Ауытқушы мінез-құлықтың шығу себептері мен факторлары туралы ақпарат


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Ауытқушы мінез-құлықтың шығу себептері мен факторлары

«Қиын бала" атанып, отбасында да, мектепте де қиындық тудырып жүрген балалар туралы айтылып та, жазылып та жүр. Адам өмірге келген сәттен бастап үлкен әлеуметтік ортаға тап болады. Оның осы ортада өзін нық, еркін сезінуі мен үйлесімді дамуы үшін көптеген факторлар қажет. Қазіргі көпмәдениетті қоғамда балаға сырттан әсер етуші жағдайлар оның жаңа қалыптасып келе жатқан тұлғасына ауқымды әсерін тигізеді. Ст. Холл "бала толыққанды дамуы үшін өз халқының сезімдері мен көзқарастарын басынан өткеруі қажет" деп санайды. Қандай да бір олқылығы бар баланың даму жағдайы, әдетте қолайсыз, жағымсыз болады. Ол баланың дамуына кесірі тиетін тәрбиелеуші шағын әлеуметтің сипаттарынан, тәрбиелеу-оқыту үрдістерінен және ықпал еткен тәрбиеленушінің ішкі ұстанымынан құралады.

Балалардың әлеуметтік-педагогикалық олқылығының пайда болу тетігі мен дамуы баланың тұлға болуға деген қажеттілігі мен сондай болу мүмкіндігінің арасындағы қайшылықтар негізінде іске қосылады.

Баланың персонализациялануға ұмтылуы оған қатысты референттік топтардың (бірінші отбасының, одан кейін балалар бақшасындағы және мектептегі құрбыларының) оның әлеуметтік қалыптарға сай емес жеке дара көріністерін қабылдағысы келмейтіндігімен және құрбыларының жас ерекшелігіне байланысты мұндай ұстанымы педагогтердің және ата-аналардың олқылығы бар балаларға қатынасы негізінде қақтығысқа түседі.

Әлеуметтік-педагогикалық олқылық ерте балалық шақтан, шамамен үш жастан басталады, яғни баланың өзіндік санасының, мінез-құлқының ережеге сәйкестігінің және нормативтік іс-әрекетінің дами бастаған шағымен қатар келеді. Жағымсыз даму жағдайында олқылықтардың сандық белгілері мен көріністері жинақталып қалады.

Ерте зерттеу, алдын алу және түзету жұмыстары олардың жоғары нәтижелі маңызына ие.

Ауытқушы (девианттық) мінез-құлық деп қоғамда қалыптасқан нысандарға сәйкес емес әлеуметтік мінез-құлықты айтамыз (И. Невский) . Белгілі әлеуметтанушы И. Кон девианттық мінез-құлықты психикалық денсаулық, құқық, мәдениет немесе адами қалыптарының жалпы қабылданған қалыптардан ауытқыған іс-әрекет жүйелері ретінде қарастырады. Бейімделуші мінез-құлықтың тұжырымына сейкес кез келген ауытқушылық бейімделудің бұзылуына алып келеді (психикалық, әлеуметтік, әлеуметтік-психологиялық, қоғамдық) .

Девианттық мінез-құлық екі үлкен категорияға бөлінеді. Біріншісі - бұл анық немесе жасырын психопатологияның (патологиялық) барлығын білдіретін психикалық денсаулық қалыптарынан ауытқыған мінез-құлық. Екіншісі - бұл әлеуметтік, мәдени және әсіресе, құқықтық қалыптарды бұзатын асоциалды мінез-құлық. Мұндай әрекеттер аз болса, олар құқық бұзушылық, ал салмақты болса әрі жазаланса қылмыс деп аталады. Бұл жерде делинквенттік (құқыққа қарсы) және қылмыстық іс-ерекеттер туралы айтылып отыр. С. Беличева девианттық мінез-құлықтың әлеуметтік ауытқуын былайша жіктейді.

1. Пайдакүнемдік бағытта: құқық бұзушылық, материалдық, қаржылық, дүние-мүліктік пайда табуға ұмтылумен байланысты (ұрлау, тонау, алып-сату, алаяқтық және т. б. ) жасаған теріс әрекеттері.

2. Агрессиялық бағытта: адамға қарсы бағытталған әрекеттер (балағаттау, бұзақылық, ұрып-соғу, өлтіру, зорлау) .

3. Әлеуметтік-енжар тип: белсенді өмір сүруден, азаматтық борыштарын өтеуден қашуға, жеке және әлеуметтік мәселелерді шешкісі келмеуге ұмтылу (жұмыстан, оқудан бас тарту, кезбелік, маскүнемдік, нашақорлық, токсикомания, өзіне-өзі қол жұмсау) .

Осылайша (мазмұнымен де, мақсатқа бағытталғандығымен де) ерекшеленетін асоциалды мінез-құлық әр түрлі әлеуметтік ауытқушылықтардан көрінуі мүмкін: адами қалыптарының бұзылуынан бастап құқық бұзушылық пен қылмыс жасауға дейін.

Асоциалдық көріністер сыртқы мінез-құлық жағынан ғана емес, мінез-құлықты іштей реттеудің: әлеуметтік, адамгершілік бағдарлардың және өзін-өзі бағалай алудың деформациясынан да байқалады.

Балалардың және жеткіншектердің мінез-құлқындағы ауытқушылық деп оның өзіне назар аудартатын және тәрбиешілердің сақтығын тудыратын ерекшеліктері мен оның көріністерін айтамыз (ата-аналарының, мұғалімдерінің, қоғамның) . Бұл мінез ерекшеліктері жалпы қабылданған қалыптардан, талаптардан ауытқуды ғана білдірмейді, сондай-ақ, болашақта жасалатын қателіктердің, адамгершілік, әлеуметтік, құқықтық нормалардың, заң талаптарының бұзылуының бастауының негізін қалайды, осы мінез-құлық субъектісіне, оның тұлғасының дамуына, оны қоршаған адамдарға, жалпы қоғамға әлеуметтік қауіп төндіреді.

Жекелеген әрекеттер өз бетінше соншалықты маңызды емес, тек оның артында тұлғаның қандай ерекшеліктері, даму тенденциялары жатқанымен ғана маңызды. Демек баланың, жеткіншектің мінез-құлқына қандай да бір бағыт, мазмұн, мән берсек, біз онымен баланың адами және басқа да қасиеттері мен сапаларының негізінде жатқан үрдістер мен тетіктердің дамуына еркін әрі мақсатқа бағытталған ықпал етеміз. Керісінше осы сияқты және басқа да әрекеттер мен мінез-құлықтарға кедергі жасау арқылы біз баланың, жеткіншек тұлғасының тиісті қасиеттері мен сапаларының дамуына бөгет жасап кідіртеміз (И. Невский) .

Осылайша балалар мен жеткіншектердің ауытқыған мінез-құлқы, бір жағынан, тұлғаның тиісті ерекшеліктерінің туындауы мен дамуынан (тенденция) сигнал беретін белгі ретінде қарастырылса, екінші жағынан, тұлғаның дамуына тәрбиелік ықпал ететін жетекші ретінде, оны қалыптастырудың немесе оның қалыптасуына әсер ететін құрал ретінде көрініс табады.

Мінез-құлықты тұлғаның осы немесе басқа да ахуалының, оның даму тенденциясының куәгері ретіндегі феномен деп қарастыра отырып, біз мінез-құлықтың сырттай ұқсас ерекшеліктері индивид психикасында өтіп жатқан әр түрлі үрдістерден хабар беруі мүмкін екенін естен шығармауымыз қажет. Сол себепті де оқушының қандай да бір мінез-құлқының ерекшелігін ауытқушылық деп жіктемес бұрын психолог оның ахуалын, тұрақтылығын, оның көріністерінің жиілігін, тұлғалық ерекшеліктерді, мінезді, оқушының жасын және т. б ескеруі қажет. Тек содан кейін ғана қандай да бір пікір айтуға немесе ықпал ету іс-шараларын тағайындауға болады.

Кейде оқушы өзінің мінез-құлқы туралы пікірлердің шырмауына шалынып қалады. Соған сәйкес айдар тағылып, оның қоршаған ортамен өзара қарым-қатынас сипаты және ол туралы бағалап пікір айту жүйелері енгізіледі. Күрделі зардаптарға алып келетін дөрекі педагогикалық қателік жіберіледі. Керісінше, мінез-құлықтың жағымпаздылығын немесе ыңғайлылығын мұғалім жағымды деп бағалап, оны ынталандырады, ал оқушы болса сынып алдында еліктеудің үлгісі ретінде тартылады.

Балалар мен жеткіншектердің мінез-құлқындағы ауытқушылық көріністері олардың адамгершілік жөне әлеуметтік дамуы жағынан дара ерекшеліктер мен тұлғалық көріністеріне, нақты жағдаяттар мен өмір жағдайларына және іс-әрекеттеріне қарай әр түрлі болуы мүмкін.

Оларды мынадай топтарға бөлуге болады: итермелеуші жағдайлармен туындаған жағдаяттық, уақыттық көріністерге немесе реакцияларға және жағымсыз өмір ахуалдарымен және іс-әрекеттермен негізделіп, қандай да бір тип түрінде дамитын мінез-құлықтағы ауытқушылықтың тұрақты нысандары.

Мінез-құлықтық реакция бір рет немесе жүйелі түрде әсер ететін өмірдің жағымсыз жағдайларымен және шарттарымен негізделеді. Соңғы жағдайда нақ осы немесе басқа ахуалға алып келетін мінез-құлықтағы өзгерістер біртіндеп барып көрінеді немесе бірден шарт кетуге алып келеді. Бұған мысал ретінде тойтарыс беруді, қарсы шығуды, кетіп қалуды, агрессияны келтіре аламыз. Бұл реакциялардың көріну нысандары өте көп болуы мүмкін. Олар әрдайым қандай да бір психологиялық ахуалға жауап ретінде туындайды да, оның жойылуымен қоса бұл да жоғалады. Бірақ, ондай жағдайлар жиі қайталанып, бірінің үстіне бірі қатпарлана берсе, онда реакциялар беки түседі және басқа типтегі мінез-құлықтың дамуына алып келетін тұрақты психологиялық кешендер туындайды.

Белсенді ыңғайланушылық немесе енжар ыңғайланушылық мінез-құлық былай қалыптасады: деструктивті-агрессивтік, топтық іс-әрекеттердің және өзінің сол топтағы жеке мінез-құлқының төңкеріспен қайта құрылуға бағытталып өзгеруі; деструктивті-компенсаторлық, топтың іс-әрекеттерінің және өзінің мінез-құлқының қайта құрылуы оның талаптарына қатты көнушілікпен қатар жүреді және бекітіледі.

Компенсаторлық-иллюзорлық мінез-құлық нысаны ерекше орын алады, яғни жеткіншектің қажеттіліктерінің және талаптануларының қанағаттандырылмауы, тұрақты психологиялық жайсыздық, жасанды қозу, масаю, тағы басқа да бейберекеттік жолдарымен дамиды. Әрине, біз бұл жерде ең бір шегіне жеткен конформизм немесе нонконформизм нысанында көрінетін компенсаторлық мінез-құлық туралы айтып отырмыз.

Оқушылардың девианттық мінез-құлқының себептері мен факторлары неде? Біздіңше, балалар мен жеткіншектердің мінез-құлқындағы ауытқушылықтар мына себептерге байланысты болуы ғажап емес.

- дұрыс тәрбиеленбегендігінің себебінен қажетті білімдердің, біліктердің, дағдылардың жоқтығы, мінез-құлқындағы жағымсыз таптаурындардың қалыптасқандығынан баланың, жеткіншектің өзін дұрыс ұстамайтындығынан туындайтын әлеуметтік-педагогикалық олқылықтар;

- жайсыз отбасылық өзара қарым-қатынастар, жағымсыз психологиялық ахуал, оқудағы жүйелі сәтсіздіктер, сынып ұжымындағы құрбыларымен өзара қарым-қатынастың орнамағандығы, ата-аналарының, мұғалімдердің, сыныптас жолдастарының дұрыс емес (әділетсіз, дөрекі, қатал) қатынастарынан туындайтын терең психологиялық жайсыздықтар;

- психикалық және физикалық денсаулығы мен дамуы жағдайындағы ауытқушылықтар, жас ерекшелік дағдарыстары, мінез акцентуациясы және басқа да физиологиялық, психоневрологиялық ерекшеліктер себептері;

- ішкі және сыртқы белсенділігінің саналы көріністеріне, өзін-өзі көрсетуіне жағдай жасалмағандығынан, іс-әрекеттердің пайдалы түрлерімен айналыспағандығынан, жағымды және маңызды әлеуметтік, сондай-ақ жеке өмірлік мақсаттары мен жоспарларының болжауы;

- қараусыз қалумен, қоршаган ортаның кері ықпал етуімен және осының негізінде дамитын әлеуметтік-психологиялық дезадаптациямен, әлеуметтік және жеке құндылықтарының жағымсыз түрге ауысуы, т. б. жағымсыз жәйттер.

Балалар мен жасөспірімдерге қоршаған адамдардың немқұрайдылығы, зейін қоймауы негізінде дамитын әлеуметтік-педагогикалық бақылаусыздық бұл тізбектегі ерекше рөл мен мағынаға ие. Нәтижесінде жалғыздық, қараусыз қалғандық, қажетсіздік, қорғансыздық сезімдері пайда болады. Үлкендерге деген қарсылық, жатырқаушылық, жек көру сезімдері, баланың пікірінің, тағдырының, қызығуы мен икемділіктерінің өз бетінше ұйымға, кооперацияға, өзін-өзі ұйымдастыруға ұмтылуына алып келеді.

Жағымды әлеуметтік тәжірибенің жеткіліксіздігі, өмірге көзқарасының, құндылықтар жүйесінің, әдеп қалыптары мен эстетикалық талғамдарының жетілмегендігі және қалыптаспағандығы жасөспірімдердің өз белсенділігін жағымсыз, құқыққа қайшы келетін нәрсеге жұмсауын таңдауға ықпал етеді, бұл олардың мінез-құлқынан, тұлғаның қалыптасуынан, әлеуметтік бейнесінен көрініс береді. Бұл, сөз жоқ, балалар мен жасөспірімдерге дер кезінде педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік және медициналық көмектің көрсетілмеуін айғақтайды.

Қазіргі кездегі жасөспірімнің жүрген ортасы қолайлы емес. Өйткені, бала ауытқушы мінез-құлықтың әр түрлі нысандарын мектепке бара жатқанда да, аула мен қоғамдық орындарда да, тіпті үйде де, мектепте де көреді. Морал мен мінез-құлық аймағындағы ауытқушылықты тудыратын қолайлы жағдайларды жасырын, бейнесіз өзара қатынас сипатымен, еркіндігінің көптігімен, кері әсер ететін экономикалық, әлеуметтік және мәдени факторларының кең ассортименті бар қалалық орта құрайды. Дәстүрлі ұлттық құндылықтар нормасының босауы, ата-ананың, әсіресе, отбасындағы әке беделінің төмендігі, мінез-құлықтың тұрақты үлгілері мен моралдық шекаралардың жоқтығы, әлеуметтік бақылаудың босаңсуы жасөспірімдер ортасындағы ауытқушы және өзін-өзі жоюшы мінез-құлықтың өсуіне ықпал етеді.

Қоғамдағы құндылықтар жүйелерінің дағдарысы, жалпыға тән мінез-құлық нормалары мен ережелерінің жуылып кетуінің себебінен қоғамда байлық жетістіктің көзі деген көзқарас қалыптасқан. Өскелең ұрпақтың тиісті қажеттіліктері мен құндылықтар бағыттары дәл осы бағытта қалыптасып, дамып келе жатыр (әсіресе, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы) .

Қоғамның либерализациялануы үрдісінде тұтынушылық идеология негізгі болып қалыптасты. Ондағы бедел жеке сапалардан емес, қандай да бір құнды заттарға ие болумен бағаланады. Және де мұндай байлыққа қандай құралдармен, тәсілдермен қол жеткізгеніне мән берілмейді. Ал жасөспірім халықтың белгілі бір топтарының басқа адамдардың есебінен заңсыз, жазасыз баюының қалайша жүзеге асатынын көріп те, естіп те жүр. Олардың кейбіреулері материалдық жетістіктерге ғана жетіп қоймай, көпшілікті мойындатып, тіпті ешқандай кедергісіз қоғамдағы билік құрылымына өтіп кетеді. Осылардың барлығы жасөспірімдердің өмірлік және әлеуметтік құндылықтарының қалыптасуына ықпал етеді.

Жасөспірімнің санасын бұзатын, ауытқушы мінез-құлықты тудыратын жағдайлардың алдын алатын ортаны мектепте құрудың қажеттігі осында. Ал мектеп жасөспірім тұлғасының дамуы үшін оған жағымды сапалары мен жағымды әлеуметтік тәжірибесін үйренуге, соған ұқсауға тырысатын үлкендермен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік бере алады. Өзінің ішкі әлеміне жақсы көретін, құрметтейтін адамдарының құндылықтары мен ұстанымдарын, нормаларын енгізген жасөспірім еліктеу арқылы өзінің қандай болғысы келетіндігі жөніндегі идеалын қалыптастырады. Жоғары адамгершілік ұстанымы бар адамдармен қарым-қатынас жасау жасөспірімге өзінің мінез-құлқына қатынасын өзгертуіне мүмкіндік береді. Бұл үшін тәуекел тобындағы балалармен жұмыстың жемісті болуын көздеп, әр түрлі формадағы ауытқушылықтарды тудыратын факторларды анықтап алуымыз қажет.

Балалар мен жасөспірімдердің дамуы мен мінез-құлқына кері әсер ететін сыртқы факторларға мыналарды жатқызуға болады.

1. Қоғамда өтіп жатқан үрдістер:

- қоғамдық құндылықтар иерархиясын өзгертуге бағытталған айқын жағымды мемлекеттік идеологияның жоқтығы;

- заңдардың және құқық қорғаушы орындардың жетілмегендігі, қылмыстардың жазаланбауы;

- жұмыссыздық (нақты және жасырын) ;

- экономикалық тұрмысы төмен балалы отбасыларға әлеуметтік кепілдіктермен және мемлекеттік қолдаудың жоқтығы;

- өскелең ұрпақтың әлеуметтенуінің дәстүрлі институттарының күйреуі мен дағдарысқа ұшырауы;

- бұқаралық ақпарат құралдары арқылы зорлық-зомбылық және қатігездікті насихаттау;

- балалардың денелік және психикалық денсаулығының бұзылуын дер кезінде анықтаудың, соған сәйкес көмек көрсетудің және квалификациялыц диспансеризациясының болмауы;

- сапалы тегін қосымша білімге балалардың қолының жетпеуі (үйірмелердің, секциялардың және т. б. ) ;

- темекіге, ішімдікке, нашақорлық заттарға жолдың ашықтығы.

2. Отбасының жағдайы және оның ауаны:

- толық емес отбасы;

- отбасының материалдық жағдайы (кедейлік, байлық) ;

- ата-аналардың төмен әлеуметтік-мәдени деңгейі;

- отбасындағы тәрбие стилі (балага бірыңғай талаптардың қойылмауы, ата-аналардың қатігездігі, олардың жазасыздығы және баланың құқықсыздығы) ;

- баланың өзіндік құндылығын жоққа шығару;

- балалардың қажеттіліктерінің жеткіліксіз немесе асыра қанағаттандырылуы;

- ата-аналардың ішімдікті, нашақорлық заттарды теріс пайдалануы;

- ата-аналардың балалардың психоактивті заттарды қолдануына жол беруі.

3. Мектепішілік өмірдің жеткіліксіз ұйымдастырылуы:

- оқу және тәрбие үрдісін басқаруды ұйымдастырудың толық жетілмегендігі; мектептің материалдық қамтамасыз етілуінің нашарлығы; қоғам арқылы балаларымен айналыспайтын ата-аналарға ықпал ететін тетіктердің және мектептің оқушылар отбасыларымен жүйелі байланысының жоқтыгы; пәндік мұғалімдердің жетіспеушілігі; сабақтардың жиі болмай қалуы; сабақтан тыс жұмыстардың қанағаттандырғысыз ұйымдастырылуы; мектепте балалар ұйымдарының болмауы;

- мұгалімдердің бала және жас ерекшелік психологиясын білмейтіндігінен көрінетін кәсіптік деңгейінің төмендігі; " оқушы-мұғалім" жүйесіндегі өзара қарым-қатынастардың авторитарлық немесе бетімен кетушілік деңгейінде болуы; оқушылардың білімін бағалауда объективтіліктің болмауы, ат-айдар тағу; мұғалімдердің оқушы тұлғасын басуы (қоқан-лоққы, қорлау және т. б. ) ;

- жетілмеген жаңа оқу бағдарламаларын енгізу, құндылықтар бағдарларының өзгеруі және соның негізінде "нені және қалай оқыту?" мәселесінің туындауы;

- мектепке келген оқушылардың дамуының және оқу түрткілерінің төмендігі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мінез-құлықтың ауытқуы күнделікті өмірдің психопатологиясы ретінде
Девиантты мінез - құлық туралы түсінік және оның туындау себептері
Мінез - құлықтың ауытқушылығының себептері
Ауытқушы мінез – құлықтың шығу себептері мен факторлары
Мінез-құлқында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің өзін-өзі бағалау ерекшеліктері
Тұлғаның қоғамдағы алатын орны
Мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар девиантты мінез-құлықты жасөспірімдердің өзiн-өзi бағалауы ерекшелiктерi
Девиантты мінез көрсетудің себебі, оларға көмек түрлері
Жасөспірімдердің девиантты мінез - құлқын психологиялық және педагогикалық түзету
Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқы.
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz