Тамыр жайлы жалпы түсінік


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 5

1 Тамыр жайлы жалпы түсінік

1. 1 Тамырдың марфологиялық құрылысы . . . 6

1. 2 Тамыр айматары . . . 12

1. 3 Тамыр системасы . . . 12

2 Тамырдың қызметі

2. 1 Тамырдың экологиялық түрлері . . . 16

2. 2 Тамырдың өсуімен бұтақтануы барысындағы қызметі . . . 23

2. 3 Тамырдың метаморфорздануы . . . 24

2. 4 Тамыр туралы түсініктер және оқыту әдістемелері . . . 29

Қорытынды . . . 32

Пйдаланылған әдебиеттер . . . 33

Кіріспе

Жұмыстың көкейкестілігі: Бұл курстық жұмыстың ең маңыздылығы ол тамыр. Тамыр жоғары сатыдағы өсімдіктер денесінде түпкілікті кездесетін вегетативтік органдарының бірі. Тамырдың қызметі өсімдік денесін топыраққа ұстап тұру және онан қоректік заттардың ерітінділерін қабылдау. Тамырдың өсімдіктер үшін маңыздылығы өте зор. Осы маңыздылығын басты назарға алып, оларға жағдай жасау.

Жұмыстың мақсаты: Тамыр туралы жалпы түсінікті, оның құрылымын, атқаратын қызметін, түрлерін, өсімдіктер үшін маңыздылығын толық мәнді ашып көрсету, жетік түсіне білу, нәтижесінде жүзеге асырылады.

Жұмыстың міндеті: Алға қойылған мақсатты орындау үшін келесі міндеттер алға қойылады.

  • Оқу ғылыми, ақпараттың басылымдарға сараптама жасау;
  • Тамырдың марфологиялық ерекшеліктеріне талдау жасау;
  • Тамырдың өсімдіктер жүйесіндегі орны;
  • Тамырдың түрлеріне талдау жасау;
  • Пайдалану мәселелерін қарастыру;

Практикалық пайдаланылуы: Орындалған курстық жұмыстың материалдарын, нәтижелерін, көрнекілік оқу барысында, зертханалық жұмыстарда, оқу дала іс - тәжірибесі кезеңінде пайдалануға болады.

1 Тамыр жайлы жалпы түсінік

1. 1 Тамырдың марфологиялық құрылысы

Тамыр - жоғары сатыдағы өсімдік денесінде түпкілікті кездесетін вегетативтік органдарының бірі. Тамырдың негізгі қызметі - өсімдік денесін топырақта ұстап тұру және онан қоректік заттардың ерітінділеріп қабылдау. Сонымен қатар тамырда кейбір оргагикалық заттар да синтезделеді, қоректік заттардың қоры да жиналады (сәбіз, қызылша, шалқан және т. б. ), ол тыныс алу қызметін де атқарады (американың саз кипарисы т. б. ), тамырда фотсинтез процесі де жүру мүмкін (су жаңғагғы) т. б.

Анатомия-морфологиялық жағынан алғанда негізгі тамырдың әрқашан да оң геотропизмдік, теріс фототропизмдік және оң гидротропизмдік қасиеттері болады, алғашқы кабықтың ішкі жағында эндодерма қабаты жатады, ол орталық цилиндрді алғашқы қабықтан бөліп тұрады, сабақ сияқты, тамыр да - өсімдіктің осьтік органы. Тамырдың алғашқы құрылысында сәулелі симметрия болады. Алғашқы кабықтың сыртындағы экзодерма кабатының клетка қабықшалары қасаңданып тоз қабатына айналады. Сабақ сияқты тамыр да көпке дейін ұшынан ұзарып өседі. Жас тамырдың белгілі бір деңгейінен көптеген түктер пайда болады. Тамырдың өсу нүктесі өзінің сыртын қаптап жататын тамыр оймақшасы астында орналасады. Тамыр да, сабақ сияқты, эндогендік жолымен бұтақтанады.

Гүлді өсімдіктердің тамыры тұқымның ұрығынан басталады,
оны а л ғ а ш қ ы т а м ы р деп атайды («Тұқым» тақырыбына қа-
раңыздар) .

Тамырдың сыртқы құрылысы оның морфологиясына жатады. Өсімдіктің басқа органдарымен салыстыра отырып, эволюциялық тұрғыдан карағанда тамыр өсімдіктердің құрылыққа көшуіне байланысты ең соңынан келіп пайда болған орган. Тамырлары неғұрлым тереңге кетсе, онда өсімдіктер соғұрлым жерге берік орналасып және өзіне керекті қоректік затты жеткілікті қабылдайды. Сондықтан да жапырақты-сабақты өсімдіктердің нағыз тамыры топырақта жатады: тамырдың өскен ортасы азды-көпті біркелкі болғандықтан, оның морфологиялық құрылысы да біркелкі болады.

Құрылысы күрделі өсімдіктерде тамырдың үш түрі - негізгі тамыр, жанама тамыр және қосалқы тамыр - кездеседі.

Негізгі тамыр деп тамырдың ұрықтан өсіп шыққан түрін атайды. Өсімдік сабағы мен негізгі тамыр аралығындағы учаскені т а м ы р м о й ы н ы дейді. Ол -'сабақтың топыраққа кіре берісіндегі бірден жіңішкеріп кеткен жері. Тамыр мойынынан бастап алғашқы жапыракқа дейінгі, яғни тұқым жарнағына дейінгі, сабақтың бөлігін гипокотиль , яғни т ұ қ ы м ж а р н а ғ ы н ы ң а с т ы ң ғ ы қылтасы деп атайды.

Негізгі тамыр, өсімдік түріне қарай, әр қилы келеді: 1) Кейбір өсімдіктің негізгі тамырының ұш жағы аздап бұтақтанғанымен, жіңішкелігі тамыр мойынынан бастап, ұшына дейін біркелкі жіп тәрізді бітеді. Сондықтан ондай тамырды жіп тәрізді тамыр деп атайды Мұндай тамыр, мысалы зығырда болады. 2) Көптеген өсімдік түрлерінің негізгі тамыры онша жетілмейді, немесе бірте-бірте жойылып кетеді, егерде мұндай негізгі тамыр жойылмай өсе берсе, өзінің айналасындағы жанама немесе қосалкы тамырлардан ешбір айырмашылығы болмайды. Тамырдың мүұндай түрін шашақ тамыр дейді Шашақ тамыр көбінесе астық тұқымдас өсімдікке тән болады. 3) Қайсыбір өсімдік түрінің негізгі тамыры өте жақсы жетіледі. Ондай тамырды білеу т а м ы р немесе к і н д і к т а м ы р деп атайды. Бұл кезде негізгі тамыр өзінен шыққан жанама тамырға қарағанда әрі ұзын, әрі жуан болады да, білеуленіп көзге бірден түседі. Бұршақ тұқымдас өсімдіктің тамырлары осындай кіндік тамырға жатады 4) Бірнеше өсімдік түрлерінің негізгі тамырының клеткаларына қоректік заттар жиналып, жуандап түрін өзгертеді және сыртқы пішіні кәдімгі тамырға мүлде ұқсамай қалады. Сырт жағынан карағанда не шалқан тәрізді (қызылша, шалғам т. б. ), не биемшек тәрізденіп кетеді (сәбіз, шалқан, шомыр, биемшек т. б. Жанама тамыр. Негізгі тамырдың перицикл қабатынан өсіп бұтақтанып, жанама тамыр шығады. Жанама тамырлар бой копусына таяу жерден пайда болып, алғашқы кабық пен эпиблема астында көміліп жатады, соңынан біртіндеп сыртқа шығады. Осы жолмен пайда болған жанама тамырлар алғашында негізгі тамырмен жарыса жатады, біраздан соң оның ұшы топыраққа еніп бұрынғы бағытын өзгертіп, көлбеп кетеді. Әлгі бой конусына таяу жердегі перициклден пайда бола бастаған жанама тамыр ұшы алғашқы қабық пен эпиблеманы үңгіп сыртқа шыққанша, оның ұшындағы өскіш бөлімі алға қарай ұзарып та үлгіреді. Сонымен алғашқы жанама тамыр сыртқа шыққанша негізгі тамырдың ұшы он шақты сантиметрге жетеді. Жанама тамырлар акропетальды жолмен пайда болып отырады.

Бірлі-жарымды қияқтар мен астық тұқымдас өсімдіктердің жанама тамырлары флоэма бөлімінің тұсынан шықса, көпшілік өсімдіктердің жанама тамырлары ксилема сәулелерінің ұшына_ таяу жерде орналасқан перицикл клеткаларынан пайда болады және бұлардың бәрі ксилема элементтерінің сәулелері қалай орналасса, өсіп шыққан жанама тамырлар да соған сәйкес болады. Өсімдіктегі жанама органдардың осы сияқты белгілі тәртіппен орналасуын о р т о с т и х и я деп атайды.

Қосалқы тамыр - кұрылысы күрделі өсімдіктердің жапы-рақтарымен сабақтарында болатын перицикл қабатынан өсіп шыққан тамыр. Қосалқы тамырдың құрылысы да, кызметі де - негізгі және жанама тамырлардікіндей. Қосалқы тамыр дара жарнақты және көп жылдық қос жарнақты шөптесін өсімдіктер сабағының түп жағынан және тұқым жарнағының астыңғы, қылтасынан пайда болады. Қосалқы тамыр жатаған сабақты өсімдіктер буынының топыраққа жанаса жатқан бетіндегі жапырақ сағағының түбінен, сондай-ақ тамыр сабақтардан да өсіп шығады.

Пияздың түбіртегі, капустаның көсеу сабағы сияқты түрін өзгерткен, қысқарған сабақтардан да көптеген қосалқы тамырлар өсіп шығады.

Қосалқы тамырдың өсімдік тіршілігі үшін зор мәні бар - тамыр системасының топыраққа жанасу бетін ұлғайтады, олар жоқ жерде негізгі және жанама тамырлардың кызметін атқарады.

Өсімдік органдарының қосалқы тамырлар шығару қасиетін адам өсімдіктерді кесінділеп көбейту ісіне пайдаланады. Егер өсімдіктің сабағын және жапырағын кесінділеп көбейтетін болсақ, олардың перицикл қабатынан қосалқы тамырлар пайда болады, сөйтіп, ол кесінді топырақтан қоректік заттар кабылдайды, өзінше дербес өсімдікке айналып гүлдеп, жеміс және тұқым береді, яғни көбейді. Тамыр ұшы деп өсімдік тамырларының алғашқы өсіп шыққан және өмір бойы өсуде болатын жас бөлімін атайды. Тамыр ұшына оймақша мен мөлдір аймақтары жатады.

Тамыр оймақшасы тамырдың ұшындағы өте нәзік бөлімі - бой конусы нүктесін қаптап тұрады. Тамыр ұшы өне бойы өседі және оның өсу жолында әр қилы бөгеттер ұшырайды. Оймақшаның арқасында нәзік тамыр үұшы ол бөгеттерден өтіп отырады. Тамыр ұшы оймақшасының кедергілерден өтіп отыруының себебі, оймақшаның сыртындағы клеткалары шетінен біртіндеп түлеп отыруынан және клетка қабықшалары сілемейленуі салдарынан топырақ жібіп, өсіп келе жатқан тамыр ұшының әрмен қарай жылжуына жол ашуынан болады. Сол сияқты оймақшаның тірі клеткаларында тургор кысы-мы күшті болады, соның салдарынан тамыр ұшы алға қарай жылжи бастайды. Осы кернеудің әсерінен оймақшаның сыртындағы біраз клеткалар жойылады да, біртіндеп түлеп отырады (Сурет 1) .

а-жіп тәрізді тамыр; б- кіндік немесе білеу тамыр; ә - шашақ тамыр; г - сопақ тамыр; в- шалқан тамыр.

Сурет 1 - Тамырдың түрлері.

Тамыр ұшының қаншалықты жіңішке болуына қарай оймақша да соқшалықты кіші; лупа немесе микроскоппен қарамаса, көзбеп жай қарағанда әрең ілігеді. Суда өсетін балықоты және басқаларда оймақша болмайды. Бірақ, бұлардың тамыр ұшын сыртынан қаптап тұратын жұп-жұқа қалташығы болады. Қалташықтың маңызы толық зерттеліп біткен жоқ. Әйтсе де кейбір ғалымдардың жорамалы бойынша, қалтаның маңызы тамыр ұшындағы тірі клеткаларды судың сілтілік әсерінен, оларды ұсақ жәндіктердің зақымдауынан қорғау болу керек.

Тамыр оймақшасының өне бойы түлеп отыратып сыртқы клеткалары мен калитпроген арасында орналасқан тірі паренхималардың ішінде ұсақ-ұсақ крахмал дәндері болады, оларды сақтаулы к р а х м а л деп атайды.

Негізгі тамыр ұшындағы оймақшасының ішкі жағындағы жатқан клеткаларында крахмал дәндері клетканың астыңғы жағына жиналады. Егер тік өсіп тұрған негізгі жас тамырды қисайтып, жер бетімен жарыстыра қоятын болса, клетканың астыңғы жағында жиналған крахмал дәндері, көлбеп жатқан оймақша клеткаларының астына төселе жатқан бүйіріне жиналады, яғни тамырдың үш жағынан бүйір жағындағы қабырғасына ауысады. Орын ауыстырған крахмал дәндері протоплазманы тітіркендіре бастайды. Бұл тітіркеніс жас тамырдың мөлдір аймағына орналасқан өскіш бөліміне әсер етеді. Соның салдарынан өсіп келе жатқан тамыр ұшы крахмал дәндері жиналған бүйіріне қарай майысады. Сөйтіп, негізгі тамыр өзіне тән баяғы болымды (оң) геотропизм күйіне қайта келеді. Сонымен қатар, тропизм касиетінің пайда болуына өсу гормоны деп аталатын химиялық заттың біркелкі таралмағандығынан екені дәлелденген.

Тамыр тропизмдері. Өсімдікке әсер ететіп факторлар - жарык, химиялық зат, су, жердің центріне тарту күші және т. б. Бұл сияқты әсерлер өсімдік органдарына оң және теріс ықпалын тигізуі мүмкін.

Сырттан тиген бір беткей әсердің ықпалынан өсімдік органының белгілі бағытқа қарай қозғалуын немесе майысуын т р о п и з м дейміз. Өсімдік органдарының бірнеше тропизмдері болады:

1) Геотропизм - өсімдік тамырының жер салмағы бағытымен жарыса немесе оған кері немесе көлбеп өсуі. Үш түрлі геотропизм түрлері кездеседі: оң геотропизм, теріс геотропизм және плагиогеотропизм (траниверзальдық геотропизм) .

а) Оң геотропизм - өсімдік тамырының жер салмағы бағытымен жарыса өсуі - қағылған қазық сияқты жер центріне қарай тік кетуі. Тропизмнің бұл түрі көптеген шөптесін өсімдіктердің негізгі тамырына ғана тән. Мысалы, бұршақ тұқымдас өсімдіктердің бірін - бедені алайық. Оның негізгі тамыры жерге қарай құлдилап тік өседі де, жарық сәуледен кері қашады. Сондықтан да тамырдың мұндай қасиеті теріс фототропизм болып есептеледі. Сонымен қатар кейбір өсімдіктердің тамыры күн сәулесінің нұрына қарай өседі де теріс геотропизмге немесе оң фототропизмге ие болады; мысалы, саз сауыр-ағашының ауа тамыры т. б.

ә) Т е р і с г е о т р о п и з м - өсімдік тамырының жер астына емес, устіне карай өсуі. Бған кейбір өсімдіктің ауа тамыры мысал бола алады: архидея сияқты эпифиттік өсімдіктсердің жанама тамырлары топырақтан шығып, күн сәулесіне қарай өседі. Сондықтан да ондай тамырлар оң фототропизмге ие болады.

б) Плагиогеотропизм - өсімдік тамырларының жер бетіне көлбей өсуі. Плагиотропизм түріне жататын тамырлардың өсімдік үшін маңызы өте зор.

Мысалы, көбінесе Казақстандағы шөлдерде өсетін екі түрлі өсімдікті ғана алып көрейік. 1) Сексеуілдің тік өскен кіндік тамырының бойында екі ярус болып орналасқан жанама тамырлары болады. Оның бірі жердің бетін ала орналасатын болса, екіншісі 3-4, 5 м тереңдікте жатады. Жердің бетін ала орналасқан жанама тамырлары анда-санда бір жауғап болар болмас жаңбыр суын сорып алатын болса, екінші ярусында жатқан тамырларымен тереңдегі ыза суын немесе капиллярлық суды қабылдайды. 2) Құмда өсетін жүзген мен қандымның негізгі тамырлары небары 1, 5-2 м тереңдейтін болса, олардың көлбеп өскен жанама тамырлары 20 метрге дейін барады. Сондықтан да жүзген мен қандым сусып жүретін шағыл құмдарда да бір орында тұрып өсе береді.

Гидротропизм - өсімдік тамырларының құрғақтан топырақтың ылғалды жағына қарай өсуі. Тамыр бұрылған жағындағы ылғалды және ондағы еріген минерал тұздарын қабылдап, өсімдік әр қилы қоректік заттармен өзін қамтамасыз етеді.

Аэротропизм - өсімдік тамырының топырақта болатын оттегінің көп жағына қарай қисая өсуі. Соның арқасында тамырдың топырақтағы тыныс алуы жақсарып, өсімдік жақсы өседі.

Термотропизм - тамыр ұшының өз тіршілігіне қолайлы келерліктей ғана (оптикальдық) жылуға қарай өсуі. Бұл - оң термотропизм. Егер топырақтың жылуы қалыпты жағдайдан асып немесе төмендеп кетсе, ондай жағдайларда тамыр ұшы ол бағыттан кері қайтып өзіне қолайлы жаққа қарай бұрылады; бүл- теріс термотропизм.

Осы қасиеттің нәтижесінде тамыр өзіне су және ондағы еріген минерал тұздарының сіңуіне қолайлы температуралық жағдай табады; яғни тірілік процесін қамтамасыз етеді.

Хемотропизм - өсімдік тамырының бір бағытта әсер ететін химиялық затқа қарай немесе одан кері майысып өсуі. Мұның біріншісі - оң х е м о т р о п и з м , екіншісі - теріс хемотропизм . Өсімдік тамыры әрқашан да өзіне керекті боларлықтай концентрациясы бар минерал заттарына (тыңайтқыш затқа) қарай бұрылады. Соның нәтижесінде өзінің тіршілігіне қажетті әр қилы қоректік заттарды қабылдап өсе алады.

Кіндік, жанама және қосалқы тамырлардың анатомиялық құрылысы біршама ұқсас болады.

Тамырдың зоналары. Тамырды ұзына бойында құрылысы әртүрлі болып келетін және әртүрлі қызметтер атқаратын бірнеше зоналарға бөлуге болады. Клетканың бөліну зонасы, созылу зонасы, сору зонасы (тамыр түктерінің зонасы), өткізу (бутақтану) зонасы .

Клетканың бөліну және созылу зоналары тамырдың ең ұшында орналасады. Бұл сырты жылтыр, ұшында тамыр оймақшасы бар кішілеу участок. Тамыр оймақшасы қабықшалары жұқа ктеткалардан тұрады. Ол өсу конусын топырақтың түйіршіктерімен зақымданудан сақтайды. Тамыр оймақшасының сыртындағы клеткалары түлеп түсіп отырады, ол тамырдың алға қарай жылжуын жеңілдетеді. Оймақшаның астында клетканың бөліну зонасы орналасады, ол алғашқы меристеманың клеткаларынан тұрады.

Одан жоғарылау клетканың созылу зонасы орналасады. Бұл жерде клеткалар бөлінуін біртіндеп токтатады да ұзындықка созылады ; (нәтижесінде олардың) көлемдері ұлғаяды. Кейде бұл екі зонаны біріктіріп өсу зонасы деп атайды. Сору зонасы созылу зонасынан жоғары орналасады. Бұл жерде тамырдың үстінде тамыр түктері топырақтан минералды заттардың ерітіндісін бойына сіңіреді .

Экзодерманың астында негізгі паренхима орналасады, ол алғашқы қабықтың негізгі бөлігін түзеді. Алғашқы қабықтың ішкі қабаты - эндодерма бір катар клеткалардан тұрады. Бұл клеткалардың радиальды және ішкі кабыкшалары қалың болып келеді. Эндодерманың клеткаларының кабықшалары азды-көпті пробкаға (тозға) айналады, ал кейбір өсімдіктерде олар тіпті сүріктенеді (агаштанады) . Осындай қабықшалары қалың клеткалардың арасында кабықшалары жұқа болып келетін тірі клеткалар кездеседі, оларды өткізгіш клеткалар деп атайды, өйткені су орталық цилиндрге солар арқылы өтеді. Өткізгіш клеткалары ксилеманың ұсақ түтіктерінің қарама-қарсысында орналасады. Сонымен эндодерма судың ксилемаға өтуін реттен отырады. Орталық цилиндрдің сыртын перицикт қаптап тұрады, ол бір қатар тірі паренхималық клеткалардан тұрады. Перициклден жанама тамырлармен қосалқы бүршіктер пайда болады. Орталық цилиндрдің ортасын радиальды өткізгіш шоғы алып жатады. Әдетте мұндай шоқта ксилема ортасында орналасады және бірнеше сәуле тәрізді үшкір тармақтар түзеді. Олардың сырт жағында ұсақ түктері орналасады. Ксилеманың тармақтарының арасында флоэманың участоктері орналасады. Олар ксилемадан қабықшалары жұқа болып келетін паренхималардың аздаған қабаттарымен бөлініп тұрады.

Дара жарнақты өсімдіктерде тамырдың алғашқы қрылысы өткізгіш зонасында сақталып отырады. Бұл жерде тек эпиблема болмайды, ал қорғаныш қызметін экзодерма атқарады.

Тамырдың соңғы құрылысы. Қосжарнақты және жалаңаш тұқымды өсімдіктердің тамырының орталық цилиндрінде алғашқы кездерден бастап-ақ камбий түзіледі. Оның белсенділігінің нәтижесінде тамыр екінші рет өзгеріске ұшырап жуандайды. Камбиі флоэмамен ксилеманың арасында паренхималық клеткалардан пайда болады, тамырдың ортасына (өзегіне) қарай соңғы ксилемаңың элеметтерін беретін клеткаларды бөліп шығарады. Алғашқы ксилеманың түтіктерінің перициклмен шектесетін жерлеріндегі участоктерде, перициклдің клеткалары да камбийге айналады. Бірақ ол тек паренхималық клеткаларды ғана береді, олардан радиалды сәулелер пайда болады. Алғашқы кездерде камбийдің қабаттары иректеу формалы болып келеді, содан соң біртіндеп дөңгелектеніп, орталықтан шетке қарай ығыстырылады. Соңғы ксилема мен соңғы флоэма тамырдың кіндігінен шетіне қарай ығыстырылады. Перициклдің клеткаларынан тоздық (пробкалық) камбий түзіледі, ол сыртқа қарай тоз (пробка) қабатын түзеді. Соған байланысты алғашы қабык орталық цилиндрден біртіндеп бөлектенеді де өледі, содан соң түсіп қалып отырады. Тек тоз қабатымен капталған орталық цилиндр ғана қалады .

Сонымен тамырдын соңғы құрылысында алғашқы ксилема ортасында орналасады. Оның сәулелерінен радиалды сәулелер басталады - қабықшалары жұқа тірі паренхималық клеткалардың участоктері. Радиальды сәулелер мен соңғы ксилемның үлкен түтіктері бар жалпақ участоктері және ұсақ сүректік паренхиманың клеткалары алмасып келіп отырады. Олар параллель радиальды қатарлар түзіп орналасқан, ұсақ әдетте қабықшалары жұқа клеткалардан тұратын камбий зонасымен қоршаған. Камбий зонасын сырқа қарай соңғы ксилеманың әр бір участогының қарсысында, соңғы флоэма орналасады. Радиальді сәулелердің паринхимасын беретін камбий нашар байқалады. Сыртқа қарай ол сонымен бірге негізгі Полинхималарда бөліп шығарады. Камбийдің сыртқа қарай орналасқан лпалар ( флоэма, негізгі паренхима, фиодерма және тозды комбий), екінші ретік қабық деп аталынады.

1. 2 Тамыр аймақтары

Жас тамырдың морфологиялық және анатомиялық түзілісі бірдей болмайды. Бірақ сыртқы, ішкі құрылыстары жағынан өз ара айыршылықтары болады. Осы тұрғыдан алғашқы жас тамыр үш аймаққа - мөлдір аймағы, сору аймағы және қоңырқай аймағы болып - бөлінеді.

Тамырдың бой конусынан бастап оның түктенген бөліміне дейінгі аралықты мөлдір аймақ деп атайды.

Жас тамырдың түктеніп тұрған бөлімін сору аймағы дейді. Осы түктері арқылы тамыр айналасындағы топырақтан суды және онда еріп жүрген минерал тұздарды және басқа да қоректік заттар ертінділерін өзіне қарай сорып алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зақым (альтерация). Дистрофия. Морфогенездік механизмдері
Вегетативті жолмен көбейетін дақылдардың селекциялық жұмыстарының үдерісі
Сабақ түрлерін биология сабақтарында қолдану
Өкпенің жоғары ауалы синдромының визулді диагностикасы
Залалсыздандырудың физикалық әдістері
Жер өңдеу мен егін шаруашылығы ошақтарының қалыптасуы және дамуы
Биология сабақтарында жаңа форматтағы жеті модульді пайдаланудың тиімді жолдары
Ересек тобындағы мектепке дейінгі тәрбиедегі балаларды учаскедегі өсімдіктермен таныстыру
Бидайдың әртүрлі генотиптеріндегі құрғақшылықтың әсерінен пайда болған физиологиялық – биохимиялық өзгерістер
Пастереллез кезіндегі биопрепараттар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz