Әлеуметтік жұмыс жүйе ретінде


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

2 БӨЛІМ

Әлеуметтік жұмыс жүйе ретінде

2. 1 Ғылымдағы жүйелік амал

Әрбір зерттеуші қоғамдық немесе табиғи құбылыстарды зерттеу кезінде жүйелік амалды қолданады. Бұл жоғарғы квалификациялы тәжірибелі жұмысшыларға да қатысты. Өкінішке орай, бұл кей кездері санадан тыс түйсік дәрежесінде жүзеге асады. Оны танып, мақсатқа орай қолданса ғана әсерлі болады. Зерттеушілік және практикалық тапсырмаларды шешуде жүйелік амал бір ғана жол емес, онымен қатар басқа әдістер де қолданса жағымды нәтижелерге қол жеткізуге болады.

Бірақ, объекті жүйе ретінде қарауды негізге алған ғылыми таным мен әлеуметтік практика әдістемесіне бағыттамасы ретінде жүйелік амал, жан-жақты сипатамаға ие, сол себепті оны әркезде, барлық жерде қолдану қажет.

«Жүйелік амал» түсінігі «жүйелік әдіс», «жүйелік талдау әдісі» ұғымдарымен тығыз байланыста қолданылады. Көрсетілген әдістер объектіні бүтін жүйе ретінде меңгеруді де ұсынады.

Жүйелік амалда зерттеуді математикалық, жаратылыстанудың, әлеуметтік ғылымдардың жүйелік әдістемелерінің тоғысқан жеріне алып келеді.

Жүйелік амал көбінесе құрылымдық-функционалдық талдауға жақын, бірақ, ол екіншісімен салыстырғанда үлкен кеңдікпен, ауқымдылығымен еркешеленді.

Жүйелік талдаудың объектісі бүтіндік (жүйе) болып табылады, ал бұл: а) оның әр түрлі элементтерін; б) ішкі байланыстар сипаттамасына тәуелді элементтер құрылымын; в) жүйенің шекарасын; г) осы жүйенің қоршаған ортамен байланысын т. б. білдіреді.

Жүйелік амалда ережелер мен принциптердің бүтін бір жиынтығын пайдаланады. Бұлар зерттеушілік және практикалық қызметте жетістікке жетуге мүмкіндік береді. Ол жиынтықтар әр түрлі авторларда белгілі бір мөлшерде сәйкес келгенімен бірдей емес. Көбінесе мұндай принциптерді абстрактіліден нақтыға жоғары шығу; синтездің, логикалық және тарихидың, талдаудың бірыңғайлығы; құрылымдық-функционалдық және генетикалық пікірлерді талдау деп айтады.

2. 2 Жүйе түсінігі және оның түрлері

Жүйелік амалдың негізгі ұғымдарының бірі «жүйе» ұғымы ( грекше system - бөліктерден құралған бүтіндік) . Көбінесе жүйе дегенде біз өзара байланысып, бір бүтіндікті құрайтын көптеген элементтердің байланысын түсінеміз.

Бірақ жалпы интерпретациямен қатар жүйеге басқа да өндірістік талқылаулар келтірілген. Олар:

  • Жүйе әрекеттің себепке қатаң байланыстылығына қатысты белгілі бір байланыс бөліктенің дұрыс орналасына негізделген реттілік ретінде;
  • Жүйе қандай да бір нәрсенің ұйымдастырылуы мен құрылымдық әдісінің формасы ретінде;
  • Жүйе қоғамдық қатар ретінде.

Әлеуметтік энциклопедиялық сөздікте (Осипованың жалпы басшылығымен жазылған М. 1995, 668-764 беттер) жүйелердің типологиясы мен олардың кең сипаттамасы берілген. Жүйелердің түрлерінің арасында келесілері аталып көрсетілген:

  • Салыстырмалы түрде қарапайым, кішкене жүйелерге қарағанда үлкен жүйелер. Бұл қоғам, әлеуметтік құрылым және т. б. Осыған әлеуметтік жұмысты жатқызуға болады.
  • әлеуметтік (мысалы, әлеуметтік қауым) ;
  • әртүрлі табиғаттың жүйелерін қосатын кибернетикалық жүйе (техникалық, биологиялық және әлеуметтік) ;
  • ақпарат жүйесі ақпаратты өз ішінде циркуляциялайтын объективті әлемнің бөлігі ретінде, мұнда техникалық құралдардың желісі айтылады.
  • Социетальді қоғамның бүтіндік дәрежесінде қарастыратын процестер мен қарым-қатынастар жүйесі ретінде;
  • Социотехникалық - әлеуметтік ұйымның ішіндегі жүйе. Ол өндіріс пен оның технико-технологиялық базасының адамдық факторының әрекетінің нәтижесінде қалыптасқан;
  • әрекеттер жүйесі құрылымдық-функционализм теориясындағы әлеуметтік шындықтың әр түрлі дәрежесінің сәйкестігі ретінде.

Басқа негіздерге сүйенсек жүйелердің келесі типтерін бөліп көрсетуге болады:

  • материалдық. Материалдық объектілердің бүтін сәйкестігі ретінде. Бұған үлгі ретінде бейорганикалық табиғат пен тірі жүйелер алына алады.
  • Абстрактілі - адамның гипотеза, теория туралы түсінігі түрінлегі адам ойларының өндірісі;
  • Статикалық - уақыт ағымында тұрақты болып қалатын жағдай;
  • Динамикалық - уақыт ағымында өзгерісте болатын жағдай. Мұндай жүйелерге жарқын мысал- тірі ағзалар;
  • Детерминацияланған- мұндай жүйелердің ерекшелігі - олардың уақыттың келе жатқан, өтіп кеткен кез-келген сәтіне орната алу мүмкіндігі;
  • Мүмкінділік(стохастикалық) мүмкін болатын жағдайға тән;
  • Жабық және ашық жүйе мен орта байланыстары ерекшеліктерімен ажыратылады. Алғашқысында заттардың қосылуы мен бөлінуі болмай, тек қуат алмастыру жүзеге асырылса, екіншісінде әрқашан да тек қуат алмасып қана қоймай, зат та алмасады.

2. 3 Әлеуметтік жұмыстағы жүйелік амал

Әлеуметтік жұмыс жүйе ретінде нені қамтиды? Әлеуметтік жұмыстағы жүйелік амал қандай дәрежеде қолданылады және қолданылуы мүмкін?

Бәрінен бұрын әлеуметтік жұмыс ерекшеліктеріне жүйенің барлық түрін есептеп, оны талдағанда жүйе қасиеттерін қолданудың қаншалықты маңызды екенін анықтап алған жөн.

Сонымен қатар, әлеуметтік жүйе - элементтер құрамына адамдар мен олардың қарым-қатынастары кіретін, ерекше жүйелер класы екенін біліп алу керек. Қоғам, ұйым, қауым, әлеуметтік және басқа да топтармен қатар бұл жүйеге әлеуметтік жұмыс та кіреді.

Әлеуметтік жұмыс үлкен жүйелер түрі деп те қарастырылуы мүмкін. Өйткені онда кіші дәрежедегі жүйе ішіндегі бөлінділерді де көрсетуге болады. Үлкен жүйе ретінде әлеуметтік жұмыс мына 3 компоненттен тұрады: а) әлеуметтік жұмыс ғылым ретінде; б) әлеуметтік жұмыс оқу пәні ретінде және в) әлеуметтік жұмыс бір қызмет түрі ретінде.

Өз кезегінде, бұл үш компоненттердің әрқайсысы белгілі бір жүйе ретінде сипатталады. Сонымен, әлеуметтік жұмыс ғылым ретінде белгілі бір негіздемелер қатарымен жүйеленіп көрінеді. Біріншіден, оның пәнаралық сипаттамасы болғандықтан, оның негізгі объектісі адаммен байланысты барлық қоғамдық, жаратылыстанулық, және техникалық ғылымдар туралы білімдерді біріктіреді. Екіншіден, бұл ғылым ғылыми пәндердің қажетті белгілеріне ие болғандықтан жүйеге айналған. Үшіншіден, әлеуметтік жұмыс ғылым ретінде жүйе сапасында қарала алады, өйткені оған ғылымның ажыратылмайтын элементтері тән. Төртіншіден, оның жүйелік мінездемесі бар өйткені ол өзара байланысты 2 органикалық бөліктен тұрады: теоретикалық және қолданбалы (эмпирикалық)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндірісті басқарудың жүйелі тәсілдемесі
Менеджменттегі жүйелі ықпалы
Жүйелер
Ұйымдық құрылымның жүйелі тәсілдемесі
Ашық және жабық жүйелер
Басқарушы және басқару жүйесі
Экономикалық жүйе: мәні, элементтері, даму сипаты аралас экономикалық жүйе
Мемлекеттің саяси құрылысын қалыптастыру
Саяси жүйенің қызметтері
Экономикалық жүйе: мәні, элементтері, даму сипаты туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz