Адам денесі


Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Адам денесі бастан - caput, мойыннан - collum, денеден truncus және екі жүп қол-аяқтан тұрады. Бастың бассүйек күмбезін - regiones fornicis capitis және бет бөлімін regiones faciei, дененің кеуде - thorax, іш - abdomen және арқа - dorsum бөлімдерін ажыратады.

Кеуде бетінде бағдарлау үшін тік (вертикалды) сызықтар жүргізуге болады:

1) алдыңғы орталық сызық - linea mediana anterior,

2) төс сызығы - linea sternalis, төстің жиегімен бойлай жүреді;

3) ортаңғы бүғана (емізіктік) сызық - linea medioclavicularis seu mamillaris, емізіктің немесе бұғананын ортасы арқылы жүреді;

4) linea parasternal - төс маңындағы сызык;

5) алдыңғы;

6) ортаңғы және 7) артқы қолтық сызықтары - lineae axillaris anterior, media etposterior, бүлардың біріншісі мен соңғысы қолтық шүңқырының алдыңғы және артқы жиек-тері, ал ортаңғысы - оның ортасы арқылы өтеді;

8) жауырын сызығы - linea scapularis жауырынның төменгі бүрышы арқылы жүргізіледі.

Ішкі X қабырғалардың және мықын сүйектерінің екі алдыңғы жоғарғы біліктері арасымен жүргізілетін екі көлденең (горизонталды) сызықтармен іш бірінің астында бірі жататын үш бөлімге бөлінеді: epigastrium (құрсақүсті), mesogastrium (іштің ортаңғы бөлімі, құрсақ) және hypogastrium (құрсақасты) . Іштің үш бөлімінің әрқайсысы екі тік сызықпен тағы да үш екіншілік бөліктерге бөлінеді, соның езінде epigastrium ортаңғы бөлікке regio epigastria (кұрсақүсті бөлігі) және екі бүйір бөлікке, regiones hypohondriacae - dextra et sinistra (қабырға асты бөліктері) бөлінеді. Іштің ортаңғы бөлімі де осындай жолмен ортаңғы орналасқан кіндік бөлігіне - regio umbilicalis және іштің екі бүйір бөлігіне - regiones laterales (dexter et sinister) бөлінеді. Ақырында, hypogastrium regio pubica (қасаға бөлімі) және бүйір жақтарында жататын екі regiones inguinales dexter et sinister (шап бөлімдері) бөліктеріне белінеді.

Арқа бөлімдеріне: омыртқа - regio vertebralis, жауырын regiones scapulares (dexter et sinister), жауырынасты - regiones subscapulares және дельта тәрізді - regio deltoidea белімдері жатады.

Қол-иық - brachium, білек - antebrachium және қол ұшы - manus болып бөлінеді, қол ұшы - алақан - palma manus, қол ұшының сыртқы - dorsum manus және саусақтарға - digiti manus бөлінеді.

Аяқ өз кезегінде мынадай бөлімдерге бөлінеді: бөксе - regio glutealis, сан -femur, сирақ - crus және аяқ ұшы -pes. Аяқ ұшы: табан - planta, аяқ ұшының сырты - dorsum pedis және бақайларға - digitis pedis бѳлінеді.

Ересек адамдар (20-60 жас) денесінің орташа үзындығы ерлерде 165 см, әйелдерде - 154 см. Дененің бойлап өсуі ер адамдарда 18-19 жаста, әйелдерде 16-17 жаста тоқтайды. Кей жағдайларда адамның бойының өсуі айтылған жаспен шек-телмей 25 жасқа дейін жалғаса береді, ол көбінесе ішкі секреция бездері қызметінің артуына байланысты. Белгілі еңбектерде дүние жүзіндегі көптеген қалыптан тыс бойы ұзын - алыптарды студенттер жоғарғы курстарда біле жатар. Осы жолдардың авторының өзі көрген Алматыда туып, өмір сүрген тым биік адамды айта кеткені жѳн болар. Василий Увайс, ұлты - шешен, 1950 жылдары физкультура институтын бітіріп, баскетбол командасында ойнаған. Оның бойының ұзындығы 238 см (толығырақ мәліметтерді "Караван" газетінде 1992 жылы жариялаған едім) . Ал, шоу-бизнеспен шұғылданатын Марокко азаматы - Радуан, бойының ұзындығы 240 см, салмағы 180 кг, табанының ұзындығы 60 см.

Дененің пропорциясы жас пен жыныска байланысты. Құрсақтағы нәрестенің дамуы үрдісінде алдымен оның денесінің жоғарғы бѳлімдері тезірек ѳседі, ал туғаннан кейін - тѳменгі бѳлімдері жылдам өседі. Міне, сондықтан туғаннан кейін бастың биіктігі тек 2 есе, ал тұлғаның ұзындығы - 3 есе, қолдікі - 4 есе, аяқтікі 5 есе өседі. Дене пропорциясындағы жыныстық айырмашылықтар: әйелдердің иығы қушықтау да, жамбасы кеңдеу, аяқ-қолдары біршама қысқалау, ал тұлғасы ұзындау.

Еркекті әйелден айыратын жыныстық белгілер - біріншілік және екіншілік деп бөлінеді. Біріншілік белгілерге кебею ағзалары, ең алдымен жынысты анықтайтын жыныс бездері жатады; қалғандары екіншілік белгілерді құрайды. Әйелдердің бойы (орташа 12 см) қысқалау, салмағы төмендеу келеді.

Бізде ересек еркектің салмағы 66 кг, әйелдікі - 59 кг. Дене салмағының дара ауытқуы орташа шамамен салыстырғанда 18-25 кг болады.

Әйелдің кеудесі еркектікінен кысқалау және тарлау, соньщ салдарынан және жамбасының кѳбірек кѳлбеулігінен әйелдің іші ұзындау келеді. Еркекте бұлшық ет массасының жалпы мѳлшері орташа есеппен оның барлық дене массасының 40%-ын құрайды, ал әйелде бар болғаны 32%-ын күрайды, соның нәтижесінде әдетте әйелдің күші еркектікінен аздау. Әйелдерде май тіні еркектердікіне қарағанда молырақ дамыған. Әйелдерге тән екіншілік жыныс белгісі - жақсы дамыған сүт бездері, бұлар еркектерде бастама түрінде ғана болады. Еркектің терісі қалыңдау, қаттылау және түкті (әсіресе бетте) болып келеді.

Дене бітімі (конституциясы) . Жоғарыда айқындалған "организм" деген жалпы ұғым нақты организм немесе индивидум туралы ұғыммен байланысты мазмұнды тұтас бере алмайды, ал анатомияны зерттегенде, сондай-ақ дәрігер науқасты емдегенде организмді жете білу керек.

Дене бітімі деп әдетте белгілі бір әлеуметтік табиғи жағдайларда қалыптасатын және организмнің түрлі (соның ішінде патологиялык та) әсерге реакциясынан керінетін, нақтылы адамға қатысты дара физиологиялық және морфологиялық ерекшеліктер жиынтығын айтамыз. Бұл жиынтықтың негізгі ѳзегі деп бұрынғы ұрпақтардан алынған бірқатар тұқым қуалайтын қасиеттер есептеледі. Сондықтан әрбір индивидум оның дене құрылысынан көрінетін ішкі (тұқым қуалайтын) және сыртқы (сөздің кең мағынасындағы қоршаған орта) факторлардың бірлігі болып табылады.

Денесінің сыртқы құрылымына белгілі бір ішкі құрылымы сәйкес келеді. Осындай корреляцияның арқасында дененің сыртқы құрылысына қарап ішкі құрылымының ерекшеліктерін елестетуге болады. Дѳл диагноз қою үшін сол нақты адамның дене құрылым типін ескеру маңызды. Дене құрылымының үш типін белуге болады.

1. Биік немесе ортадан биіктеу бойлы, тұлғасы біршама қысқалау, кеуде шеңбері тарлау, орта немесе қушық иықты, аяқтары ұзын, жамбасының көлбеу бұрышы кішкене болып келетін долихоморфты - тип.

2. Орта немесе ортадан аласалау бойлы, тұлғасы біршама ұзындау, кеуде шеңбері үлкен, біршама кең иықты, аяқтары кысқа, жамбасының көлбеу бұрышы үлкен болып келетін брахиморфты - тип.

3. Мезоморфты - орта, аралық дене құрылыс типі.

Норма және ауытқулар. Адам организмі қалыптасу үрдісінде өзін қоршаған ортаға бейімделді. Соның нәтижесінде организм мен сыртқы дүниенің нақтылы жағдайлары арасында белгілі бір тепе-теңдік орнады. Организмнің белгілі бір морфологиялык және функционалдық ерекшеліктері арқасында орныққан бұл тепе-теңдік норма деп белгіленеді де, ал соған сәйкесті дене құрылымы қалыпты деп есептеледі. Организмге сыртқы әрі ішкі ортаның әр түрлі факторлары әсер ететіндіктен, оның және жекелеген ағзалары мен жүйелерінің құрылымы варианттанады, бірақ нормадағы бұл варианттанушылық ортамен арадағы қалыптасқан тепе-теңдікті бұза алмайды. Осылайша, норма дегеніміз - метафизика есептегендей, қатып қалған, өзгермейтін нәрсе емес, ол алуан түрлі және жиынтығында организмнің тұқым қуалаушылығына да, сондай-ақ сыртқы орта факторларына да байланысты дара өзгергіштігін құрайтын көптеген құрылым варианттарынан тұрады. Организмнің және оның жекелеген ағзаларының құрылымының көптеген түрлері - норма варианттары бар (variatio, латынша - түр өзгеріс) . Вариациялық статистика бойынша, олар вариациялық қатар түзеді, оның шет жақтарында дара өзгергіштіктің шегіне жеткен формалары орналасады (B. H. Шевкуненко) . Демек, норма (қалыпты) дегеніміз - бұл организмнің түр ретіндегі адамға тән және биологиялық әрі әлеуметтік функцияларының толық орындалуын қамтамасыз ететіндей құрылым варианттарының үйлесімді жиынтығы және құрылымдық белгілерінің ара қатынасы.

Аномалия (anomalos, грекше - ұқсас емес) - бұл түрлі дәрежеде білінетін нормадан ауытқулар. Олардың бірнеше түрі бар, олардың біреулері бұрыс дамудың нәтижесі болып табылады, бірақ организмнің ортамен қалыптасқан тепе-теңдігін бұзбайды, демек, функциясына әсер етпейді. Мысалы, жүректің оң жақта орналасуы (декстрокардия) немесе ішкі ағзалардың басқаша орналасуы (situs viscerum inversus) . Басқа аномалиялар кезінде организм немесе жекелеген ағзалардың қызметтері бүзылады, организмнің ортамен тепе-теңдігі сақталмайды (мәселен, жарық таңдай) немесе оның тіршілік қабілеті толық жойылады (мәселен, бассүйектің болмауы - акрания, жүректің болмауы -акардия және т. б) . Дамудың мұндай күшті ақаулары зағиптық, сиқынсыздық (орысша-уродство) деп аталады. Анатомия мен эмбриологияның аномалиялар мен зағиптықтарды зерттейтін саласы тератология (teratos, грекше - керемет, құбыжық) деп аталады. Ол да патологиялық анатомияға жатады.

Қаңқа (sceleton, грекше - кептірілген скелет) - механикалық маңызы бар, мезенхимадан дамитын тығыз түзілістердің жиынтығы болып табылады. Ол ѳзара дәнекер, шеміршек немесе сүйек тіндерінің көмегімен байланысқан жеке сүйектерден тұрады; қаңқа қимыл аппаратының пассивті бөлімін қүрайды.

Қаңқаның маңызы. Сүйек жүйесі негізінен механикалық, көбінесе биологиялық маңызы бар бірқатар қызмет атқарады. Алғаш пайда болғанда қатты қаңқа организмді зиянды сыртқы әсерлерден қорғау қызметін атқарды (омыртқасыздардың сыртқы қаңкасы) . Ішкі қаңқаның дамуымен омыртқалыларда ол алғаш жұмсақ тіндер үшін тірек және арқауға айналды. Қаңқаның жеке бөліктері бұлшықеттердің көмегімен қозғалысқа келтірілетін рычагтарға айналып, соның салдарынан қаңқа қимыл-қозғалыстык (локомоторлық) қызметке ие болды. Қаңқаның атқаратын механикалық қызметі тірек, қорғаныш және қозғалысты іске асыру қабілетімен сипатталады.

Қаңқаның тіректік қызметі жұмсақ тіндер мен мүшелердің қаңқаның түрлі бөліктеріне бекуі арқылы іске асады. Қозғалыс жылжымалы буындармен қосылған және нерв жүйесі аркылы бас-қарылатын бұлшықеттердің көмегімен қозғалысқа келтірілетін ұзын және қысқа рычагтар түріндегі сүйектердің күрылысы арқасында жүзеге асады. Ең ақырында, қорғау қызметі жеке сүйектерден сүйек қуысын, жүлынды қорғайтын омыртқа қуысын, миды қорғайтын ми сауытын, кеуде куысының басты ағзаларын (жүрек, өкпе) қорғайтын кеуде қуысын, түрдің одан әрі сақталуы үшін қажет көбею ағзаларын қорғайтын сүйекті орын - жамбас астауын түзу арқылы іске асырылады. Сүйек жүйесінің биологиялық функциясы қаңқаның зат алмасуға, әсіресе, минералды алмасуға қатысуына байланысты (қаңқа түрлі минералдық фосфор, кальций, темір және т. б. тұздардың жиналатын жері) . Зат алмасуға байланысты ауруларды (рахит, т. б. ) рентген сэулесі, радиоактивті изотоптар арқылы диагноз қоюға болады. Бұдан басқа қаңқа кан жасау функциясында аткарады. Бұл кезде сүйек жәй ғана жілік майы үшін қорғаныш құндақ кана емес, жілік майы оның органикалық бөлігі болып табылады. Жілік майының өзінше дамуы және қызметі сүйек затының құрылысына әсер етеді де, ал, керісінше, механикалық факторлар қан жасау функциясына ықпалын тигізеді. Сондықтан дене жаттығуларын құрастырғанда қаңқаның барлық атқаратын қызметтерінің бірлігін есепке алу қажет.

Қаңқаның дамуы. Барлық омыртқалыларда құрылысының төменгі сатыларында, сондай-ақ ұрықтың даму кезеңінде ішкі қаңканың алғашқы бастамасы мезодермадан пайда болатын арқа жіпшесі - chorda dorsalis болып табылады. Хорда хордалылар типінің карапайым өкілі -ланцетниктің (Amphioxus lanceolatus) тән белгісі болып табылады, оның қаңкасы денесінің ұзына бойына арка жағынан созылған арқа жіпшесі мен оны қоршаған дәнекер тіннен түрады.

Омырткалылардың қарапайым түрлерінде (деңгелекауыздылар, селахиялар), дәнекер тінді хорданың айналасында және баска жағында шеміршекті қаңқаға ауысады, оның өзі, сүйекті балықтардан бастап сүтқоректілерді қоса сүйекке айналады.

Сүйектің дамуымен кішкентай ғана қалдықтары (омыртқааралық дискінің іркілдек ядросы) калып, хорда жогалады. Суда ѳмір сүретін формалар шеміршекті қаңқамен қала алады, ейткені судағы механикалық ауырлық ауадағыға қараганда әлдеқайда аз. Тек сүйекті қаңқа ғана жануарларға судан қүрлықка шығып, өз денесін жер үстінде көтеріп, аяғында берік тұруға мүмкіндік берді. Сөйтіп, филогенез үрдісінде қоршаған ортаға бейімделу құбылысы ретінде біртіндеп қаңқаның үш түрі ауысады. Бұл ауысу адам онтогенезі үрдісінде де қайталанады, бұл кезде қаңқа дамуының үш сатысы байқалады:

1) дәнекер тінді (жарғақты),

2) шеміршекті және 3) сүйекті. Шеке, бас сүйектері, бет сүйектерінің көбі, дәнекер тін негізінде пайда болады. Басқа сүйектер осы үш даму сатысынан өтеді.

Сүйек - мүше. Сүйек, os, ossis, тірі организмнің мүшесі ретінде бірнеше тіндерден тұрады, олардың ең бастысы сүйек тіні.

Сүйектердің химиялық құрамы мен физикалық қасиеттері. Сүйек заты химиялық заттардың екі түрінен тұрады: органикалық заттар (V 3 ) -негізінен оссеин және бейорганикалық заттар (V 3 ) - негізінен кальций тұздары, әсіресе фосфорқышқылды ізбес (51, 04%) . Егер сүйекке қышқыл ерітінділерімен (азот, түз және басқа) әсер етсек, ізбес тұздары еріп кетеді де (decalcinato), ал органикалық зат ерімей қалып, бірақ жұмсақ және серпінді күйде сүйектің пішінін сақтайды. Егер сүйекті күйдіретін болсақ, онда органикалық зат жанып кетіп, ал бей-органикалық зат сақталып қалады, бірақ өте сыңғыш түрде сүйектің пішіні мен қаттылығын сақ-тайды. Бейорганикалық және органикалық заттардың тірі сүйекте аралас болуы оған аса беріктік пен серпімділік қасиет береді. Бүған сүйектің жасқа байланысты ѳзгеруі де дәлел болады. Жас балалардың сүйегінде оссеин кѳбірек болғандықтан, олар өте иілгіш және көп сына бермейді. Керісінше, қартайғанда, сүйектің құрамындагы органикалық және бейорганикалық заттардың арақатынасы өзгеріп, бейорганикалық заттар кѳбейгенде, сүйектің майысқақтығы кеміп, олар морт сынғыш келеді, соның нәтижесінде қарт кісілерде сүйектің сынуы жиі кездеседі.

Лупамен немесе микроскоптың шамалы үлкейтуімен корінетін сүйектің құрылымдық бірлігі остеон , яғни тамырлары мен нервтері бар орталық өзекті айнала сақиналы орналасқан сүйек табақшалары жүйесі болып табылады.

Остеондар бір-біріне тығыз жабысып жатпайды, олардың арасы сүйек аралық табақшаларымен толтырылған. Остеондар жүйесіз емес, сүйекке түсетін функционалдық жүктемеге сәйкес орналасады: жілікті сүйектерде сүйектің ұзына бойына параллельді, кемікті сүйектерде-вертикалды білікке перпендикулярлы, бас сүйектің жалпақ сүйегінде сүйек бетіне параллелді және сақиналы (радиалды) орналасады.

Остеондар аралық жасушалармен бірге ішінен (эндост жағынан) сүйек табақшаларының ішкі қабатымен, ал сыртынан (периост жағынан) қоршайтын табақшалардың сыртқы қабатымен жабылған сүйек затының негізгі ортаңғы қабатын түзеді. Сыртқы қабатта сүйек қабынан сүйек затына тесіп ѳтетін ерекше жолдар арқылы келетін қан тамырлары бар. Мацерацияланған сүйекте көптеген қоректендіруші тесікшелер (foramina nutricia) кѳрінеді. Тесік арқылы өтетін қан тамырлар сүйектегі зат алмасуды қамтамасыз етеді.

Жәй көзбен көрінетін (кесілген жерден немесе рентгенограммада) сүйектің ірілеу элементтері - сүйек затының аралық шабақтары немесе трабекулалар остеондардан тұрады. Осы трабекулалар екі текті сүйек затын құрайды: егер трабекулалар тығыз жатса, онда тығыз тұтас зат, substansia compacta алынады, ал егер трабекулалар бостау жатса, онда кеуекті зат, substantia spongiosa.

Тығыз және кеуек заттардың таралуы сүйектің функционалдық жағдайларына байланысты. Тығыз зат негізінен тірек (тіреуіш) және қозғалыс (рычаг) міндетін орындайтын сүйектер мен олардың бөліктерінде болады, мысалы, жілік сүйектердің диафиздерінде. Ал үлкен көлемді жеңілдікпен қоса беріктікті сақтау керек болған жерлерде, мысалы, жілік сүйектердің эпифиздерінде, кеуекті заттар түзіледі.

Кеуекті заттың көлденең шабақтары белгілі бір реттілікпен және сүйек пен оның бөлігінің функционалдық жағдайларына сәйкес орналасады. Сүйектер екі жақты әсерге - қысым мен бұлшықеттердің тарту күшіне ұшырайтындықтан, сүйек шабақтары - қысым мен тарту күштері түсетін сызықтардың бойымен орналасады. Бұл күштердің түрлі бағыттарына сәйкес әр түрлі сүйектер және олардың бөліктерінің құрылысы да әр алуан болады. Бассүйектің жабынды сүйектерінде (негізінен қорғаныш қызмет атқаратын) кеуекті заттың қаңқаның 3 функциясын атқаратын, оны басқа сүйектерден өзгешелейтін ерекше сипаты болады. Бұл кеуек зат диплоэ, diploe (қосарлы), деп аталады, өйткені ол екі сүйек табақшаларының - сыртқы, lamina externa және ішкі, lamina interna арасында орналасқан бұрыс пішінді сүйек табақшаларынан тұрады. Ішкі табақшаны шынытәрізді, lamina vitrea, деп те атайды, себебі ол бассүйек зақымданғанда сырткы табақшаға қарағанда оңай сынады.

Сүйек ұяшықтарында жілік майы - қан жасау және организмді биологиялық қорғау ағзасы болады. Ол сүйектің қоректенуі мен дамуына және өсуіне қатысады. Жілік сүйектерде жілік майы осы сүйектердің қуысында болады, сондықтан оны жілік май қуысы, cavitas medullaris деп атайды. Сонымен сүйектің бүкіл ішкі кеңістігі ағза ретіндегі сүйектің ажырамас болігін құрайтын жілік майымен толтырылған.

Жілік майы екі түрлі болады: қызыл және сары. Қызыл жілік майы, medulla ossium rubra, торлы тіннен түратын нәзік қызыл масса түрінде болады, оның тұзақтарында қан жасалуына және сүйек жасалуына (сүйек құраушылар - остеобласттар, сүйек бұзушы - остеокласттар) тікелей қатысты жасушалық элементтер орналасады. Онда жілік майынан басқа, сүйектің ішкі қабаттарын көректендіретін кан тамырлар мен нервтер бар. Қан тамырлар мен қан элементтері жілік майына қызыл түс береді.

Сары жілік майы, medulla osseum flava, негізінен май жасушаларынан түзілетіндіктен сары түсті болады. Іштегі нәресте мен жаңа туған балада тек қызыл жілік майы болады. Бала ѳскен сайын қызыл жілік майы бірте-бірте сары жілік майымен ауысады да, ересек адамның жілік сүйектерінің қуыстарында тек сары жілік майы ғана болады. Сүйек сыртқы жағынан, буын беттерін қоспағанда, сүйек қабымен, periosteum, жабылған.

Сүйек қабығы - сүйекті сыртынан қоршаған қызғылт түсті дәнекер тінді жұқа қабыршақ. Ол екі қабаттан: сыртқы және ішкі сүйек түзуші қабаттардан тұрады. Сүйек қабығы нервтер мен қан тамырларға бай, соның арқасында сүйектің қоректенуі мен қалыңдап өсуіне қатысады. Қоректену кеп мөлшерде сүйек қабынан көптеген қоректік тесікшелер (foramina nutricia) арқылы сыртқы тығыз затқа өтетін қан тамырлар есебінен, ал сүйектің өсуі ішкі, сүйекке жанасып жатқан қабатта (камбийлі) орналасқан остеобласттар есебінен іске асырылады. Сүйектің буын беттерін буын шеміршектері, cartilago articularis, жауып жатады. Сөйтіп, мүше ретіндегі сүйек ұғымына сүйектің негізгі массасын құрайтын сүйек тіні, жілік майы, сүйек қабығы, буын шеміршегі және кѳптеген нервтер мен қан тамырлар жатады.

Кез келген сүйектің түзілуі мезенхима текті жас дәнекер тінді жасушалар - остеобласттар есебінен жүреді, оларды басты тірек рөлін атқаратын жасушааралық сүйек заты жасап шығарады. Қаңқа дамуының үш сатысына сәйкес сүйектер дәнекер немесе шеміршек тіндер негізінде дамиды. Сүйектенудің (остеогенездің) мынадай түрлерін ажыратады:

1. Эндесмалды сүйектену (en - ішкі, desme - байланыстырғыш) алғашқы, жабынды сүйектердің дәнекер тіндерінде жүреді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Үлкен асықты жілік жоғарғы ұшы жуан төменгі ұшы бар жіңішке түтікті сүйек
Тұлға мен қол –аяқ сүйектерінің жеке, жастық және жыныстық ерекшеліктері
Жалпақ құрттар типіне жататын жәндіктер туралы
Электромеханикалық цех
Сүйек туралы
Жануар ағзасының ерекшеліктері
Таспа құрттар класы
Баланың тірек жүйесінің маңызы, құрылысы, қызметі
Жалпақ құрттар типіне жататын жәндіктер
Зоология пәні мен оның міндеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz