Азаматтық іс жүргізу құқығының қатысушыларының құқықтық жағдайы


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:
Азаматтық іс жүргізу құқығының қатысушыларының құқықтық жағдайы
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1. Соттың құрамы және қарсылық білдіру
- Соттың құрамы мен қарсылық білдірудің түсінігі . . . 6
1. 2 Соттың құрамы мен басқа да қатысушыларға қарсылық білдіру негіздері . . . 9
2. Іске қатысушы тұлғалар
2. 1 Іске қатысушы тұлғалардың құрамы, оларға қойылатын талаптар
(әрекет және құқықтық қабілеттері және құқықтары мен міндеттері) . . . 14
2. 2 Талап қоюшы мен жауапкердің құқықтары мен міндеттері . . . 20
2. 3 Прокурордың сот ісін жүргізуге қатысуы . . . 34
3. Сотта өкілдік ету
- Сотта өкілдік етудің түсінігі мен түрлері . . . 38
3. 2 Сотта өкіл бола алмайтын тұлғалар . . . 54
Қорытынды . . . 54
Пайдаланылған әдебиеттердің тізім і . . . 60-61
Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы - азаматтық іс жүргізу сатыларындағы іс жүргізу әрекеттері және қарым- қатынастары барлығы бірігіп, ортақ бір мақсатты көздейді. Судья өзінің қызметін белгілі бір жүйе және азаматтық сатылар арқылы азаматтық істерді қарайды және оған шешім шығарады. Іс жүргізудегі алғашқы саты- істі қозғау болып табылады. Құқықтық мемлекет- құқықтың үстемдігі мен заңның жоғарғы құдіретімен, оның мемлекеттенде биік, тұруымен, барлық азаматтардың құқығымен бостандығын мойындап құрметтеуімен, оған мемлекет тарапынан кепілдік беруімен сипатталатыны белгілі. Құқықтық мемлекеттің басты принциптерінің бірі-заңның құдірет-қуатымен байланысты.
Тақырыптың өзектілігі - Азаматтық заңдар өздері реттейтін қатынасқа қатысушылардың теңдігін, басқаның меншігіне қол сұғұлмауын, шарт еркіндігін әрі олардың озбырлықсыз әрі кедергісіз жүзеге асырылуын, нұқсан келген жағдайда оларды соттың қорғауын қамтамасыз етеді.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері - соттардың азаматтық істерді, дауларды шешу барысында, азаматтардың және заңды тұлғалардың құқықтық жағдайын олардың бостандықтарын, құқықтық көз қарастарын, әділдігін қорғау барысында соттардың ролі үстемдейді. Азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері азаматтардың, мемлекеттің және ұйымдардың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау, заңдылық пен құқық тәртібін нығайту, құқық бұзушылықтың алдын алу болып табылады.
Зерттеу пәні - азаматтық іске қатысушы тұлғалардың құқықтары мен міндеттері. Мемлекет оның органдары, лауазымды қызметтегі адамдар, түрлі ұйымдар және барлық азаматтар тегістей заңға бас иеді, заңға бағынады. Заң алдында барлығыда жауапты, барлығыда бірдей.
Сөйтіп, азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары және өзгеде мүліктік қатынастармен мүліктік емес жеке қатынастар да реттеліп отырылады.
Азаматық іс-жүргізу бұл құқықтың білімдердің тірегінің бірі болып табылады. Оның маңыздылығы азаматтық іс-жүргізу құқығында, қоғамдық қарым - қатынастағы азаматтық істердің заңдылығын айқындау барысында анықталады.
Азаматтық іс жүргізу құқығы- азаматтық істерді қарап, шешім алып және оны орындау тәртібін реттейтін нормалар жиынтығынан тұратын ұлттық құқықтың бір саласы. Ол сот органдарын сот ісін жүргізудегі қызметін, судьялардын қызметін іс жүргізуге барлық басқада қатысушылардың қызметіне байланысты туатын қатынастарды реттейді.
Ал азаматтық іс жүргізу (азаматтық сот өндірісі) - бұл азаматтық іс жүргізу құқығынын нормалары арқылы белгіленген. Ондағы соттардың іс әрекеті, істерді қарауы, шешім шығаруы, шешімнің орындалуы, барлығы норма түрінде реттелген. Республика көлемінде болып жатқан азаматтық істердің құқықтық жағдайы осы азаматтық іс жүргізу заңдылығымен реттеледі. Қазақстан Республикасында сот билiгi тұрақты судьялар, сондай-ақ заңда көзделген жағдайларда және тәртiппен қылмыстық сот iсiн жүргiзуге тартылған алқа заседательдерi арқылы соттарға ғана тиесiлi.
Қазақстан Республикасында сот төрелiгiн тек сот қана жүзеге асырады.
Соттың ерекше өкiлеттiгiн басқа органдарға берудi көздейтiн заң актiлерiн шығаруға тыйым салады. Ешқандай өзге органдар мен тұлғалардың судья өкiлеттiгiн немесе сот билiгi функцияларын иеленуге құқығы жоқ.
Сот iсiн қарау тәртiбiмен қаралуға тиiс өтiнiштердi, арыздар мен шағымдарды басқа ешқандай органның, лауазымды немесе өзге де адамдардың қарауына немесе бақылауға алуына болмайды. Сот билiгi Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге қызмет етедi.
Әркiмге мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, лауазымды және өзге де адамдардың Республиканың Конституциясында және заңдарында көзделген құқықтарға, бостандықтар мен заңды мүдделерге нұқсан келтiретiн немесе оларды шектейтiн кез келген заңсыз шешiмдерi мен iс-қимылдарынан сот арқылы қорғалуға кепiлдiк берiледi. Ешкiмдi де оның iсiн заңның барлық талаптары мен әдiлеттiлiктi сақтай отырып құзыреттi, тәуелсiз және ала-ламайтын соттың қарау құқығынан айыруға болмайды. Сот билiгi азаматтық, қылмыстық және заңда белгiленген өзге де сот iсiн жүргiзу нысандары арқылы жүзеге асырылады. Судьялар сот төрелiгiн iске асыру кезiнде тәуелсiз және тек Конституция мен заңға ғана бағынады. Судьялардың мәртебесi мен тәуелсiздiгiне нұқсан келтiретiн заңдарды немесе өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдауға жол берiлмейдi.
Соттың сот төрелiгiн iске асыру жөнiндегi қызметiне қандай да бiр араласуға жол берiлмейдi және заң бойынша жауаптылыққа әкеп соғады. Судьялар нақты iстер бойынша есеп бермейдi. Сот iсiн жүргiзудiң белгiленген тәртiбiне қарамастан берiлген сот iстерi бойынша, сондай-ақ соттың құзыретiне кiрмейтiн мәселелер бойынша өтiнiштердi сот қараусыз қалдырады немесе тиiстi органдарға жiбередi. Сотқа немесе судьяға құрметтемеушiлiк бiлдiру заңда белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады. Сот актiлерi мен судьялардың өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыру кезiндегi талаптарын барлық мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдары, жеке және заңды тұлғалар орындауға мiндеттi. Сот актiлерi мен судьяның талаптарын орындамау заңмен белгiленген жауапкершiлiкке әкеп соғады.
Азаматтық сот ісін жүргізу принциптерін бұзу оның сипаты мен маңыздылығына қарай, шығарылған сот актілерінің күшін жоюға әкеп соғады.
Біріншіден, жауапкерлер мен үшінші тұлғалардың санына қарай талап арыздың көшірмесі тіркеледі.
Екіншіден, мемлекеттік баж төлеуді растайтын құжат тіркеледі.
Үшіншіден, талапкер өз талаптарын негіздейтін мән-жайларды растайтын құжаттар, егер көшірмелер оларда болмаса, жауапкерлер мен үшінші тұлғалар үшін бұл құжаттардың көшірмелері болуы тиіс.
Судья талап арыз АІЖК-нің 15-бабының талаптарына және 151-бабының 1-3 тармақшаларына сәйкес келмеген жағдайда арызды қозғалыссыз қалдыру туралы ұйғарым шығарып, бұл туралы талап арызды берген тұлғаға хабарлайды және оған кемшіліктерді түзету үшін мерзім береді. Талап қоюшы талаптың негіздемесін немесе нысанасын өзгертуге талап қою талабының мөлшерін ұлғайтуға не азайтуға немесе талап қоюдан бас тартуға құқылы. Талап қоюдың негіздемесі мен нысынасын өзгерту, талап қою, талабының мөлшерін ұлғайту немесе талаптан бас тарту жазбаша өтініш беру жолымен жүргізіледі және оларға бірінші сатыдағы сот шешімі қабылданғанға дейін жол беріледі. Жауапкер талап қоюды тануғ құқылы, бұл жөнінде қол хат алынады тараптар істі бітімгерлік келісіммен аяқтай алады, оған тараптар қол қояды және сотпен бекітіледі. Соттың оз бастамасы бойынша талап қою нысанасымен немесе негіздемесін өзгертуге құқығы жоқ. Егер бұл іс-әрекет заңға қайшы келсе немесе баста біреулердің құқықтарын бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзатын болса, сот талап қоюшының талап қоюдан бас тартуын, жауапкердің талап қоюды тануын қабылдамайды және тараптардың бітімгершілік келісімін бекітпейді.
1 Соттың құрамы және қарсылық білдіру
1. 1 Соттың құрамы және қарсылық білдірудің түсінігі.
Сот билігі азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыруға арналған. Республикадағы сот билігі Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік-құқықтық актілерінің, Республиканың халықаралық шарттарының негізінде туындайтын барлық істер мен дауларға қолданылады. Сот билігі сот ісін жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады [3] .
Соттардың шешімдері, үкімдері, өзге қаулылары, сондай-ақ олардың заңды өкімдері, талаптары, тапсырмалары мен басқа өтініштері Республиканың бүкіл аумағында барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың орындауы үшін міндетті болып табылады. Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі - Қазақстан Республикасындағы барлық соттардың жиынтығы, олардың жалпы міндеттері, ұйымдастырылған және бірыңғай демократиялық принциптері сот төрелігін жүзеге асыруда бір-біріне өзара байланысты болады.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында сот билігі: заңмен құрылған Республиканың Жоғарғы соты және Республиканың жергілікті соттары, Республиканың соттары болып бөлінеді. Республиканың сот жүйесі Республика Конституциясымен және Конституциялық заңмен белгіленеді. Қазіргі таңда болып жатқан құқықтық реформа ҚР-ғы мемлекеттік биліктің бір тармағы болып саналатын соттық биліке және оның іс әрекетіне тікелей бағытталып отыр. Соттық билік күшейтілген сайын негізгі мәселе соттың тәуелсіздігі мен тікелей байланысты болып отыр.
Қазақстан Республикасында біраңғай сот жүйесі заңмен белгіленген: Республиканың Жоғарғы Соты; облыстық және оларға теңестірілген соттар (Алматы қалалық соты, Қазақстан Республикасы әскерлерінің Әскери соты), аудандық (қалалық) әскери соттар құрайды.
Республикадағы бірыңғай сот жүйесінің негіздемесі аумақтық белгі, алайда, жүргізіліп отырған конституциялық реформалар таяу уақытта аумақ-аралық принципте округтік соттар құрылуы мүмкіндігін жоққа шығармайды.
Судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана бағынады. Ешкімнің сот төрелігін жүзеге асыруға араласуға және судьяға қандай да болсын ықпал етуге қақы жоқ. Мұндай әрекеттер заң арқылы қудаланады [4] .
Қазіргі уақытта сот жүйелері буындарының арасындағы өзара байланыстылығы сотта қаралуға жататын нақты іс бойынша және олардың процессуалдық қаралуының сатылары бойынша белгіленеді.
Қазақстан Республикасында сот жүйесі екі сатылы. Демек, бастапқы сатыда қаралған қылмыстық және азаматтық істер заңдылық пен үкімнің негізділігін қамтамасыз ету.
Процессуалдық әдебиеттерде азаматтық іс жүргізу сатыларындағы іс жүргізу әрекеттері және қарым- қатынастары барлығы бірігіп, ортақ бір мақсатты көздейді. Судья өзінің қызметін белгілі бір жүйе және азаматтық сатылар арқылы азаматтық істерді қарайды және оған шешім шығарады. Іс жүргізудегі алғашқы саты- істі қозғау болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі - Қазақстан Республикасындағы барлық соттардың жиынтығы, олардың жалпы міндеттері, ұйымдастырылған және бірыңғай демократиялық принциптері сот төрелігін жүзеге асыруда бір-біріне өзара байланысты болады.
АІЖК-нің 37-бабына сәйкес ҚР 11. 07. 01 ж. № 238-II Заңымен 37-бап өзгерт соттың бірінші сатысындағы азаматтық істерді соттың атынан әрекет ететін судья жеке-дара қарайды [5] .
Сонымен қатар істердi апелляциялық сотта немесе қадағалау сатысындағы соттарда қарауды соттың алқалы құрамы жүзеге асырады. Іс алқалы түрде қаралған кезде соттың құрамына саны тақ (кем дегенде үш) судья кіруге тиіс, олардың біреуі төрағалық етуші болып табылады. ҚР 11. 07. 01 ж. № 238-II Заңымен 38-бап өзг Істерді соттың алқалы құрамы қараған және шешкен кезде барлық судьялар тең құқықтарды пайдаланады. Істі алқалы түрде қараған және шешкен кезде туындаған барлық мәселелерді судьялар көпшілік дауыспен шешеді. Әрбір мәселені шешкен кезде судьялардың ешқайсысы дауыс беруден қалыс қалуға құқылы емес. Төрағалық етуші ұсыныстарды енгізеді, өз пікірін айтады және соңынан дауыс береді. Көпшілік шешімімен келіспеген судья осы шешімге қол қоюға міндетті және ерекше пікірін жазбаша түрде баяндай алады, ол төрағалық етушіге тапсырылады және мөр басылған конверттегі іске қоса тіркеледі. Ерекше пікірмен апелляциялық және қадағалау сатыларындағы сот осы істі тиісті сатыда қарау кезінде танысуға құқылы. Судьяның ерекше пікірінің бар екендігі туралы іске қатысушы адамдарға хабарланбайды және ерекше пікір соттың отырыс залында жарияланбайды. Жоғарыда көрсетілген алқалы құрамдағы соттың мәселелерді шешу тәртібі АІЖК-нің 38-бабына сәйкес. Азаматтық істі қозғау- бұл іс жүргізу сатысының өзіндік түрі, іс жүргізу іс- әрекеттерінің ортақ жүйесіндегі ең алғашқы және өте маңызды бөлігі, осы арқылы істер бір сатыдан екінші сатыға өтіп ары қарай жылжиды [6] .
І ҚР 11. 07. 01 ж. № 238-II Заңымен 39-бап өзгерті Судьяның істі қарауға қайта қатысуына жол берілмейтін жағдайлар:
1. Бірінші сатыдағы сотта азаматтық істі қарауға қатысқан судья сол істі апелляциялық немесе қадағалау сатысындағы сотта қарауға, сондай-ақ оның қатысуымен қабылданған шешім күшін жойған жағдайда бірінші сатыдағы сотта істі жаңадан қарауға қатыса алмайды.
2. Апелляциялық сатыдағы сотта істі қарауға қатысқан судья осы істі бірінші немесе қадағалау сатысындағы соттарда қарауға қатыса алмайды.
3. Апелляциялық немесе қадағалау сатысындағы сотта iстi қарауға қатысқан судья, өзiнiң қатысуымен қабылданған қаулы күшiн жойған жағдайда аталған сатыларда осы iстi қарауға қайтадан қатыса алмайды.
4. Қадағалау сатысындағы сотта істі қарауға қатысқан судья осы істі бірінші, апелляциялық сатылардағы соттарда жаңадан қарауға қатыса алмайды.
сті қозғағаннан кейін, істі сотта қарауға әзірлеу сатысы басталады. Әзірлеудің мақсаты, судья істі қозғағаннан кейін істі уақтылы және дұрыс шешуді қамтамасыз ету болып табылады .
Іс жүргізудің үшінші сатысы болып істі қарау, яғни бірінші инстанциялық сотта, істің нәтижесі тисті шешім шығарумен аяқталады.
Егер судья өтінішті өз өндірісіне қабылдаса, кез-келген азаматтық істер міндетті түрде осы көрсетілген сатылардан өтеді.
Осипов осы аталған әр циклдар ішінара үш сатыға бөлінеді дейді. Олар: 1. Істі қозғау. 2. Дайындау. 3. Істі қарау.
Осиповтың осы айтқан тұжырымдамасы шындыққа біршама жақын келеді. Өйткені баста-ақ теориктердің өздері «сот - құқық қолданушы органдардың біріне жатады» - деп белгілеген.
Осипов құқық қолданушылық циклдарға қатысты тағы былай дейді: «Осы құқық қолданушы бес циклдар міндетті түрде орындалуға жатпайтын». Осиповтың бұл сөзімен келіспеуге болмайды. Өйткені сотта істер іске қатысушы мүдделі тараптарға байланысты қозғалады және сол мүдделі тараптарға байланысты жылжиды (Талаптан бас тарту, келісімге келу, соттың шешіміне шағымдану, шешімнің орындалуын қамтамасыз ету, т. б. ) . Азаматық сот өндірісінде диспозитивтік принцип қолданылады. Осы принципке сәйкес барлық сатылар міндетті орындалуға жатпайды. Бірақ, бірінші инстанциялық сот өндірісінде істі қозғау, әзірлеу, істі қарау және шешім шығару сатылары міндетті түрде орындалуы тиіс. Ал бұдан кейінгі сатылардың орындалуы тек іске қатысушы жақтарға байланысты болады (жақтарға, пракурорға, қорғаушыларға) .
Кез- келген азаматтық істер міндетті түрде сотта қозғалады. Қарсы талап-арыз - бұл жауап берушінің өзінің құқығын немесе заңмен қорғалатын мүддесін қорғау туралы өз бетінше берген арызы. Бұл жауапкердің құқығын жауап беруші ретінде, бүкіл сот талқылау ішінде сот шешімі шыққанға дейін іске асыра алады. Қарсы талап-арыз беру талап-арыз беру туралы жалпы ережелермен жүргізіледі [7] .
Судья қарсы талап-арызды мынадай ережелер сақталатын болса қабылдайды:
- жауап берушінің қарсы талап-арызы талап қоюшының оған қойған талаптары шеңберінде болуы тиіс;
- қарсы және бастапқы талап-арыз арасында өзара байланыс бар және оларды бірлесіп қарау процесті тездетеді және оны дұрыс етеді.
Егер жауап беруші талап қоюшының талаптарымен келіссе, заң жауапкерге талапты мойындауға құқық береді. Талапты мойындау сотқа жазбаша арыз түрінде болуы тиіс. Жауапкер талапкермен бітімгершілік келісімін жасасуға да құқығы бар. Жауап берушінің талапты мойындауы және бітімгершілік келісімін бекіту туралы шешімді сот қабылдайды. Соттың оң шешімі болған жағдайда, іс жүргізу тоқтатылады. Теріс болған жағдайда - сот мұндай шешімді қабылдау себептерін түсіндіре отырып, істі қарауды жалғастырады. Егер Сіздің заң құқығыңыз бен мүдделеріңіз бұзылды деп санасаңыз, Сіз сотқа қорғауға шағымдана аласыз. Бұл үшін Сіз талап қою арызын жазуыңыз қажет. Сіз өзіңіздің азаматтық, отбасылық, заттай, жер және еңбек құқығыңызды қорғау туралы талап қою арызын берген сәттен бастап, Сіз талап қоюшы деп аталасыз. Ең алдымен, Сізге талап қоюшының, оның ойы бойынша, қандай құқығын бұзғаныңыз туралы, талап қоюшы Сізге қандай талап қоятыны және ол неге үміттенетіні туралы толық деректер алуыңыз қажет. Сондықтан, Сіз, жауап беруші ретінде, осы барлық мәселелерге жауап дайындау үшін соттан талап қою арызының көшірмесін алуға құқығыңыз бар.
Сіз процесстің туындауы және оның одан әрі жалғасуы заңсыз екендігін негіздеп немесе өзіңіздің кінәңіздің жоқ екендігін негіздеп қарсылығыңызды дайындай аласыз. Егер қарсылығыңыз қабылданса, сот істі тоқтата немесе талап қою арызын қараусыз қалдыра алады.
Судья сізді сот талқылауына дейін шақыра алады. Бұл ықтимал қарсылықтарды түсіндіру үшін жасалады. Егер іс күрделі болса, судья сізге іс бойынша жазбаша түсінігіңізді беруге мүмкіндік береді, бұл ретте, сіздің құқығыңыз бен міндетіңізді түсіндіріп.
Сіздің жауап беруші ретінде қарсы талап-арыз беруге құқығыңыз бар. Талап арызды берген кезде ҚР АІЖК-нің 150-бабының 1-3 тармағында көрсетілген ережесі қабылданылуы тиіс.
1. 2 Соттың құрамы мен басқа да қатысушыларға қарсылық білдіру негіздері
Судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана бағынады. Ешкімнің сот төрелігін жүзеге асыруға араласуға және судьяға қандай да болсын ықпал етуге қақы жоқ. Мұндай әрекеттер заң арқылы қудаланады [8] .
Сот билігінің мақсаты - Қазақстан Республикасында сот билігі азаматтар мен ұйымдардың құқығын, бостандығын және заң мүдделерін қорғайды, Конституцияның, заңдардың өзге де нормативтік құқықтық актілердің, халықаралық шарттардың орындалуын қамтамасыз етеді. Ол мемлекет атынан жүзеге асырылады. Сот төрелігін жүзеге асыру кезінде сот билігі өз қызметінде Конституцияға қайшы келмейтін нормативтікөқұқықтық актілерді ғана қолдана алады.
Талап арызды берген кезде ҚР АІЖК-нің 150-бабының 1-3 тармағында көрсетілген ережесі қабылданылуы тиіс.
Біріншіден, жауапкерлер мен үшінші тұлғалардың санына қарай талап арыздың көшірмесі тіркеледі.
Екіншіден, мемлекеттік баж төлеуді растайтын құжат тіркеледі.
Үшіншіден, талапкер өз талаптарын негіздейтін мән-жайларды растайтын құжаттар, егер көшірмелер оларда болмаса, жауапкерлер мен үшінші тұлғалар үшін бұл құжаттардың көшірмелері болуы тиіс.
Судья талап арыз АІЖК-нің 15-бабының талаптарына және 151-бабының 1-3 тармақшаларына сәйкес келмеген жағдайда арызды қозғалыссыз қалдыру туралы ұйғарым шығарып, бұл туралы талап арызды берген тұлғаға хабарлайды және оған кемшіліктерді түзету үшін мерзім береді. Талап қоюшы талаптың негіздемесін немесе нысанасын өзгертуге талап қою талабының мөлшерін ұлғайтуға не азайтуға немесе талап қоюдан бас тартуға құқылы. Талап қоюдың негіздемесі мен нысынасын өзгерту, талап қою, талабының мөлшерін ұлғайту немесе талаптан бас тарту жазбаша өтініш беру жолымен жүргізіледі және оларға бірінші сатыдағы сот шешімі қабылданғанға дейін жол беріледі. Жауапкер талап қоюды тануғ құқылы, бұл жөнінде қол хат алынады тараптар істі бітімгерлік келісіммен аяқтай алады, оған тараптар қол қояды және сотпен бекітіледі. Соттың оз бастамасы бойынша талап қою нысанасымен немесе негіздемесін өзгертуге құқығы жоқ. Егер бұл іс-әрекет заңға қайшы келсе немесе баста біреулердің құқықтарын бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзатын болса, сот талап қоюшының талап қоюдан бас тартуын, жауапкердің талап қоюды тануын қабылдамайды және тараптардың бітімгершілік келісімін бекітпейді.
- ҚР 11. 07. 01 ж. № 238-II Заңымен 39-бап өзгерті Судьяның істі қарауға қайта қатысуына жол берілмейтін жағдайлар:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz