.
2. сұрақтар оқушыға кез келген ретпен берілуі тиіс. Бұл оқушының ретпен
дайындалған сұрақтардың механикалық есте сақтау мүмкіндігін жояды.
3. сұрақтар нөмерімен немесе кез келген символдық белгіленулерден басталмау
керек. Оқушы әр кез сұрақты оқып, оның мағынасын түсіну керек немесе
сұрақты оны берілу ретімен немесе ондағы белгіленген символ бойынша емес
сұрақтың мазмұны бойынша есте сақтау қажет.
4. сұрақтардың мүмкін жауаптары да кез келген ретте берілу тиіс.
5. тестерге жауап беруге жұмсалаған уақыт белгілеу керек. Сонымен қатар бұл
уақытқа шектеулер қойылу қажет. Уақытты белгілеу сыбыр сөзбен күресудің
бір амалы: егер сұрақтар көп болса, онда олардың жауабын іздеуге немесе
өте үлкен сыбыр сөз не бүтіндей қағазды кітап қажет. Бірақ жауапты осылай
іздеуге өте көп уақыт кетеді және уақыт бойынша жалпы нәтиже керісінше
болуы мүмкін. Өзін-өзі тексеруде жақсы нәтижеге жету үшін сұрақтардың
жауабы дұрыс қана емес, сонымен қатар жылдам беруде қажет. Сұраққа жауап
беру үшін тәжірбие көрсеткендей орташа жеткілікті уақыт 1 минут.
6. сөз бір кітап ішіндегі тестілік жүйесі туралы болып жатқан жоқ, әрбір
тақырыпты өткеннен кейін оқушының оқу материалын меңгеру деңгейін
тексеруге мүмкіндік беретіндей сұрақтардың барлық жиынтығын тақырып
бойынша реттеу емтиханды немесе сынақ жүйесін тұрғызу кезінде аса қажет.
Ол кітаптың барлық тақырыптары бойынша сұрақтардың өзін-өзі тексеру
жүйесіндегі бар сұрақтармен салыстығанда өте аз мөлшерін қолдануға
мүмкіндік береді.
7. тестік жүйеде оқушыға әрбір сұрақ бойынша жауап дұрыстығының деігейінің
бағсы кіргізілуі қажет. Бұл талап ылғида оқушылардың наразылығын
тудыруда. Олардың пайымдауынша компьютер баға қоймау керек. Машина адам
білімінің деңгейін анықтау мүмкін емес және т.с.с.
8. компьютерде тест қолдануда қарапайым болу керек. Экрандағы сұрақтар
дизайнермен көрікті түрде істеліну керек. Кез келген жағдайда экранда
басқару нүктелері болу керек және сыбыр сөз инструциясы экранда ылғида
оларды сұрақтарды көрсетпей тұрып алмай оқушының әрекеті бойынша оған
қажет уақытта көрсетілу қажет.
9. тестілік сұрақтар және олардың жауаптарының нұсқаулары бойынша мазмұны
түсінікті болу керек жіне бұл қажет тілік өзін- өзі тексеру жүйесінің
құраушыларымен ғана емес, сонымен қатар кітаптың мазмұнды бөлімімен және
тестік сұрақтарға байланысты болу керек.

1.5 Электронды оқулықты көрнекілеуге қойылатын талаптар.

Электронды оқулық меңгеруді жеңілдету мақсатында оқу материалын
эстетикалық және қолайлы ұсынатындай етіп, өңделу керек. Электронды
оқулықтың ақпараттық тығыздығын арттыру үшін мәтін ақпаратын арнайы
дидактикалық құралдармен бөліп көрсетуге болады (астын сызу, дыбыстық
эффектілер, анимация, түсін өзгерту).
Дисплей экранында орналасқан мәтінді қабылдау процесіне көптеген
факторлар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Электронды оқулықтарды құру технологиясы
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚТЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
Электронды оқулықтарды сабақта пайдалану тиімділігі
Электронды оқулықтар және бағдарламалар
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚТЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Тәжірибе орны
Электронды оқулық құрылымы
Электронды оқулық, ерекшелiктерi және оның оқыту үрдiсiне тигiзетiн пайдасы
Электрондық оқулықтар жасау
Қазақ этнопедагогикасы пәнінің электронды оқулығын дайындау жайында
Пәндер