"Адам өлтіруді және жеке адамға қарсы қылмыстарды тергеу" пәнінен СИЛЛАБУС


1 . тақырып. Қылмыстарды тергеу әдістемесінің жалпы ұғымы, мақсаттары мен міндеттері
2 . тақырып. Қасақаналықпен адам өлтіруді тергеу әдістемесінің жалпы мәселелері
3 . тақырып. Қасақаналықпен адам өлтіруді тергеу жұмыстарының нысандары мен әдістері
4.тақырып. Адамның жоғалып кету фактісі бойынша қозғалған істі тергеудің ерекшеліктері.
5.тақырып. Жалданып немесе тапсырыс бойынша кісі өлтірудің криминалистикалық сипаттамасы.
8.тақырып. Кәмелетке толмағандармен жасалған кісі өлтірулерді тергеу әдістемесінің ерекшеліктері
9.тақырып. Қылмыстың субъективтік жағындағы эмоциялардың алатын орны.
Қоғамда кездесетін қылмыстардың өте кең ауқымына және алуан түрлілігіне қарамастан олардың барлығын шартты түрде біртектес қылмыстар ретінде топтастыруға болады. Олардың әрқайсысының өзіндік дербестікке ие болуына қарамастан олар бірқатар ортақ белгілерге де ие болады соған орай оларға тергеудің ортақ әдіс-амалдарын қолдану мүмкіндігі туындайды.
Атап айтар болсақ, әрбір кісі өлтіру оқиғасының тек өзіне ғана тән дербес ерекшеліктерінің болуына қарамастан бір түрдегі кісі өлтірудің барлығы белгілі бір дәрежедегі жалпы немесе ортақ белгілерге ие болады, олай болса бір түрдегі қылмыстардың ортақ белгілерін басшылыққа ала отырып осы түрдегі қылмыстар бойынша іс қозғаудың ерекшеліктерін айқындап, осындай қылмыстарды тергеу барысында құрылатын негізгі болжамдарды анықтау, бастапқы және кейінгі жүргізілетін тергеу әрекеттерінің сипаттары мен міндеттерін, оларды барынша тиімді жүргізудің әдістерін, аталған қылмыстардың алдын алу бойынша жүзеге асырылатын шараларды жасақтау қорыта айтқанда, қылмыстың осындай түрін тергеудің әдістемесін жасақтау қажеттілігі пайда болады.
Сондықтан қылмыстарды тергеу әдістемесі криминалистиканың бөлімі ретінде кез-келген түрдегі қылмыстарды тергеу үшін басшылыққа алынатын жалпы ережелерден және жекелеген қылмыс түрлерін тергеу үшін қолданылатын әдістемелер кешенінен тұрады. Осындай негізде кісі өлтіру, талан-таражға салу, экономикалық қылмыстар және т.б. істерді тергеу әдістемелері жасақталады. Сонымен қатар осы айтылған жағдай жекелеген топтар шеңберіндегі тар санаттағы істерді тергеудің әдістемесін жасақтауды жоққа шығармайды (мысалы, абайсыздықтан адам өлтіру, өлікті мүшелеп кесу арқылы кісі өлтіру, жәбірленушінің жоғалып кетуіне байланысты адам өлтіру т.б.).
1. Қазақстан Республикасының конституциясы (Конституция 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылдаған; Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 7 қазандағы №284, 20007 жылғы 21 мамырдағы №254-ІІІ заңдарымен енгізілген өзгертулер мен толықтырулармен). –Алматы: ЮРИСТ, 2007. – 44 б.
2. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі (Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі №168-І заңымен күшіне енгізілген; 2007 жылғы 15 мамырдағы №253-ІІІ, 2007 жылғы 21 шілдедегі №308-ІІІ Заңдарымен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларымен) – Алматы: ЮРИСТ, 2007. – 144 б.
3. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі (Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсан №207 Қаңымен күшіне енгізілген; 2007 жылғы 8 қаңтардағы №210-ІІІ, 2007 жылғы 26 наурыздағы №240-ІІІ, 2007 29 маусымдағы №270-ІІІ Заңдарымен енгізілген өзгерістері мен толықтыруларымен). – Алматы: ЮРИСТ, 2007. – 200 б.
4. Видонов Л.Г. Криминалистические характеристики убийств и системы типовых версии о лицах совершивших убийство без очевидцев. – Горький, 1978 г.
5. Видонов Л. Г. Предупреждение тяжких преступлений против личности. – Горький, 1983 г.
6. «Взаймодействие следователей прокуратуры с работниками милиции при расследовании убийств и изнасилований» - М., 1971.
7. Соя-Серко Л. А. Организация следственного действия. – М; 1974 г.
8. Васильев А.Н. Тактика отдельных следственных действий. – М; 1981г.
9. Попов В. Н. Осмотр места пройшествия. – М; 1969г.
9. Селиванов Н.А., Теребилов В.Н. Первоначальные следственные действия. – М., 1969 г.
10. Образцов В.А. К вопросу о методике расследования преступлений // Вопросы борьбы с преступностью. Вып. 27 – М., 1977 г.
11. Пантелеев И.В. Методика расследования преступлений. – М., 1975г.
12. Возгрин И.А. Общие положения методики расследования отдельных видов преступлений. Л., 1976г.
13. Иванов Г.И., Колпащиков Е.Г., Эделев Н.С. «Особенности расследования убийств при обнаружении трупов неопознанных трупов» - Н.Новгород, 1998г.
14. Орлов Ю.К. «Заключение эксперта и его оценка по уголовным делам» Изд. «Юрист» М., 1995г.
15. Звирбуль А.К. «Расследование убийств» - М., 1980г.
16. Муравьев В.М. Правовые и организационно-тактические основы раскрытия умышленных убийств следственно-оперативными группами: методическое пособие / г. Н. Новгород, 1998г.
17. Танасевич В.Г., Образцов В.А. «О криминалистической характеристике преступлений» // Вопросы борьбы с преступностью. Вып.25., М., 1976г.
18. Танасевич В.Г. «Теоретические основы методики расследования преступления» // Советское государство и право, 1976, №6.
19.«Криминалистика». Изд. «Юрид. Литература». – М., 1986г
20. Криминалистика: Учебник для вузов / Под ред. Р.С. Белкина. – М.: Издательсто НОРМА 2002. – 990 с.
21. Криминалистика / под редакцией д.ю.н. проф. В.А. Образцова – М.: Юрист 1995. – 592 с.
22. Криминалистика: Учебник для вузов / Под ред. проф. А.Ф. Волынского. – М.: Закон и право, ЮНИТИ-ДАНА, 1999. – 615 с.
23. Криминалистика: Учебник / Отв. Ред. Н.П. Яблоков. – 2-е изд., перераб. И доп. – М.: Юристъ, 2000. – 718 с.
24. Бұғыбай Д.Б., Әлібеков С. К. Адам өлтіруді тергеу әдістері: Оқу-әдістемелік құрал: Ақтау, Ш. Есенов атындағы АқтМУ баспаханасы, 2007. – 94 б.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Көлемі: 71 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 400 теңге
Таңдаулыға:   
Тегін:  Антиплагиат

Қандай қате таптыңыз?

Рақмет!






ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫАҚТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Экономика және құқық институты
Қылмыстық құқық кафедрасы

БЕКІТЕМІН

Экономика және құқық

институтының директоры

э.ғ.к. Джолдасбаева Г. У.

___________________

______ ____________2008ж.

СИЛЛАБУС
Пәні: Адам өлтіруді және жеке адамға қарсы қылмыстарды
тергеу
Мамандығы: 050301 Юриспруденция
Оқыту нысаны: күндізгі

Барлығы: 3 кредит
Семестр: 8
Курс: 4
Лекциялар: 30 сағат
Семинар жаттығулары: 15 сағат
Барлық аудиториялық сағаттар: 45
СОӨЖ 15 сағат
СӨЖ 75 сағат
Еңбек сыйымдылығы: 135 сағат
Емтихан 8 семестр

Ақтау, 2008 ж.
Жұмыс бағдарламасы ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұсынған типтік
бағдарламасы негізінде жасалған. Астана 2007 ж.
Құрастырған: аға оқытушы Әлібеков Серікқали
Күнтебайұлы

Қылмыстық құқық кафедрасының отырысында бекітілді
09 қаңтар 2008ж.
Хаттама №9

Каф.меңгерушісі:
з. ғ. к. Бұғыбай Д. Б.

Экономика және құқық институтының әдістемелік кеңесі тарапынан келісілген
2008ж
Хаттама №

Төраға:
Жалғасов Н. А.

СИЛЛАБУСТЫҢ МАЗМҰНЫ
1.1. Пән туралы мәліметтер:
Адам өлтіруді және жеке адамға қарсы қылмыстарды тергеу
Кредиттер саны – 3
Өткізетін орын – 3 ғимарат (11 ша)
Жаттығу жұмыстарының уақыты дүйсенбі, сәрсенбі, жұма.
1.2. Пререквизиттер: Арнайы курсты өтпестен бұрын студенттер ҚР Қылмыстық
құқығы, Қылмыстық іс жүргізу құқығы, Криминалистика, Криминология
пәндерімен танысып мағұлмат алулары тиіс.
1.3. Постреквизиттер: Алынған білім студентпен келесі пәндерді оқу
барысында пайдаланылуы мүмкін: алдын ала тергеудің мәселелері, экономикалық
және лауазымдық қылмыстарды тергеудің әдістемесі.
1.4. Курстың қысқаша сипаттамасы: Бағдарлама 0,5 жылдық мерзімге есептелген
30 сағат лекция, семинар жаттығулары 15 сағат, СОӨЖ 15 сағат және СОЖ 75
сағат міндетті курс көлемінде. Қортынды бақылау компьютерде тест арқылы
емтихан қабылдау. Оқыту үрдісінде екі шептік бақылау қабылдау жоспарланған.
Курсты оқытудың мақсаты: Дәріс алушыларды қылмыстың аса ауыр түрі болып
табылатын қасақаналықпен адам өлтіруді тергеудің әдістері мен тергеу
амалдарының нысандарымен таныстыру. Қасақаналықпен адам өлтірулердің
жекелеген түрлері мысалы, пайдакүнемдік, бұзақылық ниеттермен адам
өлтірулерді, жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі сияқты өзіндік
ерекшеліктерге ие түрлерін тергеу барысында қолданылатын тергеу амалдарымен
таныстыру және оларды практикада қолдана білуге үйрету.
Пәнді оқытудың міндеттері: Адам өлтірудің қоғамдық қауіптілігінің аса
жоғары екендігін ескере отырып аталған қылмыстардың ізін суытпай ашудың,
тергеу амалдарын сапалы жүргізуге міндеттеу және оларды жүргізудің
барысында заңдылықтың қатаң сақталуын қамтамасыз етудің міндеттілігіне
студентердің назарын аудару.
а) қылмыстарды тергеудің жалпы тәсілдерін және адам өлтіруді тергеу
барысында қолданылатын тергеу амалдары мен тәсілдерін меңгеру;
б) адам өлтірудің өзіндік түрлеріне қатысты қолданылатын жалпы және
жеке тәсілдерді практикалық қызметте қолдана білуге дайын болу;
в) адам өлтіруді тергеу барысында тергеу және қылмысты іздестіру
бөлімдерінің қызметтерін ұйымдастырып, басқаруды реттейтін заңнамалық және
ведомоствалық нормативтік актілермен жете танысу.
Күтілетін нәтижелер: студент айқындап және білуі тиіс:
1) адам өлтіруді тергеудің қылмыстарды тергеудегі айырықша маңызын;
2) қылмыстардың аталған түрін тергеудегі практикалық тәжірибелермен
таныс болуға;
3) қылмыстарды тергеу және тергеу амалдарын жүргізу барысында заң
талаптарының қатаң сақталуының міндеттілігін.

1.5. Тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі

№ Жұмыс Тапсырманың Ұсынылатын Орындаудың БаллБақылау Тапсыру
түрлері мақсаты мен әдебиеттер ұзақтылығы нысаны мерзімі
мазмұны
1 Лекцияға Теоретиклық Негізгі Семестр 1 Ағымдағы Бақылау
қатысу материалмен және бойына бақылау аптасыны
танысу қосымша (аптаға ң
әдебиеттер рет) нәтижесі
бойынша бойынша
2 Семинар Өткен Ұсынылатын Семестр 2 Ағымдағы Әрбір
материалды әдебиеттер бойына бақылау семинар
баяндау бойынша (аптаға нәтижесі
рет)
3 СОӨЖ Топтық және Негізгі Семестр 1 Ағымдағы Әрбір
жекелей оқулықтар бойына бақылау жаттығу
консультациялажәне (аптаға нәтижесі
р қосымша рет)
әдебиеттер
4 СӨЖ Жаттығу Негізгі Семестр 1 Семинарда Әрбір
жұмыстарына оқулықтар бойына ауызша жауап жаттығу
дайындық және (аптаға беру жазбаша нәтижесі
барысында қосымша рет) жұмыстар
материалды өзіәдебиеттер
оқып танысу
5 Тест Студенттердің Негізгі 20 сұраққа Тест Семестрд
алған білімін оқулықтар 20 минут е
тақырыптар және 4 рет
бойынша қосымша
бақылау әдебиеттер
6 Рейтинг Алған Негізгі 1 сағат 25 Ауызша сұрау,Семестрд
бақылауы білімдерін оқулықтар сұрақтарды е
бақылап, және талқылау 2 рет
тексеру қосымша
әдебиеттер
7 Емтихан Білімді Негізгі 1 сағат Компьютермен Семестр
түпкілікті оқулықтар тестілеу соңында
тексеру және
қосымша
әдебиеттер

1.6. Студенттің білімін бағалау бойынша ақпарат:
Студенттердің білімі, тәлімі және меңгеруі келесі жүйе бойынша
бағаланады:

Баға Маңызы Орташа балл Пайызы
А+ Тамаша 5 100
А Үздік 4.75 95-99
А- Үздікке жақын 4.5 90-94
В+ Өте жақсы 4.25 85-89
В Жақсы 4.0 80-84
В- Жақсыға жақын 75-79
3.75
С+ Толық қанағаттанарлық 3.5 70-74
С Қанағаттанарлық 65-69
3.25
С- Қанағаттанарлыққа жақын 3.0 60-64
Ғ Құлады 0 59-0

1.7. Курстың саясаты мен процедурасы:
Студент міндетті:
– Лекциялық және семинарлық жаттығуларға қатысуға. Міндетті жаттығуларға
қатысу жағдайы студенттің ағымдағы рейтингіне ықпал етеді.
– Жаттығуларға кешікпеуге. Жаттығуларды жібермеуге, ауруына байланысты
жағдайда анықтама тапсыруға. Қатыспаған жаттығуларын өтеуге.
– Жаттығу жұмыстары кезінде тәртіпті қатаң сақтауға, оқытушыға кедергі
жасамауға оның талаптарын міндетті түрде орындауға.
– Оқу процесіне белсенді қатысуға, үй тапсырмаларын ұқыптылықпен
орындауға.
– Жаттығу жұмыстарының барлығында кері байланысты қолдап отыруға.
Тапсырмалар орындалмаған және оқу процессінде белсенділік болмаған
жағдайда ақырғы баға барынша төмендетіледі.
– Студент өзінің курстастарымен және оқытушылармен қарым-қатынас
этикасын сақтауға.
– Студенттің сыртқы түрі этикалық нормаларға сәйкес келуі тиіс.

2. Пән бойынша оқыту-әдістемелік материалдар
2.1. Курстың тақырыптық жоспары
№ Тақырыптың атауы
Сағаттар
Лекция Практика СОӨЖ СӨЖ
1. Қылмыстарды тергеу 3 1 1 7
әдістемесінің
жалпы ұғымы, мақсаттары
2. Адам өлтіруді тергеу 3 1 1 7
әдістемесінің
жалпы мәселелері.
3. Адам өлтіруді тергеу жұмыстарын 3 2 1 7
ың нысандары мен әдістері.
4. Мәйіттің табылуына байланысты 3 1 1 7
қылмыстық істерді тергеу.
5. Жалдамалы тұлғалармен жасалған 3 1 1 10
адам өлтіруді тергеу.
6. Адамның жоғалып кетуіне байлан 3 2 2 10
ысты істерді тергеу.
7. Сәбиді өлтіруді тергеу 3 2 2 10
әдістемесі.
8. Кәмелетке толмағандармен жасалғ 3 2 2 7
ан адам өлтіруді тергеу.
9. Жан күйзелісі жағдайында болған 3 2 2 5
адам өлтіруді тергеу әдістері.
10. Жеке адамға қарсы қылмыстардың 3 1 2 5
өзге де түрлерін тергеу
Барлығы: 30 15 15 75

Лекция және семинар жаттығуларының тақырыптары

1 – тақырып. Қылмыстарды тергеу әдістемесінің жалпы ұғымы, мақсаттары
мен міндеттері
1. Қылмыстарды тергеу әдістемесінің жалпы ұғымы. Қылмыстарды тергеу
әдістемесін біртектес қылмыстарды тергеу барысында қолданылатын амалдар
мен тәсілдердің жиынтығы ретінде қарастыру.
2. Қылмыстарды тергеу әдістемесінің мақсаты: тергеушіні, тергеу
аппаратын қылмыстарды ашу мен тергеудегі мен тергеудегі жұмыстарының
тиімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған жаңа ғылыми-негізделген кепіл-
кеңестермен және әдістемелік амалдармен қаруландыру.
3. Тергеу әдістемесінің құқықтық негіздері: тергелетін қылмыстардың
белгілі құрамдарын айқындайтын әрекет етуші қылмыстық құқықтың нормалары
және қылмыстық сот өндірісінің міндеттерін, тергеу органдары қызметінің
тәртібін, қылмыстық істер бойынша дәлелдеудің нысанасы мен құралдарын
бекітетін әрекет етуші қылмыстық іс жүргізу заңнамасының нормалары.

Семинар сабағының жоспары:
1-тақырып. Жеке адамның денсаулығына қарсы қылмыстарды тергеу
1. Жеке адамға қарсы соның ішінде денсаулыққа қарсы қылмыстарды
тергеу әдістемесінің өзіндік ерекшеліктері.
2. Денсаулыққа залал келтірудің түрлерін және ауырлықтарын
бағалаудағы соттық-медициналық сараптаманың маңызы. Ауыр, орташа
ауырлықтағы және жеңіл дәрежедегі денсаулыққа келтірілген залалдарды
анықтаудың соттық-медициналық критерилері.
3. Өмірге қауіптің болуын немесе болмауы келтірілген залалдың
салдарын, денаулыққа зиян келтірудің үш түрін айырудың негізгі белгілері
ретінде тану.
СОӨЖ-ге арналған тапсырма: Бірнеше рет сотталған Зарипов дүкенді
тонауға жасаған әрекетінің барысында полиция сержанты Радуевпен ұсталды,
бірақ қарсылық көрсетіп, жұлқынып шығып зат базарына қарай қашты.
Қылмыскер қашып кетпеуі үшін Радуев оған дәлдеп оқ атты. Радуевтің
әрекетінің нәтижесінде Зарипов алған жарақатынан ауруханада қайтыс болды.

Полиция сержаты Радуевтің қару қолдануы заңға сай ма?
Егер сай болмаса полиция сержанты Радуевтің іс-әрекетін саралаңыз. Берілген
іс бойынша тергеу амалдарының жоспарын құру және оларды жүзеге асыру.

2 – тақырып. Қасақаналықпен адам өлтіруді тергеу әдістемесінің жалпы
мәселелері
1. Қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеу және сот тергеуі
өндірісінде дәлелдеуге жататын мән–жайлар.
2. Қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті кімнің жасағандығы.
3. Адамның қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті жасаудағы
кінәлілігі, оның кінәсінің нысаны, жасалған әрекеттің себептері.
4. Айыпталушының жауаптылығының дәрежесі мен сипатына әсер ететін
мән–жайлар.
5. Айыпталушының жеке басын сипаттайтын мән–жайлар.
6. Қылмыспен келтірілген зиянның сипаты мен мөлшері; қылмыс жасауға
ықпал етуші мән–жайлар.
Семинар сабағының жоспары:
2-тақырып. Жыныс қылмыстарын тергеу әдістемесі.

1. Жыныс қылмыстарының криминалистикалық сипаттамасы.
2. Типтік тергеу ситуациялары және тергеуді жоспарлаудың ерекшеліктері.
3. Тергеудің бастапқы кезеңі.
4. Тергеудің кейінгі кезеңі.

1. Зорлау мен нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттерінің
жалпы сипаттамасы. Кінәлі түлға мен жәбірленушінің жеке басын терең
зерттеп талдаудың қажетілігі. Қылмыстың жасалу тәсілдері және оларды топқа
бөлу. Зорлау мен өзге жыныстық сипаттағы қылмыстардың криминалистикалық
сипаттамасының ерекшеліктері.
2. Типтік тергеу ситуациялары және тергеуді жоспарладың өзіндік
ерекшеліктері. Мүмкін болатын негізгі ситуацилар: зорлаушы жәбірленушімен
таныс болған жағдайда жүргізлетін тергеу амалдары; жыныстық қол ұғушылық
белгісіз тұлғамен жасалған жағдайда бірінші кезекте жасалатын жұмыстар;
қол сұғушылық қылмысты жасау барысында немесе одан кейін бірден ұсталған
жағдайда жасалатын жұмыстар; жәбірленушіні медициналық тексеруден
өткізудің міндеттілігі және оның барысында анықталуы тиіс жайлар.
3. Тергеудің бастапқы кезеңі: қылмыс туралы бастапқы ақпаратты алу
және бекіту; тексеру немесе соттық-медециналық сараптама арқылы
жәбіленушінің денесін тексеру: жыныс қатынасы фактісін анықтау үшін соттық-
медециналық сараптама тағайындау; кәмілетке толмаған немесе жас бала болып
табылатын жәбірленушіден жауап алудың ерекшеліктері: жыныстық қылмыстар
туралы істер бойынша оқиға болған жерді қараудың міндеттілігі;
жәбірленушіге белгісіз қылмыскерді анықтау және ұстау; жасалған жыныстық
қол сұғушылыққа нақты тұлғаның қатыстылығын тексеру;
4. Тергеудің кейінгі кезеңі. Тағайындалатын сараптамалар; соттық-
психиатриялық; соттық-психологиялық; сараптамалады және олар арқылы
шешілетін міндеттер.

СОӨЖ-ге арналған тапсырма:

Овчаренко белгісіз жағдайларда қайтыс болды. Ресми болжам бойынша Овчаренко
өзін-өзі өлтірген. Бірақ кейбір жәйттер оның өліміне Чахадзенің қатысы бар
екендігін көрсететін. Чахадзеге қарсы қылмыстық іс қозғалып, бірақ ол
дәлелденбегендіктен қысқартылған. Овчаренконың ұлы Чахадзені кінәлі деп
санап, Чахадзенің үйіне келіп оны аңшы мылтығынан атып өлтірді.
Овчаренконың ұлының әрекеті қандай қылмыс құрамын құрайды? Овчаренконың
ұлының іс-әрекетіндегі қылмыс құрамының белгілерін көрсете отырып өз
жауабыңызды дәлелдеңіз және осы іс бойынша тергеу амалдарын жоспарлай
отырып жауап алу хаттамаларын толтырыңыз.

№3 – тақырып. Қасақаналықпен адам өлтіруді тергеу жұмыстарының
нысандары мен әдістері
1. Қасақаналықпен кісі өлтіруді тергеудің нысандары мен тәсілдері:
тергеу жұмыстарын жоспарлау; тергеушінің полицияның өзге де қызметтерімен
бірлесіп әрекет етуі; қылмысты ашу мен тергеуге жұртшылықты жұмылдыру;
ұйымдастырушылық және процессуалдық сипаттағы қылмыстың алдын алу бойынша
қызмет. Тергеудің бағыты ен оны жүзеге асырудың барынша тиімді құралдарын
айқындауға мүмкіндік беретін ұйымдастырылған тергеу әдісін тергеуді
жоспарлау ретінде түсіну.
2. Жоспарлау мазмұнының құрамдас бөліктері: бастапқы тергеу
әрекеттерін жүргізу нәтижесінде алынған немесе қылмыстық істі қозғауға
негіз болған бастапқы мәліметтерді талдау мен бағалау; тергеудің бағытын
анықтау; тергеу барысында анықталуы тиіс мән –жайлардың шеңберін анықтау
және т. б.
Семинар сабағының жоспары:
3-тақырып. Қасақаналық пен кісі өлтіруді тергеудің нысандары мен
тәсілдері.

1. Кісі өлтірудің криминалистік сипаттамасы мен жалпы ескертулер.
2. Типтік тергеу ситуациялары жіне болжамдар.
3. Кісі өлтіруді тергеудің кезеңдері.
4. Тергеу амалдарын жүргізу барысында анықталуы тиіс мән-жайлар.

1. Кісі өлтірудің криминалистік сипаттамасы және жалпы ескертпелер. Тақырып
леция жаттығуларында қарастырылған семинар жаттығуларының мақсаты кісі
өлтірудің жекелеген түрлерінде жалпы өмірге қарсы қылмыстарды тергеу
барысындағы әдістер мен амалдарға тереңірек талдау жасау болып табылады.
2. Типтің ситуациялар мен болжамдар: кісі өлтірудің ашық түрі барысында
анықталуы тиіс жайлар; кінәнің нысанын анықтау; жасырын өлікті жасырмай
жасалған кісі өлтіруді; өлтіруші ұсталса оның жеке басы анықталған жағдайда
жүргізлетін жұмыстар. Жасырын жасалғанына көп уақыт өтпеген кісі өлтіру;
өлік танылған өзін-өзі өлтіру белгісі бар, бірақ кісі өлтіруді жасыру
мақсатында жасалуы мүмкін жағжай.
3. Кісі өтіруді тергеудің кезеңдері. Тергеудің бастапқы кезеңінде
жүргізілетін жұмыстар. Кісі өлтірудің жасалған орнын анықтау; оқиға болған
жердегі өэгерістерді анықтау; жәбірленушінің жеке басын анықтау; өлімнің
себебін анықтау; ажалдың келген уақытын анықтау; кісі өлтіруді дайындау
тәсілін және оның іздерін жасыру тәсілдерін анықтау: кісі өлтірудің орнында
немесе жақын маңда болған адамдарды анықтау; кісі өлтірудің пиғылы мен
мақсатын айқындау; кісі өлтірушіні немесе оның белгілерін анықтау.
Тергеу амалдарын жүргізу барысында анықталуы тиіс мән-жайлар:
жәбірленушінің тарапынан болған қоғамдық қауіпті қол сұғушылық; қажетті
қорғанудың қол сұғушылыққа, қорғанысқа қатысты заңға сыйымдылық шарттарын
анықтау және қажетті қорғаныс шеңберінен шығуды дәлелдеу құралдары.
Жәбірленуші мен айыпталушының жеке бастарының ара қатынасы; айыптының
қылмысқа дейінгі және қылмыстан кейінгі жүріс-тұрысы.

СОӨЖ-ге арналған тапсырма:

Данилова кешке үйіне қайтып келе жатып ішінде шымыр денелі екі жігіт
отырған машинаны тоқтатып олардан өзін үйіне дейін жеткізіп салуды сұрады.
Жолда Данилова олардың арақ ішкен күйде екенін байкап қалды. Машина үйдің
жанына келгенде ақшасының жетпейтіндігін айтып кешірім сұрап үйге барып
ақша алып келуге өтініш жасады. Жігіттер оның өтінішін дөрекі түрде
қабылдады. Олардың біреуі Данилованың саусағындағы неке сақинасын байкап
қалып оны шешіп алды. Екінші жігіт жиналмалы пышақ шығарып оны Данилованың
тамағына тақап тұрып оған шешінуді бұйырды. Ол одан бас тартқанда жігіт
оның қарсыласқанына қарамай табиғи түріндегі жыныс қатынасын жасады, одан
кейін оның жолдасы да осы әрекетті қайталады. Содан соң Данилованы
машинадан лақтырып тастады. Данилова үйіне келіп болған жағдайды күйеуіне
айтты, ол терезеден машинаның күртік қарға батып шыға алмай жатқанын көрді.
Данилованың күйеуі қолына балға алып олардың машинасын соққылай бастады.
Жігіттердің біреуі машинадан атып шыққанда Данилованың күйеуі оның басына
соққы жасады. Екінші жігіт досына көмектеспекші болып есікті ашқанда
Данилов оның бетіне және басына балғамен ұрды. Содан кейін Данилов машинаны
бірнеше рет ұрды. Азғантай тынышталғаннан кейін балғаны жерге тастап жедел
жәрдем шақыруға кетті. Зорлаушылардың біреуі бас сүйегіне келген жарақаттан
қайтыс болды.

Даниловтың жасағаны адам өлтірудің қай түріне жатады?
Даниловтың әрекетін саралаңыз және оның іс-әрекетіндегі қылмыс құрамының
белгілерін талдай отырып тергеу амалдарының жоспарын жасақтаңыз.

№4 – тақырып
Күш қолдану белгілері бар мәйіттің табылуына байланысты қозғалған істерді
тергеу
1. Өлік немесе оның бөлшектері табылған жағдайда жүргізілетін
бастапқы тергеу әрекеттері.
2. Қылмыстың жасалу тәсілдері.
3. Сараптама тағайындау.
4. Болған оқиға туралы барынша толық ақпаратты алу: не болды, қайда,
қашан, кім жапа шекті, оқиғаны кім және қашан көрді, оқиға туралы кімге
хабарланды, қазіргі уақытта оқиға орнында не болып жатыр, оқиға болған
жердегі жағдай өзгертілген жоқ па.
Оқиға болған жерді қорғауды қамтамасыз ету шараларын алу, көп
жағдайларда ол полицияның учаскелік инспекторларына немесе патрульдік-күзет
қызметкерлеріне тапсырылады қажет болған жағдайда қоғам мүшелерінің
көмегіне де сүйеніп жүзеге асырылуы мүмкін.

Семинар сабағының жоспары:
4-тақырып. Адамның жоғалып кету фактісі бойынша қозғалған істі тергеудің
ерекшеліктері.
Қымыстық істердің берілген санаты бойынша бастапқы тергеу
әрекеттерінің қатарына төменде көрсетілгендерді жатқызуға болады:
1. Арызданушыдан адамның жоғалып кеткендігі туралы хабарлаған тұлғадан
жауап алу;
2. Жоғалып кеткен адамның тұрғылықты жері бойынша тексеру, ал көптеген
жағдайларда тінту жүргізу;
3. Мәйіт немесе оның мүшелері жасырылуы мүмкін деп болжанатын жерлерді
тексеру немесе тінту;
4. Жоғалып кеткен адамның отбасы мүшелерінен және басқа туыстарынан,
сонымен қатар қызметтестері мен көршілерінен жауап алу.

СОӨЖ-ге арналған тапсырма:
Хайрлиевке Патова ұнайтын бірақ, Патова оған көңіл аудармайтын. Оның
назарын өзіне аудару үшін Хайрлиев машинамен жанынан өтіп бара жатып
машинасын оған қарай бағыттады. Патоваға оның бұл әрекеті ұнамай ол осы
жөнінде полицияның учаскелік инспекторына бірнеше рет шағымданды. Бір күні
Хайрлиев мас күйінде әдетінше машинасын жанынан өтіп бара жатқан Патоваға
қарай бағыттады, бірақ машинасын басқара алмай қалып оны басып кетті.
Нәтижесінде Патова ауыр дене жарақатын алды және бір аптадан кейін
жарақаттың салдарынан есіне келместен ауруханада қайтыс болды.

Хайрлиевтің іс-әрекетіндегі қылмыс құрамына талдау жасаңыз. Тергеу
амалдарының жоспарын құрыңыз.

№5 – тақырып
Жалдамалы тұлғалармен жасалған адам өлтірулерді тергеу әдістемесінің
ерекшеліктері
1. Тапсырыс бойынша адам өлтірудің түсінігі және оның әлеуметтік
қауіптілігі.
2. Жалданып немесе тапсырыс бойынша кісі өлтірудің криминалистикалық
сипаттамасы. Қылмысты дайындаудың, жасаудың және оның ізін жасырудың
тәсілдерінен (іс-әрекеттің кезеңділігі);
- қылмыстың жасалған орнының жағдайынан;
- қылмыстың іздерінің ерекшеліктерінен және олардың өзара байланысынан;
- пайдаланған құралдардың белгілерінен және өзіндік ерекшеліктерінен;
- ұйымдастырушының, делдалдың, орындаушының жеке басының
ерекшеліктерінен;
3. Тапсырыспен кісі өлтірудің барынша кең таралған тәсілдері.
жәбірленушінің жеке басының ерекешеліктерінен (қылмыстық қол сұғушылықтың
объектісінің);
- сыйақының түрінен, көлемінен және оны орындаушыларға берудің
тәсілінен.
Қылмысты жасауды дайындаудың және оның ізін жасырудың тәсілдері
тапсырыспен адам өлтірудің криминалистикалық сипаттамасының орталық
элементтерінің бірі болып табылады.
Тапсырыспен адам өлтіруді жасаудың тәсілдері көп санды әдетте олар
жәбірленушіні өлтіруге тікелей бағытталған белсенді әрекеттерден тұрады.
Төменде көрсетілгендерді қолдана отырып жәбірленушінің денсаулығына зиян
келтіру барынша кең таралған тәсіл болып табылады:
- оқпен атылатын әдетте автоматты және жартылай автоматты көп
жағдайларда дыбыссыз және оптикалық нысаналы қару;
- автомашинаға, тұрғылықты немесе жұмыс жасайтын жеріне қойылатын,
посылкалармен жіберілетін, қашықтықтан лақтырылатын (гранаталар,
гранатомет) немесе ара қашықтықтан басқарылатын жарылғыш құрылғылар;
- суық қарулар;
- көлік құралдары (машинамен басу, жәбірленушінің автомашинасын әдейі
жарамсыз етіп оны жол-көлік оқиғасына ұшырату);
- өртеу құралдары
- улы химикаттар.

Семинар сабағының жоспары:
5-тақырып. Жалданып немесе тапсырыс бойынша кісі өлтірудің
криминалистикалық сипаттамасы.
1.Қылмысты дайындаудың, жасаудың және оның ізін жасырудың тәсілдері.
2.Қылмыстың жасалған орынының жағдайлары, қылмыстың іздерінің
ерекшеліктері және олардың өзара байланысы.
3.Пайдаланған құралдардың белгілері және олардың өзіндік ерекшеліктері.
4.Ұйымдастырушының, делдалдың, орындаушының жеке басының ерекшеліктері.

СОӨЖ-ге арналған тапсырма: Ким және Завроди Цвемет ЛТД АҚ-ның
құрылтайшылары болатын. Олар кәсіпорынды басқару әдістері туралы үнемі
дауласатын. Кимге Завродидің жүріс-тұрысы ұнамай ол одан құтылып мекемеге
жеке өзі қожалық жасағысы келді. Ол өзінің жоспарын жүзеге асыру үшін
бұрын қасақанылықпен адам өлтіргені үшін сотталған Сахатдиновпен танысты.
Сахатдиновка Зовродиді өлтіргені үшін 5 мың АҚШ долларын беруге Ким уәде
берді Сахатдинов оған келісті. Сахатдинов Завродиді оның үйінің кіре
берісінде күтіп тұрып оның жүрегінен және басынан көздеп екі рет атты.
Оның әрекеттерін байқап қалған Завродидің жүргізушісі оны тоқтатпақ
болғанда Сахатдинов оны да атып ауыр жарақаттады жүргізуші жедел жәрдем
келгенше көз жұмды.
Көрсетілген тұлғалардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға беріп талдау
жасаңыз. Қылмыстық іс бойынша бірінші кезекте дәлелденуі тиіс мән-жайларды
кірістіріп тергеу жұмыстарының жоспарын жасаңыз. Тапсырыспен адам өлтіру
барысында дәлелденуі тиіс мән-жайларды атап көрсетіңіз.

№6 – тақырып
Адамның жоғалып кету фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істерді тергеу
әдістемесінің ерекшеліктері
1. Адамның жоғалып кетуі фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаудың
негіздері.
2. Адамның жоғалып кетуі туралы хабарламалар мен арыздардың
тексерілуінің заңда бекітілген тәртібі.
3. Қылмыстық істердің берілген санаты бойынша жүргізілетін бастапқы
тергеу әрекеттері: адамның жоғалып кеткендігі туралы хабар берген адамнан
жауап алу және оның барысында назар аударылатын мән–жайлар; жоғалып кеткен
адамның тұрғылықты жері бойынша қарау немесе тінту; өлік немесе оның
жасырылуы мүмкін жерлерді қарау.

Семинар сабағының жоспары:
6-тақырып. Адамның жоғалып кету фактісі бойынша қозғалған қылмыстық
істерді тергеу барысында дәлелденуі тиіс мән жайлар

- арызданушыдан – адамның жоғалып кеткендігі туралы хабарлаған тұлғадан
жауап алу;
- жоғалып кеткен адамның тұрғылықты жері бойынша тексеру, ал көптеген
жағдайларды тінту жүргізу;
- мәйіт немесе оның мүшелері жасырылуы мүмкін деп болжатын жерлерді
тексеру немесе тінту;
- жоғалып кеткен адамның отбасы мүшелерінен және басқа туыстарынан,
сонымен қатар қызметтестері мен көршілерінен жауап алу.
СОӨЖ-ге арналған тапсырма: Пайдакүнемдік қылмыстар жасағаны үшін
бірнеше рет сотталған Баратов Асқаровтың пәтеріне ұрлық жасау мақсатымен
кіріп сейфті бұзып 16 ғасырда жасалған алқаны және Фаберже жасаған
кулонды алып жатқан кезде үй иесі келіп қалды ол Баратовқа ұрланған
заттарды қайтарып беріп үйден кетуін талап етті әйтпесе полиция
шақыратындығын айтты. Баратов Асқаровқа тап беріп, екеуі төбелескен кезде
Асқаров бас сүйегіне келген көптеген зақымдардан сол жерде қаза тапты.
Осыдан кейін Баратов өзінің досы Габдулинге келіп мәйіттен құтылуға
көмектесуін сұрады, ол келісті. Түнде олар Асқаровтың пәтеріне келіп,
мәйітті сыртқа шығарып Габдулиннің машинасымен молаға апарып көміп
тастады.

Жоғарыда аталған адамдардың әрекеттерін бағалаңыз; адамның жоғалып
кетуіне байланысты қозғалған қылмыстық істерді тергеу әдістерін
басшылыққа ала отырып тергеу амалдарының жоспарын құрастырыңыз.

№7 – тақырып
Сәбиді өлтіруді тергеу әдістемесінің ерекшеліктері
1. Бала өлтіру түсінігі және ол жөнінде қылмыстық іс қозғау
негіздері. Қылмыстық құқықта сәбиді өлтіру ретінде анасының өзінің жаңа
туған сәбиін туып жатқан кезінде, сол сияқты одан кейінгі кезеңде
психикасын бұзатын жағдайда немесе есінің дұрыстығын жоққа шығармайтын
психикасы бұзылуы жағдайында өлтіруі танылады.
2. Сәбиді өлтіруге байланысты қылмыстық істі қозғауға негіз болып
табылатын мән–жайлар: жаңа туған сәбидің мәйітінің табылу фактісі; босану
жағдайының алдында жүрген әйелдің жүктілігінің жоғалып кеткендігі туралы
ақпараттың келіп түсуі; жаңадан босанған әйелдің баласының болмауы немесе
жоғалып кетуі.
Семинар сабағының жоспары
7-тақырып. Сәбиді өлтіруге байланысты қылмыстық істі қозғаудың негіздері.
1. Жаңа туған сәбидің мәітінің табылу фактісі;
2. Босану жағдайының алдында жүрген әйелдің жүктілігінің жоғалып
кеткендігі туралы ақпараттың келіп түсуі;
3. Жаңадан босанған әйелдің баласының болмауы немесе жоғалып кетуі
фактісі;
4. Оқиға болған жерді тексеріп шығу;
5. Куәлардан, арызданушылардан немесе оқиғаны көзімен көрген адамдардан
жауап алу;
6. Мәйітке сот-дәрігерлік сараптаманы тағайындау;
7. Кінәлі адамды анықтау жұмстарын тергеу тәсілдерімен де, жедел-
іздестіру шараларын жүргізу арқылы да жүзеге асыруды ұйымдастыру.

СОӨЖ-ге арналған тапсырма: Рысбаева кездейсоқ қатынастардан жүкті болып
қалып өзінің екі қабат екендігін жасырып жүрген болатын. Босатын күнінің
жақындағанын білген ол тауға барып сол жерде ұл бала босанды. Баланы
матамен орап оған тыныс алатындай жағдай жасап тастап кетіп қалды. Келесі
күні өлген баланың мәйітін туристер тауып алды.
Жоғарыда аталған жағдай адам өлтіру болып саналады ма? Жаңа туған сәбиді
анасының өлтіруінің барысында дәлелденуі тиіс мән-жайларды кірістіре
отырып тергеу амалдарының жоспарын жасақтаңыз, бастапқы тергеу
әрекеттерінің тізбесін құрастырыңыз.

№8 – тақырып
Кәмелетке толмағандармен жасалған қасақаналықпен адам өлтірулерді тергеу
әдістемесінің ерекшеліктері
1. Кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстарды тергеудің өзіндік
ерекшеліктері: жасөспірімдердің жас ерекшеліктеріне байланысты
өздерінің процесуалдық құқықтарын толық пайдалана алмауы;
2. Кәмелетке толмағандардың топтасып жасаған қылмыстарында
әрқайсысының дербес рөлін анықтаудың қиындығы;
3. Кәмелетке толмаған адамның қылмыс жасауына алып келген
мән–жайларды және оны қылмыстық жауаптылықтан босату мүмкіндігін
анықтау мақсатында оның өмірі мен тәрбиесін байланыстарын,
жүріс–тұрыстарын мінез–құлқын, дамуының деңгейін терең зерттеудің
қажеттілігі.

Семинар сабағының жоспары:
8-тақырып. Кәмелетке толмағандармен жасалған кісі өлтірулерді тергеу
әдістемесінің ерекшеліктері

1. Кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстарды соның ішінде
адам өлтірулерді тергеу айыпталушылардың жас шамасына байланысты туындайтын
біршама өзіндік ерекшеліктерге ие болады.
2. Сонымен бірге кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстар соның
ішінде қасақаналықпен адам өлтірулер бойынша дәлелдемелер жинаудың қосымша
мүмкіндіктері де бар ол жасөспірімнің бос уақытын өткізуі мен
байланыстарының белгілі бір шамада ересектердің бақылауында болатындығымен,
ал мектептің немесе кәмелетке толмағандардың ісі бойынша инспекцияның, тағы
сол сияқты ұйымдардың қолында жасөспірімнің өмір, тәрбие жағдайларының,
жүріс-тұрыстары мен байланыстары туралы құжатталған мәліметтердің болуымен
байланыстырылады.
3. Кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстарды соның ішінде
қасақаналықпен адам өлтірулерді тергеу барсында басты назарға алынатын
мәселелер.

СОӨЖ-ге арналған тапсырма: Кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалатын
қылмыстарды тергеу барысында анықталуы тиіс мән жайларды кірістіре отырып
жауап алу хаттамасын жасақтаңыз.
- жас шамасы туралы бастапқы құжаттардың болуы (туу туралы куәлік,
паспорт, АХАЖ кітабынан көшірме және т.б.)
- жасөспірім кімнің тәрбиесінде, ата-анасының мінездемесі, олардың бір
біріне және жасөспіріге деген көзқарастары, жасөспірімнің тәрбиесіне
назар салуы, балаларға тиісті деңгейдегі бақылауды жүзеге асыруға
кедергі келтіретін объективтік мән-жайлар (ата-аналарының ауру болуы,
жолсапарда жиі болуы, қолдарының тимеуі) бар ма, от басында жағымсыз
ықпалдар (маскүнемдікке салыну, үлкендердің моральға жат жүріс-
тұрыстары, ұрыс-керістер, балаларға шектен тыс қаталдық көрсету) жоқ
па;
- жасөспірімнің өзі қоршаған әлеуметтік ортаның және оның таныстарының
мінездемесі оның ішінде жағымсыз ықпалдың көздері жоқ па (спирттік
ішімдіктерді ішуді, құмар ойындар ойнауды ұйымдастыратын, еңбексіз
табыс табумен айналысатын, өзінің қылмыстық жорықтары туралы әңгімелер
айтып маңына жасөспірімдерді топтастыратын тұлғалар);
- жасөспірімнің оқуға деген көзқарасы;
- жұмысқа көзқарасы (қайда және кім болып жасайды, еңбекақысы, мамандығы
өзіне ұнай ма, тапсырмасын орындай ма, оқи ма, ұжымның өміріне араласа
ма);
- мінезі, дағдылары, бейімділіктері (өзгелердің ықпалына жеңіл түсе ме,
ашушаң ба, дөрекі ме, өтірік айтуға бейім бе, бос уақытын қалай
өткізеді, немен айналысады және т. б.)
- спирттік ішімдіктерді немесе наркотикалық заттарды пайдаланады ма
(жиілігі қандай, ақшаны қайдан алады, спирттік ішімдіктерді немесе
наркотикалық заттарды кімнен алады, ішуді қашан және кім үйретті
т.с.с.);
- бұрын құқық бұзушылықтар мен қоғамға қарсы әрекеттерді жасаған жоқ па,
кіммен және қандай шаралар алынды, осының барысында құқық бұзушылыққа
жасауға жағдай туғызған мән-жайлар айқындалды ма;
- берілген қылмысты жасауға деген ниет қала және кімнің ықпалымен пайда
болды, ересектердің тарапынан айдап салушылық, бірігіп қатысушылықтың
өзгедей нысандары, жасыру немесе хабарламау, сондай-ақ жасөспіріммен
қылмыс жасауға пайдаланылған қаруды ұқыпсыз сақтау немесе жасөспірімді
ересек адамдардың қылмыстық іске тарту оқиғасы орын алған жоқ па және
т. б.

№9 – тақырып
Жан күйзелісі жағдайында болған адам өлтіруді тергеу әдістемесінің
ерекшеліктері
1. Қылмыстың аталған түрінің орын алуының мүмкін жағдайлары
жәбірленушінің күш қолдануынан, қорлауынан немесе ауыр
балағаттауынан не өзге де заңға қарсы немесе моральға жат
іс–әрекетінен (әрекетсіздігінен) болған кенет пайда болған жан
күйзелісі жағдайында сонымен бірге жәбірленушінің жүйелі түрдегі
заңға қарсы немесе моральға жат мінез–құлқына байланысты
туындаған ұзаққа созылған психиканы бұзатын мән–жайлардың орын
алғандығын дәлелдеудің міндеттілігі.
Семинар сабағының жоспары:
9-тақырып. Қылмыстың субъективтік жағындағы эмоциялардың алатын орны.
1. Жан күйзелісі ұғымының жалпы түсінігін талдау, жан күйзелісі жағдайында
кісі өлтіру орын алғанда жүргізілетін бастапқы тергеу әрекеттерінің
жоспарын жасақтау.
2. Жан күйзелісі жағдайының кенеттен орын алуы мен ұзаққа созылған
психикалық қысымның салдарынан біртіндеп пайда болуының ерекшеліктері.
3. Адам өлтірудің аталған түрі орын алған жағдайда тағайындалатын
сараптамалардың түрілері және олардың ерекшеліктері.

СОӨЖ-ге арналған тапсырма: Рысбеков әйелімен жиі ұрысатын себебі ол әйелін
көзіме шөп салады деп күдіктенетін. Бір күні жұмыстан ерте келген ол
ұйықтайтын бөлмеде әйелінің басқа еркекпен жатқанын көрді. Рысбеков ас үйге
кіріп, қолына пышақ алып екеуіне бірнеше жерден пышақ салды. Содан кейін
полицияға телефон шалып адам өлтіргенін хабарлады.
Жан күйзелісі жағдайында адам өлтіруді түсіндіріңіз. Аталған жағдайда ол
орын алған ба? Егер орын алған болса тергеу барысында дәлелденуі тиіс мән-
жайларды атаңыз.
№10 – тақырып
Жеке адамға қарсы қылмыстардың өзге де түрлерін тергеудің әдістемелері
Жеке адамға қарсы қылмыстардың адам өлтіруден басқа түрлері:
1.Денсаулыққа қарсы қылмыстар. Абайсызда жәбірленушінің қайтыс болуына
алып келген денсаулыққа ауыр зақым келтірудің қасақаналықпен адам
өлтіруден айырмашылығы.
2.Жыныстық қылмыстар және оларды тергеудің нысандары мен әдістері.
Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соқтырған зорлауды тергеудің
ерекшеліктері.
3.Жеке бастың қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстар.

Семинар сабағының жоспары:
10-тақырып. Жеке адамға қарсы қасақаналықпен адам өлтіруден басқа өмірге
қол сұғатын қылмыстарды жүйелеу
1. Қазақстан Республикасы Президентінің өміріне қастандық жасау.
2. Сот төрелігін немесе алдын ала тергеуді жүзеге асырушы адамның өміріне
қол сұғу.
3. Жоғарыда көрсетілген қылмыс түрлерінің тергелу реті және оларды
тергеудің өзіндік ерекшеліктері.
СОӨЖ-ге арналған тапсырма: Аталған қылмыс түрлері бойынша қылмыстық істің
фабуласын құрастырып тергеу амалдарын жоспарлау және оларды жүргізу.
Аталған қылмыстық істерде жәбірленушінің жеке басына қатысты қылмыскердің
тарапынан қателесу орын алғанда қылмыстарды саралаудың еркешеліктерін
көрсету ол бойынша тергеу амалдарын жүзеге асыру.

2.2. Студенттің өзіндік жұмыстарының тапсырмалары

№ Тапсырмалар: Сағаттар саны
І Конспект тақырыптары:

Кәмелетке толмағандардан жауап алудың тактикасы 3
Айыпталушыдан жауап алудың өзіндік ерекшеліктері 3
Беттестіру тергеу әрекеті ретінде 3
ІІ Реферат тақырыптары:

Мәйітті тануға ұсынудың нормативтік тәртібі 3

ІІІБаяндама тақырыптары:
Тергеу және жедел-іздестіру қызметтерінің бірігіп 3
әрекет етуінің маңызы.
Барлығы: 15 сағат

2.3. Шептік бақылау

№ Тақырыптар Апта Уақыты Ескерту
1 1 – 5 8
2 6 – 10 15

1 – шептік бақылау жұмыстарының тапсырмалары.
1 – нұсқа: Қылмыстарды тергеу әдістемесінің жалпы ұғымы, мақсаттары мен
міндеттері.
1. Қасақаналықпен адам өлтіруді тергеу әдістемесінің жалпы мәселелері.
2. Қасақаналықпен адам өлтіруді тергеу жұмыстарның нысандары мен
әдістері.
3. Мәйіттің немесе оның бөлшектерінің табылуына байланысты қозғалған
қылмыстық істерді тергеу әдістемесі.

2 – нұсқа: Адам өлтіруді тергеу барысында жүргізілетін жекелеген тергеу
амалдары.
1. Сараптама тағайындау.
2. Куәлардан жауап алу.
3. Мәйітті тану үшін ұсыну.

3 – нұсқа: Қасақаналықпен адам өлтіру туралы істер бойынша кезектегі тергеу
іс-әрекеттерінің үрдісінде тергеу болжамдарын ұсыну және тексеру.
1. Сезіктіден жауап алу.
2. Айыпталушыдан жауап алу.
3. Беттестіру және тергеу эксперименті.
2 – шептік бақылау жұмысының тапсырмалары.
1 – нұсқа: Жалдамалы тұлғалармен жасалатын адам өлтірулерді тергеу
әдістемесінің ерекшеліктері.
1. Тергеушінің қылмыстың алдын алу бойынша жұмыстары.
2. Жалдамалы тұлғалармен жасалған адам өлтіруді тергеу барысындағы бастапқы
тергеу амалдары.
3. Оқиға болған жерді қарау.

2 – нұсқа: Адамның жоғалып кету фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істерді
тергеу әдістемесінің ерекшеліктері.
1. Сәбиді өлтіруді тергеу әдістемесінің ерекшеліктері.
2. Кәмелетке толмағандармен жасалған қасақаналықпен адам өлтірулерді тергеу
әдістемесінің ерекшеліктері.
3. Жан күйзелісі жағдайында болған адам өлтіруді тергеу әдістемесінің
ерекшеліктері.

3 – нұсқа: Жеке адамға қарсы қылмыстардың өзге түрлерін тергеудің өзіндік
ерекшеліктері.
1. Денсаулыққа қарсы қылмыстарды тергеудің ерекшеліктері.
2. Жыныстық қылмыстарды тергеу амалдары және олардың өзіндік ерекшеліктері.
3. Адамның жеке басының бостандығына қарсы қылмыстарды тергеудің амалдары

2.4. Әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан Республикасының конституциясы (Конституция 1995 жылы 30
тамызда республикалық референдумда қабылдаған; Қазақстан
Республикасының 1998 жылғы 7 қазандағы №284, 20007 жылғы 21 мамырдағы
№254-ІІІ заңдарымен енгізілген өзгертулер мен толықтырулармен).
–Алматы: ЮРИСТ, 2007. – 44 б.
2. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі (Қазақстан
Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі №168-І заңымен күшіне
енгізілген; 2007 жылғы 15 мамырдағы №253-ІІІ, 2007 жылғы 21 шілдедегі
№308-ІІІ Заңдарымен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларымен) –
Алматы: ЮРИСТ, 2007. – 144 б.
3. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі (Қазақстан
Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсан №207 Қаңымен күшіне енгізілген;
2007 жылғы 8 қаңтардағы №210-ІІІ, 2007 жылғы 26 наурыздағы №240-ІІІ,
2007 29 маусымдағы №270-ІІІ Заңдарымен енгізілген өзгерістері мен
толықтыруларымен). – Алматы: ЮРИСТ, 2007. – 200 б.
4. Видонов Л.Г. Криминалистические характеристики убийств и системы
типовых версии о лицах совершивших убийство без очевидцев. – Горький,
1978 г.
5. Видонов Л. Г. Предупреждение тяжких преступлений против личности. –
Горький, 1983 г.
6. Взаймодействие следователей прокуратуры с работниками милиции при
расследовании убийств и изнасилований - М., 1971.
7. Соя-Серко Л. А. Организация следственного действия. – М; 1974 г.
8. Васильев А.Н. Тактика отдельных следственных действий. – М; 1981г.
9. Попов В. Н. Осмотр места пройшествия. – М; 1969г.
9. Селиванов Н.А., Теребилов В.Н. Первоначальные следственные
действия. – М., 1969 г.
10. Образцов В.А. К вопросу о методике расследования преступлений
Вопросы борьбы с преступностью. Вып. 27 – М., 1977 г.
11. Пантелеев И.В. Методика расследования преступлений. – М., 1975г.
12. Возгрин И.А. Общие положения методики расследования отдельных видов
преступлений. Л., 1976г.
13. Иванов Г.И., Колпащиков Е.Г., Эделев Н.С. Особенности
расследования убийств при обнаружении трупов неопознанных трупов -
Н.Новгород, 1998г.
14. Орлов Ю.К. Заключение эксперта и его оценка по уголовным делам
Изд. Юрист М., 1995г.
15. Звирбуль А.К. Расследование убийств - М., 1980г.
16. Муравьев В.М. Правовые и организационно-тактические основы
раскрытия умышленных убийств следственно-оперативными группами:
методическое пособие г. Н. Новгород, 1998г.
17. Танасевич В.Г., Образцов В.А. О криминалистической характеристике
преступлений Вопросы борьбы с преступностью. Вып.25., М., 1976г.
18. Танасевич В.Г. Теоретические основы методики расследования
преступления Советское государство и право, 1976, №6.
19.Криминалистика. Изд. Юрид. Литература. – М., 1986г
20. Криминалистика: Учебник для вузов Под ред. Р.С. Белкина. – М.:
Издательсто НОРМА 2002. – 990 с.
21. Криминалистика под редакцией д.ю.н. проф. В.А. Образцова – М.:
Юрист 1995. – 592 с.
22. Криминалистика: Учебник для вузов Под ред. проф. А.Ф. Волынского.
– М.: Закон и право, ЮНИТИ-ДАНА, 1999. – 615 с.
23. Криминалистика: Учебник Отв. Ред. Н.П. Яблоков. – 2-е изд.,
перераб. И доп. – М.: Юристъ, 2000. – 718 с.
24. Бұғыбай Д.Б., Әлібеков С. К. Адам өлтіруді тергеу әдістері: Оқу-
әдістемелік құрал: Ақтау, Ш. Есенов атындағы АқтМУ баспаханасы, 2007. –
94 б.

Оқытушы туралы мәліметтер:
Әлібеков Серікқали Күнтебайұлы, аға оқытушы
Қылмыстық құқық кафедрасы
Толық адресі: 11 ша. 3 ғимарат
Тел.: 331447

Адам өлтіруді және жеке адамға қарсы қылмыстарды тергеу әдістері арнайы
курсы бойынша оқылатын лекциялардың қысқаша мазмұны

1 –лекция. Қылмыстарды тергеу әдістемесінің жалпы ұғымы, мақсаттары мен
міндеттері
1. Қылмыстарды тергеу әдістемесінің жалпы ұғымы.
2. Қылмыстарды тергеу әдістемесінің мақсаты.
3. Тергеу әдістемесінің құқықтық негіздері.

1. Қоғамда кездесетін қылмыстардың өте кең ауқымына және алуан түрлілігіне
қарамастан олардың барлығын шартты түрде біртектес қылмыстар ретінде
топтастыруға болады. Олардың әрқайсысының өзіндік дербестікке ие болуына
қарамастан олар бірқатар ортақ белгілерге де ие болады соған орай оларға
тергеудің ортақ әдіс-амалдарын қолдану мүмкіндігі туындайды.
Атап айтар болсақ, әрбір кісі өлтіру оқиғасының тек өзіне ғана тән
дербес ерекшеліктерінің болуына қарамастан бір түрдегі кісі өлтірудің
барлығы белгілі бір дәрежедегі жалпы немесе ортақ белгілерге ие болады,
олай болса бір түрдегі қылмыстардың ортақ белгілерін басшылыққа ала отырып
осы түрдегі қылмыстар бойынша іс қозғаудың ерекшеліктерін айқындап, осындай
қылмыстарды тергеу барысында құрылатын негізгі болжамдарды анықтау,
бастапқы және кейінгі жүргізілетін тергеу әрекеттерінің сипаттары мен
міндеттерін, оларды барынша тиімді жүргізудің әдістерін, аталған
қылмыстардың алдын алу бойынша жүзеге асырылатын шараларды жасақтау қорыта
айтқанда, қылмыстың осындай түрін тергеудің әдістемесін жасақтау
қажеттілігі пайда болады.
Сондықтан қылмыстарды тергеу әдістемесі криминалистиканың бөлімі
ретінде кез-келген түрдегі қылмыстарды тергеу үшін басшылыққа алынатын
жалпы ережелерден және жекелеген қылмыс түрлерін тергеу үшін қолданылатын
әдістемелер кешенінен тұрады. Осындай негізде кісі өлтіру, талан-таражға
салу, экономикалық қылмыстар және т.б. істерді тергеу әдістемелері
жасақталады. Сонымен қатар осы айтылған жағдай жекелеген топтар
шеңберіндегі тар санаттағы істерді тергеудің әдістемесін жасақтауды жоққа
шығармайды (мысалы, абайсыздықтан адам өлтіру, өлікті мүшелеп кесу арқылы
кісі өлтіру, жәбірленушінің жоғалып кетуіне байланысты адам өлтіру т.б.).
Сондықтан кез-келген түрдегі қылмыстарды соның ішінде қасақаналықпен
кісі өлтіруге қатысты тергеу әдістемесін жасақтаудың басты мақсаты тергеу
аппараты жұмысының тиімділігі мен сапасын арттыруды негізгі бағыт ретінде
бағалайтын, қылмысты тергеудегі негізгі тұлға болып табылатын тергеушіні
заман талабына сай, ғылыми негізде жасақталған және практикада өзінің
тиімділігін дәлелдей білген нұсқаулар мен әдістемелік тәсілдермен
жарақтандыру болып табылады ол өз кезегінде адам мен азаматтың құқықтарын,
бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен
заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны,
Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын,
қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол
сұғушылықтан қорғау, бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігін қорғау, сондай-
ақ қылмыстардың алдын алу (ҚР ҚК 2-бап. 1 б.) міндеттерін шешуге өзінің
септігін тигізуі тиіс.
Қылмыстарды тергеу әдістемесі криминалистиканың қажетті құрамдас
бөлігі бола отырып, криминалистика ғылымының, техника мен тактиканың
жетістіктерін жекелеген нақты ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Жеке адамға қарсы қылмыстар
Меншікке қарсы қылмыстарды тергеу әдістемесі
Жеке адамға қарсы қылмыс
Жалдау арқылы кісі өлтіруді тергеу
Кәмелетке толмаған қылмыстарды тергеу
Жеке адамға қарсы қылмыстардың қылмыстық құқықтық сипаттамасы
Жеке адамға қарсы қылмыстардың құқықтық сипаттамасы
Жеке адамға қарсы қылмыс ұғымы және олардың түрлері
Адамға қарсы жасалатын қылмыс
Денсаулыққа қарсы қылмыстарды топтау
Пәндер
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь