«Мекеме қызметкерлерінің мәліметі» мәліметтер қорын құру



Қазіргі қоғамды ақпараттандыру мен онымен тығыз байланысты білім беруді ақпараттандыру ақпараттық және қатынастық технологияларды жетілдірумен және жаппай таратумен сипатталады. Адамзат дамуының жаңа кезеңі XXI ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, оның негізін компьютерлік технология құрайды. Сол себепті де бүкіл дүниежүзінде ең алдымен ақпараттық жаһандану үрдісі жаппай етек алуда. Қазіргі кезде ақпараттандыру және білімді ақпараттандыру ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың кең таралуымен және жетілдірілуімен сипатталады. Білім беруді ақпараттандыру, білім салаларының барлық қызметіне ақпараттық технологияны енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру қазақстандық білім беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы шарты. Оның таңғажайып көрінісі болса, «адам - компьютер - Интернет» байланыс жүйесі деп атап айтар едік.
Соңғы жылдары жоғары білім беру жүйесінде «Borland C++ Builder программалау тілі» атты жаңа бір пән оқытыла бастады. Бірақ та, оны оқытудың мемлекеттік стандарты әлі жасала қойған жоқ. Әрі осы тіл туралы қазақша жазылған оқу- әдістемелік құралдары өте қанағатсыз көрінеді.
Курстық жобаның өзектілігі. Borland C++ Builder программалау тілі жоғары деңгейлік күрделі тіл болғандықтан оның өзіндік ерекшелігі мен қиын жақтары оқыту әдістемесінде ойластырылуы керек. Мәселен, оқыту әдістемесінің мазмұны мен бағыт-бағдарын айқындаумен қатар жаңа идеялар мен технологияларды пайдалану жолдары қарастырылады.
Қазіргі кезде әлемдік білім кеңістігінен өз орнын алу үшін педогогикалық теорияны және оқыту процесін жетілдіру жұмыстары кең жүрілуде. Осыған байланысты жоғары деңгейлік Borland C++ Builder программалау тілін оқыту мақсаты «Объектіге бағытталған тілдер және программалау технология» пәндерін дамыта оқытудың жаңа технологиясын пайдалану жолы болып табылады. Курстық жобада осы проблема теориялық тұрғыдан талданып, практикалық мысалдар арқылы көрсетіп түсіндіруге талпыныс жасалды. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, аталмыш Borland C++ Builder программалау тілін басынан дұрыстап оқыту үшін шешімін ойластыратын мынадай ғылыми-практикалық мәселелер тұр.
Олар:
-Обьекті-бағытталған программалау тәсілі мен құралдарын программалау тілінің сипаттамасын беруде барынша терең пайдалана білу;
-Алдағы уақытта программалау тілі пәнін оқытудың мемлекеттік стандартын жасап шығару мәселесін жоспарлы түрде жүзеге асыру.
Осы аталған үш түрлі пікірлер негізінен курстық жобаның тақырыбына сәйкес Borland C++ Builder ортасында «Мекеме қызметкерлерінің мәліметі» мәліметтер қорын құру оқыту әдістемесін қарастырудың жалпы нұқасы беріледі.
1. Семакин, И. Г. Основы программирования: учебник / Семакин И.Г., Шестаков А.П. - М. : Мастерство, 2001. - 432 с
2. Епанешеников А.М., Епанешников В.А. Borland C++ Builder, Мәліметтер қоймасы.
3.Культин Н.Н., Самоучитель: Borland C++ Builder. Object Pascal-да программалау. Санкт-Петербург -1999, -480 с.
4. Страуструп, Б. Язык программирования С++. Специальное издание / Б. Страуструп ; пер. с англ. под ред. Н. Н. Мартынов. - М. : Издательство Бином, 2011. - 1136 с.
5. Фаранов В. В. Учебное пособие по Borland C++ Builder. - СПб., 1999.
6.Ю.Эбнер Михаэль. Borland C++ Builder. Руководство разработчика, - Киев, 2000.
7.Климова Л.М. Borland C++ Builder. Основы програмирования. Решение типовых задач. Самоучитель – М.: КУДИЦ ОБРАЗ, 2004.
8. Марченко, А. Л. Основы программирования на С# 2.0 учеб. пособие / А.Л. Марченко. - М. : Интернет-Университет информационных технологий; БИНОМ. Лаборатория знаний, 2007. - 553 с. : ил. - (Основы информационных технологий).
9. Павловская, Т. А. С++. Объектно-ориентированное программирование: практикум / Т. А. Павловская, Ю. А. Щупак. - СПб. : Питер, 2008. - 265 с. : ил. - (Учебное пособие).
10. Подбельский, В. В. Язык СИ++: учеб. пособие для студ. вузов / В. В. Подбельский. - 5-е изд. - М. : Финансы и статистика, 2008. - 560 с. : ил.

Кіріспе

Қазіргі қоғамды ақпараттандыру мен онымен тығыз байланысты білім
беруді ақпараттандыру ақпараттық және қатынастық технологияларды
жетілдірумен және жаппай таратумен сипатталады. Адамзат дамуының жаңа
кезеңі XXI ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, оның негізін компьютерлік
технология құрайды. Сол себепті де бүкіл дүниежүзінде ең алдымен ақпараттық
жаһандану үрдісі жаппай етек алуда. Қазіргі кезде ақпараттандыру және
білімді ақпараттандыру ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың кең
таралуымен және жетілдірілуімен сипатталады. Білім беруді ақпараттандыру,
білім салаларының барлық қызметіне ақпараттық технологияны енгізу және
ұлттық модельді қалыптастыру қазақстандық білім беруді сапалы деңгейге
көтерудің алғы шарты. Оның таңғажайып көрінісі болса, адам - компьютер -
Интернет байланыс жүйесі деп атап айтар едік.
Соңғы жылдары жоғары білім беру жүйесінде Borland C++ Builder
программалау тілі атты жаңа бір пән оқытыла бастады. Бірақ та, оны
оқытудың мемлекеттік стандарты әлі жасала қойған жоқ. Әрі осы тіл туралы
қазақша жазылған оқу- әдістемелік құралдары өте қанағатсыз көрінеді.
Курстық жобаның өзектілігі. Borland C++ Builder программалау тілі
жоғары деңгейлік күрделі тіл болғандықтан оның өзіндік ерекшелігі мен қиын
жақтары оқыту әдістемесінде ойластырылуы керек. Мәселен, оқыту
әдістемесінің мазмұны мен бағыт-бағдарын айқындаумен қатар жаңа идеялар мен
технологияларды пайдалану жолдары қарастырылады.
Қазіргі кезде әлемдік білім кеңістігінен өз орнын алу үшін
педогогикалық теорияны және оқыту процесін жетілдіру жұмыстары кең
жүрілуде. Осыған байланысты жоғары деңгейлік Borland C++ Builder
программалау тілін оқыту мақсаты Объектіге бағытталған тілдер және
программалау технология пәндерін дамыта оқытудың жаңа технологиясын
пайдалану жолы болып табылады. Курстық жобада осы проблема теориялық
тұрғыдан талданып, практикалық мысалдар арқылы көрсетіп түсіндіруге
талпыныс жасалды. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, аталмыш Borland C++
Builder программалау тілін басынан дұрыстап оқыту үшін шешімін ойластыратын
мынадай ғылыми-практикалық мәселелер тұр.
Олар:
-Обьекті-бағытталған программалау тәсілі мен құралдарын
программалау тілінің сипаттамасын беруде барынша терең пайдалана білу;
-Алдағы уақытта программалау тілі пәнін оқытудың мемлекеттік
стандартын жасап шығару мәселесін жоспарлы түрде жүзеге асыру.
Осы аталған үш түрлі пікірлер негізінен курстық жобаның тақырыбына
сәйкес Borland C++ Builder ортасында Мекеме қызметкерлерінің мәліметі
мәліметтер қорын құру оқыту әдістемесін қарастырудың жалпы нұқасы беріледі.

Курстық жобаның мақсаты: Мекеме қызметкерлерінің мәліметі мәліметтер
қорын программасын С (С++) тілінде құру болып табылады. Қойылған мақсатқа
жету үшін төмендегідей міндеттер айқындалды:
-Мекеме қызметкерлерінің мәліметі мәліметтер қорын құру тарихы
туралы, ерекшеліктері туралы түсінік берілді;
-С++ программалау тілінің ерекшеліктеріне сипаттама беру;
-Мекеме қызметкерлерінің мәліметі мәліметтер қорын құру
программасын құру;
-Мүмкіндіктерін көрсету.
Курстық жобаның міндеттері:
• Borland C++ Builder программалау тілін қосымшасын құру
мүмкіндіктерімен танысу;
• Borland C++ Builder ортасында Мекеме қызметкерлерінің мәліметі
мәліметтер қорын құрып,оны зерттеп, қарастыру;
• Мекеме қызметкерлерінің мәліметі мәліметтер қорын құру
кодтарымен танысу.
Курстық жобаның құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен
әдебиеттер тізімінен тұрады, соңында программа листингі берілген.

1 Негізгі бөлім

1. Borland C++ Builder бағдарламалау тілі

С++ тiлi BCPL және B тiлдердiң негiзiнде құралған және Си тiлiнен
дамыған. BCPL тiлi компилятордан жазуға және операциялық жүйенi
бағдарламамен қамтамасыз етуге арналған. Бұл тiлдi 1967 жылы Мартин Ричард
ойлап тапқан. Кен Томпсон В тiлiнiң көптеген мүмкiндiктерiн BCPL
дубликатында және В тiлiн UNIX операциялық жүйелерiнiң алғашқы версияларын
құру үшiн 1970 жылы Bell Laboratories-те DEC PDP-7 компьютерiнде
қолданылды. BCPL және В тiлдерi қолдануға тиiмсiз болды. Онда мәлiметтiң
әрбiр элементi жадыда бiр сөздiң орнын алады және мәлiмет элементтерiн
өңдеуде бағдарламашыларға ауыртпалығын тигiздi.
Си тiлi В тiлiнiң негiзiнде дамыды. Си тiлiн Bell Laboratories-те 1972
жылы Деннис Ритчи DEC PDP-11 компьютерiнде жасады. Си BCPL және В
тiлдерiнiң көптеген маңызды концепцияларын және мәлiмет типтерiн және басқа
да қасиеттерiн қолданды. Си тiлi UNIX операциялық жүйесiн өңдеудегi тiл
ретiнде кеңiнен танымал болды. Қазiргi таңда барлық операциялық жүйелер Си
және Си++ тiлдерiнде жазылған. Соңғы он жылдықта Си тiлi көптеген
компьютерлерде қолайлы болды.
Си++ Си тiлiнiң кеңейтiлген түрi. Оны 1980 жылдың басында Бъерн
Строустроп Bell Laboratories-сында өңдеп шығарған. Си++ тiлi Си тiлiнiң
бiрқатар қасиеттерiн реттеудi қамтамасыз етедi және ең маңыздысы объектi-
бағдарланған бағдарламалық мүмкiндiгiн қамтамасыз етедi. Бұл бағдарламамен
қамтамасыздандыру әлемiндегi революциялық идея болып табылады.
Басқада бағдарламалық тiлдер көптеген қажеттi эффект бере
алмағандықтан, Си++ алғашқыда ең жоғарғы деңгейдегi нақтылы оқиғалар
үлгiлерiн өңдеу мақсаты үшiн құрылған тiл болды.
Си++ тiлiн құруда Си тiлiнiң сәйкестiгiн сақтап қалуға ерекше көңiл
бөлiндi. Си++ тiлiнiң көмегiмен кең көлемдi бағдарламалық проектiлер құруға
болады. Си++ тiлiнiң арқасында берiлген мәлiметтер типтерiне бақылауды
күшейтуге және көптеген қосымша эффектiлердi жеңе алатын болдық. Си++
тiлiнiң ең маңызды табысы объектi-бағдарланған бағдарламалау болып
табылады. Си++-тiң барлық жеңiлдiктерiн пайдалану үшiн негiзгi объектiлердi
және олармен байланысқан операцияларды анықтап алу керек.
Borland C++ Builder – Borland компаниясы арқасында жақында шығарылған,
жылдам жұмыс істейтің бағдарлама, яғни С++ Builder тілінде бағдарлама
жасауға мүмкіндік беретін, соған қарамастан Delphi бағдарламасының
компоненттерін қолдана отырып жұмыс істеуге болады. Өйткені көп
айырмашылықтар жоқ. Си бағдарламалау тілі Bell лабораториясында жасалған.
Бұл тілді ассемблердің орнына қолдану үшін шығаруды жоспарлаған еді. Си –
бұл жалпы тағайындаудың тілі, ол өзінің үнемділігімен, тиімділігімен және
тасымалданғыштығымен ерекшеленеді. Аталған ерекшеліктер арқасында Си тілі
арқылы бағдарлама өнімдерінің кез келген түрін жасауға болады. Си тілі
құралдық тіл ретінде қолданғанда, жедел және тұтас бағдарламаларды
құрастыруға болады.Бұл курстық жобада біз C++ Builder бағдарлама тілінің
ортасын және интерфейс ортасын қарастыратын боламыз [1].
Borland C++ Builder ортасы көп терезелі  жүйе тәрізді. Оны жүктеу үшін
Пускпрограммы Borland C++ Builder командасы қолданылады. Жүктелгеннен
кейін экранда 4 терезе пайда болады.
Borland C++ Builder ортасын жүктегеннен кейін экранда интегралданған
программаланған ортасының терезесі пайда болады. Олар:
1. Негізгі терезе (Project1).
2. Компоненттердің иерархиялық ағашы (Object TreeView).
3. Обьектілер инспекторының терезесі (Object Inspector).
4.Форма конструкторының терезесі (Form1).
5. Кодтар редакторының терезесі (Unit1.cpp).
1. Негізгі терезе (Project1). Экранның жоғарғы бөлігінде негізгі
терезе орналасады. Онда құрал-саймандар тақтасы (Standard. View. Debug және
Custom) және компоненттер палитрасы орналасады. Негізгі терезе Borland C++
Builder ортасы жабылмайынша ашық тұрады. Негізгі терезені жабу арқылы
Borland C++ Builder - ны жабамыз.
Тақырыбында қазіргі ашулы тұрған проектінің аты тұрады. Проекті
орындалу немесе проектілеу режимінде ашық тұруы мүмкін. Проект орындалу
режимінде ашық тұрса онда [Running] сөзі қосылып жазылады. 
Мәзір жолағы программаны басқарудағы, тестілеуге және құруға керекті
командалардан тұрады . 
C++ Builder жұмыс істеу ортасы
C++ Builder SDI-бағдарламасын қолданады, басты терезе аспаптар
панельсінің (сол жақ) және палитра компоненттерінің (оң жақ) ұстайды.Бұдан
басқа ,C++ Builder бағдарламасын іске қосқанда объекттілер инспекторы
терезесі (сол жақ) пайда болады және жаңа бағдарлама формасы ашылады (оң
жақ).Форма терезесінің астында редактор кодының терезесі бар.Ол 1.1-суретте
қарастырылған.
1.Құрал-саймандар тақтасындағы түймелер мәзірдегі белгілі бір
командаға сәйкес келеді. Мысалы File менюіндегі Open командасын таңдасақ та
немесе Standard құрал-саймандар тақтасынан Open кнопкасын бассақ та бір
нәтижеге әкеледі.Құрал саймандар тақтасындағы пернелер көмекші
түсіндірмелермен (подсказка) жабдықталған. Егер тышқан курсорын перне
қасына жақындатсақ онда көмекші түсіндірме шығады. Қолданушы құрал
саймандар тақтасының орналасуын, көрініп немесе көрінбей тұруын Customize
диалогтық терезесі арқылы өз қалауынша өзгерте алады және оларды тышқан
курсоры арқылы жылжытуына болады. Customize терезесіндегі құрал-саймандар
тақтасының үлгісінен тышқанның оң жақ пернесін басу арқылы шақырылады
(Сурет 1.1). 

Сурет 1.1 Borland C++ Builder ортасының жұмыс істеу ортасы

Компоненттер палитрасындағы компоненттер арқылы программа құрылады.
Компоненттер Borland C++ Builder программасының негізгі элементтері болып
табылады. Олар арқылы қолданбалы программаның қолданушы интерфейсін құруға
көмек береді. Ең бірінші Borland C++ Builder -ді жүктегенде Standard
палитрасы ашық тұрады. Қолданушы өз қалауынша, компонеттер палитрасының
орналасуын реттеуге болады. Осы өзгерістердің барлығын Palette Properties
терезесінде жүзеге асырылады.
2. Компоненттердің иерархиялық ағашы (Object TreeView). Бұл терезе
объекттер ағашы. Бұл терезеде формадағы барлық компоненттердің тізімі
тұрады. + немесе – белгісі бұл компоненттің ішкі класында екінші
компоненттің бар екендігін білдіреді. Егерде компоненттін аты ерекшеленген
болса онда бұл компонент формада екпінді болғанын анықтайды(Сурет 1.2) [2].

Сурет 1.2 Object Inspector терезесі

3.Обьектілер инспекторының терезесі (Object inspector).Бұл терезе
объекттер инспекторы болып, мұнда объекттің негізгі параметрлері
енгізіледі. Оқиғалар тізімі жазылады. Мұны Viewobgect inspector  немесе F1
клавиші арқылы  экранға  шығамыз. Obgect inspector терезесі  екі 
жапсырмада тұрады .
Propertits ( қасиет )
Events  (жағдай)
Propertits ( қасиет ) терезе қасиеттері
Action қасиеті – TAction объектін анықтайды. Бұл объект
ActiveControl – дәл осы кезде енгізу фокусын иемденетін
Align – экранда қалыптың түзетілуін анықтайды. Бұл қасиет
alBottom – астыңғы шеті арқылы;
alClient – қолданушының барлық аймағы;
alCustom – түзетілу аналық объектінің тәсілін шақыру арқылы
alLeft – сол шеті арқылы; 
alNone – түзетілусіз; 
alRight – оң шеті арқылы; 
alTop – үстіңгі шеті арқылы. 
AlphaBlend – қалыптың мөлдірлігін қосады немесе өшіреді. 
AlphaBlendValue – қалыптың көріну дәрежесі: 0 – қалып
Anchors – қалыпқа компоненттердің байланыстырылуының бағытын анықтайды. 
AutoScroll – қалыпта орын жетпегенде автоматты түрде айналдыру
AutoSize – қалыпта орналасқан элементтердің позицияларына сәйкес қалыптың
BiDiMode – элементтің екіжақты көрінуін айқындайды. Жазудың бағыты
BorderIcons – терезенің тақырыбында көрініс табатын батырмаларды
айқындайды:
biSystemMenu – терезенің жүйелік мәзіріне (Alt+Space пернесімен
шақырылатын)
biMinimize – терезені минимизациялау батырмасы; 
biMaximize – терезені жаю батырмасы; 
biHelp – көмек шақыру батырмасы. 
BorderStyle – терезе шекараларын және терезенің жалпы типін
bsDialog – диалогтік терезе (тақырыбында тек Жабу батырмасы);
bsNone – таза парақ (терезенің шекаралары мен тақырыбы);
bsSingle - өлшемдерін өзгертуге тыйым салынған қарапайым терезе; 
bsSizeable - өлшемдерін өзгертуге болатын қарапайым терезе (үнсіз);
bsSizeToolWin – тақырыбы кішірейтілген оңайлатылған терезе;
bsToolWindow - өлшемдерін өзгертуге тыйым салынған тақырыбы кішірейтілген
BorderWidth – терезе енінің пикселдердегі өлшемі. 
Caption – қалып тақырыбында көрініс табатын мәтін. 
ClientHeight, ClientWidth – қалыптың қолданушылық аймағының өлшемі. 
Color – қалып түсі. 
Constraints – қалыптың пикселдердегі ені мен ұзындығының максимал
Ctl3D – қалыптың 3D- көрінісін анықтайды. 
Cursor – тышқан курсорының форма аумағында орналасқандағы түрін
DefaultMonitor – қалып қай мониторда көрініс табатынын анықтайды
DockSite, DragKing и DragMode – Drag&Drop операциясын орындағанда
Enabled – қалыптың белсенділігін анықтайды. 
Font – қалыпта қолданылатын шрифттті анықтайтын қасиет. 
FormStyle – қалыптың стилі. Бұл қасиет келесідей мәндерге
fsNormal – қарапайым қалып (үнсіз келісім бойынша қойылады); 
fsMDIChild – бағынышты қалып; 
fsMDIForm – басты қалып;
fsStayOnTop – қалып басқа терезелердің үстінде орналасады. 
Height – қалыптың биіктігі. 
HelpContext, HelpFile, HelpKeyword, HelpType – қалыптың *.hlp форматындағы
HorzScrollBar – көлденең айналдыру жолағын анықтайтын қасиет. 
Icon – қалып тақырыбының сол жақ бұрышында көрінісі
Left – қалыптың сол жақ үстіңгі бұрышының позициясы.
Name – қалыптың объектілік аты. 
PopupMenu – қалыптың контексттік мәзірін таңдауға мүмкіндік беретін
Position – қалыптың экрандағы бастапқы орнын анықтайды. Бұл
poDesigned – design-time-да көрсетілген орында пайда болады; 
poDesktopCenter – жұмыс үстелінің ортасында;
poScreenCenter – экранның ортасында;
poMainFormCenter – қосымшаның басты қалыбының ортасында 
PrintScale – қалып баспаға жіберілгендегі оның өлшемдерін анықтайды.
ScreenSnap. Егер бұл қасиет True мәнін иеленсе, онда
TransparentColor – қалыптың берілген түсінің мөлдірлігін қосатын қасиеті.
VertScrollBar – тік айналдыру жолағын анықтайтын қасиет. 
Visible – қалыптың экрандағы көрінуін анықтайтын қасиет. 
Width – қалыптың енін анықтайды. 
WindowState – қалыптың келесі күйлерінің бірін анықтайды:
wsNormal – қарапайым күйі (экранның бір бөлігінде орналасады); 
wsMinimized – терезе минимизацияланған; 
wsMaximized – терезе барлық экранға көрсетіледі.
4.Форма конструкторының терезесі(form1). Біздің болашақ программа
жобасының терезесі. Алғашынды форма терезесі бос күйінде болады. Форма
бетінде ұсақ координаталық нүктелер болады, ол тек жұмыс барысында болады.
5.Кодтар редакторының терезесі (Unit1.cpp). Терезесі кодтар
редакторының терезесі болып табылады. Бұл терезеде формаға қойылған
компоненттердің тізімі, компоненттердің оқиғалар тізімі және сол оқиға
сәйкес командалар жазылады.
Бір проектімен жұмыс қажеттілігіне қарай экранда басқа да терезелер
тұруы мүмкін. Жұмыс жасау барысында негізгі терезеден басқа терезелерді 
алып тастауға, орын ауыстыруға болады. Көп терезелі болғанмен Borland C++
Builder -де тек қана бір уақытта жасауға болады.
Borland C++ Builder -де құрылғының қосымша проекті түрінде жиналған
бірнеше элементтерден  тұрады. Олар:
Проект коды (BPR кеңейтілген мен берген формада сақталады)
Форма сипаттамасы (DFM)
Форма модулі (CPP)
Модулдер (CPP)
Объектілерпараметрі (ОРТ)
Ресурстарсипаттамасы [3].

1.2 Си бағдарламалау тіліндегі көрсеткіштер

Кез-келген программа комментарийден басталады. Комментарийді Си
тілінде * , * белгілеріне алынып жазылған блок түрінде беруге болады.
Содан кейін препроцессор дерективасы орналасады. Препроцессор
директивасы берілгенде кітапханалық файлда –тақырыптық файлда орналасқан
кодты программаға қою нұсқауын береді. Мұндағы .h кеңеймелі файлдар
тақырыптық файлдар деп аталады. Тақырыптық файлдарда әртүрлі тұрақты мен
таулар сипатталады. Функциялар прототиптері сақталады.
Препроцессор дерективасынан кейін main функциясы сипатталған бөлігі
орналасады.
Main функциясы барлық программада міндетті түрде болуы тиіс, одан
программа орындалуы басталып, Return инструкциясы шақырылғанда аяқталады.
Main функциясының денесі фигуралық жақшада орналасады.
Си тілінде барлық айнымалы оған программаның қандайда бір бөлігінен
сілтеме жасалғанға дейін сипатталуы тиіс.
Процедуралық программалау есептеуіш техникаларының даму кезеңінен
бастап таралған және әлі кең қолданыста. Және процедуралық тілдердегі
программа орындауға тиісті әрекеттерді сипаттайды, әрекеттерге сәйкес
нәтиже нақты бір процедуралардың көмегімен алынады. Олай болса,
процедуралық программалау алгоритмдік ойлау қабілетімен негізделеді, демек
ойлау қабілетін дамыту құралы ретінде қолданыла алады. Процедуралық
тілдердің ішінде структуралық тілдерді айрықша атауға болады.
Структуралық тілдерде бір оператор көмегімен бүтін бір алгоритмдік
құрылым жазылатынын белгілі. Алгоритмдік құрылымдар: ілесу, тармақ, циклдар
екені бәрімізге аян. Ал, операциялық тілдерде мұны сипаттау бірнеше амал
орындауды қажет етеді. Структуралық тілдер Pascal, CC++ .
Процедуралық емес программалауға функциональдық және логикалық тілдер
жататыны мәлім. Функционалдық тілдердегі программа қандай да бір функцияның
есептелуін сипаттайды.
Компьютерді басқару анықталған алгоритм арқылы іске асырылады.
Алгоритм - берілген есеп шешуінің нақты анықталған тәсілдерінің
сипаттамасы. Алгоритмнің компьютерге түсінікті тілде берілуі бағдарламалау
тілдері арқылы орындалады. Алдымен әрекеттер алгоритмі құрылады да, содан
кейін құрылған алгоритм программалай тілдерінде жазылады. Нәтижесінде
бағдарламалау тілінде толық, аяқталған, анық сипатталған бағдарлама мәтіні
алынады. Алынған мәтін трансляторлар деп аталатын арнайы қызметтік
қосымшалар арқылы машиналық кодқа аударылады немесе орындалады. Бағдарлама
ауызша қарапайым тілдер, метатілдер арқылы немесе компьютерге түсінікті
болуы үшін бағдарламалау тілдері арқылы беріледі .
Бағдарламалау тілдері - жасанды тілдер. Олардың табиғи тілдерден
өзгешелігі мағынасы трансляторларға түсінікті шектеулі сандардан
"сөздерден" тұрады және командалар жазулары (операторлар) өте қатаң
тәртіппен жазылады. Осындай талаптар жиыны бағдарламалау тілдерінің
синтаксисін, ал әрбір команданың мағынасы оның семантикасын құрайды.
Бағдарламалау тілдерінің дамуын бес кезеңге бөліп қарастырады.
Бірінші кезеңге 50-ші жылдары алғашқы компьтерлер пайда болған кезде
құрылған бағдарламалау тілдері кіреді. Бірінші бағдарламалау тілі "бір
команда-бір жол" принципімен құрылған Ассемблер тілі. Екінші кезең 50-ші
жылдар соңы мен 60-шы жылдар басы. Бұл жылдары айнымалы түсінігі
енгізілген символикалық ассемблер құрылды. Үшінші кезең 60-шы жылдар. Бұл
жылдары кез келген саладағы есептерді шешуге арналған жоғары деңгейлі
әмбебап бағдарламалау тілдері пайда болды. 70-ші жылдар басы бағдарламалау
тілдері даму кезеңдерінің төртінші кезеңіне аяқ басты [4].
ДК үшін бағдарламалауда машиналық-бағдарлау тілі: Аssembler, жоғарғы
деңгейдегі процедуралық-бағдарлау тілі: Macro Assembler, Basic, Pascal, C,
Ada, Apl, Cobol, Forth, GPSS, LOGO, Modula, PL1,Snobol, Fortran жєне тағы
басқалары; проблемалық-бағдарлаушы тілдер: Dbase жєне оның туындылары
(FoxBase, Foxpro, paradox ) Lisp, Prolog жєне т.б
Соңғы жылдары терезелік интерфейстілерге программалар жазуда СC++
сияқты обьектілі-бағдарлық тілдер басты рөлде болады.
Көптеген тілдерде ол жеке түрде трансляциялануы және бір-бірінен
тәуелсіз пайдалануы мүмкін. Үлкен модульдер,егер олар өте көп санды немесе
тым әртүрлі функцияларды орындайтын болса кең түрде қолдану үшін өте
мамандандырылған болады және пайдалану қиын.
Қайда және не орындалу керектігін анықтайтын, программаны ұйымдастыру
жеткіліксіз мәліметтерді енгізу және шығару форматтары мен есепті талдау
салдары болып табылады.
Үлкен көлемдегі есептерді кіші көлемді есептерге бөлу процесі
құрылымдық жобалау деп аталады. Осы пәннің шеңберінде:
- Жазу мен үлкен программаларды сүйемелдеудің жалғыз тәсілі – оларды
модуль түрінде ұйымдасқан біраз функциялардың жиынтығы ретінде көрсету;
- Модульде ақпарат, ол өзінің есебін қалай шешетіндей жұмыс істемеуі
керек;
- Әр модуль өзінің тікелей көршілерінің шағын тобымен ғана өзара
әрекеттесуі қажет;
- Программаның құрамында өнделген мәліметтердің бейнесі табылуы керек.
Си- тілі жүйелік программалау тілі, бұл тілді компиляторлар мен
операциялық жүйелерді жазуға және қолданбалы программаларды жазуға
қолданылады. Мысалы, Нью–Джерси штатының Мюррей Хилл қаласында Bell
laboratiories компаниясының ұйымдастыруымен 1969 жылы UNIX –операциялық
жүйесі жазылды, бұл жүйе PDP-7 компьютеріне орнатылған. С тілінің негізгі
идеяларының көпшілігі BCPL тілінен алынған.
Кез келген бағдарламада бірнеше процедура немесе функция қолданылуы
мүмкін. Процедура мен функция сипаттау бөлігінде айнымалылар бөлігінен
кейін жарияланады.
Бағдарламаның орындалуы негізгі бағдарламаның операторларынан
басталады. Қажет жағдайда ішкі бағдарлама шақырылып, оның операторлары
орындалады. Содан соң басқару қайтадан негізгі бағдарламаға беріліп,
бағдарламаның орындалуы жалғасады.
Ішкі бағдарлама негізгі бағдарлама сияқты құрылады, яғни бағдарлама
атауынан, операторлар бөлігінен және аяқталуынан құрылады.
Параметрдің екі түрі болады: формальды және шын мәніндегі параметрлер.

Шын мәніндегі параметр деп процедураны шақырар кездегі негізгі
бағдарламадағы параметрлерді айтамыз. Ал формальды параметрлер ішкі
бағдарламаның атауынан кейін көрсетіледі .
Формальды параметрлер тізімінде айнымалылар аталып, олардың типтері
көрсетіледі.
Формальды параметрлерді екіге бөлуге болады:
1) параметр-аргументтер, яғни процедура үшін кіретін мәліметтер;
2) параметр-нәтижелер, осы параметр-нәтижелер арқылы процедураның
жұмысының нәтижесін негізгі бағдарламаға қайтарады.
Параметр-нәтижелер тізімдерінің алдында var сөзі жазылады. (Си).
Функция – басқа мәліметтер алу үшін анықталған мәліметтерге
қолданылатын компьютердің іс-әрекеті. Функцияның ерекшелігі – оның
орындалуы барысында бір ғана нәтиже шығады, ал кіру параметрлері бірнешеу
болуы мүмкін. Нәтиже функция атауымен белгіленіп, негізгі бағдарламаға
беріледі.
Функциялардың жалпы түрі:
Си++ тіліндегі функция атауы FUNCTION атауы (форм. параметрлер
тізімі); function атауы (форм.
параметрлер тізімі): функция типі
функция типі атауы(форм. параметрлер тізімі)
Денесі операторлар бөлігі
begin
операторлар бөлігі ; end; {
операторлар бөлігі;
};
Аяқталуы END FUNCTION жоқ
Функция нақты іс-әрекетті орындауы үшін, ол прграммада шақырылуы
керек. Функцияға қарау кезінде қойылған тапсырмаларды орындайды, ал жұмыс
аяқталуы кезінде кейбір мәндерді шешімі ретінде қайтарады.
Функцияның шақырылуы өздігінен артынан дөңгелек жақша ішінде үтірмен
ажыратылған аргументтер тізімі жүретін функцияның идентификатор
нұсқауларын көрсетеді:
Функция аты (аргумент 1, аргумент2, ... , аргумент N);
Функцияның әрбір аргументі келешекте есеп процесінде қолдану үшін
функция днесіне берілетін константаны, өрнекті және айнымалыны көрсетеді.
Функцияның аргументтер тізбегі бос болуы мүмкін.
Предикат функция немесе функтор болуы мүмкін. Тағы да стандарт
предикаттар да кездеседі. Предикат бізге ақиқат немесе жалған деген мәнді
қайтару үшін қажет.
Функция мен процедуралар үлкен программалаудың модульдері немесе
құрылыстық блоктары болып табылады. Көптеген тілдерде ол жеке түрде
трансляциялануы және бір-бірінен тәуелсіз пайдалануы мүмкін. Үлкен
модульдер, егер олар өте көп санды немесе тым әртүрлі функцияларды
орындайтын болса кең түрде қолдану үшін өте мамандандырылған болады және
пайдалану қиын.
Программада қолдануға шамаланатын әрбір функция оның ішінде
хабарлануы, анықталуы және шақырылуы керек. Әдетте функцияның
хабарландырулары тақырыпты файлдарда орналастырылады, содан кейін олар
#include директивасының көмегімен программаның бастапқы текстіне
қосылады. Функцияның хабарламасы оның келесі түрде хабарланатын прототипін
мазмұндайды:
Қайтымды тип FuncName (хабарлантын параметрлердің тізімі);
Мұндағы қайтымды тип – функциямен қайтарылатын деректердің типі. Егер
деректердің қайтарылатын типі көрсетілмесе, онда компилятор int-ті
функциямен қайтарылатын тип деп санайды. Хабарланатын параметрлердің тізімі
үтірмен ажыратылған функцияның әрбір параметрлерінің атауы мен типін
көрсетеді. Параметрдің атауын түсіруге рұқсат етіледі. Функцияның
хабарланатын параметрлерінің тізімі бос болуы мүмкін. Функцияның
прототипінің мысалдарын көрсетейік:
int swap(int, int);
double max (double par1, double par2);
void func();
Функцияның анықтамасы оның тақырыбына және мағыналық жүктемені
таситын, фигуралық жақшаға алынған меншікті денесінен тұрады. Егер функция
мән қайтарса, Void типінен жақсы, қайтарылатын мән сияқты функция денесінде
сол типтің параметріндей return операторы қатысуы керек. Егер қайтарылатын
мән келешекте программада (void) қолданылмайтын жағдай болса, яғни return
операторы параметрсіз жалғасады және біржола түсіріледі, онда функциядан
қайту жабылатын жақшаның жетістігі бойынша орындалады.
Функция нақты іс-әрекетті орындауы үшін, ол программада шақырылуы
керек. Функцияға қарау кезінде қойылған тапсырмаларды орындайды, ал жұмыс
аяқталуы кезінде кейбір мәндерді шешімі ретінде қайтарады [5].
Функцияның шақырылуы өздігінен артынан дөңгелек жақша ішінде үтірмен
ажыратылған аргументтер тізімі жүретін функцияның идентификатор
нұсқауларын көрсетеді:
Функция аты (аргумент 1, аргумент2, ... , аргумент N);
Функцияның әрбір аргументі келешекте есеп процесінде қолдану үшін
функция денесіне берілетін константаны, өрнекті және айнымалыны көрсетеді.
Функцияның аргументтер тізбегі бос болуы мүмкін.
Функция басқа функцияларды шақыра алады, ал олар өз кезегінде
үшіншілердің шақырылуын шығара алады және т.б. Сонымен қатар функция өзін
шақыра алады. Бұл құбылыс программалауда рекурсия деп аталады. Бұрыннан
көрсетілгендей, С++ тегі кез-келген программа міндетті түрде өзіне басты
функция main() қосады.Программаны орындау осы функциядан басталады.

1.3  Borland C++ Builder бағдарламалау ортасының қосымша элементтері

Курсор - компонент емес, қандай болмасын объектіні таңдау және
жылдам жоюына арналған қарапайым пиктограмма.
TMainMenu ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Арнайы құжатнаманың каталогтары
Құжат айналымы туралы жалпы түсінік
Кітапхана қоры негізінде мәліметтерге BDE технологиясы арқылы қатынау
Қырғауылға аңшылық жасау
Деректер базасы
Қазіргі кезеңдегі мұрағат ісін ұйымдастыру
Жинақтаушы зейнетақы жиналымының зейнетақымен қамтамасыз етуі
Жартылай өткізгішті кристалдарды өндіруде өндіріс процесін басқаруды автоматтандыру
Экономиканы қаржыландыру
Ақпараттық жүйенің өмірлік циклі
Пәндер