Демографиялық дамудың сапасына экологиялық апаттар рөлі


Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
- Демографиялық дамудың сапасына экологиялық апаттар рөлі.
- Демографияның даму диалектикасында санның сапа туғызатын халық рөлі.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Ғылыми ыждағаттылықпен жасалған есеп бойынша, 1990 жылдың 30 маусымында туған халқымыздың саны 10 миллион деген қомақты санға жетіп, енді ес білетін, етек жиятын дәрежеге біртіндеп көтеріліп келеді. Дәл сол межелі күні кең байтақ Қазақстанның батысы мен шығысында ма, әлде солтүстігі мен оңтүстігінде ме, бәлкім, көрші тәуелсіз мемлекеттердің бір түкпірінде шығар, тіптен шетелдердің біреуінде болуы да әбден ықтимал, қазақ от басында күн сайын өмірге келіп жататын бір мыңдай «қара домалақ» баланың ішінде. Біреуі біздің қолымызды осы аталған қасиетті санға жеткізгені анық. Он миллион халықтың мерейлі мерекесі үшін сол бір бақытты баланы 1990 жылы туғандардың арасынан жас қазақтың символдық рәсімі үшін тауып алуға да болар еді. Қалай болғанда да біз сияқты жетім қалып, қиналып жалғыз өскен халқымызға бір ұлы шілдехананы жақсы ырыммен жасаған артық болмас еді деген ойдамын әлі.
«Еншалла, біз енді аз емеспіз, он миллион қазақпыз» деп айтуымызға толық болады. Бүкіл әлем бойынша екі жарым мың ұлттар мен ұлыстардың ішінде қазақ сан жағынан жетпісінші орынға жетпек. Барша саны 136 миллион түркі тілдес халықтардың арасында түрік, өзбек, әзірбайжаннан соң төртіншіміз. Бізден кейін сан жағынан татарлар мен ұйғырлар және содан соң түрікмендер мен қырғыз бауырларымыз із қуып келеді. Ал бұрынғы Совет Одағында орыс, украин, өзбек, белорустардан соңғы бесінші ірі халықпыз. XX ғасыр халқымызды жөнсіз демографиялық дағдарыстарға ұшыратпаған болса, қазір барша санымыз 25 миллионға жетіп, ол өзіне тиісті алғашқы өлшемде, яғни түркілер ішінде тарихи - екінші, ал соңғы өлшемде, яғни бұрынғы совет халықтары арасында өз еншісі - үшінші орында болар еді. Бұл, әрине, өзекті өртейтін-ақ өкініш!
Осыған орай, егер қазақ халқы өзінің қияметтің қыл өткеліндей қиын болған бұрынғы тарихында қырылып-жойылмаса, дәл қазір санымыз қанша болар еді деген заңды сұрақ туады. Өйткені ұлттық жан-жақты дамуымыздағы көп кемшіліктер осы демографиялық сәтсіз жағдаяттардан туындаған. Демек, біздер үшін бұл қатты ойланағын басты сұрақ. Шынында да, егер халқымыз сонау жаугершілік кезіндегі ақ-табан шұбырындыдан бастап, кешегі асыра сілтеуден болған қызылтабан қырғынға ұшыратылмаған болса, онда санымыз дәл қазіргідей 10, 5 миллион ғана емес, 30 миллионға тақап қалған болар еді. Қазақ халқының өзіне ғана тән өсу заңдылықтарын ескеріп есептеген осы орташа өлшем бойынша біздер өзіміздің демографиялық тарихи өсу потенциал-мүмкіншілігіміздің үстіміздегі XX ғасырда тек 40 проценті сақталғанын байқаймыз. Ал шетке біржола ауа көшіп кету (мысалы, ақтабан болып шұбырып, сарытабан болып үркіп, қызылтабан болып қырылып, қаратабан болып қуылып) салдарынан 1991 жылдың аяғында Қазақстан бойынша 7 миллионға әрең жеткен санымыз - демографиялық өсу мүмкіншілігіміздің тек үштен бірі ғана екенін тағы ескертеміз.
Биылғы 1992 жылдың басы да біздер үшін тағы бір сондай қуаныш әкелді. Қазақ 7 және 40 деген санды қашанда қасиетті санағанын қайталап айту демографиялық тіршілігіміз үшін артық болмас! Жеттік, жетістік, жетілдік деген сөздер осы киелі сөздерден шыққаны бәрімізге де аян. Қайтыс болған адамның жетісін және қырқын беру, жеті күлше тарату, баланы қырқынан шығару, жеті атаны білу - осы киелі сандарға деген сый-сияпаттан туған жақсы ырым. Біздің есептеріміз бойынша, миграциямен бірге санағанда, дәл бұл ұлыстың ұлы күні 22 наурызда Қазақстандағы иісі қазақтың саны жеті орынды осы межелі санға жетіп отыр: 7 миллионнан асқан санымыз, дәлірек көрсетсек -7. 077. 777 адам және 41, 5-тен асқан проценттік үлес салмағымыз, барлығы 17. 000. 000-ға жаңа жеткен барлық Қазақстан тұрғындары арасында (бұл санда да қасиетті жетілік бар) енді жәй саннан біздерге сапалы санаға ауысатын мезгіл келген сияқты. Есейіп, ес білдің, қазағым, енді егемен болған өз еліңе жиналатын күн туды, - дегім келеді, іс қимылы сылбыр, ал ақылы әлі жас халқыма, бүгінгі екпіні буырқанған, қиын өткелді осы курделі заманда. Елдігіміздің егемендігі ендігіде жәй қағаз жүзінде емес, ол шын мәнінде шынайы дербестік алып, әлемнің басқа тәуелсіз халықтарымен терезесі тең болу үшін жұмыла күресуіміз керек . . .
Халқымыздың он миллиондық санын дәл есептеуде осыдан бірнеше жыл бұрын жүріп өткен соңғы Бүкілодақтың халық санағының толық мағлұматтары, Қытайда 1990 жылдың жазында өткен санақ деректері, Монғолияда 1989 жылы болған санақ қорытындылары және басқа шетелдіқ ақпарлар септігін тигізді. Әсіресе, өз еліміздегі санақ мағлұматтары және жыл сайын туғандар мен өлгендер санын алу сияқты жүйелі жұмыстар, халқымыздың табиғи өсімін әр жерде зерттеп білу, сондай-ақ демографияға тән көші-қон мен келім-кетімді және өлім-жітімді зерттеу осы есептерімізді тиянақтауға мүмкіншілік берді. Бес ірі халық ретінде қазақтың табиғи есімі туралы деректер бұрынғы бүкіл Одақ бойынша жиналып келді. Мысалы, Қырымда демалыста немесе емделуде жүріп, босанған қазақ әйелімен, тағы айталық, Камчаткада жүріп, жазатайым өлген қазақ азаматы орталық есеп жүйесінің санағына ілігеді. Осыған байланысты жыл он екі айда біздің санымызды он миллионға толтырған табиғи өсім қалай қалыптасты деген сауалға жауап беру қызықты болар деймін. Өткендегі календарлық сол бір жыл, яғни 1989 жылдың екінші жартысы мен 1990 жылдың бірінші жартысындағы он екі айда 70 мың адам қайтыс болса, 320 мың бала дүниеге келіп, халқымыз 250 мыңға немесе 24, 5 промильге (2, 5 процентке жуық) өсім бергее. Баланы ең көп туатын берекелі ай маусымда 25 мың жас нәресте шыр етіп өмірге келсе, 6 мыңдай адам өмірмен қоштасты. Тіптен, санымыз 10 миллионға толған мерекелі күндеріміз 30-маусымдағы және шілденің бірінші жұлдызындағы екі тәулік ішінде 200 адам қайтыс болса, оның есесіне 1700-дей нәресте өмірге келді. Атап айтсақ, біздің санымызды он миллионға толтырған, сөйтіп жаңа ғана жұлдызы жанған сол 1700 бақытты «қара домалақ» балалардың Біреуі екені анық. Осыған орай сол жаңа туған балаларға жақсы ырыммен батыр аталары мен зиялы ағаларының атын берсек деп ұсыныс айтқан да едім кезінде (Өз басым былтырғы жазда Президенттік кеңестің бір сапарнамасында Тәжікстанның Қорған-төбе облысы Колхозабад ауданындағы қазақтар арасында болғанымда, үйдегі үлкендердің өтінішін орындап, бір жас от басында өмірге келген тұңғыш қыз балаларына осылай ырым етіп, Оңалгүл деп ат қойып кеттім.
Өстіп сан өсе келе, әр уақытта өзіне ыңғайлы бір кезеңде жаңа сапа туғызады. Бұл - жалпы болмыстағы барлық дамудың әмбебап заңы, барша тіршіліктің тірегі, диалектиканың негізгі қағидасының бірі. Сол сияқты, қоғамдық тіршілікте де осылайша сан есе келе, сапаға ауысады, ал сапа дами отыра, санды ширатады емес пе? Соғыс аяқталғанда барлық саны 3 миллионға дейін арта түскен және оның 1 миллионы жан-жаққа тарыдай боп, қатты шашырап кеткен халқымыз қазір 10 миллион деген санға көтерілмеген болса, кім білсін, жер бетінен біртіндеп жоқ болмасақ та, халық ретінде бірақ қатты ассимиляцияға ұшырап, бүгінгі ұлттык үрдіске қол жеткізіп, егеменді елдігімізді қамтамасыз етуіміз неғайбыл болар ма еді. Әлде кайтер еді? Демек, нағыз мемлекеттік дербестікке жету үшін де және экономикалық, мәдени жағынан жан-жақты даму үшін де, біздерге тағы да өткендегі-ден 2-3 есе өскен артық болмайтыны айдан анық . . . Осылайша қатты тиген зұлматтың аса ауыр зардабын біржолата жеңудің ең басты жолы тиісінше, міне, осы.
Даму диалектикасында санның сапа туғызатынын халқымыз баяғыдан-ақ байқап, ол туралы дәл айта білген. Мысалы, «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар, «қырықтың бірі - қызыр», «бір жаманшылыққа - екі жақсылық» дейтіні содан шығар. Шынында да, осы ойды дамыта келе, мен былай дер едім: қазір нағыз дүлдүл болып, әрбір миллионнан біреу дара шығуы қажет-ақ! Бүгінгі тарихи жағынан қиын, әлеуметтік жағынан жауапты, экономикалық жағынан ауыр және саяси өткелді шытырман кезеңде бытырап жатқан он миллион халқымыздың басын қосып, бір ынтымаққа алып келерлік дара шыққан нартәуекел азаматтарымыздың арасынан көш бастаушы нағыз дүлдүлін заманымыз керек етеді, тіршіліктің әр саласында, мысалы қозғалыста, ғылымда, дипломатияда, әдебиетте, ісмерлікте, саясатта, мәдениетте, ілкілікте т. с. с, он миллион халықтан ең аз дегенде он дүлдүл озып алға шығуын өмір бүгін қажет етіп отырған жоқ па. Олардың жарқырап бетке шығатын кезеңі де дәл қазір. Құдайға шүкір, бізде осындай дара дүлдүлдеріміз жок та емес. Бүкіл халық болып жұмыла қолдасақ, оларды өмірдің өзі-ақ алға тартып шығарады. Кезінде бізден жүзден жүйрік те, мыңнан тұлпар да көп шығып жатқан еді. Алда олардың саны көбейе түссе, нұр үстіне нұр дер едім. Ал соңғы кезге дейін миллионнан дара шыққан осындай жалғыз дүлдүліміз болмағандықтан, мысалы өз президентіміз Нұрсұлтан сияқты, халықтардың тарихи ұлы шеруінде көшіміз әлі артта қалып келе жатқан еді ғой . . . Ол жетістікке біздерді шынайы егемендік пен нағыз дербестік және қажырлы еңбек қана жеткізе алмақ!
Дәл демографиялық деректердің сөзімен сөйлер болсақ, бұл, екінші дүниежүзілік соғыс аяқталған соң аман қалған 3 миллионға жетер-жетпес санымыздан 45 жылдың ішінде ғана қайта өскеніміз.
Қазақтың ғұлама ғалымы Ахмет Байтұрсынов 1915 жылы: «Алһамдилля, аз емеспіз, алты миллион қазақпыз» деп айтқан екен. Сол кезде алтыншы миллионға аяқ басқан қазақ отыз жыл бойы үш рет дүркін-дүркін қайталанған, сөйтіп ұзын ырғасы 15 жылға созылған күшті демографиялық апаттан соң (1916-21, 1931-33, 1941-45 жылдары) саны қаншалықты ортадан төмен түсіп кеткені қазіргі озық демография ғылымына айдан аян. Ал Қазақстанның өзінде бізге қияметтей болған демографкялық дүрбелеңдер алдындағы 1915 жылғы 5 миллионнан 1945 жылы соғыс аяқталғанда 2 миллионға жетер-жетпес қана санымыз қалған көрінеді
Қорыта айтқанда, біздін ата-бабаларымыз «ескі халықтың көшпенді ұрпақтары» ретінде өздері осылайша отарлық зұлматтардан қырылып бара жатса да, замана қиыншылықтары мен өзгенің зобалаңына қайсарлықпен қарсы тұра, оларды жеңе отырып, өз ұрпағын аман сақтап қана қалған жоқ, олар өскелең ұлтқа өмір беріп үлгерді. Бабаларымыз бұл тіршіліктен бекер ғайып болған жоқ . . .
Бірақ тарихтың ащы ақиқаты біздер үшін осымен ғана айқындалмайды. Егер халқымызды отаршылдар мен әміршілдер тек осы XX ғасырда небір зұлматты қырғынға, саяси қуғынға, зұлматты геноцидтер мен қасіретті қайғыға ұшыратпаған болса, осылайша қырып-жойып, әртүрлі шұбырынды мен босқыншылыққа душар етпесе, онда қазақтардың республикаға барлық саны дәл қазір осыдан үш есе көп болып, қомақты 22 миллионға молынан жеткен болар едік.
Демографиялық жасанды ішкі дағдарыстар миграциялық сыртқы ағымдармен ұштасып кетіп отырғандықтан, осындай «орталықтың» күрт отаршыл өзгерістері қазақ даласында зор қайшылықтар туғызған. Мысалы, 1690-1990 жылдары Қазақстанға ұйымдастырылған түрінде, болмаса өз бетімен 7, 5 миллион келімсіктер көшіп келіп, біржола орналасып қалған екен. Ал, сол 1645-1945 жылға дейін, үш ғасыр ұдайы жаугершілік пен соғыстан, шұбырынды мен үркіншіліктен, қырғындар мен қияметтерден болған шығынның мөлшер саны қазіргі ата мекеніміздегі қазақтар үшін 5, 5 миллионға дейін жеткен көрінеді. Содан барып, жалпы көлемі (бірге санаған ортақ, баланс саны бойынша), осылайша 13 миллионға жетерлік ғаламат этноде-мографиялық өзгерістер нәтижесінде Қазақстанның ұлттық құрамы түбірлі өзгеріп, қазақтар өз жерінде азшылықта қалғаны ғылыми есеп бойынша белгілі. Айталық, оның проценті отаршылық басталмай тұрғандағы 92-ден, ең азайған кезеңі тың игерілуден соң 29-ға дейін қатты төмендеді. Демек, 1822-1962 жылдары 140 жылдық мерзім ішінде проценттік сан дәрежелері осылайша әдейі ұйымдасқан жасанды күшпен «төңкеріліп» түсіп, өзара орын алмастырған, яғни аталмыш басты көрсеткіште осындай өктемдіктің арқасында тоғыздың (9) алдына сонғы екі (2) «шығып» алған.
Алыста қалған соншама қатыгез тарихты былай қойғанда, күні кеше ғана Желтоқсан уакиғасынан соң, процентомания кесірінен 50 мың қазақ жастары жұмыс пен оқу іздеп Қазақстаннан басқа жаққа тағы қаңғырып кетуге мәжбүр болды емес пе? Дәл осы қиын болған 1986-1988 жылдары республикамызға үстемелене, вахталық, әдіспен жұмыс істейтін ведомстволық 50 мың мигранттар орталықтан және әкелінген. Әйтсе де, жыл сайын түркі тілдес халықтардың жалпы үлес салмағы республикамызда 0, 6-0, 7 процентке ұдайы артып отырса, славян тілдестерде ол керісінше 0, 3-0, 4 процентке біртіндеп кеміп келеді. Сөйтіп, алғашқылар соңғылардан орта есеппен жыл сайын 1, 0 процентке тұрақты озып отыратын жаңа демографиялық ахуал қалыптасып келеді. (2000 жылы арасалмақ 53:41 болып қалыптасады, ал енді керісінше, сол қатынас 1962 жылы 33:55 проценттей ғана болғаны зерттеу-шіге белгілі.
біздің ұлы тарихи бетбұрыс алдында тұрғанымыз анық. Егеменді Қазақстан жеке дербес мемлекет болып жарияланды. Қазақтар оның негізгі тұрақты халқы ретінде болжағанымыздан да тезірек өсуге мүмкіншілік алып, мерейі жоғарылап, тек табиғи түрде ғана емес, миграция мен ұлтаралық үрдіс арқылы да қарқынға қарқын қоса алады. Ол үшін ең бастысы, қатты жаншылып қалған халқымыздың ұлттық санасын өсіріп, өрісін кеңейтуіміз керек, ал ұлтаралық қатынаста оның беделін арттырған абзал. Осылайша саннан сапаға ауысуымыз қажет. Жан-жақты демографиялық дамуымыздың, әсіресе сапа жағына қатты зияң тигізетін аса қатерлі қауіп - ол экологиялық апаттар. Оны ауызға алмаса тағы да болмайды. Менің есептеуім бойынша, он миллионнан асқан халықтың ең кем дегенде үш миллионы экологиялық апатты жағдайда тұрып жатыр. Ата-бабаларымыздан біздерге мирас болған ұлттық генофондымыз - ол біздің бірінші байлығымыз. Одан айырылсақ - бәрінен де айырылдық деген сөз. Қазақ халқының 1990 жылдың ортасында он миллионға толуы (30 маусымда) мен ана тіліміздің мемлекеттік мәртебе алуы (1 шілдеде) бір уақытта қатар келуі кездейсоқ нәрсе көрінгенімен, олардың арасында терең байланыстар бар екенін аңғартады. Демографиялық өсім арқылы құралатын тілдік орта өз қалпына түпкілікті қайта келмей, біздер ана тілімізді ұшпаққа шығара алмаймыз. Ана тіліміздің тағдыры үшін зардапты қиын күрестің ең шешуші майданы демографиялық майдан болып есептеледі. Қазақтың жеке ұлт ретінде қиын даму тағдыры, жаугершілік пен отаршылдықтың және зұлматтың салдарынан кезінде демографиялық детерминизмге барып тірелген. Оны сол зұлматтың зардабы болған тарихи тұйықтан тек демографиялық дамудың құдіретті күші ғана алып шыға алады. Бүгінгі шындық та соны дәлелдеп отырған жоқ па? Ұлттык, санамыздағы бір қайнауы әлі жетпей жатқан шикілік те санымыздың сиректігінен туған зардапты жәйіт екенін қазіргі өмірдің өзі-ақ дәлелдеп отыр.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz