Ұлы анатом ғалымдар


Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті
Анатомия кафедрасы
Тақырыбы:
Орындағандар: Колбаева Ж. А.
Оспан А. Н.
124 топ
перно
Қарағанды 2011ж
ЖОСПАРЫ:
- Кіріспе
- Андреас Везалий
- Клавдий Гален
- Леонардо Да Винчи
- Н. И. Пирогов
- Рентген
- А. Р. Рақышев
- Қорытынды
- Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Құрментті оқырман, тыңдарман студенттер! Сіздерге біз осы жасаған слайдымыз арқылы анатомия ғылымының негізінің қалануына өшпес үлестерін қосқан ғалымдар туралы қысқаша мәлімет бергіміз келеді. . Мәлімет аз болса да өте құнды! Мұқият тыңдап, таныс болыныздар!!!
Андреас Везалий
Андреас Везалий - қазіргі кездегі мектік анатомиясының негізін қалаушы ғалым. Ол Брюссель қаласында 1514-жылы дәрігер отбасында дүниеге келді. Оның әкесі және арғы атасы дәрігер болған және әкесі Император Карл V-тің дәріханасында жумыс істеген. Андреас бастапқы кезде өз білімін мектепте, сосын Лувен университетінде шыңдады. Ол көпжақты білім алды. Латын, грек тілдерінде оқып, есепсіз ізденіс еңбектерінің арқасында жастайынан-ақ белгілі ғалым ретінде халыққа танылды. Қазіргі кездегі ғалымдар оның қалдырған еңбектеріне қарап, білімінің терең болғанына көз жеткізген. Везалий бірінші болып адамның толық қаңқасын құрастырды. Бұл, Европадағы бірінші анатомиялық оқулық болды.
Клавдий Гален
Гален - гладиатор мектебінде хирург болып жұмыс істеген және сол жерде өзіндік зерттеу-ізденістер жүргізіп отырған. Сондай қиын заманда, яғни мәйітке жару жұмыстарына тыйым салынған заманда көптеген қиыншылықтарға тап болды. Сол себепті ол анатомиялық білімін шыңдай алмаған. Көбінесе ол маймылдың және соғыста өлгендердің мәйітіне зерттеулер жүргізген. Гален гладиатордың жеке дәрігері болған.
Жас ғалымсуйектер туралы толықтау зерттеп, жазды және оның қимылдарға маңыздылығы және бұлшықет талшықтары, оған нервтердің таралуы туралы жазды. Гален ішкі мүшелердің кабааттарын, мишық, бас миы және жұлын нервтері туралы құнды еңбктер жазды. 164 ж-ол гладиаторлар мектебінен кетті және Римге қайтуды шешті. Империя астанасына келген кезде бұл жердегілер оның білімін, талантын тез бағалады. Соңғы кезде ғалым император Марк Аврелиясарайында дәрігер болып жумыс істеді.
Леонардо Да Винчи
Леонардо Да Винчи - ұлы итальян суретшісі және сәулетшісі, зерттеуші, инженер-құрушы, архитектор және механик, химик, ботаник және анатом, философ және музыка саласының өкілі жер бетіне әйгілі болды. Соның ішінде анатомия саласына қосқан улесі оте салмақты. Ол өзінің қиын заманында (мәйітті жарған ғалымдар жер аударылған) көптеген қиыншылықтарға тап болған. Соған қарамастан құпия турде мәйтті жару-зерттеулерін жургізіп, анатомия ғылымдарына коптеген жаңалықтар енгізіп кетті.
Н. И. Пирогов
Н. И. Пирогов - орыс анатомы және хирургы, әскери-далалық хирургияның негізін салушы ғалым. Ол тек дәрігер ғана емес, сонымен қатар мәдениет жолындағы ұлы тұлға.
Н. И. Пирогов 1810-жылы 25-ші қазанда Москвада моер (офицер) отбасында туылды. Ол 7-8 жасының өзінде коптеген кітаптар оқыған. Профессор Е. О. Мухинның кеңесі бойынша Н. И. Пирогов 1824-жылы Москва Университетінің медицина факультетіне түсті. Студенттік кезі қолайлы келді, бірақ сол кезде хирургияның дамуына қиын кез болған. Ол мәйтті зерттеуде “муз анатомиясы”-ның негізін салушы болып табылады. Онда, мәйітті қатырып, оның анатомиялық құрылысын зерттеуді қарастырды.
Вильгельм Рентген
Вильгельм Рентген- Х-сәуле Рентген атымен аталады. Осы сәулені ол медицина саласына қызмет ететінін пайымдады. Қазіргі күні рентген сәулесі бінеше ғылыми-зерттеу орталықтарында қолданылады. Ол әсіресе медицинада қолданылады. Осы сәуле аннықталғаннан кейін 1-жыл өтіп сынықтарды анықтау әдісі пайда болды. Қазіргі кезде бұл сәуле кез келген мушені зерттеуде қолданылады. Бұл сәуле кез келген ауруды диагностикалауда улкен маңызға ие. Рентген осы сәулені зерттеуінің арқасында өмірі қиылған.
Сөздің түйініне келсек - жоғарыдағы көрсетілген ғалымдардың ашқан жаңалықтары біз үшін бір таптырмас мұра. Анатомия ғылымдырының негізін салушылар бұлар ғана емес, бәлкім көптеген ғалымдар бұл жолда жандарын қиып еңбек жасаған. Осындай ұлы ғалымдардың арқасында бүгінгі күні медицина саласы осындай жетістіктерге жетіп отыр.
Алшынбай Рақышев
А. Р. Рақышев 1931 ж Қарағанды облысы, Қарақаралы ауданы, Тегісшілік колхозында (қазіргі Т. Әубәкіров атындағы ауылда) дүниеге келген. Ол 1950 ж Қарағанды медицина институтына оқуға түсіп, оны бітірген сон, анатомия кафедрасының аспирантурасын бітіріп, 1961 ж кандидаттық диссертация қорғады да, 1963 ж анатомия кафедрасының доценті лауазымына ие болды.
1964 ж ол Целиноград қаласындағы медициналық институттың оқу және ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор болып тағайындалды. Бұл қызметті анатомия кафедрасының меңгерушісі қызметімен қатар жүрді. Осы кезеңде ол институтты ұйымдастыру мен оны дамытуда белсенді жұмыс атқарды.
1969-1977 ж А. Р. Рақышев Алматы мемлекеттік медицина институтының оқу ісі жоніндегі поректоры қызметін атқарды. Ол оқу үрдісін басқара отырып, оқу-әдістемелік жұмыстарды жан-жақты жетілдіруге, кафедраларды соңғы үлгіде жабдықтауға, оқу үрдісінің үдемелі әдістерін нығайтуға көпкөңіл аударды.
А. Р. Рақышев 1978 жылдан-кафедра меңгеушісі, ал 2003 жылдан бастап - Қазақ Ұлттық медицина университетінің қалыпты анатомия кафедрасының құрметті меңгерушісі. Онымен қатар, ол Астана және Қарағанды медициналық академиялардың құрметті профессоры.
А. Рақышев ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін морфологтардың халықаралық Конгрестерінде, бүкілодақтық симпозиумдарда баяндады.
1997-1999 ж аралығында академик Рақышев ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің тапсырысы бойынша орындалған «Оқу үрдісіне қазақтың медициналық терминдерин енгізу және оның ғылыми негіздерін жасау» атты ғылыми бағдарламманың жетекшісі болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz