Ғұндар құрған үлкен және шағын мемлекеттер


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

1. Ғұн мемлекеті

2. Ғұндардың батысқа жорығы

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Бір кездері Азия мен Шығыс Еуропаны мекендеген ежелгі халықтардыңбірі ғұндар болды. . Түрлі тарихи жазбаларда ғұндардыңрулықжәне тайпалықбірлестіктері түрліше аталады. Ғұндар құрған үлкен және шағын мемлекеттер белгілі. Еңүлкен және осыған байланысты неғұрлым белгілілері болып табылатын зор тарихи із қалдырған ғұндардыңекі империясы бар. Олардыңбіріншісі - Тұман (Тумань, Теоман жабғу) мемлекеті, оны қытайлар Шаньюй Тұман (б. д. дейінгі 209 жылы өлген) деп атаған. Оныңтұсында ғұндар мемлекеті біршама әлсірейді, бірақоныңесесіне мұрагері Қасиетті Мете (Мөде, Мао Дунь) б. д. дейінгі 209-176 жылдары "Ғұндардыңұлы империясы" деген мемлекетті басқарды. Екінші империя - Аттиланның(Еділ патша) империясы. Оныңкезінде ғұндар Шығыс Еуропадан Сырдарияға дейін өмір сүрген халықтар мен аумақтарға иелік етті. Оныңмемлекеті "Ғұндардыңбатыс империясы" деп аталды.

Еңалдымен ғұндар (гунну) неліктен осылайша аталды, оларды кімдер осылай атады дегенді айтуымыз керек. Ғалымдар арасында бұл мәселеде біраузыдылықжоқ. Еуропалықта, қытайлықта тарихшылар сонау алыс уақыттағы көшпенділерді түрліше атаған. Әрбір жүзжылдықта жылнамашылар мен тарихшылар өздерініңыңғайына қарай атаған, ал қытайлықтар біздіңдәуірімізге дейін және одан кейін де бір халыққа 32 атау берген. Батыстықертедегі тарихшылар өз кітаптарына ғұндарды гун-гунний, хун-хунну, кун-кунну, хон-хэн, хун-ху-гуз, сюнну және тағы басқа сол сияқты жаза берген. Біз барлықосы атау-этнонимдерден біреуін - хунну дегенді немесе Аттила ғұндары туралы сөз қозғалғанда гунндар дегенді шығарып аламыз. . Қазақтар мен басқа түрік халықтары оларды "ғұндар" деп атайды, өйткені ғұндар шын мәнінде қазақтардың, жалпы түркілердіңалыстағы ата-бабалары, сондықтан оларды біздер де осылайша атаймыз. Оған біздердіңдәлелдеріміз жеткілікті.

Енді тарихи кітаптарға жүгінейік. Белгілі тарихшы Отто Франко өзініңүш томдық"Қытай тарихы" деген еңбегінде: "Ғұндар қайдан шыққан, олардыңата-бабалары кімдер екенін біздер айта алмаймыз. "Ғұндар" деген атаудыңөзін бір халыққа біріккен әлдебірсан алуан тайпалар алған шығар. Шамамен "скифтер" дегенніңөзі де сондай. Бірақолардыңөзегі еңалуан уақыттар мен дәуірлерде түріктер болды дегенмен келісу керек", - деп жазды.
Қытайлардыңөз "тарих атасы" Сы Машиян (Сыма Цянь) болды. Ол б. д. дейінгі 145 немесе 135 жылы туды. ¤лген жылы белгісіз. Оның"Тарихи жазбаларының" 110-шы бөлімінде ғұндарға байланысты:"Ғұндардыңарғы атасы Шия хоу патшалығы әулетіне жататын Шоңби (Шун вей) болған . . . Шоңбиден Тұман қағанға дейінгі мыңжылдықтар барысында ғұндар біресе күшейіп, біресе әлсіреп отырған . . . Ақыры тек Мөде тұсында олар өте күшті болды. Солтүстігінде олар өздеріне юечжи халқын қаратты, оңтүстігінде Қытаймен соғысты. Сол кезден бастап ғұндардыңшағын империясы белгілі, оларды тарихи кітаптарға жаза бастады", -делінген.

1. Ғұн мемлекеті

4 ғасырда бұрынғы Сақ ұлысы ыдырайды. Осы кездері Қаратеңіз жағалауына Грек саудагерлері келіп қоныстанса, Дунай мен Дөң өзендерінің арасына германдық гот тайпалары көшіп келеді. Алайда, кеңбайтақ Еуразия кіндігі ержүрек Сақтардан тараған ұрпақтар меншігі болып қалады. Енді олар сарматтар, ауарлар, қыпшақтар, қаңлылар, үйсіндер, сәнбилер, узилер, ғұндар деген жеке -жеке мемлекеттер құрды. Бұлардың барлығы бір- бірімен араласып, кейде іргелерін бөлектеп өмір сүріп жатты. Әсіресе Ғұндар құрған мемлекет өзге көшпенділерге қарағанда ертерек еңсе көтеріп қуатты елге айналды.
Б. з. д 1 мыңжылдықтың 2 жартысынан бастап орталық азияда көшпелілердің рөлі артты. Б. з. д 4-3 ғасырларда Қытайдың солтүстігімен орталық азияда ғұндар деген тайпалар бірлестігі пайда болды. Осы кезде Ғұндар мен Цин империясы тарих сахнасына бірге шықты. Іргелі мемлекет құрған Ғұндардың жері сол кездері Қытайдың Хуан - Хе даласынан Дунайға дейінгі, Орал таулары бөктерінен Памир, Тянь Шанға дейін, Байкалдан Тибетке дейінгі аралықты алып жатты.

Бұл кезде Еуразия құрлығында саяси жағдай өзгеріп Батыстағы Македонский құрған алып империя ыдырап, тарих құрдымына сіңіп, енді олардың орнына сол кезде жер жаһанды дүрілдеткен Рим империясы пайда болады. Өздерінен бұрынғы Сақтардың даңқты дәстүрлерін жалғастырған Ғұндардың ұлы ордасы алғаш рет осы Цин империясының жанынан Қытай аумағындағы Сарыөзен мен Саржазық өңірінде шаңырақ көтерген еді.
«Б. з. д 3 ғасырда Орталық Азияда бірінеше көшпелі империя дүниеге келді. Оны құрған- ғұндар. Ғұн империясы қанатын жайып, жан-жаққа бүкіл ұлы далаға, азиялық Еуропа деңгейінде мәлім болды.

Нәбижан Мұқаметханұлы. Тарих ғылымдарының докторы. әл- Фараби атындағы Қаз ҰУ Халықаралық қатынастар факультетінің профессоры. 09. 50 Ал Ғұндар болса қазіргі Моңғолия, Қиыр Шығыс содан орталығы, Азияға кең байтақ даланы алып жатқан бұл ғұн империясы болды. »
Қай ғасырды алып қарасаңыз да Қытай жерінде құрылған империялар, әулеттер, ең алдымен өзінің солтүстігіндегі Монғолия жеріндегі көршілерін әлсіретуге тырысты. Оларды ашық соғыста жеңе алмаса, ішін ара ірітіп, өзінің дипломатиялық, жымысқы саясатыменен түбіне жетіп отырған.
Қытай Гередоты аталып кеткен Сыма Сян Ғұн мен Қытайлардың соғысы б. з. д үшінші ғасырынан, б. з. д бірінші ғасырына дейін жалғасқанын алға тартады.
«Жалпы мен былай деп айтар едім. Тарихта Орталық Азияда пайда болған мемлекеттердің бәрінің бір үлкен миссиясы болды ол Қытай экспансиясын тежеп отырды. »

Ғұндар мал шаруашылығын кәсіп етті. Салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын сақтай отырып, әскери күшті де нығайтуға тырысты. Еуразияда алғашқылардың бірі болып темір қару пайдаланған да осы ғұндар болатын.
Қытай империясы мен ғұндар арасындағы алғашқы соғыста Қытайлар 300 мың әскермен қарсы жорыққа шыққанымен, көкбөрі ұрпағының тойтарысына тап болып, көкбөрінің балалары күштілік танытқан болатын. Бірақ қайтсе де ғұндарды күшпен жеңе алмасяна көздері жеткен айдаһарлар, қулыққа басты. Қысықкөздер көкбөрінің ұрпақтарын достық қарым-қатынасқа шақырып, оларға алым- салық төлеуге келіседі.
Қытайлар етті сүрле жеп, тері терсекті илеп киім киген Ғұндардан қатты қорықты. Сол кезде билікке келген Цин императоры Ши Хуан б. з. д 214 жылы 100 мың әскермен Ғұндарға қарсы тағы жорық жасап, Саржазықта отырған көшпенділерді ойда жоқта шабады. Қапылыста келген жауға тойтарыс беріп үлгере алмаған Ғұндар шегінуге мәжбүр болады. Қорғанысқа қолайлы алқапты өз иелігіне алған Ши Хуан, ғұндардың қарсы шабуылынан қорғану үшін осы аймақта ұзындығы 5000 шақырымдық биіктігі 6-10, ені, 5-6 метр болатын үстінен ат арба өтетін үлкен қорған тұрғызады. Ұлы Қытай қорғаны деген атаумен қалған қорған осылай пайда болды.
«100 мыңдаған адам, 10 жыл бойы Ши Хуандидің тұсында бүкіл Қытайдағы қылмыскерлер, соғыста тұтқынға тұскендер бар, онан кейін бүлік шығарған көтерлісшілердің армиясы бар, бағындырылған кішкентай хандықтардың қолға түскендер бар, онан кейін тығыз отырған ауыл, қыстақтарды зорлап отырып көшіріп сол қорғанды біріне бірін жалғатып, қорғанның өткелдердің аузына елді мекендер, қалашықтар салғызған. Сөйтіп бос жатқан жердің барлығын халыққа толтырған. Әрі қорған соқтырды, әрі ол жерге елді, үлкен Қытайды орналастырды. Әитпесе құр Қорған болғанменен оны бұзып өту деген қиын нәрсе емес қой. Әрі қорған, әрі Қорғанды қорғайтын әскериленген елді мекендерді орнату арқылы Ши Хуан өзі өлгенге дейін мұны аяқтады. 209 жылға дейін бұл Қорған аяқталды. »
Бірақ бұл қамал сол кездегі көшпенділердің тегеурінді күшінен құтқара алмас еді, егер Қытайдың жымысқы саясаты болмағанда. Олар мықты тайпаларды бір -біріне айдап салып, өздерінің жымысқы әрекеттерін іске асырады. Содан б. з. д 1 ғасырда Ғұндар екіге бөлініп, осыдан келіп Ғұндар әлсірейді.
Қытайдықлардан күйрей жеңілген Ғұндар Алтайға қарай үдере көшіп, Еділ мен Жайық өзенінің аралығына келіп қоныстанады. Осы оқиғадан кейін 2 ғасыр өткен соң олар аттарының басын Батысқа қарай бұрады. Осы кезден бастап Ғұндардың ат дүбірі Еуропаны шошындыра бастаған болатын. Бұл туралы келесі хабарымызда баяндаймыз.

2. Ғұндардың батысқа жорығы

Шығыстағы Ұлы Ғұн ордасының даңқты да, қайғылы тарихы ең соңғы тәңірқұт Шөже тұсында аяқталады. Қытайлардан қатты тойтарысқа тап болып, жер ауға мәжбір болған Ғұндар Ата жұрты Алтайды тастап Еділ мен Жайық өзендерінің аралығына келіп орнығады.

Еуропа жылнамашылары Гундер деп атаған жаңа мемлекеттің батыс елдерін дүрліктіре бастаған түсы Балаәмір билікке келген кезбен тұспалданады. Балаәмірдің басқаруымен Ғұндар ең бірінші жорығын Қап тауының солтүстігін мекендеген халықтардың талқанын шығарып, Византияға тізесін батырып, Римдіктерді өзімен санасуға мәжбұрлеген, Доннан, Дунайға дейінгі жерді иемденген германдық готтарды көкбөрінің бөлтіріктері Дунайдан әрі асыра қуып тастауымен басталады.

«Керек десеңіз Балкаан түбегіндегі батыс орыс Славиян тайпаларының куөшіп келуі. Бұның бәрі Ғұндардың арқасы десек қателеспейміз. »
4 ғасырдың 70 жылдарында Днепірге дейінгі жерлерді жаулаған, Ғұндардың батысқа қарай жорығы тарихта «Халықтардың ұлы көші» деген атпецн тарихта қалды. Ғұндардың қайтадан дәуірлеу кезеңі деп 4-5 ғасырларды айтуға болады. Бұл, билік басына Еділ патша таққа отырғаннан түспен дөп келді. Атақты жылнамашы Пирскінің жазбаларында Атиланның бойы 160, көзі қысық, өткір, киімдері теріден екен деп жазады.

Сол кездегі жылнамашылардың деректері мен кейінгі кездері жарық көріп жұрген зерттеулерге көз жүгіртсек, 451 жылғы Каталауын қырғыныны деген атпен тарихта қалған жан- алысып жан беріскен алапат шайқаста Ғұндарды Еділ патша басқарып осы соғыста мерейі үстем болады. Франция жерінде болған осы соғыста екі жақтан 165 мың адам жер жастаныпты. Осыдан бастап Еуропада Ғұндарға қарсы әскери күш қалмайды. Бір қызығы осыдан кейін тарихта үлкен өзгерістер болып Еділ Рейн өзенінің бойындағы Бургунттарды жаулап алып, Ғұндар жаулаған жерлерде жаңадан мемлекеттер пайда бола бастайды.

Қойдың қарғысы қасқырға жетпес дегендей, Еуропада ешкімге дес бермеген Рим империясының құлауына да осы Ғұндардың ықпалы көп еді. Римнің құлауы Еуропаға жаңа қарқын әкелді. Пирскінің тағы бір дерегінде Еділ патша Рим билеушісі екеуінің келісөз жұргізгені туралы дерек бар. Еділ пратша Римді қоршап шабуға келгенде оның алдынан рим билеушісі шығыпты. Онда екеуі көп сөйлеспейді. Еділ патша елшіні атымен бір айналады да атының басын кері бұрды деп жазады. Онда екеуі не туралы сөйлесті, неге ол Римге кірмеді? Осы сұрақ әлі күнге дейін тарихшылардың пікірі жан жаққа сабылуда.

«Рим папасы қызық болғанда тізерлеп тұрып аяғына жығылып барлық алтын күмісті алып шығып Римге кірмеуді өтінеді Бұл Еуропа үшін қасиетті қала дегенді. Айтады. »

Соңғы кезде Мұрат Аджи деген тарихшы, көшпенділердің тарихы деген жаңа көзқарасты ұсынып отыр. Оның ойынша өркениет тек қана шығыс пен батыста ғана туған жоқ. Ол далаықтардың мәдениеті деген тұжырым жасайды. Оның пікіріне саятын болсақ батысқа дінді де апарған шығыс халқы екен. Ол өзінің жазбаларында сібір халқы иконаға емес, далаға қарап тәңірге табынған. Керек десеңіз «альтар» деген сөздің өзі де түріктің сөз дегенге саяды. Сонымен қатар орталық азия жерінде кезінде «манас» деген өзен болыпты содан адамдардың барып түратын орны болған соң келе- келе манастыр болған дейді. Тіпті Ғұндар Алтайдан арқалап кресті Еуропаға алып барған деген де пікір айтады.

Тағы да тарихи деректерге көз жүгіртсек Ғұндар Еуропаны жаулаған кезде оларды үстеріне кеиген киімдерінің түсіне қарап Ақ Ғұндар деп атапты деген көзқарас бар. Сонымен қатар тарихта Ақ Ғұндар ұлысы болған. Гумелевтың санағы бойынша көкбөрілер Батысқа қарай бет бұрғанда 200 мыңы кетіп, 300 мың Ғұн Моңғолияның жерінде бұрынғыша қалып қояды деп жазған.
Тарихта Ақ Ғұдардың ұлысы деген атпен Орталық Азия, Ауғанстан, Пәкістан, Солтүстік және Батыс Үндістан, Шығыс Түркістан жерлері олардың меншігі болып қалды. Ал қазіргі Ауған жері осы Ақ Ғұндардың астанасы болған дейді.

«Кезіндегі Ғұндар қазақстан жеріне қоныс аударды. Юбан деген Ғұндар-бұлар Ақ Ғұндар. Ефтерит дегендері бар бұлар қара Ғұндар бұлар Сыырдария мен Амудария арасындағы. Олай болатын болса олар қазақтың этногенезіне кірді. Анда Ғұндар қалып қойды. Кейін Ғұндардың өзін Сиянби, Жужам деген моңғол тектес тайпалар басты да аналардың қалдықтарынан кейін Түрік қағанаты құрылды.

Ғұндар тарих тауқыметін аз көрмеген халық болып есептеледі. Жер шарының жартысын аяғының астында дүбірлі дәуірімен дүрілдеткенімен олар батыста өздерінің биіктеген абыройларын жоғалтып алады. Сол кездегі ел басқарған басшылары жауынгер, кемел де кемеңгер халық мүлдем жоқ болды десек те болады. Тарихқа шегініс жасап көретін болсақ парсылар Сақтарды жалдағаны сияқты Еуропалықтар да Ғұндарды жалдамалы әскер ретінде пайдаланып, өз қарсыластарына шоқпар ретінде пайдаланды.
Ат үстінде өсен жауынгер халыққа Еуропаның Месопотамия, Сирия, Иллирия сияқты мемлекттерін жаулағанменде ендігі жерде атақ- даңқтың бәрі Рим билеушілерінің еншісінде кете берді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғұндардың арғы атасы
Ғұндар империясы
Ғұн державасы
ҚАЗАҚСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІЛІКТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Ғұн мемлекетінің қалыптасуы мен тарих сахнасынан шығуы
Ғұндар Саяси тарихы
Ғұндар өмірі мен тарихы
Қытай Халық Республикасы - Тайвань
Мәдени мұралары
ҰЛЫ ЖҮЗ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz