Оқушылардың жеке пәндерін оқыту үдерісінде танымдық міндеттерін қалыптастыру


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:   

АНЫҚТАМАЛАР, БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

Диссертацияда мынадай терминдер сәйкес анықтамаларымен қолданылады.

ҚР - Қазақстан Республикасы

Білім - адамзаттың жинақтаған тәжірибесі, заттар мен құбылыстарды, табиғат пен қоғам заңдарын тану нәтижесі.

Оқу - мектеп жасындағы балалардың негізгі таным әрекеті.

Дағды - бұл қайта-қайта орындалатын практикалық әрекетке машықтандыру.

Іскерлік - алған білім негізінде оқушылардың практикалық әрекеті іске асырылады.

Шығармашылық - өте күрделі психологиялық процесс. Ол іс-әрекеттің түрі болғандықтан, тек адамға ғана тән.

Қызығу - бұл оқушының объекті немесе құбылысты меңгеруге ұмтылысында белгілі әрекет түрін игеруде көрінетін танымдық қажеттену формасы.

Дамытып оқыту - бұл оқушылардың таным іс-әрекетін барынша дамыту, яғни олардың ой-өрісін дамыту, өз бетімен жаңа білімді іздеп табуға және оны еркін игеруге үйрету.

Оқытудың білім беру функциясы - бұл адам баласын білім байлығымен қаруландыру, оны өз бетімен білім алуға іскерлік пен дағдыны игеруге даярлау.

Проблемалы оқыту - бұл ғылым негіздерін оқып білу үдерісінде жеке адамның жалпы және арнайы қабілеттінің дамуы, танымдық қабілеттерінің қалыптасуы.

Проблемалық ситуатция - пайда болған құбылыстарды, фактілерді адамның түсіндіре алмай қиыншылық жағдайға ұшырауын айтады.

Алгоритм - бұл тіпті қажетті іс-әрекеттерінің жиынтығы, оларды есептеп шығару, өндірістік не лабораториялық операцияны өткізу үшін дәл көрсетілген бірізділікпен орындау қажет.

Проблемалы баяндау әдісі - сабақта тақырып бойынша мұғалім оқушыларға проблемалық сұрақ қояды, проблеманы өзі шешеді.

Мотивациялық компонент - оқу-танымдық іс-әрекетте оқушының ғылыми білімді меңгеруге құштарлығы, жаңашылдыққа белсенді ұмтылуы, танымдық қызығушылығы мен шығармашылық дербестікке саналы талаптануы, өзінің меңгерген білімін құндылық бағдары ретінде түсінуі.

Мазмұндық компонент - әлемнің бір тұтас бейнесін танымдық талдау тұрмысында терең түсінуі, оқу-танымдық іс-әрекетте білімдік кеңестігін құру, шығармашылық ойлау арқылы ғылыми білімді меңгеруі, проблемалық тап-сырмалар мен мәселелерді нәтижелерге жетудің әдіс-тәсілдерін және оның оңтайлы жолдарын меңгеруі, білімді танымдық белсенділікпен меңгеруді басты бағдар деп түсінуі.

Процессуалдық компонент - жеке тұлғаның оқу-танымдық іс-әрекетте ізденімпаздық танытып, белсенді ойлауын қалыптастыру арқылы интеллектуалдық білім шеберін кеңейтуі; өзінің танымдық іс-әрекетіне рефлексивтік бағытының болуы және өзінің білім мен білік, дағдыларын жаңа жағдайда ұтымды пайдалана білуі.

Мазмұны

Аннотация . . . 3

Анықтамалар, белгілеулер мен қысқартулар . . . 4-5

Кіріспе . . . 7

  1. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ-ТАНЫМДЫҚ ПСИХОЛОГИЯ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ. 1. 1. Оқу-танымдық қызығушылықтың психологиялық негіздері . . . 9-23

1. 2. Бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық қызығушылығының негізінде шығармашылық қабілеттерін дамытудың ерекшеліктері . . . 24-39

  1. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ-ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІНДЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУДЫҢ БАҒЫТТАРЫ2. 1. Бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық шығармашылығының деңгейлері мен түрлері . . . 40-51

2. 2. Бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық шығармашылығын дамыту әдістері . . . 51-69

Қорытынды . . . 70-71

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 72-75

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі: Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің әлеуметтік, қоғамдық өзгерістер жаңа әдіснамалық жүйені жасауда дәстүрлі оқыту үдерісіне жаңашылдық сипатта қайта қарап, оқытудың жаңа технологияларының табиғатын түсіне отырып, оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендірудің қажеттілігін негіздейді. Бұл мәселенің басты ерекшелігі оқытудың нәтижесін алдын-ала болжап, оқушылардың білім алуы барысында іздену-зерттеу және өз бетімен білім алу жүйесін, алған білім өмірдің жаңа жағдайларында пайдалана білу арқылы танылады. Әсіресе, оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру проблемасы қазіргі уақытта бастауыш сынып мектептері үшін өзекті мәселе күйінде қалып отыр. Сондықтан қазіргі бастауыш сынып мектептері жағдайында оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру маңызды міндет, ғылыми проблема.

Оқушыларының ойлау дәрежесі мен дербес іс-әрекеттегі белсенділігінің қалыптасуына жан-жақты жағдай жасап, мектепке берілетін ғылыми білім сапасын жаңа заман талаптарына сай іріктеу мен меңгерту міндеттері олардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруге тікелей байланысты. Осы күнге дейін, негізінен эмперикалық деңгейде қалып келген дәстүрлі оқытудың жүйесі мен заман талаптары арасында пайда болған диалектикалық қарама-қайшылық қазіргі мектептердегі оқытудың жаңа сапалық деңгейін қажет етуде. Оқушыны даяр білімді қабылдаушы объект емес, білімді өз бетімен ізденуші субъект ретінде қарау оқыту жүйесін соған лайықтаудың қажеттігі артуда.

«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында» әлемдік білім кеңістігіне ықпалдастырылған және жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктен қанағаттандыратын білім берудің ұлттық моделін қалыптастыруға бағытталған міндеттер белгіленген. Әсіресе, Қазақстанның халықаралық білім кеңестігіне енуге бағытталған шарттары ретінде әлемдік стандартқа сәйкес білім беруге көшіруді басты фактор деп құрастырылады.

Көрсетілген міндеттердің толық жүзеге асыру бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруге тікелей байланысты десек қателеспейміз. Сондықтан жеке тұлғаға өзіндік құндылық ретінде қарап, оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруде дәстүрлі оқыту әдістерін әлемдік білім кеңістігіндегі оқытудың озық технологияларын толықтыра отырып оқу үдерісін жетілдіру міндетіміз.

Осыған орай бастауыш сынып мектептерінде берілетін білім мазмұнын жаңарту, оқытуды белсендірудің жаңа әдістемелік жүйесін жасау, ең алдымен, оқушының жан-жақты жетілуіне, ойлау белсенділігі мен ізденімпаздылығының қалыптасуына, нәтижесінде шығармашыл жеке тұлғаның қалыптасуына қызмет етуі тиіс.

Оқу-танымдық іс-әрекетті белсендірудің негізгі бағыты жеке тұлғаны қоғамның ең маңызды құндылығы ретінде танып, оның рухани дүниесінің баюына, танымдық белсенділігінің қалыптасуы арқылы интеллектуалдық-шығармашылық мүмкіндігінің жоғары деңгейге жетуіне, жан-жақты дамуына жағдай жасау.

Тарихи тұлғалар, ғұлама ғалымдар Әл-Фараби, Ж. Баласағұни білім, тәрбие мәселелері жайлы ілімдері мол рухани мұра. Әл-Фараби алған білімнің философиялық негізін салып, ол білімді философиялық категория және бүкіл танымның даму процесіне қалыптасқан азамат мәдениетінің рухани қазынасының жиынтығы деп қарастырады.

Елімізде оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру мәселесіне байланысты соңғы кезеңдері зерттеулердің мынадай бағыттары дамып келе жатқанын атап көрсетуге болады: оқыту үдерісіне оқушылардың танымдық қабілеттерін жетілдіру мәселесіне (С. Смаилов, А. Е. Әбілқасымова, Т. Сабыров, Р. С. Омарова, Н. Қ. Тоқсанбаева т. б. ) ; оқытуда халықаралық педагогика элемент- терін пайдалану мәселесі (Қ. Бөлеев, К. Жарықбаев, т. б. ) ; жеке тұлғаға бағытталған білім берудегі жаңа педагогикалық технологиялармен оқыту (А. А. Бейсенбаева, С. Қ. Мұханбетова, О. С. Сәлімбаев, т. б. ) ; оқыту үдерісін жетілдірудің маңызды объектілері (Б. К. Момынбаев, О. С. Сыздықов, Е. Омар, М. Н. Сарыбеков) жеке тұлғаны қалыптастыруда оқыту мен тәрбиені сабақтастыру мәселесі (Л. К. Каримов, Л. Байсерке, Б. А. Тойлыбаев, А. Ғ. Қазмағанбетов) .

Дидактикалық және тәжірибелік тұжырымдамалар мен жүйелер құрған жаңашыл идеяларды ұсынып, жүзеге асырған көрнекті педагог-жазушылар мен психологтар педагогикалық үдерісте тұлғаны субъект ретінде дамытуға, соны-мен қатар оқушылардың шығармашылығын дамыту қажеттілігін мойындап отыр. XX ғасырдың басында тұлғаның шығармашылығын дамытуды таңдамалы педагогикалық, психологиялық шығарма (Блонский. П. П. ), шығармашылықтың психологиялық зерттеу мәселелері (Пономарёв. Я. А. ), шығармашылық психоло-гиясы (Лук. А. Н. ), шығармашылықтың алгоритмдік деңгейлерін, педагогикалық қабілеттер (Крутецкий. В. А. ), (Рубинштейн. С. Л. ) «Жалпы психологияның негіздері» еңбегінде іс-әрекеттің қабілет дамытудағы рөлін нақтылады, оқушылардың ақыл-ойын дамыту мәселелері (Выготский. С. Л. ), дарындылық және қабілеттілік, музыкалық қабілеттер (Теплов. В. М. ), шығармашыл және оны орындаушылық қабілеттер (Махмутов. М. И. ), педагогика және практикалық психология (Басова. Н. В. ) және т. б. ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапқан.

Бүгінгі таңда мектеп практикасында қолданыс тауып, ізгі нәтижелер беріп жүрген білім беруді ізгілендіру технологиясы (Амоношвили. Ш. А. ), тірек сигналдар арқылы оқыту технологиясы (Шаталов. В. Ф. ), дамыта оқыту технологиясы (Давыдов. В. В., Занков. Л. В., Эльконин. Д. В., Лысенкова. С. Н. ) .

Сонымен бірге Республикамызда оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту бойынша бір қатар зерттеулер жүргізілді. (Қараева. Ж. А. ) деңгейлік саралап оқыту технологиясы, модульдік оқыту технологиясы оқытушыны дамыту құралы (М. М. Жанпейісов), факультативтер және үйірме жұмыстары арқылы қабілеттерді шығармашылық деңгейге көтеру (В. Д. Чернов), оқушыларды сөз өнеріне баулу арқылы көркем-шығармашылық қабілеттерін дамыту (Қ. Ә. Жаманбаев), оқушы шығармашылығын дамытудың дидактикалық мүмкіндіктерін ғылыми-педагогикалық тұрғыдан тұжырымдау (А. Б. Мырзабаев), студенттердің шығармашылық және іскерлік дағдыларын қазақ ою-өрнектері арқылы қалыптастыру (М. А. Сутеева), шығармашылық іс-әрекетке оқытудың ғылыми-дидактикалық негіздерін анықтау (Ж. Балкенов), бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін оқыту барысында дамыту (Б. А. Тұрғынбаева) және ойын әрекеті арқылы шығармашылық қабілеттерді дамыту (М. Мұхамедин), оқушыларды еңбекте баулудағы техникалық шығармашылықты дамыту (М. Қ. Қаламқаев, А. П. Сейтешов, О. С. Сыздықов, бастауыш сыныпта халықтық тәлім-тәрбие берудің шығармашылық жолдары (Р. Наурызбаева мәселелері тереңінен зерттелген.

Келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасатты, мәдени, ғылыми өрісі озық азамат етіп тәрбиелеу-білім жүйесінің әлемдік кеңістікте ену қарсаңында қай ұстаздың болса да алдына қойылған мызғымас міндет.

Қазіргі кезде мамандық атауларының барлығы бейімділікке, ептілік, шап-шаңдылықты, ерекше ой қызметін, мол шығармашылық мүмкіндікті, өзін қоршаған түрлі жағдайларға тез икемделіп қана қоймай, оларды керекті бағытына шығармашылықпен бұра білу қабілеттігін және танымдық қызығушылықтары арқылы білім алуға және оны меңгеруге талпындыруды қажет етеді. Осы мәселенің шешімін табу біздің зерттеуді айқындап, тақырыпты бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылықтары дамытудың әдістері деп таңдауымызға негіз болады.

Зерттеу мақсаты: Оқушылардың жеке пәндерін оқыту үдерісінде танымдық міндеттерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттері мен қызығуын жетілдіру жолдарын теориялық және практикалық тұрғыда негіздеп, әдістемелік жағын қарастыру.

Зерттеу нысаны: Оқушылардың оқу тәрбие үрдісі барысындағы оқу танымдық белсенділігін жетілдіру.

Зерттеу пәні: Оқушыларының танымдық қызығушылықтары шығармашылық қабілеттерін оқыту үдерісінде дамыту бағыттары.

Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер оқыту үдерісі дамытушылық және тұлғалық бағдарлы тәсілдер біртұтастығы мен танымдық қызығушылықтары негізінде құрылып, оқушылардың жүйелі, тұрақты ұйымдастырылған шығармашылық әдеттеріне жағдай жасалса онда оқушылардың оқу танымдық шығармашылық қабілеттерінің дамуы нәтижелі болар еді.

Зерттеу міндеттері:

1. Бастауыш сынып оқушыларының оқу танымдық қызығушылығының психологиялық негіздерін айқындау ;

2. Оқушылардың оқу танымдық қызығушылығы негізінде олардың шығармашылығын дамытудың психологиялық-педагогикалық бағыттарын қарастыру ;

3. Бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық шығармашылығының деңгейлері мен түрлерін қарастыру ;

4. Бастауыш сынып оқушыларының оқу - танымдық шығармашылығын дамыту әдістерін анықтау ;

Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасында қабылданған ресми құжаттар, Қазақстан Республикасының Конститутциясы, білім беру туралы заңы, тұжырымдамалар, жарғылар, нұсқаулар, бағдарламалар, т. б. зерттеліп отырған мәселе бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық, тарихи деректер, мерзімдік басылым ақпараттары, мұғалімдерінің озат тәжірибелері, педагогикалық инновация және оқытудың қазіргі педагогикалық технологияларын пайдалану.

Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесі бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау, озат педагогикалық іс-тәжірибелермен танысу, пікір алысу, сауалнама, бақылау, әңгіме, тест әдісі және оқушылардың еңбектерін талдау.

Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, , қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі негізделді, ғылыми ақпараты анықталды (зерттеудің объектісі, пәні, мақсаты, болжамы, міндеттері берілді)

"Оқушыларының оқу-танымдық" қызығушылығын арттырудың психологиялық-педагогикалық негіздері атты бірінші бөлімде оқушылардың оқу танымдық қызығушылығын дамыту мәселесінің психологиялық-педагогикалық әдебиеттердегі талдануы негізінде «танымдық іс-әрекет», «танымдық қызығушылығын», «оқушылар шығармашылығы» мазмұнына педагогикалық талдау жасалды. Оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін айқындау, олардың қызығушылықтарының табиғатын саралау арқылы оқушылардың оқу-танымдық шығармашылығын дамытудың өлшемдері мен көрсеткіштері, деңгейлері сипатталды.

"Оқушыларының оқу-танымдық қызығушылығы негізінде шығармашылық қабілеттерін дамытудың бағыттары" атты екінші бөлімде оны дамытудың мүмкіндіктері сипатталып, оқу-танымдық шығармашылықты дамытудың бағыттары, жаңа педагогикалық технологиялары көрсетілді. Сонымен қатар, зерттеу мәселесіне байланысты педагогикалық эксперимент нәтижелері көрсетіліп, оның тиімділігі дәлелденді.

Қорытындыда ғылыми болжамды дәлелдейтін зерттеудің қазіргі нәтижелері мен тұжырымдары мазмұндалды, ұсыныстар берілді және қарастырылып отырған проблеманың келешектегі зерделенетін бағыттары көрсетілді.

1. Бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық қызығушылығын дамытудың психологиялық - педагогикалық негіздері.

  1. Оқу-танымдық қызығушылықтың психологиялық негіздері

Оқушылардың шығармашылық танымдық іс-әрекеттерінің дамуы көне заманнан бастау алады. Көне заманнан белгілі болған нәрсе, танымдық белсенділік қана есте сақтауды және барлық пән бойынша білімдердің, үдерістер мен құбылыстардың мәнін терең түсінуге мүмкіндік береді.

Орта және Таяу Шығыс ойшылдарының жаратылыстануға тиісті ғылыми еңбектерінде ғылыми дүниетанымдылықтың әртүрлі жақтарына, оның принциптеріне, құрылымына, критерийлеріне, ақыл-ойдың дамуының ғылыми дүниетанымдылықпен байланысына және адамның біліміне үлкен қызығушылық танытқаны анықталып отыр.

Әл-Хорезми [3], Әл-Кинди [4], Әл-Фараби [4], Беруни [6], Ибн Сина [7], Омар Хайям [8], және Ат-Туси [9], олардың шәкірттері мен ізбасарларының гносеологиялық көзқарастарының өзіндік сипаты бар. Оларды адамның ақыл-ойы, білімдері абстрактыландыру үдерістері, пәндердің ерекшеліктері мен маңыздылығы, танымдық іс-әрекеттердің қалай қалыптасатындығы әрдайым қызықтырған.

Танымдылықтың мәні мен бастауы қандай, танымдық үдерісі қандай сатылардан тұрады (қаланады), танымдық және практикалық іс-әрекеттердің арасындағы байланысқандай? Міне, осы сияқты сұрақтар тізімі барлық ортағасырлық атақты Шығыс ойшылдарын қызықтырған.

Әл-Хорезми [3], «түйсік» арқылы болатын танымдылық пен «логикалық пайымдаудан» болатын танымдылықты анық ажыратқан. Біріншісі арқылы нәрселер «ұсақ түрде» танылса, ал «логикалық пайымдауда» болса, оның маңызы, мағыналы жақтары зерттеледі және олар бір-бірімен тығыз байланыста болатындығы айқындалады.

Танымдық теориясы ғылымның пайда болуынан бастау алады және үздіксіз дамуда. Хорезми [3] бұл теориясының дамуына орасан үлес қосқан. Ол практикалық-байқағыштық және экспериментальдық танымдық әдістерді әлемдегі объектілердің қозғалысын, сонымен қатар кеңістіктегі денелердің орналасуларын, жергілікті пунктерді анықтауда бірнеше болып қолданған ғылым және олардың сипаттамалардың таблицалық жолмен кескіндеген, ғылыми негіздегендердің алғашқылардың бірі. Индукция және дедукция әдістерінен пайдалану арқылы түрлі аспекттерде: теңдеуді шешудің кездейсоқ жағдайынан жеке шешімдеріне өтті (6 теңдеу), бірақ жалпы түріне (канондық) жетпеді, танымдық іс-әрекеттердің ғылыми әдістері есебінде математикалық есептерді шешудің алгоритмдік әдісін тапты. Дүниені тануда алгоритмдік әдісті қолдану керектігін айтты. Сондықтан болса керек, математика ғылымының негіздері ретінде аксиомалар алынды. Математикалық танымдылықты аксиомаларды енгізуден бастау керектігіне аса көңіл бөлді.

Әл-Кинди [4] пікір бойынша, адамзаттағы танымдық іс-әрекеттер сезімдік және рационалдық болып екіге бөлінеді. Сезімдік танымның мәні тиянақты емес, оның табиғаты бізден жасырын болса да, дегенмен ол сезімдік-түсінгіштікке жақын және әрқашан материяға ие, өйткені ол әрқашан дене түрінде бар және адам денесінде тұрады.

Осылайша, сезімдік таным объектісі бар, олар денелер мен материалдардан тұрады. Оқушылар математикалық объектерді бақылап сезіну арқылы таниды.

Егер сезімдік таным - бір нәрсені тану болса, онда рационалдық таным-жалпы таным. «Бір нәрселік материалдық заттар сезімдік қабілдауға беріледі», -деп жазды Әл-Кинди [4], «нәрселердің түрлері мен сипаттары сезімдік қабылдауға берілмейді және сезімдік танымның пәні бола алмайды. Бірақ, олар адам есі деп аталатын адам жанына беріледі». Адамның есі ол мидағы қабылдау талшықтарының қозғалуынан пайда болады.

Әл-Киндидің [4] айтуынша сезімдік таным тек ақыл-ойға материал береді. Сол сәтте сезімдік қабылдау арқылы арналған білімдерді Кинди [4] саналы танымға қатысты жағдайларға бағынышты еткен. Киндидің ойынша, ақыл-ой абстракті болған нәрсені таниды. Осылайша Кинди [4], оқу материалын екіге бөліп үйренуді абзал көреді. Сезімдік танумен материалдық денелерді, ал саналы таныммен денелердің қасиеттерін үйренуге болады деп есептейді.

X ғасырдың екінші жартысында «Братья Чистоты» мектебін қалаушы ғалымдар мен философтар тобы, араб халифаты халқының кең тобының арасында жаратылыстану ғылыми мен философиялық білмдердің көпшілікке таралуына өз септерін тигізді. Еңбек қызметі, өнеркәсіпті бағалау дәрежесі, ақыл-ой жұмысы туралы сұрақтар осы топтың мүшелерінің «Арнауларында» қарастырылған: «Адамға тән әрекет екі түрде болатынын білу керек: Танымдық және еңбектік». Еңбек әрекеті - бұл адамның санасында тұратын мағлұматты шығарудың түрі және оның затқа қосымшасы деп бекітеді. Кейін олар айтады, білім - бұл танушының жанындағы танылатынының образы, оқымай және ғылымды меңгермей білім болмайтынын білу керек. Ал оқу - нәрсенің актуальды, потенциалды екенін білетін, оқушы жадынан шығатын ниеттену. Білім меңгеру - танылатынының формасы жанымен қабылдау. Танылып жатқан нәрселердің формаларын оқушы үш түрде қабылдайтынын білу керек: біріншіден, сезім арқылы; екіншіден, дәлелдемелер арқылы; үшіншіден, ойлау арқылы.

Әл-Фараби [5] білім алу мен оларды жинаудың қажетті құралы ретінде ғылымдарға үлкен көңіл бөлген, ал оларды білімді игеру көрсеткіші деп санаған.

Оның ойынша, сезім мүшелері, жүрек және ми адамға туылғанынан беріледі, ал басқалары білім, әртүрлі интеллектуальдық және адамгершілік қасиеттері, мінез-құлқы, тәрбие және т. б. адамның өмір сүру барысында алынады. Әртүрлі мінез-құлық және адамгершілік қасиеттерін анықтай отырып: батылдық, ерлік, ықылас, тапқырлық, шыншылдық, жомарттық т. б ол тұлғаны тәрбиелеу және өзін-өзі тәрбиелеу нәтижесі деп санады. Фарабише [5] интеллектуалдық және адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу екі тәсілмен жүзеге асырылады: тұлғаны жетілдіруге бағытталған ерікті іс-әрекеттер процесінде және күштеу арқылы.

Әль - Фараби еңбектерінде [5] білім алудың (дидактика) сұрақтары, оқыту теориясы және оның проблемаларының философиялық, физиологиялық және психологиялық негіздері кең қарастырылған. Ол үшін объекті мен субъектінің, сыртқы болмыстық тіршіліктің алуан түрлерімен және жеке тұлғаның күрделі физиологиялық - психологиялық үдерістерімен және бай рухани әлеммен өзара әрекетін зерттеу керек екендігіне күмән келтірмеген. Адамның руханилығының жоғары сатысына адамға тән танымдық іс- әрекеттерінің өзіндік формасы ретінде жан, ақыл - ой мен ойлау кіреді деп есептеген.

Әл-Фараби [5] танымдық іс- әрекетті ұйымдастыру мәселесі бойынша ұсыныстар тізбесін жетілдіру. Ол кез келген ғалымға сай жақсы теорияшы болу үшін үш шартты сақтау керек дейді :

  1. Берілген ғылымның негізінде жататын барлық принциптерді жақсы білу;
  2. Берілген нақты ғылымға қатысты принциптер мен белгілерден қажетті тұжырым жасай білу, пайымдаудың ережелерін білу;
  3. Ақиқатты жалғаннан ажырату және қателіктерді түзету үшін басқа авторлардың пікірлерін талдай алу және қате теорияларды жоққа шығара білу.

Әл-Фараби [5] бұл пікірлерінен математикалық құрылымдық теорияларды шығаруға болады; алгебралық, реттік және топологиялық құрылымда. Математиканы оқытудағы осы құрылымдардың қасиеттерін жақсы игеру қажет екен. Олар оқушылардың танымдық іс- әрекеттерінің қандай деңгейде екендігін білуді талап етеді. Жоғарыдағы әрбір құрылымға сәйкес әртүрлі танымдық іс- әрекеттер талап етіледі. Сондықтан, математиканы оқытуда қарапайым, синтездік және интегративтік оқыту әдістерін (танымдық әдістерін) пайдалану тиімді болады.

Берунидің [6] ғылыми мұрасынды өндірістік әдіспен табиғатты тану үлкен орын алады. Берунидің [6] ғылыми әдісінің өзіндік жақтары мен негізі ғалымның объективтігі мен шыншылдығы, тәжірибесі, бақылауы, ауызша және жазбаша мұраларды білуі, деректерге сыншылдық көзбен қарау, ақиқатты орнату мақсатында оларды салыстыру, ой қорытындысы арқылы теорияларды өзгерту болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өзіндік жұмыстарды жаратылыстану пәндері арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың мазмұны
1-сыныпта «Қазақ тілі» мен «Ана тілі» пәндерін байланыстырып оқыту
1-сынып оқу үдерісінде қазақ тілі мен математиканы байланыстырып оқытудың тиімділігін анықтау
Өзіндік жұмыстар арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру
Жаратылыстану-математикалық бағытта бейіндік оқытудың әдістемелік ерекшеліктері
Пәнаралық байланыс функциялары
БОӘ дамуына үлес қосқан Қазақстандық әдіскерлер және олардың еңбектері
Бастауыш сынып оқушыларының пәнаралық байланыс негізінде дүниетанымын қалыптастыру
Болашақ химия мұғалімінің креативті тұлғасын қалыптастырудың ғылыми педагогикалық негіздері
Бастауыш сыныпта дүниетану пәнін оқыту барысында оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz