Өсімдік жапырағы



1 ЖАПЫРАҚ
2 ЖАПЫРАҚТЫҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ
3 ЖАПЫРАҚТЫҢ АНАТОМИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ
Жапырақ дегеніміз өсуі шектелген бүйірлік орган. Ол қыстырмалы меристеманың белсеңдігінің нәтижесінде тұп жағымен немесе барлық жағымен ұлғайып өседі. Ағаштар мен бұталарда бұл уақытша орган.
Жапырақтың атқаратын қызметтері: фотосинтез, газдың алмасуын және судың булануын реттеу болып табылады. Сонымен бірге жапырақтарда артық қор заттары жиналады, жекелеген жағдайларда жапырақ вегетативтік көбею қызметін де атқарады.
Бір жылдық өсімдіктердің жапырағының өмірінің ұзақтығы, сабақтың өмірінің ұзақтығымен бірдей, ал көпжылдық өсімдіктерде ол көп қысқа. Өсімдіктердің көпшілігінің жапырағы 1-11/2 жыл, кейбір жағдайда оданда аз өмір сүреді. Мәңгі жасыл өсімдіктердің жапырағы 1 жылдан 5 жылға дейін, ал кейбіреулерінде — 10—15 жыл өмір сүреді (шырша, араукария). Тек африка шөлінде өсетін вельвичияның жапырағы ғана, өсімдіктің тұрақты органы болып келеді және ол 90—100 жыл өмір сүреді.
Жапырактың түсуі. Дара жарнақты және қос жарнақты шөптесін өсімдіктердің жапырақтары әледі және олар сабақта қала отырьш, біртіңдеп бұзылады. Қос жарнақты ағаштардьщ сағағыньщ тұп жағында бөліп тұрушы қабат пайда болады, оның клеткалары табиғи жолмен мацерицияланады. Бұл жағдайда жапырақтың түсуіне аздаған механикалық күштің әсерінің өзі жеткілікті болады (жел, жаңбыр). Жапырақ түскеннен кейін, оның сабақта қалған ізі тоз қабатымен жабылады. -Оны жапырақ дағы (тыртығы) деп атайды (81-сурет).
Мөңгі жасыл өсімдіктердің жапырақтары бір уақытта түспейді. Жапырақтың түсуі физикалық (жазда) немесе фи-зиологиялық (қыста) қүрғақшылық кездеріңде, өсімдіктерді судың булануынан сақтайтын биологиялық бейімдеушілік болып табылады. Жапырақтарымен бірге өсімдік бойында жиналып қалған экскреттік заттардан тазарады.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
ЖАПЫРАҚ

Жапырақ дегеніміз өсуі шектелген бүйірлік орган. Ол қыстырмалы
меристеманың белсеңдігінің нәтижесінде тұп жағымен немесе барлық жағымен
ұлғайып өседі. Ағаштар мен бұталарда бұл уақытша орган.
Жапырақтың атқаратын қызметтері: фотосинтез, газдың алмасуын және судың
булануын реттеу болып табылады. Сонымен бірге жапырақтарда артық қор
заттары жиналады, жекелеген жағдайларда жапырақ вегетативтік көбею қызметін
де атқарады.
Бір жылдық өсімдіктердің жапырағының өмірінің ұзақтығы, сабақтың
өмірінің ұзақтығымен бірдей, ал көпжылдық өсімдіктерде ол көп қысқа.
Өсімдіктердің көпшілігінің жапырағы 1-112 жыл, кейбір жағдайда оданда аз
өмір сүреді. Мәңгі жасыл өсімдіктердің жапырағы 1 жылдан 5 жылға дейін, ал
кейбіреулерінде — 10—15 жыл өмір сүреді (шырша, араукария). Тек африка
шөлінде өсетін вельвичияның жапырағы ғана, өсімдіктің тұрақты органы болып
келеді және ол 90—100 жыл өмір сүреді.
Жапырактың түсуі. Дара жарнақты және қос жарнақты шөптесін өсімдіктердің
жапырақтары әледі және олар сабақта қала отырьш, біртіңдеп бұзылады. Қос
жарнақты ағаштардьщ сағағыньщ тұп жағында бөліп тұрушы қабат пайда болады,
оның клеткалары табиғи жолмен мацерицияланады. Бұл жағдайда жапырақтың
түсуіне аздаған механикалық күштің әсерінің өзі жеткілікті болады (жел,
жаңбыр). Жапырақ түскеннен кейін, оның сабақта қалған ізі тоз қабатымен
жабылады. -Оны жапырақ дағы (тыртығы) деп атайды (81-сурет).
Мөңгі жасыл өсімдіктердің жапырақтары бір уақытта түспейді. Жапырақтың
түсуі физикалық (жазда) немесе фи-зиологиялық (қыста) қүрғақшылық
кездеріңде, өсімдіктерді судың булануынан сақтайтын биологиялық
бейімдеушілік болып табылады. Жапырақтарымен бірге өсімдік бойында жиналып
қалған экскреттік заттардан тазарады.
ЖАПЫРАҚТЫҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ

Жапыракщың мөлшері (көлемі) қатты өзгеріп отырады. Көп жағдайда тіптен
бір өсімдіктің өзіңде мөлшері жағынан әр түрлі жапырақтар кездеседі. Біздің
флорада бірқатар түрлердің жапырақтары ұзындығы 1—1,5 мм.-ден аспайтын, өте
ұсақ болып келеді. Тропикалық және субтропикалық зоналардың өсімдіктерінің
жапырақтарының ұзындығы 20—22 м дейін жетеді (пальмалар).
Жапыракщың формациясы, әртүрлі жапырактылык (гетерофилия). Әдетте бір
өркенде мөлшері, формасы, түсі жағынан әр түрлі болып келетін жапырақтар
пайда болады.
Жапырақтың үш түрлі формациясы болады: төменгі, ортаңғы және жоғарғы.
Жапырақтың төменгі формациясы әдетте арнаулы қызмет атқаруына байланысты
(қорғаныштық, қор жинайтын) жетілмеген немесе түрі өзгерген болып келеді.
Оларға түқым жарнақтары, бүршіктердің қабықшалары, тамыр сабақтың, кейде
жер беті сабағының редукцияға ұшыраған жапырақтары жатады. Жапырақтың
ортаңғы формациясы өсімдіктердің жапырақтарының негізгі массасын түзеді.
Бұл осы түрге тән жапырақтар және осыған дейінгі формациясының
жапырақтарынан айырмашылығы сол, оларда хлорофилл дәндері болады. Жоғарғы
формацияның жапырақтары гүл беретін өркендерде (гүл шоғырында) орналасады.
Бұлар жабындық жапырақтар, орама жапырақтар және т.б. Олардың барлығы,
әдетте нашар жетілген, сағақтары болмайды, боялған немесе түссіз болып
келеді.
Өсімдіктердің жапырақтарын сөз еткенде, жапырақтың ортаңғы формациясы
жөнінде әңгіме болады. Кейде бір өркеннің ортаңғы жапырақтарының өзінің бір-
бірінен формасы жағынан айқын айырмашылығы болады. Мысалы, су
өсімдіктерінің, су асты жүзіп жүретін және су беті жапырақтарының
морфологиялық түрғыдан бір-бірінен айқын айырмашылығы болады. Бұл жағдай
әртүрлі жапырақтылық (гетерофилия) деп аталады (82-сурет).
Жапырактың бөліктері Өсімдіктердің көпшілігінің жапырақтары сағақтары
арқылы (сағақты жапырақ) сабаққа бекінген, азды көпті жалпақ тақтадан
тұрады (83-сурет). Сағақ жапырақ тақтасьш күннің жарығьша қарай бағьптайды.
Егер сағағы болмаса, оңда мұңдай жапырақты отырмалы деп атайды. Егер
отырмалы жапырақтың тақтасының біраз бөлігі сабаққа жа-бысьш өскен болса,
оңца мұңдай жапырақты қозғалмайтын (нисбегающий) деп атайды. Көп жағдайда
сағақтың тұп жағында бір пар бүйірлік өсіңцілері- жапырақ серіктері
(прилист-

ники) болады.
82-сурет. Әр түрлі жапырақтылық (гетерофилия) (су сарғалдағы):
1-су асты жапырақтары; 2-судың бетінде жүзіп жүретін жапырактары.

Әдетте олар жапырақ тақтасынан кіші болады. Бірақ кейбір өсімдіктердің
жапырақ серіктері жапырақ тақтасынан үлкен болады және жапырақпен бірдей
қызмет атқарады (бұршақ іүқьгмдастары). Егер жапырақ серіктері біріккен
болса, онда жапырақ қынапшасы (раструб) түзіледі (гречиха гүлділер). Кейде
сағақтың тұп жағы кеңейіп, сабақты түгелдей орай қамтитын влагалищеге
айналады (шатыр-гүлділер). Астық тұқымдастарының жапырақтары, ұзын түтік
тәрізді влагалищеден және жіңішке жапырақ тақтасынан тұрады. Тақтаның тұп
жағында жарғақ тәрізді тілшесі болады, ал кейде оның екі бүйірінен екі
құлақша пайда болады.
Жүйкеленуі. Жүйкеленудің мынадай типтері белгілі (84-сурет). Қарапайым
жүйкелену - бұл жағдайда жапырақ тақтасының түбінен жоғарғы ұшына дейін тек
бір ғана жүйке (откізгіш шоқ) өтеді; жүйкеленудің мүндай түрі жоғарғы
сатыдағы споралы осімдіктерге (мүк тәрізділерге, плуан төрізділерге)
жалаңаш тұқымдылардың копшілігіне (қылқан жапырақтарға) және кейбір жабық
тұқымдыларға (элодея) тән.

83-сурет. Жапырақтардың типтері:
А-Б-қосалкы жапырақшалары бар сағақты жапырақтар (А-алманың жай; Б-
раушанның күрделі); В-отырмалы (ярутка); Г-жанаскан (гүлкекіре); Д-
Кынапшалы (арпа): 1-сабақ; 2-косалкы жапыракшалары; 3-сағак; 4-жапы-рак
тактасы; 5-рахис; 6-жапыракша; 1-кынапша; 8-күлақшалар; 9-тілше.

86-сурет. Тақтасы тұтас жай жапырақтардың классификациясы (сызба-нұсқасы):
А-ұшының формасына қарай; Б-түбінің формасына қарай; В-шетінің формасына
қарай: 1-доғал; 2-үшкір; 3-үшкірлеу; 4-ұшы гана үшкір; 5-ойыстау; 6-сына
тәрізді; 7-дөңге-лектенген; 8-жүрек тәрізді; 9-садақ тәрізді; 11-ара
тәрізді; 12-екі қатар тісті ара тәрізді; 13-тіс тәрізді; 14-тікенді тіс
тәрізді (тікенекті); 15-дөңес; 16-ойыс.

84-сурет. Жапырақтардың жүйкеленуі:
А-қарапайым; Б-дихотомиялы; В-Г-торлы; (В-саусақты; Г-қауырсынды);
Д-параллель; Е-догалы.

85-сурет. Жай тұтас жапырақтардың тақтасының формасына қарай
классификациясы:

Дихотомиялык, жүйкелену — бұл жағдайда жапырақтың жүйкелері аша төрізді
болып тармақталады; жүйкеленудің мүн-дай түрі түқымды өсімдіктердің
ішіңдегі гинкгоға тән (жалаңаш тұқымдылардың ішіндегі жалпақ
жапырақтьшардьщ бірі).

87-сурет. Тақтасы тілімделген жай жапырақтардың классификациясы (сызба-
нұсқасы).

88-сурет. Күрделі жапырақтардың классификациясы (сызба-нұсқасы).
Торлы жүйкелену — бұл жағдайда бір немесе бірнеше үлкен жүйкелер
көптеген бүйірлік тармақтар береді, нәтижесінде олардан қалың тор түзіледі.
Жүйкелердің бұл типі табиғатта аса кең таралған; торлы жүйкеленудің
қауырсынды және саусақ салалы түрлері де болады.
Доғалы және параллелъ жүйкелену — бұл жағдайда жапырақ тақтасының түбінен
жоғарғы ұшына дейін бірнеше мөлшері жағынан бірдей, жан-жаққа бүйірлік
тармақтар бермейтін жүйкелер отеді; бір жағдайда олар тек параллель (астық
тұқымдасында, қияқ тұқымдасында), ал екінші жағдайда- доға тәрізді болып
келеді (ландыш, бақажапырақ).
Жапыракщың алуан түрлілігі. Жапырақтарды жай және күрделі деп екіге
бөледі. Егер бір сағаққа (тұтас немесе азды-копті шетінде ойыстары бар) бір
ғана жапырақ тақтасы орналасқан болса, онда мұндай жапырақтарды жай
жапырақтарға жатқызады. Ағаштарда олар күзде түсіп қалып отырады, ал
шөптесін осімдіктерде кеп жағдайда сол осімдіктердің сабағымен өліп
отырады. Егер бір сағаққа бірнеше жапырақ тақтасы (екі немесе одан да кеп)
орналасқан болса, онда мұндай жапырақтарды күрделі жапырақтарға жатқызады.
Осыған байланысты күрделі жапырақ бірден түспейді, оның жеке-жеке беліктері
біртіндеп түседі. Алдымен әдетте жапырақшалары, содан соң сағағы түседі.
Жай жапырақтар шептесін өсімдіктердің барлығына дерлік, ал ағаштар мен
бүталардың басым көпшілігіне тән. Жапырақтарды, олардың коптеген белгілерін
ескере отырып классификациялайды. Олардың бірқатарын осында келтіреміз.
Тақтасы тұтас болып келетін жапырақтар: тақтасының формасына қарай-
жұмыртқа тәрізді, доңгелек, ланцет тәрізді, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәрілік шөптер сипаттамалары
Кербұлақ мекені маңының табиғи жағдайлары
Дәрілік өсімдіктерді жинау
Дәрілік өсімдіктерді жинау мерзімдері
Жусан өсімдігі
Суккулентті бөлме өсімдіктерін өсіру
Дәрілік өсімдіктер туралы ақпарат
Қостанай облысы жағдайында жаздық бидайды аурулардан қорғау шараларының жүйесі
«Алабұталар және тарандар тұқымдасы»
Зиянды және улы өсімдіктерге жалпы сипаттама
Пәндер