Әлеуметтік салық төлеушілер


Тақырып 7. Әлеуметтік салық
7. 1 Әлеуметтік салықтың пайда болу тарихы. Әлеуметтік салықты төлеушілер және салық салу обьектілері
- Әлеуметтік салық салынбайтын табыстар. Әлеуметтік салықтың ставкалары және оның ерекшеліктері
- Әлеуметтік салықты есептеу және төлеу тәртібі. Әлеуметтік салық жөніндегі декларация
7. 1 Әлеуметтік салықтың пайда болу тарихы. Әлеуметтік салықты төлеушілер және салық салу обьектілері.
Әлеуметтік салық Қазақстан Республикасындағы негізгі салықтардың бірі болып табылады. Ол 1999 жылдан бері бұған дейін қолданылып келген әлеуметтік қорларға: зейнетақы қоры, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, міндетті медициналық сақтандыру қоры, халықты жұмыспен қамту қорларына аударылатын сақтық жарналары аударымдарының орнына енгізілген еді. Әлеуметтік салықтан түсетін түсімдер мемлекеттік бюджеттің 15-16 пайызын құрайды.
Әлеуметтік салықты төлеушiлер:
1) дара кәсiпкерлер;
2) жекеше нотариустар, адвокаттар;
3) егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары;
4) Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын резидент еместер әлеуметтiк салық төлеушiлер болып табылады.
Әлеуметтік салықтың салық салу обьектілері:
1) Қазақстан Республикасының резиденті - заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекемелер, филиалдар мен өкілдіктер арқылы жүзеге асыратын резидент еместер және заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерi үшін:
- жұмыс беруші материалдық, әлеуметтік игіліктер немесе өзге де материалдық пайда түрінде берген табыстарды қоса алғанда, жұмыс беруші төлейтін ақшалай және заттай нысандағы кез-келген табыстар, сондай-ақ өтемді қызметтер көрсету шарттары бойынша жеке тұлғаларға төлемдер (жеке кәсіпкерлерге төлемдерді қоспағанда) түріндегі оның қызметкерлерге төлейтін шығыстары;
2) жеке кәсiпкерлер және жеке нотариустар мен адвокаттар үшін олардың өздерін қоса алғанда:
- қызметкер саны.
7. 2 Әлеуметтік салық салынбайтын табыстар. Әлеуметтік салықтың ставкалары және оның ерекшеліктері
Жоғарыда аталған жеке тұлғалардың салық салынбайтын табыстарынан және төменде белгiленген төлемдерден әлеуметтік салық алынбайды:
1) мемлекеттер, мемлекеттердiң үкiметтерi және халықаралық ұйымдар желiлерi арқылы берiлетiн гранттар қаражаты есебiнен жасалатын төлемдер;
2) Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн мемлекеттiк сыйлықақылар, стипендиялар;
3) спорт жарыстарында, байқауларда, конкурстарда жүлделi орындар үшiн белгiленетiн ақшалай наградалар;
4) ұйым таратылған немесе жұмыс берушiнiң қызметi тоқтатылған, қызметкерлердiң штат саны қысқартылған немесе қызметкер әскери қызметке шақырылған жағдайларда жеке еңбек шарты бұзылған кезде Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген мөлшерлерде төленетiн өтемдер;
5) пайдаланылмаған еңбек демалысы үшiн жұмыс берушiнiң қызметкерлерге төлейтiн өтемдерi;
6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорларына қызметкерлердiң мiндеттi зейнетақы жарналары.
Әлеуметтік салық ставкалары
Салық кодексі қабылданған кездегі әлеуметтік салықтың ставкасы:
- Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ қызметін Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместер 11пайыз бойынша; .
- Арнаулы салық режимдерiн қолданатындарды қоспағанда, дара кәсiпкерлер, жекеше нотариустар, адвокаттар тиісті қаржы жылына арналған републикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептiк көрсеткiштің екi еселенген мөлшерінде өзi үшiн және әрбiр қызметкер үшiн айлық есептiк көрсеткiштің бiр еселенген мөлшерiнде әлеуметтiк салық төлейдi.
- Тiрек-қимыл мүшесi бұзылған, есту, сөйлеу, көру қабiлетiнен айрылған мүгедектер жұмыс iстейтiн мамандандырылған ұйымдар 4, 5 процент ставка бойынша әлеуметтiк салық төлейдi.
7. 3 Әлеуметтік салықты есептеу және төлеу тәртібі. Әлеуметтік салық жөніндегі декларация
Әлеуметтiк салықты төлеу тәртiбi
Әлеуметтiк салықты төлеу салық төлеушiнiң тiркеу есебiне алынған жерi бойынша есептi айдан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрiлмей жүргiзiледi. Құрылымдық бөлiмшелер бойынша төленуге тиiс әлеуметтiк салық сомасы осы құрылымдық бөлiмше қызметкерлерiнiң табыстары бойынша есептелген әлеуметтiк салық негiзге алына отырып есептеледi. Төлеушілер құрылымдық бөлімшелер үшін өздерінің орналасқан жерлері бойынша тиісті бюджеттерге әлеуметтік салық төлеуді жүзеге асырады. Мемлекеттiк мекемелердiң есептi айға есептелген әлеуметтiк салық сомасы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, жүктiлiгi мен босануына, жұмысқа уақытша жарамсыздығына байланысты берiлетiн әлеуметтiк жәрдемақылар, ұл бала немесе қыз бала асырап алған әйелдерге (еркектерге) төленген әлеуметтiк жәрдемақылар сомасына кемiтiледi. Жоғарыда аталған әлеуметтiк жәрдемақылардың төленген сомасы есептi айда есептелген әлеуметтiк салық сомасынан асып кеткен жағдайда, асып кеткен сома келесi айға ауыстырылады.
Әлеуметтiк салық жөнiндегi декларация
Әлеуметтiк салық жөнiндегi декларация салық органдарына есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрiлмей тоқсан сайын тапсырылып отырады. Құрылымдық бөлімшелері бар төлеушілер әлеуметтік салық бойынша декларацияны беру мерзімінен кешіктірмей өзінің тіркелген жеріндегі салық органдарына құрылымдық бөлімшелер бойынша әлеуметтік салық есеп-қисабын тапсырады. Құрылымдық бөлімшелер бойынша әлеуметтік салық есеп-қисабының тиісті қосымшалары есеп-қисапты беру үшін белгіленген мерзім күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен салық органдарына беріледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz